Киіз басу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім міністрлігі.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.
Сурет және арнайы пәндері оқыту кафедрасы.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сырмақ

Орындаған: "Тоқыма" бөлімінің 3 курс
студенті А.Асқарбекова.
Жетекші :Қазақстан Республикасының
Суретшілер және Журналистер одағы-
ның мүшесі, педогогика ғылымының
доценті Болатбаев Қ.

Алматы 2001.

Мазмұны
Кіріспе 3
Жүн өңдеу 3
Киіз басу 4
Сырмақ атты мүліктің тұрмыс талабындағы мазмұны. 6
Киіз ою 7

Кіріспе

Жүн өңдеу

Қой жүнінің сан түрлі сарттарымен тайталаса жылулығы жағынан тең
түсетін, ал мықтылығы жағынан басым туратын түйе жүні мен ешкінің түбіті
бүгінгі күні тұтынушысына өз бағасын таныта түсіп отырған жоқ па?!
Алуан түрлі ою-өрнектер оюланып немесе сырылып жасалған текемет пен
сырмақ, кұлпырған өрнектер көздің жауын алатын кілем, алаша, т.б. жүннен
жасалатын бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұрса нұр
үстіне нұр емес пе?! Әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы
шині зат – жүннің сапасы ерекше орын алады.
Сапалы бұйым шығу үшін жүн өңдеуде қандай процестерге қай кезден
бастап қөкіл бөлген жөн.
Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі, шебер иірілуі керек екен.
Түтіп, шірушілердің айтуынша, жүннің таза қырқылып, рет – ретімен
дұрыс сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым
араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қырқым дер кезінде
өткізілуі тиіс.
Қырықтықшылардың айтуынша, қойдың жабағы жүні уақытында біркелкі
көтеріліп, қырқуға ыңғайлы келді. Арық малдың жүні керісінше, сабалақтанып,
өскін жүндері жетілмей, жабағы көтерілмей қалады. Жүн сапасын сөз еткенде
осыған ерекше қөңіл бөлу керек.
Маманның айтуынша, жүн сапасы алдымен малдың күтіліне байланысты.
Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес.
Сондықтан мал күтіліне – азық құрамына, уақтылы суарылып, серуендетіліуіне
көніл бөлінгені жөн. Тіпті іштегі төлдің дұрыс жетілуі де тікелей енесінің
күтілуіне байланысты. Ал жаңа туған төлдің шаранасын келтіріп, уызына
тойдыру да келешекте одан сапалы өнім алудың басты кепілі.
Ғалымның, айтуынша, жүн сапасы, одан жасалған буымның сәнді болып,
талғампаз қауымның қөңілімен шығуы үшін өте қажет бір нәрсе – оның табиғи
түсі жылтырлығы. Бұл, ең алдымен, қой тұқымына байланысты. Ал керісінше,
өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт – сапасы әртүрлі жүннің араласып
кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуға мәжбүр болады.
Сондықтан жүннен қалаған бұйымын жасарда ішкі зат күтіміне көңіл бөліп, ал
бояғанда қажет заттың ерекшелігіне орай бояуды талғаммен, керекте жерінде
табиғи түстің өзін де пайдалана білген жөн.
Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда (боз, ақ-қарасы араласып кеткенде)
оны міндетті түрде күңгірт бояулармен бояуға тура келеді. Әрине, бұл
әркімнің қалауына байланысты. Десе де қолда барды талғаммен пайдаланып,
іске асырғанға не жетсін!
Жүннің тұрмыстық қажеттілігінен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі
адам денсаулығына пайлады әсерлерін де айта кеткені жөн. Оны ғалымдар былай
тұжырымдайды.
Жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді.
Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің
салмағы жеңіл; жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді.
Жүннің күн көзінің үльтракүлгін өткізетін ерекшелігі де бар;
Жүн бояуды жақсы алады әрі басқа талшықтардай көп оңбайды;
Жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар.
Шикізат сапасы – төзімді де әдемі бұйым кепілі екендігі шүбәсіз. Енді
нұсқасы көңілдегідей жүннің ұқсатылуына назар аударайық. "Ала қойды бөле
қырыққан жүнге жарымайды" деген қап толтыру әрекетіне орай айтылса керек.
Олай болса, қой–ешкі мезгілінде тоғытылып кептірілгеннен кейін мал
қырқылып, алынған жүнің ағы - аққа, қарасы - қараға айырылып сұрыпталып,
көлеміне лайық бөлек - бөлек ыдысқа (қанар, қап, дорба) салынып, ылғал
тартпайтын, күн көзі құрайтын жерге қойылады. Шетінен қажетіне қарай
алынып, сабалап түтіледі.
Жүнді сақтау жөнінде айта келіп, ғалымдар мынаған ерекше көңіл бөлу
керектігін айтады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүндінінен артық.
Сондай-ақ бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп
тартады. Әсіресе, жұылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді
иіртетін микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта болып саналады.
Сондықтан жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша, кілемге
арналған жүн керекті мөлшерге жеткізілгенше оларды фанерь жәшіктерге немесе
қағаз қаптарға нығыздап салып, арасында “Молемор”, ”Дезмоль”, ”Антимоль”,
”Фоксид” препараттары қойылады.
Мұндай жүнді пайдаланар алдында ашық күндері аула ішінде керілген
жіпке іліп жайып, ара-арасын қопсыта қозғай тере отырып иісін кетіруге
болады. Сонымен қатар жүн сақталатын бөлменің есік-терезесін ашып, міндетті
түрде желдетіп түру керек.

Киіз басу

Сапалы жүн алып, оны сақтау ережелерімен таныстық. Енді өңдеу
жолдарына тоқталайық.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып
кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлысы ағаш сабы бар
қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті арнайы тарақ.
Сабалған жабағы жүнді осы тарақпен немес қолмен іртігін әбден тазалай
отырып түтеді. Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Әр бұйымның
қолданылу ерекшелігіне байланысты мәселен, алашаға арналған жіп кілем
жібіне қарағанда ширақ (пысықтау), ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі
бос иіріледі.
Кептіріліп боялғаннан кейін бір тілмен домалаққа төгілген жіп (кілемге
арналған) сол күйінде түк шалуға пайдаланылады. Алашаға иірілген екі тілді
біріктіріп шитарып, домалаққа төгеді. Мұнда да иірілген жіп келептеліп
боялады. Жалпы келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұыймға
ортақ жағдай.
Киім-кешекке арналған жүнмен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт иіруге
арнайы жеңіл ұршық керек. Өйткені иіру үстінде түбіттің жіңішке, нәзік
талшықтары ұршық ауыр болса салмағын көтере алмай үзіле беретін болады.
Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан, шудасынан арылып, бөлек түтіп
шүйнелейді.
Ал бұл мақсаттағы жүн алаша жібіне қарағанда жіңішкерек әрі бос
иіріледі. Ширатылмаған жіпті екі тіндеп бос домалақтаса тоқыма кілемге
салынған өрнектер сәнді көрінеді. Әрі жүн түбіті шығып, жылы болады.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан түйенің шудасынан алашаға арқау,
күзу жіптерін иіреді. Бұлардың пысықтау иіріп екі тіндеп ширатады. Сондай-
ақ шуда жіп иіріп, алаша енін құрастыруға, тігілген алашаның басын шалуға,
текемет, сырмақ құрастыруға, ішек бастыруға пайдаланылады. Кілемнің жиелі
жібіне де осындай жіп пайдаланылады.
Қойдың күзем жүні оңтүстікте сентябрь айында, ал солтүстік облыстарда
сәл ертерек, суыққа ұрындырмай тұрып қырқылады. Күзем жүн мен қозы жүні
киіз басуға пайдаланылады. Бұл жүннің талшықтары қысқа болғандықтан иіруге
келмейді, керісінше, киізге біркелкі шабақталып, тез кірлейді. Сондықтан
күзем жүннен киіз төсеніштер мен жұқа киізден арнайы басылып тігілетін
немесе арнайы қалыппеп тұтас басылып, шығарылатын киіз қалпақ, ұйық,
байпақ, т.б. киімдер мен тұтыну бұйымдары жасалады.
Киім тоқып бұйым жасаудан бөлек сапасы нашарлау жүндерге қылшық, шуда,
жылқының қылын араластырып, әрүрлі мақсатқа арналған жуанды жіңішкелі арқан
мен жіп, ноқта, тұсау т.б. күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ұсақ бұйымдар
есіліп және өріліп жасалған.
Жабағы, күзем, қылшық жүндерді сыртқы сипатына, қасиетіне орай
пайдаланылатын орнына тоқталдық. Енді олардың табиғи түр - түсі мен бояу
ерекшеліктеріне орай бірер сөз.
Халықтың күнделікті тұрмыс тәжірибесінен бояу ретінде ашудас, қына,
томар шөп пайдаланғаны белгілі. Қазіргі жеңіл өнеркәсіптің өркендеп
дамыған тұмында сан алуан химиялық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерлердің
жұмысын едәуір жеңілдетті. Осылардың ішінде жүн бояуға арналған түрлерін
ғана аса сақтықпен пайдалана білу де шеберлік.
8-10 литр суды қатты қайнатып, 1 литрге 15 грамм есебімен бөлек ыдыста
әбден ерітілген бояуды құйып араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса
теңбілденіп, жүнге біркелкі сіңбейді. Сондықтан бояу ерітілген ыдыстың
эмаль немесе шыны (ақшыл кенерісен немесе түбінен әлде-қалай ерімей қалған
бояу түйіршігін оңай байқауға болады.
Қазанның қақпағын жауып бір қалыпты қайната отырып, оған жүнді
мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен немесе ожаумен батыстырып отырған дұрыс
(жүн салмастан бұрын 1 литр суға 1 шай қасық көлемінде сірке суы құылады).
Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазанның түбіне жабысып қалады.
Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Ара-тура жүнді
қалақпен аударыстырып қойған жөн.
Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтық ұшымен болып жатқан
жүннің кез-келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы
сығынғанда, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған
жүн суы сорғытылып эмальды табаққа түсіріп алынады. Бетін қақпақпен жауып,
үстін ауыр нәрсемен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін
керілген жіпке немесе ағаш ерденеге жайылып, көлеңке жерде кепіріледі.
Қазанды әбден жуып, бояудан тазартады. Ол үшін құйып ап екі үш рет
ауыстырып, қайнатып төгеді. Сонан соң ғана басқа түске боялатын жүнді
бояуға болады.
Текеметке түр салынатын болса, кептірілген жүн түтіліп шүйкеленеді
немесе сырмақтық талдырмаға арнап шиге шабақталады. Сондай-ақ жүнді есіп,
ширатып әртүрлі бояуларға, текемет жиегін бастыруға, кілемге алақұрт жіп
есуге пайдаланылады.

Сырмақ атты мүліктің тұрмыс талабындағы мазмұны.

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан
өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың
өмірімен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел
тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған
адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою-өрнектерден адамзат
дүнисінің табиғатпен біре қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-
қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері табиғат
сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бедеріне
шираптыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр
шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл - халық қазынасы,
ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихы дамуына,
тұрмысына, табиғат ерекшелігімен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері
өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне
назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайы-көп ғасырларға созылаған көшпелі
өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз басу тарихы
Киіз бұйымдарын жасау
Киіз басу өнері
Қолөнер
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
Қазақ қолөнері
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Өрмек және ши тоқу өнері
Қолөнер тарихы
Шикізат сапасы. Жүн
Пәндер