ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ4

1. 1. Шешендік өнер тарихы және оның даму факторлары4

1. 2 Қазақтың би-шешендері9

ІІ ТАРАУ. ӘЙТЕКЕ БИ - ҚАЗАҚ РИТОРИКАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ14

2. 1. Әйтеке би - тарихи тұлға15

2. 2 Әйтеке бидің шешендігі22

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиеттер31

Реферат

Тақырыбы: Әйтеке би және қазақтың шешендік өнері

Жұмыстың көлемі: 36 бет

Жұмыстың өзектілігі: Қазақ әдебиеті шешендік өнердің тарихи орнына ғылыми баға беру. Риторика ғылымының қалыптасу факторларына тоқталып‚ қазақ шешен-билерінің қоғамдағы орнына саяси-әлеуметік қажеттілік негізінде талдау жасау. Шешендік өнер көсемі Әйтеке бидің шығармаларына талдау жасап‚ әдебиет теориясы мен риторика ғылымдарының шегінде сипаттама беру; ‚ ғылыми жүйеде зерттеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының тарихи тағдырында шешендік өнердің маңызы мен мәні жоғары . Ритроика ғылымының бір тармағы шешендік өнер болып табылады. Бітіру жұмысының мақсаты Әйтеке би шығармаларындағы шешендік өнердің ерекшеліктерін әр қырынан тексеріп‚ оның шығармашылығының көркемдік көріністерін‚ тәрбиелік мәні мен эстетикалық мән-мағынасын‚ Әйтеке би өлеңдеріндегі тарихи таным мен заман сабақтастығын‚ поэзиясындағы ауыз әдебиеті‚ антика‚ шығыс поэзиясымен сабақтастығын‚ сонымен қатар Әйтеке бидің ақындық даралығын және т. б. қасиеттерін саралау‚ оны ғылыми жүйеде зерттеу.

Кіріспе

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ.

Қазақтың тілі сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды; асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық - ауыз әдебиетін жасады.

Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны деуге боларлық бір түрі - шешендік сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны - төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттер.

Би - халықтың көкейдегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.

Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында, Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді».

Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамның шығуымен, дамуымен байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Қазақ рулары мен ұлыстары пайда болғаннан бері-ақ өз замандастарынан озат ойлы, шебер тілді адамдар болғаны күдік туғызбайды.

Асылы, қазақ ауыз әдебиетінде шешен деген атау Жиреншеден басталады, сірә бұл ұғымды оған дейін “биң деген атау атқарып келсе керек. «Би» мен «шешен» деген атаулар тіпті революцияға дейін қатар қолданылып, көкейде бірін-бірі ауыстырып, келгені кездейсоқ емес.

Ежелгі халық творчествосы, оның бір мәуелі бұтағы шешендік сөздер, қазақтың көркем әдебиетінің жедел өсіп жетілуіне, поэзия, проза және драматургия - барлық жанрларының жарыса дамуына үлгі, өнеге болған. Алайда шешендік өнердің маңызы, құндылығы онымен шектелмейді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен тындыратын от ауызды, орақ тілді, күміс көмей, темір жақ шешендердің жүйрік ойлау, жүйелі сөйлеу мәнері мен шеберліктері үгітшілер мен насихатшыларға, ана тілін силайтын, бағалайтын әрбір азаматқа қажет.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ

1. 1. Шешендік өнер тарихы және оның даму факторлары

Ерте дәуірлерде қазақ елінде сөз өнерінен әлде бір өнер асады деген түсінік, ұғым болмаған. Ел өзінің өткен тарихын, өз тұсындағы тұрмыс-тіршілігінің барша саласындағы қуанышы мен ренішін, алдынан күткен, іздеген арман-тілегін түгелдей сөз өнері арқылы танып, сөз өнері арқылы танытқан. “Өнер алды - қызыл тілң, “тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарадың, “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқң деген секілді асыл сөздер халықтың тұрмыс-тіршілігіне сөз өнерінің алатын орны мен атқаратын қызметінің маңызы мен мәнін ашатын сипатымен бағалы. Байырғы дәуірлерде қазақ даласында кісінің атақ-даңқын асқақтата шарықтатқан санаулы ғана өнер болған. Оның бірі - соғыс ісін жүргізу; екіншісі - билік; үшіншісі сөз өнері. Осылардың бастысы да, бастаушысы да сөз өнері. Шешен сөздің майталман шеберлері өздерінің де, өзгелердің атақ-даңқын тұтас елге шығарғанда, тіл өнерінің құдірет-күшіне, шешендік өнеріне, ақпа-төкпе ақындық талантына, таным байлығы мен білім тереңдігіне бірдей сүйенген.

Шешендік өнердің талантын әлем таныған алғашқы ұлы шебері әрі теоретигі - римдік Марк Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43 жылдар) . Цицерон шешендік өнер мен өнердің басқа түрлері арасындағы ортақ белгілер мен дара ерекшеліктерді жан-жақты көрсетеді. Ол шешендік өнер мен ғылым арасындағы байланыстар жүйесіне де кеңінен сипаттама береді, қайсыбір ойларын Аристотельдің пікірлеріне сүйеніп түйіндейді. Алдында өткен даналардың ақиқатқа айналған ой-толғамдарын басшылыққа ала отырып, Цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешендік өнерді саусақтар сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. Шешендік өнер кісінің бойына оқу-білім арқылы емес, көктің құдіретімен даритынын көрсетеді. Ғұлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, анақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. Сөйте отырып ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. Мұның өзі - Цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігі мен бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз. Бұдан шешендік сөздің ерте дәуірден-ақ өз жүйесінде өнер мен ғылымның белгілерін бірдей ұстаған күрделі, синкретті құбылыс ретінде танылғаны белгілі болады. Осы қасиетіне орай шешендік өнер тыңдаушы елдің ойы мен сезімін бірдей баурап, бірдей билейді. Шешендік өнердің философия, логика, этика, эстетика, тарих, этнография, тіл әдебиет, заң, психология секілді ғылым салаларымен тығыз байланыста дамып отырғанын да көне дәуір ғұламасы анық айтады /1/. Бұл ой көне дәуір мәдениетімен қазақ билер дәуірінің әдебиетіне дейін үзбей жалғасады. Көрсетілген байланыстың табиғаты басқа құбылыстар арасындағы байланыстар сипатынан кетіп отырады. Мұндай байланыстың немесе тұтастықтың әрбір құрамдас саласын біліп, игерудің өзі қыруар еңбек пен уақытты талап ететінінде сөз жоқ. Ал аталған ғылым салаларын, олардың өзара байланысу, үндесу жолдарын жете білудің үстіне солардың бәрінің табыса, тоғыса келе біртұтас күрделі құбылысқа айналу сырына бойлау ілуде біреудің ғана қолынан келген. Ғалым мен батыр көп болғанда, шешеннің саусақпен санардай аз болуының басты себебі осында. Төле бидің: “Батыр деген - барақ ит: екі долы қатынның бірі табады. Би деген -бір бұлақ: қатынның ілуде біреуі ғана табадың /2/, - деген қанатты сөзі де би мен шешеннің, шешендік өнердің болмыс-бітімін, дара табиғатын терең танудан туған. Өнер мен ғылымның басқа түрлерінің қай-қайсысы да өз пәнінің аясынан аспайды, олардың әрқайсысы өзіме-өзі болғанда ғана қоғамдық ойдың дербес саласы ретінде сақталып қалмақ. Ал олай болмаған жағдайда олардың қай-қайсысы да мәнін, мәнімен бірге пәнін жоғалтып аларында сөз жоқ. Шешендік өнердің басқа өнер түрлерінен және ғылым салаларынан айырмашылығы - оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде де ешқандай шекара болмайды. Шешендік өнер үшін асуға болмайтын жалғыз-ақ шекара бар. Ол - ақыл-ой, ар-ождан, абырой шекарасы. Ақыл-ойдан таятын, ар-ожданнан аттайтын, абыройдан ажырайтын межеден арғы жерде шешендік өнер де жоқ.

Көне дәуір шешендері шешендік өнер негіздері туралы алғашқы білімді тиісті оқу орындарынан алып, бұл орайдағы өз дағдылары мен шеберліктерін ұштауда өздеріне дейінгі өнерпаздардың еңбектеріне сүйеніп, сөз ұстар алдында жазбаша жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлген. Көркем сөздің көне заманғы майталмандарының тәжірибелері белгілі бір мәселе төңірегіндегі негізгі хабарларды, деректерді тұтас игеріп, оларды ой сарабынан өткізу, сөйтіп тиісті тұжырымның бұлтартпас дәлелдігіне жазбаша түрде еңбектену нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Оның үстіне жазбаша жұмыс жүргізіп жаттығу сөздің дәлелдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оның ырғақ жүйесі мен мағыналық құрылымына тіл мөлшерлі тәртіп пен өлшемді өрнекті де күшейтіп, ажарлай түседі. Айтар ойын жазулы толғауға айналдырып, әр пікіріне атан түйеге жүк болардай ауыр салмақ дарытып, әр сөзінен көзді арбап, көңілді баурайтындай ажар танытып дағдыланған шешен сөйлер жерге келгенде, жазбаша да, ауызша да ағыл-тегіл көсіле беретін болса керек. Сонымен қатар шешендер арасында алдын-ала жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізбей-ақ тиісті мәселе бойынша бірден сөйлеп кету тәжірибесі де мол болған және бұл ретте де неше түрлі өткір сөздер, отты лебіздер айтылған. Алайда ежелгі дәуір шешендерінің тәжірибесінде дәлелдігі, жүйелілігі жағынан бұл секілді түрде айтылған сөздер алдын-ала жазбаша түрде дайындалған, екшелген сөздер сияқты қуатты да құнарлы бола алмаған.

Шешендік сөздің тарихы мен теориясында қазақ халқының қиыннан қиыстырып, суырып салып айту өнерінің маңызы мен мәні өте жоғары. Қазақ шешендері өз сөздерін көне дәуірдің сауатты шешендері секілді жазбаша дайындап, әр іс туралы айтар ойын алдын-ала кесіп-пішіп, тіпті сөзін жатқа айтып жаттығып отырмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстары, олардың тарихи болмысы мен тарихи сипаты, мазмұны мен мәні - қай-қайсысы да көне дәуір шешендерінің қойын дәптерінде жүретін болса, қазақ шешендерінің ойында сақталған. Қалыптасқан таным мен талғам талаптарына орай кез келген құбылыс туралы тұжырымды, кесімді пікірді де олар табан астында айналасы теп-тегіс жұмыр пішінге, өлшемді, мөлшерлі түрге түсіре берген.

Қазақ шешендерінің сөз майталманы ретінде қалыптасуы, өнерін өсіріп, шеберліктерін шыңдауы арнаулы оқу орнында, шешендік өнер мектебінде, ұстаз алдында емес, сахаралық тұрмыс-салт жағдайында өткен. Арнаулы мектеп, үйретуден жалықпаған арнаулы ұстаз жоқ сайын даланың төсінен шыққан алуан шешендердің, билердің сөздері бүгінде қазақтың өзін де, өзімен өзектес басқа жұртты да таңдандырмай қоймайды. Өйткені, қазақ шешендік өнері тапқыр сөз, шешен сөйлеу ғана емес. Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі де, мазмұн-мағынасы да, сыртқы ажар-көркі де өте күрделі, көп салалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған. Өмір құбылыстарын көркемдік-эстетикалық жоғары деңгейде толғау (сөз өнері), өмір құбылыстарының мәні мен тегін, олардың өзара өзектес сырларын толғау (философия, тарих), өмір құбылыстарының тәлімдік мазмұнын толғау, ғтибратлану (халық педагогикасы), өмір құбылыстарына қоғамдық баға беру мен үкім айту (билік), т. б. - қазақ шешендік өнерінде осылардың бәрі бар. Сондықтан қазақ шешендік өнерін ғылым мен өнердің, қоғам мен өмірдің өзара тұтасқан, тоғысқан деңгейінде көрініс тапқан арнасы ретінде қарау дұрыс. Қазақ шешендік өнерінің мағыналық-құрылымдық жүйесі, ықпал ету аясы қаншалықты кең, жан-жақты болса, қазақ шешенінің өзін де жұрт сондай көп қырлы, терең сырлы, әмбебап өнерпаз болғанда ғана мойындаған.

Қазақ шешендік өнерінің қалыптасып, дамуында, өркен жаюына зор ықпал еткен бірнеше факторлар болды.

Олардың бастылары мыналар:

  • Халықтық әдет заңы жүйесі;
  • Халықтық сот билігі жүйесі;
  • Халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты;
  • Халықтың ақындық, жыраулық өнері;
  • Халықтың айтыс өнері;
  • Халықтың тарихи тағдыры мен дүниетанымы.

Халық ұғымында осы көрсетілген салаларда өмір құбылыстарының мән-мағынасын терең біліп немесе олардың әрқайсысының өмірдегі нақты көріністерімен жете таныс болып қана қоймай, өзін солардың бәрімен біртұтас сезініп, солардың бәрін өзінің күнделікті өмір-тіршілігінің басты өзегі мен өлшеміне айналдыра алған, сөйтіп, ел ықыласына өзінің әділдігімен, кеңдігімен, биіктігімен бөленген әрі өнерпаз, әрі ғұлама адам ғана шешен атағына ие болған. Мұндай биікке көтерілген шешеннің сөзі билік секілді тұжырымды, бұлтаруға жібермейтін дәлелді, ой мен сезімге бірдей өтімді болады, түр-түсі, көркемдік кестесі мінсіз өріліп, әңгіме болып отырған құбылысты көзге көрсетіп, қолға ұстатқандай әрлі де нәрлі, сәнді де мәнді қалыпта бейнелейді.

Сөз өнерінің көне замандардағы білгірлерінің бірі Аристотельдің байқауы бойынша, шешендік сөздің болмыс-бітімін белгілейтін үш белгі бар: тіл, стиль және құрылым - жүйе /3/.

Шешендік өнердің басты қуаты - тілде. Тілінің қуаты жоқ кісінің сөзінен шешендік өнердің өрнегін іздеу ретсіз. Тілі күрмеліп тұрған сөзден стиль немесе тас бұлақтың суындай сылдыраған келісім табуға талпыну ағаттық болады. Сондықтан сөз өнерінің бастапқы теоретигі Аристотель тілдік көркемдеу құралдарына, тілді ажарлау тәсілдеріне ерекше көңіл бөлген. Ұлы ойшылдың көркем сөз тіліне қоятын басты екі талабы бар: оның бірі - тілдің айқындығы, екіншісі - тілдің сәулеттілігі. Анық сөйлеу, айқын, шынайы айту әркімнің қолынан келмесе де, әркімге қойылатын талап осындай. Аристотельдің айтып отырғаны жай, ауызекі сөйлеудегі айқындық емес, көркем тілдің айқындығы, поэтикалық тілдің анықтығы. Көркем поэтикалық тілмен сөйлеу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал, көркем, поэтикалық тілмен анық та айқын сөйлеу - нағыз шебердің, жаратқанның сүйген құлының ғана маңдайына бітетін ерекше қасиет.

Тілдің айқындығы мен оның көпшіліктің көкейіне қонымдылығы, ұғымдылығы арасында үлкен айырмашылық бар. Шешен өз сөзін қатардағы қалың жұрттың сөйлеу деңгейінде айтатын болса, онда оның сөзі көпшілікке түсінікті, айқын болғанмен, ешкімді тұщындыра алмайды. Мұндай сөздің шешендік сөз үлгілеріне еш қатысы жоқ. Белгілі ұғымды күнделікті қолданылып жүрген сөздің өзі білдіретіндей, тіпті одан да анық танытатын, бірақ танымға тосын, жаңа, сондай-ақ бейнелі, суретті, әсерлі түрде танытатын сөз ғана шешен өнерінің өрісін кеңейтіп, қадірін арттыра алады. Бұл ретте өмір құбылыстарының табиғи болмысына тән қасиеттер мен оны бейнелеп көрсетіп тұрған суреттегі сөздің мәні арасында тиісті қарым-қатынас толық сақталуы тиіс. Суретті сөздің мәні деп сәні сол сөз арқылды беріліп отырған өмір құбылыстарының өз мәні мен өз сәнінен айқындығы, бейнелілігі жағынан әлдеқайда асып түсіп жатуы шарт. Шешендік сөз ел алдында айтылатын болғандықтан, оны айтудағыүн, әуез бен ырғақтың да маңызы жоғары. Маңызды, мәнді құбылыс туралы терең ойды көпшілікке белгілі жағымды әуезбен, жайлы ырғақпен жеткізгенде ғана оны айтудағы тілдің айқындығы, әсерлілігі сақтала алады. Шешеннің сөзі оның көмейінен үн де емес, әуез де емес, құр айқай болып шықса, оның тілінің сұлу ажары мен анық-айқын табиғатында ешқандай да қасеит қалмайды. Дауыс, дыбыс тұрпайлылығы сөздің де, ойдың да қадірін қашырады. Абайдың “Құр айқай бақырған құлаққа ән бе екен?ң деуінің сыры осында. Сөздің ішкі қуатын, мазмұн тереңдігін құбылыс сипатына орай тиісті әуезбен, ырғақпен ажарлап қана қоймай, солардың бәрінің негізін түзетін ой дәлелділігін толық қамтамасыз еткенде ғана сөйлеушінің өзін-шешен, сөзін шешендік сөз деудің бір шарты орындалады. Сонда ғана сөз жүйесін табатын болады.

Шешендік өнер үшін сөздің анықтығы мен айқындығы қандай қымбат болса, шешеннің сөйлеу стилі де айрықша маңызды. Әр шешеннің тек өзіне ғана тән ойлау және сөйлеу ерекшелігі барында сөз жоқ. Ол ерекшелік те сөз болып отырған құбылыстың мазмұны мен мәнін неғұрлым терең, анық та ай қын ашатын болса ғана ерекшелік, өйтпеген жағдайда, ол - әурешілік. Қуанышты құбылыс жайында қуанбай, тұнжырап сөйлеу немесе қайғылы құбылыс жайында алып-қашпа қуанышты үнмен өрекпіп сөйлеу қаншалықты ретсіз, жөнсіз болса, жалпы сөз сазының, сөйлеу мәнерінің сөз болып отыған құбылыстың мазмұн-мәніне қарама-қайшы жат болып келуі де соншалықты орынсыз, ойға қонымсыз. Салтанатты жағдайда сайқымазақ, қылжақ, әзіл сөз стилімен сөйлеу немесе күлкілі, сайқымазақ ахуал үстінде тым салтанатты пафоспен сөйлеу тыңдаушының ойына қонбайды, оның көңілін қозғап, жүрегін тербете алмайды. Шешендік сөз қандай жағдайда айтылғанда да белгілі өлшем аясынан асып кетпеуге тиіс. Әсірелеп сөйлеу мен әсіреқызыл сөйлеудің арасы бір-ақ елі. Әсерлі сөйлеудің жөні осы екен деп суретті, бейнелі сөздерді көзінен тізіп, көлденең тарта берген жағдайда, тыңдаушының зейіні тез зерігеді. Ондай жағдайда бір сөзден туған әдемі әсерді екінші бір сұлу сөздің әсері жуып-шайып, жойып жіберіп отырады, нәтижесінде шешеннің айтпақ ойы айқындығын жоғалтып, оның барша сөзі судай сұйылып, бөздей бозарып шыға келеді.

Шешендік сөздің айтылу мақсаты - тыңдаушысының ойын оятып, жүрегіне тербеу, толғантып, тебірентіп не болмаса жанын түршіктіріп, жүрегін шошытып, ақырында оны өз дегеніне көндіру. Бұл оңай іс емес. Мұндай үлкен, биік мақсатқа ел алдында томсырайып, салғырт, мүлгіп сөйлеу арқылы немесе сылаңдаған сұлу сөз, көз қарықтырған көркем сөзбен жете қою қиын. Бұл жерде сөздің айқындығы мен әсерлілігіне қосымша эмоциялық мазмұн қажет. Биікке бастар қанатты қиял, эмоциялық мазмұн жоқ жерде шешеннің сөзі жербауырлағандай желбуаз, құрғақ, жағдай, тіпті сырдан да сидаң көрінеді. Мұндай сөзге кісім үйірілмейді. Сөздің эмоциялық бояуы мүлде азайтып, оны жоқ дерлік деңгейге дейін түсіруге тура келетін жағдай да болады. Ондай жағдай өмір құбылыстарының мазмұны эмоцияға, сезімге өз-өзінен толып тұрғанда айрықша дараланады. Мысалы, трагедиялық ахуал жағдайында өткен құбылыстар қашып, азалы күйге, көзден сорғалаған жасқа, жанды күйдірген, жүректі жандырған күйінішті сезімге мейлінше толы болып келеді. Әдетте бұл секілді жағдайда сөйлегенде, көңілдің босамауы, дауыстың дірілдемеуі қиын. Ал шешен мазмұны өз-өзінен осындай эмоциялық қалың тасқынға толы өмір құбылыстары туралы ешбір эмоцияға берілмей, қатқыл да суық, сұсты, тіпті аздап азалы салтанат сарыны араласқан салқындылықпен сөйлеуге тиісті. Сонда құбылыстың эмоцияға толы мазмұны мен ол туралы айтылған суық та салқын, ұстамды сөз әсері арасында алшақтық, кошраст пайда болады. Сонда шешеннің салқындылықпен айтқан әрбір сөзі өмір құбылыстарының эмоциялық мазмұн қоюлығына орай тыңдаушы жүрегінен көл-көсір сезім көзін ашады. Стиль даралығына қол жеткізгенде ғана шешеннің сөзі осындай әрлі, әрі әсерлі бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Шешендік өнердің тарихы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Шешендік сөздер
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz