Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары


Мазмұны
Кіріспе . . . …. …2 - 4
I тарау. Негізгі бөлім . . . ………4
1. 1. Қытайдың Го хуа ұлттық бейнелеу өнері . . . …. 4 - 7
1. 2. Суретшінің еңбек құралы мен суреттің сыртқы
жабдықталуы . . …. . ……7 - 8
1. 3. Сызықтың қызметі . . . …… . . . 8 - 10
1. 4. Сызықтың сиқыры . …. …. . ……. 10
1. 5. « Гун би » және « сей » стильдері . …. ………10 - 12
II тарау. Жанрдың түрлері мен тақырыптары . …. ……. . 12 - 15
2. 1. Анималисттік жанр - « гүлдер мен құстар » жанры …. . … . . . 15 - 17
2. 2. Пейзаждық жанр - « сулар мен таулар » жанры . . . 17 - 20
2. 3. Карикатуралық жанр - мысқылшы суретшілер . . . …20 - 22
III тарау. Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары ……… . . . …. 22 - 26
3. 1. Орама суреттердің ерекшелігі . … . . . …26 - 27
3. 2. Тушпен жазылған суреттер . . . …. 27 - 28
3. 3. Бейнелеу өнеріне ойшылдардың келуі . . . …. . 28 - 31
Қорытынды . . . … . . . ……31 - 32
Пайдаланылған әдебиетттер . . . 32 - 33
Кіріспе
Қытай бейнелеу өнерінің бастауы бес- алты мыңжылдықтан алынуда. Ең көне бейнелеу өнеріне тастарға салынған өсімдік, жануар және адам бейнелерінің суреттерін жатқызуға болады. Бұл суреттер минералдық бояулы заттардың көмегімен салынған. Қола дәуірі кезінде адамдар қола бұйымдарға ең алдымен нышандық, аңыздық сипатты білдіретін ою - өрнектер салған. Көне дәуірдегі белгіленген бейнелік ескерткіштер жалған раритет болғанымен, олардың көмегімен біз қытай қауымындағы көркемдіктің жағдайы туралы сипатты бейнелей аламыз. Бізге дейінгі қағаз бен жібекте салынған бейнелеу жұмыстары көне зираттарды қазу кезінде пайда болған, олардың ең алғашқыларына екі мың жыл.
Тақырып бойынша көне қытай бейнелеу өнері бірнеше бөлімдерге бөлінеді, олар : портреттік бейнелеу өнері, пейзаждық бейнелеу өнері ( тау мен су жанры), гүлдер мен құстар жанры. XVII ғасырларда Қытайда Еуропалық бейнелеу өнері қалыптасты, оны қытайлықтар« Сян хуа» деп атай бастады, олар өздерінің бейнелеу өнерін - «ұлттық бейнелеу өнері »деп атады.
Қытайдың ұлттық бейнелеу өнері - шығыс өнерінің ең алғашқы бағыттарының бірі. Ол әлемдік өнерде жеке құбылыс ретінде көрінеді және тақырып құрылымы бойынша батыс бейнелеу өнерінен ерекшеленеді. Біз бұл жұмыста қытайдың ұлттық бейнелеу өнерінің дамуын және ағымын, сонымен қатар стилі мен ерекшеліктерімен танысамыз.
Тақырыптың өзектілігі. Қытайдың дәстүрлі бейнелеу өнері - « Го хуа » деп аталады. Суретшілер мен каллиграфтар бірдей материалдық құралдар мен жазу әдісін қолданады, яғни қытайда бейнелеу өнері мен каллиграфияның байланысы өте тығыз. Қытайдың бейнелеу өнерінде жанрлардың түрлері ерекше шеберлікпен суреттелген. Жанрлардың түрлерін теориялық тұрғыдан қолданғанымызбен бейнелеу өнері барысында қолдана алмаймыз. Бұл мәселелер көбінесе пәлсафалық толғауларда жиі ұшырасады, тақырыптың өзектілігінің өзі осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпта көптеген бейнелеу өнерінің ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ағылшын бейнелеу өнерінің теоретик ғалымы Дж. Роули қытай бейнелеу өнері туралы алғашқы түсінік берген жазушы. Бейнелеу өнері ғылым дарының докторы Глухарева. О. Н, В. В. Малявин, Виноградова сияқты атақты орыс ғалымдары қытай бейнелеу өнері туралы еңбектер жазған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыста қытай бейнелеу өнерінің шығу тарихы, оның ерекшеліктері, жанрлары туралы түсінік беру мақсат етілді. Сонымен қатар, суретшінің сурет салудағы негізгі ұстанымдары мен стильдері зерттелген.
Тақырыптың дерек көзі. Дипломдық жұмыстың дерек көзі ретінде -
« Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары » мен « қытайдың бейнелеу өнері - тарихтың суреттемесі » дерек көздері ретінде пайдаланылды.
I тарау. Қытайдың Го хуа ұлттық бейнелеу өнері.
Қытайдың ұлттық Го хуа бейнелеу өнері көне заманда пайда болған. Ол Eуропалық бейнелеу өнерінен өзінің материалы, техникасы және бейнелеу құралдарымен ерекшеленеді. Қытай суреттері тушпен, минералды өсімдік бояулармен және жұмсақ матадан жасалған ерекше қағазда салынады. Суретшілер өте жіңішкеден жуан қаламсапқа дейін қолданады
(5мм ден 5см ге дейін), ал штрихтері бұлт сияқты жеңіл немесе айдаһар секілді күшті болуы мүмкін.
Қытайда бейнелеу өнері мен каллиграфияның жақындығы туралы сөз бұрыннан келе жатыр. Суретшілер мен каллиграфтар бірдей материалды құралдар мен жазу әдісін қолданды. Қытайлық каллиграфиямен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыс өте тығыз. Олар стилистикалық бірлікте дами отырып, бір - бірін алға жылжытады.
Қытай бейнелеу өнерінде Батыста қолданылатын құралға ұқсамайтын ерекше туш қолданылады. Қытайда жазу мен сурет үшін әрқашанда бірінші орында плиткалар, жылтыры бар қара лак және туш қолданылды. Плиткаларды сумен сылау арқылы қою және сұйық консистенцияны жасап, арнаулы туш алады және осының көмегімен суретшілер реңнің кең түрін қалыптастырады. Су қосылған туштің көмегімен суретшілер қою қарадан ақшыл сұр түске дейінгі түстерді алады.
Қытайдың бейнелеу өнері үшін көп нүктелі және сирек нүктелі өрістік сипат тән. Қытай суретшісі ұзын және қысқа қағазда немесе жібек матада өзендік ауқымда сезілетін, көптеген ландшафттарды бейнелейтін өзенді сала алады. Бұған әрине фокустық өрістің көмегімен жету мүмкін емес, бірақ қытайдың бейнелеу өнерінің көп жоспарлы өрісі суретшіге өзінің сурет әлемін салуға толық кеңістік бере алады.
Қытайдың бейнелеу өнерінде терең пәлсафалық толғаулар жиі ұшырасады. Бейнелеу өнерінің әрбір даму кезеңінде конфуцизм, даосизм және буддизм ілімдері өз әсерін қалдырды. Бейнелеу өнерінің негізін қалаған - Сэ Хэ өзінің «Көне бейнелеу өнерінің дәрежелері» туралы ескертулерінде (490ж ) алты негізгі қағиданы басшылыққа алды, осылардың көмегімен суретші жаңа бір бастама жасамақ болды. Олардың бірі бейнелеу өнерінде «Қозғалысқа жанды ырғақ беру»болып табылады.
Қытайдың дәстүрлі бейнелеу өнерінде белгілі бір жанрлар белгіленген, олар тау мен судың пейзажы, гүлдер мен құстардың көркемдігі, портрет және анималистік жанр.
Қытай бейнелеу өнеріне белгілік мән берілген. Бейнелік ораманың құрылымы маңызды бастаманы анықтайды.
Аспан мен Жер, олардың арасында негізгі әрекетті бейнелейді, яғни ол суреттің ішкі динамикасын белгілейді. Құрылыс өнері бойынша трактаттар суретшіні келесіге үйретеді : «Қаламды түсірместен бұрын Аспан мен Жердің орны белгіленуі тиіс, ал олардың арасында пейзажды орналастырады».
Көне заманда белгіленген әлемнің дуалистік құрылымы Аспан мен Жердегі екі қарама - қарсы ұстаным ретінде сипатталады, ер азаматтың күші
- янь және әйел баласының күші - инь. Осы күштердің өзара байланысын бес алғашқы элемент жалғастырады, олар : су, от, ағаш, металл және жер. Жылдық айналым заттардың пайда болуы мен жойылуын сипаттайды. Жылдың төрт мезгілі қытай суретшілерінің жақсы көретін сарыны.
Қытай пейзаждарында таулар янь бастауының ерлік күші, ал су иннің әйелдік бастауы болды, осылардың әрекетінен ғаламшар пайда болды. Таулар жердің сүйегі, су ағымы қантамыр, қан өмір мен қозғалысты сипаттайды. Суретші осылар арқылы табиғат құбылысында жатқан әлемдік үйлесімді, ырғақты білдіргісі келді, сол себептен олар натурализмге ұмтылды.
Қытайлық пейзаждарда үш әлем бірігуде, олар : су әлемі, тас әлемі және ағаш әлемі. Оларды уақыттың ерекше көркемдік өнері мен кеңістігі біріктірді. Негізгі мән судың бейнесі болды, өйткені оны Құдайлардың сусыны ретінде санады. Аңызға сәйкес феникс құсы суды ішкендіктен, ол тазалық белгісі болып саналады. Сарқырама - Аспан мен Жердің түйіскен жері.
Тас әлемі бізді аспаннан жерге түсірді, тастар Аспан мен Жердің арасындағы әруақтардың белгісін бейнелейді.
Қытайдың бейнелеу өнерінде ағаштың тәрбиелік мәні бар. Мұнда көбінесе ағаш иілген келіннің келбетін бейнелейді. Ол қарапайым сұлулықтың белгісі болып табылады және табиғаттағы көктемнің белгісі болғандықтан сұлулық пен жақсылықты білдіреді. Әйел баласының көркемдігін әрқашанда осы ағаштың иілуі арқылы түсіндіреді.
Қытайдың бейнелеу өнерінде ер азаматтың бастауы; феникс ханзада әйелдік бастау; арыстан - қуаттылық пен рақымшылдықтың белгісі, жолбарыс - жамандықтан сақтаушы, тырна мен тасбақа ұзақ өмірдің белгісі, жарқанат, қарға - қуанышты хабардың белгісі, кептер - бейбітшіліктің белгісі; екі балық, екі көбелек, лотостың бір бұтақтағы екі гүлі - ерлі - зайыптылардың бақытты болуының белгісі, лотос - ішкі тазалықтың белгісі, пион - адам сұлулығының, байлықтың, баршылдықтың белгісі, карп балығы - сәттілік пен бақыт тілегінің белгісі, гранат - үлкен ұрпақтың белгісі.
Қытайдың бейнелеу өнерінде жазудың екі стилі бар : гун би - жатыңқыраған қалам және сей - көркемдік ой. Бірінші стильге жіңішке жазудың графикалық әдісі тән. Екіншісіне жалпақ қаламмен жазудың еркін нобайлық әдісі тән.
Сей суретшілері заттың сыртқы келбетін емес, оның мән - мағынасын бейнелеуге тырысты, бұл маманның басты мақсаты болды. Бұл екі әдіс бір- бірін өзара толықтырды. Бірақ сей стилінің негізгі дамуы гунби жазуының әдісі болып табылады.
Қытай бейнелеу өнерінде суреттің ерекше түрі бар, ол хуа фу немесе Хуа Цзюннің сурет орамасы. Олар цзю инь чэюге оралып арнаулы қаптарда сақталды. Бұлар суреттерді сақтау мен жинақтау үшін ыңғайлы.
Вэнь Жэнь Хуада бейнелеу өнерінің әсемділігі мен поэзия өлеңі каллиграфиямен сәйкестендірілді, иероглифтін сұлулығы мен поэзия өлеңі тек суреттің негізгі мәні мен идеясын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар бір- бірін толықтыруы арқылы оған ерекше сұлулық пен ойдың аяқталу негізін қалайды.
Қытайлық суреттің тағы бір ерекшелігі суретшінің жеке белгісі болып табылады. Ол металлдан, тастан (яшма, нефрит), тау хрусталінен, ағаштан, піл сүйегінен, тіпті қазір пластмассадан да жасалынатын болды. Әдетте белгі төрт бұрышты болып келеді.
Қытай бейнелеу өнерінің бастауы бес- алты мыңжылдықтан алынуда. Ең көне бейнелеу өнеріне тастарға салынған өсімдік, жануар және адам бейнелерінің суреттерін жатқызуға болады. Бұл суреттер минералдық бояулы заттардың көмегімен салынған. Қола дәуірі кезінде адамдар қола бұйымдарға ең алдымен нышандық, аңыздық сипатты білдіретін ою - өрнектер салған. Көне дәуірдегі белгіленген бейнелік ескерткіштер жалған раритет болғанымен, олардың көмегімен біз қытай қауымындағы көркемдіктің жағдайы туралы сипатты бейнелей аламыз. Бізге дейінгі қағаз бен жібекте салынған бейнелеу жұмыстары көне зираттарды қазу кезінде пайда болған, олардың ең алғашқыларына екі мың жыл.
Тақырып бойынша көне қытай бейнелеу өнері бірнеше бөлімдерге бөлінеді, олар : портреттік бейнелеу өнері, пейзаждық бейнелеу өнері ( тау мен су жанры), гүлдер мен құстар жанры. XVII ғасырларда Қытайда Еуропалық бейнелеу өнері қалыптасты, оны қытайлықтар« Сян хуа» деп атай бастады, олар өздерінің бейнелеу өнерін - «ұлттық бейнелеу өнері »деп атады.
Қытайдың ұлттық бейнелеу өнері - шығыс өнерінің ең алғашқы бағыттарының бірі. Ол әлемдік өнерде жеке құбылыс ретінде көрінеді және тақырып құрылымы бойынша батыс бейнелеу өнерінен ерекшеленеді. Біз бұл жұмыста қытайдың ұлттық бейнелеу өнерінің дамуын және ағымын, сонымен қатар стилі мен ерекшеліктерімен танысамыз.
Поэзияның, каллиграфияның, бейнелеу өнерінің және граверлік өнердің шектеулі қатынасы бар. Себебі, қытай жазуы идеографиялық жазба түріне жатады, әрбір иероглиф өзінің алғашқы дамуы кезеңінде кішкентай суретті бейнелеген. Бұған қоса, қаламның көмегімен бояп жазу шығармашылық қиялға кеңінен жол ашады. Сол себептен көне қытайлықтар каллиграфияны бейнелеу өнерімен тығыз байланыстырған, өйткені олардың пікірлерінше, бұл шығармашылықтың екі түрі де бірдей бастаудан шығады. Қытайлық суретшілер өзінің суретіне каллиграфияның элементтерін енгізген. Олар суретте каллиграфиялық стильде жазылған өлең жазбалармен бейнеленген.
Композициялық құрылымына келетін болсақ, қытай бейнелеу өнерінің батыс бейнелеу өнерінен басты ерекшелігі - қытай суреттеріндегі «бос» орын болып табылады. Бұл бос орындар бұлттың бейнесін, немесе судың бетіндегі тұманды, не болмаса қарапайым бос орынды бейнелеуі мүмкін. Бос орындар қытай суретінің маңызды композициялық элементі болып табылады.
1. 2. Суретшінің еңбек құралы мен суреттің сыртқы жабдықталуы .
Қытайдың ұлттық бейнелеу өнері батыс бейнелеу өнерінен өзінің еңбек құралымен және суреттің сыртқы жабдықталуымен ерекшеленеді. Еңбектің басты қаруы - қағаз, қалам, туш және туш құтысы. Оларды қытайда “бөлменің төрт қазынасы ” деп атайды. Көне заманда қытай суретшілері жібек матаға сурет салған, оған судың әлсіз сіңуінен сызықтар өте жіңішке сызылған, ал бояулар ашық түсті болған. XIII-XIVғасырларда Аньхой провинциясында қағаздың ерекше түрін (сюань чжи) жасау технологиясы пайда болды. Кейін “сюань чжи” ағаш тамыры мен күріштің сабағынан ерекше технология бойынша жасалды. Сюань чжиге салынған суреттердің ерекше бір қасиеті, олар өте жақсы сақталатын.
Қытай суретшілері сызықтық өріс, пропорция секілді батыс бейнелеу өнерінің әдістері арқылы емес, тушпен салынған сызықтың әртүрлілігімен, штрихтардың көмегімен ерекшеленді. Қытай суретшілері киімді салған кезде сызықтың он сегіз түрін қолданған. Осындай сызықтардың, нүктелер мен штрихтардың әртүрлілігін қолдану арқылы суретші обьектінің нақты бейнесін келтіре білген. Суретшіге қойылатын талап - қалам қозғалысындағы жақсы екпін мен ырғақ, және оны басудың нақты күші. Қытайлықтарда сурет қаламы жазу мен сурет салу үшін бірдей қолданыста жүрді. Ол бамбук немесе ағаш сабынан және ұшында жануардың жүнінен жасалған қыл орамнан құралады. Қалам берік және жұмсақ болуы керек. Мұндай қалам сызық пен белгілердің әртүрлі болуына мүмкіндік береді, олар күшті және жеңіл, жалпақ және жіңішке бола алады. Суретші суретті салған кезде бірден тоқтап, кейін қайта салған кезде ерекше әсер алады, осы кезде қылқалам қозғалмауы қажет.
Суреттің сыртқы жабдықталуының үш түрі бар, олар: тік орама, көлбеу орама және жайпақ суреттер. Тік орамадағы суреттер қабырғаға ілінеді. Көлбеу орамадағы суреттер бумаға оралады. Бұл суреттерді жақсы сақтау үшін, оларды арнайы қаптарда сақтаған және біздің заманымызға дейін сақталып келген.
1. 3. Сызықтың қызметі .
XX ғасырдың 4070жылдарында Хунань провинциясында археологтармен, Соғысушы Хандықтар мен Батыс Ханьнің бастауы кезеңіне жататын жібекке салынған бірнеше суреттер табылған. Осы зерттеулердің нәтижесінде, адамзат екі мыңжыл бұрын пайда болған бейнелеу өнерінің даму деңгейі туралы мәлімет алды.
Хунань провинциясы Янцзы алабының орта ағысында орналасқан. Соғысушы Хандықтар дәуірінде, яғни бұдан екі мыңжыл бұрын бұл жерде Чу хандығы болған. Чудің негізгі түбірі көне қытайдың отаншыл ақыны Цюй Юань болған. 1949 жылы қытай археологтары Чаншы қаласының маңында Чу қабырларының қазбаларын жүргізген кезде, олар феникс құсы мен айдаһардың және жоғары дәрежелі әйелдің мүсіні бейнеленген суретке тап болды. Бұл сурет Соғысушы Хандықтардың дәуірінен қалған екі суреттің бірі болып табылады.
Осы суреттің көлемі қол орамалдікіндей, онда бейнеленген әйел қолын кеудесіне қойып, сиынып тұрған секілді, оның шашы дәстүрлі түрде жиналған, ұзын көйлегі жерге дейін тиіп тұр, жіңішке белі белбеумен оралған. Яғни Чу хандығының кезінде жіңішке белді әйелдер сұлулықтың белгісі болып саналған. Суретте әйелдің бас жағында сиқырлы құс феникс өзінің қанатын кеңге жайып, басын жоғары көтеріп тұрғандығы бейнеленген. Феникске қарама-қарсы айдаһар суреттелген, ол өзінің қолын феникске қарай созып тұр. Қазіргі таңда осы суреттің құрылысына көптеген көрермендер таң қалады.
Бұл сюжеттің мазмұны бірнеше мағына беріп тұр. Бірінші болжамға сәйкес, бұл сурет бейнелік мағына береді, феникс құсы- өмір мен бейбітшілікті білдірсе, ал айдаһар - өлім мен соғысты білдіріп тұр. Суреттегі әйел бейнесі феникс құсының айдаһарды жеңу үшін дұға етіп тұрғандай. Тағы да бір болжам бойынша, суреттегі әйел - мифтік император Фусидің Мифэй атты қызы. Осы аңыз бойынша, бір күні Мифэй өзеннен өткен кезде суға түсіп кетеді, сөйтіп Лошуй өзенінің перісіне айналып кетеді. Ұлы қытай ақыны Цюй Юань өзінің өлендерінде оның атын атап кеткен. Бірақ зерттеушілердің пікірі бойынша суретте бейнеленген әйелдің Мифэйге қатысы жоқ және бұл асыра айтылған ой, негізінде бұл қабырда жерленген әйелдің мүсіні, ол өзінің жаны жаннатқа түсуі үшін дұға етіп тұр.
Ал 1973 жылы, жиырма төрт жыл өткеннен кейін осы Чаншы қаласының маңында бұрын табылған суреттің көлеміндей тағы бір сурет табылды. Ол да жібекке салынған, бұл суретте - « Айдаһардың үстіндегі шабандоз » ( ren yu lun tu ) бейнеленген. Онда айдаһарды ерттеп алған жоғарғы дәрежелі ер азамат бейнеленген. Шабандоз қытай көйлегін киген, басы оралған, белінде қылышы бар. Адам тізгінді қысып ұстап тұр, ал айдаһар болса құйрығымен қатты ұруда. Бұл қойылым айдаһармен жарысты сипаттайды. Зерттеулердің нәтижесі, сол қабырда жерленген ер азамат бейнеленген суретті көрсетеді.
Қорыта келгенде, екі суретте де бейнеленген айдаһар мен феникс құсы өлгендердің әруағын жаннатқа қарай жол сілтеушілер, олай болатын болса, жоғарыда айтылған суреттегі әйелдің сиынуы түсінікті болып тұр.
Батыс Хань дәуірінің жібектегі суреттері.
1972-1974 жылдар аралығында археологтар Батыс Хань ( б. д. д. 606 ж- б. д. 2м. ж. ) дәуірін дәлелдейтін Чанша қаласының шығыс бөлігінде орналасқан Маваньдуй әулетінің қабырын қазумен айналысты. Олар қазылған үш қабырда да Дай ханы Ли Цанның отбасы мүшелері жерленгенін дәлелдеді. Мұнда бейнелеу өнеріне жататын көптеген қазба байлықтар табылды.
Мавандуйлік жинақтан бірнеше сурет табылды, бірақ ең жақсы сақталған жібектегі сурет №1 қабырда табылған. Бұл сурет « Т » формасындағы жібекте салынған. Құрылысы жағынан ол үшке бөлінеді : жоғарғысы - жаннат, төменгісі - тозақ және ортасында өмір сүру ортасы. Автор тозақ пен жаннатқа аңыздық ұсқынсыз кейіпкерлерді бейнелеген, ал ортаңғы бөлікте Дайстік ханның жұбайының күнделікті өмірі суреттелген. Суретте бейнеленген ханшайымның жасы кәрі, ол таяққа сүйеніп тұр. Ал ханшайымның жан - жағында қызметкерлері суреттелген. Мұндағы бейнеленген әйелдің пішіні қабырда табылған әйелдің қанқасына сай келеді деген тұжырымдама шықты. Яғни суреттің авторы ауқатты отбасынан шыққан әйелдің бейнесін жақсы суреттей білген.
1. 4. Сызықтың сиқыры.
№1 қабырдан табылған Мавандуйлік сурет өзінің мазмұнымен таң қалдырады. Мұнда бейнеленген тозақ, жаннат, күнделікті өмір, фантастика, адамдар, жануарлар, құстар, күн, ай мен жұлдыз көне қытай туралы ақпараттың үлкен көлемін сипаттайды. Осы жағынан Батыс Хань бейнелеу өнері Соғысушы хандықтар дәуіріндегі суреттерден әлдеқайда алға жылжыған.
Соғысушы хандықтар мен Батыс Хань кезеңіндегі суреттер бойынша көне қытайдың бейнелеу өнері туралы көптеген көзқарастарды құрастыруға болады. Ең алдымен, қағаздың пайда болуынан бұрын суреттер жібекте салынған, бірақ қағаздың пайда болғанынан кейін де көптеген суретшілер өз суреттерін жібекте салғанды қалады. Суреттегі басты элемент сызық болып табылады.
Сызық - бұл ерте дәуірдегі суреттерде жиі кездесетін элемент. Әйгілі де, әйгілі де емес суретшілер өздерінің қаламды ұстау өнерімен ерекшеленді. Осы қаламнан шыққан сызық өзінің жуандығымен, туштық бояудың қалыңдығымен ерекшеленді. Осы сызықтың көп түрлілігімен суретші толық өмірді бейнелей алды.
1. 5. Гун би және сей стилі
Негізінде қытайдың бейнелеу өнерінде екі стильді бөліп қарастырған жөн:Гун би және сей.
Гун би стилінде салынған суреттегі сызықтар анық жазылуы тиіс. Суретші суретті минералды бояумен бояйды, өйткені мұндай бояулар ұзаққа шыдайды және ашық түстерді сипаттайды. Гун би стилімен жұмыс істейтін суретшілер көбінесе сарайларда сурет салған, тіпті онда әйгілі адамдарда жұмыс істеген.
Гун би стиліне қарағанда сей стилінде жазылған суреттер анық, әрі онда нақты сызықтар болмайды . Бұл кезде суретші заттың нақты бөлшегін сипаттағаннан гөрі сезімді яғни, рухани сезімді беруге ұмтылады. Сей стилін кейде «қатты қалам» деп те атайды. Бұл стильдегі суретшілер әсірелеу әдісін қолданған. Сей стиліндегі суретті көшіру өте қиын. Көптеген суретшілер қара, ақ, сұр бояулармен суретті салған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz