Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары


ЖОСПАР
1. 1. Ұлттық банкінің құрылымы мен басқару органдары
1. 2. Қазақстан Республикасындағы банктерді ашу мен олардың қызметін ұйымдастырудағы Ұлттық банктің атқаратын ролі
2. 1. Ақша айналасын басқару және ақша массасы
2. 2. Ақша-несие саясаты мен негізгі құралдарын талдау
2. 3. Банк қызметін реттеу мен қадағалау әдістерін талдау
3. 1. Банк ресурстарының құрылымы және түрлері
3. 2. Банктің инвестициялық операциялары
3. 3. Шетелдік тәжірибедегі орталық банктердің басқару ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Мен дипломдық жұмысынды «Ұлттық банк, оның құрылымы мен функциясы» тақырыбына жаздым. Сол себепті мен банктердің нарықтық экономикадағы ролі, Ұлттық ьанктің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен қызметтерін және де Ұлттық банктің жүргізетін операциялары мен басқару ерекшеліктерін қарастырдым.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатау инфляция жағдайында бізді бұрын болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бір-қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Соның ішіндегі банкке келетін болсақ, банктер - банк жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ал банктік жүйе - нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Кейбір ғалымдардың пікірікше, алғашқы банктер капитализмінің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында ХІV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысып реттеу үшін пайда болған делінеді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айнады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің жөлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болған дейді.
«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-алттың барысында. Әр түрлі формадағы монеталар кезескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшыларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біржіндеп банкирлерге айналады.
Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, - сол уақыттарда дүниежүзіліп сауда орталығы болғандықтан, әр елдің ақшалары мен науарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсінділіледі.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға берік, пайда жабу қажеттігін жүйнеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айрысы қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерініңбір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан мыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім - шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есек айырысуларды жеқілдету мақсатында ежелгі өздерінің банктік билеттерін шығарды, Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяғын қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиеліп жүйесі негізінен Ресей империясының кесиеліп жүйесінің бір бөлігі ретінде. Мемлекеттін банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе усақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құдығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығып, салымдар мен ағымдық шоттардық жартысынан көбін тартып отырған.
Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктін бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығы болып салалатын Оралда 1876 жылы, Қызылжарда 1881 жылы, Семейде 1887 жылы, Омбыда 1896 жылы және бұрынғы Верный қазіргі Алматыда 1912 жылы ашылып жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарында салалатын Сібір сауда - банкісінің 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, яғни Омбыда 1894 жылы, Семейде 1898 жылы, Қызылжырда 1905 жылы, Алматыда 1908 жылы, Ақмолада 1909 жылы, Қостанайда 1911 жылы және Керекуде 1916 жылы орналысты.
Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғпатың бестапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің - 18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 - несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Бұл құрылған банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.
Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысуа мерзімді несиелеу қызметі шоғырланды. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің рөлі орталық және барлық несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады.
Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынқы, банк ісіп орталықтандыру қағидасына сай сақталады.
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988) сәйкес келеді.
Бұл реформалық өң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты.
70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң жерде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері неқіреп орта алды.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке-банктер қатары жұмыс жасады. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге - Инкоринвестбанк, Крамдс-банк, қазіргі Казкоммерцбанк жатады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құру бастады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және қабылданған туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарықтық экономикаға өтуде және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазір Қазақстан Рсепубликасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988-1991 жж - мемлекеттік саласық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастанды қадалдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерцциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік болзалық қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынлы осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу; бюджет және жылға банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Бұл банктік реформалаудың көптеген кемшіліктері болды. Солардың басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
Ұлттық банк қызметіне байланысты:
- мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырланды;
- коммерциялық банктердің өнімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздегі;
- валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қолушылық;
- осы уақыттқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінше деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа жылдың орта кезінен басталып, а және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі
Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
- Ұлттық банк нарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
- орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндікберетін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
- прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
- банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктердің қайта түрленуге байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша кабинет министрлігінің қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталық тандырылған несиелерге байланысты мерзімі өткен қарыздарды қаржы министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекттік экспортық-импортық банкке және әмбебап акционерлік Әлем Банкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы Әлем Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі - 35℅ құрады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандарылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.
Банк реформасына жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Осы мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешу қажет:
- ақша-несиелін реттеу әдістері мен құрылдарын жетілдіру;
- елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
- Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық жағдайын нығайту;
- Ұлттық банктің басуа елдердің орталық банктерімен және басқа да қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
- Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру қажет.
Ұлттық банк, оның мақсаттары мен міндеттері және қызметінің бағыттары
1. 1. Ұлттық банкінің құрылымы мен басқару органдары
Елімізде 1995 жылдың 31 тамызында қабылуанған «ҚР-ғы банктар және банктін қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі -мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Қазіргі Қазақстанда қызметтетін банктік жүйенің он жыл тарихы КСРО-ның ыдыруының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуы себеп болды. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отыр. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталған.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгіобъектігіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсету мен айналысқан, қарапайым мемлекеттін банктен орталық, эмиссиялық банккеауысдан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық қассалың резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк - ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдың бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі иелесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100 ℅ қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан) ;
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиісті немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Испания, Бельгия) ;
- оталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ) .
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ол мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрас-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағасылықтардан, ол айналым қорлары тиісті болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
2004 жылдан бастап, «Ұлттық банкі» ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізді орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттін қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Қазақстанның Ұлттық банкі-тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталық тандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына. Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
- Ұлттық Банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабысдау;
- банктер үшін резевтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүміктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалуардың, өкіметтіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін жағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шетім қабылдау;
- Директорларының Кеңесінің құрамын бекіту;
- Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-на арналған саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құралына:
- Ұлттық банк төрағасы және бес лауазымды тұлғалары;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
- Парламенттің кейсімімен ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасын 6 жылға сайлады және қызметітен босатады;
- Ұлттық банк төрағасының орынбасарларын да Ұлттық банк төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлады және қызметіненбосатады;
- Ұлттық банктің жылдық есебін Президент бекітеді;
- Ұлттық валюталық - теңгенің айшығының тұжырымын Президент бекітеді;
- ҚҰБ ҚР Президентінің сұрады бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды берік отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерирдегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкіметтеліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекімкен өкіметтігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдың құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкіметтіліктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында департаменттер мен дербес басқармалары бар. Оларға кіретіндер:
- зерттеу және статистики департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциялдық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
- мемлекеттік сақтау қөймасы;
- Ресей Федерациясының Ұлттық банк өкіметтілігі;
- банкноттық фабрика;
- монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Актуарлық орталық;
- Автобаза;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы.
Бірінші бөлімнің екінші тармақтасында Қазақстан Республикасындағы банк алудағы Ұлттық банктің атқаратын ролі. Сонымен бірге ҚР-да банк ату үшін не керек және банктерді иімдер аша алады деген сұрақтарды қарастырып өтемін.
1. 2. Қазақстан Республикасындағы банктерді ашу мен олардың қызметін ұйымдастырудағы Ұлттық Банктің атқаратын ролі
ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызнда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдар мен өкіметтігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz