Хан тағының қалыптасу кезеңдері


Хан тағы
Мазмұны
КІРІСПЕ2
1. Хан тағының қалыптасу кезеңдері10
Хан тағының этнодизайнда алған ролі мен маңызы. 24
Хан тағының тарихи кезеңдердегі құрылымдық мазмұны. 28
Тұжырым32
2. Хан тағының жасалу технологиясы34
Хан тағын орындаудағы жобалық эскиздер. 34
Хан тағын жасаудағы технологиялық ерекшеліктер37
Тұжырым. 39
Қорытынды39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 42
КІРІСПЕ
Қазақ халқының қол өнерінде кең тараған түрлерінің бірі, ағаштан, тастан және сүйектен ою түрлері. Солардың ішінде, ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Үй бұйымдарының ішінде жиһаздың дамуы қилы тарихи дәуірлердегі адамдардың талғамы мен талаптарынан анықталады. Жиһаз пішіндері өз кезегінде сол дәуірдегі қоғамның өмірлік және идеологиялық жайын, мәдени деңгейін, жиһаз өндірісіне байланысты көркемдік кәсіптің даму деңгейін көрсете алады. Осыдан біз, жиһаз түрлерін жақсы зерттеу үшін, белгілі мөлшерде жалпы тарихтан хабардар болу қажет деп тұжырымдай аламыз.
Көптеген тарихи дерекнамалардан өнер мен мәдениеттің даму ортасы патша ордалары екенін байқаймыз. Бұл ордаларға барлық ғылым саласының шеберлері көңіл аударып отырған, тіпті, қандай да болмасын, орындалуына басқа елдерден болсын шеберлер шақыртып арнайы тапсырыстар беретін болған. Осындай тарихи-мәдени жағдай қазақ тарихында да болғаны даусыз деп түсіну керек.
Хан сарайында ұлттық жиһаздың барлық түрлері қолданылған десек қателеспейміз. Тұрмыстық жиһазды функционалдық нышандарға бөлетін болсақ: кебеже, сандық, асадал сақтауға арналған, ал, төсек ағаш отыруға, дем алуға арналған болып бөлінеді. Солардың ішінде, хан сарайында саяси ішкі, сыртқы істерді жүргізуде және салтанат шараларында қолданылған ''Хан тағының'' маңыздылығы, ролі, мазмұндық сипаты, технологиясы төлтума өнер ретінде қарастырылуда.
Өнер ұлттық жасампаздығын жүзеге асырудан емес, жаңалық туғызудан тұруы керек. Бүгінгі таңда ''стильді жиһаз'' деп аталып жүрген қазіргі бұйымдардың тарихи стильдердің шынайы пішінімен ешқандай жақындығы жоқ. Бұлар тек жақсы көшірілген бөлек элементтердің ойша комбинациясы, ондай жиһаз ешқашан, ешқандай стильге қатысы болмайды. Белгілі бір тарихи кезеңдердің хан тағымен таныса отырып, біз оның дамуынан хабар аламыз. Тақ стильдерінің даму тарихын танып білу сол стильдердің құнсыз иммитацияларының стимулына апармауы қажет. Тақ бізге оның иесінің талғамы жайлы да білдіреді. Тақтың пішінінде адамның бейімі, көңілі, ойы мен талабы, неше түрлі дәуірдің, моральдың және дәстүрдің ерекшеліктері көрініс береді. Егер біз ''стиль'' деп жеке адамды, дәуірді немесе халықты тұрпаттау тәсілінің белгілі ерекшеліктерін түсінсек, онда ''Хан тағы'' сол бір дәуірлердің жабдығы болу арқылы белгілі бір стилі болып көріне алады. Бұл ретте жиһаз тарихын зерттеу аса маңызды, өйткені ол әртүрлі тарихи дәуірдегі адамзат қызметінің нәтижесі болып саналады және мәдениет дамуының тарихи кезеңдері жайлы айтып бере алады.
Алайда, қазақ халқының көне дәуірден қалған жиһаз үлгілерінің осы күнге шейін сақталмағаны, археологиялық қазбалардан табылмағаны олардың пішіндерінің дамуын зерттеуге қиындық туғызып отыр. Өйткені, адамның қолымен жасалатын заттардың бірі болып саналатын жиһаз, ұзақ сақталмайтын заттарға жатады. Сондай-ақ, бұл мәселеге дәлел бола алатын себептер көп. Мысалы, қазақ халқының кең байтақ жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетіндегі, сырттан келген революцияға дейінгі қол өнердің дамуына, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірі, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі т. б. көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ал, мұражайларда сақталған жиһаз үлгілірі көбіне сәтті жағдайлардан, не болмаса дәулетті адамдардың қол астында жақсы күтімде болғаннан деп тұжырымдауға болады.
Бірақ, соған қарамастан мұражайларымыздағы жиһаз үлгілері XV-XVІ ғғ-дан бергі кезеңдерден тақырыбымызға байланысты мәліметттер бере алады. Қазақ халқының қолөнері, оның ішінде жиһаз өнері қазан төңкерісіне дейін арнайы сала болып зерттелмегенімен Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихи өнері бойынша жазылған Фазаллах Рузбихан, Шарафад-дин Али Иезди, (XV-XVІ ғғ), XVІІІ ғасырлардан И. Г. Андреев, О. Пешель, И. П. Фальк, П. С. Паллас, И. Георги, Ш. Уәлиханов, Б. Залесский, Б. А. Федченко, А. И. Якоби, сондай-ақ П. Медведский, В. В. Лотин, П. Е. Маковецкий, А. И. Харузин, А. К. Гейнс, Э. Масанов зерттеулерінде қазақ жиһаздары жайлы біршама пікірлер айтылған.
Қазан төңкерісінен кейін бірқатар тарихшы, этнограф, архиолог, филолог, өнертанушы ғалымдардың еңбектеріне қазақ қолөнерін тарихи этнографиялық тұрғысында сипаттайтын Ә. Тәжімұратов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Қ. Арғынбаевтардың монографиялық еңбектерін, Қ. Мұқановтың құрастырған кітабын жатқызуға болады.
Бұл аталған еңбектерде жиһаз үлгілері сәндік қолданбалы өнердің құрамында қарастырылған. Алайда, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаевтардың монографиялық еңбектерінен ұлттық жиһаздың түрлерінің мазмұндық сипатынан технологиясынан хабар ала отырып X-XVІ ғғ- ғы хан тақтарына мөлшерлі сипат бера аламыз. Ежелгі ұлттық жиһаз өнерінен жазба деректердің жоқтығы хан тағының дамуы тарихынан мәлімет алуға қиындық туғызып отыр. Сондықтан, хан тағын терең зерттеу қомақты және қиын жұмысқа айналуда.
Хан тағының даму тарихы және технологиясы жайлы бұрын-соңды объекті болып зерттелмеген. Аталған тақырыпқа жақын мәліметтерді шетелдік және ТМД елдері ғалымдарының кейбір өнертанымдық жұмыстарынан кездестіруге болады. Атап айтқанда, Д. Кес, Н. Н. Соболев, Т. М. Соколова, Т. В. Раппе, З. П. Попова, К. А. Орлова, Х. Крайзель, П. Верле, Р. Верле, Р. Эдвардс және т. Б. Солардың ішінде жиһаз ескерткіштеріне композициялық және сындарлы талдау жасалған публикациялар ерекше көңіл аударатын материалдар болып келеді. Жиһаз өнерінің дамуына салыстырмалы талдау жасауда ежелгі тарихтан басталатын Д. Кестің, Н. Н. Соболевтің еңбектері Еуразия елдерінің тақтарынан көптеген мәліметтер береді.
Алайда, бұл еңбектерінде «тақ» жеке тақырып болып қаралмағаны байқалады. Сонымен қатар тақтың, ұлттық мазмұнына, яғни, «хан тағының» мазмұндық сипатына аса көңіл аударылмаған.
Диссертацияның мақсаты «Хан тағын» терең зерттеуге қиыншылық туғызып отырған мәселелерді ескере отырып, Еуразия елдерінің тақтарының жиһаз өндірісіне қалай әсер еткенін және даму тарихына талдау жасау. Сол талдаулар арқылы жиһаз өнеріміздегі тақтың маңыздылығы мен мәнін, ролін анықтау. Тақ пен иесінің өмірінің, идеологиясының бейнесіндегі қатынасты анықтау. Қысқасы, маңызды болып отырған мақсатымыз - «Хан тағының» бойынан қазақ жиһаз өнерінің таза дәстүрінің шынайы маңыздылығын көре біліп және оны ашып көрсету.
Осы мақсатқа байланысты зерттеуге келесі міндеттер тіркеліп отыр.
- қазақ хан тағының ежелгі дәуірлерден бастап қазақтың соңғы ханына дейінгі даму кезеңдерін зерттеу.
- басқа елдің тақтарынан ерекшеліктерін анықтау.
- этнодизайнда алатын ролін және мәнін, мазмұндық сипатын, жасалу технологиясын анықтау.
Тақырыбымыздың бұрын-соңды объекті болып зерттелмей келгені, жүргізіліп отырған зерттеуімізге кейбір шектеулер қоюға әкеледі. Бұл шектеуге тақты қайта жаңғырту мәселесі де кіргізіліп отыр. Сондықтан, ең алдыменен басты мәселе «Хан тағы» жобасының мақсаты мен жасалу технологиясы болып саналады.
Аталған шектеулердің бірі болып отырған қайта жаңғырту мәселесінің басқа елдердегі осы мәселені зерттеген еңбектері, тақырыбымыздың зерттелуіне арқау болған басылымдардың қатарына кіреді. Тақырыбымызға байланысты Қазақстандық басылымдардың жоқтың қасы болып отырғандығы, және т. с. с. жетіспеушіліктер еліміздегі мұражайлардағы ұлттық жиһаз үлгілерін арқау етіп, «Хан тағын» жобалаудың кейбір жағдайларында қолданысқа алынады. Сонымен қатар басқа елдердегі сақталған тақтың немесе соған жақын жиһаз үлгілірінің суреттері және фото иллюстрациялары дерек ретінде қолданылады.
Зерттеу жұмысымыздың барысында комплекстік тәсіл қолданылады, ол, қарастырылып отырған мәселеміздің спецификасына және деңгейіне маңыз береді. Кейбір міндеттерді шешуге бірнеше тәсілдер қолданылды, атап айтқанда; еліміздегі мұражайлардағы ұлттық жиһаз үлгілірін арнайы қарастыру, салыстармалы және сындарлы анализдер жасау және басқа елдердің тақ үлгілерімен салыстыру, Шығыс және батыс миниатюраларын қолдану және т. б. салыстырмалы және сындарлы түрдегі тәсілді қолданылғанда әртүрлі өнер салаларының ескерткіштері қарастырылды, солардың ішінде, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін, керамика және т. б. мұндай тәсіл жиһаз спецификасын міндетті түрде есепке алғанда қарастырылып отырған кейбір сұрақтарға батыл тоқталуға көмек береді, және қойылған міндеттерді шешу жолдарын нақтылауға ықпал етеді.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы, бұрын-соңды зерттелмеген және арнайы зерттеу объектісі болмаған мәселелерге көңіл аудартудан тұрады. Қорғауға келесі талаптар кіреді;
- Хан тағын жасау технологиясының жалпы мінездемесі.
- Хан тағын жобалаудағы мақсаты мен міндетін анықтау.
- Хан тағын жобалаудың қазіргі мазмұндық сипатына дәстүрдегі мазмұндық сипатының әсерінің мінездемесі.
Жүргізілген зерттеу жұмысы ұлттық жиһаз үлгілірінің дамуына белгілі түрде ықпалын тигізеді. Зерттеуде алынған нәтижелер ескерткіштерді және олардың атрибуцияларын бағалау тәсілін жетілдіреді, ұлттық жиһаз өнерінің жетілуіне және реттелуіне жалпы себепкер болуы, сонымен қатар практикалық мақсаттарының ой мақсатына бастау болуы мүмкін. Диссертация материалдары, сондай-ақ, жиһазшы реставраторларды дайындауға қолданылуы мүмкін.
Диссертация басты 2 бөлімнен және қорытындыдан тұрады, 1 ші бөлім тарихи салыстырмалы анализдер, 2-ші бөлім практикалық жақтары, әр бөлімнен кейін тұжырымдар келтірілген, қорытындыдан соң қосымша және қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. Хан тағының қалыптасу кезеңдері
Жиһаз тарихында отыратын жиһаз қоғамының элитасында ерекше артықшылықтары болып көбірек пайдаланады. Патша тақтарының отыратын демалатын жиһаздыңдамуына өзіндік әсерін тигізеді. Үнді, Таяу және Қиыр Шығыс, сонымен қатар көшпелі елдерде жерде отыру әдеттерінен өте сирек жағдайларда ажырайтындықтан патша, корольдері тақты өте сирек, атаулы жағдайларда қолданды. Тіпті жиһаз үстінде отырғанның өзінде жерде отырғандай аяқтарын айқастырып «малдас» құрып отырған.
Осындай сирек қолданыстан және жиһаздың көбіне ағаштан жасалуы себептерінен Қазақстан аймағында болған хандықтардан «хан тағының» ескерткіштері осы күнге шейін сақталмады және де археологиялық қазбалардан да әзірге кездеспеді. Бұл кедергілер тақырыптың терең зерттелуіне үлкен қиындық туғызды.
Сол себептен тарихымыздағы хандықтарда қолданылған «тақтарды» анықтау үшін, сол хандықтар кезеңдерінде көрші мемлекеттермен қарым-қатынастағы өнерге әсерін және архиологиялық, сәулеттік ескерткіштердің жөн көрдік.
Сондай археологиялық ескерткіштерден үлкен көлемді (4, 5х6, 5 м) киіз үйдің үздігіне ұқсаған киіз полотнодағы қасиетті өмір ағашын ұстап отырған бейне (М. П. Грязновта - ол қүдай ана, Ә. Марғұланда - басқарушы бақсы) Бейнеленген суретте отырған орындығы Месопотамия патшаларының тақтарына ұқсайды.
Пазырық қорғаны Шығыс Қазақстан және Алтайдағы белгілі, аты шыққан Шілікті, Қотанды, Берел, Шибо сияқты қорғандардың қатарына кіреді.
Зерттеушілердің анықтағанындай Қазақстанды қосқанда Орта Азияда, Алтайда және Оңтүстік Сібірде ежелде өзара тығыз байланысқан ортақ мәдениеті болған және ұзақ ғасырлар бойы қатынастарын үзбеген туыстас тайпалар мекен еткен. Бұл байланыс аталған аймақтарда зерттелген б. д. д. VІІ-ІV ғ. ғ-ға жататын ескерткіштерге негізделеді. Ол уақыттарда кең байтақ даланы сақтар-азиаттық скифтер мекендеген.
Алтайдағы Пазырық қорғанына тамаша ескерткіштер табылған. Соларды зерттеуді негіздеп, белгілі кеңістік археолог С. И. Руденко былай деп жазады; ‘’Таулы Алтайдың елді-мекені жылқышы болған, қазақтың киіз үйіне ұқсас үйлері болған, және антропологиялық жағынан қазақтар мен қырғыздарға жақын келеді! (Ә. Марғұлан 32 бет) .
Пазырық қорғанынан табылған ескерткіштердегі киіз бұйымдарынан тақырыбымызға негіз болған құдай ана бейнесіндегі ұстап отырған өмір ағашы қазақтың қолданбалы өнерінде өмірді жын-періден қорғауға қолданылған. Сонымен қатар, бұл қазбадан сақталған киімдер табылған; жүннен табылған, киізден тігілген киімдер - бұл киімдер қазақтың киімдерімен ұқсастық табады. Сондай ұқсастықтарға тұрмыстық заттар, мысалы, аппликацияланған тері қаптар, фляга, сұмдардың жапқыштары жатады.
Енді сол өмір ағашын ұстап отырған құдай ананың орындығының Месопотамия патшаларының тақтарына ұқсастығын анықтайық.
Тигр мен Евфрат қос өзені арасында шығыстық құл иеленуші деспоттық мемлекеттер болған. Месопотамия аймағында үшмыңжылдық тарих жолында оқтын-оқтын шумерлер, вавилондықтар, ассириялықтар және парсылар билік етті.
Ассириялық стильдің астарында ассириялық және вавилондық өнері стилінің түсінігі жатыр, дей тұрған мен жергілікті тұрғындар (б. д. д. 2250ж бері) вавилондықтар болған. Ассириялықтар ол елді тек шамасы б. д. д. 1500 ж. басып алған, вавилондықтарды бағындырып мәдениетін иеленген. Ондай жағдай ассириялықтардыңда басына келді; б. д. д. 539 ж. оларды парсылар бағындырып алды.
Тигр мен Евфрат өзені, Нилге ұқсап үлкен аймақты байлыққа кенелткен. Оның әсері үлкенцивилизацияға негіз болдды. Алып мемлекет тек Тигр мен Еврат өзенін ғана емес, сондай-ақ Алғы Азия, Сирия, тіпті аздап Мысыр шекарасына дейінде созылып жатты. Бұл жердің байлығы көрші жатқан тағы тайпаларды да қызықтырып отырған, сол себепті ол қолдан қолға көшіп отырды.
Ассир-вовилондық жиһазының мазмұны өте қарапайым. Жалпы біз одан байқайтынымыз тігінен қойылған аяқтары мен арқалықтары, көлденең бекітілген стойкалар. Аяқтары буын-буын болып өңделген, отырғышына кейде жастықтар қойған, ал, кей кездерде отырғышынан бастап арқалығынан асыра жапқыштар жапқан.
Жиһаздың бұндай өңделуін біз Пазырық қорғанынан табылған бейнедегі тақтың құрылымдық мазмұнынан байқаймыз. Ол бейнедегі тақтың суреті қарапайым миниатюралық түрде салынғандықтан анық ашып айту қиын.
Жиһаздың ассиро-вавилондық қарапайым түрі кейіннен византия және раман стилінде үлкен әсер еткен.
Шығыстықтардың тегіс ою-өрнекке құштарлығы бұл елде көбірек білінеді. Олардың ою-өрнектері қиялды аңдар, қанатты өгіздер, арыстандар, қошқардың бастары, құстар және т. с. с. болып келеді. Өсімдік және геометриялық оюлары тым стильденген. Мұндай ою-өрнектер сібірлік-скиф ''аңның стиліне'' сай.
Христиан діни кітабы Інжілде, Қосөзен бойындағы ежелгі қалалар Вавилон және Ниневия мен бірге Сеннаар немесе ''Шинеар'' жері де айтылған және ғылыми түрде дәлелденген. Алғашқы цивилизация бастау болған Сеннаар Тигр мен Евфрат қос өзенінің оңтүстік жағында орналасқан. Інжілде шумерлер ''Шинеар'' немесе ''Шумер'' деп аталады. ''Шинеар'' жеріндегісеннаарлық қалалар Ур, Эрех, Аккад, қазіргі цивилизация бесігі екені мәлім. Ал Сеннаар елі ежелден Шумерлердікі болып аталып келеді.
Шумер орталық мемлекет болып Мысырдан кейін қалыптасса да, мәдениеті қалыс қалмаған. шумерлер вавилондықтарға, гректерге, еврей және т. б. халықтарға өз ғылымдарының негізін, әлем туралы түсініктерін, техника мен туындыларын, өз поэмалары мен притгалерін, өз көркемдік стилдерімен діни танымдарын беріп кеткен.
Шумерлер атамекені архиологияның анықтамасында Месопотамияның шығысы немесе солтүстік-шығысы болып белгілінеді, ал тілдері Каспий теңізінің жағалауындағы халықтардың тілдеріне ұқсас болған деседі. Демек, шумерлер - ежелгі азиатты көшпенді тайпалар болған, яғни қос өзеннің ең көне цивилизациясын құрған, Месопотамияның жерін мекендеген көшпелілер - ежелгі скифтердің ата тегі болып саналады. (Асан Бахта ''Шумеры Скифы, казахи'') . Осы жерде Батыс Германия ғалымы Курт Вальтер Керамның ''Шумерлер - ол түркілер'' деген баламасындағы сөзін келтіруге болады; ''Шумерлердің тілдері ежелгі түркілердікіне ұқсас. Түр-бейнелері индо-европалықтарға келеді. Тауды мекен ететін, құдайларға табынып, оларға жасанды тау-зикурат жасайтын елдер, жазық жерлерде тұруы мүмкін емес. Мүмкін олар Азияның биік таулы аймақтарынан келген болар. Бұл баламаға сай келетін жайт, қос өзенде жүргізілген қазбалардан архиологтардың тапқан Шумерлердің сәлет үлгілері, тек орманды алқаптарда мекендейтін елдерде дәстүрлі қолданылатын ағаштан жасалған ғимараттар. Алайда, әлденені нақты айту қиын…!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz