Депозиттік емес қаражаттар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕЛУІ . . . 6

1. 1 Банктердің дәстүрлі операциялардың бірі - депозиттік операциялардың экономикалық мәніне сипаттама беру . . . 6

1. 2 Депозиттік операциялардың түрлерін қарастыру . . . 10

1. 3 Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің ерекшеліктерін қорытындылау . . . 19

2 БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫНЫҢ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНДАҒЫ РОЛІ . . . 23

2. 1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайын талдау . . . 23

2. 2 «Цесна банк»акционерлік қоғамының депозиттік саясатын ұйымдастыру тәртібін көрсету . . . 27

2. 3 «Цесна банк» акционерлік қоғамы және олардың жағдайын бағалау . . . 46

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 52

3. 1 «Жеке тұлғалар депозиттер кепілдендіру қоры» акционерлер қоғамының банктердің депозиттік саясатын жетілдірудегі ролі . . . 52

3. 2 Банктердің депозиттік саясатын шетел тәжірибесін қолдана отырып жетілдіру жолдары . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64

КІРІСПЕ

Банктік ресурстар - қандайда бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге асыру үшін керекті ресурстар жиынтығы. Банктік ресурстар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Ресурстарды орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар - ол табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен роль атқарады. Банктердің екі негізгі мақсаты бар екендігі белгілі. Оның бірі бүкіл мемлекетте тараған жеке меншік жинақтар мен ақша капиталын өздеріне тарту, ал екіншісі жинақталған ақша қаражаттарын оларды тиімді пайдалана алатын сол арқылы өзіне пайда әкелетін тұлғалардың иелігіне беру. Банк қызметі алуан түрлі. Бір банктік холдингтік компаниялардың пайда болуы және кейбір маңызды мәселелердің әлсіреумен бірге банктер және олардың филиалдары көрсететін қызмет түрлеріде кеңейді. Коммерциялық банктер қызметіндегі соңғы жаңалықтардың қатарына несиелік карточкалардың енгізілуі, іскерлік фирмаларға көрсетілетін бухгалтерлік қызмет, факторингтік, лизингтік, трасталық операциялар, ақша құжаттарының кезексіз инкассациясы, абоненттік жәшіктер жүйесін пайдалану сияқты т. б. жатқызуға болады. Бұдан басқа өз қызметтерін одан әрі жетілдіру үшін көптеген басқару салаларындағы ғылыми ұсыныстарды пайдаланады.

Ең көп тараған банктік қызметердің ішінде келесілерді атауға болады: ақшаларды несиелік және инвестициялық операциялар көмегімен пайдалану арқылы табыс табу; төлем механизімін немесе ақшаларды аударуды қамтамасыз ету; әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажетіліктерге пайдалану мақсатымен жинақтардың жинақталуын қамтамасыз ету; халықаралық есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланысты арнайы банктік қызмет көрсету; сенімділік операциялары; бағалы заттарды сейфтерде сақталуын жүзеге асыру және т. б.

Банктік операцияларды жүргізілу сипатына байланысты активті жөне пассивті операциялар деп бөліп қарастырады. Пассивті операциялар арқылы банктер өздеріне қажетті ақша қаражаттарын жинақтаумен, яғни айналым қорларын толықтырумен айналысса, ал активті операциялардың көмегімен сол қорларды өзіне пайда әкелетіндей етіп орналастырады. Бұл жағдайда банк қызметіне байланысты арзанға сатып алып кейіннен қымбатқа қайта сататын саудагер ісінен еш айырмашылығы жоқ. Коммерциялық банктер қаржылық делдалдар деп аталынатын іскерлік кәсіпорындардың ерекше түрлеріне жатады. Олар шаруашылық әрекет нәтижесінде босап қалатын капиталдарды, халық жинақтарын және басқа да бос ақша қаржыларын тартып, косымша капиталды қажет ететін басқа экономикалық агенттерге жиналған қаржыларды уақытша пайдалануға береді. Әр түрлі несиелік кәсіпорындар қызметтерінің тығыз араласып кетуі және әмбебап банктер түрінің танымал болуы, маманданған қызметі болып несие беру және депозиттерді қабылдау саналатын банк және банктік іс әрекет қызметтерін анықтауда қиындық туғызады. Нақты банк тәжірибесінде күнделікті жүзеге асып, пайдаланатын операциялар кемде кем (мысалы, халықаралық операцияларды жүзеге асыру немесе трасталық, факторингтік операциялар және т. б. ) . Бірақ бұған қарамастан банк өмір сүріп, дұрыс қызмет көрсету үшін қажетті күнделікті жүргізіліп отырылатын бірқатар дәстүрлі банктік операциялар бар. Олардың қатарына: депозитік, несиелік, ақшалай есеп айрысуларды жүзеге асыру және т. б. жатқызуға болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары жайлы мәселені маңызды етеді, қазіргі кезде дамып келе жатқан тауарлық және қаржы нарықтары жағдайында банк жүйесінің құрылымы өте күрделеніп кетті. Несие жүйесінің институционалды оптималды формаларын капитал нарығындағы тиімді әрекет ететін механизімді коммерциялық құрылымдарға қызмет етудің жаңа әдістерді іздестіру жүріп жатыр. Менің дипломдық жұмысым ретінде тандап алған тақырыбым "Банктердің депозиттік саясаты және жүзеге асыру" деп аталады. Бұл тақырыпты таңдап алудағы мақсатым банктегі депозиттік операциялардың дұрыс жүргізуінің, бухгалтерлік есепте дұрыс есепке алуын, терең зерттей отырып талдауын толық меңгеріп жетілдіру шараларын ұсыну. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттерді шешу алға қойылды:

─ депозиттік операциялардың теориялық негізделуі;

─ банктердің дәстүрлі операцияларының бірі - депозиттік операциялардың экономикалық мәні;

─ депозиттік операциялардың түрлерін қарастыру;

─ Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің ерекшеліктерін қорытындылау;

─ банктердің депозиттік саясатының депозит нарығындағы ролі;

Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына талдау

─ «Цесна банк» акционерлік қоғамының депозиттік саясатының мәні және депозиттік операцияларды ұйымдастыру тәртібін көрстеу;

─ «Цесна банк» Акционерлік қоғамының депозиттік операцияларының жағдайын бағалау;

─ Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықты жетілдіру перспективалары;

─ «Жеке тұлғалар депозиттер кепілдендіру қоры» акционерлер қоғамының банктердің депозиттік саясатын жетілдірудегі ролі;

─ Банктердің депозиттік саясатын шетел тәжірибесін қолдана отырып жетілдіру жолдары.

Дипломдық жұмысын жазу барысында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері мен статистикалық деректері, отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар да жарияланған банктің білікті мамандарының еңбектері және Цесна Банк акционерлік қоғамның мәліметтері пайдаланылды.

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕЛУІ

1. 1 Банктердің дәстүрлі операциялардың бірі - депозиттік операциялардың экономикалық мәніне сипаттама беру

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі (80-90 пайызы) сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралады. Сондықтан да банктен берілетін несиелер көлемі сырттан тартылған қаражаттар көлеміне тікелей байланысты болып келеді. Банкте сырттан тартылған қаражаттар құрамына қарай әртүрлі болады. Олардың негізгі түрлеріне банктің клиенттермен жұмыс процесі кезінде тартылған және басқа да несиелік мекемелерден қарызға алынған қаражаттар жатады. Соған байланысты банктің сырттан тартылған қаражаттары үлкен екі топқа бөлінеді:

1. Депозиттік қаражаттар;

2 Депозиттік емес қаражаттар;

Нарықгық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақша қаражаттарын тарту тәсілдерінің болуы сырттан тартылған қаражаттар көлемін толығымен өзгертті десе де болады. Банктердің сырттан тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банктер үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып саналады. Сондықтан да депозиттік операциялар банктің негізгі пассивтік операцияларының бірі болып табылады. Салымдарды қабылдау және капиталы бар бірақ оны уақытша қолданбайтын немесе онымен өзі жұмсау жолын таппаған тұлға мен банктің арасында жасалатын қарыз операциясы болып табылады. Депозит - латын тілінен аударғанда (Deposits) - сақталуға берілген зат деген мағынаны білдіреді. Банкке сақтауға берілген бірақ та белгілі бір шартқа сәйкес және мерзімі жеткен кезде қайтарылуға жататын бағалы қағаздардың ақша қаражаты. Сонымен қатар қайтарылуға жататын депозит сомасымен бірге депозиттік келісім шартта белгілеген сыйақылық ставканы төлеу. Тұрғындардан салымдарды қабылдай отырып, банктер өздерінің айналым қаражатын қалыптастырады және олар арқылы ұлттық экономикаға инвестициялар жасайды. Нарықтық экономикаға өткенге дейін депозиттік операциялар жасырын түрде жасалынып отырылды, өйткені банктерде оларға уақытша сақталымға берілген мүлікті таратуға заңды құқығы болмаған. Бірақ тәжірибеде осындай операциялардың толық қауіпсіз екендігі дәлелденген кезде банктер ашық түрде жұмыс істеді. Олар өздерінің айналымын қолдану үшін ақша қаражатын жинақтау операцияларын жүргізе бастады. Сол үшін олар салымшыларға белгілі төлем төлеп отырады. Сақтау үшін деп берілген депозиттер біртіндеп банктердің уақытша пайдалануы үшін салымға айналды. Сондықтан да банктер салымдағы сомаларды сақтағаны үшін төлем алу орнына, оларға сол салымды қолданғаны үшін сыйақы төлеп отырды. Осы салымның заңды табиғатының принципиалды өзгеруіне әкелді. Коммерциялық банктер ақшалай жинақтардың жинақталуын қамтамасыз ету арқылы, болашақта оларды әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттілікке қолдануы мен экономиканың барлық салалары үшін шекті маңызды қызметті жүзеге асырады. Жоғары деңгейлі толық қауіпсіз банкке орналастырылған жиналымдарға салымшы өсімақы түрінде сыйақы алады. Жинақталған жиналымдар кәсіпкерлерге өндірістік қуаттылықты кеңейту үшін және тұтынушыларға тұтынушылық тауарлар, үйлер сатып алу үшін пайдалы бола алады. Осы ақша қаражатының көп бөлігі коммерциялық банктердің жинақталым бөлімінде шоғырландырылады. Заңды тұрғыдан салым - ол ақшаны қарызға алу келісім шарты, бұл жерде қарыз алушы ретінде банк, ал қарыз беруші ретінде салымшы болып табылады. Қазіргі кездегі депозиттер банктердегі сақтау келісім шартында және оларды содан кейін айналымға шығарған ақша негізінде пайда болғаны сөзсіз факторлардан шығып отыр. Бұдан басқа депозит қарызға қарама-қайшылық, әдеттегідей тұлға ақшаға мұқтаж болғандықтан қарыз берушіні іздеуден пайда болмайды ал керісінше бұл жағдайда қарыз алушыға өзі ақшаны ұсынушы кредитордың бастамасы болады. Осы жағдайлар банктік депозитте салым келісім шартының ерекше түрін көруге әкелді. Коммерциялық банктер қарыз қаражатын кең түрде тартады. Олар арқылы пассивтерінің жалпы сомасының 70-90 процентін құрайды. Арзан қаражатты қарызды қолдану арқылы соның ішінде депозиттерді қолдану арқасында банктік операциялардан сәйкесті кішігірім табыс, соңында акционерлерге айтарлықтай табысты қамтамасыз ететін көлемде болуы керек. Комммерциялық банктердің барлық пассивтерін 80 процентке жуығын құрайтын ақша қаражатының негізгі қайнар көзі - депозит болып табылады. Депозитік сертификатарды орналастыру қабілетілігі және евро долларды қарызға алу немесе Республикалық резервтік қорларды қарызға алу банкке жоқ дегенде төмен табысты екінші денгейлі қорлық резервтерден тәуелді болуына мүмкіндік береді, ал бұл оның табыс алу мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақта бұл операциялар тәуекелдікпен байланысты. Пассивтік операцияларды басқару кезінде осы қосымша тәуелділікті, бұдан басқа тартылған қаражатарға шығындар мен табыстар арасындағы тәуекелділікті ескеру керек, оларды бағалы қағаздарға және қарызға беру арқылы алуға болады, яғни активтік және пассивтік операцияларды басқару арасындағы қарым-қатынас банктің табыстылығы үшін шешуші роль атқарады. Құндылықтарды сақтау операцияларының, яғни депозиттің екі түрі бар ашық және жабық. Алдынғысының өзі екіге бөлінеді:

1. Құндылықтарды сақтау депозиті;

2. Оларды басқару депозиті;

Жабық депозиті кезінде банк конверттегі кұндылықтарды сақтауға қабылдайды. Мысалға депозит объектісі болып бағалы қағаздар немесе қандайда бір құжаттар болып табылады және олар арнайы банктік жәшікгерде сақталады. Бұл жерде депозит объектісі болып алтын немесе басқа да құндылықтар болған жағдайда банк сақтағаны үшін кішігірім төлемдер алады. Жабық депозиттер үшін банктер жанбайтын жәшіктерді жалға беру жүйесі қолданылады. Осы жәшіктерге құңдылықтар салынып екі әр түрлі кілтпен жабылады. Оның бірі клиентке беріледі, ал екіншісі банкте қалады. Осылайша банкте салым жолымен жиналатын ақша қаражаттарының айналыстағы уақытша бос капиталдар көлемін сипаттайды және олардың әр түрлі экономикалық шығу тегі мен мәні болады. Ең алдыменен өздерінің сәйкес білімі және қабілеттілігі жетпейтіндіктен өзінің қаражатын белсенді қолдана алмайтын адамдар бөлігін бөліп шығару. Сондықтан олар өздерінің қаражатын банке салым түрінде береді, олар онда айтарлықтай көп уақыт болады. Сондықтанда осы салымдар тұрақты деген атқа ие, ал банк бұндай қаражаттарды өзіндік капиталы ретінде қолдана алады. Содан кейін екінші денгейдегі капитал болады, олардың иелері ақша қаражаттарын жұмсауда өте икемді. Олар тек қана алдын-ала белгіленген, белгілі бір уақытқа ғана банкте сақтайды. Яғни, бұл өздерінің жиналымдарын қалай жұмсауды шешпеген жеке түлғалардың жиналымдары. Коммерсанттар, олардың айналымдары барлық капиталды қолдануды қажет етпейді, олар банкке өздеріндегі белгілі бір уақытта тұтынусыз жатқан соманы береді. Бұндай салымдар мерзімді болып саналады.

Бос ақшаның үшінші түрі - оның иелері ақша қаражаты қашан қажет болатынын нақты анықтай алмаған капиталдар. Иелері оларға тиімді орналастыруларды іздестіреді. Сондықтан да осындай қаражаттар қозғалысты сақтауы керек, ал олардың иелері оларды кез-келген уақытта алу кұқығы болуы керек. Осындай капитал банкте қысқа мерзімге сақталады, сондықтан олар мерзімсіз деп аталады. Осылайша мерзімнің ұзақтығына байланысты салымдар банктің қарауында қалатын аралықта, олар ұзақ мерзімді немесе тұрақты, мезгілді, мезгілсіз немесе талап еткенге дейінгі болып бөлінуі керек . Бірақта салым түрлері арасындағы айырмашылық мерзімдегі немесе оларды орналастыру тәртібіндегі және қайта алудағы айырмашылықтарды жоймайды. Ең алдымен мерзімді депозит бойынша сыйақылар көлемі мерзімсіз салымынан немесе ағымдағы шоттағы салымдарға қарағанда алдын-ала белгілеген, ал соңғы салым түрінің банктен төленетін сыйақы алдын-ала анықталмайды ал салым сыйақысын қабылдау кезіндегі банкпен жалпы белгіленген көлемге сәйкес осы көлемнің төмендеуімен байланысты. Осы салым бойынша төленетін сыйақы көлемінде төмендеуі де мүмкін. Соңында осы салымдар арасындағы айырмашылық болып, алдынғы екі түр бойынша (мерзімді және мезгілсіз) салым билеті беріледі, ол тек қана келісім жиналымы бар болуының және сонымен қатар қарыз сомасының бар болуына сөзсіз дәлел болып келетін ұзақ мерзімді құжат болып табылады. Ағымдағы шот бойынша есеп айырысу кітапшасы беріледі, ондағы жазу тек қана ағымдағы шоттың бар болуы және салым жасалған күндегі сома тұралы куәландырады. Дегенмен салымшылардың әр түрлі көптеген түрлері бар: олар жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, коммерциялық емес үйымдар, үкіметтік мекемелер және жергілікті өкілет органдары. Бұлардың барлығы өздерінің ақша қаражаттарын коммерциялық банктерге өздерінің толық ықыластарымен орналастыратындықтары айқын.

Сонымен депозиттік операциялар - клиенттердің ақша қаражаттарын банкке салым түрінде орналастырумен байланысты операциялар. Жинақтардың қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз ету үшін адамдар өздерінің құндылықтарын сақтау үшін банкке орналастырғаны тиімді. Сақталу операциялары ежелден келе жатқан тарихи операция екендігі белгілі, келе-келе ақша қаражаттарын сақтау, қауіпсізденуден сақтауға өсіп кетті. Адамдар өздерінің ақша қаражатын банкке тек қана ыңғайлы, қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге пайда алу және құнсызданудан сақтау мақсатында орналастырған. Ақшаны депозитке орналастырғаны үшін клиентер банктен ссудалық сыйақы алады. Осы операцияның дәстүрлі операция ретінде айқындалуын ежелден көптеген уақыт аралығында мұраға қалған секілді, бір банктен екінші банкке қалып отырған және депозиттік операциялар банк дәрежесінің сақталуына жағдай жасайды. Заңды және жеке тұлғалар арасында есеп айырысуларды жүзеге асыратын немесе несие беретін, салымдарды қабылдайтын ұйымдар мен кәсіпорындар банк болып табылмайды. [1, 2, 3, 4]

Салымдарға заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражатын мобилизациялау бойынша депозиттік операциялар негізгі бір дәстүрлі банктік операцияларға жатқызылады. Сонымен, депозиттік операциялардың субъектілеріне маналар жатады:

- Мемлекетік кәсіпорындар және ұйымдар;

- Мемлекетік мекемелер;

- Кооперативтер;

- Акционерлік қоғамдар;

- Шетел капиталы қатысқан аралас кәсіпорыңдар;

- Партиялық және қоғамдық ұйымдар мен қорлар.

- Қаржы және сақгандыру компаниялары;

- Инвестициялық және трасталық компаниялар мен қорлар.

- Жеке тұлғалар, банктер жөне басқа да несиелік мекемелер.

Депозиттік операциялардың объектілеріне - депозиттік операциялар субъектілерінің банкке салған ақшалай қаражаттары жатады. Соған байланысты банктердің депозиттік операциялары олардың дөстүрлі операцияларының бірі бола отырып, банктерге қажетті ресурстар жинақтауда маңыздылығы өте жоғары.

1. 2 Депозиттік операциялардың түрлері

Депозиттік операциялар банктің қызметін, банктік қорларда еркін ақша нарығындағы қорларды тұтыну үшін каражатты пайдаланушылар мен инвесторлар арасындағы делдалдық қызметті айқындайды. Депозиттерді тарту арқылы банк, басқа банктердің және клиентердің несиелік ресурстарға деген мүмкіншіліктерін кеңейтеді, сол арқьілы өзінің табыс табу базасын ұлғайтады. Қазақстан Республикасындағы комерциялық банктердің депозиттік операциялары Қазақстан Республикасының Ата Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 31 тамыз 1995 жылдағы және "Салық және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" 24 сәуір 1999 жылғы жарлықтарына, сонымен бірге "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24 желтоқсанында бекітілген Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің "Екінші денгейдегі банктерде клиентердің банктік шоттарын ашу, жүргізу жабу тәртібі туралы" 4 наурыз 1996 жылғы және т. б. нұсқауларына сәйкес реттеледі. Елімізде депозиторлар ретінде Қазақстан Республикасының резидентері мен резидент емес заңды және жеке тұлғалары, банкгің клиенттері және клиент еместері бола алады. Сонымен қатар депозит ретіндегі салымдар ұлттық және шетел валютасында салынады. Депозиттік операцияларды жүргізудегі коммерциялық банктердің негізгі мақсаты банкгерде жинақгалған арзан ресурс көздері ретіндегі ақша қаражаттарын өздеріне пайда келетіндей етіп активті операцияларға тиімді түрде орналастыру. Шот ашу кезінде банкпен депозитор арасында күқықгық қатынастар пайда болады, олар тек қана бюджетке аударылатын салықгы шегеріп тастап, есептелген сыйақы мен толық есептелген депозит сомасы қайтарылған кезде тоқтатылады, заңды күші бар жарлыққа және құқықтық қатынас банк пен клиент арасында бекітілетін келісім-шартқа сәйкес реттеледі. Банктің депозиттік базасының көбеюі келесілермен жүзеге асады: қаржылық мекемелердің және басқа банктердің несиелері және корреспонденттік шоттары мен занды тұлғалардың есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары есебінен; занды тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен; жеке тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен. Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынандай топтарға бөлуге болады:

-мерзімді депозиттер;

-талап етуге дейінгі депозиттер;

-тұрғындардың жинак салымдары;

- депозиттік сертификаттар;

Өз кезегінде осы топтың әрқайсысы әр түрлі белгі бойынша жіктеледі:

1. Мерзімді депозиттер банкке қабылданған мерзімдеріне байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

-Мерзімі 3 айға дейінгі депозиттер;

- Мерзімі 3 айдан 6 айға дейінгі депозиттер;

- Мерзімі 6 айдан 9 айға дейінгі депозитер;

- Мерзімі 9 айдан 12 айға дейінгі депозиттер;

- Мерзімі 12 айдан жоғары депозиттер;

2. Талап еткенге дейінгі депозиттер шоттағы сақталып тұрған қорлардың бөлігіне және мерзіміне байланысты жіктеледі. Сақталуы бойынша арнайы шоттағы қаражаттар, әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың, бюджеттік, ағымдағы және есеп айырысу шотындағы қаражаттар деп бөлінеді.

3. Жинақ салымдары банкте сақталу ерекшеліктеріне байланысты: мерзімді, қосымша жарналар қосылып отыратын, ұгысты, ақша-затгай ұгысты, шартты, талап етушіге, ағымдағы талап еткенге дейінгі, жинақгалым сертификаты, пластикалық қарточка болып бөлінеді.

4. Депозиттік сертификаттар ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттік сертификаттар болып бөлінеді[5, 6, 7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банкттің таратылған қаржылары
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Пассивті операцияларды жүзеге асыру формасы
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы
Коммерциялық банктің депозиттік операцияларының даму ерекшеліктері
Банктің меншік капиталы
Депозиттер
Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz