Қарыз алушының іскерлік беделі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 Банктік несиелеудің негізгі теориялары
1. 1 Несие туралы ұғым және оның пайда болуы . . . 6
1. 2 Жеке тұлғаларды несиелеу процесін ұйымдастыру
принциптері . . . 11
1. 3 Коммерциялық банктердің секьюритизацияланған
несиелік портфелі
2 «ТемірБанк» АҚ-ның жеке тұлғаларды несилеуді
Ұйымдастыру
2. 1 «ТемірБанк» АҚ-ның несиелік портфелін талдау
2. 2 Жеке тұлғаларды несиелеудегі күмәнді несиелермен
жұмысты ұйымдастыру
- Темірбанк АҚ несие берілу процессінің ерекшеліктері
. . . 42
.
3 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету нысанының дамуы
3. 1 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің дәстүрсіз әдісі . . . , ,, ,, . . . 55
3. 2 Несиелік тәуекелді басқару . . . 58
3. 2 Несиелік тәуекелді басқару
Қорытынды . . . 65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 67
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚ - Акционерлік Қоғам
ЕҚДБ - Европа Қайта Құру және Даму Банкі
РЦБ - Райффайден Централ Банк
ХҚК - Халықаралық Қаржылық Корпорация
ГҮИК - Германия Үкіметінің Инвестициялық Компаниясы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі - жеке тұлғаларды несиелеудегі күмәндердің өсуі банк беделіне әсер етуі анық, ол өз кезегінде банктің несие ресурстары нарығындағы орнына әсер етуі әбден мүмкін. Қазақстан Республикасының заман талабына сай ортаның даму кезеңдері экономикалык және қаржылық ортаны қайта оқыту жүргізілуде. Н. Назарбаев өз еңбегінде Қазақстан қысқартылған экономикалық жолмен, әлеуметтік және саяси модернизацияны саяси стратегияны «триада» мақсатында қарастырады, Қазақстанды экономикалык және әлеуметтік дамуына бұл салалардың шынайы өмірде бір-тұтастығын дәлелдейді. Барлық экономикалық агенттер арасында нарықтық қатынастар құру көптеген жаңаша экономикалык аспектілерді қарастыруыды талап етеді. Бүгінгі күнгі заман талабына сай банктік секторды тұрғызу - экономикалық тиімді дамуыдың бірден-бір күмәні болып келеді. ҚР заңында «ҚР Банк және банктер іскерлігі» бойынша «банк» - заңды түрде ақша қаражаттарын тарту және оны таратып қайтарып алудың уәкілетті мекемесі төлемді және мерзімді, банк операцияларын атқаратын заңмен қолдау көрсетілген мекеме.
Несие нарықтық экономикаға қажет, ең бастысы капитал механизмінің оңтайлығын бір саладан екінші салаға ағылуын және табыс нормасын теңестіреді. Саудалық капитал сала арасында бөлінуі керек, нарықтық бағдарлар сферасының есебін шешуге жоғарғы табыстылық немесе Қазақстанның ұлттық экономикалық даму бағдарламасының дамуын қамтамасыз етеді. Несие кәсіпорынның үздіксіз айналым қорын қалыптастыру үшін, өндірілген тауарларды тарату процесінің қызметіне нарықтық қатынастың сай болуына да қажет.
Банктің іскерліктің түйінді түрінің біріне несиені жеткізу болып табылады. Кез келген нарықтық жағдайда жұмыс жасаушы кәсіпорын сияқты, банкте өз табысын максималдауға ұмтылады, сонымен қатар өзін тәуекелмен банкроттыққа тігеді. Несие шектеулі жағдай арқылы берілетіні анық: несие мақсатына; қарыз алушы мінезіне; несиелеу мерзіміне; уақытында қайтарылуына; көлеміне және ұсынылған несиені қамтамасыз ету төлемпаздығына және т. б. Несиені беру шешімін қабылдау үшін күмәнсіз анықтап қарау керек. Мұндай жағдайларға, несие тәуекелі, бұл жерде банк несиені беру шешімін қабылдап, өзіне тәуекел алады, кайтарылмауы немесе берілген сомманы уақытында қайтарылмауы.
Қазақстанның коммерциялық банктері, несиелеу процесіне қатысып, бүгінгі ішкі және сыртқы сынаққа түсуде. Сондықтан әуелі ең жақсы несие саясатынан несиені жоғалтуды туындатпау мүмкін болмайды. Ойымызша банк «нашар» несие бермеуі керек, бірақ бәрімізге анық, келешекте бір бөлігі осындай болатыны. Күмәнді несиенің санының өсуі банк беделіне әсер етуі анық, ол өз кезегінде банктің несие ресурстары нарығындағы орнына әсер етуі әбден мүмкін.
Соңғы жылдары Қазақстан банктерінің қызметі тәуекел несиесінің әсер етуі анық көрсетілген. Егер Германия және АҚШ-та күмәнді несие ортақ көлемі несиені салудың 5-6% құраса Қазақстанда 30-35% құрайды. Тәуекел несие шамасына макро және микроэкономикалық факторлар әсер етеді. Банктер тұрақсыздықпен және сенімсіздікке күнделікті ұрынады, көптеген мәселелерге байланысты ең бастысы сараланған банктік қызметкерлер тапшылығы және сауаттылардың тапшылығы, бизнесті жүргізуде тәжірибиелі және адал клиенттердің - қарыз алушылардың әсері болады. Бұған қосымша заңнаманың өзгергіштігі банктердің ортақ экономикалық кризис жағдайымен амалсыз қолдануы. Жақсы жасалып кепіл беретін заңнаманың жоқтығы, кепілді тіркеу жүйесінің аяқталмаған және осыдан ағылып жатқан қиындықтар жекеменшікті тарату құқығына коммерциялық банктердің кепілзатқа одан әрі операцияға тәуекелді көбейтіп тепе-теңсіздікке әкеледі. Осыған байланысты, күмәнді несиені басқаруды және тәуекел несиесінің сұрақтарын қарастыру өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның проблемаларын зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыс міндеті: жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың жаңа әдістерін қарастыру және коммерциялық банк іскерлігіне оның әсер етуін анықтау.
Ұсынылған дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында банктік несиелеу теориясының негізі анықталған, несиенің маңызы және оның түрлері, жеке тұлғаларды несиелеу процесін ұйымдастыру, несиелік тәуекелдің пайда болу себептері қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында АҚ «ТемірБанк» - нің күмәнді несиелерді басқару қызметі зерттелген. Несиелік қоржынға талдау жүргізіліп және құрылымы зерттелген. Тәуекелді қабылдау тәртібі және қоржынды басқару басымдылығы қарастырылған. Күмәнді несиемен жұмыс қорытындыларының негізі берілген: активтік сыныпталуы, сонымен қатар тарауда қарыз талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда коммерциялық банктің Несиелік тәуекелін басқару, резерв құру тәртібі және күмәнді несиені дәстүрсіз әдіспен қайтаруды қарастырылған.
Зерттеудің объектісі болып отандық коммерциялық банк «ТемірБанк» АҚ-ның материалдары негізінде жазылған.
Зерттеу пәні дипломдық жұмыстың негізгі теориялық және әдістемесі болып: отандық ғылыми еңбектер ұсынылады және шетелдік экономикалық ойлар, банктің тәжірибелік материалдары, Президенттің нормативтік актілері, заңнамалық актілер, ҚР банк ісі бойынша. Жұмыстың тәжірибелік мағынасы жаңа негізді қалыптастыру және банктік қағидаларын өзара қалыптастыру және экономикадығы өзіндік өнімді жылдамдатуға және өз іскерлігінде банкпен тәуекелді қысқартуға бағытталған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қортындыдан тұрады.
1 Банктік несиелеудің негізгі теориялары
1. 1 Несие туралы ұғым және оның пайда болуы
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым - қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым - қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы: кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме, төленетін процент жөнінде) өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама - қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама - қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен талқылаймын. [1. 256 б ]
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуына, қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр. Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен кажеттіліктерін қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық калған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық несие деп аталды. [11. 254 6]
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсаған. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр еткен.
Мысалы: феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан - 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілген. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.
Сөйтіп, несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті. Сонымен,
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі.
Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар мемлекетте, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және кайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар: Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі - бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір - бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір - бірімен жақын сөздер болғанымен дағы, олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің кұрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген қүнды білдіреді. [2. 236 6]
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңцерінде, несиелік қатынастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты экономикалык негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымын құрайды.
Өндіріс құрал - жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:
1 - саты: құнның ақшалай нысаннан өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал - жабдықтары сатылып алынады.
2 - саты: адамның, өндіріс құрал - жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
3 - саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, кұнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны - ақша нысанына ауысады, тек бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ) .
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады. Мысалы: Шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
Тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді
өткізудің кідіруі;
Өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін,
уақытында төленбеушілік т. с. с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал кейбіреуінде өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.
Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады: әрбір шаруашылық, жұмысшы - қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет, өткен 15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы -қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан да соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күнге дейін шаруашылықта 15 (30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы резерві пайда болады;
Шаруашылық өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі құрал - жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар - амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады;
Сонымен, әрбір шаруашылықта жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында
салыстырмалы қарама - қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама -қайшылықты реттеу үшін пайдаланатын бірден - бір экономикалық құрал осы несие болып табылады. Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез - келген қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей « өлі капитал » болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы. [14. 3226]
Несиенің формалары және түрлері мен субъектілері. Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір - бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез - келген заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты.
Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады.
Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.
- Жеке тұлғаларды несиелеу процесін ұйымдастыру принциптері
Несиелеу принціптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принціптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принціптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: Несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принціптері екі топқа бөлінеді:
1 топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принціптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
2 топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принціптері:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz