Романтизмнің мәдени және саяси - әлеуметтік бастамалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шопен және Батыс Еуропа мәдениеті

Орындаған: Байдаулетов А.Д.

Тексерген:Алпысова А.С.

Жоспар

Кіріспе
I. ХІХ ғ. Батыс Еуропадағы мәдени ахуал
1. Романтизмнің мәдени және саяси-әлеуметтік бастамалары
2. Романтизмнің мәндік жағы мен негізгі мәселелері
II. Музыкадағы романтизм
1. Шопен – польшалық ұлттық-музыкалық мектептің негізін салушы
2. Шопен эстетикасының ерекшеліктері
ІІІ. Шопеннің дүниежүзілік музыкалық мәдениеттегі орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Романтизмге деген бағыт, мектеп, стиль, көркемдік әдіс, дүниетанымдық
тип ретіндегі әр түрлі көзқарастардың бытыраңқылығы бұл мәдени-тарихи тип
ретіндегі құбылыстың зерттеу проблемасын актуалдандыра түседі. Романтизмнің
сұрақтары мен мәселелері философиялық, тарихи, өнертану, әдебиеттану, заң,
саясаттану, экономикалық пәндер қиылысында тұрды. Осы көптеген бөлек мәдени
мамандықтар бір-бірімен үздіксіз сабақтастықта дамып отырып, біртұтас
жүйе болып табылады және сонымен қатар өзінің материалына, әдісіне,
міндеттеріне байланысты әр қайсысы ерекшелене түседі. Жоғарыдағы пәндердің
біреуінің проблемасын қарастырғанда, міндетті түрде қалғандарымен
сабақтастықта қарастыру керек. Романтизмді әр бөлек пәнде тұйық түрде
сараптау құбылыстың мәнін түсінуге жол аша алмайды. Осы себепті жалпымәдени
құбылысты зерттеу пәнаралық әдіспен орындалуы тиіс.
Сонда ғана, романтизмнің әр түрлі көріністерін салыстырмалы түрде
зерттеу, біріншіден, жай параллелизм түрінде болмайды, ал екіншіден, сол
көріністердің ортақ бір мәнге деген қатыстығын тауып көрсете алады. Осы
себептен зерттеуде мәдени, саяси және әлеуметтік аспектілерге көңіл
бөлінеді.
Музыкадағы романтизм тақырыбын тек романтикалық музыканың мәнін ашу
мақсатында ғана емес, өнердің бұл түрі арқылы және осы өнерді
қалыптастырушылардың бірі – Шопеннің шығармашылығы арқылы, жалпымәдени
құбылыс – роантизмнің мәнін ашу мақсатында таңдадым.
Өйткені романтикалық дүниесезімнің ерекшелігі, оның өнер арқылы
барынша толық ашылуында, бұл әсіресе музыкада көрінеді, себебі музыкада
эмоционалды бастама басым болып келеді. Шеллинг музыканы дүниенің терең
мәнінің үні деп, бекер атамаған.

І. ХІХ ғ. Батыс Еуропадағы мәдени ахуал
Жаңа заман мәдениетінде ХІХ ғасыр ерекше орынға ие. Бұл бір жағынан,
классиканың шырқауына жеткен ғасыры болса, екінші жағынан буржуазиялық
өркениеттің әбден дамып, дағдарыс кезеңіне аяқ басқан ғасыр болды. Бұл
уақытқа қазіргі заман ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, Х. Ортега-и-
Гассет және басқалары дәл осындай баға берген. Бүкіл Жаңа заман
мәдениетімен ХІХ ғасыр мәдениетінің негізге алған дүниетанымдық бастамалары
үндес болды.
Бұл – рационализм, антропоцентризм, сциентизм, европоцентризм және
басқалары. ХІХ ғасыр мәдениеті Жаңа заманның Біздің дүние қалай өмір
сүреді? деген фундаменталды сұраққа жауап іздеу парадигмасын ұстануға
ұмтылады. Алайда жаңалық әкелген тарихи оқиғалар бұл дүниедей көне сұрақтың
шешуінде жаңа келістердің (подход) қолдануын талап етті. Бұл қалыптасқан
жағдайлар – европалық мәдениет тағдырын шешуде үлкен орын алған дәуірдің үш
маңызды оқиғасы: Англиядағы өндірістік төңкеріс, Солтүстік америкалық
колониялардың тәуелсіздік үшін күресі, Ұлы француз буржуазиялық
революциясы.

1.1 Романтизмнің мәдени және саяси-әлеуметтік бастамалары
Капиталистік индустрияландыру немесе классикалық буржуазиялық типтегі
өндірістік төңкеріс бірінші болып Англияда өтеді. ХІХ ғасырдың ортасына
таман Европаның көпшілік елдері мен Солтүстік Америкада да бұл құбылыс орын
алып болды. Жаңа заман мәдениетіндегі рационализм мен утилитаризм
үстемдігінің заңды нәтижесі болғандықтан, ол ғылым мен техниканың
дамуындағы жаңа серпілісті қамтамасыз етті.
Өркениеттің бұған дейін болмаған кеңістіктік-уақыттық өсуі басталды.
Адамның рухани дүниесіне өткен заманның ашылмаған жаңа аймақтары мен
қабаттары ене бастады. Мұнымен қатар кеңістіктер мен уақыт белестерінен
өтудің жаңа әдістері табылды. Керемет жылдамдыққа ие, байланыс тәсілдері
дамытылған жаңа техниканың пайда болуы адам өмірінің аз уақытына космостық
үлкен уақыттырды сыйдыруға, ғаламның кез келген нүктесіне қысқа уақытта
жетіп баруға мүмкіндіктер жасады. Әлем бір уақытта тарылып және кеңейгендей
болды, барлығы барлығымен жанасуға келді (соприкосновение). Дүние сапалы
түрде өзгерді.
Осындай процесстер әлеуметтік-саяси өмірде де жүріп жатты. Солтүстік
америкалық колониялардың тәуелсіздік үшін күресі (1774-76) ең күшті
британдық колониалды империяның бір бөлігінен айрылуына әкеліп соқтырды.
Европаның бірінші державасы жеңіліс тапты. 1776 жылдың 4 шілдесінде
тәуелсіздік Декларациясының қабылдануы, Солтүстік американдық Штаттардың
құрылуы езілген халықтардың ұлт-азаттық күресінің жоғарылаған
мүмкіндіктерін, европоцентристік негіздегі саясаттың дағдарысын,
феодализмді айналып өтіп, капитализм жолымен қарқынды даму мүмкіндіктерін
көрсетті. Капитализм Европа шеңберінен шығып, дүниежүзілік жүйеге айналу
үрдісін байқатты. Бұл ХІХ ғасырды анықтаушы бағытқа айналды. Дәл осы кезде
дүниежүзілік капиталистік шаруашылық жүйесі, дүниежүзілік рынок қалыптаса
бастап, тарих нағыз дүниежүзілік тарихқа айналды.
Келесі тарихи оқиға бізді Европға қайтадан оралтады. Айтылып отырғаны
буржуазиялық типтегі төңкеріс – 1789-1793жж. Ұлы француз буржуазиялық
революциясы. Әрине, американдық революцияның көсемдері француз
ағартушыларының идеалдарын өз ісінің негізі еткенімен, тек ағартушылардың
принциптерін іске асырған Француз революциясы Ағартушылық мәдениетінің
дағдарысын көрсете білді.
1789 жылдың 26 тамызында қабылданған адам және азамат құқықтары
Декларациясы адам туылған уақытынан бастап еркін және құқықтары жағынан тең
болады, ал адам құқықтары арасындағы негізгілері меншік, қауіпсіздік және
қанаушылыққа қарсылық көрсету деп жарияланды.
Алайда ағартушылар уәделеген Саналылық патшалығы көп ұзамай
буржуазиялық пайдакүнем есептілікке айналды, адамдар арасындағы теңдік заң
алдындағы формалды теңдікке айналды, жеке тұлғаның қауіпсіздігін якобиндік
диктатура аяққа таптады, еркіндік ешбір аяусыз (капиталистік) эксплуатация
еркіндігіне айналып, үшінші сословиенің революциялық ағайындығы бытырап
кетті. Оқиғалардың осындай түрде дамуы өмірге деген рационалды көз-
қарастарға қайшы келді. Егер дүниені саналылық заңдары билейтін болса, алға
қойылған мақсаттар мен жеткен нәтижелер арасындағы қайшылықтардың орын алуы
қалай мүмкін болды? Бұдан былай идеал мен нақтылық ара қатынасының
проблемасы қоғамды мазалаумен болды. Логикалық аспектіде идеал мен
нақтылықтың дәл осы қайшылығы ХІХ ғасырдың социомәдени дамуының негізгі
қозғаушы күші болды.
Жоғарыда айтылған жағдайлар ХІХ ғасырдың 20-жылдарында жастардың
романтикалық ереуілін тудырды. Романтизм – бұл енді классицизм мен барокко
секілді жай ғана стиль емес, бұл жалпымәдени қозғалыс, философия мен саяси
экономиядан киім мен сәнді шаш қию үлгілерінің модасына дейін көптеген әр
түрлі құбылыстарды қамтитын мәдени-тарихи тип. Бірақ бұлардың барлығы үшін
ортақ нәрсе: жоғарғы идеал тұрғысынан қарсыланған нақтылықпен конфликт (с
действительностью).
Осы уақытта мораль да елеулі өзгерістерге ұшырайды. Белгілі жайт,
Жаңа заман ортағасырлық мораль мен рыцарьлық этикаға мұрагерлікпен емес, өз
еңбегінің, ұмтылысының нәтижесінде жоғарғы дәрежеге жеткен адам идеалын
қарсы қойды. Бұл адам о дүниедегі жақсы орынға емес, жерлік өмірдің
жетістіктеріне ұмтылып, оның жақсылығы дүниеден безумен емес, керісінше
пайдалылығымен өлшенеді. Әр адам жақсылық жасайтын болса бұл дүниеде
бақытты бола алады, ал жақсылық байлыққа негізделеді. Байлық болса,
тәуелсіздік береді.
Астын сызып айтары, мораль барынша утилитарланады: осылайша, парыз
капиталды көбейту мен баюға негізделді, адалдылық – қарыз алып-қайтару
мүмкіндігіне, жақсылық – аскетизммен шектес ұқыптылыққа (бережливость),
өмір мағынасы – шаршау-шалдығусыз ерен еңбекке негізделді.
1.2 Романтизмнің мәндік жағы мен негізгі мәселелері
Белгілі бір біртұтас түрлілік, салалық, жанрлық эстетикалық
үстемділіктің болмауы ХІХ ғасыр өнеріне тән белгі. Жаңа децентрленген
көркем мәдениет типі ХІХ ғасырда қалыптаса бастап, ХХ ғасыр мәдениет типіне
айналды. Соңғы ірі біртұтас құрылым – романтизм мәдениеттің бытыраңқылығын
өнерлердің динамикалық синтезі арқылы болдырмауға батыл, алайда сәтсіз
ұмтылыс жасайды. Бұдан былай өнердің дамуы асинхрондылықпен, стильдердің
әртүрлілігімен, қарама-қарсы бағыттардың күресімен анықталып мінезделеді.
Қарастырып отырған кезеңде нақтылықты көркемдік игерудің түрлік және
жанрлық формаларының орны мен маңыздылығы жағынан ауысулар орын алады.
Кейбіреулері артқы шепке итерілсе, мәселен, әсемдік-пайда дилеммасын шеше
алмаған сәулет, басқалары алдыңғы қатарға шығады: романтизмде – поэзия мен
музыка, реализмде - әлеуметтік роман және т.б.
Көркемдік әрекет дүниесіне кәсіпқой шығармашылықпен қатар фольклор,
қолданбалы өнер және көркемдік өндіріс келеді. Романтизмнен бастап фольклор
жоғары мәдениет ережелеріне сәйкесқызмет етеді (әдеби, музыкалық және басқа
шығармалардың негізі ретінде фольклорлық тексттер алынып отырды). ХІХ
ғасырда орын алған көркем мәдениет пен фабрикалық өнеркәсіптің одағы
қауіпсіз емес болды. Бұл одақ адамның заттық дүниесінің стандарттануына,
тұрмыстық заттың эстетикалық құндылығының төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Халықтың жалпыбілімдік деңгейін жоғарылату мақсатындағы өнер туындыларының
көпшілікті түрде тираждалуы өнерді ағымға қойып, оны құпиялылығынан айырды.
ХХ ғасырдың бұқаралық мәдениеттінің бөліктері – сөз индустриясы,
қызықтық (зрелищная) индустрияның және тағы басқалардың дәл осы ХІХ
ғасырда пайда болуы кездейсоқтық емес.
Мұндай жағдайда жоғары өнердің дәрежесі өсе түсіп, оның рухани
мәдениеттегі негізгі орынға ие болуы әбден мүмкін бола бастады. Жиі болып
тұрған революциялық дүмпулер жағдайында, осындай үздіксіз тарихи хаоста
маңызды рухани проблема нақтылықты игеру емес, адамның нақтылыққа деген
көрсету болды. Бұл жерде өнердің ролін асырып айту қиын. Және де көп
жағдайда өнер ғана қоғамдық көңілдің легалды хабаршысы бола алатын. Өнер
универсалды рационалистік құрулардан бөлініп, субъективті тәжірибе
сферасына енген философияның өзіндік тіліне айнала бостады. Мәдениеттің
креативті күші ретінде өнердің өз-өзін бағалау дәрежесі сәйкесінше өсе
түсті. Ол өзіне қоғамның соты ролін алды. Ғасырдың соңына қарай өзіндік
құндылығын бекітіп (эстетизм, өнер үшін өнерлер теориялары), алғаш рет
өнер өзін қоғамға қарсы қойып, одан бөлектене түсті.
Өнер – кез-келген мәдениеттің жаны болғандықтан және ол мәдениетте
болып жатқан өзгерістерді басқаларға қарағанда әлдеқайда терең сезіне
алғандықтан, ХІХ ғасыр өнерін мысалға ала отырып, ол өзінің қоғам соты
ролін қалай атқарды, мәдени дәуірдің рухани климатының ерекшеліктерін қалай
көрсете алғанын қарастырып көрейік. Буржуазиялық революциялар циклінің
аяқталмағандығынан, әлеуметтік және ұлттық күрестерден және т.б. Европа
қоғамы үздіксіз қозғалыста болды. Қоғамдағы бұл құбылыстарды өнерде
көрсетуге романтизмнің ғана мүмкіндігі болды.
Романтикалық өнердегі спецификалық жайт екідүниелілік проблемасы. Бұл
дегеніміз, романтикалық көркемдік-образдық модельдің принципін
ұйымдастырушы және құрастырушы болып табылатын шындық және ойдан шығарған
дүниелерді салыстыру және бір-біріне қарама-қарсы қою. Реалды шындық,
утилитарлы және руханисыз өмір прозасы адам өміріне тұрғылықсыз бос
көрініс, ол нағыз құндылықты дүниеге қарама-қарсы. Ең болмаса арманда
іске асатын әсем идеалдың реалдылық секілді орнығуы және орындалуы –
романтизмнің мәндік жағы болып табылады. Барлық жамандықтардың сыйындысы
(вместилище) болып табылатын өз заманының шындығын мойындамаған романтизм,
осы шындықтан қашып, уақыт пен кеңістікте саяхат жасайды.Буржуазиялық
қоғамның реалды кеңістіктік шегінен шығып, қашу үш негізгі формада
орындалады:
• табиғатқа кету, ол толқыған жан уайымдарының камертоны, немесе
еркіндік және тазалық идеалының басқа бір болмысы (осыдан
туындағаны – қалалық өмірді сынау, қарапайым жұмысшыларды
идеалдандыру, әсіресе ауылдық жұмысшылар, фольклорда көрініс
тапқан олардың руханилығына қызығушылық), романтизм басқа
аймақтарға, экзотикалық елдерге көз тастайды. Ұлы географиялық
ашулар дәуірі бұл үшін өте қолайлы жағдайлар жасап кеткен болатын
(Байрон поэзиясы мен Делакруа суреттеріндегі шығыстық тақырыптар).
Егер шындықтан қашудың реалды аймақтық мекен-жайы болмаған
жағдайда, ол адм ойында құрастырылып шығарылатын (Гофман, Гейне,
Вагнердің фантастикалық дүниелері).
• шындықтан қашудың екінші бағыты – басқа уақытқа өтіп кету. Өз
уақытынан тірек таба алмаған романтизм уақыттардың заңды
байланысын үзеді: өткен заманды, әсіресе ортағасырлық заманды,
оның көзқарастарын, өмір сүру тәртібін (В. Скоттың рыцарьлық
романдары, Вагнер опералары), шаруашылық тәртібін (Новалис,
Гофман), шаруалардың патриархалды тұрмысын (Кольридж, Ж. Санд)
және басқа көптеген жайттарды идеалдандырады; уақыт ағымын еркін
манипуляциялау арқылы өздері елестететін болашақты құрастырады.
• жағымсыз, ештеңеге тұрмайтын шындықтан бет алудың үшінші бағыты -
өзіндік Меннің құпиялы астарларына, өзінің ішкі жан дүниесіне
кету. Жүрек өмірі – міне мұны романтиктер жүрексіз сыртқы өмірге
қарама-қарсы қойды (Гофман Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Э.
Делакруаның портреттік жанрлары және т.б.).
Жоғарыда айтылғандардан романтизмнің екі негізгі идеялық комплексін
бөліп шығарамыз. Бұл романтикалық тарихилылық және индивидуалистік
субъективизм. Қоғаммен өзгертілмеген табиғат болмысының ұлттық
бастамаларға бой ұрып, басқа халықтардың өмірімен танысып, романтиктер оның
толқыған динамикасын, қайталанбастығын, жалпы заңдарға бағынбайтын
ерекшелігін байқайды. Романтиктер тарихилығының релятивизмі - өзін тудырған
Ағартушылыққа, толқыған революциялық бағыттың теріс қатынасының жемісі және
де шындыққа деген негативизм. Бұл өз уақытын танып-білуге кедергі жасап
қана қоймай, тарихи процесстің мистификациялануы мен мифтенуіне жол ашып
берді. Осыдан романтизмдегі ажал, шамадан тыс үлкен күштер, фатум тақырыбы.
Романтиктер көзқарасы тұрғысынан, сана өзінің тарих барысын көре алмаушылық
мардымсыздығын дәлелдегендіктен танымның жалғыз сенімді бастауы жүрек үні
мен интуиция болып қала берді. Егер сана жалпылықты көрсетсе, сезім терең
индивидуалды. Осыдан шығатыны романтикалық дүниетанымның ерекше белгісі –
индивидуалистік субъективизм - жаугер дүниедегі адамның терең жалғыздық
сезімімен толысып отырған белгі. В. Вейдле айтқандай, толқыған болсын,
тыныш күйде болсын, романтизм – бұл жалғыздық.
Жаңа заман мәдениетіне тән тұлғаның жоғары құндылықтық дәрежесін
мойындау романтизмнің тұлғаның ерекшелігі мен қайталанбастығы идеясымен
сабақтасады. Осылайша романтизм жаңа замандық дәстүрдің жалғасы ретінде,
еркін бәсеке, жеке бостандық және ұмтылыс принциптерін мораль, өнер, рухани
өмір аймағына көшіру деп қарастырылады. Ұлы, қайталанбас тұлғалармен қатар
суретші тұлғасы ерекшк жоғары бағаланды. Романтизмнің эмоционалды-тұлғалық
басымдылығымен қатар оның тағы бір белгісі – көпшілік жағдайда өзара
ұқсамайтын формалар мен вариациялардың тым көптігі. Мәселен, алқынған және
бостандықсүйгіш француздық романтизм, өзін бәрінен бұрын жанрлық бейнелеу –
тарихи, тұрмыстық, романистикада көрсете білді. Сентименталды және сезімдік
ағылшын романтизмі поэзия мен пейзаждық бейнелеудің жоғарыдәрежелі
туындыларын берді. Байыпты және мистикалық неміс романтизмі музыкалық,
әдебиет шедеврлерін шығарумен қатар жүйелі түрде романтизмнің теориясы мен
эстетикасын қарастырды және т. б. Романтизмнің ішкі бірлігі осындай
көптүрлілікпен іске асырылып отырды.
Сондықтан да тек романтизмде ғана өнерлер синтезі идеясының пайда
болуы кездейсоқтық емес. Осылайша, біріншіден, максималды айқындылық пен
табиғи көркемдік сезімді, өмірді толық бейнелеуді қамтамасыз ету міндеттері
шешіледі. Екіншіден, өнерлер синтезі жаһандық міндеттерді шешті. Себебі
бұған дейін өнер атомарлы индивидтердің жиынтығы түрінде дамыған қоғам
секілді, әр түрлі бағыттар мен мектептердің жиынтығы ретінде дамыған.
Өнерлер синтезі - бұл адам Менінің бытыраңқылығынан, адам қоғамының
бытыраңқылығынан арылуға ұмтылудың бір көрінісі.
Буржуазиялық шектеулікті, сіресіп қалған мещандықты, филистерлікті
сынау романтизмнің идеялық негіздерінің бірі. Бұл негізінен сол уақыттың
көркемдік классикасының мазмұнын анықтап берді. Бірақ капиталистік
нақтылыққа сынды қатынасына байланысты романтизмнің екі негізгі саласы
өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктерін табады; олар белгілі бір өнердің
қандай әлеуметтік шеңбердің көз-қарасын объективті көрсеткендігімен
байланысты ашылады.
Керемет ерте кездерді аңсаған, өтіп бара жатқан тап идеалогиясымен
байланысты суретшілер орын алған заттардың тәртібіне деген өздерінің
жеккөрініштігінде қоршаған шындыққа қарағысы келмеді. Пассивті атауын
алған романтизмнің бұл түріне ортағасырлықты идеализациялау, мистикаға бой
ұру, капиталистік өркениеттен алшақ ойдан шығарған дүниені дәріптеу тән.
Бұл үрдістер Шатобрианның француздық романдарына да, көл мектебі (
озерная школа ) ақындарының ағылшын өлеңдеріне де, Новалис пен
Ванкенровердің немістік новеллаларына да, Германиядағы суретші-
назарейліктерге де және Англиядағы суретші-рафаэлитке дейінгілерге
(художники-прерафаэлиты) де тән. Пассивті романтиктердің философиялық
және эстетикалық трактаттары (Шатобрианның Гений христианства, Новалистің
Христианство или Европа, Рескиннің эстетика жайлы мақалалары) өнердің
өмірден бөлінуін насихаттап, мистиканы дәріптеді.
Романтизмнің басқа бағыты - әрекеттік - шындықпен қайшылықтарды
басқаша көрсетті. Бұл бағыт суретшілері өз заманына өздерінің көз-қарасын
құмарлы протест формасында көрсетті. Жаңа қоғамдық жағдайға қарсы шығу,
Француз революциясы дәуірі көтерген әділеттілік және бостандық идеалдары
үшін жанталас – бұл мотив жаңа дәуірде Еуропаның көпшілік елдерінде үстем
болды. Ол Байронның, Гюгоның, Шеллидің, Гейненің, Шуманның, Берлиоздың,
Вагнердің және басқа да көптеген революциядан кейінгі кезең жазушылары мен
композиторларының шығармашылығының өзегіне айналды.
Тұтастай алғанда өнердегі романтизм – күрделі және көпқырлы құбылыс.
Жоғарыда айтылған екі негізгі бағыттың өзіндік ерекшелігі мен нюанстары
болды. Әр ұлттың мәдениетіне, толық айтқанда елдің қоғамдық-саяси дамуына,
тарихына, халықтың психологиялық ерекшеліктеріне, көркемдік дәстүрлеріне
байланысты романтизмнің стилдік белгілері өзіндік формаларға ие болды.
Осыдан оған тән ұлттық бағыттардың көптілігі кей жағдайларда бөлек суретші-
романтиктердің шығармашылығында әр түрлі бір-біріне қайшы келетін романтизм
бағыттары қиылысып, сабақтасып отырды.

ІІ. Музыкадағы романтизм
Ағартушылық дәуірінің өнерінде үстемдік еткен классицизм ХІХ ғасырда
өз орнын романтизмге береді. Сол уақытта романтизм туының астында музыка
шығармашылығы да дами түседі.
Музыкадағы романтизм ХІХ ғасырдың 20-жылдары романтизм әсерінен пайда
болып, онымен тығыз байланыста дами түсті. Романтизмге тән адамның жан
дүниесіне бой ұру субъективтілік культі мен эмоцианалдыққа ұмтылу да өз
көрінісін тауып, бұл романтизмдегі музыка мен лириканың үстемдігін анықтап
берді.
Музыкалық романтизм әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен түрлі қоғамдық
қозғалыстармен көптүрлі салалығымен көріне түседі.Мәселен, сырлы, лирикалық
неміс романтизмінің стилі француз романтикасының шығармашылығына тән
шешендік азаматтық пафостан әлдеқайда ерекшелене түседі. Өз кезегінде,
Рисорджименто қозғалысымен (Верди, Беллини) тығыз байланыста қалыптасқан
итальяндық опералық мектеп өкілдері секілді кең көлемді ұлт-азаттық
қозғалыстар негізінде пайда болған жаңа ұлттық музыкалық мектептердің
өкілдері (Шопен, Монюшко, Дворжак, Сметана, Григ) көп жағдайда Германия,
Австрия немесе Франциядағы өз замандастарына қарағанда классикалық
дәстүрлерді сақтап қалуға деген үрдісімен ерекшелене түседі.
Дегенмен бұлардың барлығы тұтас романтикалық ой өрісін құрайтын
кейбір ортақ көркемдік принциптермен белгіленген.
Романтикалық дәуірдегі музыканың даму жолы әдебиетпен салыстырып
қарастырғанда ерекше рельефті көріне түседі.
Бір жағынан, ХІХ ғасыр музыка шығармашылығының барлық саласында
дерлік музыканың әдебиетпен терең байланыстары айқындала түседі. Мәселен,
неміс және австриялық романстың Шиллер, Гейне, Гете және басқа да оларға
замандас ақындардың поэзиясынан тыс дамуы мүмкін емес. Жаңа бағдарламалық
симфонизм Гюго, Мюссе, Ламартин, Байрон шығармашылығысыз қалыптаса алмас
еді. Романтикалық музыкалық театрға ХІХ ғасыр драматургиясы мен әдебиетінің
әсері зор. Гюго, Скриб, Меримесіз, неміс романтиктері ашқан аңызды сагалар
мен халық ертегілерісіз Вебер, Мейербер, Вагнер, Вердидің опералық
шығармашылығы да қалыптаспас еді. Айта кетері, көп жағдайда дәл осындай
жаңа әдебиетпенаналогия арқылы осы әдебиетпен байланысты музыкалық
шығармалардың жашылдық мәні ерекше рельефті көрініп, қабылдана түседі.
Екінші жағынан, ХІХ ғасырдың музыкалық және әдеби шығармаларының
арасындағы осындай тығыз байланыстар болғанымен, музыкадағы романтизм көп
жағдайда әдебиетке қарағанда өзгеше көрініс тапты.
Бәрінен бұрын, қарастырып отырған кезеңнің әдеби шығармаларында айқын
байқалған пассивті және іскерлік романтизмге бөліну музыкада өз
көрінісін таппайды. Композиторлар мистикалық тұрғыдағы әдеби шығармаларға
сүйенген жағдайдың өзінде, көп жағдайда олардың музыкасы мұндай белгілерден
еркін болады.
Мысалы, Берлиоздың Фантастикалық симфониясы көп жағдайда
Шатобрианның идеалистік шығармаларының бірінің кейіптерімен байланысты.
Дегенмен оның толыққанды музыкасында өз әдеби кейіп-негізінің мистикалық
сарындары орын алмаған. Өзінің демократиялық рухы мен реалистік белгілері
жағынан Вебердің Сиқырлы атқышы мистикалық идеямен сіңісіп кеткен,
дегенмен либреттоның қайнар көзі болған романтикалық жазушы Апельдің
новелласынан әлдеқайда ерекшелене түседі. Осылайша мұндай мысалдар тізімін
көптеп жалғастыра беруге болады.
Музыканың әдебиеттен тағы бір ерекшелігі, революциядан кейінгі
ғасырдың әдебиеттегі үстемдігі жоғары болған әлеуметтік протест мотиві
музыкада ешбір жерде дерлік ашық көрсетілмеген. Көп уақыттан бері
қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
Музыкадағы романтизм бағыты
«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы
1970-80 жж. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ НЕОРОМАНТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯ
Жазушы және көркемдік әдіс
Мағжанның жаңашылдығы
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
М. Жұмабаев
Пәндер