ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ
ІІ ТАРАУ. ҚИССА - ДАСТАНДАРЫНЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ
ІІІ ТАРАУ. АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕКСТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өмірімізге тың серпіліс, жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты, сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп, даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр.
Жетпіс жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі әдеби мұраға да кешегі кеңес әдебиеті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы бар ақындық өнердің өрен жүйрігі, айтыскер, импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлының нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең - толғаулары, айтыс-қағыстары мен қисса - дастандары, асқақ әндері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, әдеби-мәдени мұрамыздағы көрікті де, көрнекті үлгілердің қатарын молайтуда.
1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді саралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда, ғылыми талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде игі қадам жасалып, ел ішінен табылған деректер мерзімді баспасөз бетінде жарияланып, арнаулы экспедициялар материалдары Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына жинақталып, ақын мұрасын зерттеудің көкжиегі кеңейе түсті. Ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келеді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуге әсер-кесірін тигізбей қоймады. Көрнекті әдебиетші ғалым Б. Кенжебаевтың сөзімен айтсақ: «…біз қазақтың бұрынғы ақын жазушыларын саяси-идеялық қатесі бар ақын-жазушылар деп жіктедік» / /.
Әсет ақын - ХХ ғасыр басындағы ақындарына тән демократтық-ағартушылық ағымдағы ойларын, діни-дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Әсет атына қаратылған сын-пікірлер көп болмағынымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық - хрестоматияларына, зерттеу монографияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан, салқын көзқарастан. Оның өнері халқымыздың белгілі кезеңдегі мәдени дәрежесін, ой-пікір деңгейін анықтайтын тарихи өлшем.
Әсет ақын мұрасын жинастыру, бастыру, зерттеу ісіне Әубәкір Диваев, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар әуезов, Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Есмағамбет Ысмайылов, Бүркіт Ысқақаов, Сейділлда Ордалиев, Сапарғали Бегалин, Қайым Мқхамедханов, Б. Нұржекеев, О. Орынтаев, Қ. Жүзбасов, Б. Әзібаева, А. Қыраубаева, Д. Қалымов, О. Бекбосынов, А. Түгелбаев, Қ. Толыбаевтар өз үлестерін қосты.
Атадан бала жадында сақтаушылар арқылы жеткен ақынның мол мұрасы Әсет талантының деңгейін жоғалтқан емес. Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайдың ақын шәкірттерінің бірі - Әсет ақын мұрасы, рухани асыл қазынасы мұқият зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Академик С. Қирабаев: «…Абаймен жалғаса туған шәкірт ақындар /Абай маңындағы/ шығармашылығы мен Абай өнегесін, ол ұстанған шыншылдық мектепті үлгі тұтқан кейінгі ақындар еңбектерін қазақтың ағартушылық - демократтық әдебиеті принциптері тұрғысынан зерттеу - ғылым үшін аса маңызды проблемалардың бірі», - / /дейді. Әсет ақын мұрасын поэтикалық, текстологиялық тұрғыда зерттеу - ақын мұрасына жаңаша көзқарастың алғашқы нышаны.
Әсет шығармашылығына жұртшылық назарын алғаш рет аударған ақын Ілияс Жансүгіров болғанын байқаймыз. Өлең айтуға тура келген жердің бәрінде оның алдымен «Әсет» деген атпен «Інжу-маржанды» айтатыны: Әсетке арнаған «Әнші» атты өлең жазып, оны 1928, 1933 жылдары шыққан кітабына енгізген.
Жазба әдебиетімізге Әсет жайында дерек түсірген екінші адам - Сәкен Сейфуллин. Ол 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалар» атты кітабында Әсет пен Кемпірбайдың арыздасуын екі рет мысалға келтіріп, талдайды.
1936 жылы Әсет шығармашылығы Республика баспасөзінде біраз сөз болады. «Социалды Қазақстан» газетінің 17 мамыр күнгі санында А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аудармасы жарияланады. Оны Ақсу ауданының колхозшысы Шәріпов деген кісіден Есім Байболов жазып алады. «Әзірге бұл шығарманың иесі мәлімсіз», - деп жазады газет.
1942 жылы жарық көрген «Қазақтың ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабының «Айтыстар туралы» деген бөлімінде Сәбит Мұқанов: «…Біржан мен Сараның, Әсет пен Ырысжанның, Ақсұлу мен Кеншімбайдың, Мәнсүр мен Дәменнің айтыстарында тіл тазалығы, тіл байлығы тамаша. Бұл айтыстар эстетика заңын толық сақтап, тіл құрылысынан, образдан әдебиет теориясының тілегіне толық жауап береді, жазба әдебиеттің ең көркеміне таласа алады» / /, - деп жазды. «Жүмбақ айтысы» деген тарауда Әсет пен Ырысжанның жұмбақтарын толық мысалға келтіріп талдайды. «Бұл жүмбақтардың айтылуында да, шешілуіндеде де ақындықпен қатар үлкен тапқыр ақылдылық жатыр» / /, - деп сүйсіне баға береді.
1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қызметкері Балтабай Адамбаева Мақаншы ауданына барып адамдардан Әсеттің өлеңдері мен дастандарын, өмірбаяндық деректерін жазып әкелгеннен кейін, Әсет шығармашылығын білуге, түсінуге және зерттеуге материялдық негіз қаланды да, мұның өзі ақын шығармашылығын танудағы үлкен бір белес кезең болды. Ғалымдар, ақын- жазушылар, журналистер мен басқа да әдебиет жанашырлары баспасөз бетінде ірілі-ұсақты біраз материял жариялады.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты әр кезде ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер мен басқа да әдебиет жанашырлары баспасөз бетінде ірілі-ұсақты біраз материалдар жариялады.
«Қазақ әдебиетінің тарихында » /1960 ж. 1-том, 1- кітап / М. Әуезов: «Көркемдік және мазмұн жағынан көп айтыстан оқшауырақ тұратын - Әсет Найманбайұлы мен Ырысжанның айтысы», - деп жазды.
«Қазақ әдебиетінің тарихында » /1961 ж. 2-том, 1- кітап / С. Ордалиевтің «Әсет Найманбайұлы» атты мақаласы арқылы ақынның шығармашылығы мен өмірбаянына қатысты материалдарды тұңғыш рет ғылыми жүйеге түсірілді.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезінің Темірші болысында туған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы. Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсет ұлдан жалғыз болған секілді, Құлжа жағында әпкесі болған. Әке-шешесі күнкөріс қамымен Семейге көшіп келген. Мұсылманша сауатты болған. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың басқа жұмбақтарымен қатар, діни жұмбағын да шешеді. «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас» т. б. қисса-дастандарының сюжетін шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды біршама терең білгендігін дәлелдейді. Ел арасына кең тараған әйгілі әні "Інжу-маржанның" қайырмасында «Сейфіл Мәлік-Жамалдай бейнетіңе көнсем-ау, Қозы-Көрпеш Баяндай бір молада өлсем-ау»- деген сөздердің айтылуы оның халқымыздың халық әдебиетін жақсы білгендігін дәлелдейді. Ақын 1923 жылы қайтыс болған.
Абайдың «Әсетке» деген өлеңін баршамыз білеміз. «Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда, Ісі жоқ теріс пе, оң ба? » - деген Әсет үшін ауыр секілді.
Ит көрген ешкі көзденіп,
Елірме, жынды сөзденіп,
Жасынан үлгісіз шіркін,
. . . Не қылсын өнер ізденіп, -
деген сөз қалайша Әсетке арналмақ? Не үшін арналмақ? «Өзімшіл, оңбаған шерміш» бұл сөздерді Абай айтпаған секілді. «Қазақ әдебиетінің» 1972 жылғы 16 шілдедегі санында Болатжан Әбілқасымовтың осы өлең жайында пікірі басылды. Абайдың ертерек шыққан кітаптарында бұл өлең бұлай аталмапты. Өлеңге ат кейін берілген. Осыған сүйеніп Б. Әбілқасымов бұл өлең Әсетке жазылмаған деген жорамал айтады. Біз де сол жорамалды шындыққа жақын санаймыз. Өйткені өзі туралы соншалықты қиянат сөз айтқан адамға Әсет те жауап қайтарса керек еді, бірақ ешқандай жауап жоқ, керісінше ол Абайды құрметтеп өткен. Әсет: «Абайдай арт жағына сөз қалдырып, Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлді деген!» - деп өкінеді. Абай мен Әсет арасында жарасымды сыйластық болған, сондықтан бұл өлеңнің бұрынғы аты «Біреуден біреу артылса» атымен қалғаны дұрыс деп ойлаймыз.
Әсеттің дайысы ерекше зор болса керек. А. Жұбанов «Әсеттің ақындығы әншілігінен кем емес»- деуі тегін емес. Әншілік өнерін әбден меңгергеннен соң ғана Әсет жанынан өлең шығара бастаса керек. Өйткені оның алғашқы, жас кезінде шығарған әндерінің біріне жетатын «Інжу-маржан» әні - құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ өлеңдерінің ішінде шоқтығы биік дүние. Бұл әнді Естайдың «Қорланымен» ғана салыстырғың келеді. Екі әндегі мұң да, сағыныш та, әсіресе қайырмаларындағы әуен мен сөздердің бірлігі ұқсас, соншалық мінездес - қайсысын болса да бірінен артық бірін бағалау күнә.
«Інжу-маржан» махаббат әні. Алайда әннің мәтінінде махаббат туралы көп айтылмайды, махаббат мотиві жоқ: ән бір басқа да, әуен бір басқа. «Еркем-ай сені сағындым» деп тұрған қайырмаға «Әуелетіп ән салса әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер тілдесед» деген сөздің еш үйлеспейтіні көрініп тұр. Сәбит Мұқанов «Алыптың адымдары» атты кітабында: «Әсеттің «Әсет» аталатын атақты әнінің сөзін әдетте біз Ілиястікі деп ойлаушы едік. Кейін бір сұрағанымызда: Сөзі Әсеттікі, мен тек біраз өңдедім»- дейтін.
Әсеттің әндері «Інжу - маржан», «Қисмет», «Әпитөк», «Ісмет», «Әнші», «Еркем-ай», «Қаракөз», «Шама», «Майда қоңыр», , «Гауһар қыз», «Желдірме», «Мақпал», «Қайшақбай», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Мәлике қыз», «Ырғақты», «Кәрілік», «Зұлқия» әндері /А. Жұбановтың айтуы бойынша/.
Осы диплом жұмысымызда Әсет ақынның әдеби мұралары: ән-өлеңдері мен лирикалық жырларына, айтыс-қағыстарына, қисса-дастандарына поэтикалық, текстологиялық тұрғыда талдау жасауға тырыстық. Осы орайда авторлығына күмән келтіріліп жүрген Әсеттің атақты өлеңдері туралы даулы пікірлерді салыстырып, ақынның ағартушылық ағымға қосқан үлесін, замана күйін толғаған әлеуметтік лирикасын танымдық, тағылымдық тұрғыдан таразылып, айтыс-қағыстарының туу, таралу барысын импровизациялық дәстүр үрдісінде қарастырып, қисса-дастандарының сюжеттік негізіне, композициялық құрылымына, жанрлық ерекшелігіне талдау жасадық. Әр кезеңде мерзімді баспасөзде, ғылыми монографияларда әр текті пікір - талас тудырып келген «Әсет», «Евгений Онегин» дастанының бірнеше нұсқаларын салыстыра талдауға тырыстық.
І ТАРАУ
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ
Әсет ақынның ән-өлеңдері де жыр толғаулары да әртүрлі орындаушылар арқылы бірнеше нұсқада жетті. Импровизация үлгісінде туып, ауызша ел арасында тарап, бүгінгі күндерге жеткен ақынның шығармаларын хронологиялық жүйеге түсіру мүмкіндігі шектеулі. Шығармаларын жанрлық тұрғыдан жіктеу - ақын талантының ауқым-аясын танытса, тақырыбына қарай топтастыру - замана күйіне, әлеуметтік ахуалға болмысқа, дүниеге көзқарасын аңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан Әсет ақын лирикасын төмендегідей тақырыптарға бөліп қарастырамыз.
- Жастық, сүйіспеншілік әуендері;
- Өнер, ғылым, дін жайлы ағартушылық, дидактикалық өлеңдер;
- Замана жайын толғаған сыншыл реализм үлгісіндегі толғау жырлары, арнау өлеңдері;
- Халық поэзиясы үлгісіндегі салт, ғұрып өлеңдері.
Ақынның жастық, махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің көбі - әндері. «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қарагөз» 1-2 түрі, «Гауһар қыз», «Желдірме», «Мақпал» сияқты әндері - ақынның жас бозбала шағында шығараған әндері. Себебі ән мәтінінде дәстүрлі қара өлең, қайым өлең әсері айқын аңғарылады. Мысалы, Кіші Ардақтағы: Ат қайда Ақ бақайдай шаппай желген…, Қарагөздегі: Қаратаудың басынан түсер сағым, т. б. Қарагөздің келесі бір түрі қазақтың қара өлеңі айту дәстүрінде орындалатындығы әрі өлең ұйқастарының: алыс арға, табыстарға, жарысарға,
туған айдай, жазық маңдай, бұлбұл таңдай,
ақсай желген, көзі күлген, өзі күлген,
сәулем едің, дәурен едің, әуреледің
тәрізді жеңіл ұйқасқа құрылуы еліктеу, үйрену кезеңінің стилін аңғартады. «Әпитөк», «Ардақ», «Мақпал» сияқты көптеген әндердің авторлығына күмән - талас пікір туындауы - әрі ремииценция, әрі стилдік қалыптасудың еліктеу кезеңі тұрғысынан заңды құбылыс. Әсеттің алғашқы әндерінің қатарына өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін поэтикалық және музыкалық жағынан бір-бірімен шебер ұштасқан, әуен-саз және ырғақтық құрылысы өте мәнді шығармасы - «Інжу-Маржан». «Інжу-Маржан» Әсеттің еліктеу кезеңінен өтіп, өз стилін танытудағы талпынысының тырнақ алдысы. «Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, - деп басталуының өзі имповизатор ақындарға тән өз авторлығын бекіту әдісі. «Інжу-Маржанның», «Ардақтың», «Мақпалдың», «Қисметтің» т. б. әндерінің бірнеше түрі болуы осы әндер эволюциясын танытады. Бірден қағазға түсіп, таралған ән болмағандықтан импровизиялық үлгідегі шығарманың бір мәтінмен айтылуы мүмкін емес, жеткізуші орындаушылардың әсер үлесін былай қойғанда автордың тарапынан көп өзгеріске түсіп, жетілдіріліп отырған. Әсет әндерінің ішіндігі даулы пікір тудырып жүрген «Әпитөк» әні жайлы өнер танушы ғалым З. Қоспақов «Әпитөк» әнін айтқанда «Әупілдек» әні еріксіз ойға оралады. Өйткені, көптеген әншілер «Әпитөк» әнін «Әпитөктің» сөзімен айтып жүр. Бұл мүлде келіспейтін дүние. Екі әннің аты да, заты да, әуен ырғақтары мен құрылымы да, айтпақ болған мақсаттары да бөлек емес пе, және де «Әпитөк» халық әні емес, халық композиторы Әсет Найманбайұлыныкі / 4/ дейді. Әсет әндерін алғаш жинақ етіп қарастырған Қ. Жүздесов елуге жуық ән-әуенді нотасымен жариялады. Кей әннің үш-төрт түрі барлығын әрі дастандарды айту мақам әуені, термелері, айтыстары, әуендерінің сан-қырлы әуезділігін ескерсек, әнші-сазгер Әсеттің музыкалық мұрасының да зерттеуге зәру екенін көреміз.
Шығармашылық толысу шағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи аласапыран кезеңіне тап келген Әсет ақын мұрасы сол дәуір тудырған әдебиеттегі дәстүр үрдісін дамытуға үлес қосып, ел өмірін, әлеумет тұрмысын, тарих тауқыметін өлең-толғауларына арқау етті. Қазақ даласында ағартушылық бағыт кездейсоқ туған жоқ, ол тарихи әлеуметтік дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған еді. Ақынның сыншылдығы, ағартушылық идеясымен ұштастырылып жатыр.
Өнер үйрен, кеудеңді өрге сүйре,
Ендігі жас болмаңдар көп еріншек…
Оқып білім пайдалан, біреуге ұқтыр,
Әліңше дін-миратқа пайдаң жұқтыр.
Әсет ғылым жайлы толғанғанда қазақ поэзиясынын насихат, үгіт үлгісінде айтылып келе жатқан белгілі жайларды да термелеп, темпіштеп, кейде тың, тосын теңеу, тіркес тауып, терең ой түйіндейді. Ғылыммен тән тазарып, жанданады, Ғылым қуып, жан тамырын тербетуге, Пердесі адамзаттың - ғылым шатыр, Арасын ғылым бұлдап асылдайды, Болғанда ғылым- дария, оқу - өрнек, Ғылым - дос, ақыл - қанат, талап - серік, Ғылым деген иманның бір кілті бар. Біз Әсет ақын шығармаларындағы өнер, білім, ғылым, адамгершілік, имандылық, достық, махаббат тақырыбын, саяси-әлеуметтік мәселелерді сөз еткенде- Абай поэзиясынан бастау алған мазмұнның кейінгі ақындарға ортақтығын, Әсеттің де сол тақырып, көркемдікті игерудегі өзіндік талпынысын көреміз. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ағартушылық ағымда болуы, импровизатор ақындардың халық алдында жиі шығуы, өсиет, уағыз айтуына мол мүмкіндігі болуы - ақын өлеңдерінің әлеуметтік-ағартушылық мазмұнына игі әсерін тигізді. Ақынның өткір сынға құрылған өлеңдерінің өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселелеріне жауап беруге тырысу айқын сезіледі. Оның шығармаларындағы наразылық ағартушы ақынның арман мақсаттарымен ұштасып жатады. Абай үрдісін үлгі тұтқан Әсет ақынның өлеңінде Абайдың пәлсапалық тереңдігі болмағанымен, өз кезегінде өмір шындығын танытуда өткірлігі мен динамикасы басым. Әсет ақын өлеңдерінің көбісі насихат, өмір, дүние белестері, адам тіршілігінің мәні, жақсы мен жаман, асыл мен жасық, адалдық пен залымдық сияқты өмірде адам пенде бойында кездесетін кереғар қасиеттерді салыстыра термелеу, аллегориялық тәсілде суреттеу арқылы мәңгілік мәнін жоймас заңдылықтарды сипаттауға көтеріледі. «Тәмсіл», «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол», «Адамзат дүние қуып қартаяды» т. б. өлең-термелері имандылық, этикалық, этикеттік жайларды қамтиды.
Әсет ақынның діни-дидактикалық тұрғыдағы өлеңдері кезінде идеология салдарынан жиналмай, жарияланбай келді. Медреседе оқып, ескіше тәлім-тәрбие алғандықтан, Әсеттің бірқатар өлеңдері мен қиссаларында дін жайы әрқилы сөз болып қалып отырады. Алайда ол дінді тікелей уағыздап, жұртты дін жолымен жүруге шақырмайды: адамгершілікті уағыздайтын қағида-тәртіптерді айтып, сол арқылы жұртты қиянаттан, зорлық-зомбылықтан тыймақты ойлайды.
Мысалы: «Ұраным - арғын шордан Қаракесек» деген өлеңінде:
Дүнте адам болып жаралған соң,
Білімсіз құр жүресің бейне есек.
Тірлікте жақсы, даман қылған імтен,
Періште мақшар күні алады есеп, - дейді.
Дінге иланып, дінге құлақ қойып өскен халыққа сол діннің өзін пайдаланып ақыл айтады, тіршілікте жасаған жамандығың үшін жауап бересің, деп үрейлендіруге тырысады. Адалдықты, пәктікті, қайырымдылықты үздіксіз үгіттеп отырған ақын діни схолостиканы жырлаған жоқ, діннің ақ жолын уағыздады. Әсет өлеңдерінен, айтыс, қисса-дастандарынан оның діни білімге жүйріктігі айқын көрінеді.
Әсет өлеңдерінің бірі- арнау өлеңдері. Ол тек сын-сықақ жанрында емес, ағайын арасындағы дау-дамайды бітістіруге араласуы, ел бірлігін сақтауға ниеттілігі ақынның мақсат мүддесінің халықтық сипатын көрсетеді. Адамның жас шамасына байланысты өлең жырлар қазақтың ауыз әдебиетінде бұрыннан бар. «Жас шама» өлеңінде он жастан-жиырма жасқа дейінгі кезеңдерді санамалап балалық, жастық шақ ерекшелігіне, әр жасқа жеке тоқталып, философиялық тұжырымдар жасайды: балалар он жасыңда құлындайсың, он бір мен он екіде сабақ оқып; он үш пен он төртіңде тағылым алып, он беске жеткен соң бір ой түсіп, жеткенде он алтыға өткірленіп, т. с. с. Жыраулық поэзияда шешендік өнерде әр кезеңде берілетін баға, теңеу көбінесе ұқсас болып келсе, Әсет тың теңеулер тауып, әр жас кезеңінің қасиетін аша түседі, жалпыға ортақ мағына үстейді. Жас мөлшерінің өзіне тән сипатын, әр кезеңнін болмысын, қайталанбас қасиетін шынайы суреттейтін ақын өлеңдері - ұрпағына өсиеті, насихаты. Әсеттің халық ауыз әдебиетінің үйлену, салт өлеңдері дәстүріндегі «Беташар», «Аужарын» да дидактикалық шығармалары қатарында қарастырамыз. «Беташардың» басты мақсаты келінге қайын жұртын таныстыру, әрі атқаратын қызметі, жүріс-тұрыс мінез-құлқы, жақсы келін атанудың алғы шарттары мен басқа да мораль мәселесі. Демек, ішкі мазмұны - өсиет-өнеге айту. Ақын қашан да өз дәуірінің перзенті, сондықтан қандай ақынның болсын поэзиясында өзі ғұмыр кешкен кезеңнің тарихи сипаты, болмыс-бітімі, халық тұрмысы мен ақыл-ойы көрініс табады. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл қағиданың нақты айғақтарын Әсет ақын лирикасынан да мол кездестіреміз. Ел арасында жүріп әр ауылдың, әр той, ойын-сауықтың еркесі, серісі болған ақынның дидактикалық уағыздарынан эстетикалық әсемдік әсерінің пәлсапалық ойларының тәлімі де сол ортаға ағартушылық қызмет атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz