Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
I тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен
маңызы. 6
1.1 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірілунің әлемдік
тәжірибесі. 6
1.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
18
ІІ -тарау. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі 36
2.1 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құру көздері және олардың
бағыттары 36
2.2 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер
тәжірибесін талдау 41
ІІІ-тарау Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін
арттыру 47
ҚОРЫТЫНДЫ 56
Кіріспе
Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес
кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және
саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы
факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі
ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы
үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі
(маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.
Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктін
негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.
Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша
“қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге
болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер ал
ортанғы саны көп бөлігін – ортанғы класс құрайды”.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелуі кезең ерекшеліктеріне
байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.
Шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта
аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас
қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып,
қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық –
құқықтық механизмдер қалыптасқан.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993 жылдары күш жинай бастаған
шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994 жылы бәсеңдеп кейінгі екі
жылда мүлдем тоқтады.
Ол жалпы экономикалық жағдайдын нашарлауына, қолайсыз криминогендік
жағдайдын болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың
нақты орындалмауына байланысты болды.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы
есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер
алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.
Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін
жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық –
инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта
қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау
қажет.
Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық
экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін,
нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз
тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай
туғызуы қажет.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері бойынша республикада
шағын кәсіпкерліктің 145,1 мың субъектісі тіркелген, ал 2003 жылмен
салыстырғанда 10,9 % көп. Шағын кәсіпкерліктің істегі субъектілері
тіркелгендер санының 71,2% құрайды.
2005 жылдың бірінші қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны
жалпы заңды тұлғалар санының небәрі 61% құрайды.
Осы уақытқа дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың
формаларымен әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды
талап етеді.
Ең біріншіден ол үкімет қабылдаған шараларға қарамастан шағын бизнес
үшін тартымды сфера болып сауда, және қызмет көрсету қалып отырғандығына,
ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс көп жағдайда ірі
бизнеске тән болғандығына байланысты болып отыр.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасаушы, жалпыға мәлім
салық-салу, несиелендіру, бақылау-қадағалау қызметтерін атқарушы
органдармен арақатынас мәселелері кейінгі бірқатар жылдар ішінде
өзгерместен қалып отыр.
Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиетте жете
қарстырылғанмен Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған жұмыстар өте аз.
Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде
жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр. Аталған жайды ескере отырып,
диплом жұмысы жоғарыда көрсетілген кемшіліктер орнын толтырады деп
ойлаймыз.

маңызы.

тәжірибесі.
Жалпы экономиканың тиімді дамуында ерекше роль мемлекеттің несие
саясатына беріледі. Кәсіпкерлік іскерлікті қаржылық реттеудің маңызды
құралы ен біріншіден өндірістік аппаратты жаңарту жетілдіруге, айналым
қолын толтыру, шикізат, материал т.б. сатып алуға тікелей несие, субсидия
беру болып табылады.
Шағын бизнес меншік иелерінің көпшілігін құрайды, өзінің көптігінің
есебінен, біраз мөлшерде елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси
деңгейін анықтайды. Өзінің өмірлік және әлеуметтік жағдаынын деңгейіне
қарай шағын бизнес халықтың көпшілігін құрайды, сонымен қатар негізінен
локальдік нарықта әрекет етіп, тауар және қызметтің кең спектрінің тікелей
өндірушісі де тұтынушысыда болып табылады ол сондай-ақ экономикадағы
бәсекелестік тонусты ұстап тұрып, нарық бастамасында ұйымдастырылған
қоғамдық құралға табиғи тіреу болады.
Шағын кәсіпкерлік елдің құрылымдық қайта құрылуының мықты құралы болып
табылады. Оның ірі кәсіпкерліктен ерекшеленуі оның ерекше дәрежеде
мобильділігінде, күнделікті өзгерістегі тұтынушылық сұранысқа жедел әсер
етуі, аз капитал символығы болып отыр. Осы себептерге байланысты әлемдік
тәжірибеге шағын кәсіпкерлік әрқашан экономикалық кризистің нәтижесін
жеңілдетуші фактор, одан кейін кризистен шығудын негізі болды.
Шағын кәсіпкерлік өзгеріп отырған нарық конъюктурасына тез бейімделіп,
экономикадағы өзінің орнын алуда. Осы арада шағын бизнестің дамуы ірі
өндіріске тән ұйымдастырушылық форманы қолдануды талап етпейтін жоғары
технологиялық өндіріске негізделмеуі керек.
Нарық дамуының өмірлігі, танымдылығы, динамикасы шағын және орта
кәсіпкерлікпен анықталады.
Ол келесілерге байланысты:
- шағын кәсіпкерлік қатысушылардың көптігіне;
- қоғам мүшелері қажеттіліктерінің кез-келген деңгейінде сұранысқа
әсерінің жеделділігі мен икемділігіне;
- шағын бизнес субъектілерінің бір сәтте екі ролде бола алуы
мүмкіндігіне - өзінің тұтынушыларының сұранысына бейімделуші кәсіпкер
ретінде, кем қажеттіліктері, соның ішінде өз кәсіп орындарының
қажеттіліктері бар тұтынушы ретінде;
- Әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ету мүмкіндігі.
Экономиканы реформалау және қаржы ресурстарын шектеу жағдайында ірі
бастапқы инвестицияны талап етпейтін, іскерлік және интеллектуалды
потенциалы бар, жоғары жылдамдықта айналым қоры бар, кең тұтынушылық
сұранысқа бейімделу икемділігі және шеделділігі бар шағын кәсіпкерлік
халықтың жұмыспен қамтылу мәселелерін тез және үнемді шешуге мүмкіндігі бар
яғни, сонымен қатар экономикалық және мәселелерді шешеді.
Шағын кәсіпкерлік - өзінің дамуында бірнеше кезенді басынан кешірген,
өмірлік қабілетін, сондай-ақ әлеуметтік экономикалық жағдайымен қатар
өзгерістер шаруашылық ету жүйесіне бейімделу мүмкіндігін дәлелдеген
өндірісті ұйымдастырудың объективтік формасы.
Дамыған елдерде шағын бизнес белсенді құрылуын 40-50 жыл бұрын бастады.
Оның әр-түрлі формаларының көпшілік экономистер көз-қарасты бойынша
революциясының негізгі кезеңдері кестеде көрсетілген.
Кесте-1
Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері
Бірінші кезең Екінші кезең Үшінші кезең Төртінші кезеңБесінші кезең
1873-1929 ж.ж. 1929-1974 ж.ж. 1974-1985 ж.ж. 1986-1990 ж.ж.1991-қазіргі уақытқа
дейін
Шаруашылық Ғылыми-техникалыМонополиялардың Экономиканы КСРО құлауы және
іскерлік қ революция басышағын басқару Қазақстанның
секторын кәсіпорындарымен механизмнің тәуелсіздік алуы
монополизацияла қарым-қатынасыныңқайта құрылуы.
у өзгеруі
Бизнестің жаңа Алғашқы Венчурлік Экономиканың Негізіг меншік түрі
формулаларының инновациялық кәсіпорындар мемлекеттік жеке болып келді
пайда болуы кәсіпорындардың дамуы. емес (ЖШС, ЖАҚ)
лизинг, корпорациялар секторының
франсайзиг, базасында пайда туылуы
факторинг т.б. болуы. (кооператив,
жолдық
кәсіпорындар)
Экономикалық Жоспарлаудың Шаруашылық есеп Жеке еңбек ҚР-азаматтық кодексі;
саясаттың жаңа жүйесі жәнежүргізу және іскерлігі “Жекелендіру және
позитивтік алғаэкономикалық кәсіпорынның жекетуралы мемлекетсездіндіру”
жылжуы ынталандырудың шаруашлығын кооперация туралы ҚР заңы;
жаңа нормативтіккеңейту жалға беру “Жауапкершілігі және
құқықтық т.б. туралы қосымша
актілерін енгізу заң қабылдау. жауапкершілікті
серіктестіктер туралы
Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау
туралы” т.б. заңдар.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, шағын бизнес, мемлекет гормониялы дами
алмайтын нарықтық экономиканың маңызды элементі болып табылады.
Ол көбіне экономикалық өсу қарқының, жалпы ұлттық өнім құрылымы мен
сапасын анықтап, оны 40-50% құрайды.
Елдегі шағын кәсіпкерліктің маңызды әлеуметтік қызметі оның ірі кәсіп
орындар босатқан жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшін үлкен масштабта тарта
білу мүмкіндігінен, экономикалық кризис және үздіксіз жұмыссыздық
жағдайымен туындаған әлеуметтік тырысуды төмендетумен байланысты. Филиал
құруда тікелей капитал сонымен қатар қолданатын ірі корпорацияға қарағанда,
шағын кәсіпорындар интернационализацияның жаңа формалары - өткізу сферасын
дамытуға, лицензия және потентті сату немесе айырбастауға ақша салуды көп
қолданады.
Бір жұмыспен қамтылғанда шаққанда, шағын фирмалардын жаңа өнімді 2,5
есе көп шығарады. Ірі компаниялар технологияны жақсартуда 2 есе көп
ұсыныста жасайды.
Біздің экономикамыздың шаруашылық етудің нарықтық механизмнің көшірілуі
байланысты экономикасы дамыған елдердегі әсіресе мемлекеттік қолдау саясаты
дамыған елдердегі шағын және орта кәсіпкерлік тәжірибесін атап өту қажет.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуі бұл елдердегі мемлкет
саясатының жеке бөлігі болып табылады.
Германияда шағын және орта бизнесті федералдық деңгейде экономика
министрлігі деңгейінде, ал жергіліктиі деңгейді – жергілікті билік
орагандары деңгейінде жүзеге асырылады. Кәсіпорындарға қаржылық көмек
көрсетіледі: кәсіпорынды кеңейту,қайта жөндеу, алу және құруға судалар
беру; жұмыс орындарын құру және сақтау үшін Ұзақ мерзімді инвестициялау;
несиелік қоғам алдында кепілдену; энергия өнемдеу шараларын жүргізуде,
алдынғы технология енгізуді ынталандыруды, кадрлар, квалификициясын
жоғарылатудыда, қоршаған ортаны қорғауда, известициялық көмек; кәсіпорын
табысы мен капитал салымдарын арнайы несиелендіру бағдарламаларын жүзеге
асыру жолымен реттеу, сондай-ақ дифференциялды ашық ставкаларын тағайындау
арқылы пайданы реттеу.
Инновациялық ескерлікпен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлікке
ғылыми-зерттеулермен технологиялар министрлігі бірқатар қолдау көрсетеді.
Жапониядағы бұл типтегі мемлекеттік қолдау 40-жылдар аяғында сыртқы
сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанына құрылған шағын және орта
кәсіпкерлікті басқару экидасымен жеңілділікті несиелендіру және салық салу,
сондай-ақ тікелей қаржыландыру жолымен жүзеге асрылады. Басқару 12
департамент және 6 бөлімнен тұрады; жұмыскердің жалпы саны 200 адам.
Басқару іс-әрекеті шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін Жапонияның 9
аймақтық қызметімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша
мемлекеттік корпорацияның,шағын және орта кәсіпорындарына қаржыландыру
бойынша үкімет органдарымен, шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру
бойынша мемлекеттік және халық корпорациясымен толықтырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты бюджеттік қаржыландыру бірнеше
арнаулар бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, ол кей ведомоство мен
министрліктердің жыл сайынғы қаржыландыруы; екіншіден, шағын және орта
кәсіпорындар мемлекеттік инвестиция және зайым бағдарламалары шегінде
арнайы бюджеттік ситтар бойынша қаржыландфырады.
Ұлыбританияда эксперттік бағалау бойынша 96% фирмалар шағын және орта
кәсіпорындарға жатады. Оның 25% жұмыскерлеріне және 20% жалпы өнімге
келеді. Елге жеке, соның ішінде шағын бизнесті дамытудың белсенді саясаты
жүргізілуде. Жыл сайын 900-ге жуық жаңа кәсіпорындар құрылады, олардың
төрттен бірі бірінші жылы банкротка ұшыраса, қалғандары бәсекелестікке
төзіп, жетістікке жетуде. Оған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әсер
етеді, соның ішінде, инвесторлар тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау
көрсету, кәсіпкерлерді көмек ақымен қамтамасыз ету т.б.
Үкімет фирмаларға 70% зайым кепілдік береді. Британ үкіметі сондай-ақ
шағын кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жұмыссыздарға қаржылық көмек
көрсетеді. Шағын кәсіпорындарға тегін (немесе шегеріммен) кенес берлері,
қызықтырған сұрақтары бойынша көмек көрсетіледі, соның ішінде нарыққа
шығуда, іскерлік әріптестер іздеуде нақты ұсыныстар береді.
Елде Шағын фирмалардың мемлекеттік қызметінің 100 бөлімі жұмыс
істейді, сонымен қатар шағын бизнесті қаржыландыру жүзеге асыратын
фирмалар тарабы бар.
Францияда Шағын және орта кәсіпкерлікті Өнеркәсіп министрлігі
қолдайды. Осы қолдау шегінде мемлекет жаңа кәсіпорындар құру үшін, дамыған
салалардан басқа салаларға істей кәсіпорындарды алмастыру үшін,
кәсіпорындарды дамыту бойынша капитал салымына, реинвестициялау пайдаға
салық жеңілдіктерін береді.
Шағын бизнес іскерлігін мемлекеттік ынталандыру шараларының атап
көрсететін бай тәжірибесі АҚШ белең алған тәжірибе болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік көмектің негізгі арнасы экономикалық
ынталандыру болып табылады. Мемлекеттің міндеті кәсіпорындарын зерттеулер
мен жобалар жасау үшін ынталандыруда жағдаймен қамтамасыз ету болып келеді.
АҚШ-та шағын фирмаларды ынталандырудың күрделі несие – қаржылық
механизмі жасалған, оған тікелей және кепілдікті заимдар, салық
жеңілдіктері,жеңілдетілген амартизация кірді.
Тікелей және кепілдікті заемдар шағын бизнесті федералдық үкіметтің
қаржылық қолдаудың несиелік бағдарламасын білдіреді, олар шағын бизнес
істері бойынша әкімшілік көмегімен жүзеге асылады.
Тікелей заемдар шағын фирмаларға ссудалық капиталдың жеке нарығынан
несие алуға қарағанда төмен проценттік ставкамен мерзімге беріледі.
Кепілдікті заем беруде шағын бизнес істері бойынша әкімшілік несие
берушілерге заемдық капиталдық 90% мемлекеттік кепілдігін береді. Солайша
олардың тәуекел етуін төмендетеді.
Кепілдік заемдар арқылы мемлекет әртүрлі кәсіпорындардың-жеке банктер,
сауда және өнеркәсіптік корпорациялар, құрылыс компанияларының – шағын
фирмаларға капитал беруде қызығушылығын жоғарлатуға тырысады.
Кореяда шағын және орта бизнестің 3 млн. субъектісі бар, ол барлық
компаниялардың 99,5% - құрайды.
Соның ішінде шағын кәсіпорындардың үлесі 97% құрап отыр. Оңтүстік
Кореяда шағын кәсіпорындар еңбекпен қамтылудың негізгі көзі болып табылады.
Себебі онда елдің экономикалық белсенді (10 млн адамнан астамы).
Шағын және орта кәсіпкерлік үлесіне ЖҰӨ өндірісінің жартысы және
оңтүстік корея экспорттың 43% кіреді.
Сингапур Ғылыми-өнеркәсіптік парк дамуына қатысушы компанияларға, тек
экспортқа бағытталған салалардағы фирмаларға берілетін жеңілдіктер
көрсетіледі. Мұндай компаниялардың жергілікті кәсіпорынды 100% бақылауға
құқығы бар ал салық жеңілдіктері ұзақ мерзімге беріледі. Инвестицияны
ғылыми-зерттеу іскерлігіне салған жағдайда пайдаға салық екі есе
төмендейді.
Технопарк зонасында өнеркәсіптік ғимраттардың құрылысы мен
эксплуатациясына жеңілдікті салық енгізілген. Бүгінгі таңда
Кәсіпкерлік сектор 01.11.2004 жылдағы жағдайымен салыстырғанда қоғамда
көрнекті орын алуда.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 145,1 мың субъектісі
болды, онда 524,6 мың адам жұмыс істеуде. Шағын бизнес мәселелерін шешудегі
жүйелік пен реттілік оның Республикадағы ЖҰӨ-дегі үлесін жоғарылатты.
Бүгінгі күні ол 16-17% құрап отыр.
Шағын кәсіпкерлік секторы бар потенциалды толық қолданбайды және
экономикалық және әлеуметтік міндеттер шешудегі оған берілген ролді
атқармайды. Оның дәлелі бір қатар жылдар бойы шағын бизнестің аймақтық
салалық құрылымы еш өзгерместен қалып отыр.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауар және қызмет сатудан түсімді
көбейту 2004 жылда 2003 жылға қарағанда 16,5% құрып отыр.
Қалыптасқан шағын кәсіпкерліктің салалық құрылым кейінгі жылдарда
өзгермейді, істегі шағын кәсіпкерлер субъектілерінің жалпы санынан негізгі
орынды сауда сферасы, көлік жөндеу және күнделікті қолдану бұйымдарының
сфералары алуда. Жалпы саннан 40,5% құрайды.Шағын кәсіпкерліктер 163,6 мың
адам жұмыс істеуде (жалпы еңбекпен қамтылғандардың 31%)
Аймақтық аспектіде шағын бизнес даму диспропорциясы көрінуде. Осылайша
шағын кәсіпкерліктің жалпы санына қарағанда субъектілер үлесі Республика
бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 16,6%, Алматыда 13%, Алматы
облысында 12,4%. Ал Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 2,1%, Маңғыстауда
2,2%, Атырауда 23% құрап отыр. Сөйтіп бір аймақтағы шағын бизнес көпшілік
концентрациясы халықтың жалпы санымен сипатталады. Себебі бұл фактор қызмет
көрсету және сауда сферасындағы қажеттілікті жоғарлатады1.
Шағын кәсіпкерлік дамуында маңызды ролді Қазақстанның банк секторы
алады. Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы секторын бекіту бағдарламасы үшін
және өнеркәсіптегі консалидацилға көмек, резерв талаптарын ұлғайту және
1997 жылғы 100 банктен 2003 жылғы қыста 38 азаюы үшін жоғары баға алды.
2004 жылы банк жүйесі бойынша клиенттерге ссуда 3 336 932 АҚШ долларын
құрады.
12.2000 – 09.2004 ж.ж. экономика салалары бойынша банк несиелері.
Кесте-2
Қысқа мерзімді несиелер
(мың тенге)
12. 00 12.01 12.02 12.03 12.04.
Өнеркәсіп 11,954 16,049 42,772 82,845 69,050
Ауыл 3,697 2,755 12,669 24,527 26,098
шаруашылығы
Құрылыс 1,563 3,606 4,328 9,419 13,777
Транспорт 752 281 3,533 6,245 7,094
Байланыс 1,583 2,043 5,484 9,552 12,331
Сауда 17,961 23,858 57,366 85,089 100,185
Басқада 13,241 20,536 17,033 23,457 26,926
Жұмыс барысында кәсіпкерлер көптеген мәселелермен соқтығысады және
шағын кәсіпорындар өндіріс кәсіпорындар үшін – тен 5 жылға дейін уақыт
алатын құрылу процесін бастан кешіреді.
Шағын бизнес дамуына кедергі жасайтын мәселелер жалпыға мәлім. Оларға
келесілерді жатқызуға болады: нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы,
несие ресурстарына қол жеткізу күрделілігі, салық салу жүйесінің
күрделілігі, өндіріс орындарына қол жеткізу қиындығы, бақылаушы органдар
талабының күрделілігі, салық салу жүйесінің күрделілігі, өндіріс
орындарына қол жеткізу қиындығы, бақылаушы органдар талабының күрделілігі
т.б.
Кесте-3
Орта және ұзақ мерзімді несиелер
(мың тенге)
12. 00 12.01 12.02 12.03 12.04.
Өнеркәсіп 9,896 16,271 41,511 83,968 124,204
Ауыл 5,557 9,001 13,211 26,073 33,398
шаруашылығы
Құрылыс 403 2,118 7,630 13,572 25,140
Транспорт 3,129 4,399 12,956 14, 867 14, 962
Байланыс 637 855 422 2,077 3,292
Сауда 4,231 17,535 34,473 66,229 77,121
Басқада 11,338 19,763 22,820 41,896 55,154
Нақты нарықтық ортада қолында көп бастапқы капиталы жоқ, маркетингтік
және консалтинтік қолдауы жоқ, заңдық, сертификациялық және басқа да
қызметтер кешені қолында болмаған бастаушы кәсіпкердің мемлекеттің
кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық шараларына қарамастан, ісін дұрыс
жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Себебі ол шет мемлекеттер бәсекелестерінің
қыспағында, және де табысы төмен шығыны мен тәуекелі жоғары, болып келеді,
әсіресе жалпы және салық занының, монополистерді 1 тарифтік саясат
тұрақсыздығы мен әртүрлі бақылау және фисюлдық органдар қосылысының
әсерінен.
Кәсіпкерлік дамуына кедергі болатын ең маңызды себептер келесілер:
Өнеркәсіптік өндірістегі шағын кәсіпорындардың жаңа тауар нарығына
шындағы күрделілік. Ол негізінен бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығару
үшін қажет істегі өндіріс қуатын қайта жабдықтауға немесе жаңартуға, жаңа
құрал-жабдық сатып алуға қаржы ресурстарының жетіспеуінен болады.
Шағын кәсіпкерліктің неғұрлым кең және тұрақты дамымауының басты себебі
– алғашқы капитал жинақтау: қолайлы шартпен несие алу мүмкіндігінің
жоқтығымен байланысты қиындықтар нәтижесінде көпшілік шағын кәсіпорындардың
қаржылық камтамасыз етілу деңгейінің төмендігі.
Алғашқы капитал жеткізбеуі, қор жинақтау мүмкіндіктерінің шектеулілігі,
қаржы-несие ресурстарына қол жеткізу жағдайларының қолайсыздығы нәтижесінде
шағын кәсіпорындар жеке дамуға жаңа тауар жорығын игеру мүмкіндігіне,
нарықтық өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жоғарылатуға ішкі стимулы
болмайды. Бұдан басқа, шағын бизнесті банктік несиелендіру оның дамуына
жоғары пайыздық ставка, орта және ұзақ мерзімді несие жүйесінің жоқтығы
және де өндірістік технологиялық процесті сауда-саттық немесе таза сауда
іскерлігінен айыратын ерекшеліктер есебінің жоқтығы себебінен нақты дамуға
ықпал жасамайды.
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту инфрақұрылымының, соның ішінде
кәсіпкерлерді нарық коньюктурасы туралы сенімді және рас ақпаратпен
қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы, салық жүйесінің жетілмеуі (есеп
беру жүйесінің күрделілігі, салық және жинақ ставкаларының жоғарлығы, салық
және аударым жинау жүйесінің күрделілігі, шағын кәсіпорындарға жеңілдік
жоқтығы).
Тасымалдауға, электрқуатын ұстаушыларға және коммуналдық қызметке
қатысты жоғары тарифтер.
Кәсіпкерлер даярлығының деңгейінің төмендігі – бизнес жүргізумен тығыз
байланысты заң негіздерін, бизнес жоспарлауды, басқаруды, маркетингті,
бухгалтерлік есепті бақа да пәндерді білмеу.
Ешнәрсе білмейтін кәсіпкерде ұйымдастыру және өздігінен бизнес жүргізу
бойынша тәжірибесі болмайды, өз бизнесін қорғаудың әдістерін, өндіріс
шығындарын төмендету әдістерінен, нарықты зерттеу әдістерінен бейхабар
болады.
Нарықта тауар жылжытудағы күрделілік, кәсіпкерлікті, соның ішінде сауда
ісін ұйымдастырудағы күрделілік, Атап айтқанда: фирмалар қажеттілігіне сай
келетін, нақты техникалық құрал-жабдығы бар нақты талапқа сай келетін жолға
берілетін орынға қол жеткізудегі қиындықтар: объект иелерінің аренда ақысы
және даму кезеңіндегі кәсіпорын мүмкіндіктеріне қатысты саясатта
икемділіктің жоқтығы.

Еліміздің даму жылдарында шағын бизнесті қолдау көп шаралар жүзеге
асырылды, ең бастысы – нормативтік заң базасы жасалып бекітілді.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес кәсіпкерлік ретінде (кәсіпкерлік
термінімен қатар ағылшынша баламас бизнесте көп қолданбады) азаматтар мен
заңды тұлғалардың, меншік түріне қарамастан, тауарға (жұмысқа, қызметке)
сұранысты қанағаттандыру жолы мен таза табыс алуға бағытталған, жеке-
меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық
жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген инициативалық
іскерлігі түсініледі, іскерлік кәсіпкердің атынан, тәуекелге бел буы және
мүліктін жауапкершілікпен жүзеге асырылады1.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері орташа жылдық жұмыскерлер саны 50
адамнан аспайтын, жылдық жалпы актив құны алпысмың есептік көрсеткіштен
аспайтын кәсіпкерлік іскерлікпен айналысатын заңды тұлғалар және заңды
тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер болып табылады. Айлық есептік көрсеткіш
Қазақстан Республикасының “Республикалық бюджет туралы” заңына сәйкес
тағайындалады. 2005 жылы айлық есептік көрсеткіш 975 теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері заңды тұлға құрмаған жеке
кәсіпкерлер, сондай-ақ келесі ұйымдастырушылық құқықтық формадағы заңды
тұлғалар бола алады:
- толық серіктестік:
- командиттік серіктестік:
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
- қосымша жауапкершілікті серіктестік:
- өндірістік кооператив.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық жұмыскерлер саны барлық
жұмыскерлердің есебінен анықталады, соның ішінде подряд контрактысы және
келісім шартымен жұмыс істейтіндер, қосымша жұмыс істейтіндер, филиал
жұмыскерлері1;
Шағын кәсіпкерлік субъектісі аталған шектеулерден асқан жағдайда
Қазақстан Республикасының аталған заңында қарастырылған жеңілдіктерден
айырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
кәсіпкерлік іскерліктің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Алайда,
банктік іскерлікті және сақтандыру нарығында іскерлікті жүзеге асырушы
(сақтандыру агентінен басқа), ойын және шоу бизнес сферасында жұмыс
істейтін, құнды қағаздар нарығында мамандандырылған іскерлікті жүзеге
асырушы коммерциялық ұйымдар шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды.
Шағын бизнес субъектілері сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері
қатыса алмайтын арнайы ұйымдастырушылық-құқықтық формалары қарастырылған
бірқатар іскерлік түрлерімен де шұғылдана алмайды (мысалы, жинақтаушы
зейнет қоры жабық акционерлік қоғам формасында ғана құрылады.)
Шағын бизнестің мұндай анықтамасы Қазақстан Республикасының “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында берілген, алайда,
Қазақстан Республика Президентінің “2004-жылғы ішкі және сыртқы саясаттың
негізгі бағыттары туралы” халыққөа жолдауында (Астана, сәуір 2003) , келесі
жай көрсетілген: “ ... Осыған дейін түсініктейтін аппарат әлі негізделіп
жасалмаған, нақты анықтамалар жоқ, микробизнес деп нені түсіну керек, нені
шағын орта және ірі деу керек” Жеке кәсіпкерлік түсінігі де әлі жасалмаған.
Нақты құқық анықтама болмағандықтан бизнес категориясында статистикада да
заңда да мәселелер көрінуде. Осылайша заңды кәсіпкерліктің жекелеген
түрлеріне шектеулер мен толық шектеулер мәселесі бірнеше мағынада көрініс
тапқан...
Осы жерде аталған тағы бір жай: “... Осы күнге дейін кәсіпкерлерге
салық салу жүйесінің жетілмегендік мәселесі күрделі болып қалып отыр.” Ел
басы айтуынша істегі салық кодексі, бюджетпен есептесуде қарапайымдылықпен
ерекшеленетін патенттік жүйе сферасын тарылдып жеке кәсіпкерлік үшін іс
жағдайын қиындатты. “Патент құнын төлеп-салық органдары тарапынан еш
қиындықтан қорықпай жүре бер. Сондай-ақ тәжірибе көрсеткендей жаңа жүйе
өзін-өзі ақтамайды”,-деді Назарбаев.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік дамуын мемлекеттік қолдау мақсатында,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы салық кодексінде шағын
бизнес субъектілеріне арнайы салық режимі қарастырылған.
Арнайы салық режимі төлеу кезінде ұсталатын жеке табыс салығынан басқа
әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуде.
Жеңілдетілген тәртібін шағын бизнес субъектілері үшін қолданады. Аталған
пункте көрсетілмеген салық және басқада міндетті төлемдер бойынша салық
есебін беру, есептеу және төлеу жалпыға тағайындалған тәртіппен
жүргізіледі. Салық кодексінде “Шағын бизнес субъектілері” термині
қолданылып, оған сәйкес табыс, саны және іскерлік түрі бойынша шектеулер
қойылады.
Арнайы салық режимі бір реттік талон, патент және жеңілдетілген
декларация негізінде жүзеге асырылатын шағын бизнес субъектілеріне арналған
режим.
Арнайы салық режимін немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібін таңдау
кәсіпкердің өзінің таңдауына негізделеді бұл жерде шағын бизнес субъектісі
бюджетпен есептесудің тек бір формасын ғана таңдауға құқығы бар.
Шағын бизнес субъектілері үшін бюджетпен есептесудің тағы бір жеңілдетілген
түрі енгізілген-ол жеңілдетілген декларация негізіндегі жеңілдетілген салық
режимі.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі жеңілдетілген салық салу режимі
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық жүктемесін төмендетуге бағытталған
жеңілдік ствкаларын салық төлеу мен есептеудің жеңілдетілген тәртібін және
басқа да механизмдерді қарастырылған. Бұл форма жалдамалы еңбек күшін
қолданатын кәсіпкерлерге арналған.
Жеңілдетілген декларация бойынша салық сомасын салық төлеуші квартал
соңында, есептік кварталдағы алынған нақты табысқа сәйкес ставка шкаласын
қосу жолымен есептейді, ол ставка жеке тұлғаларда табысына қарай 14-тен 11%-
ға, заңды тұлғаларда 5-тен 13%-ға дейін өзгереді. Салық ставкасы жұмысшы
табысынан табыс салығын алу қағидасы бойынша тағайындалған.1
Кесте-4
Жеке және заңды кәсіпкерлердің табысына салық ставкасы
Жеке кәсіпкердің квартал Салық ставкасы
ішіндегі табысы
1500,0 мың теңгеге дейін табыс сомасынан 4%
1500,0 мың теңгеден жоғары 60,0 мың теңге +1500,0 мың теңгеден жоғары
табыс сомасының 7%-ы
3000,0 мың теңгеден жоғары 165,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден
4500,0 мың теңгеге дейін жоғары табыс сомасының 11%-ы.
Заңды тұлғаның квартал ішіндегіСалық ставкасы
табысы
1500,0 мың теңге табыс сомасынан 5%
1500,0 мың теңгеден жоғары 75,0 мың теңге +1500,0 мың теңгеден жоғары
3000,0 мың теңгеге дейін табыстың 7%-ы
3000,0 мың теңгеден жоғары 180,0 мың теңге +3000,0 мың теңгеден
4500,0 мың теңгеге дейін жоғары табыс сомасының 9%-ы
4500,0 мың теңгеден жоғары 315,0 мың теңге +4500,0 мың теңгеден
6500,0 мың теңгеге дейін жоғары табыс сомасының 11%-ы
6500,0 мың теңгеден жоғары 535,0 мың теңге +6500,0 мың теңгеден
9000,0 мың теңгеге дейін жоғары табыс сомасының 13%-ы
Шағын бизнестің ұйымдастырушылық – құқықтық формалары.
Шағын бизнестің субъектісі өзінің іскерлігін заңды тұлға құрамастан
жеке кәсіпкер формасында немесе заңды тұлға формасында жүзеге асыра алады.
Жеке кәсіпкерлер.
Жеке кәсіпкерлік түрі ретіндегі жеке кәсіпкерлік-азаматтардың табыс
алуға бағытталған, азаматтардың жеке меншігіне негізделген және азаматтын
атынан, олардың тәуекелі жеке мүліктің жауапкершілігімен жүзеге асырылатын
инициативалық іс-әрекеті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлға сипаттары жоқ заңды тұлға
құрамастан кәсіпкерлік іскерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар болып
табылады.
Жеке кәсіпкерлік түрлеріне тұлғалық кәсіпкерлік және бірлескен
кәсіпкерлікті жатқызады. Тұлғалық кәсіпкерлікті меншік құқығымен сондай-ақ
мүлікті қолдануға берілген басқа да құқықтармен қолданылған мүлік негізінде
бір азамат өздігінен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті жалпы құқық және басқа да мүлікті жалпы қолдану
құқықтарының негізінде иелік ететін мүлік базасында бір топ азаматтар жеке
кәсіпкерлер жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік формалары;
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын
ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі:
2) крестьяндық (фермерлік) шаруашылық немесе жекешеліндірілген тұрғын
үйге ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік
іскерліктің қарапайым серіктестік;
Заңды тұлғалар. Қазақстан заңына сәйкес заңды тұлға деп шаруашылық
жүргізу немесе жедел басқарудағы меншік құқығында ерекше мүлігі бар, сол
мүлікпен міндеттеме бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және тұлғалық
мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер сатып ала алатын, сотта
жауапкершілікті болатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның жеке балансы немесе
сметасы болу керек. Заңды тұлғаның жеке мөрі болады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға тек мемлекеттік
кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
формасында ғана құрылды.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және
аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып, шағын кәсіпкерлікті
дамытуға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесіндегі басты міндеттердің бірі
қаржы-несие институттары және кәсіпкерлік субъектілері арасындағы несиелік
қарым-қатынасты жетілдіру болып табылады.1.
Шағын бизнесті қолдаудың істегі формасы шағын кәсіпкерліктің дамуының
мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Барлық республикалық
бағдарламалардың басты мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды
қамтамасыз ететін қажетті өндірістік-шаруашылық, қаржылық, материалдық,
әлеуметтік-экономикалық басқа да жағдайларды құру болып табылады.
Аталған бағдарламада міндеттерді, негізгі шараларды, шараларды
қаржыландыру көздерін және жүзеге асырудағы күтілетін соңғы нәтижені
қарастырған1.
Мемлекет дамуындағы он жыл ішінде республикада шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың алты мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
1. Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті
қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылға арналған шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
3. Қазақстан Республикасында 1999-2000 жылға арналған шағын

4. Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылға арналған шағын

5. 2001-2005 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамытудың
институционалдық мемлекеттік бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жедел шаралар бағдарламасы.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
• Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды қайта даярлау және
квалификациясы жоғарлатуда даярлауды ұйымдастыру:
• Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық,
материалдық-техникалық, және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми
техникалық жобалар мен технологияларды қолдануда жеңілдетілген
жағдайлар жасау:
• Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуде, олардың
іскерлігін лицензиялауда, өнімдерін сертификаттауда жеңіл тәртіп
тағайындау:
• Салық салудың жеңілдетілген режимі, кедендік пошлина төлеу (салық
каникулы, мүліктік грант, салық несиелері, салық ставкасын төмендету)
кіретін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы құқықтық режим
тағайындау;
• Инвестицияларды тарту және қолдану жүйесін құру, соның ішінде шағын
кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамыту үшін;
• Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық іскерлігін
қолдау, соның ішінде шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық,
өндірістін тағы басқа байланыстарды дамыту:
• Қаржылық көзін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерін
несиелендірудің арнайы бағдарламаларын қабылдау:
• Өнім өндіруге, жұмыс, қызмет орындауға мемлекеттік сатып алуларды
орналастыруда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне преференциялар беру:
• Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар
қасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық-эксперттік
комиссиялар іскерлігін ұйымдастыру:
Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жылға арналған шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік
қалыптасуы мен дамуының негізін салды. Бұл жылдардағы республикадағы шағын
кәсіпкерлік кооператив, шағын және жеке кәсіп орындар бар болуымен
сипатталады.
Бұл кезенде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көп бөлігі тек
коммерциялық іскерлікпен шұғылданады.
Осылайша 1993 жылы сауда, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық және
жабдықтау өткізудегі шағын және жеке кәсіп орындар торабы Республикадағы
олардыңжалпы санының 40%-ын құрады, кооперативтер 10%-ын құрады. Олардың
үлесіне өткізілген өнімнің 34% тиді.
Сол арада бұл кәсіпорындар өндірген халықтың тұтыну тауарлары тек 216,6
мың теңге салада ғана болды немесе барлық өткізілген өнімнің 10%-ын құрады.
Республика экономикасының мемлекеттік емес секторын тек 12%-ын (4173)
халықтың тұтыну тауарларын және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім
шығаруымен айланысты.
Осылайша, бұл кезендегі шағын кәсіпкерлер субъектілерінің потенциялы
толық қолданыс таппайды.
Кәсіпкерлік дамуы, және соның ішінде жеке кәсіпкерлік дамуы мақсатты,
тұрақты заң болмауымен, сәйкес салық занының болмауымен, инвестиция және
несие алудағы қиындықтар мен, шикі зат ресурстарын ақпаратты алуымен т.б.
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты механизм жоқтылығымен тезеледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылдарға арналған шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен дамытуыдың екінші бағдарламасы
қабылданды.
Бұл бағдарлама мықты жеке кәсіпкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік құру үшін
жағдайлар қарастыру керек болды.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заныңа жеке
меншікпен кәсіпкерлік еркіндікті қорғауда келесідей өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге мүмкіндік берді: жаңа Салық кодексінің жобасына
ұсыныстар даярлау, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау үшін отандық және
шетелдік ресурстар квотасын анықтау; шағын бизнеске банктік қызмет
көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, биржалық іскерлікті кеңейту;
жеке бизнес қалыптасуы үшін жеке, сақтандыру, заңдық, бухгалтерлік,
консалтингтін басқа да арнайы компаниялар мен фирмалар дамуын қолдау:
алғашқы бизнес орталықтар мен технопарктер құру: жеке кәсіпкерлер даярлауда
оқу-әдістемелік құралдар кешенін шығару1.
Осы жылдары кәсіпкерлікті Европалық реконструкция және даму банкінің
100-миллиондық несиенің бірінші траншынан жүзеге асырылды. 1995 жыл
ортасында кәсіпкерлікті қолдаудың Ортаазиялық-американдық қоры құрылды, ол
төрт жобаны қаржыландырады.1
1996 жыл алдында ЖҰӨ шағын кәсіпкерлік үлесі 2% құрады, бизнес
сферасындағылар үлесі жалпы ел экономикасында жұмыспен қамтығалдардың 5,2%
құрады, ал төлемдер көлемі барлық салықтармен бюджетке түсімдердің 7,9%
құрады.
Шағын бизнестің ары қарай дамуы 1996-1998 жылғы реформалар тереңдету
бойынша үкімет істерінің бағдарламасына орай жүзеге асты онда келесі
міндеттер шешіледі:
• Шағын және орта кәсіпкерлік түсініктерін нақтылау және заңдық немесе
нормативтік бекіту, ең алдымен жеке, үйдегі және отбасылық
кәсіпкерлікке түсінік берілді.
• Босаған жұмыс күшінің тез арада мамандық бағытын ауыстыруға әсер
ететін іскерліктің ерекше және арнайы шарттарын мемлекеттік реттеуде
құрудың жеңілдетілген режимін анықтау.
• Мемлекеттік бюджет және заемдық қаражат есебінен іскерлігін жартылай
қаржыландыруды ескере отырып шағын бизнес орталықтарын құру және
бекітуде тікелей мемлекеттік қолдау көрсету.
Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау республикада
бірқатар белсенденді. 1997-1998 жылдар аралығында президенттің “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және белсендендіруді күшейту бойынша
шаралар туралы” және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау
және дамытудың приоритеттері және аймақтың бағдарламалары туралы екі
жаршығы; “Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы”, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан
Республикасы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу
туралы”, “Қазақстан Республикасы кей Заң актілеріне қосымшалар мен
толықтырулар енгізу туралы” төрт заң, министрліктер мен ведомстволардың он
бір нормативтік актісі қабылданды: 1998 жылдың сәуірінде шағын бизнесті
қолдау бойынша Агенттік құру туралы шешім қабылданды, 1998 жылы тамызда
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қоры құрылды.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы келесі қадам Қазақстан Республикасының
1999-2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы болып табылды. Қолдаудың алдынғы бағдарламалары
шағын бизнестің негізін салды. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуын тежеп
отырған бірқатар мәселелерді де анықтады: материалдық және қаржы
ресурстарының шектеушілігі; шағын бизнесті қолдаудың әлсіз инфрақұрылымы,
кадрлардың жеткіліксіз даярлығы; өткізу нарығының жоқтығы, төлем
қабілетінің төмендігіне орай халықтың өнім мен қызметке сұраныс төмендігі.
1999-2000 жылдардағы бағдарламада кепілдік қор негізінде приоритетті
жобаларды екінші деңгейдегі банктердің несиелендіруі, шағын бизнес
субъектілерінің несиелік серіктестік, сақтандыру қоғамдарын құру арқылы
қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды жетілдіру қарастырылған. Сонымен
қатар бағдарламада жеңілдетілген салық механизмі мен кедендік тарифтерді
төлеудің жеңілдетілген салық механизмі мен кедендік тарифтерді төлеудің
жеңілдетілген жүйесін, шағын кәсіпорындар тауары мен қызметіне мемлекеттік
тапсырыс: шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта құру, яғни
жергілікті органдар қор іскерлігіне жарғылық капиталға әкімшілік ғимарат
құнын беру жолымен тартылып өзіне заем алушы мен банктер арасындағы делдал
қызметін артуы керектігі; аймақтағы инфрақұрылымның барлық элементтерінің
ары қарай құрылуының қажеттілігі, кейіннен біркелкі ұйымдастырушылық-
технологиялық схемаға бірітірілу қажеттігі; өнеркәсіп орталықтарының:
технопарк бизнес-инкубаторлар ашылуы; нормативтік базаның ары қарай
жетілдірілуі, аймақтық бағдарламалар құру қарастырылған.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру үшін 05.06.2000 жылы
бекітілген “Қаржы лизингі туралы Заң қабылданды, 11.07.2000 жылғы”
Қазақстан Республикасындағы ремесло дамыту концепциясы туралы және
17.10.2000 жылғы.
“Шағын” кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық-көрме орталығы ЖАҚ
құру “туралы” үкіметтің екі жарлығы.
Сонымен қатар, бағдарламаны жасаушылар айтуынша мемлекеттік
мекемелердің Қазақстанда шағын бизнес кәсіпорындарында шығарылатын
өнімдердің импорттық аналогтарын сатып алуға тыйым салған дұрыс, ол отандық
өнімдерге кепілдікті сұраныс қалыптастыруды ақпараттық қамтамасыз ету орта
мерзімдік перспективада бірқатар шаралардың жүзеге асуын көздейді. Оның
бәрі кәсіпкерлік пен шағын бизнеске бағытталған оқытушыларды даярлауға,
Қазақстан аймағында ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибе трансфертін
жүзеге асыру; дистанциондық бизнес-білім беруді дамыту; білім беретін және
консантингтік орталықтардың тарабын құруға қатысты.
Жергілікті әкімшіліктер мәслихат сессияларында бекітілетін аймақтық
бағдарламалар жасауы керек. Екі жылдық бағдарламада қарастырылған шаралар
жоспарын орындау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 50 млн. теңге
бөлінуі керек, сондай-ақ техникалық және консультативтік көмек шегінде
жерлікті бюджет, банктер, халықаралық банктер қаржыландыру керек. Құжатты
жасаушылар екі жылдан кейін кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 22%
өседі деп сенеді.
Ең соңғы бағдарлама Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға
арналған шағын және орта кәсіпкерлік дамуы бойынша жедел шаралар
бағдарламасы:
Бағдарламаны жасаушы Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті
жоспарлау министрлігі.
Бағдарлама мақсаты:
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік сферасын неғұрлым
кеңейтуге бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру және
іскерлігін белсендіру есебінен Қазақстанның бәсекелестік қабілетін
жоғарлату.
Бағдарлама міндеттері.
1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым анық заң негізін
құру.
2. Экономиканы бюрократизациясыздандыру және әкімшілік кедергілерді
жою.
3. Кәсіпкерлік тарапынан көзқарас негізінде өмірлік қабілетті
инфрақұрылым жүйесін құру және қамтамасыз ету.
4. Шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту.
5. Мемлекетке тән емес қызметтерді нарықтық ортаға ең біріншіден шағын
және орта кәсіпкерлікке беру.
Жоғарыда аталған міндеттер келесі негізгі шараларды жүзеге асыру
жолымен орындалады.
2005 жылы:
1. Ревизиялар жүргізу, Қазақстан Республикасының бірқатар заң және
нормативтік актілер жасап қабылдау.
2. Шағын және орта кәсіпкерлік сферасының заң негізінің неғұрлым
нақтылығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың
бақылау және қадағалау қызметтеріндегі органдардың бақылау және қадағалау
қызметтеріндегі іскерлік түрлеріне талдау жүргізу.
4. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың
бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендіру бойынша
шаралар қабылдау.
5. Орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру көлемін 10 млрд.
теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
6. “Шағын кәсіпкершілікті дамыту қоры” АҚ шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қаржылық қолдауда рөлінен күшейтуді қамтамасыз ету.
7. Қаржылық супермаркет құру да жұмыстарды ұйымдастыру.
2006 жылы
1. Мемлекет және акционерлік қоғамдардың мамандық емес қызметтеріне
таңдау жасап, мемлекет қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікке беру.
2. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін 25 млрд
теңгеге ұлғайтуды қосымша қамтамасыз ету.
2007 жылы.
1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін 25 млрд
теңгеге ұлғайтуды қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттің жеке сектормен арақатынасының жаңа идеологиясын құруды
аяқтау.
Ең соңғысы. Меншікті заңдастыруға бірқатар шаралар кешенін қабылдау
қажет, атап айтсақ, қалаға ауылдан қоныс аударғандар мен шағын кәсіпкердің
жері мен шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға бағытталған жағымды
институтционалдық климат құру мақсатында қабылданды.
Құрылым трансферттік технологияны инновацияны кәсіпкерлік және
менеджмент мәселелерін оқу, аймақтық және салалық бөлікте мамандар мен
жұмысшыларға қажеттікті ғылыми негізделген болжамын, ақпараттық қызмет
көрсетеді, өнім көрмесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ орталық іс-
әрекеті шағын кәсіпкерлік дамуын тенденциясын секторлық оқумен, аз
игерілген сфераларды анықтау және осы сфераларда кәсіпкерлік дамуын
ынталандыруға бағытталған шешім қабылдауымен тығыз байланыста болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі шағын бизнесті қолдаудың тағы бір жолын
қарастырады: 07.05.2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен
Қазақстан Республикасы 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті
дамыту және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz