Корсет өте сәнді бұйым


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Композициялық тарау
1. 1. Тақырып бойынша өткенді шолу
1. 2. Келешектік сән бағытын талдау
1. 3. Коллекцияның көркем бейнесін әзірлеу
1. 4. Материалдарды конфекциялау
1. 5. Үлгінің техникалық эскизі
1. 6. Үлгінің сырт түрінің сипаттамасы
1. 7. Компьютер графикасы арқылы үлгінің эскизін әзірлеу
2. Конструкциялық тарау
2. 1. Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу
2. 2. Конструкция сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді таңдап негіздеу
2. 3. Конструкция сызбасын құрастыру
2. 4. Модельдік ерекшеліктерін енгізу
2. 5. Бұйымның қонымдылығын макет арқылы тексеру
3. Технологиялық тарау
3. 1. Өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау
3. 2. Түйіндерді өңдеу
3. 3. Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу
4. Негізгі үлгіге конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
4. 1. Үлгінің негізгі және туынды бөлшектерін эталон лекалдарын. әзірлеп жасау
4. 2. Үлгіге кететін материалдар шығынын мөлшерлеу
4. 3. Үлгіні дайындау және конструкцияны туырлау
5. Экономикалық тарау
6. Еңбекті қорғау
7. Экология
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы киім өндірісінде әртүрлі мамандық иелері еңбек етеді, олардың ішінде суретші-сән үлгіші, конструкторлар, технологтар, киім пішушілер, тігіншілер бар. Тек бірлескен қимылдың арқасында ған жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Әр мамандық оның өзіне тән міндеттерді орындай алады әрі мамандардан белгілі бір дәрежеде білім мен біліктілікті қажетсінеді.
Тігіншілердің алдына қойылатын міндет дизайнерлер, конструкторлар мен технологтардың жасаған бұйымдарын, үлгілерін тігу болып табылады. Бірақта осы аталған мамандарды кәсіби тұрғыдан даярлау тек қана тігін бұйымдарын технологиялық өңдеу дағдыларымен шектеліп қалады деп тұжырым жасауға болмайды.
Киім адамдардың өмірде барлық жағдайларда оның түр-түрін пайдаланылатын бірінші кезектегі қажеттілігі делінеді. Киім адам денесінің 80 пайызын жауып, оны сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды, сондай-ақ адам организмінің сау болуына әсер етеді. Сонымен қатар киім өркениеттің барлық кезеңдерінде адамның сыртқы бейнесін өзгертуге жәрдемдесе отырып, белгілі бір тарихи кезеңнің талғамдық идеалына орай болмыс-бітімге сай келетін талғампаздық міндетті атқарады.
Костюм де коммуникация құралы болып табылады. Ол айналасындағыларға оны киген адамның қай ұлт екендігін, оның қандай мамандық иесіне жататындығы мен әлеуметтік жағдайын айқындап береді. Адамды киіміне қарап оның мінез-құлқын, ерік-жігерін, көркемдік талғамын білу қиын емес.
Тұтастай алғанда, белгілі бір тарихи кезеңнің костюмі тек жекелеген адам туралы ғана емес, бүкіл сол дәуірдің тыныс-тіршілігінен хабар береді. Адамзат қоғамының әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі дамуы жөніндегі көптеген мәліметтерге ғалымдар материалдық мәдениеттің пәндерін, оның ішінде бірінші кезекте костюмді зерттеу мен талдау арқылы қол жеткізеді.
Археологиялық қазбалардың нәтижесіне қарағанда киімнің ең қарапайым деген түрлері кейінгі полеолит дәуірінің өзінде-ақ пайда болғандығын дәлелдейді. Ғалымдар мен археологтардың тапқан ежелгі адамдардың тұрмыс заттары ішінде жануарлардың терілерін өңдеуге арналған тас қырғыштар мен сүйектен жасалған тігетін инелер бар.
Киімді дайындауға бастапқы материалдар ретінде шөп, өсімдік жапырақтары, тіпті ағаш қабықтары тәрізді қолда бардың бәрі дерлік қолданылды.
Кейінірек адам аң аулайтын дәрежеге жеткен кезде, ол өзінің жапқышын өлтірілген жануар мен ауланған балықтың терілерінен жасайтын болған. Тіпті бұл орайда бас киіммен қамтамасыз етуде «ғажайып» шикізаттар, атап айтқанда, жарылып аршылған асқабақ, кокос жаңғақтарының қабығы, тасбақаның сауыты және т. б. қолданылған.
Сөйтіп, полеолит дәуірінің адамдары табиғаттың өзі берген әрі көп өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдалана алған екен. Әрине, ондай киімдер тым қарапайым еді, сондай-ақ оған қарап адамның қай жынысқа жататындығын, қандай әлеуметтік топқа екендігін айыруға болмайтын. Адамзат өркениетінің осы бір даму сатысында костюм адамның денесін сыртқы ортаның оған тигізетін әртүрлі қауіп-қатерінен қорғайтын қорғаныш рөлін ғана атқарды.
Киім түрлерінің дамуындағы елеулі талпынысты адамзат неолит дәуірінде аяқтады. Міне, тап осы кезде жіп иіру мен тоқу, яғни тоқыма мен мата өндірісі пайда болды. Бұл орайда бастапқы кезде адамдар жабайы өсімдіктер талшықтарын пайдалануды үйренді.
Одан кейінгі кезеңде отырықшы мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына көшу мата тоқуды жетілдіруге әсер етті. Олар енді қой, ешкі тәрізді үй жануарларының жүндерін шикізат ретінде қолданылатын болды. Сонымен қатар зығыр, сора, мақта тәрізді мәдени өсімдіктерді пайдаланды. Мата біртіндеп киім тігетін басты материалға айнала бастады.
Ежелгі тігінші қоршаған табиғаттың сұлулығын өзінің костюміне салуға тырысты, ендігі жерде ол киімді қалай болса солай дайындамай, оны мейілінше әсемдікпен безендіретін болды.
Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде діни сенім пайда бола бастады, яғни адамдар өздерінің тағдырын қандайда бір күштің бағындырады деп білді. Қайырымды күштердің назарын өзіне аудару және бәле-жаладан қорғану үшін адамдар діни заттарды және тұрмыс заттарын, оның ішінде киімдерді, арнайы магиялық әшекейлермен безендірді.
Әшекейдің суреттері мен оның костюмде орналасуы дәстүрге нақты түрде негізделді әрі мистикалық терең мағынасы болды. Сонымен киім өзіндік бәле-жаладан сақтаушыға да айналды. Бұл оның екінші, яғни діни-мистикалық міндетін айқындап берді. Сән-үлгіші - киім үлгісін, бұйымдардың үлгі даналарын жасайтын маман. Адамзат қоғамының барысында костюмнің эволюциясына байланысты маңызды ұғымдардың бірі «стиль «ұғымы, сәндік стиль, дәуір стилі, тарихи костюм стилі, сән-үлгіші стилі.
«Стиль» ұғымымен «стилдендіру» ұғымы өзара байланысты, бұл өнердің жаңа туындыларын жасаудағы көркемдік тәсіл. Стильдендіру - белгілі бір стильдің тұрақты белгілері мен жаңа, ерекше бейнелі жүйелерін соған орай пайдалануға ұмтылыс. Стильдендіру прототиптермен, оның ішінде пішіндерді көшірумен еркін түрде алмаса алады, бірақ бастапқы стильмен байланысты сақтау кезінде шығармашылық бастау әрқашанда белгілі болып тұрады. Стильдендіру көркемдік тәсіл ретінде сән үлгілері өнерінде жаңа пішіндер мен үлгілердің пайда болуы көзіне айналады. Қазіргі заманғы дизайнда стильдендіру өзінің мән-мағынасын, әсіресе, егер әңгіме өнімдерді көпшілік тұтыну үшін жасалатын өнімдерге бағытталған коммерциялық дизайн туралы болса, сақтайтын болады.
Дизайн-стиль техникалық прогресті эстетикалық игеру нәтижесін, материалды өнеркәсіптік меңгеру жетістігін көрсетеді. Дизайн-стиль заттардың бейнесін ғана өзгертуге қабілетті жаңа материалдармен және технологтармен байланысты ғана емес, сонымен қатар зат пен адамның өзара үйлесіміне әсер ете отырып, адам өміріне жаңа серпін береді.
Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпалымен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгеніне анық көз жеткізер едік. Оған дәлел ретінде қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерін андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратанымызды айтсақ та жеткілікті. Неолит және қола дәуірінен бізге белгілі «ұлу» өрнегі қоғам таптық қатынастарға бөліне бастаған кезде пайда болған деген болжам жасалады. Бұл өрнектің элементі бірқатар тайпалардың нышандық таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарға космогониялық, геометриялық өрнектерді, сондай-ақ жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың нақты әрі мифтік суреттерін бейнелеген. Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктеррі сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белігілерімен, ұлтық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыстық кәсіптері саятшылық болғаны мәлім, оның көріністерін Қаратау жақпарларынан көруге болады. Онда барыс және т. б. хайуанаттардың, түйенің бейнелері, жаяу адамдар мен қолына садақ алған аңшылардың суреттері салынған. Бұл суреттер жартастарға нүкте жасау техникасымен, яғни тастың бетін ұра отырып нүкте арқылы бейнелеу өнері жүзеге асырылған. Ондай өнер сақ заманынан жалғасып келеді.
Геродот, Ктесий, Страдон тәрізді ірі ғалымдардың айтуынша, сақтар мен массагеттердің өздеріне тән ерекшеліктері болған. Олардың бөріктерінің төбесі үшкір болып, ерте заманның өзінде етікті былғарыдан тіктірген, ал сырт киімдеріне ою-өрнектің орнына аңның, құстың шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан.
Геродоттың жазуы бойынша, сақтар найзалары мен садақтарының ұштарын, қылыштарын, бас киімдері мен жалпақ белбеулерін алтын мен мыстан жасаған.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан табылған алтыннан, қоладан, ағаштан, теріден жасалған қолөнер туындылары мен зергерлік бұйымдарда, яғни ежелгі қолөнер ескерткіштерінің барлығында дерлік ою-өрнек бейнеленген. Көне дәуірдегі шеберлер аңның қиялдағы немесе шынайы бейнелерінен алуан түрлі мүсін жасаған. Жануарлар мен аңдар, құстар бейнеленген мүсіндерді немесе қолөнер туындыларын скифтердің «аң стиліне» жатқызуға болады.
1. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. АҢ СТИЛІ
Бейнелеу өнері тек скифтерде ғана кеңінен таралған десек, бұл мүлдем дұрыс болмас еді. Қайта оның бәрі басқаша деп айтуға негіздер де жеткілікті. Осындай жазу-сызуы жоқ халықтың ауыз әдебиеті бай әрі мықты дамыған. Қиырдағы далалық қоныстар мен патша ордаларында, егін шаруашылығымен айналысатын отырықшы скифтердің елді мекендерінде тойлау кезінде, соғыс болған жерлерде ұрыс алдында оңтүстіктің қараңғы түнінде скифтердің шежіресі туралы, құдайлар, патшалар, батырлар туралы жырлар, махаббат, адалдық пен ерлік туралы, достық жөніндегі аңыздар айтылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Олар скифтердің ру басы болған бірінші адам туралы, оның үш ұлы туралы, оның кенжесі Қалақсай патша әулетінің негізі қалаушы болғаны жөнінде, бағзы заманда аспаннан түскен алтын сый туралы, басқа да баяғының аңызға айналған оқиғалары мен ерліктер туралы әңгіме шертті. Осындай әңгімелерде кейде скиф тарихының нақты оқиғалары өзек болды, оған мысал ретінде скиф патшасымен бағындырылған тайпалардың көтерілісті, Дарийдің шапқыншылығы немесе сарматтармен болған соғысты айтуға болады. Бірақта скифтің батырлар жырынан бізге тек үзінділері ғана жетті, оның өзі гректің шежірешілерімен бұрмаланған. Тек бізге дейін қорған төбелердің астында жатқан табыттарда екі жарым мың жылдай сақталған заттар ғана жеткен.
Скифтер бейнелеу өнерінің әр алуан түрлерін білген. Олар тастан антропоморфтық құлпытас ойып, құдайлар мен адамдарды алтын мен қоладан бейнелемекші болды. Кейінірек олар өздерінің қабір үстіндегі сағаналарының қабырғаларына жазып, патшалардың бедер-бейнесін салды. Дейтұрғанмен скиф өнерінің ерекше даңқы мен атағын шығарған адамдардың бейнесі емес, өзіндік қолтаңбамен салынған хайуанаттар суреттері еді, оны ғылымда «аң стилі» деп атайды.
Аяғын бүгіп, мойнын ілгері созып, басын шалқақ ұстаған, денесі ширыққан бұғы бейнесі оның ширақ қозғалысын бейнелейді (1-сурет)
Ілбісін басын төмен салып, азу тісін ақситып, қарғуға дайын тұр, қасқыр ұзын құлағын желкесіне қарай жылмитып, жыртқыштығын көрсетіп, басын ілгері қарай созған күйі іші қабысып, бұратылып, доғадай иіледі (2-сурет)
Үлкен көзді, қуатты имек тұмсықты, кеудесі шағын жыртқыш құс. Грифон - арыстан денелі, қанаты бар және бүркіт басты фантастикалық хайуанат. Бұғының арқасына қарғып, оның денесін жұлмалап жатқан арыстан. Қозының денесіне тырнағын батырып, оның тамағын өзінің өткір тұмсығымен кескілеген бүркіт (3-сурет)
Арқарды талап жатқан қанатты барыс. Үлкейтіліп салынған аттың тұяғы, бүркіттің тырнағы, бұғының құлағы (4-сурет)
Міне, осының бәрі және мыңдаған өзге де осындай бейнелердің бәрі жиналып келгенде скифтік аң стилі деп аталады. Оның ерекшелігі жануарлардың жекелеген түрлерін немесе жануар денесінің белгілі бір бөлігін қалыпты, дәстүрлі көріністе іс жүзінде қолдану аясында сюжетке желі етеді, бұл орайда айырықша мәнер оның жиынтық бейнесіне тән болады, жануардың ең типтік деген қасиеттерін нақты және қиял-ғажайып тұрғыдан бір образға жинақтауға мән беріледі. Скифтердің аң стиліне лайықты жануарларының ішінде жыртқыштарда, шөп қоректі жануарлар да, құстар да бар, бірақ тұтастай алғанда, ол саны жағынан шектеулі болды. Күшті, мейірімсіз, алғыр, жармасқыш, қайсар, шапшаң қимылдағыш, тез жүгіргіш, биікке қарғығыш, жойқын соққы беретін, көзі өткір, нәзік иіс сезгіш қасиеттері бар аңдарға мейілінше көп көңіл бөлінді. Жыртқыштардың ішінен ілбісін, сілеусін немесе барыс (5-сурет), ішінара арыстан бейнелерін салуға ерекше ден қойылды. Ал аю мен қасқырды бейнелеу сирек кездесті. Шөп қоректі жануарлардың ішінен көбінен-көп бұғы мен бұлан бейнелері ұнаса, ал арқар, қабан, қоян, жылқы және қой (6-сурет) сиректеу салынды, ал бұқаны бейнелеу мүлдем сирек деуге болады. Құстардың арасынан бүркітке айырықша мән берілді. Қиял-ғажайып жануарлар ішінен скифтік жануарға бүркіт басты және арыстан басты грифон мен айдаһар бейнелері жатады. Сонымен қатар олар грифонды қой мүсінімен (7-сурет) бейнелеуді жиі қолданды.
Скифтік бейнелеу өнерінде кездесетін жануарлардың ұзын саны осындай болып келеді. Оның өзіндік ерекшеліктері көзге бірден түседі. Ежелгі заманда Қара теңіз жағалауындағы далалықтарда тіршілік еткен жануарларға сан жетпейтін, ал скифтер болса аңға құмар, кереметттей аңшылар еді. Аңға құмарлығы сондай, бірде Дариймен соғыс болып жатқан кезде олардың жауынгерлері мен атты әскері, жаяу әскері қарсыластарымен таяуда ғана болатын соғысты ұмытып, өздерінің арасымен қашқан қоянды қуа жөнелген. Бірақта бұл жануарлар мен аңдардың бәрі бірдей скиф шеберлерінің назарына іліне қоймаған. Сонымен қатар көшпелі скифтердің тіршілік көзі үй жануарлар бейнелерінің өзі олардың тұтынатын бұйымдарында сирек кездесті. Ал Қара теңіз жағалауын мекен етпеген, тіпті ешқашан көрмеген немесе көрсе де сирек көрген арыстан мен ілбісін тәрізді аңдарды бейнелеуді ұнатты.
Сонда оның сыры неде? Мәселе скиф шеберлерінің тек күшті әрі алғыр хайуандарды ұнатқанында емес екендігі белгілі. Өйткені, аю мен қасқыр да күш жағынан ілбісіннен кем түспейді, бірақта оларды скифтер ілбісінмен теңестіре алмайды. Осындай қарама-қайшылықты мәселелерінің мәніне үңілу үшін алдымен аң стилінің шығу түбіне көңіл бөлген жөн. Бірақта бұл туралы әңгіме ұзағырақ болады.
Аңдарды бейнелеу скифтер үшін ешқашанда қара бастың қамы болмаған. Аңдар суреттердің де, фреска кескіндемесінің де кейіпкерлері болған емес. Бейнелеу өнерінің бұл түрлері скифтерде біздің заманымызға дейінгі ғасырлар аяқ шенінде ғана, яғни аң стилі өзінің болмысын тоқтатқан кезде пайда болған тәрізді. Бір қарағанда аң стилі тек қана құр тәжірибе-қолөнер, тек сәндік сипат алатындай болып көрінеді. Бейнелердің өзі қатаң түрде қырынан қараған болып келетіндігі, үш өлшемді түрде кездесетіндігі белгілі, бірақта сирек кездеседі. Хайуанаттар бейнелерінің бәрі де оның қандай материалдан немесе қандай тәсілмен дайындалғанына қарамастан заттары құр тәжірибе ретінде, сондай-ақ салтанатты мақсатқа орай да әсемдеу болып табылады.
Бұл алдымен ер адамдардың күнделікті қолданатын заттары - қару, ат әбзелдері, қасиетті және әлеуметтік-діни мақсаттағы заттар, киімдер. Аң стилінде бейнелеу қылыштардың сабы мен жүздеріне, қалқандарға, қорамсақтарға, айбалталарға салынды. Оның өзі ат әбзелдерінің, атап айтқанда, жүген кекілдірігінің, ноқтаның, жүген сағалығы қайыстарының, ауыздық тоғаларының, салпыншақтардың ажырамас бөлшегіне айналды, екі аяқты күйме арбалар қоламен әшекейленді. Айыл тоғалары мен киімнің ілгектері де көбіне-көп аң стилімен безендірілді. Арнайы металл қаңылтырларға әртүрлі хайуанаттардың суреті бейнеленіп, оны киімдерге жапсырып тігетін болған.
Әйелдердің еңбек құралдарында, олардың киімдерінде ерлерге қарағанда аң стилі өте сирек қолданылатын болды. Кейін бұл оған да енді. Әйелдердің түйреуіш, айна және өзге заттарында аталған стиль кездеседі.
Азды-көпті тұрақты кездесетін аң стилінде скифтердің эстетикалық идеалы ап-айқын көрініс береді. Сұлулық скифтер үшін қара бастың қамы да, абсолют те емес. Тірлік пен жеңіске барынша көмектесетін нәрсе ғана әдемі болады.
Скифтің аң стилінің ерекшелігі оның озық үлгілерінен байқалады. Күні бүгінге дейін скиф өнерінің ең таңғажайып шығармаларының бірі Кубаньдағы Кострома станицасы маңындағы қорғандардың бірінен табылған алтын бұғы болып табылады.
Бұғы дәлме-дәл қырынан бейнеленген, тек бауырына жинаған өткір тұяқты бір алдыңғы аяғы және бір артқы аяғы көрінеді. Бұғының ұзын мойыны ілгері созылып, ал басы алға қарай қозғалысты немесе қозғалысқа дайындықты білдіретіндей жоғары көтеріле шалқаяды. Үшкір ұзын құлақтары мойынына жабыса түскен. Сонымен қатар мүйізінің ұзындығы әдейі ұзартылған. Оның өзі өте мықты стилдендірілген, шын мәнінде жануардың жонымен жүргізілген 5-бейнелі бұйралау әшекейлі безендіруге айналдырған (8-сурет) .
СКИФТЕР КИІМІ. Скифтер осыдан екі жарым мың жылдай бұрынғы дәуірде өмір сүрген. Скифтердің шыққан тегі туралы тіпті Геродот заманында да мәліметтер аз болды. Скиф тарихының шатыстырылған пролемасының түйінін шешуге археология көмектесті. Скиф тарихына осыншама мән беру кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, олар адамзат тарихында өте терең із қалдырған, бұл халықтың тағдыры да ойландырмай қоймайды. Скифтерді ұзақ уақыт бойы шығыс славяндардың арғы тегінің бір тармағынан шықты деп келді, олардың өмірлері ғажайып әрі өзіндік ерекшеліктерге толы болды.
Қазба жұмыстарын жүргізген кезде ғалымдар патша қорғандары деп аталатын скиф ақсүйектерінің жерленген қабірлеріне зерттеу жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде табылған скиф патшаларының қазыналары, скиф пен грек өнерлерінің атақты туындылары ғалымдарды да, қалың жұртшылықты да таңғалдырды.
Қорғандардағы скиф қабірлерінің негізінен б. з. дейінгі ІҮ ғасырға жататындығын және скифтердің Дунайдан Донға дейінгі, Солтүстік Қара теңіз далалық өңірлерінде, Солтүстік Қырымда қоныстанғанын қазба жұмыстары дәлелдеп берді. Б. з. дейінгі ІҮ ғасыр басында Скиф патшалығы дамып, гүлдене түсті.
Скиф өнерінің ең негізгі қуаты мен мақтанышы ғылымда «аң стилі» деп аталатын өзіндік мәнермен жасалған жануарлар бейнелері болып табылады. Оның басты ерекшеліктеріне жануарды немесе жекелеген дене мүшелерін бейнелеу, айырықша стилистикалық мәнер жатады, оған образдарды жинақтау, жануардың ең типті қасиеттерін бере білу, бір образда нақты әрі фантастикалық қырларды үйлестіру тән. Жануарлардың барлық бейнелері күнделікті тұрмыста да, сән-салтанатта да қолданылатын заттарды әшекейлеуге қолданылды. Мұндай заттарға бірінші кезекте ер адамдардың қолданылатын заттары (қару-жарақ, ат әбзелдері), әлеуметтік-мәдени мақсатқа пайдаланылатын заттар, киімге арналған тоғалар мен ілгектер қатысты болды.
Таптар пайда болған кезден бастап-ақ билік әрқашанда сыртқы нышандарға мән берді, ол атап айтқанда, тұтынатын, киетін заттарын айырықша әшекейлеу, шаш қою үлгісі, киім еді. Скифтерде аң стилі тап осындай міндеттерді атқарса керек. Сондай-ақ бойтұмар ретінде таққан аң стиліне жататын заттар оның иесін қорғайды, оған күш-қуат беріп, жауының бетін қайтаруға көмектеседі деп сенді.
Қазба кезінде табылған ыдыстарда, табақтарда, қаңылтырларда, тоғаларда және т. б. салынған суреттерге қарағанда ол кезде костюмнің (оның эелементтері, кию үлгілері) туралы білуге болады, олардың киім киісін, шаш қоюын, қару-жарағын сол заманның шеберлері әрбір детальдеріне дейін дәлдікпен бейнелей білген.
Киім тігуге қажетті материалдардың тапшылығы, аң аулау және мал шаруашылығымен айналысу, қатаң климат, осының бәрі сайып келгенде, киімнің бір сипатты болып келуіне әсер етті, бұл пікірді Гиппократ «бұл елдің тұрғындары түрлері жағынан бір-біріне қатты ұқсайды, қыста да, жазда да киетіндері киімнің бір түрі» деген сөзі дәлелдей түседі. Әдетте киім аң терілерінен мамықтары ішіне қарата тігілді, жүн және киіз материалдарымен қоса зығырдан, сорадан, кендірден дайындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz