Қойдың жүнін қырқу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 7

І. Қазақтың қолданбалы қолөнері 8

1. 1. Тоқыма бұйымдар 8

1. 2 Кілем тоқуға пайдаланатын шикізат 11

1. 3 Кілем тоқығанда пайдаланатын айқаспа түрлері 17

II. Өрмек әдісімен (станок) тоқу 25

2. 1 Өрмек тоқығанда пайдаланылатын жабдықтар 25

2. 2 Алаша тоқу 28

2. 3 Кілем тоқу өнері 31

ІІІ. Киізден жасалатын тұрмыстық заттар (қапшықтар) 35

Қорытынды 38

Өнер туралы өнегелі мақал-мәтелдер 39

Түсіндірме сөздік 40

Қолданылған әдебиеттер 41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Факультет: Экономика және біліміндегі сервис

0312 - “Кәсіби еңбек және киім үлгісін сәндеу”

Кафедра: Кітапханатану, библиография және сервис

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектептегі 5-сынып оқушыларына еңбек пәнінен «Қазақтың колданбалы қолөнеріндегі тоқыма бұйымдарымен таныстыру»

Орындаған: Рашат Алтынай

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Орымхан Жұмахан

Жұмыс қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі: п. ғ. к., доцент

Нұрахметова К. Г.

Берілген күні:

Қайтарылған күні:

Бағасы:

Алматы 2003ж.

Аннотация

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей Халықтың дәстүрлі рухани байлығының түр-нұсқасын ұрпаққа үйрету-бүгінгі заманның міндеті дегендей.

Қазіргі мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көптен келе жатқан салт-дәстүрі, халық мұрасымен өнерін қастерлеп ұстауға, санасына, ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезімін сіңіру, басқа да ұлттардың мәдениетін қәдірлей білуге тәрбиелеу-қазіргі заман талабына сай мектептердің басты міндеті дей отыра, халықтық педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс екені бәрімізге мәлім.

Сондықтан қазіргі күрделі заманда иек етер жалғыз ғана құдірет, жастарды тәрбиелеудің пәрменді құралы халық педагогикасы болмақ. Халықтық педагогикасын нұсқаға ала отырып еңбек пәнінің мұғалімдері мектеп оқушыларына қолөнер түрлерінің жасалу жолдарының әдіс толығымен меңгертіп, рухани дәстүрімізді одан әрмен жалғастырсақ.

Рецензия

Рецензент: Алтынбекова Қ.

Студент: Рашат Алтынай

Мамандығы: 0312 - “Кәсіби еңбек және киім үлгісін сәндеу”

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Мектептегі 5-сынып оқушыларына еңбек пәнінен «Қазақтың колданбалы қолөнеріндегі тоқыма бұйымдарымен таныстыру»

Рецензия атауы

Рецензент:

Кіріспе

Қазақ халқының «Қарыс қазы-балықта, қалың қазына-халықта» деген мақал өнер молшылығынан туған.

Қолөнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер-бұл күнде бүкіл қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Дипломдық жұмысымның

Мақсаты: Оқушыларды қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігінің неде екендігі және де салт-дәстүрін ұлттық қолданбалы қолөнерге үйрету арқылы тәрбиелеу.

Міндеті: Халықтық педагогиканы қолдана отырып жас ұрпаққа салт-дәстүрді үйрету. Халықтың мәдениетін терең сезіну, құрметтеу, қадірлеу. Көне заманнан келе жатқан көркем мұрасын сақтау.

Көкейкестілігі: Халықтың көне мәдени мұрасын бүгінгі талабына сай іс-тәжірибеде қолдана отырып, оқушылардың халқының мәдени мұрасын қастерлеп, құрметтеп, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Практикалық маңызы: Оқушылардың қазақ халқының қолөнеріне деген, қызығушылықты арттыру, эстетикалық талғамын ояту, қолөнерді орындай отырып сезімін, ой-өрісін дамыту, төзімділікке, шыдамдыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру

Жаңалығы: Қазіргі таңда өмір талабына сай, электронды есептегіш машиналар «компьютер»көмегімен, бейнелеуің нобайын жасау «үлкейту, кішірейту, бояу түстерін таңдау т. б. », оқушының да үнемді пайдалануға әсерін тигізеді.

I тарауда. Қазақтың қолданбалы қолөнерінің ішіндегі тоқылып жасалатын бұйымдарға жалпы шолу жасап, кілем тоқығанда қолданылатын шикізат және айқаспа түрлерінің әдіс-тәсілдерімен таныстырылады.

II тарауда. Өрмек тоқығанда пайдаланатын жабдықтарға, өрмек станогы арқылы алаша, кілем тоқу өнері туралы айтылады.

III тарауда. Қазақ халқының киізден жасалған тұрмыстық заттары қапшық, қанарларға жалпы шолу.

І. Қазақтың қолданбалы қолөнері

1. 1. Тоқыма бұйымдар

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қазақ халқының қолөнер саласындағы тоқыма өнері ғасырлар бойы атадан-балаға мирас болып келе жатқан өнерінің бірі болып табылады.

Қазақтың өрмек тәсілімен тоқылатын заттарының қатарына кілем, құр, таңғыш, желбау, бас-бау, басқұр, қоржын, алаша сияқты бұйымдар жатады. Біз қазақ халқының киіз үй жиһаздарының тоқу әдісімен жасалған тұрмыстық заттарын қарастырамыз. Бұлар қазақ халқының арасында өте жоғары бағаланған.

Киіз үй ішіндегі негізгі жабдықтарға ақ, қызыл, ала басқұр, түрлі баулармен қатар өрнектеліп тоқылған құрдан біріктіріп жасаған қоржындар, қолдорбалар, кермелер жатады. Олар киіз үйдің ішкі сәнділігі мен әдемілігіне үлкен ажар береді. Сондай-ақ олар тұтынуға да төзімді бұйымдар. Қоржын, дорба, керме бұлар қапшық тектес сөмкелерге жатады.

Орта азия халықтарының көптеген ауылдық жерлерінде қазірде, бұрында да әртүрлі сөмкелерді үй тұрмысында кеңінен қолдануда. Мысалы: өзбектерде қанарларды, қаптарды «ильгичи» деп атайды. Қазақтың шеберлері тоқымалы сөмкелерді әртүрлі мақсатта пайдалану үшін жасаған: дорба және керме, киім-кешек және ұсақ-түйек заттарды сақтау үшін жасаған, ал қоржын азық-түлік тасу үшін қолданылған. Бұл сөмкелер түкті және түксіз тәсілімен тоқылады.

Қоржын - аспалы екі бөлік қалтадан тұратын сөмке. Қоржын өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Еңәуелі қоржынның ұзындығына қарап астын тоқиды, сонан соң екі шетінің үстіне өрнектелген төрт бұрышты екі ою (көлемі 50х50 см бөлек тоқылатын) салынып тігіледі. Сонда қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады.

Тоқылу әдістеріне байланысты қоржындар түкті және түксіз болып екі түрге бөлінеді. Кілем, терме алашалардың өрнектері түсірілген қоржындар жиі кездеседі. Қоржынды жайлауға шыққанда, күнделікті тұрмыста көлікпен зат алып жүруге пайдаланады.

Дорба - орыс ұғымындағы «торба» деген сөзді білдіреді. Оның көлемі 60-40 см. Дорба неше түрлі ою-өрнектермен, шеті шашақтармен жүргізілген, ол дорбаны одан әрі көркейтіп тұрады. Дорба киіз үйдің керегесінің басына ілінеді, бұл көрініс киіз үйдің ішіне қосымша сұлулық беріп тұрады.

Керме - бұл да киіз үйдің керегесіне ілінеді. Дорбадан айырмашылығы үлкендеу болады: шамамен 100-50 см. Мұндай сөмкеде киім-кешектен басқада, пайдаланылмайтын заттар, мысалы, кішігірім кілемшелер, матадан немесе киізден жасалынған әртүрлі тұрмыстық заттар сақталынады. Керме түкті, түксіз алашаның бөліктерінен тігіледі.

Киіз үйді безендіруде түрлі-түсті ою-өрнекпен өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар. Басқұр жасалуына орай ақ басқұр және ала басқұр деп екі түрге бөлінеді. Екеуініңде тоқылу мәнері өрмек әдісімен жасалады.

Ақ басқұр - тоқылуы мен өрнектелуінде ала басқұрдан үлкен айырмашылық болады. Біріншіден, ақ басқұр ақ түсті жіппен қақпа алаша тоқылу әдісімен тоқылған өрмек үстіне түкті кілем тоқу мәнерімен өрнектеледі. Екіншіден, әр өрнек суреті бірін-бірі қайталамайтындай кешендік түрде тоқылады.

Ақ басқұр - киіз үйдің сәндігі үшін пайдаланатын ішкі жабдығы. Ол ала басқұрдың жоғарғы жағынан бір босағадан екінші босағаға дейін керіледі.

Жоғарыда айтқандай, ақ басқұрдың сәндік ерекшелігін арттыра түсу мақсатында ақ фонға түрлі-түсті қызыл, сары, көк, жасыл жіптермен термелеп күрделі өрнектер салады.

Ала басқұр - терме алаша әдісімен өрнектеліп тоқылады. Бұл басқұр сәндігімен қатар киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасыру мақсатында жасалады.

Ала басқұрдың тоқылу әдісі терме алаша тоқылғандай, өрмек құрып, әр түсті жіптерден терме теріп, өрнектердің алуан түрі пайдаланылады. Басқұрдың қай түрі болсада ұзындығы 8-10 м, ені 25-40 см аспайды. Жалпы, басқұрдың ұзындығы керегенің қанатының санына қарай тоқылады.

Киіз үй ішіндегі көркемдік, сәндік түрін байыту жағдайын толықтыратын әртүрлі баулар болады.

Олар: жел бау - шаңырақ көтерген кезде, дауыл желде үйді ауыртпалық байлап, шаңырақтан төмен бастырып тұру үшін пайдаланылатын төгілме шашақты бау. Жел баудың Шымкент, Жамбыл, Қызылорда обылыстарында теруін бұқары теру дейді.

Туырлық бау - туырлықты ұстап тұратын, түр салынып 15-25 жіптен терілген бір жағы әсемдік үшін жалпақ етіп тоқылатын бау.

Түңілік бау - түңіліктің төрт бұрышынан байлайтын бау.

Үзік бау - үзіктің екі шетінен, үш жерден алты немесе екі-екіден төрт баумен айқастыра тартылып байлайтын, жалпақ етіп тоқылған.

Аспа бау - уықтың иінінен сәндік үшін шашақтап түсіріп қоятын бау. Уық бау - уықтың аяғын керегенің басына бекітетін бау. Бұлар отбасы дәулетіне байланысты, түр салып тоқылған әсемдік үшін тағылатын құрлар.

Таңғыш - ол екі керегенің жігін біріктіріп байлайтын жіңішке құр. Шеберлер таңғышты біріңғай ешкі жүнінен сірелеп тоқиды. Бұған мүмкіндігі жоқ адам әрі жұмсақ, әрі қой жүнінен ботакөз түрін салып мүйіздеп, көбінесе 9-13 жіптен екі шетіне қара су жүргізіп термелеп тоқытады.

Босаға таңғыш - киіз үйдің есігінің екі босағасын керегемен біріктіріп таңатын жіңішке құр.

1. 2 Кілем тоқуға пайдаланатын шикізат

Жүн және оны өңдеу

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.

Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны «жабағы» дейді. Әлгі жабағының астынан “боздақ” деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр-түрлі жеңіл де жылы күпі тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер иіреді.

Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды.

“Шуда” деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда жіп “шертер”, “керуші” деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебінде де тағылған.

Қойдың жүнін “жабағы”, “күзем жүні”, ”өлі жүн” және “шет-пұшпақ” деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бірілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүнен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.

Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.

Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді өлі жүндер деп атайды.

Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп бөледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.

Жылқының жал-құйрығын ”қыл” деп атайды. Жал-құйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығында іске жаратқан. Қоянның жүніен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған, қауырсындарынан қарқара қадаған, жебелердің желбезегіне желімдеген, ондай оқты төменде тұрып жоғарыдағы нысананы дәлдеп атуға қолайлы және ұшқан жолында ауытқымай дәл барады деп есептеген.

Қойдың жүнін қырқу

Қазақтар ірі қойлардың жүнін жылына екі рет көктем мен күзде қырқып отырған.

Көктемгі қырқу - қыстан шыққан малдың күтіміне байланысты кейде ерте, кейде кеш басталады. Барлығынан бұрын қоңы жақсы мал ертерек қырқылады, өйткені, оның жаңадан шығып келе жатқан жүні тез өсіп, ескі жүні көтеріледі, ол қөырқуға жеңіл болады. Арық қойлар 15-20, кейде 30 күннен кейін қырқылады. Себебі, олардың жаңа жүні баяу өседі. Қозыларды жүні өскен кезде, жаз ортасында қырқады.

Күзгі қырқу (күзем) . Суық түскенше қойдың жаңа жүнін кемінде 3-4 см өсетіндей етіп тамалап барып қырқады. Бұған бір айдайуақыт жетеді. Сондықтан жергілікті жердің ауа райына қарай тамыздың немесе қыркүйектің аяғына таманқырқуға болады. Қойды қырыққанға дейін жүні таза әрі жұмсақ болуы үшін кейде3-4рет ағын суға тоғытады.

Қой қырқу жұмысы басталатын кезде қойды ауылдың маңына немесе қырқатын жерге алдын ала айдап келіп, екі басына қазық қағылып керілген көгенге, әрбір қатарға 20-40 қойдан бір күн бұрын, кешке көгендейді де ертеңіне кірісіп, кешке дейін қырқады. Ал шағын ғана малы бар кедейлер өз малын өздері қырықса, малы көп байларға бүкіл ауыл қызмет еткен. Олардың жұмысы қазіргі фабрикалардағы конвейер тәрізді тәртіппен жүргізілгені бір адам көгеннен қойды жүн қырқатын жерге алып барып жығып тұрса, екінші кісі аяғын байлап, үшінші қырқып тұратын болған. Тәртіп бойынша әйелдер мен балалар қырқылған жүнді жинаушы болған.

Қойды арнайы жасалған қырықтықпен қырқатын. Ол ұзындығы 40 см екі темірдің кесіндісінен темір ұста жасайтын қайшы сияқты құрал. Жұмыс үстінде қырықтықшы он қолымен тұтқасынан ұстайды да, сол қолымен қырықтықтың екі ұшын қысып қамтылған жүнді қырқа береді. Қойды қырыққанда артқы аяғынан бастап жоғары қарай қойдың денесін бойлай қырқады. Әбден машық болған қырықтықшы сағатына 5-6 қой немесе 10-15 қозыны қырқатын болған.

Жүнді сабау. Жүнді сабау үшін ең алдымен ортаға тулақ төсеп, келетін адамның санына қарай қабығы аршылған талдан, жыңғылдан сабау дайындайды. Жүнді әдетте тулаққа (кептірілген мал терісін) салып, жан-жақтан сабаумен екі қолымен кезек- кезек сабалап отырады. Бұған әдетте жастар қатысады. Жүн сабаудың негізгі мақсаты - жүннің түйіршіктерін жазып жұмсарту, түту. Жүн түту кезінде жүнге жабысқан қиыршық құмдар мен топырақ тозаңдары және ошаған сияқты тікенекті түйіршіктер бөлініп шығады. Бірақ жүн сабау үйдің ішінде жүргізілетіндіктен шаң-тозаңнан түгелдей тазармайды. Кейде жел жоқ, күн тымық кезінде жүнді ашық далада да сабай береді.

Жіп иіру. Жіпті иіру үшін жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң қолмен майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-қыбыр, шөп-шаламнан тазарып, ұйысқаны жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады.

Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей отырып жеңіл- желпі домалаққа төгеді. Домалақтың ортасында әдейі ызған баудан немесе кез- келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортан саусағына іліп алады. Бұл ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап, оны биік жерге іліп қою үшін де өте қажет.

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі - ұршық. Екіншісі - аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі - шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі - шүйкені жоғары іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыпырғылай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді.

Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырып отырады.

Жүнді бояу. Халықтың күнделікті тұрмыс тәжірибесінен бояу ретінде ашудас, қына, томар шөп пайдаланғаны белгілі. Қазіргі жеңіл өнеркәсіптің өркендеп дамыған тұсында сан алуан химиялық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерлердің жұмысын едәуір жеңілдетті. Осылардың ішінде жүн бояуға арналған түрлерін ғана аса сақтықпен пайдалана білу де шеберлік.

8-10 литр суды қатты қайнатып, 1литрге 15 грамм есебімен бөлек ыдыста әбден ерітілген бояуды құйып араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса теңбілденіп, жүнге біркелкі сіңбейді. Сондықтан бояу ерітілген ыдыстың эмаль немесе шыны болған жөн. Сонда ыдыс кенересінен немесе түбінен әлдеқалай ерімей қалған бояу түйіршігін оңай байқауға болады.

Қазанның қақпағын жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен немесе ожаумен батыстырып отырған дұрыс (жүн салмастан бұрын 1 литр суға 1 шай қасық көлемінде сірке суы құйылады) . Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазанның түбіне жабысып қалады.

Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Ара-тұра жүнді қалақпен аударыстырып қойған жөн.

Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылады, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн суы сорықтырылып, эмальді табаққа түсіріліп алынады. Бетін қақпақпен жауып, үстін ауыр нәрсемен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін жүн керілген жіпке немесе ағаш ерденеге жайылып, көлеңке жерде кептіріледі.

Қазанды әбден жуып, бояудан тазартады. Ол үшін құйылған суды екі-үш рет ауыстырып, қайнатып төгеді. Сонан соң ғана басқа түске боялатын жүнді бояуға кірісуге болады.


Қазақ қолөнерінде жүннен, киізден, жіптен өндірілетін басты-басты бұйымдарға мыналар жатады:

абылайша

адырна

айыл

айырқалпақ

ақ орда

ақ қалпақ

ақ мауыты

алаша

алшалғы

алжапқыш

алқа

арқан

арқау

асмалдық

аяқ бау

аяққап

байпақ

балақ бау

барша

белбеу

белдемше

белдеу

бет киіз

бет перде

бидайлық

биялай

боқша

бөкебай

бөрік

бөстек

бұғалық

бұйда

бұйра

бұршақ

бүлдіргі

далбай

дастархан

делбе

дорба

доғара

дөдеге

елек

жабағы

жабу

жайма

жайнамаз

жаялық

жалбағай

жамылғы

жастық

жейде

желкен

желқом

желі

желінқап

жеңсе

жер жастық

жиек жіп

жолақ

жаламай

жолым үй

жіп

жіп - шулар

зер жіптер

кебежеқап

кебенек

кебін

кебіс

кежім

келеб

кемер

кенере

кепе

кер айыл

кереге қап

керме

керуіш

кескек жіп

кесте жіп

кеуде көйлек

Көген

Көрпе

күрде

күзу

күйек

күйме

күлдері

күлапара

күпі

күрке

киіз

киіз үй

кілем

қалауыш

қамқа

қамыт

қанар

қанжыға

қарғы

көк кіреуке

көмкеру

көпшік

қаттама

қатырғы

қолтұзақ

қом

қоныш бау

қорамсақ

қоржын

қос

құйысқан

құлақ

құлақбау

құндақ

құр

құрық бау

құрым киіз

қыл қобыз

қылшан

қын

қынап

қырмызы

қырпу

лашық

ләмке

лыпа

мақпал

майлық-сулық

малақай

манат

маржан

масақана

мая

миәт

мұрындық

ноқта

нымша

ойма

орауыш

откиіз

өңір

өпшін

өре

өрме жіп

өрмек жіп

өрнек

талдырма

талшық жіп

тақия

тоқыма

шекпен т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүнді жіктеу және стандарттау
Меринос тұқымды қойларының биязы жүні және жартылай биязы жүні кеңінен танымал
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»
Жүн шикізатының тауартануы
Қой қырқу технологиясы
Жүн матасының ассортименті
Машинамен қой қырқудың тәсілдері
Тоқыма өнерінің маңызы
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz