Зергерлік өнердің тарихы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы
зергерлік жүйе
Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________
Астана 2006
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Зергерлік көне заманнан келе жатқан өнер 4
1.1 Зергерлік сақ дәуірінен бастау алған 4
1.2 Зергерлік өнердің тарихы 7
2. Зергерлік - мәдениетіміздің асыл қазынасы 11
2.1 Зергерлік өнерінің басты басты үлгілері 11
2.2 Қақтап әшекейлеу зергерлігі 16
2.3 Зергерлік өнердегі -әшекей бұйымдары 21
3. Зергерлік өнімнің бүгінгі бағасы 25
3.1 Бүгінгі зергерлік өнімнің бағасы қандай? 25
3.2 Зергерлік бұйымдардың мемлекеттік мұражайы 26
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі
мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу - киелі де қасиетті
өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек.
Екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын
тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс бітімімен,
салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.
Зергерлік- өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар
жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі
археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс-аяқ, теңге моншақтар, алтын
мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбатты заттар әлгі
шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.
Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық
тәсілдерін жетік меңгерген. Олардың көшпелі өмір салтына қарамастан биік
техникалық және эстетикалық деңгейге қалай көтерілгеніне таң қалғаннан
басқа шара жоқ. Олар үшін құю, шабу, шеку, бедерлеу, қалыптау, оймалау,
қаралау, зерлеу, бүршіктеу сияқты толып жатқан әшекейлеудің нәзік те
күрделі тәсілдері үйреншікті машық болған. Олар көбіне жеке дара жұмыс
істеп, жасы ұлғайған шақта шеберлігінің қыр-сырын келер ұрпаққа жеткізу
үшін қолдарында шәкірт-көмекшілер ұстаған.
Сонда да халықтың қолындағы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан
зергерлік бұйымдарды жасған шеберлер негізінен белгісіз, әйтсе де , аса
талантты, қазақ өнерін өзінің қайталанбас қолтаңбасымен байытқан кейбір
шеберлердің есімдері күні бүгінге дейін жетті. Қазақтың әшекей-бұйымдары –
халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл
қазынасы.
1. Зергерлік көне заманнан келе жатқан өнер
1.1 Зергерлік сақ дәуірінен бастау алған
Сонау көне сақ дәуірінен бастау алатын жоғары қолөнершілік дәстүр күні
бүгінге дейін желісін үзген емес. Сақ және сармат шеберлері мен
зергерлерінің туындыларын қазақ әшекейлерімен салыстыра отырып біз көне
дәстүрлердің адам таңқаларлықтай өміршеңдігіне тәнті боламыз. Олар көптеген
бұйымдардың композициялық құрылысындағы, ою-өрнек ырғақтарындағы ұқсастық
заттарды дайындаудағы көне технологиялық тәсілде көрініс беріп оытрады. Сақ
дәуірінде дүниеге келген салтанатты бас киім үлгісінің басты сатылары
қазақтың сәукелесі мен оның әшекейлерінде күні бүгінге дейін сақталған.
Ғұндар заманының полихром мәнеріндегі бұйымдары мен Батыс Қазақстан ,
Түрікменстан зергерлік әшекейлері арасындағы ұқсастықтары тіптен таң
қалдырады. Бұларға тек кейбір заттардың типологиялық жақындығы ғана емес
көрнектеу мәнері және зергерлік бұйымдар өндіру технологиясы да толық
сәйкес келеді. Оның айқын мысалы ретінде асыл бұйымдардағы үшбұрышты және
ромб бейнесінде зерленген өрнектер мен көмкерме жиектерді, сондай-ақ қызыл
тастан қондырылатын әр қилы ойшықтарды атауға болады.
Ежелгі және кейінгі орта ғасырларда шығысында моңғолиядан батысында
дунайға дейін созылып ұлан-байтақ кеңістікте ерекше дәуірлеген көркемдік
мәнердің қалыптасуына түркі тайпалары елеулі үлес қосты. Ежелгі сақ
дәстүріне сүйене отырып, соғыс жорықтарында алапат жеңістерге жетуіне
ерекше септігі тиген кездерінің әскери киім үлгісі мен атты жауынгердің
жасау-жарағын ойлап шығарды. Көптеген халықтар арасында әсіресе ат
әбзелдері, оның ішінде түркілердің ойлап тапқан ұлы өнері- үзеңгі мен
әйгілі белдік жарақтары кең тарады.
Әсем өрнектелген айылбасы, көркем қапсырмалары бар белдіктер –
жауынгерлердің ажырамас жоғары, оның әскеи қаһармандығы мен дәрежесінің
белгісі. Белдікке бекітілген салпыншақ ілгектерге қылыш, қанжар, ұсақ түйек
заттарға арналған кісе орналастырылады. ХIX ғасырдағы жасалған осындай бір
қазақ белдігіне сәндік қапсырма орнына екі темір түйме пайдаланылған.
Белдікке жапсырылмас бұрын олардың екеуі де әскери мундирлердің сәні
болғанын аңғартады: оның бірі – ресейлік, екіншісі- ағылшындық. Бұл кісе –
екі империяның орталық азияға таласуы дәуіріндегі үлкен ойынның тірі
куәгері.
Жауынгер молаларынан табылған ат әбзелдерінің ішінен археологтар
найман ері мәнеріне бейімдеу қазақы ердің алдыңғы , артқы қастарын
тапқан. Олар күміс және қола әшекейлермен безендірілген. Ер тұрман жасаудың
орта ғасырлық бұл дәстүрі орталық азияның көшпенділіерінде ХХ ғасырға
дейін сақталып келді және олар коллекцияда көрнекті орын алған.
Түркілер дәуірінде өсімдікке ұқсас өрнектің (шытырман) айрықша далалық
нұсқасы кеңінен тарады, қәзір оны біз қазақ әшекейлерінен және орыс
шіркеулерінің сәнді жазбаларынан көре аламыз. Дәл түркі дәуірінде туған
ерлердің сол құлағына сырға тағу салты бүкіл ескі дүние сәніне айналды. Бір
қызығы, сырғалардың сұрақ бейнесіндегі бір үлгісін археологтар нақты түркі
тайпасы- қыпшақтармен байланыстырады. Мұндай сырғалар кешегі көшпелілердің
Орал мен Еділ өзендерінің төменгі сағасындағы Алтын Орда заманындағы
обаларында, оңтүстік Орыс және Украина далаларында кездеседі. Осыған ұқсас
сырғалар дешті қыпшақтың шығыс бөлігіндегі Х-ХI ғасыр обаларынан, ал
даланың батыс бөлігіндегі XIII ғасырдағы обалардан табылған. Мұндай
үлгідегі сырғалардың кеңістік пен уақыт бойынша таралуы қыпшақтардың
қозғалысына сәйкес келеді. Зергерлік бұйымдар коллекциясында осындай
сырғалардың бірнеше үлгісі бар. Олар, бәлкім , тойға киілетін сәнді
әшекейлер сияқты аса жалтырап тұрмағанымен көшпелілер тұрмысында ғасырлар
бойы қолданылып келген. Күнделікті және қол жетерлік заттар ретінде,
бірқатар Оталық Азия халықтарының этникалық тегіне қатысты мәселелердің
жұмбағын шешуге жәрдемдесе алады. Әр түрлі өзгеріске ұшырағанымен, олар
күні бүгінге дейін жетіп отыр. Этногрофтар мұндай сырғалардың қазақтардан
басқа қарақалпақтарда, ноғайларда , Еділ және Сібір татарларында ,
өзбектерде , қырғыздарда және түрікмендерде , яғни ұлт болып қалыптасуына
басқа тайпалармен қатар қыпшақтар да ерекше ықпал еткен көптеген халықтарда
да қолданылатындығын анықтап отыр.
Зергерлік бұйымдардың толық коллекциясының қаншалықты ғылыми мәнге ие
екендігін осы бір мысалдың өзі-ақ аңғартып тұрғандай.
Моңғол империясы – шеберлігі әртүрлі мектептер мен тұтас мәдениеттер
арасында қызу қарым-қатынас тудырған дәуір. Мүмкін олар әркез ерікті түрде
жүзеге аса қоймаған шығар. Дегенмен мемлекеттік сұранысты Таяу шығыс пен
Закавказьенің, Солтүстік Кавказбен Еділ бұлғарларының, Ресей мен Орталық
Азия өнерпаздарының қанағаттандырып отырғаны тарихи шындық . Қар қорымда
ұлы хан сарайының шебері болып Париждіу Гийон Буше деген зергер жұмыс
істеген. Оның қарамағында елу жергілікті көмекшісі болыпты. Мұның бәрі
зергерлік өнерді шығармашылық идея жағынан да , технологиялық тұрғыдан да
шексіз байытты. Ала
1.2 Зергерлік өнердің тарихы
Қазақ арасында жалпы темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де
ұста деп атаған. Ұста сөзі шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымда ағаш
ұстасы, темір ұстасы, күміс ұстасы, сөз ұстасы, ақыл айтуға ұста деген
сияқты тізбектерде айтыла береді. Бірақ алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды
жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай
оларды зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ
қалыптасқан. Бұл туралы академик саяхатшы П.С. Паллас өзінің 1776 жылғы
Путешествие по разным провинциям россиской империй деген кітабында :
...қазақтарда ұсталар да зергерлер де бар, - деп жазады.
1803-1804 жылдар қазақ арасында тұтқында болған Савва Большой деген
адам да қазақтарда зергерлік өнерінің өте ертеден барын жазған. Ал
революцияға дейін шығып тұратын санақ басқармасының обзоры Акмолинской
области за 1904 год деген жинағында ..у казахов существует особое
художники и золотых дел мастера деп атап көрсетілген. Ақтөбе облысының
батыс жағында тұратын А.К.Гейнс 1892 жылы литературный сборник дейтін
еңбегінде қазақтар күмісті балшық тостағаншаға салып, жуан қңбақ түбірінен
жаққан көмірге қыздырып қорытады деп жазды.
Зергерлік өнерінің Қазақстан топырағында соншалық ерте заманнан-ақ
болғандығы туралы Социалистік Қазақстан газеті 1965 жылы 28 мартта былай
деп жазды:
Қазір совет археологтары белгілі бір тарихи дәуірлерден қалған мәдени
және көркемөнер қазыналарын тапты. Солардың бірі Кеген ауданындағы (Алматы
облысы) Ақтас қыстауынан табылған алтын сырғалар. Археологтар оның біздің
заманымыздан бұрынғы бірінші-екінші ғасырда Жетісу бойын мекендеген Үйсін
елінің зергер-шеберлерінің қолынан шыққандығын анықтады.
Зергерлік өнердің тарихында сирек кездесетін бағалы заттардың қатарына
тарих ғылымының кандидаты археолог М.Қадырбаев басқарған экспедицияның
Орталық Қазақстандағы Шідерті өзені бойындағы ескі қорғандарды қазғанда
шыққан алтыннан, күміс пен алтын қоспаларынан соғылған әшекейлік-зергерлік
бұйымдар да жатады. Олардың арасында Қазақстан археологтарының назарын
аударып отырған жұқа алтын пластинкалардан қалыпқа салынып жасалған
арыстан, жолбарыс және аюдың барельф – мүсіндері бар. Бұл асыл дүниелер де
шамасы 2100-2300 жыл бұрын жасалған.
Осы деректерге қарағанда Қазақстандық шеберлер зергерлік өнерін
ертеден-ақ білгендігі даусыз. Бірақ олар алтын-күмісті өздері қорытып
өндіре алмаған.Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа
алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі
қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе сол
күйінде соғып пайдаланған.1895 жылғы Обзор Семипалатинской области деген
жинақта басылған қырға барған алтын, күміс теңгелер ақша болудан гөрі
қазақтардың әшекей-өрнек жабдығына жарап жатыр - деген хабарламасы, тағы
көптеген деректер осыны дәлелдейді.Сондай-ақ қазақтың көне әдебиет
мұраларында көп кездесетін зер зергер сөздері де бұл өнердің еліміздің
ежелгі мұрасы екендігіне дәлел.
Қазақ тілінде алтын, күміс, жез,мыс сияқты түсті металдардан
жіңішкелеп суырылған жіптерді зер деп атайды да зерлі тон, зерлі шапан,
зерлі кимешек және тағы басқа сөз тіркестері өте жиі кездеседі.
Зергерлер сән-салтанат бұйымдарын жүлдеге берілетін заттарды және
әртүрлі әшекей жихаздарын жасады. Бірақ мұның бәрі де халықты қанаушы
озбырлардың жеке басының мүддесі үшін, солардың үй жасауларына көрік беріп
тұратын бұйымдар ретінде ұсталды. Алайда халық дарыны тек осы істердің
төңірегінде шектеліап қалған жоқ. Халқының қамын ойлаған шеберлер ел сүйген
ерлерді, маңдайлы батыр, таңдайлы шешен, еліне пана, жеріне тұлға ұл-
қыздарының үлгі істерін зергерлік өнерінде бейнелеп мұра етіп қалдыра
білді. Сөйтіп қарапайым еңбекші бұқараның эстетикалық талғамын өсіріп,
рухани мейірін қандыратын, еңбекке баулап, ерлікке бастайтын жаңа мазмұнды,
жаңа нәрлі өнер тудырды.
Қазір зергерлік ісінің түрлері көбейіп, жұмыстың бұл салалары
техникаландырылуда. Престер, өрнек қалыптары, әр алуан шонғыш, оймыштағыш
құрал саймандар, электр мен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Соның
нәтижесінде жаппай тұтынатын көпшілік қолды зергерлік бұйымдар молынан
шығарылатын дәрежеге жетті. Істің техникамен жабдықталуы оның прогрессивтік
қарқынмен алға басуына, жұмыстардың сапалы, әрі өнімді болуына жағдай
жасады. Халықтың мұраның жақсы мәнерлерін жаңа өрнек ұнасым, іс-әдістерімен
жаңартуға мүмкіндік берді.
Қарағандылық А.Қошқарбергеновтың сүйектен ойып 40 түрлі оймыш-өрнектер
салып, күмістеген асадалы , Абылаев Асқардың алтын, күміс бұйымдары
Қ.Дүйсенқұлованың күміс ері Солтүстік Қазақстандағы Смағұлов Қапанның
сақина-жүзіктері, Семейдегі Б.Нұрджанов пен Павладардағы А.Есалиевтің асқан
шеберлікпен істеген асыл заттары зергерлік ісінің дамуының жаңа белгісі
болып табылады. Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем , нәзік істерді
көбінесе қарапайым әдіспен орындайды. Зергерге аса қажетті қасиет-
суретшілік, дәлдік, еңбексүйгіштік. Осыған қарағанда халық арасындағы-
зергердің көзі өткір, қолы ұсынақты, ойы жүйрік , ерінбейтіндігі ерге
күміс шабушыдай деген сияқты мәтелдер зергерлікті әрі құрметтеу, әрі
зергерге талап қою негізінде туғанға ұқсайды.
Халық зергерлері көбінесе білезік, өңіржиек, сақина, сырға, тісшұқығыш
(бұрын алтын, күмістен өрнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша,
қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле, түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау,
үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемербелдік, кісе
сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс-аяқ , ағаш-төсек,
ер-тұрман, қару-жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа-
сауыт, домыра, қобыз, сырнай және тағы басқа алуан түрлі жиқаздарды
әшекейлейді.
Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен
преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға құю,
бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою,
сызу арқылы өрнектеу, металдарға алтын күміс жалату, металды қақтау,
қуыстау, жұмырлау домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Енді
осы металдарды талшықтап бұрау өру, тоқу, түйіндеу, өріп шашақтау,
бунақтау, кесек металдарды үзбелестіру сияқы қазақтың ұлттық зергерлігіне
тоқталып, бұл заттардың қалай жасалатындығын әңгіме етейік.
2. Зергерлік - мәдениетіміздің асыл қазынасы
2.1 Зергерлік өнерінің басты басты үлгілері
Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес білезік,
жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді
білезік, өрме білезік , үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс)
білезік деген түрлері бар. Бұлардың үлкен-кшілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің
қалауынша әр түрлі бола береді. Білезіктердің аталу түріне қарай, олардың
бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі-түрлі.
Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі
беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе сыңар өкше, ырғақ,
бұрма, көз өрнектері салынады. Қос білезік салу Солтүстік Қазақстанда
көбірек кездеседі.
Бес білезік. Бұл білезіктің бауыр сырты жалпақ, сағат бау сияқты.
Ортасында топсасы болады. Білезіктің ек басы түйісіп түймеленеді. Білектің
сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен шыжымдап қойған бес сақина
бар. Сақиналар өрнектеліп, тастан көз орнатылып әсемделеді. Білезікті
білекке салардан бұрын осы бес сақинаны бес саусаққа киіп алады. Бұдан
кейін білезікті топсасынан сыртына қарай қайырыа білекке салады да екі
басын қайтадан түйістіріп, түймелеп қояды. Бес білезікке асыл тастардан
алуан түсті көз орнатып, үстіңгі бетіне ирек , мүйіз , құс қанаты,
бөрі құлақ сияқты күрделі өрнектер жүргізіледі.
Жұмыр білезік. Білезік салатын кісінің қалауынша жуандығы әртүрлі
жұмыр күмістен иіліп істеледі. Білезікті кейде қолдың басынан білекке
қарай киілетін етіп екі басын түйістірген шығыр формасында жасайды. Кейде
қоспасын ашып білектің қырынан қыпсыратын етіп түйіскен жерін ашып жасайды.
Жұмыр білезікті көбінесе соғып, егеп иеді, Ал қайсыбір жақысы өрнектерін
қалыпқа құйып шығарады. Жұмыр білезіктің қоспаға түйіскен екі басын қою
шытырман өрнектермен сыртын неғұрлым нәзік және сирек өрнектермен оюлацды.
Жұмыр білезіктің екі басынан басқа жеріне көбінесе өрнек жүргізілмейді.
Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпақ білезік.
Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп сызықталады. Ортасына
жанарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер
жасалады. Кейде алтын, күміс аралас кавказды алады.
Бұрама білезік. Бұл жасалу жағынан өте оңай. Түр жағынан жарасымды
білезік. Білезік екі не үш бөлек жұмыр күміс шыбықтарды қосып бұрау арқылы
істеледі. Бұрама білезіктің екі басына әр алуан бедері бар бунақтар ,
бұршақтар, жиектер келтіріп кейде олардың үстіне тас көздер орнатып
әшекейлейді.
Кавказ білезік. Мұны қара ала білезік деп те атайды. Бұл білезікті
жасау кавказ халықтарынан ауысқан Кавказ білезі, кавказ сақина ,
кавказдалған күміс белдік деген атаулар осыдан шыққан. Кавказ білезіктің
қара көк түсті өрнек жүргізіледі де күміс қара ала болып көрінеді. Кавказ
(қарала өрнек) үлгісімен мүйіз, ирек, гүл, жапырақ, бұрыш
өрнектері өте сәнді жасалады.
Көзді білезік. Жұмыр немесе жалпақ күмістің , не алтынның бетіне
бедерлі ернеулер жасап , ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер
орнатады. Көздерді ұстап тұратын батыру, сызу, бұрыштау әдістерімен
өрнектеледі.
Өрме білезік. Сәндеп дайындалған жуан алтын күміс жіптерді өріп
құрастырыпта білезік жасайды. Мұндай білезіктен тұтас екі жақ басы екі
алақан сияқты тұтас келеді. Осы алақанның бетіне қазтабан , жүрекше,
қосырғақ өрнектегінің бәрін жүргізеді.
Үзбелі білезік. Шығыр, доғабас, ілмек әрізді етіп соғып бөлек-бөлек
күмістерден жасаған білезікті үзбелі білезікдейді. Күмістен, алтыннан
үзбелеген осындай білезіктерді қол сағаттың бауы есебінде де пайдаланады.
Топсалы білезік. Ортасынан екіге қайырып ашуға екі басын топса арқылы
түйістіріп жабуға болатын білезікті топсалы білезік дейді. Топсалы
білезіктің топсасы өте биязы және өрнек мәнерімен үйлеседі де сырт
қарағанда білінбей тұрады. Білезіктің екі басы ілмек тиек арқылы жалғасады.
Соңғы кездегі жаңашыл шебрлер топсалы білезікті қол сағат пен қоса жасап
өрнектеп жүр.
Қолқа білезік. Шұжық тәрізді жұмыр, бірақ іші қуыс білезік соған қарай
оны кей облыстарда шұжық білезік деп те атайды. Ол өте жеңіл әдемі болады.
Оны кейде салдар мінетін аттардың аяқтарына да салатын болған.
Өрнек түріне, бір елге тән мәнеріне орнатылған көздерінің санына қарай
, әр жерде әр түрлі аталатын білезіктер көп. Білезіктер негізінде әйелдерге
тән. Бойжеткен қыз сүйген жігітіне ұнатқандығының белгісі ретінде жүзігін ,
білезігін сыйлайтын.
Сақина мен балдақтар.
Сақина мен балдақ саусаққа салынады. Бұларда негізі әйел жихаздары
болып саналғанмен оларды ерлерде салады. Бірақ әйелдер барлық саусақтарына
екі үштен қосарлап сала береді де, ерлер бір ғана саусағына және біреуін ақ
салады. Сақина мен балдақты жүзік деп те атайды. Сақинанаың бауыры шығыр
болып келеді де, қолдың сыртына қараған жағына көз салынады. Ал балдақ деп
көзі жоқ бірыңғайын айтады. Ертерек кезе еркектер көбінесе балдақ салады
екен. Бұлардың алдыңғысы алтын, күміс, болский сақина (польский) деген
сөзден шыққан деп ал соңғысы, алтын, күміс болский балдақ деп аталған.
Сақиналар әшекей мәнеріне , көздерінің бейнелеріне қарайда әр түрлі
аталады, мысалы тасты сақина, моншақты сақина, кавказ сақина, құс мұрын
сақина, ырғақ сақина, бұрамалы сақина және т.б. Балдақтарды ондай түрлеріне
бөліп атамайды. Тек алтын балда, күміс балдақ дейді. Сақиналар көбінесе сом
күмістен соғылады. Көзді сақинадан бөлек соғып қалыпқа салып өрнектеп алады
да балдағына дәнекерлеп бекітеді. Кейде көзді ұялап жасап, оған жарқырауық
тас шыны орнатады. Сақина сырғалардың көздеріне қазақ шеберлері дайын
күйінде сатып әкелінген мынадай тастарды пайдаланған: теңбіл тас (сланец
пятнистый), сутас (хрусталь), көктас (малахит), құлпырма тас(перламаудр),
құбылтас (александрит), дүбіржат (изумруд), жақұт тас( яхонт), лағыл
(рубин), жарқырауық тас (самоцвет) гаухар (бриллиант) ақтас және янтарь
пайдаланған . Осындай ғажайып әдемі тастардың ішінде янтарь күн сәулелі
тас туралы профессор А.Машанов 1962 жылы 14 январьда Социалистік
Қазақстан газетінде бір қызық деректер жазды. Оның айтуынша жоғарғыдағылар
сияқты әдемі тастар бір кезде кереметті тас деп саналған. Мысалы, олардың
кейбіреулерін адамға құт болады жаңбыр шақырады деп , кейбіреуін шипалы,
тіл көзден сақтайды деп сенген. Янтарьдың ғажайып сипатын грек ғалымдары
осыдан 2500 жыл бұрын білген. Оны парсы тілінде хахруба (өзіне тартқыш)
дейді екен. Себебі ол шашты , шөпті өзіне тартып алады. Янтарь тегінде
біртүрлі ағаштың сорғыған шайырынан шығады. Оның ішінде құрт-құмырсқа,
қоңыз сияқты жәндіктердің денесі тірі қалпын сақтап қалып қояды. Бұл туралы
атақты ғалым Н.В.Ломоносовтың янтарь ішінде қалған шыбын-шіркейге арнаған
бір өлеңінде (Қабірің хандарданда артық екен) дейді.Янтарьдің ең көп
табылатын жері біздің Балтық теңізінің жағалауы.
Кейде зергер қырланып боялған моншақ шыныларды да сақина көздеріне
отырғызады. Әдеміленген сүйектен, мүйізден, слюдадан жасалған түйме бастар
орнатылған сақиналар да көп кездеседі.
Сақина, балдақтарды ажарландыруда да жоғарыда айтылған егеу, ысу,
қайрау сияқты әдістер қолданылады.
Шолпы - әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ
арасында оның түрлері өте көп. Шолпыны сән-әшекей ретінде, сондай-ақ оның
салмағының әсерінен шаш ұзын болып өседі деп таққан. Мұны байлықтың,
баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ сатында шолпыны қызар мен жас
келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік
сақиналарды қарт әйелдер де сала береді.
Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай
аттары бар: қоңыраулы (сылдырмақты) шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы,
көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш теңге
т.б. Бұлардың түрлері мен әшекейлері әр алуан, істелу әдістері де әр қилы.
әр жердің шеберлері өзінше мәнер ( стиль) ұстанады. Солай бола тұрса да,
олардың сырт көріністерінде көпке ортақ ұқсастық бар.
Қоңыраулы шолпы біріне-бірі тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес күміс
құтышалардан құралады да, олардың ішіне сылдырмақтар салынады.
Құтышалардың сырты әр түрлі өрнектермен безендіріліп, бұрыш-бұрышына
күлтелі меруерт, моншақ, теңгелерден салпыншақтар үзбелінеді. Қоңыраулы
шолпылардың әрбір детальдарын ұстап тұратын алтын, күміс алақандары бар.
Құтышалар мен салпыншақтар көптігіне қарай, біріне бір төгіліп, ажарланумен
қатар шылдырлап, сыңғырлап дыбыстар шығарып тұрады. Сыңғырлаған күлкісіне
сылдырлаған шолпысы үн қосады дейтін теңеулер осыдан қалған.
Қозалы шолпылар да негізгі алақан төңірегіне үзбеленген ромба,
тұмарша, домалақ қозалардан құралып, көптеген салпыншақтардан тұрады.
Қозалардың сабақтары қызыл , көк, жасыл су моншақтардан жасалып, әр түрлі
теңгелермен, таналармен, сабақты түймелермен әшекейленеді. Қозалардың
сыртындағы өрнек-оюлары каввказдалады. Әр алуан түсті асыл тастар бір-
біріне шағылысып, күннің, шамның жарықтарымен нұрланады да сан алуан
сәулелермен құлпырып тұрады.
Үзбелі, қос үзбелі шолпылар көбінесе арналып соғылған әшекейлі шаш
теңгелерді, ақша теңгелерді біріне-бірін үзбелеп жалғастыру арқылы
жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға
екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер мен теңгелердің арасындағы
үзбелер кейде лента сияқты күміс баулықтарды дәнекерлеп ұстау арқылы, кейде
теңгелерді тесіп шығыр өткізу әдісімен тізбеленеді.
2.2 Қақтап әшекейлеу зергерлігі
Мұндай әдіс ер-тұрман, асадал, шытырман қазық, қанжар, селбе (селебе),
семсер, айбалта, найза, садақ, орындық, босаға, аңшылық мүліктеріне және
осылар сияқты көлемді жихаздарға қолданылады. Мысалы, ердің қасын
күмістеуді алайық. Күмістеліп ағаш-ер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz