Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы
Жоспар
Кіріспе
1 – бөлім. Теориялық бөлім.
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.
2 – бөлім. Әдістемелік бөлім.
2.1 Мүсінді орындау технологиясы.
2.2 Мектепте оқушыларға мүсін өнерін таныстырып, үйретудегі әдіс тәсілдері.
Қорытынды.
1.Пайдаланылған әдебиеттер.
2.Графикалық жұмыстар.
Бейнелеу өнерінің шығу тарихы.
Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана
сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл
мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік
тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы
куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын,
адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша
қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын,
табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін
танып білеміз.
Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған
табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі, сол
арқылы табиғаттың сұлулығын ұқты, жан – жануарлардың әрекетін, мінезін
зерттеді. Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер
өздерінің шыншылдығымен, әсерлігімен көрерменді тамсандырады, тіпті кейде
композициялық құрылымының әсерлі де анық кескінделуі соншалық, суретке
қарап өнер иесіне, оның шеберлігіне қайран қаласыз.
Сондай суреттің бірі – Камбаралье үңгіріндегі мамонттың бейнесі.
Мұндай ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің
түкпір – түкпірінен табылып отыр.
Соның бірі археолог Марселино Саутуоланың Альтамир үңгірінен тапқан
ертедегі өнер туындысы. Осы үңгірде бейнеленген түрлі хайуанат суреттері
мұнан 40 мың жыл бұрын салынған екен, сондықтан олар қазіргі заманға жеткен
ең ескі сурет болып табылады. Бірақ, мұнан да басқа ескі өнер туындылары
бар екеніне күмән жоқ. Кейінгі кездегі дүниежүзілік археология ғылымының
қарыштап алға басуы бұл үміттен құр алақан қалдырмайды деп сенеміз.
Соңғы кезде осындай суреттер Сахарада, Мексикада, Амазонка өзенінің
айаласында, Кавказ тауларында, Сібірде, Қазақстанда – Маңғыстау аймағында,
Қапшағай маңайында, Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында, тағы басқа жерлерде
кездесіп жүр.
Өзіміздің туған республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнері
ғылымға көп жаңалық әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекндеген
біздің ата – бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің
бейнелілігімен айтар ойының тереңдігі мен ғалымдар мен археолог
суретшілердің назарын аударып отыр.
Осындай шығарманың бірі қола дәуірінің шебері өмірге келтірген Қарашаш
өзенінің бойындағы Бұғытас жартасынан ( Шығыс Қазақстан облысы ) табылған
сурет. Бұл сурет өзінің көлемінің үлкендігімен, өте шебер, әдемі салынуымен
көзге түседі. Бұғының жалпы келбетін, оның дене мүшелерінің салыстырмалы (
пропорциялық ) өлшемдерін дәл бере білген. Әсіресе, баяғы замандағы осындай
суреттердің бір ерекшелігі, олардың стильденген пішінде салынуында. Бұл
ертедегі адамдардың айналадағы құбылыстарды жақсы бағдарлай, дәл көре
білуінде және жануарлардың қимыл әрекетін, сыртқы пішінін зейін қоя зерттеу
нәтижесінде туған шеберлік. Бұлар тек қана сыртқы пішінін ғана бейнелеп
қана қоймай, олардың мінез құлқын бере білген. Белгілі Американ ғалымы,
эстетик – психолог, өнер зерттеушісі Р. Арнхейм былай дейді: Ерте дүние
адамында шыншылдық пен байқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің
адамдарына қарағанда әлде қандай күшті дамыған
Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай,
оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз керек, тіпті солардан үйренуіміз
ккерек. Өйткені, бұл - өнердің бастау – бұлағы, содан сусындап, содан нәр
алып қарыштадық емес – пе!
Мүсін, скульптура ( латын сөзінен шыққан Sculptura, sculpo – шекимін,
қашаймын деген мағына береді ) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мұндай көркем
шығармалар үш өлшемнен ( биіктік, ендік және аумақтық ) тұрады. Қатты
заттардан қашалады, немесе жұмсақ заттардан жасалады. Мүсін негізінен
адамды ( кейде хайуанаттарды ) бейнелейді. Осымен байланысты мүсін тақырып
пен жанрларға бөлінеді: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер,
символикалық және алегориялық фигуралар, анималистік жанр. Мүсінде
адамдардың қоғамдық идеалына байланысты туатын жағымды образдарға аса көп
көңіл бөлінеді. Мүсін өнерінде көркем образ реалистік тұрғыдан адамның бет
әлпетін, тұлғасын, қимыл - әрекетін, отырыс – тұрысын, бейнелеу, киімін
модельдеу, көлемдік форма құрылымын, силуэт пен фактураны тиімді пайдалану
арқылы жасалады. Мүсіндік туындыларды жақсы қабылдауда шығарманың
формасына, модельдеуіне, фактурасына байланысты оның үстіне түсетін сәуле
мен көлеңке көп қызмет атқарады. Реалист мүсінші өзінің шығармасын
күнделікті өмірден көргендері мен көңілге түйгендерін жинақтай келе
гармония, ритм, пропорция, тепе – теңдік заңдылықтарын сақтайды, әрі
көркемдік идеялық мақсат – мұратқа орайластырып пішіндейді.
Мүсіннің көп тараған түрлері жұмыр мүсін кейіпкерлері жан – жағынан түгел
көрсетуі мен, ал реьеф тегіс заттың ( фонның ) бетіне бедерленуімен
ерекшеленеді. Жұмыр мүсінде айнала қарау мүмкіндігінің молдығынан образ
толығырақ ашылса да, көп адамды, немесе күрделі оқиғаны қамту аз. Негізгі
түрлері: Мүсін ( тұлғаның ұзына тұрқы толық жаслады ), топ ( құрылымы мен
мән – мазмұны жағынан тығыз байланысты екі немесе одан да көп адамдардың
толық тұлғасы ), мүсінше ( шағын тұлғалар ), бюст тағы басқа. жұмыр мүсінге
қарағанда рельефтің композициялық құрылымы күрделі болып келеді.
Перспективалы немесе кескіндеме рельефтер секілді мұнда да тұлғаланылатын
адамдар саны шектелмейді. Фон ретінде табиғат көріністері, архитектурадағы
ғимараттар алына береді. Перспективаның да түрліше болуы да мүмкін: жұмыр
мүсінге жуық тұлғалардан бастап фоннан білінер – білінбес шығып тұратын
фигуралар жасуға болады. Рельеф тұлға немесе ою - өрнек түрінде де орындала
береді.
Атқаратын қызметіне қарай мүсін монументті, монументті – мүсін қондырғылы
болып бөлінеді. Монументті мусін қоғамдық орындарға – алаңдар мен
саябақтарға, ғимарат ішіне қойылады. Мұндай шығармалар қоғамдық маңызы зор
идеялары насихаттау қызметін атқарып, көрермендердіің көпшілігіне арналады.
олар тозбайтын, тотықпайтын құнды материалдардан сомдалады әрі көлем –
тұрқы қомақты болып келеді. монументті мүсінге мемориалдықсипаттағы көркем
шығармалар ( ескерткіш, монумент, құлпытас ) жатады. Монументті – сәндік
мүсіндер архитектуралық ғимараттарды безендіретін мүсін түрлерін (
атланттар, кариатидалар, маскарондар, мүсінді фонтандар, фриздер, метоптар,
панно, саябақ мүсіндері, фонтандар және тағы басқа ) қамтиды. бұлардың бәрі
архитектуралық образды байытып, мазмұнын аша түседі, коркемдік әсерін
күшейтеді.
Қондырғылы мүсін негізі мұражайларға, көрмелерге, тұрғын немесе қоғамдық
үилерге қою үшін жасалады. Көлемі адамның өз бойындай немесе одан кішілеу
болуы мүмкін. Өзін қоршаған ортаға тәуелсіз және қасында тұрып көруге
болатындықтан қондырғылы мүсінге қойылатын талап та кеңірек: сюжет құрып,
образдарды талдап, екйіпкерлердің жан – дүниесін терең де жан – жақты ашып
көрсету міндеті жүктеледі. Тұрмыстық, сатиралық, анималистік тақырыптарды
қамтуда кішкене мүсіндердің ( мүсінше тағы басқа шағын шығармалар )
атқаратын қызметі үлкен. Платежкалар, шақалар, медаль соғу, гемма, көркем
оймыш, тұрмыстық заттарды әшекейлеу мен ісмерлік мүсін өнеріне жатады. Жаңа
дәуірден бастап мүсіндер негізінен бір түсті, жасалған материал түсіндей (
боялған гипс, қызартылған қола ) немесе біркелкі бояулы болып келеді.
Ежелгі дәуірдегі, орта ғасырдағы, Қайта өрккендеу дәуіріндегі және барокко
үлгісіндегі мүсіндер түрлі түсті бояулармен боялады. XIX – XX ғасырларда
полихромдық ( түрлі түске боялған ) мүсінді қайта жандандыру мақсатына
көптеген тәжірибелер жүргізілді. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар
қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді.
1. Мүсін жасауда саз, балауыз, ермексаз қолданылады. Бірақ бұлардан
жасалған мүсіндер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме
жасалады. Мүсін жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың
қаңқасы пішінделіп, соған аталған материалдардың бірін жапсыру арқылы
мүсінші ойындағысын орындап шығады.
2. Металлдар ( қола, мыс, қалайы, болат тағы басқа ), гипс, бетон,
пластмасса сұйық ( ерітілген, араластырылған ) күйінде алдын ала жасалған
қалыпқа құйылады. Металлдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері
арқылы өңделеді. Ежелгі Грецияда хрисоглефантинналық мүсін бедерлі алтын
қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалады.
3. Тас ( мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит тағы басқа
), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші –
сыртындағы образ жасауға қажетсіздерінің бәрін қашау, шеку, егеу, бедерлеу
арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға саймандар ( тескіш, кескіш,
балға тағы басқа ) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ тағы
басқа өткір құралдар пайдаланылады.
4. Керамикадан да мүсін жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше
үлгілері арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (
майолика, фаянс, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар ( терракота,
фарфордың бисквит деген түрі ) жалатылады. мүсіншінің жұмыс тәсілі
негізінен төмендегідей: ермексаздан не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол
одан кейін сазға үлкейтіліп көшіріледі.Үлкен мүсіндерді жасарда ең алдымен
айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан
мүсін қаңқасы жасалынады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы арқылы болашақ образ
сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген
бедерлі гипс қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз мүсін тасқа
көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп,
тас соған қарай қашалады. Кейінгі кездері бұл жұмысты пунктирлік машинамен
орындауда. Мүсінді металлдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс.
Мусіндеу өзінің қолданылуына байланысты монументалды, сәндік және
станокты болып бөлінеді.
Монументалды мүсіндеу өнерінің шығармаларының ( ескерткіштер, сымбат,
рельеф ) көпшілігі қоғам мақсаты тарихи оқиғалары және тарихи қайраткерлер
бейнелерін көрсетеді. Станокты сәулет өнерімен немесе табиғатпен байланысты
болмайды, оның өзінше жеке орны бар. Станокты мүсіндеу шығармалары көлемі
жағынан үлкен емес, мүсінделетін бұйымның пішінін дәл беруді көздейді.
Станокты мүсіндердің негізгі жанры – портрет. Бұл жанр жұмыр мүсінде
кеңінен қолданылады, себебі адамды бейнелеуге мүмкіндігі мол. Жұмыр мүсінде
бір кісіні ( сымбат ) немесе бірнеше кісіні ( мүсіндік топ ), сонымен қатар
адамның кейбір мүшелерін үзінділермен ( бас, кеуде, жартылай дене )
мүсіндеу арқылы көрсете алады.
Сәндік мүсіндеуде үйлерді, қала көшелерін, бақтарды безендіру мақсаты
көзделеді.
Ал рельеф, сымбат, фонтан – сәулет өнерімен байланыста болып өзіндік
көркем мәнімен ерекшеленеді.
Рельефтік шығармаларда көру нүктесі мүлдем аз, себебі, шығыңқы бейнелер
жазықтың бетіне жартылай бедер арқылы шығып тұрады.
Рельеф – барельеф және горельеф болып екіге бөлінеді. Жазықтық бетінде аз
мөлшерде шығып тұратын жазық бейне барельеф деп аталады.
Жазықтық бетінен өз көлемінің жартысынан көп бөлігі шығып тұрса, бұл
мүсіндік бейнелер – горельеф деп аталады.
Рельеф үй құрылыстарының, қабырғаларының және ескерткіштер орнатылатын
қондырғылары ( постамент ) безендіруде кеңінен пайдаланылады.
28 гвардияшы – панфиловшылар атындағы демалыс саябағындағы тұрған даңқ
монументте кеңінен көрініс табады.
Шағын пішіндегі мүсіндерге мынадай кіші пішіндегі сымбат, медальон,
ойыншықтар жатады.
Шағын пішіндегі мүсіндер өзінің белгілі бір пластикалық тіліне ие, өзінің
заңдылықтарына бағындырылған. Шағын мүсіндер ерекше қозғалмалы, ол өз орнын
жиі ауыстыра алады, біздің көз деңгейімізден жоғары немесе төмен тұра
алады.
Саздан, тастан, сүйектен, мүйізден жасау палеолит және неолит дәуірінде
пайда болған. Жасалу әдісі өте қарапайым болғанымен, ежелгі мүсіндер
алғашқы қоғам адамдарының еңбагін, наным – сенімін көрсетеді, әрі олардың
байқампаздық қабілетін аңғартады. Кейінгі неолит және знолит дәуірінде
керамикалық мүсіншелер, қола және одан бергі дәуірде тас мүсіндер (
кемпіртас, балбал, вишаптар ), қола, күміс, алтыннан жасалған мүсіндік
туындылар пайда болды. Азия, Африка, Европа, Мұхит елдерінің көптеген
тайпалары жұмыр мүсін, рельефтің көптеген түрлерін жасай білді. Құл
иеленушілер қоғамында мүсін жасау әдістері қалыптасты. Ежелгі шығыста
жасалған құдай, патша, ұлық мүсіндерінен, хикаяға құрылған рельефтерден,
сыралғылар мен мүсіншелерден реализм белгілері байқалады. Ежалгі Грекия
мүсін өнері образды жинақтап, шынайылық пен идеалды сәтті ұштастыру арқылы
әсем де ержүрек адмдардың бейнесін (мүсіншілер Мирон, Поликлет, Фидий,
б.з.б. IV – ғасыр ) өмірге әкелді. Аталған тұлғалардың біріне тоқталып
кетсек, біздің эрамызға дейінгі 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет бірінші
рет өзінің пропорциялық заңдылық еңбегін жазды, және бірінші рет
бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын,
психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін сомдаған.
Бұл өнер әлемдегі бетбұрыс жасаған методикалық әдіс еді. Осыдан кейін,
ондаған ғасырлар бойы адам пішіні жансыз бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи
көрініске ие болды.
Ежелгі Римде портрет пен монументті – сәндік мүсін кең етек алды.Көне
замандағы мүсін өнерінің принциптері жергілікті дәстүрмен ұштастырыла
отырып Жерорта мен Қара теңіз жағалауларына, Алдыңғы және Орта Азия
территориясына кең тарады.Феодализм дәуірінде Үндістанда, Қытайда, Үнді –
қытайда, Индонезияда, Жапонияда өте үлкен рельефтер, мүсіндер, хайуанаттар
пішіні тағы басқа өркен жайды. Европада мүсін өнері діни мақсатта
жасалғандықтан шартты – канондық сипатта және негізінен сәулет өнеріне
тәуелді болды. Русьте, Грузияда, Америкада сәндік рельефтер қалыптасты.
Қайта өркендеу дәуірінде адамның сұлулығы мен күш – жігерін паш ететін
реалистік мүсін өнері ( ескерткіш, статуя, бюст, рельефт, ұсақ пластика
тағы басқа ) гүлденді. Осы кезде Донотелло, Л. Гибертти, А. Вероккьо,
Микеланджело (Италия ), М. Коломб, Ж. Гужон, Ж, Тимон ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz