ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 5
І. ҚАЗАҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ. 8
ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. 10
Ал, қазір қолмен тоқумен қатар фабрикаларда да жіптер иіріліп,
бұйымдар да арнайы станоктарда тоқылуда. 11
1.3. ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ШИ ТОҚУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 15
ІІ. ШИДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 18
2.1 ШИДІ ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ШИКІЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ, ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ. 19
2.2.ЖҮН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 21
ІІІ. ШИ ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 22
ОҚУШЫЛАРҒА ДӘСТҮРЛІ ҚОЛӨНЕРДІ МЕҢГЕРТУДЕ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНА БАҒЫТТАУ 25
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ 32
ҚОРЫТЫНДЫ. 34
ҚОСЫМША СӨЗДІК 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 36

Кіріспе

Қазіргі заманда қазақ халқының, үкіметіміздің алдына қойған неізгі
проблемаларының бірі ұлттық дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді жаңарту,
дамыту болып табылады.
Қай заманда болсын ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең
негізгі шарты – білім беру. Ұлттық мәдениет болмаса, ұлт сақталмайды, ал
мектеп ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де өмір сүруі мен дамуының
негізі болып табылады.
Жас ұрпақтың бойына халқымыздың төл мәдениетін, өнерін, салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, аталар сөзі - ақылдың көзі халық
педагогикасының өсиеттерін сіңіруді батыл қолға алу керек.
Оқушының бойына халқымыздың асыл қазыналарын сіңіре отырып,
еңбек сүйгіштікке, әсемдікке, мәдениеттілікке, парасаттылыққа, елін, жерін
сүюге, салт-дәстүрін қастерлеп, өнерін, мәдениетін бағалай білуге
тәрбиелеу негізгі міндет болып отыр.
Еңбекке баулу - жасөспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудағы орасан зор негіз болып
табылады.
Қазіргі заман талабына қарай оқушыларға еңбек сабағында
экономикалық, экологиялық, эстетикалық білім беру басты міндет болып
табылады. (2. 1-2 бет)
Жоғарыда аталып отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “ҚАЗАҚСТАН -
2030 ” бағдарламасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында “Ұлттық мәдениет
пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа,
тазалыққа үйрету адамзат қоғамда бұрын соңды жасалған мәдени
мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай
білуге тәрбиелеу жақтары қарастырылған”.Сондықтан да, кәсіби еңбек
сабағында оқушылардың шығармашылық еңбегін дамыту, еңбек дағдысын
бойына сіңіру, оны өмір қажеттілігіне пайдалану, білімділікке
бейімдеу, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жастарға
халқымыздың қолөнерін үйрету мақсатына байланысты, жоғары сынып
оқушыларына ШИ ТОҚУ ӨНЕРІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ тақырыбы туындап отыр.
Сонымен қатар ШИ ТОҚУ ӨНЕРІНДЕ кездесетін ою-өрнек әуендері және
тағы басқа жекелеген элементтерін де сабақ барысында кеңінен
қолдануға болады.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
- кәсіби еңбек сабағында, жоғарғы сынып оқушыларын ши тоқу
өнеріне үйретуде, өнерге деген қабілетін, ынтасын дамыту;
- қызығушылығын арттыру барысында мектепте қолөнер үйірмесіне
бағытта;
- көркемдік шығармашылық ойын қалыптастыру, қажетті білім,
білік дағдылармен қаруландыру;

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ:
- кәсіби еңбек сабағында ұлттық қолөнерімізді дамыту және оны
әрі қарай жалғастыру, дәстүрлі қолөнерді жүйелі түрде
меңгерту;

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ:
- оқушыларды қолөнердің әр-түрлі салаларымен таныстыру,
қолөнердің ұлттық ерекшелігін айқындау;
- көркемдік білім алуына жағдай жасау;
- оқушының жалпы қолөнерге деген қызығушылығын қалыптастыра
отырып, ши тоқу өнерінде қолданылатын ою-өрнек әуендерінің
түрлері мен ерекшеліктерін анықтау;

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ:
Оқушыларды кәсіби еңбек үрдісіне баулуда ұлттық қолөнеріміз ши
тоқуды үйретудің маңызы мынада:
- теориялық негізге сүйене отырып, ши тоқу өнеріндегі
тоқудың тарихы кезеңдеріндегі ою-өрнек әуендерінің
түрлері, ерекшеліктері және ши тоқуға қажетті шикізаттар
мен құрал-жабдықтары қарастырылады;
- тәжірибелік жұмыста ши тоқудың жобалық нобайы тоқудың әдіс-
тәсілдерін жаңа технологияды дамыту, табиғи жүн үрлері мен
орындау ерекшеліктер қамтылады.

І. ҚАЗАҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ.

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты Шығармашылық өнер
жиынтығын айтады.
Осы қолөнеріміздің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ
халқының тарихына қарасақ, басқа да халықтардікі сияқты өнері, әдет-
ғұрпы, салт-санасы дамыған халық. Халқымыз мыңдаған жылдар бойы,
үздіксіз, тынымсыз еңбектің арқасында өздеріне мекен-жай, азық-түлік,
киім-кешек, қару-жарақ т.с.с. қажетті заттарды өте шеберлікпен жасай
білді. Халқымыз мал шаруашылығымен айналысып, оның етін, сүтін азық
қылса, терісі мен жүнінен, мүйізі мен сүйегінен тұрмысына қажетті
жасау-жабдықтар дайындаған баршамызға мәлім. Осы кезге дейін бізге
жетіп келген өрнектер, бұйымдар соның айғағы іспетті.
Қолөнер - адамзат игілігі үшін жасалынып, халықтың әл-ауқатының,
мәдениетінің, тұрмыс салтының өсуіне бірден-бір септігін тигізетіні
анық.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтары ме қатар, аң аулауға,
мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз
үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, алаша, бау-
басқұрлар тоқып, арқан –жіп есіп, көннен, илеулі теріден қайыс, таспа
тіліп, өрім өріп, қолдан әртүрлі ыдыс аяқ, адалбақан, бесік және т.б.
көптеген заттарды халық шеберлері өздері жасап, түрлі нақыштармен
әшекейлей білген.
Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен қолданған әдістер
архитектурада кеңінен қолданылып келді.
Оны біз осы уақытқа дейінгі сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі,
діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-
өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашаған діңгектер, тастағы тарихи
таңбалар-халық өнерінің тамаша туындылары сазбалшықтарды күйдіріп,
ағашты майлап кептіру, мазарлар салуды қолданылған балшықты қыл, жүн,
шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері ертеден-ақ халықтың іздену
талабынан, қоғам процесінен қалған айла-тәсілдер.
Қолөнер ерлерге және әйелдерге тән болып екіге бөлінген.
Мысалы, балшықтан, тастан, сүйек пен мүйізден, темір мен
ағаштан бұйымдар жасау ерлерге тән болған. Кесте тігу, өрмек тоқу, ши
орау, сырмақ тігу, киіз басу, шілтер тоқу, тері киім тігу т.с.с.жұмыстарды
әйелдер игерген. Ал, тері илеу, ыстау, жүн сабау, киіз басу, ши тарту
т.б. жұмыстарды бірлесіп атқарған.
Қолөнер тігін машинасыз-ақ тек қол еңбегі мен ғана жасалған. Халықтың
мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтры талапқа сай
әдемілене, әшекейлене түсуде. Жаңа мәнер, ойшыл ойлар, бейнелі оюлар
талғамы өрби түсуде, күннен күнге түрленіп өсуде. Оны күнделікті
өмірде қазіргі қолөнер туындыларынан көріп жүрміз.
Қазір техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік
ательдерінде кілем тоқылып, тігу ісімен кестелеу өнері де машинамен
орындалу тастан қашап, сүйектен оюлап жасалатын бұйымдар да енді
заводтар да , арнайы станоктар да жасалып, көптеп шығарылуда.
Бұдан қолөнеріміз ежелгі маңызын жояды, ендігі жерде онымен
шұғылданудың қажеті жоқ деген ой туындамауы керек. Қайта халық
қолөнерінің бай мұрасын жинап сұрыптай отырып, заманымызға лайықты
сапа, түр беріп, оларды ілгері дамыта беру керек.

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Қазақ қолөнерінде тоқыма бұйымдарының алатын орны ерекше. Тоқу
өнерінің түрлері өте көп және ол жан-жақты дамыған өнер. Қазір бұл
өнермен республикамызда 300-ден астам оқушылар мен оқытушылар, ғылым
және өнер саласындағы қызметкерлер айналысып жүр.
Тоқу өнерінің басты түрлері мынандай:
1. Түйе, қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілген жіптерден киімнің түр-
түрін тоқып, оны орынды пайдалана білген. Мұндай киімдер өте жылы,
жұмсақ, әрі төзімді және де өрнек салып тоқылған киімдер өте сәнді
көрінеді. Тоқыма киімдерді, бұйымдарды шеберлер ағаштан және сүйектен
ұзындығын он екі, он бес сантиметр, сымнан он бес, жиырма сантиметр
қармақты біз жасап, сонымен тоқыған.

Қазақтың халықтық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен,
жарып алған жіліншіктің қыр сүйегінен егеліп те, тобылғының, аршаның
шыбықтарынан жонып жасалған.

Ал, қазір қолмен тоқумен қатар фабрикаларда да жіптер иіріліп,
бұйымдар да арнайы станоктарда тоқылуда.

2. Шілтер, перде, төсек жапқыш, стол жапқыш және т.с.с. бұйымдарды да
қыз-келіншектер шебер тоқи білген. Мұндай жұмыстар ілмекті бізбен және
сыммен тоқылған. Тоқудың негізгі әдісі ілу, орап ілу, төрлеп ілу
өткермелеп ілу, яғни бұл жерде жіптің шалымын, ілмегін санай отырып, әр
алуан өрнек жасап тоқу арқылы орындалды. Мұндай бұйымдар өте көрнекті
көрінген. Қыздар өздерінің жасауларына осылай тоқылған бұйымдардың
бірнеше түрін өздері даярлап қосқан.
3. Дала шөптерін де халқымыз өте шебер қолдана білген. Мысалы, шиден
әр алуан заттар дайындай білген және де орын-орынымен қолданып отырған.
Одан басқа да жөкеден, шыбықтан, қамыстан, шіліктен, қораптар, шарбақтар,
ыдыстар, ықтырмалар, төсеніш бұйымдар тоқыған.
Тоқудың негізгі әдсі өткермелеу, орай-бұрап өткермелеу, кенереге,
аралық шыбықтарға, қадаларға бекіте отырып тоқу, кейде өру әдісін де
пайдалана отырып тоқыған.
4. Әр түрлі жіптерден, талшықтардан түкті және түксіз кілем, алаша,
басқұрлар т.с.с. бұйымдарды арнайы тоқу станогында орындаған.
Тоқу станогын халқымыз ө р м е к деп атаған. Күрделші техникасыз,
кез-келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің
екі түрі бар.
Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек деп атайды. Бұл өрмекте
кілем сияқты енді заттар тоқылады. Екіншісін жай өрмек деп атайды. Жай
өрмекте шекпен, алаша, қап, қоржын, белбау, басқұр сияқты енсіз
нәрселерді тоқыған. Осы жерде тоқу өнерінің бір-екі түріне тоқталып
өтейік.
А Л А Ш А. Алаша бүктеуге, жинауға, алып-салуға өте қолайлы мүлік.
Алаша ұсталатын орнына қарай енді және енсіз болып тоқылады. өрмекпен
тоқылған алашаның ені әдетте 40-45 сантиметрден аспайды, сондықтан оның
бірнеше кесіндісін біріктіре құрайды. Алашаның өрнектері шебердің
шеберлігіне байланысты. Шебер мүйіз, өсімдік. Геометриялық фигуралар
тәрізді күрделі өрнектерді пайдаланады. Алашаны тоқығанд термелеп тоқу
әдісі қолданылады, бұл әдіс өрмек өнерінің ең көп тарағаны және көркем
дүниелерді тоқуға ең қолайлысы болған. Термелеп тоқудың түрлі
тәсілімен байланысты әр түрлі атаулары бар. Олар қайыра теру, кежім теру,
орама теру, бір түсті теру, түктеп теру. Терменің осы аталған түрлері
Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған.
Сол сияқты бұл өнер Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, түркімен
республикаларында да айтарлықтай орын алады.
А Л А Ш А – жіптердің бояуына қарай, тоқылу тәсілінеи қарай бояулы
алаша, бояусыз алаша, жіп алаша, өрнекті алаша, жалаң алаша , екі қабат
алаша, жолақ алаша, жүн алаша, мақта алаша, тақыр алаша, шашақты алаша,
қақпа алаша, терме алаша, жол алашаболып бөлінеді.

К І Л Е М.
Жалпы шығыс жұртының, оның ішінде қазақ халқының көнеден келе жатқан
дәстүрлі қолөнерінің бірі к і л ем т о қ у.
Ұлтымыздың қолданбалы қолөнерінде қазақ елінің дүние танымы, дүниеге
көзқарасы, қажырлы еңбегі айқын көрінеді. Дәстүрлі кілем тоқу өнерінің
қазіргі кезеңде қоғамды бұқарашыландыруда, жастардың ой-өрісінің
кеңеюіне, көркемдік қастерлеуге және өнерге құштарлығын арттыруда өз
үлесін қосары сөзсіз. Кілем – сәнді тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік,
бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында қолданылады.
Кілем тоқылу ерекшелігіне байланысты т ү к т і және т ы қ ы р болып
екіге бөлінеді.
Олар тоқу әдіс-тәсілдерімен, құрамымен, ою-өрнек әуендерімен,
мазмұнымен және сипатымен танымалы.
ТҮКТІ КІЛЕМ бірнеше қабат жіптерден тұрады. Түкті атауы көне түркі
тілінде қалың деген мағынаны білдіреді. Түкті кілем туралы жинап жүрген
деректерге қарасаң ғалы, қалы деп парсы тілінде аталады. Қазақ
тілінде осы атаулар кілем бұйымдарымен бірге кірме сөз деп дәлелдейді
зерттеуші ғалым О.Жәнібеков.

ТЫҚЫР КІЛЕМ бұл қабатты ою-өрнек әуендері сыртынан да, бетінен де
бірдей болып көрінеді.
Оны тіке тұрған өрмек ағашта тоқиды.
Тықыр кілем тоқу Қызылорда облысында кеңінен тараған. Оған түк
орамай, өрнек болатын жіпті пайдалана отырып, жай өрмек әдісімен тоқи
берген. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз
тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз.
Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенімен ондағы
өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Қазақстан жерінде кездесетін кілемнің түрлері де, атаулары да өте
көп. Мысалы, бұқар кілем, жорл клем, жібек кілем, адай кілем, түкті
кілем, түрікмен кілем т.б. бұлар түкті кілемдер. Қазақстанда терме
өрнегінің тәсілімен тоқылатын кілемдер шаршы кілем, шағын кілем,
тұс кілем, от кілем, оюлы кілем т.б. атаулармен аталады.
Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі тоқыма бұйымдарының бірнеше
түрін атап өттік. Тоқу өнері тек қана қазақ халқының өнері деген
тоқтамға келмеу керек. Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин
халықтарының арасындағы қолмен тоқу өнерінің көптген түрлері бір-
біріне ұқсас болып келеді.
Бұған қарағанда осы елдер арасындағы көршілік қарымқатынстық ертеден-
ақ қалыптаса бастағаны анық. Халықтар арасындағы мұндай жақындық бір
ғана қолөнерінде ғана емес, тіпті ағаш өнерінде, тастан ойып, қашау,
былғары илеу істерінде де байқалады.

БАСҚҰР
Киіз үйдің төрінде түрлі-түсті жібек жіптермен кестеленген тұс киз,
төселген оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін
басқа да жабдықтар бар. Ол- өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар.
Б А С Қ Ұ Р жасалуына орай ақ басқұр және ала басқұр деп екі түрге
бөлінеді. Екеуінің де тоқылу мәнері өрмек әдісімен жасалады.
АҚ БАСҚҰРДЫҢ тоқылуы мен өрнектелуінде ала басқұрдан үлкен
айырмашылығы болады. Біріншіден, ақ басқұр ақ түсті жіптен қақпа
алаша тоқылу әдісімен тоқылған өрмек үстіне түкті кілем тоқу мәнерімен
өрнектеледі. Екіншіден, әр өрнек суреті бірін-бірі қайталамайтындай
композициялық түрде тоқылады.
Ақ басқұр – киіз үйдің сәндік үшін пайдаланатын ішкі жабдығы. Ол
ала басқұрдың жоғарғы жағынан бір босағадан екінші босағаға дейін
керіледі.
Жоғарыда айтқандай, ақ басқұрдың сәндік ерекшелігін арттыра түсу
мақсатында ақ фонға түрлі түсті - қызыл, сары, көк. Жасыл жіптермен
термелеп күрделі өрнектер салады.
АЛА БАСҚҰР терме алаша әдісімен өрнектеліп тоқылады. Бұл басқұр
сәндігімен қатар киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін
жасыру мақсатында жасалады.
Ала басқұрдың тоқылу әдісі терме алаша тоқылғандай, өрмек құрып,
әр түсті жіптерден терме теріп, өрнектердің алуан түрі пайдаланылады.
Басқұрдың қай түрі болс да ұзындығы 8-15 метр, ені 25-40 сантиметрден
аспайды. Жалпы, басқұрдың ұзындығы керегенің қанатының санына қарай
тоқылады.

1.3. ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ШИ ТОҚУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің шығу
тарихы мен жасалу жолдары халқымыздың мақтанышы болған белгілі
адамдарымыз Ә,Марғұлан, С.Мұқанов, О.Жәнібеков, А.Арғынбаев, С.Қасиманов,
Ұ.Әбдіғаппарованың педагогика ғылымы саласындағы зерттеу еңбектерінде
де көп орын алған.
ШИ ТОҚУ (орау) – бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта
Азия халықтары арасында кең тараған өнер екені бәрімізге де мәлім.
Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге
шейін кеңінен қолданылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға,
сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршап қоюға, киіз үйдің
есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне, киіз басу
жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін
астына төсеуге, соны мен қатар құрт жаю, тары сүзуге т.б. кеңінен
пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласындағы ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті
жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан
ұлттық өнер. Қолөнер ісінің басқа түріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда
арзанға түседі, әрі төзімді келеді. әсем болумен қатар ши бұйымдары
көшіп-қонуға алып жүруге өте қолайлы болады. Сол себептен де мал
шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып
келеді, қазір де кездестіруге болады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен
сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтарының сапасы артып отыр.ХІХ ғасырдың
аяғында ХХ ғасырдың басында толасссыз дамудың нәтижесінде қолөнердің
түрлері, даму жолында жоғарғы деңгейге көтерілді.
Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыста
тұтынатын заттар өмірімен, архитектурамен де тығыз байланыста болды.
Тарихи жазба деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық,
зергерлік, өрімшілік, көншілік (тері илеу). Тігіншілік, етікшілік,
тоқымашылық тағы басқа қолөнер кәсіптері дами берді.
Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі сәндік қолданбалы өнерлерінің
арасында тікелей , әрі табиғи байланыс бар. Қазір, бұрынғы шыққан өнер
туындылары кәсіби суретшілердің шығармашылығында қайтадан талданып,
сәндік өнердің жаңа түрлері, олардың әсемдік жағын жүзеге асыру қолға
алынып отыр.
Әсіресе, гобелен, кесте, ши, зергерлік бұйымдар жан-жақты даму үстінде.
ХІХ – ғасырдың аяғында қолөнердің осы түрлері әртүрлі ою-өрнектермен
әшекейленсе, бертін келе әртүрлі сюжетті бейнелермен шебер жасалынуда.
Қолөнер қарапайым еңбек құралдары жабдығының көмегімен шикізаттардан
әртүрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі Қазақстанда
қолөнер үй кәсібі түрінде дамыды.
Әлкей Марғұлан өзінің тарихи зерттеулерінде ши орау қолөнеріне де
көп мәліметтер беріп кетті.
Шидің қола дәуірінен бастап тұрмыста пайдаланған жағдайларын терең
ауқымды түрде киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдығы ретінде
пайдаланғандығы туралы деректер жинағын қалдырғандығын өзінің ІІІ
томдық ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ туралы еңбегінен білеміз.
Қазіргі қолөнердің дамуын қолдай отырып :
”ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА” атты өз басылымында еліміздің президенті
Н.Ә.Назарбаев былай дейді: ”Қазақ мәдениетінің ұшан-теңіз кіріктірушілік
әлеументі сол қазақ мәдениетінің өзі ашық сипатта ғана болғанда ғана,
оны құрылымының байлығы молығып уақыт талабына қабілеті сай келгенде
ғана іске асады”. Бұл сол орасан зор ғалам . Бұл ғаламға жақындасу
біздің халқымыздың мәдениетін түсінуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі
кезде Қазақстанда сәндік өнердің барлық түрі бірдей дамып отырған жоқ,
тек кейбіреулері ғана көрмелерден орын алып, нарықтық жағдайда
көпшіліктің сұранысына ие болып отыр.
Елімізде қазіргі қолөнер саласында болып жатқан өзгерістер,
біздің елге көптеген жетістіктер әкелетіндігіне күмәніміз жоқ деген
тұжырымды айтқызады.
Сонымен бірге қолданбалы қолөнермен айналысатын кәсіпорындар мен
жоғары оқу орындары саласында жұмыс істейтін кәсіптік бағдар
орталықтары тәжірибесін қолдану жан-жақты ойластырылуда. Олар еліміздегі
мемлекеттік кәсіпке бағдарлау қызметінің ғылыми-әдістемелік негізі
болуға тиіс. Жұмысты жүргізетін кадрлар даярлаудың маңызы ерекше зор.
Кәсіпке бағдарлаудың теориялық, ұйымдық-әдістемелік мәселелерін жақсы
білетін мамандар ғана бұл жұмыстың мемлекеттік жүйесін сапалық
жаңа сатыға көтере алады дегім келеді.

ІІ. ШИДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қазақтың қолданбалы қолөнерінің бірі ши тоқу өнері деп жоғарыда
айтып өттік.
Ши тоқу өнерімен айналысатын әже-аналарымыз, қыз-келіндеріміз осы
шиден-ақ тұрмыс-тіршілігіне қажетті көптеген бұйымдарды әдемі де
көрнекті етіп өздері-ақ жасай білген. Шиден бұйымдарды тоқу үшін
алдымен шиді даярлап алған.
Шиді тартып жинауға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып,
орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып,
ұйымдасып барған. Қазақтың “Ши тарту биі”, “Ши шымылдық” дейтін ұлттық
ойындары осыдан қалған болу керек. Тоқылатын шиді жаздың орта
шенінде әбден бойлап өскен кезде, мал аяғы баспаған жерлерден
тартқан. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шық кетпей
тарту керек.
Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің
қабығын аршып, бумалап, көлеңке жерде кептіреді де, іске жаратады.(1.95-
96 бет)
Шиді өрнектеп тоқу үшін, шиді жобалық нобайдағы суреттегі берілген
өлшем бойынша, өлшеп өткір пышақпен тегістеп кесіп алды. Осылайша
дайын болған шиді тоқуға пайдаланады.

2.1 ШИДІ ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ШИКІЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ, ОНЫ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ.

Ши тоқу өнерінде шикізатты дайындау және оны тиімді пайдалану мәні
өте зор. Ши тоқу үшін, қабығынан тазартылған шидің жуандығы мен
ұзындығы біркелкі шилер таңдап алынады .
Шеберлер өрнекті ши, шым ши, ораулы ши, ақ шилерді шикізаттарды
тиімді пайдалана отырып тоқып, өз қажеттеріне жаратқан. Қазақ қолөнері
саласында ерекше орын алатын шикізат-жүн .
Қой жүнінің сан түрлі сорттары мен тайталаса жыллығы жағынан тең
түсетін ал мықтылығы жағынан тең түсетін ал мықтылығы жағынан басым
тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті бүгінгі күні тұтынушысына өз
бағасын таныта түсіп отыр. Алуан түрлі ою-өрнектер, оюланып немесе сырылып
жасалған текемет, сырмақ, кілем, алаша, шым шми т.б. жүннен жасалатын
бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сай келіп тұруы керек. әрі әсем,
әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін шикізаттардың яғни, жүнмен шидің
сапасы ерекше орын алады.
Сапалы бұйым шығуы үшін шеберлеріміз жүнге бірнеше талаптар қоя
отырып, оны өңдеген.
1. жүн біркелкі, шебер иірілуі керек.
1. жүн таза қырқылып, рет-ретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой
қырқатын жердің талапқа сай таза болып, жүнге қоқым араласпауы,
маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі керек.
2. қойдың жабағы жүні көтеріліп қырқуға ыңғайлы келеді, арық
малдың жүні керісінше сабалақтанып өскін жүндері жетілмей, жабағы
көтерілмей қалады. Жүн сапасын сөз еткенде осыған ерекше көңіл бөлген
жөн.
Ал осы тұрғыда мамандардың айтуынша, жүн сапасы малдың күтіміне
байланысты.
Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес.
Сондықтан да малдың күтіміне, азық құрамына, уақытылы суарылып,
өрістетілуіне көңіл бөлгені жөн.
Жүннің сапасы оның табиғи түсі мен жылтырлығы. Одан жасалатын
бұйымдардың сәнді болуымен тұтынушы қауымның көңілінен шығуы үшін өте
қажет.(3.1-5 бет)
Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымында дәлелденген тиімді
әрі денсаулыққа пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны ғалымдар
былай деп тұжырымдайды:
-жүн жылуды жақсы сақтайды
-жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді
-жүн бояуды жақсы алады және оңбайды
- жүннің салмағы жеңіл
-жүн күн көзінің ультра күлгін сәулесін жақсы өткізеді.
Шикізат сапасы - төзімді де, әсем бұйым кепілі.
Өзімнің дипломдық жұмысымда ши орау барысында осы шикізатты
қолдандым.
Ал осы жүнді қолдану үшін алдымен өңдеуден өткіздім. Шиге түсетін әскез
бойынша жүннің табиғи түсін және жүнді әртүрлі түске бояп тоқуға
қолдандым.

2.2.ЖҮН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қырқылған қойдың жүнін тазартып, жуып, кептіреді.
Тоқымашы әрқашан да өзіне ұнайтын қажет түрлі түсті бояуларды
пайдаланып бояп алады. Бұрынырақта халық шеберлері күнделікті тұрмыс
тәжірибесінде бояу ретінде ашудас, қыша, шөптің тамырларын
пайдаланған. Ал қазір химиялық жолмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер
Сәндік қолданбалы өнер
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Қолданбалы қолөнер
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Көріп сезінудің психо-педагогикалық негізде
Қойдың жүнін қырқу
Пәндер