Ішкі банктік чектермен есеп


ЖОСПАР
Кіріспе3
1. Есеп айыру операцияларының экономикалық мәні және маңыздылығы5
1. 1 Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі5
1. 2 Банктердегі есеп айыру операциялары және олардың жіктелуі11
2. Банктердегі есеп айыру операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру15
2. 1 Төлем тапсырмасымен есеп айырудың артықшылықтары15
2. 2 Төлем талап - тапсырысымен және инкассалық өкімдермен есеп айыру есептерін ұйымдастыру ерекшеліктері22
2. 3 ҚР-да чектермен есеп айыру есебі26
2. 4 Есеп айырудың аккредитивтік нысаны38
3. Банктердегі есеп айыру операцияларын жетілдіру жолдары46
3. 1 Вексельдермен операциялар есебін ұйымдастыруды дамыту мәселелері46
3. 2 Банктік карточкаларымен есеп айыру есебінің ерекшеліктері59
Қорытынды73
Қолданылған әдебиеттер тізімі74
Кіріспе
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының өте тез қарқынмен дамыған секторларының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келгені белгілі. Бүгінгі күні коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есеп банкті жалпы басқару жүйесінде басты орын алады.
Еліміздің экономикасындағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі -бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен ормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының тұрақты өсуіне әсер етеді.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласында банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары мен банктік операциялардың қайта бағытталуына елдің Орталық банкісі мен екінші деңгейдегі банктердің өзара қарым-қатынастар жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол дер кезінде маңызды ақпараттар алуға мүмкіндіктер береді.
Екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есебінің ерекшелігі жүргізілетін операциялар сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.
Кез-келген заңды және жеке тұлғалар үшін есеп айыру операцияларының дер кезінде және тиімді түрде жүргізілуі банктер үшін де клиенттер үшін де маңыздылығы өте жоғары болып табылады. Міне, осы айтылған мәселелер диплом жұмысы ретінде таңдалған тақырыптың өзектілік мәнін білдіреді.
Диплом жұмысының мақсаты - коммерциялық банктердегі есеп айыру операцияларының бухгалтерлік есебін зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:
1. Банктен шот ашу және оны жүргізу тәртіптерін тереңірек оқып-үйрену;
2. Есеп айыру операцияларының түрлеріне сипаттамалар беру;
3. Есеп айыру операцияларының барлық нысандарына, яғни төлем тапсырмасымен, төлем талап-тапсырмасымен, инкассо арқылы есеп айырысулармен, аккредитивтермен, вексельдермен, банктік карточкалармен есеп айыруларды жүргізу ерекшеліктерін толық меңгеру;
4. Банктегі есеп айыру операцияларын жетілдіру мәселелеріне тоқталу.
Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде - қолма-қолсыз ақша қаражаттары арқылы есеп айыру нысандары алынды.
Диплом жұмысын жазу кезінде көптеген отандық және шетелдік экономистердің еңбектері пайдаланылды.
1. Есеп айыру операцияларының экономикалық мәні және маңыздылығы
1. 1 Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі
Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаттары банкте олардың қызмет мінезіне сәйкес ағымды және есеп айыру шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айыру.
Осыдан, есеп айыру міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қолсыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қолсыз түрде жүзеге асырылады.
Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік оперцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айыру-кассалық қызмет келісім шартына сәйкес жүргізіледі (қосымша 1) . Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады (қосымша 2) . Осы келісім шартқа сәйкес банк клиентке есеп айыру және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыларды есепке алады, клиент тапсырысы бойынша шоттан қаржыларды алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыздар төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды өткізеді.
Банктік келісім шарттың негізгі реквизиттері болып келесілер табылады: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәләндыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісім шарт екі жақпен қарастырылған басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.
Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;
- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
- жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің көшірмесі;
- қол қою және мөр басылған карточка үлгісі (қосымша 3), бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.
Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақ және корреспонденттік шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақ шоттары - заңды және жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал корреспонденттік шоттар -банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары.
Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе, онда банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының толық бар екендігі туралы бекітімі болса, онда банк қаражаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қолсыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады. №395 13 қазан 2000 ж. Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қолсыз төлемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін қолма-қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар1 есебіне қолма-қолсыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.
Заңды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қолсыз төлемі және ақша аударымы, олардың банктік шот ашып, салық және бюджетке міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарнасын төлегеннен соң жүргізіледі.
Есеп айыру шоты бойынша жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады (қосымша 4) . Есеп айыру шоттан көшірме келесі реквизиттерден тұрады: клиент аты, есеп айыру шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттеуші шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.
Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қолсыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, шот хабарламалар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжаттар төлем құжаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады. Олар банкке банкпен бекітілген операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік кұқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.
Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі реквизиттер болуы қажеттілігін айтып өту тиіс:
- төлем хабарламасының аты;
- төлем хабарламасының нөмірі, құру күні, айы, жылы;
- ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ақша жөнелтуші немесе бенефициар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы;
- ақша жөнелтушісінің немесе бенефициардың жеке идентификациялық коды. Жеке тұлғаның дербес идентификациялық коды болмаған жағдайда, оның жеке басын күәләндыратын құжат берілгендері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;
- банк жолдаушы және банк - бенефициардың ұйымдастыру құқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың идентификациялық коды;
- ақша жөнелтуші коды «КОД», бенефициар коды "КБЕ", төлем маңызы және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормативтік құқылық актілерімен белгіленген кодтық белгіленуі;
- төлем сомасы, санмен және сөзбен көрсетілген;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес идентификациялық коды көрсетілместен аудару жасалатын болса;
- егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның өкілетті тұлғаларының аты-жөні, қолдары, мекеме мөрі. Егер жөнелтуші жеке тұлға болса оның қоры;
- Қазақстан Республикасының заңдылығымен қарастырылған басқа да реквизиттер. Банк-алушы ақша жөнелтушісінен төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем хабарламасын алу кезінде банк-алушы жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, банк-алушы бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды. Одан соң банк-алушы оны Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттердің төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиондық сыйақы ұстайды. Сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды, егер бұл банк алушы мен ақша жөнелтушісі арасындағы келісімде қарастырылмаса.
Банк ақша жөнелтушісінен келесі жағдайларда төлем хабарламаларын қабылдаудан бас тартуы мүмкін:
- төлем хабарламасы нағыз ереженің және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;
- аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтушімен қамтылмаса;
- төлем хабарламасында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;
- Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісім шарттарының талаптары орындалмаған болса.
Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін банк алушы және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір жақ (банк алушы) екінші жақтың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушісінің) оған дербес идентификациялық код белгілеместен үшінші жаққа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы жақтар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиондық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Сондай-ақ банк ақша жөнелтушісін төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныстыруы тиіс.
Ақша аударымын жүзеге асыру үшін банк жөнелтуші төлем хабарламасы негізінде сәйкес төлем құжаттарын рәсімдейді. Егер банк банктік шоты жоқ бенефициар есебіне ақша қабылдаса, онда ақша қабылдағандығы туралы, банкпен бекітілген нысанда толтырылған хабарламаны жолдау арқылы оны хабардар етуі тиіс.
Егер бенефициардың банктік шоты болмаса, онда ақша аударымы ақша жолдаушысының төлем хабарламасына сәйкес банк бенефициардың бенефициарға қолма-қол ақша босатуымен немесе оның есебіне ақша түсімі кезінде бенефициардың банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазу жасалғаннан бастап аяқталған болып саналады. Бенефициар банк бенефициар жеке тұлғаға оның жеке басын күәландыратын құжатын ұсынғаннан кейін ғана қолма-қол ақшаны бере алады. Бұл кезде банк оған төлем жүргізілгендігін растайтын және ақша жөнелтушісінің төлем хабарламасының шарттарын белгілейтін құжатты ұсынуы тиіс. Бенефициар қолма-қол ақша алу кезінде банктің сәйкес құжаттарына жеке басын күәландыратын құжаттағы аты-жөнін, сондай-ақ алған ақша сомасы мен төлем валютасын көрсетіп, қолын қоюы тиіс.
Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы ақша аударымының сомасын алу үшін, банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мүмкін болмаса, ақша жөнелтуші банкі және бенефициар банкі ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.
Аударым қателесіп жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушісінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, қайтарылу себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қателесіп аударылған сома ақша жөнелтушісінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есеп шот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.
Ақшаны қайтарған жағдайда жөнелтуші банкі жөнелтушісі үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.
Егер ақша, ақша аударымы туралы қате белгі себебімен қайтарылған болса, онда жөнелтуші банкі ақша жөнелтушісін ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкіне төлем құжаттарын тиісті реквизиттерімен жолдайды. Егер жөнелтушісінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылданғандығы туралы банк белгісін қойып тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.
Бұл операциялардың банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, өкілетті ұйымдардың банктік шоттағы ақшаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгертуі туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.
Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операциялар тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.
Банктік шоттын жабылуы клиенттін шотты жабу себебін көрсеткен өтініш негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиентті заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда - үш жылдан аса, онда шот бойынша орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.
1. 2 Банктердегі есеп айыру операциялары және олардың жіктелуі
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:
• клиенттік есеп айыру операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;
• негізгі субъект ретінде банк болып табылатын, таза банктік есеп айыру операциялары және банкаралық есеп айырулар (кесте) .
Кесте Жіктелу критерийлері
Төлем талап
тапсырыстары-мен есеп айырулар
Шот жүргізу бойынша
операциялар
Аударым
операциялары
чектермен есеп
айырулар
вексельдермен
есеп айырулар
карточкалармен
есеп айырулар
Кассалық операциялар
Акцепттік операциялар
Талаптарды беру
операциялары
Авальді операциялар
Инкассалық
операциялар
Клирингтік
операциялар
Есеп айыру нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айыру операцияларын бөліп көрсетуге болады:
- аккредитивтік операциялар;
- инкассалық операциялар;
- аударым операциялары;
- клирингтік операциялар.
Есеп айыру операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айыру операциялары жіктеледі:
- төлем тапсырысымен есеп айырысулар;
- чектермен есеп айырысулар;
- вексельдермен есеп айырысулар;
- төлем карточкаларымен есеп айырысулар;
- қолма-қол есеп айырысулар.
Функционалды негіздеріне, есеп айыру мәні мен жүзеге асыру кезеңдеріне қарай банктің есеп айыру операциялары бөлінеді:
- ағымды, есеп айыру, мерзімдік және басқа да шоттар операцияларына;
- әртүрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиондық ақылар қосу операциялары;
- кассалық операцияларға (қолма-қолсыз ақшаға айналдыру операцияларына және керісінше) ;
- тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алумен байланысты акцепті операцияларға;
- төлем алу құқығын берумен байланысты операцияларға: факторингтік, есептік, жодаушы (индоссациялық), банк индоссант болып табылатын кездегі;
- банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырысының) операциялары.
Банктегі есеп айыру операцияларын ұйымдастыру № 179 25 сәуір 2000 жылғы Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қолсыз төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айыру құжаттарын рәсімдеу және есеп айыруларды жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.
Банкпен аударым операцияларының үлкен көлемі орындалады, яғни заңды және жеке тұлғалардың ақша қаржыларының аударымдарын жүзеге асыруға берген тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.
Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырулардың келесі нысандары қолданылады:
- төлем тапсырыстарымен;
- төлем талап - тапсырыстарымен;
- инкассалық өкімдермен;
- чектермен;
- аккредитивтерімен;
- вексельдермен;
- банктік карточкалармен.
Осы аталған есеп айыру нысандарына келесі тарауда толығымен жеке-жеке талдаулар жүргіземіз.
2. Банктердегі есеп айыру операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
2. 1 Төлем тапсырмасымен есеп айырудың артықшылықтары
Төлем құжатты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырыста көрсетілген соманы оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырысы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырысын ұсынады. Төлем тапсырысында міндетті түрде келесі реквизиттер көрсетілуі тиіс:
- құжаттың аты;
- оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн - санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен көрсетіледі;
- ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру - құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес идентификациялық коды;
- ақша жөнелтуші банкінің ұйымдастыру - құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес идентификациялық коды;
- төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;
- санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;
- салық төлеуші бенефициармен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.
"Төлем мәнінің бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ "Код - төлем мәнінің бөлігінде -төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы-банкіне ақша аударымы туралы берген тапсырысы болып табылады.
Алушы банкі ақша аударымына жазылған төлем тапсырысын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырысымен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырысында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін2 көрсетуге алады.
Банктің жөнелтуші төлем тапсырысын орындау міндеттемесі төлем тапсырысының акцепті болып табылады. Акцепт кезінде алушы - банкте жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырысында көрсетілген мөлшерде ақша алу құқы болады, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды шығындарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz