Банктің сарапшы маманы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МазмҰны

КlРlСПЕ. . . . 3

1 Нарықтық экономика жағдайындағы ТҰТЫНУ НЕСИЕСIНIҢ жалпы негiздерi

1. 1 Тұтыну несиесi ұғымы, оның мәнi мен әлеуметтiк маңызы . . . 6

1. 2 Тұтыну несиесiнiң бағасы және сыйақыны (мүдденi) есептеу әдiстерi . . . 13

1. 3 Тұтыну несиесiн берудегі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың шетелдiк тәжiрибесi . . . 19

2 Қазақстан республикасының ТҰТЫНУ НЕСИЕСI нарығының қазіргі кездегі жағдайы

2. 1 екiншi деңгейлi банктердiң тұтыну несиесi нарығының ағымдағы жағдайын талдау . . . 25

2. 2 ''ТұранӘлембанк'' аҚ тұтыну несиесi нарығындағы қызметін талдау . . . 46

3 екiншi деңгейлi банктерде тұтыну несиесiн берудегі тәуекелдiлiкті басқару проблемалары мен несие саясатын оңтайлы етудiң болашақтағы бағыттары

3. 1 Банктегі тұтыну несиесі қоржынын қалыптастырудағы тәуекелдiлiк және оны басқару проблемалары . . . 51

3. 2 екiншi деңгейлi банктерде тұтыну несиесiн берудi басқару мен бағалауды оңтайлы етудiң болашақтағы бағыттары . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . ……… . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl . . . …… . . . … . . . …. 73

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі .

Соңғы жылдары ел экономикасында, жалпы алғанда және қаржы секторында елеулі сандық өзгерістер ғана емес, сонымен бірге маңызды сапалық өзгерістер де болғанын өкен 2006 жылдың 15 қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ҮІ Конгресінде жарияланған мәліметтер дәлелдеп отыр .

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер клиенттерiне әртүрлi қызмет түрлерiн көрсететiн ерекше кәсiпорын. Қазiргi кезде коммерциялық банктер клиенттерге ақы негiзiнде көрсететiн операцияларын жүзеге асырумен байланысты жүргiзетiн операцияларының дәстүрлi және нарық талабына сай жанадан пайда болған дәстүрлi емес жаңа формалары көбеюде. Осыған байланысты коммерциялық банктер қызметiнiң коммерциялық сипаты арта түспек. Сондықтан коммерциялық деген термин коммерциялық банктер қандай да болмасын меншiктiң формасына жататындығымен емес, оның ақы негiзiнде клиенттерге -көрсететiн қызметтерiнiң сан алуандығымен байланысты. Осыған байланысты коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызметтердi банктiң сенiмдiлiгiне, табыстығына, тұрақтылығына, үлкен әсерiн тигiзетiн болғандықтан, бiз әлемдiк тәжiрибедегi оларды бағалау әдiстемелерiн оқып бiлуiмiздiң және осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк тәжiрибесiнде қолдануымыздың маңызы үлкен.

Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған коммерциялық банктер қаржы секторындағы бай тәжірибесі Қазақстанның банк жүйесiнің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуiмен бiрге тұтыну несиесi мен ипотекалық несиелеудiң алғышарттары пайда бола бастады. Бiздiң елiмiзде (1987 жылға дейiн) тұтыну несиесiнiң көбiне екi түрi қолданылып келдi: ұзақ мерзiм пайдаланатын тауарларды сатып алуға несие беру және тұрғын-үй құрылысына (жеке және кооперативтiк) несие беру. Несиенiң бiрiншi түрi жанама сипатта болды, себебi оны Мемлекеттiк Банкiнiң қатысуымен түрлi сауда ұйымдары берiп отырған, несиенiң екiншi түрiн тiкелей несие мекемелерi (Мемлекеттiк Банк пен Құрылыс банкi) берiп отырған. Тұтыну несиесi тауарлар мен қызметтердiң құны толық төленiп бiткенге дейiн қолдана беруiне мүмкiндiк бередi, нәтижесiнде тұрғын халықтың өмiр сүру деңгейiн арттырады.

Тұтыну несиесi түрлi мақсаттарға берiледi: қозғалатын мүлiк (автокөлiк, жиїаздар, тұрмысқа қажеттi заттар) және қозғалмайтын мүлiк сатып алуға, сонымен бiрге әртүрлi қызмет түрлерiн (тұрмыстық, медициналық) төлеуге берiледi. Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қойып жеке тұлғаларға берiлетiн банк ссудасын ипотекалық несие деп атайды. ''Ипотека'' гректiң сөзiнен алынған, ол ссуданы қамтамасыз етуге берiлген жердiң шекарасын белгiлеу үшiн жерге қағылатын ''ағаш қазық'' деген мағынаны бiлдiредi.

Тұтыну несиесi мен ипотекалық несиенiң ұқсастығы сонда, екi жағдайда да банк тұтынушыларға, яғни жеке тұлғаларға несие бередi. Сондықтан бұл жағдай ипотекалық несиенi тұтыну несиесi қатарына жатқызуға негiз болып табылады. Алайда қамтамасыз ету формасы, инвестициялардi пайдалану саласы әртүрлi болады.

Ипотекалық несиенiң маңызы ''тұтыну несиесiне'' қарағанда кеңiрек, себебi ипотекалық ссуданы кәсiпкерлiк фирмалар, мысалы ауыл шаруашылығы мен құрылыста көп пайдаланады. Әлемде қабылданған тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың негiзгi бағыттары ипотекалық несие беру болып табылады. Мұның өзi рынокта тұрғын үйдi жеке меншiкке сатып алу үшiн жағдай жасайды және халықтың неғұрлым экономикалық белсендi бөлiгiне бағытталады.

Сонымен, бүгiнгi таңдағы тұтыну несиесi мен ипотекалық несие беру халықтың табыстары есебiнен әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешудiң басты құралы болып табылады. Жұмысты жазу барысында қарастырылып отырған мәселелер, атап айтқанда: тұтыну несиесiн беру жүйесiн дамытудың негiзгi мақсаттары мен қағидалары; тұтыну несиесiн берудiң жүйесiн ұйымдастырудың, сондай-ақ осы салаға несиелiк ресурстарды тартудың ұйымдық-экономикалық тетiгiнiң сипаттамасы; халыққа тұтыну несиесiн беруге банктердiң қатысуын жандандыру; процесстi нормативтiк реттеу нысандары сияқты мәселелерi Қазақстанның банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуына байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады. Талдау мен зерттеу жүргiзу барысында тұтыну несиесi мәселелерiн ашып көрсету үшiн, бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы үлгiлерiн қарастырып, оған бейiмделу үшiн қажеттi әдiстемелердi саралап отырмыз.

Осы кешегi күнге дейiн отандық банктер үшiн тұтыну несиесiн беру саласындағы басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келдi. Бүгiнде өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпай, бұл проблема өзiнiң орынын басқа проблемаға бередi - ол ел экономикасына және халықтың әлеуметтiк жағдайына тұтыну несиесi мен ипотекалық несие берудiң әсерi, қаржы ресурстарын тартудың тетiктерi, тұтыну несиесiн берудi жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарының проблемасы.

Сонымен, коммерциялық банктердiң қызмет аясы кеңейген сайын тұтыну несиесi процесiне қатысушылардың қаржылық тәуекелдерi ұлғая бермек. Бiрақ, отандық коммерциялық банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлық тәуекелдiң түрлерiмен кездестi деуге болмайды. Алайда олардың саны өсiп барады, ал бұл проблема отандық банк жүйесi үшiн жаңа болып табылады, сондықтан да банктердiң тұтыну несиесiн беруiмен байланысты қандай да бiр тереңдетiлген зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда тұтыну несиесiн беру саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесiн одан әрi дамыту кезiндегi өзектi проблемалардың бiрi болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн қоюға негiз болды.

Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып тұтыну несиесiн беру саласындағы әлемдiк тәжiрибенi оқып бiлу және оның отандық практикаға бейiмделуi болып табылады.

Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:

  • тұтыну несиесiнiң теориялық сұрақтарын оқып бiлу, мәнiн ашып көрсету, ‘’тұтыну несиесi’’, ''ипотекалық несие'' түсiнiктерiнiң мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
  • Ел экономикасындағы тұтыну несиесiн беру барысына талдау жасап, оның себептерi мен салдарын анықтау;
  • Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшiн тұтыну несиесiн берудегi және оны жетiлдiрудегi практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.

Жұмыстың пәнi және объектiсi. Жұмысытң пәнi ретiнде тұтыну несиесiн берумен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң тұтыну несиесiн беруiмен байланысты қызметi болып табылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, негiзгi үш бөлiмнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалар келтiрiлген.

1 Нарықтық экономика жағдайындағы ТҰТЫНУ НЕСИЕСIНIҢ жалпы негiздерi

1. 1 Тұтыну несиесi ұғымы, оның мәнi мен әлеуметтiк маңызы

Тұтыну несиесi тұрғын халықтың мәдени-тұрмыс қажеттiлiгiн өтеудегi маңызды құрал болып табылады.

Тұтыну несиесiнде қарыз алушылар жеке тұлғалар, ал қарыз берушiлер несие мекемелерi, сонымен бiрге әртүрлi меншiк формасындағы кәсiпорындар мен ұйымдар болып табылады. Тұтыну несиесi ақшалай және тауар түрiнде берiле алады [1, 12 б] .

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтыну несиесi экономикада үлкен рөль атқарады. Несиенi беру деңгейiнде және оны пайдалану деңгейiнде реттеу тұтынушыны сыйақы ставкасының мөлшерi, несиенiң мерзiмi тағы басқа да шаралар арқылы ынталандыру немесе несиелеу тәртiбiн қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылып отырады.

Нарықтық экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектiлерiн несиелеудiң әдiстерi мен тәртiбi несиелiк операцияларға қатысушы екi жақтың өзара келiсiмдерi бойынша қалыптасады. Дегенмен, коммерциялық банктер үшiн қарыз алушы клиенттердiң қызметтерiнiң ерекшелiктерiн, экономиканың қай саласына жататынын, оларға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын және өндiрiстiк процестiң сипатын үнемi талдап, зерттеп отырудың үлкен маңызы бар, себебi, коммерциялық банктер мен клиенттердiң арасында қалыптасатын несиелiк қатынастар және оларды құқықтық реттеу нормалары жоғарыда аталған факторлармен тығыз байланысты. Мiне, сондықтан да коммерциялық банктердiң несиелеу әдiстерiне жеке тұрғыдан келуi тәжiрибеде орын алатын заңды құбылыс болып табылады.

Тұтыну несиесiнiң экономикалық категория ретiндегi мәнiн тереңдей ұғыну несиелеудiң негiзгi қағидаларын анықтап бiлмейiнше жеткiлiксiз болып саналады. Несиелеудi ұйымдастыру негiзгi мынандай қағидаларға сүйенедi:

- несиенiң мақсаттылығы;

- несиенiң мерзiмдiлiгi немесе қайтарымдылығы;

- несиенiң ақылығы;

- несиенiң қамтамасыз етiлуi.

Несиенiң мақсаттылығы несиелеудiң басты қағидасы ретiнде несиенiң қандай мақсатқа сұралып тырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесiнiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде де қызмет етедi.

Мерзiмдiлiк - бұл белгiлi экономикалық категория ретiндегi мәнiне негiзделетiн несиенiң ерекше бiр белгiсi. Бұл қағида, несие берушiнiң қарыз алушыға берген қаражаттарының белгiлi бiр уақыт өткен соң қайтарылуға тиiс болып табылады. Осыдан несиенiң ылық қағидасы туындайды [2, 12 б] .

Несиенiң қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретiнде, басқадай тауарлы - ақшалай қатынастардың экономикалық категориясын ажыратады. Себебi, қайтарылмайтын несие болмайды. сондықтан да қайтарымдылық - бұл несиенiң ажырамас бөлiгi.

Несиенiң мерзiмдiлiгi - несиенiң тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгiленген мерзiмде қайтарылуға тиiстiгiн көздейдi. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты несиелеудiң бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Бiрiншiден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндiрiстiң ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етiлуi тәуелдi. Екiншiден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелiк ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдардың салынуына мүмкiндiк бередi. Үшiншiден, әрбiр жекелеген қарыз алушы үшiн, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңiлдiктер бередi.

Несиенiң ақылығы - бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға берiлетiн қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсiп қайтарылатындығын бiлдiредi. lс жүзiнде ақылық бұл несиенi пайдаланғаны үшiн төленетiн пайыз түрiнде берiледi. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшiн төлейтiн пайызын - несиенiң бағасы деп атайды. Еркiн реттелетiн нарық жүйесiнде несие үшiн пайыз мөлшерi несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негiзiнде қалыптасады.

Несиелеудiң келесi бiр қағидасы, берiлетiн несиелердiң материалдық жағынан қамтамасыз етiлуi. Бүгiнде несиенiң қамтамасыз етiлу формасы ретiнде: кепiлдеме, тапсырма, сақтандыру мiндеттемелерi қолданылуда.

Әр елдiң жеке тұлғаларды несиелеу саласында әртүрлi заңдары болады, алайда ол заңдарды бiр ғана жағдай бiрiктiредi - ол: тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн арттыру мақсатында несие жеткiлiктi көлемде қол жетерлiк, қарапайым болуы тиiс.

Бiздiң елiмiзде (1987 жылға дейiн) тұтыну несиесiнiң көбiне екi түрi қолданылып келдi: ұзақ мерзiм пайдаланатын тауарларды сатып алуға несие беру және тұрғын-үй құрылысына (жеке және кооперативтiк) несие беру. Несиенiң бiрiншi түрi жанама сипатта болды, себебi оны Мемлекеттiк Банкiнiң қатысуымен түрлi сауда ұйымдары берiп отырған, несиенiң екiншi түрiн тiкелей несие мекемелерi (Мемлекеттiк Банк пен Құрылыс банкi) берiп отырған. Тұтыну несиесi тауарлар мен қызметтердiң құны толық төленiп бiткенге дейiн қолдана беруiне мүмкiндiк бередi, нәтижесiнде тұрғын халықтың өмiр сүру деңгейiн арттырады. Тұтыну несиесi түрлi мақсаттарға берiледi: қозғалатын мүлiк (автокөлiк, жиһаздар, тұрмысқа қажеттi заттар) және қозғалмайтын мүлiк сатып алуға, сонымен бiрге әртүрлi қызмет түрлерiн (тұрмыстық, медициналық) төлеуге берiледi.

Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қойып жеке тұлғаларға берiлетiн банк ссудасын ипотекалық несие деп атайды. ''Ипотека'' гректiң сөзiнен алынған, ол ссуданы қамтамасыз етуге берiлген жердiң шекарасын белгiлеу үшiн жерге қағылатын ''ағаш қазық'' деген мағынаны бiлдiред [3, 12 б] .

Тұтыну несиесi мен ипотекалық несиесiнiң ұқсастығы сонда, екi жағдайда да банк тұтынушыларға, яғни жеке тұлғаларға несие бередi. Сондықтан бұл жағдай ипотекалық несиенi тұтыну несиесi қатарына жатқызуға негiз болып табылады. Алайда қамтамасыз ету формасы, несиелердi пайдалану саласы әртүрлi болады. Ипотекалық несиенiң маңызы ''тұтыну несиесiне'' қарағанда кеңiрек, себебi ипотекалық ссуданы кәсiпкерлiк фирмалар, мысалы ауыл шаруашылығы мен құрылыста көп пайдаланады.

Қарыз алушылардың тұтыну несиесiн банк тәжiрибесiнде бiрiншi белгiлерi бойынша жiктеуге болады [4, 185 б] .

1. Несиенi пайдалану бағыттары бойынша елiмiзде тұтыну несиесiн азаматтардың кезек күттiрмес мұқтаждарын өтеуге, тұрғын үй салуға немесе күрделi жөндеулер жүргiзуге, ұзақ тұтынатын жеке меншiк мүлiктьер сатып алуға және т. б. мақсаттарға бередi. Банктер сонымен бiрге автокөлiк, iрi қара мал сатып алуына, азаматтардың жекелеген категорияларына шаруашылық жүргiзуiне ұзақ мерзiмдi ссудалар бередi.

  1. Несие келiсiмiнiң субъектiлерi бойынша:
  • банктiк тұтыну ссудалары;
  • тұрғын халыққа сауда ұйымдарының беретiн ссудалары;
  • банктiк емес типтегi несие мекемелерiнiң беретiн ссудалар (ломбардтар, несие кооперативтерi, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, өзара көмек көрсету кассалары, бiр затты пайдаланушыға беретiн пункттер) ;
  • қарыз алушылардың жұмыс iстейтiн орындарында берiлетiн тұтыну ссудалары;
  • жеке адамдар беретiн жеке тұтыну ссудалары.
  1. Несиелеу мерзiмдерi бойынша тұтыну ссудаларын:
  • қысқа мерзiмдi (1 күннен 1 жылға дейiн)
  • орта мерзiмдi (1 жылдан 3-5 жылға дейiн)
  • ұзақ мерзiмдi (3-5 жылдан жоғары)
  • талап еткенге дейiнгi несиелер деп бөледi.
  1. Несиенi беру тәсiлдерiне қарай тұтыну ссудалары:
  • мақсатты
  • мақсатты емес (овердрафт, кiдiртуге болмайтын қажеттiлiктерге) деп екiге бөлiнедi.
  1. Қамтамасыз етiлуiне байланысты:
  • Кепiлмен қамтамасыз етiлмеген (бланктiк)
  • Қамтамасыз етлiген (кепiл, кепiл болушылық, кепiлдеме, сақтандыру) деп бөлiнедi.
  1. Өтеу әдiстерiне байланысты:
  • бiр мезгiлде өтелетiн ссудалар және төлемдердiң мерзiмдерiн ұзартып отыру арқылы өтелетiн ссудалар деп бөлiнедi.
  1. Сыйақы ставкаларын алу әдiстерiне қарай:
  • қарыз берген кезде сыйақыны ұстап қалатын ссудалар;
  • несиенi толығымен өтеу кезiнде алынатын сыйақы ставкалары;
  • несиенi пайдалану мерзiмiнде тең бөлiктермен сыйақы ставкаларын төлеп отыратын ссудалар (тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе алдын ала келiсiлген кесте бойынша) .

8. Қаржылардың айналым сипатына қарай ссудалар бiр жолғы және қайталанытан (револьверлiк, ролловерлiк) болып бөлiнедi. Револьверлiк несие тобына, әдетте, овердрафт формасындағы бiркелкi активтi-пассивтi шоттар бойынша берiлетiн немесе клиенттерге бiркелкi несие карталары бойынша берiлетiн несиелердi жатқызады. Жеке тұлғалардың талап еткенге дейiнгi шоттары бойынша несие желiлерi әлемдiк банк тәжiрибесiнде аз тараған, бiрақ несие карталары бойынша берiлетiн несиеге ұқсастырып пайдаланады. Клиенттер өзiнiң шотындағы қаржылар қалдығынан артық сомаға чек жазып беруiне болады (чектiк несие), алайда овердрафт қолданғаны үшiн банкке сыйақы төлейдi.

Сонымен, жоғарыда көрсетiлген тұтыну несиесiнiң жiктелуi оның түрлерiнiң сан аулан болатындығын дәлелдеп отыр, бiрақ жiктелу онымен шектелiп қоймайды. Сондықтан оны басқа да белгiлерi бойынша жалғастыруға болады.

Төлемдердiң мерзiмi ұзартылған несиелердi тiкелей және жанама банк несиесi деп бөлуге болады. Тiкелей банк несиесiн берген кезде ссуданы пайдаланушы клиент пен банк арасында несие келiсiмi жасалады. Жанама банк несиесiнде клиент пен банк арасында делдел болуымен сипатталады. Мұндай делдал ретiнде көп жағдайларда бөлшек сауда кәсiпорындары қатысады. Несие келiсiмi тауар сататын дүкен мен клиент арасында жасалып, сауда орны өз кезегiнде банктен ссуда алады. Несиелеудiң мұндай формасының кеңiнен тарап отырғандығын, американдықтарды автокөлiгiн сатып алуына арналған ссудалардың 60 пайыздан астамы жанама түрде алынып отырған несие екендiгiн нақты мәлiметтер көрсетiп отырған болса, бiздiң елiмiзде мұндай статистикалық деректер жоқ. Алайда, барлығымызға мәлiм, соңғы кездерi тұрғын халықты сауда ұйымдары арқылы несиелеу белсендi түрде қанат жаюда. Тұтынушылар қымбат тұратын тауарларды (автокөлiк, тоңазытқыш, кiр жуу машиналары, компьютер және басқа да ұзақ мерзiм пайдаланатын тауарлар) төлем мерзiмiн ұзартып сатып алуда.

Тұтынушылардың қажеттiлiктерiн тiкелей және жанама түрде банктен несиелеудiң өзiндiк ерекшелiктерi мен терiс жақтары да болады. Бiрiншiден, тiкелей банктен несиелеу, жанама несиелеуге қарағандағы ерекшелiгi - оның несиелiк процестi ұйымдастырудағы қарапайымдылығында. Мұнда несиелеу объектiсi нақты анықталады, берiлiп отырған ссуданың экономикалық тұрғыдан алғанда мақсатқа сәйкес екендiгiн анықтау мүмкiн болады, ссуданы пайдалану барысында бақылау жасалып өтелуiн банк тiкелей қадағалап отырады. Аталған процестердiң барлығы да қарыз алушымен несиелiк қатынастарды реттеп отыруға нақты жағдайлар туғызады.

Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қойып жеке тұлғаларға берiлетiн банк ссудасын ипотекалық несие деп атайды. ''Ипотека'' гректiң сөзiнен алынған, ол ссуданы қамтамасыз етуге берiлген жердiң шекарасын белгiлеу үшiн жерге қағылатын ''ағаш қазық'' деген мағынаны бiлдiредi [4, 188 б] .

Екiншiден, банктiң тiкелей несиелеуiмен байланысты терiс жақтарына жанама түрдегi несиелеуге қарағанда тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң жоғары болуы жатады. Мұндай қорытындыны қалай негiздеуге болады?

Бiрiншiден, елiмiзде жеке азаматтарды несиелеудiң қазiргi кездегi тәжiрибесi бiрқатар күрделi жағдайлармен байланысты:

а) ссуданы беру алдындағы кезеңде, жеке клиенттердiң несиенi қайтару қабiлетiн түгелдей барлық банктер тексере бермейдi; б) клиенттiң несиелiк қабiлетiн анықтау барысындағы әдiстердiң көбi дерлiк iс жүзiнде қалыптасқан талаптарға сай келмейдi; в) несиенiң қамтамасыздығы көбiне сөз жүзiнде қалып қояды, яғни нақты қамтамасыз етiлмейдi.

Екiншiден, елiмiздегi қалыптасқан макроэкономикалық жағдай (экономикалық, саяси, әлеуметтiк тұрақсаздық, инфляция т. б. ) банктiң жеке азаматтарды несиелеуде дұрыс ұйымдастыруына терiс әсерiн тигiзедi.

Тұрғын халықты жанама түрде несиелеу банкке тәуекелдердiң (несиелiк, валюталық, нарықтық, сыйақылық) әсерiн қысқартуға мүмкiндiк туғызады. Жанама түрде несиелеу кезiнде клиент банкке несие сұрап бармай ақ, өзiне қажеттi тауарларын сауда орындарынан сатып алуына болады.

Жанама түрде несие берген кезде рыноктың қатысушыларына өарай дилерлiк шарттармен сауда индоссоментiн кепiлге қою арқылы жүзеге асырылады. Несие берудiң мұндай түрiнде банк қосымша шығындарсыз өзiнiң несие портфелiн ұлғайтуға мүмкiндiк алады. Қазақстанда тұтынушыларды тiкелей несиелеу олармен жеке әңгiмелесудi қажет ететiн болғандықтан, ол қосымша шығындармен байланысты болады. Сондықтан да дилерлiк келiсiм шарт пен сауда индоссаменттерiн сатып алу арзанға түседi.

Несие құралдарына байланысты тұтыну несиесi чекпен және несиелiк карточкалармен берiледi. Несие басым жағдайларда төлемдердiң мерзiмiн ұзарту негiзiнде берiледi. Чекпен берiлетiн несиенiң келесi түрлерi болады: овердрафттық, кепiлдемелiк, арнайы. Тұтынушыларға чекпен несие берудiң мiндеттi шарты - қарыз алушының чектiк шотының болуы. Несие бұл шоттағы қалдықтың жоқ болуы жағдайында берiлуi тиiс. Чекпен несие беру кезiнде алдын ала келiсiлген лимит көлемiнде чектер төлеуге алынады. Ол лимит коммерциялық банктердiң несие беру мүмкiндiгiне, клиенттiң несиелiк қабiлетiне, банктiк қызмет түрлерiне деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып келедi. Чектiк тұтыну несиелерi шотқа кәдiмгi салымдардың түсуi барысында немесе арнайы жарналар аудару арқылы өтеледi. Чектiк шоттарды көбiне овердрафттық шоттар деп атайды [5, 125 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау
Ипотекалық несиелеудің мәні
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық нарық мәселелерін анықтау
Жеке тұлғаларға тұтынушылық несие және жеке несиелер
Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиелеу қызметінің теориялық негізі
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің ипотекалық несиелендіруін ұйымдастырудың қарқынды дамуын және механизмін зерттеу
Банк маркетингісі туралы
Ипотекалық несиелеу және оны ұйымдастыру-құқықтық негіздері
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz