Агроөнеркәсіптік кешен


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Агорөнеркәсіп кешені

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы

МАЗМҰНЫ

Агроөнеркәсіп кешені

  1. Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама
  2. Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
  3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
  4. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар
  1. Дәнді - бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
  2. Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
  3. Жер жырту технологиясы.
  4. Қазақстанның жер қоры.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе.

Өзектілігі: Агроөнеркәіп кешені мемлекеттің экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын маңызды секторлардың бірі. Курстық жұмыс агроөнеркәіп кешені және оның құрамына кіретін салалары, олардың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, оларды сақтау, сапалы өңдеу және дер кезінде халыққа жеткізудің маңызын ашу.

Міндеті: Курстық жұмысты жазу барысында мынадай міндеттер ескерілді:

  • Экономикалық аудандардағы шаруашылықтың орналасу ерекшелігі
  • Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар
  • Жер жырту технологиясы
  • Жалпы АӨК мәнін ашу және оған қандай салалар жататынын анықтау

Зерттеу құрлымы : Курстық жұмыс Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген. Бірінші бөлімде жалпы ауыл шаруашылығы туралы теориялық материалдар көрсетілген. Екінші бөлімде агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекет экономикасындағы орнын анықтап, оның салаларының атқаратын қызметтері туралы мәлімет берілген.

Теориялық негізі : Пайдаланылған әдебиеттер: М. Малев, В. Беспалько «Дәнді дақылдардыегіп - өсіру және жинау механизімдері», К Аяпов «Жеміс жидекшараушылығы», Н. В. Бугайченко «Диқанның анықтамасы» т. б.

1. 1. Агроөнеркәсіп кешені

Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.

АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.

Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.

1. 2. Экономикалық аудандарда шаруашылықтардың орналасуы

Қазақстан дәнді дақылдарының негізін бидай алады. Оның жаздық және күздік деген түрлері болады.

Жаздық бидай кысы қатаң, жазы ыстық басым түрде еліміздің Солтүстік Қазақстан экономикалык ауданында егіледі. Негізгі астық өндіруші Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстары. Астық өндірудің екінші маңызды ауданы - Шығыс Қазақстан ауданы және Оңтүстік тау етекті алабы. Орталық Қазақстанда да жаздық бидай егіледі. Қазақстанға ТМД жаздық бидай егіс көлемінің 35 % келеді. Жаздық бидай дәнді дақылдар егіс келемінің 62 % алады. Қазақстанда нан жабу қасиеті, сапасы жоғары, әлемдік нарыкта бағалы бидайдың қатты сорты егіледі.

Елімізідң оңтүстік облыстарында суармалы жағдайда күздік бидай егіледі. Ол күзде себіліп, көктеп шығып, жылы қар астында қалады.

Көктемде өсуін онан әрі созып, ерте піседі.

Күздік қара бидай егіс көлемінің 70 % Батыс Қазақстан ауданына келіп, еліміздің солтүстік облыстарында да өсіріледі. Бидайдың бұл түрлерінің Солтүстік аймақта таралу себебі біріншіден табиғат зонасына байланысты, жер бедері, топырақ жамылғысы, климатына т. б. факторлар әсер етеді.

Азияның бүкіл көшпелі халқы үшін тары басты азыктық дақыл болған. Қазақстанға ТМД тары егісінің 25 % келеді. Құрғақшылыққа тезімді, жоғары шығымдылығы сияқты сапасымен бірге, тары жергілікті халықтың жоғары талабын қамтамасыз етеді.

Тарының негізгі массивтерінің 70 % Батыс Қазақстан, Ақтебе облысы, біраз мөлшері Солтүстік Қазакстанның Павлодар, Ақмола облыстарының құрғақтау оңтүстік-батысы, Қостанайдың Торғай өңіріне келеді. Оңтүстік облыстарда (Қызылорда), Оңтүстік Қазақстан облысы тары суармалы жағдайда өсіріледі.

Бидайдан кейін екінші орыңды арпа алып, жаздығы солтүстік облыстарда, ал күздігі оңтүстікте өсіріледі. Оңтүстік таулы аудандарда табиғат жағдайына онша талғам қоймауы және қысқа вегетациялық мерзіміне байланысты арпаның егіс көлемі басқа дақылдардан басым. Арпа - сыра жасаудың шикізаты.

Сұлы Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы мал азығы ретінде егіледі.

Қазакстанға ТМД күріш егіс көлемінің 25 % келеді. Оның егісінің 90 о/о Қызылорда облысы Сырдария өзені бойына, қалғаны Алматы облысымың Іле өзені бойындағы Акдала массиві, Қаратал өзені бойы және Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданында өсіріледі.

Жүгері - вегетациялық мерзімі ұзақ, жылу өте жеткілікті болу арқылы толық пісіп жетілетін оңтүстік аудандарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) суармалы жерде дәні үшін өсіріледі. Ал солтүстік облыстарда жасыл массасы сүрлем үшін өсіріледі. Жүгері тамақтық, мал азықтық, техникалық және май алу үшінде қолданылады.

Қарақұмық - Павлодар облысы және Алтайда өсіріледі.

2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығымдылық төмен болды. Кей аудандардағы кұрғақшылық жалпы өнімге әсер етті. Бірақ астықтың сапасы былтырғы жылғы керсеткіштен едәуір жақсы. Жалпы Қазақстан бойынша 13 875 мың тонна астық жиналып, орташа әр гектардан 9, 8 центнер келді. Әсіресе жақсы шығымдылық оңтүстік үш облыстан 15-тен 21, 8 центнерге дейін алынды. Мысалы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауыты жерінде 6 000 га суарусыз богарлы жағдайда әр гектардан 20 центнерден шығымдылық алынды. Қостанай облысының В. И. Двуреченск шаруашылығында аталынған қүрғақшылықта оданда жоғары шығымдылық болып, ал осықдай жағдайда 6-7 центнерден ғана шығымдылыкка жетті.

Есеп бойынша республиканың ішкі тұтынуына 8, 5 млн. тонна азык қажетті. Оның үстіне бізде өткен жылдан 3, 5 млн. тонна астық қалды, яғни мемлекеттің азык-түлік кауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Қазақстан ТМД-нъң тек астықты базасы ғана емес, сонымен бірге техникалық дақылдардың маңызды ауданы. Техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, зығыр, соя т. б. дақылдар жатады.

Техникалық дақылдарды өсірудің дәнді дақылдардан зор айырмашылығы бар. Өйткені олар кұннің жарығы мен жылуын, суаруды, агротехникалық шараларды, қол еңбегін және қаражатты да көп қажет етеді. Сондықтан техникалық дақылдарды өсіру өсімдік шаруашылығының тұрақты және мол өнім беретін интенсивті (үдемелі) шаруашылығы болып табылады.

Техникалық дақылдар Қазақстан егіс көлемінің бір пайызын алғанымен, оның өсімдік шаруашылығындағы маңызы зор. Оның егісі Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының суармалы, сондай-ақ Солтүстік, Шығыс Қазақстанның суарылмайтын жерінде орналасқан.

Техникалық дақылдардың ішінде жетекші орынды кант қызылшасы алып, құнарлы топырақта жоғары өнімді болып табылады. Ол Жамбыл, Алматы облыстарында, яғни Асы, Талас, Шу, Қаратал өзендер аңғары, Қырғыз Алатауы, Жоңғар және Іле Алатауы етектеріңде егіледі.

Қазакстан ТМД-ның маңызды астықты державасы. Соған сәйкёс Қазақстан бұл елдердің ішіндегі жалғыз астықты экспорттаушы мемлекет.

Елімізде алынатын жылдық астық өнімінін 4-5 млн. тоннасы әлемдік нарыққа экспортқа шығарьшьш, басым белігі ішкі қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Қазақстан астығын өткізетін дәстүрлі нарығы ТМД елдері - Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Түркменстан. Москва қаласынында Қазақстан астығына сұранысы жоғары. Алыс шетелдердің ішінде, еліміздің жақын көршілері Қытай, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, сондай-ақ Сауд Аравиясы, Еуропа елдерінде елеулі орынды алатын болады.

Товарлы астық өндірісін жасау Қазақстанның ТМД-ғы жалғыз астықты экспорттаушы елге айналуына мүмкіндік берді. Қазақстан астығын сатып алушы елдің бірі бұрынғы дәстүрлі астыкты елдің бірі Украина болып отыр. Мамандардың есебінше 2005 жылы әлемдік астыққа қажеттілік 37 млн тоннаға дейін көтерілді. Жасалынған азық-түлік бағдарламасына сәйкес 2010 жылдары Қазақстанда астық өндіру көлемі 25-27 млн тоннаны құруы тиісті, бұл қазіргі үтымды 16-17 млн га дәнді- дақылдар егіс көлемінде іске аспақ.

Қант қызылшасы - қант өндірісінде шикізат беретін негізгі техникалық дакыл. Жанама өнімдері және қант ендірісі қалдыктарының да белгіленген бағалы құны бар. Мысалы, қызылша сөлі спирт, ашытқы, глицерин, мал азығы болып табылатын жем және тоқыма, картон мен фанер пайдалынатын желім дайындайтын шикізат алуға пайдаланылады.

Биологиялық ерекшелікгері - 1 жылы өсіп-өну кезеңі - 150-170 күн, ал 2 жылы 100-125 күнге созылады. 1 га 500-600 центнерден өнім алу үшін барлығы 6000-8000 текше метр су жұмсалады. Қоректік элементгерді көп

талап етеді. Алайда, әр жердің табиғатына байланысты әртүрлі қажеттіліктері болады. Өсіп-өнуінін бірінші кезеңінде азот пен фосфорды, ал екінші жартысында фосфор мен калыдийді өте көп қажетсінеді. Қант кызылшасының қоректенуінде мырыш, марганец, бор, молибден жэне т. б. элементтер үлкен рөл атқарады.

Негізінен, қант қызылшасының тұқымын себетін алқаптар күзде жыртылып, 3-4 рет дискіленіп, әбден майдаланғаны ләзім. Сосын жердің кұнарлығына орай 1 га жерге 170-200 кг аралығында минералдық тыңайтқыш шашылуы тиіс. Өйткені, онда өсімдік қоректенетін негізгі элементтер құралған. Минералдық тыңайтқыш болмаған жағдайда органикалық тыңайтқышта шашуға болады. Онда да азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт жэне микроэлементтер - бор, молибден, кобальт т. б. бар гой. Сөйтіп, топырағы әбден майдаланып, әрі тыңайтьшған алқаптың топырағы қызған кезде, әрине, ылғал кеппей тұқымды салып үлгеру қажет. Мұнда да 1 га жерге импорттық тұқым болса, 3-5 кг, ал ТМД елдерінен әкелінген тұқымнан 10-12 кг себу керек. Жалпы тұқым себетін алкаптарды жылма-жыл ауыстырып, яғни 70-80 жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, ауыспалы егістікті пайдаланған жөн

Қант қызылшасының негізі екі жылдық болып саналады. Бірінші жылында түбірі өсіп, екінші жағынада сабағы биіктеп тұқым шашады. Мамандардың айтуынша, қант қызылшасының тұқымын алуға көп жер де керек емес. Тек, өсімдік тұқымын ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе шағын шаруашылық ашып, әр түрлі сорттарына сонда тәжірибе жасап, іріктелген сортын жыл сайын жаңалап, яғни жоғарғы сортты тұқымымен облыс шаруашылықтарын қамтамасыз етіп отырса болғаны.

Республикамызда қант қызылшасын өсіру 1930-31 жылдары қолға алына бастаған. Бірақ, түрлі саяси жағдайларға байланысты бір қант қызылшасы гана емес ауыл шаруашылығыньщ өзге дақылдары да кезінде жайына қалғаны тарихтан белгілі.

Содан кейін 60-шы жылдары тәтті түбір өсіруге қайта көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде 1973 жылы республика бойынша 78, 7 мың га жерге қант қызылшасының тұқымы себіліп, жекелеген шаруашылықтарда әр га-дан 450-500 центнерге дейін сапалы өнім алған. .

Міне, сондықтан қант қызылшасы - Жетісу жерінің төл дакылы, Алайда, соңғы жылдары тәтті түбір өсірушілердің қант қызылшасының әр га-дан 175, 5 центнерден өнім алулары жоғары көрсеткіш емес.

Мақта Оңтүстік Қазақстан облысыньщ Мырзашөл ауданы (Бетпақдала), Арыс және Келес өзендері аңғары, Түркістан қаласы маңында өсіріледі. Қазақстанға ТМД елдері мақта өнімінің 5 пайызы келеді.

Алматы облысының шығыс Еңбекшіқазак, Талғар аудандарында темекі өсіріледі. Шикізаттың қажеттілігімен байланысты соңғы жылдары Онтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында да темекі өсірілуде.

Сапасы жағынан ең жоғары сорттысы болып Талғар есептелінеді. Сондай-ақ темекінің дюбек, трапезунд, ал соңғы жылдары мальборо темекісін шығарумен байланысты американдық вирджиния сорты өсірілуде.

Күнбағыс майлы дақыл, оның егіс көлемінің 80 пайызы Шығыс Қазақстан, 20 пайызы Павлодар облыстарына келеді.

Шашақты зығыр тұманды, салқын жазды ауа райыида енімді болып келеді. Сондықтан ол Қостанай, Ақмола облыстарыңда өсіріледі.

Картоп қара топырақты жерлерде жоғары өнімді, сондықтан еліміздің солтүстік облыстарьшда басым болып келеді. Оңтүстік таулы аудандарда да егіледі.

Бау шаруашылығына алма, алмұрт, қарақат, шие, өрік т. б. жеміс бұталары жатып, басым түрде оңтүстік облыстарда да кездеседі. Бақша дақылдарына қауын, қарбыз және асқабақ жатады. Қауын, қарбыз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жэне Алматы облыстарында өсіріледі. Ертіс езені бойы, Батыс Қазақстанда да карбыз егіледі.

Көкөніске пияз, сәбіз, қияр, томат т. б. дақылдар жатып, оның егіс көлемі оңтүстік облыстарда басым болып келеді. Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында да өсіріледі.

Жүзім бос сұр топырақтарда жоғары өнімді, суармалы жағдайда егіледі. Жүзім - шарап жасаудың шикізаты. Ол Қызылорда облысының шығысынан Алматы облысының Жаркент ауданына дейінгі оңтүстік аймақтарда кездеседі.

1. 3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта

Адам қоғамы мен табиғи ортаның өзара әрекеті проблемасы ауыл шаруашылық өндірісінде нақтылы бейнеленген. Атап айтқанда осы салада адам мен табиғаттың, яғни жерді өндеу, мал бағу үшін жайылымды пайдалану сияқты қатынасы тұрақты байқалады. Мұнда адам табиғатқа тікелей әсер етеді.

Адамның ауыл шаруашылык ландшафтысына тікелей әрекетінің зардабына ауыл шаруашылығына жарамды жердің тікелей ластануын, оның ішінде топыраққа химиялық заттардың теріс ықпалын жатқызуға болады. Әр түрлі химиялық заттар (тыңайтқыш, улы химикаттар) ауыл шаруашылығында пайдалануда.

Ауыл шаруашылығын химияландырудың экономикалық тиімділігі бар. Бірақ бақылаусыз химиялық тыңайтқышты кең қолданудан, оның едәуір бөлігі жер асты суларымен өзен және көлдерге ағып барады. Ал мұның өзі өсімдік және адам денсаулығына кері эсер етеді. Пестицид бұдан да үлкен зиян алып келеді. Соңғы жылдары нарықтың қиындығымен байланысты пестицидті пайдалану шектелген. Арам шөп және насекомдармен күресудің басқа әдістері қолданылуда.

Жер ресурсын ретсіз және жеткілікті бақылаусыз пайдалану жердің «бүлінуінін» алуан түрлі формаларына әкеледі. Мысалы - топырақ жамылғысы бұзылады, онын жүдеуі есебінен топырактың кұнарлығы

төмендейді, суландыру барысында топырактың екінші реттік тұздануы жузеге асадьі.

Жайылымның «бұзылуы» бір жерге малды тұрақты бағу есебінен болады. Малды «шамадан тым артық» бір жерге бағу топырақтьщ табиғи жамылғысын нашарлатып, оның жер оттылығындағы өнімді азығы жоғалып, соның салдарынан жайылым аз өнімділікке айналады.

Жер белгілі мерзімде «демалуы» тиісті, яғни егіс көлемінің бөлігі тыңаюға калдырылады. Бұл топырактың құнарлылығын калпына келтіру және сақтауға мүмкіндік береді. Жерді тыңайтуға қалдыру мерзімін қысқартуға жол бермеу керек.

Адамзат әрекетімен байланысты табиғаттьң өзгеруі едәуір, ол әрқашан болып жатады.

Қазақстанның әлемдік рынокқа өсімдік және мал шаруашылық өнімдерін шығаруға мүмкіндігі жеткілікті екендігін мамандар ашьш айтады. Қазақстанның мақтасы мен күріші әлемдік рынокта бәсекеге түсе алады. Алайда жер ресурстарын жүйесіз пайдаланудың кесірінен құнарлы жерлер жұтаңдыққа ұшырап, қуаншылық бел алуда. Бүгінгі күні республика аймағының 66 пайызы шөлейт аймаққа айналды. Мәселен, металмен және радиоактивті заттармен залалданған жердің аумағы 21, 5 миллион га кұрайды. 15 млн га мал жайылымы ауыл шаруашылығы айналымынан мүлдем шығып, куаңшылыққа ұшыраған.

1. 4. Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуші салаларға сипаттама

Қазір Қазакстанда тамақ жэне жеңіл өнеркэсібінің өсімі байқалады. Негізінен ет жэне сүт өндіретін кәсіпорындар орнықты қызмет етуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Қазақстандағы жұмыссыздық
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz