Әнші Мұхит және оның өмірі мен өнер жолы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 4
І Бөлім Кіші жүзден ән оздырған дарабоз 8
Әнші Мұхит және оның өмірі мен өнер жолы 8
2. Мұхит әндерінің жинақталуы 11
ІІ Бөлім Өзі өлсе де, сөзі өлмес 14
Мұхит әндеріндегі әуезді ерекшілік 14
2. Әр әнде бір сыр жатыр (әндерінің шығу тарихы) 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Ән – құдірет. Адамның бойындағы сезімдерін сыртқа шығаруда басты құрал
- ән екендігінде дау жоқ. Әсіресе, халық әндерінің үлкен қазына екендігіне
еш шүбә келтіруге болар ма екен, сірә?
Осындай сипатқа ие болуы – халық әндерінің табиғи тазалығында жатқан
секілді. Халық әндерінің тартымды да көңілге қона кететіндігі де – осында.
Өйткені, бұл әндер – жасанды көз бояушылықтан аулақ, табиғи таза ойдан
туған әндер. Жігітке өнер де - өнер, өлең де - өнер, - деген халықтық
нақыл сөз халық әндерінің саф алтындай тазалығы турасы жайында айтылса
керек – ті.
Қазақ халқы жай сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім тасқынын ән арқылы
шығарған. Дала, оның тау – тасы, қырмызы гүлі, ашық аспаны, адамның қапасы
мен наласы, сүйініші мен күйініші, қызығы мен той – думаны – бәрі – бәрі
көз алдыңнан тізбектеліп өтіп жатқандай... Міне, ән құдіреті деген осы!
Қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты, өлең шығарушы бір
жағынан композитор, ол шығармасына әуенді де, ырғақты да өзі береді.
Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов: Қазақтар ән айтуда алдына жан салмайтын
халық. Шынында да, қазақтардың дауыстары таза, үні үнді, құлақтарының естуі
тамаша. Қазақ салған әндерде ерекше бір әуез, ерекше бір сурет бар[1],
деген пікір айтқан екен.
Халық әндері – халық өмірінің барлық жағын көрсететін, шындыққа, сырға
толы, жарқын, көзі тірі халық тарихы. Бұл, әрине кім шығарғаны белгісіз,
халық арасында ауызша тараған әндер жайындағы пікіріміз. Ал, осы халықтық
әндеріміздің әрі қарай іргелілеп, тұжырымды зерттелу барысында халық
арасынан шыққан әнші – композиторларымыз және олардың әндерінің дәстүрлі
өнерге айналуы турасында не білеміз?! Қазақтың халық композиторларының
өмірі мен шығармашылығын зертеп, саралау енді – енді ғана қолға алынды.
Міне, сондықтан да, өзіміз дипломдық жұмысымызға басқа халық әншілеріне
қарағанда, шығармашылығын саралауда, зерделеуде әлі де болса жеткіліксіз
жағы көп дарабоз әнші Мұхит Мералыұлының өнері мен әншілік құдіретінің
ерекшелігін көрсетуді мақсат еттік. Әрине, өзім осы жұмысыма Батыс
қазақстан өңірінің дәстүрлі ән мектебінің өкілі болып табылатын Мұхит
бабамыздың әншілік ауқымы, шығармашылығының ерекшелігі жайында әр түрлі
зерттеулер мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік бір саралау жүргізуді
мақсат етіп қойдым. Анықтап айтқанда, төмендегідей басты – басты бөлімдерге
бөліп қарауды мақсат еттім:
1. Мұхит бабамыздың өмірі мен өнер жолы жайында.
2. Әншінің мұрасы хақында (әндерінің тарихы, классификациясы,
ерекшелігі).
3. Шығармашылығының зерттелу жағдайы.
4. Дарабоз әншінің шығармашылығының өміршеңдігі (ізбасарлары,
шәкіррттері).
Жоғарыдағыдай мәселелер төңірегінде ой қозғап, тұтас бір бүтін жұмыс
жазып, жинақтау – басты мақсатымыз.
Бұған себеп не? Әншінің шығармашылығы туралы жұмыс жазу қалай пайда
болды?
Оның себебі: Батыс Қазақстан өңіріндегі дәстүрлі әндерді орындау
үлгісінің әрқашанда Мұхит есімімен байланыстырылатындығында. Бұл, әрине,
ойдан шығарылған тұжырым емес. Жақсыбай атанып кеткен дәстүрлі әндерді
орындаушылардан осы өңірде басқа да талай саңлақ әншілердің есімі белгілі
болса да, күні бүгінге дейін жалғастығын тауып келе жатқан дәстүрлі
мектебінің бастауын қалайда Мұхит есімімен байланыстырамыз.
Сөзіміз негізсіз болмас үшін, біз қазақтың батыс өңірінің ХІХ ғасырдың
бас кезіндегі тұрмыс – тіршілігі мен ойлау дүниесіне, мәдени өмірі мен
өнеріне аз ғана саяхат жасайық.

ХІХ ғасырдың аяқ жағында Батыс Қазақстан өңірінің үштен бір бөлігі
Россия империясының құрамына енсе, ал орталық және оңтүстік бөлігі (Арал
теңізі, Сырдария, Үстірт, Маңғыстау) Хиуа хандығы мен түркілген
әкімшілігінің қол астына қарады[2]. Тұтастай алғанда бұл өңіз өзінің
географиялық орналасу жағынан болсын мәдени, діни, әлеуметтік жағынан
болсын, қазақтың басқа аумақтарынан ерекшеленіп отырды. Міне, осы ерекшелі
бұл өңірдің мәдени өміріне де ерекше ықпал етті. Бұл жердегі қазақтардың
өмір тіршілігіне қаншама діни бағыттағы болсын, әлеуметтік болсын
өзгерістер енгенмен, сол өзгерістер ішіндегі ең тұрақтысы – батырлық қасиет
болды. Батырлық идеология Кіші жүз жұртшылығының менталитетінің көрсеткіші
болды. Дәл осы батырлық рух, батырлық леп халықтың тіршілік – тынысында
немесе ойлау қабілетінде ғана емес, мәдени өмірінде де берік орын тепті.
Батырлық қасиет афоризмдер мен қанатты сөздерінде, қазақтың батыс өлкесінің
отты да қуатты домбырасымен сүйемелденетін әндерінде көрініс тапты.
Батырлық пен ерлікке бағытталған көп ғасырлық дағды бұл өлке қазақтарының
ерекше психологиясын, мінез – құлқын, өмір ұстанымын қалыптастырды. Осы
үрдіс, осы қасиет Мұхит әндерінен ауытқып кете алған жоқ. Өзінің
айналасынадағылардың қайғысы мен мұңына, шаттығы мен қуанышына ортақтасу,
тіпті біреудің басындағы бақытсыздықты өзінің төл бақытсыздығындай көріп,
қайғы жеу – Мұхит әндерінің басты ерекшелігі.
Мұхит әндері барлық жағынан да (әуезділігі мен сөз саптауы, әншілік
орындалуы тақырыбының сан алуандылығы) өте күрделі де ерекше сипатты болып
келеді. Дарбоз әншінің шығармашылығының сөзбен жеткізе алмас сипатта болуы
– халықтың оған сал атағын беріп, қошеметтеуінің басты себебі болса
керек.
Мұхит әндерінің осындай сан – салалы да күрделі сипаттары қазақтың
батыс өңіріндегі ән дәстүрінің ерекшелігін, өзгеше бір бояуы бар екендігін
айқындайды.

... Мұхиттың әні жан азығын молайтқандай кейбіреулері үшін сонау бір
жас кездегі ойын – сауық, думанда кештерді көз алдына келтіргендей болды.
Баста тыңдаушылар бір әнші келді, біраз көңіл көтеретін болдық – ау деген
сияқты ойда болғанмен, Мұхиттың қажырлы әндерінің сөздерін түйгенде, жай
қыдырма өнерпаздың бірі емес, кесек тұлғалы адамды көрді. Оны әні
отырғандардың әрқайсысының да іштегі жатқан шерлерін жібітті...[3]
Мұхит әніне орындаушылық шеберлігіне берілген баға осындай.

І Бөлім Кіші жүзден ән оздырған дарабоз

Әнші Мұхит және оның өмірі мен өнер жолы

Кезінде өз заманының дүлділі де дарабозы Мұхит (шын аты Мұхаметкерей)
Мералыұлы 1844 жыл Орал губерниясы, Жымпиты уезі, Жақсыбай болысының 9 –
ауылында (қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданы Саралжын совхозының №1
фермасына қарасты Ақбақай жеген жерде) дүниеге келген. Әншінің әкесі
Мералы біршама дәулетті де бақуатты кісі болған. Мералыдан Паңгерей,
Шаңгерей, Жанша, Жүсіп сынды алты ұл мен Саржан, Дәржан атты екі қыз туған.
Балаларының бәрі де күшті домбырашы, әнші болғанымен де, өнерпаздық жолды
берік ұстанғаны Мұхит болған. Әннің әсем әуеніне жастай еліктеп, өнермен
етене өскен Мұхит бақытын әншіліктен тапты. Ол бала кезінен – ақ музыкаға,
ою - өрнек салуға құштар болған. Бір естіген әнін дауысқа салып та,
домбыраға салып та үйренеді.
Мұхиттың домбырамен, ән салумен әуестенуіне бір себеп – Мұхиттың
балалық шағы кем – кетіксіз өтеді. Ойын – сауық, өлең – жыр қуған
туыстарының қасында бірге жүріп, жастайынан өнердің дәмін татып өседі. Ал,
әкесі Мералы балаларының ішіндегі жақсы көретін сүйіктісі – Мұхитқа көп
сенім артады. Ол сенім – ата жолын қуар деген сенім еді. Ата жолы деп
отырғаны – Мұхиттың арғы атасы ақсүйек төре тұқымы Қаратайдан тарайды.
Мералы осы төре тұқымына тән қасиет - әкімшілікке бағыштайды да, баласы
Мұхитты ауылнай етеді. Бірақ, Мұхит әке көңілін қимай ауылнай болғанымен
де, көп ұзамай қағаз толы қоржыны мен мөрін ауылдасына табыстап, өзі
біржолата өнер жолына түседі. Әкесінің еншіге берген малдарын келген
қонағына сойып, әдемі киім кию үшін базарға апарып сатады. Сөйтіп,
қарасында жалғыз сиыры қалады.

Мұхитта мал дегенде жалғыз сиыр,
Болады баспағымен төртеу биыл.
Мұхиттың шаруамен жұмыс жоқ,
Елдегі ойын менен жиынға үйір, -
деп өзінің кедейлігін тыңдаушы халыққа жариялап та отырған.
Мұхит өзі естіген әндерді нақышына келтіріп, біраз уақыт орындаушы
болып жүрген. Ол Орал өңірін түгел аралап, Орынбор, Қостанай, Жаманқала,
Орск, мына жағы Аралдан Қазалыға, дейін барады. Әуелгі баста Жақсыбай
бойының Мұхиты болса, енді әншілік даңқы көп жерге жайылып, әнші Мұхит
атанады.
Әншінің ел аралау арқылы өмірге деген көзқарасы өзгеріп, әншілік
тәжірибесі молаяды. Бойындағы өнердің қадірін малданда, байлықтан да артық
санайды.
Шындығында, Мұхиттың орындап жүргені – халықтың рухани қазынасы, ән
саласындағы ортақ байлық.
Мұхит біраз орындаушылық тәжірибе жинақтағаннан кейін, ол өз жанынан ән
шығаруға да талаптанады. Мұхит орындаушы, әнші ғана емес, ол – үш
ерекшелікті иемденген дарабоз тұлға. Мұхиттың ән өнеріндегі ерекшелігін
төмендегідей үш көрсеткішпен бағалаған ләзім:
1. Әннің сөзін өзі шығара білетін ақындығы;
2. Сазын келтіре білетін композиторлығы;
3. Әнді орындаушылық шеберлігі.
Мұхит халықтың байлығы еліне жаюшы, мадақтаушы, сол байлықты елімен,
халқымен бөлісуші бола білді. Ол - өзінің әншілік қабілетін өз бетімен
дамытушы дарабоз, дәстүрлі ән өнерінің саңлағы.
Дарабоз әншінің өзінен, өз көккейінен туған әндер қатары өте көп. Олар
атап айтсақ, Алуаш, Зәуреш, Ақ иіс, Қилым, Бала Ораз, Айнамкөз,
Қара қаншық, Дүние, Дөңасқан, Еркем, Жылқышы, Көк айдай, Кіші
айдай, Үлкен айдай, Көкжар және тағы да басқа өлеңдер болып тізбектеле
береді.
Музыка зерттеуші А.Затаевичтің сөзімен айтқанда, Қазақстанның Батысына
тән ерекше пафостағы, сахараның кең тынысын танытатын әндер[4] болып
табылатын өнер қоржыны осындай.
Әншінің денесі өзінің туған жері – Ақбақайда жерленген.
Мұхит бабамыздың ұрпақтарына келетін болсақ, 1991 жылдың маусым
айындағы деректер бойынша әншінің 16 шөбересі, 48 немересі, 25 шөпшегі бар
екен.

2. Мұхит әндерінің жинақталуы

Саңлақ әншінің асыл мұрасының біразы кейінгі ұрпаққа молынан жеткен.
Бұл орайда Мұхиттың басқа әншілерге қарағанда бақыты зор, шоқтығы биік деп
айтуға болады. Себебі, бұл орайда әншінің өз ұрпақтары (балалары,
немерелері) музыкаға аса қабілетті болып, бабамыздың ән мұрасын
кейінгілерге жеткізуде үлкен роль атқарған.
Белгілі өнер зерттеушісі А.В.Затаевичтің еңбегінің шоқтығы биік
тұрады. Ол 16 жыл бойына іздеп, зерттей жүріп, қазақтың халық музыкасының
23 мыңдайын нотаға түсірген. Солардың ішінде Мұхит әндері де бар.
Әншінің ағайындарының бірі – Ғанбар Медетов (1898-1940 ж.ж.)
Орынбордың реалдық училищесінің курсанты бола жүріп, өнерге өте бейім
болған. Жақсы әншілігімен, домбырашылығымен көзге түсккен. Ғанбордан 1923
жылы Мұхиттың Жуас қоңыр, Дүние-ай, Соқыр қыздың әні және үш күйі
жазылып алынған.
Мұхиттың жиені, Санкт-Петербург университетін бітірген белгілі юрист
Бақытжан Қаратаев та (1860-1934 ж.ж.) көптеген естеліктер қалдырған. Мұхит
өз ортасында әзілқой, тілінің қуы бар, әңгімешіл адам еді. Оны қай үйге
барса да жатырқамай, жылы қабылдайтын-, деген екен Бақытжан Қаратаев
нағашысы турасындағы бір естелігінде[5].
Мұхит әндерін орындаушылардың тағы бірі – Теңізбай Аймурзин. Ол
Орынбор кавелерия – мектебінің курсанты бола жүріп, домбырада ойнау
шеберлігін үйреніп, асқан домбырашы болған. Теңізбайдан А.Затаевич Ілме
күй, Теріс-Қақпай күйлерін (Мұхиттың күйлері) жазып алғандығын
айтқан[6].
Атақты Алма Оразбаева да (1898-1943 ж.ж.) өзінің жұмсақ әуенді
дауысымен Мұхиттың Айнамкөз әнінің бөкейлік вариантын жаздырған.

Мұхит әндерін айтып, нотаға түсірушілер қатарында Кенжеғұл Теміров,
Салық Ихсанғалиев, Мұрат Қартаев, Қаныбек Бисенов, Айша Бабасова, Сапарғали
Қалжанов, Бисен Өтемісов, Биғали Шоқанов, Құбайдолла Мұхитов болды.
Мұхиттың немересі Шайхы (баласы Нәуден туған) өте өнерпаз адам
болған. Атасының әндерін өте шебер орындаған.
Тағы да бір туған немересі, әрі әнші, әрі күйші Лұқпан Мұхитов (1894-
1957 ж.ж.) атасының әндерін айтып беруде, атасы туралы көптеген өмірбаяндық
мәліметтер айтып беруде көп еңбек сіңірген. Лұқпан Мұхитов кейіннен
ҚазақССР халық артисі болды. 1933-1934 жылдар аралығында қазақ радиосы
арқылы Мұхит әндерін таратқан. Онымен бірге Тәмти Ибрагимова да радио
әншісі бола жүріп, Мұхит әндерін насихаттауға өзіндік еңбек сіңірген.
Шынтас Қаратаев (Қаратайдың Тілеуінен туған) Мұхиттың асында көп жүріп,
әндерінің орындау әдісін үйренген, басым көпшілігін жазып алған. Ол
Мұхиттың Зәуреш деп аталатын әнінің алпысқа тарта шумағын жазып берген.
Мұхит әндерін бабына келтіріп, шырқатып, үгіттеген адамдар өте көп
болды. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Ғ. Құрманғалиев,
Алматыға келіп, көп жылдар Құрманғазы оркестірінде домбырашы болған, Нағима
Абилева сияқты өнер майталмандары да бар еді.
Н. Г. Гоголь: Халық әндері – халық өмірінің барлық жағын көрсететін,
шындыққа, сырға толы, көзі тірі халық тарихы. Егер оның өмірі оқиғаға толы,
сан түрлі еркіндік іздеген поэзиямен толы болса, сонымен қатар ол білім
бұлағынан қана алмай қалған болса, оның барлық жігері, сыртқа шығар күші,
таза қалпында тұрған болмысы халық әндері арқылы тасқындап сыртына
шығады[7], - деп, халық әндерінің киелі қасиетін осылайша бағалаған екен
өзінің Малоростардың әндері жөнінде деген мақаласында. Осындай бағалауға
тұрарлық әндер қатарынан қазақтың батыс даласында қанатын кең жайған Мұхит
әндері кең орын алары сөзсіз.
Музыка зерттеуші ғалым А. В. Затаевичтің өзі де:
Қазақстанның батысында Мұхит творчествасын белгілі ән школасы деп қарау
керек[8], - деген баға берген. Ия, шындығында әнші бабамыздың жинақталған
барлық өнер мұрасын саралағанда, осындай тұжырымды ойға келесің. Талай таң
– тамаша қалатындай қазақ мелодиялары бұдан да аз кездеспейтін, бірақ кең
диапазонды, сахараның кең сахнасын шарлап, самғап кететін сұлу әндер Мұхит
шығармашылығында көп екендігі даусыз[9].

ІІ Бөлім Өзі өлсе де, сөзі өлмес

Мұхит әндеріндегі әуезді ерекшілік

Ұлы ақын Абай атамыз Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле
көрсетер судай анық[10], - деп, жүректен шыққан ән мен музыканың жүректі
тербеп, толғататындығын анық айтқан болса, сондай әндерге Мұхит өлеңдерін
жатқызар едік. Мұхит әндерінің өзіндік бір әуезді ерекшелігі бар.
Мысалы, халық арасына көп тараған Айнамкөз әні – үлкен дауыс шеңберін
тілейтін ән. Әннің тынысы шалқыған кең. Басынан аяғына дейін лирика, ешбір
қайғының ізі жоқ. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс күшінің
тегістігін тілейді.
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу қарағым, сен түскенде,
Қайнайды зығырданым қай – қайдағы.
Әннің бас екпіні Айнамкөз деп әннің атын қосу арқылы ұзартып,
айрықшаланып отырады. Бұл ән – А. Затаевич айтқандай жазық далада,
сахарада туған және үлкен де жылы жүректен шыққан[11] ән.
Әншінің Қилымөлеңінің де саздылық бір ерекшелігі бар. Дыбыстық көлемі
жағынан Алуашқа ұқсағанымен, ырғақ жағынан бөлек. Жалпы тынысы тарырақ,
демалысы жиі, жүректің тезірек соғуындай ырғақта айтылады. Тек қайырмасында
ғана ән бұрынғы екпінінен жайлап, саздылық қалыпқа түсіп, майда қоңырланып
барып бітеді.
Ал Ақ Иіс әні бұрынғыларына мүлде ұқсамайды. Бұл ән көбіне сөзін
есіттіріп, тақпақтап айтылуға арналған. Екпіні жүрдек, мелодиясында
қалжыңның үні бар.
Дарынды суреткер адамның жақсы қасиеттерін баянғанда да, біреуді
кемітейін дегенде де тиісті дыбыс бояуын әдемілендіріп табады.
Жылқышы әніндегі әуез де әуен де мүлдем басқаша. Бұл ән салған жерден
жаңғырту шегіндегі дыбыстардан басталып, сол дыбысқа қайта – қайта үш –
төрт рет оралады. Содан кейін ғана, ақырын баспалдақ бойымен түскендей,
төмендей бастайды. Бұл ән халық арасында Жылқышы болып та, Бала Ораз
болып та, Кіші айдай болып та жайылып жүр.
Осы Жылқышыға диапазоны, өлең құрылысы жағынан жақын келетін әні –
Бала Ораз. Бұл ән кейде Үлкен айдай болып та айтылады. Бұл ән бірден
емес, орта регистрден жағалаңқырап барып, жоғары шығады. Мұнда бірінші және
екінші өлең жолдарына келетін музыкалық сөйлемдер бірін – бірі қайталап
отырады. Тек екінші сөйлемнің аяғында әуен қайтадан жоғары көтеріліп, әлі
де әңгіменің бітпегенін тыңдаушыға хабарлағандай болады. Содан кейін барып
шумақтың аяғына көшіп, мелодия жолы бірнеше рет иретіліп, оралып, бітеді.
Бұл ән орындау дарынын, кең дауыс шеңберін, үлкен жігер – күшті керек
етеді.
Ал Зәуреш әні - өз алдына өзгеше ән. Бұл дауыстың жоғарғы дауыс
күшінің дәрежесінен басталады да, асықпай – саспай жай жүреді. Өлеңнің бір
шумағы бойы мелодия қайталамай, үнемі жаңа бір үн қосылып, зар үстіне зар,
қайғыға қайғы қосылып, жамала береді. Әннің негізгі контексінде артық бір
дыбыс жоқ, бірі мен бірі жалғасқан, бірін – бірі толықтырып тұрған үздіксіз
даму, шынығу жолындағы мелодия толқыны аяғына дейін тыңдаушыны билеп, ұстап
отырады. Бұл ән – Реквием сатысына көтеруге жарайтын шығарма. Құрылысы
да, мелодиялық кескіні де анау – мынау әншінің маңдайына сиятын ән
емес[12].
Мұхит әндерінің ішінде музыкалық мазмұнының тереңдігі жағынан мәндісі –
Дүния әні[13].
Бұл әннің бірнеше бөлімдері нотаға түскен. Ән орта регистрден басталып,
жоғары баспалдақтап өрлейді. Айнамкөз сияқты әннің негізгі кеудесі
өлеңнің екі жолымен бітеді.
Бірақ екінші сөйлемде өлең жолының соңғы сөзінің алдында Дүния деген
сөздің қосылуы арқылы сөйлем ұзаяды. Дүния - ақырын, жай екпінде шырқала,
созыла айтылатын өлең. Кәсіпқой композиторлар әдейі ойлап енгізетін
альтерациялық дыбыстар әннің орта шенінде әшекейленіп, жаңа бір әуенді
естіртеді.
Бұндай әдіс әнге ерекше бір әуезділік, ерекше бір әсемділік әкеледі.
Бұл - әншінің үлкен дарындылығын көрсетеді.
Әншінің халық арасында тағы бір кең тараған әні – Иіс[14]. Бұл ән
дауыстың төменгі регистрінен қоңырлата басталып, сол мөлшерде біраз
кідіріп, өлеңнің үшінші жолында көтеріле айтылады. Осы күйде Мұхитқа тән
жоғарғы регистрде тоқтап тұрып, жайлап төмен түседі.
Мұхиттың әншілік те, сазгерлік те дарабоздығын көрсететін әндерінің
бірі – Қыпшақ[15]. Бұл ән әуелгіде жай басталып, аяғында бірден жоғары
шығып шырқалады. Өлеңнің алдыңғы үш жолы қысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Арқаның дәстүрлі ән мектебі
Жайықта мен қазақпын
Әнші Әлмағанбет Қапсәләмұлы (1870-1931)
Сыр бойының жыраулық мектебі
Мұхит Мерәліұлы
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Балуан Шолақтың ән мен өлеңін өрбітуге ықпалы
Батыс Қазақстандағы музыкалық мектептің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер