КСРО сыртқы экономикалық банкісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті
Қаржы және банк ісі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банктік қызметтер және олардың Қазақстанда дамуы

Орындаған:________________
___________________________
Жетекшісі:___________
_________________

Алматы 2008 ж.
Банктік қызметтер және олардың Қазақстанда дамуы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТАРАУ. БАНКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ- ЭКОНОМИКА ПРОГЕСІНІҢ БІР ШАРТЫ
РЕТІНДЕ
1.1 Қазақстандағы банк ісінің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 ҚР-да коммерциялық банктер жүйесін құрудың экономикалық негіздері
және олардың қызметтерін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 ТАРАУ. Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерін талдау
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын
талдау ... ... ... ... ..18
2.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларын
талдау ... ... ... ... ... .29
2.3 Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеу әдістерін
талдау ... ... ...37

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 ҚР-ң банктік нарығындағы бәсекенің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .48
3.2.Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметтерін басқаруды
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .61

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанның нарықтық қатынастарға негізделген
банктік жүйесі республикамыздың экономикалық даму қарқынына,
бағыттарына және тиімділігіне әсер етуде. Қазақстанның банктік
жүйесі, бәрімізге белгілі, жылдам қарқынмен қалыптасты және тез
дамыды.
1988 жылы елімізде 2 коммерциялық банк тіркелген, ал содан
кейінгі жылдары олардың саны көбейе бастады. Банктік мекемелердің
саны жағынан өсуінің ең жоғарғы шегі 1992-1993 жылдары болды. Бұл
жылдары банктердің саны 211 дейін жетті.
Содан кейін 1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін олардың
саны жағынан азайту тенденциясы жалғасуда. КСРО тарағаннан кейін, өте
қысқа мерзім аралығында екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Оның
қызмет ету негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
анықтайды. Қазіргі кезде Ұлттық банк еліміздегі мемлекеттік басқару
жүйесінің Негізгі экономикалық органдары қатарына кірді.
Республикамыздың банктік жүйесінде соңғы 15 жылда маңызды
өзгерістер болды және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.
Еліміздің коммерциялық банктерінің құрылуын объективті түрде
бағалай отырып оларға өндірісі дамыған алдыңғы қатардағы елдердің
банк жүйесіне қойылатын талаптарды қою өте қиын. Себебі, басқа
елдердің банк жүйесі де көптеген ондаған жылдар ішінде қалыптасқан.
Бүгінгі күні, республикамызда банк жүйесінің экстенсивтендіру
кезеңі басталуда. Оны біз тиімсіз банктерді тарату қарқынының
жоғарылауынан көре аламыз. Сөйтіп, Қазақстанның банк жүйесінің
экстенсивті даму кезеңінен интенсивті даму кезеңіне өту өмір сүруге
қабілетсіз банктердің банкротқа ұшырауымен және банктердің бірігуімен
сипатталады.
1 қаңтар 2006 жылғы мәліметтер бойынша елімізде 34 коммерциялық
банк жұмыс істеуде. Бірақ, әлі де болса экономиканың банктік
секторындағы қиыншылықтар аз емес. Мысалы, Қазақстанның қазіргі
кездегі экономикалық шындығы- бұл экономиканың нақты және қаржылық
секторларының дамуы арасындағы бұрын пайда болған диспропорцияның
тереңдеуі. Осы диспропорцияларды жою белгілі бір деңгейде Қазақстан
экономикасының даму перспективаларына байланысты. Осы мәселелерді
шешуде еліміздегі коммерциялық банктер жүйесінің алатын орны ерекше.
Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда дипломдық жұмыс ретінде таңдаған
тақырыбымның өзектілік мәні ерекше.
Сонымен бірге, бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастардың құрылуы
және дамуы жағдайында банк ісін жүргізуге жаңа көзқарас өте
қажет. Себебі, банктерсіз Қазақстандағы экономикалық реформаның
нәтижелі жүргізілуі мүмкін емес.
Бүгінгі таңда Қазақстандық банктік жүйесіне Республикамыздың
экономикасындағы құрылымдық қайта құрулар әсер етуде. Ол өзгерістердің
бірі-жаңа типтегі несиелік мекемелердің пайда болуына негізделген
банк жүйесінің жаңа институтционалдық жүйесін қалыптастыру болып
табылады.Осы жағдай, өз кезегінде нарықтық қағидаларға негізделген
банк жүйесіндегі күрделі мәселелерді шешуге, бәсекелестік ортаны
құруға мүмкіндіктер береді.
Сонымен, барлық дамыған елдердегі сияқты алдыңғы қатардағы
орын алу үшін банктік сектордың тиімділік жоғарылату мәселелерін
шешу үшін теориялық және тәжірибелік нұсқаулар қажет. Міне, осындай
жағдайлар диплом жұмысы ретінде Нарықтық қатынастар жағдайындағы
Қазақстанның коммерциялық банктері деген тақырыпты таңдауыма себеп
болды.
Диплом жұмысының мақсаты- еліміздегі банктік жүйенің
экономикадағы орны мен рөлін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін, мен жұмысты барысында алдыма мынандай
міндеттер қойдым:
1. Республикамыздағы банк ісінің даму тарихын зерттеу;
2. Елімізде екі деңгейлі банктік жүйені құрудың экономикалық
негіздерін анықтау;
3. ҚР –ң коммерциялық банктерін- нарықтың экономикалық субъектісі
ретінде қарастыру және оларды ұйымдастыру құрылымына тоқталу;
4. Банктердің жүргізетін пассивті және активті операцияларына талдау
жасау;
5. Бүгінгі таңдағы еліміздегі банктік жүйенің даму мәселелерін
зерттеу.
Диплом жұмысын жазу барысында Саниев М.С, Айманова Л.Б,
Қалиева Г.Т. Сейткасимов Г.С, Мақыш С.Б. сияқты отандық
экономистердің және Лаврушин О.И., Ачкасов А.И., Жуков Е.Ф. сияқты
шетелдік экономистердің еңбектерін және Қазақстан Республикасының
заңды актілерін, сонымен бірге баспасөз материалдары мен Ұлттық
Банктің статистикалық мәліметтерін пайдаландым.

1 ТАРАУ. БАНКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ – ЭКОНОМИКА ПРОГРЕСІНІҢ БІР ШАРТЫ
РЕТІНДЕ

1. Қазақстандағы банк ісінің даму тарихы

Банк ісінің тарихи дамуы өсімақы капиталымен тығыз байланысты. Өз
кезегінде оған ростовшиналық капитал әсер етті.
Жеке меншік қатынастары пайда болғаннан кейін тауарлы-несиелік
қатынастар дами бастады.Тауар-ақша айналымының пайда болуы ақша-
сауда капиталының дамуына әсер етті. Осы жағдай өсімақы (%) әкелетін
капиталды дүниеге келтірді. Сөйтіп, пайда алуға бағытталған қызмет
коммерция өз дамуына алды. Коммерцияның негізгі түрлерінің бірі банк
ісі болып табылады.
Банктердің алғашқы қызметтерінің бірі- төлемдерге делдалдық жасау.
Осы қызметтің нәтижесінде банктер уақытша бос ақша капиталдарын
өсімақы әкелетін капиталдың негізгі формасы- қарыздық капитал болып
табылады.
Алғашқы коммерциялық бір өнеркәсібі және тауар-ақша қатынастары
жақсы дамыған Батыс елдерінде пайда болып, кең түрде тарала бастады.
Ең алғашқы банк 1407 жылы Италияда пайда болған. Қазақстанның
экономикасы Ресей экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде
дамып келгені белгілі. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, ресейдің
және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағына, темір жолдарын
салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып,
темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері
мен шикізаттары (ет, тері,жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде
Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық
байланысы одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілуі мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ
кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты
экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның
несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір
бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік,
коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан,
қалалы қоғамдық банктерінен, ипотеклық несие банктері немесе ұсақ
несие мекемелеріне және жинақ кассаларынан тұрады.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық
несие жүйесіндегі –Орталық банк болып саналады және оның айналысқа
қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің
мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-
саудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен
ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа
мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен ресей мемлекеттік
банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол
сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен
айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-
өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Орал қаласында 1876
жылы, Қызылжарда 1881 жылы, Семей қаласында 1887 жылы, Омбыда 1895 жылы
және бұрынғы Верный қаласында 1912 жылы ашылып жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарында саналатын 1872 жылы құрылған
Сібір сауда банкінің 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар
аудандарында, яғни Омбыда (1894ж.), Семейде (1898ж.), Қызылжарда (1905ж.),
верныйда (1908ж.), Ақмолада (1909ж.), Қостанайда (1911ж.) және Керекуде
(1916ж.)орналасты.
Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда
-өнеркәсіп банкісінің бөлімшелері де Қызылжарда (1904ж.), Қостанайда
(1908ж.), Оралда (1909) және Омскіде (1916ж.) ашылды.
Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-
Азия банкісінің (1910ж.) филиалдары Омбыда (1989ж.) Верныйда (1903ж.)
және 1907 жылы Семейде құрылды.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезінде Қазақстанның
әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі акционерлік –
коммерциялық банктердің – 18 филиалдары, 12-өзара несие беру қоғамдары,
8- қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345- несиелік және ссудалық
серіктестіктері жұмыс істеді.Несиелік мекемелердің санының көбі
жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қарапайым
операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктеледі. Қазына
иелері тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына
иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін
операциялары жылдам өсе түсті. Мысалға: жіберілген вексельдер бойынша
комиссиялық және есептік төлемдерді алу; жәй және шартты ағымдық
шоттарды ашу, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды
сақтау өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. қазына иелері
Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және
Түркістан палаталарына бағынды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы
банктер- бұл мемлекеттік банктер болды және олар мынандай
операцияларды жүзеге асырды: вексельдерді есепке алу; тауарларды
кепілге ала отырып, ссуда беру; тауар құжаттарын кепілге ала отырып,
ссуда беру; ауыл шаруашылыққа ссуда беру; бағалы қағаздарды
кепілдікке ала отырып, ссуда беру; қайта есеп жүргізу; вексельдер үшін
арнайы шоттар ашу; бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу; ұсақ
несие мекемелеріне ссуда беру; барлық есеп-ссудалық операциялармен
айналысу; өзіндік бағалы қағаздар шығару; салымдық және ағымдағы
шоттар ашу.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиалдарының қызметі
активтік операциялары бойынша: вексельдерді есепке алу; тауарларға және
тауарлық құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар қамтылды.
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру формада жүзеге асты:
1) Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла
отырып сақталынды немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында
қалдырды.
2) Жеке-заттай, яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің
жауапты сақтауында болды. Қаншалықты Мемлекеттік банктің
өзіндік сақтау қоймалары болмағандықтан да, тауарларды ескере
отырып, ссуда беру көбіне осы екінші формасында жүзеге
асырылды.
Сонымен коммерциялық банк активтеріндегі вексельдерді есепке алу 30-
36 пайыз, ал тауарларды есепке ала отырып, ссуда беру 25-28 пайыз
үлеске ие болды.
1990-1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және
акционерлік-коммерциялық банктермен қатар ссуда және өнеркәсіптік
кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара
несие беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып
отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ
буржуазияларға тікелей қызмет еткен.
Қазақстанда, Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара
несие беру қоғамы кеш пайда болды. Өзара несие беру қоғамының
қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдық шоттардағы қаражаттар
мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл қоғамның басты
мақсаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның
жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе
көлемінде несие алуға құқылы болды. Бұл қоғамның мүшелерін
саудагер, үй иеленушілер, шенеуліктер т.б., сол сияқты ұсақ және
орта буржуазиялар жатты. Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелеу
қоғамдарының коммерциялық банктерден айырмашылықтары болмады. Оларда
салымдар қабылдап, ағымдық шоттар ашты, вексельдерді есепке ала
отырып, ссуда берді және тауарлармен байланысты операциялармен
айналысты.
Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарын н,есиелеу барысында олар
мемлекеттік және акционерлік- коммерциялық банктердің қаражаттарын
пайдаланды.
Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты,
тауар өндірісінің өсуі және сауда - өнеркәсіп буржуазияларының арзан
банк иелігіне деген сұранысынан туындады. Қалалық қоғамдық
банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы, олардың
ұйымастырылу құрылымына байланысты қалыптасты. Олар негізінен қалалық
басқарманың негізінде жүргізіліп және өнеркәсіп буржуазиялары мен
үй иеленушілер қожалық етті.
Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық
капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі
құрылды.Оның басты операциясияларына: салымдар қабылдау; вексельді
есепке алу; бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және
жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып ссуда беру жатты.
Банктің негізгі клиенттер қатарының: 78,6 пайыз саудагерлер мен
өнеркәсіпшілер, 25,1 пайыз- ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне
тиді.
Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өту барысында
көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары мен ұсақ несие
беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда
болды.
Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі
кезеңге бөліп қарауға болады:
І-кезең: ХІХ ғ. Соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның
жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен
ұлғая түсті. Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік
серіктестіктер кеңінен дамыды. Несиелік кооперация негізінен шаруа
шаруашылығынан, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік
кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша,
арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құрылды. Сонымен қатар,
Қазақстанда ұсақ несиелік мекемелерінің бір түрі ретінде Қырғыздың
ссудалық кассалары қызмет көрсетті. Олар негізінен жазық дала
төңірегінде ХІХ ғасырдың 70 жылдарында пайда болып, олардың айналым
капиталдары: ішкі істер министрлері қаражаттарынан алым-салықтардан
және пайдадан құрылды.
Қырғыздың ссудалық кассаларының жарғысына сай ссуданың берілуі
екі жақты:
а) қысқа мерзімді- 12 айдан аспайтын мерзімге, яғни ұсақ шаруашылық
қажеттерін қанағаттандыруға арналған;
б) ұзақ мерзімді - 5 жылдан аспайтын уақытқа, халықтың басынан
кешкен зияншылық жағдайларына берілген.
ХХ ғасырдың басынды, Қазақстан аумағында кассалық жүйе кеңінен
дамыды. Жинақ кассалары ақшалай қаражаттарды тартумен қатар, салым
иелері үшін тартылған қаражаттар есебінен мемлекеттік пайыздық
қағаздарды сатып ала отырып, оларды сақтауға қабылдаған. Жинақ
кассаларында жинақталған ақшалар қайтадан Ұлттық банктер арқылы
ссудаға берілген.
Салым иелерінің біршама бөлігі (13,4 пайыз) – жағдайы бар бай
клиенттер, қалғанының бәрі ең төменгі топтағыларды құрайтындар,
яғни олардың кітапшаларында не бары- 6,5 сом болса, ең жоғарғы
топтағылардың салымдарында -122 есе жоғары мөлшерде болған.
Жинақ кассаларына жинақталған едәуір ақша қаражаттарды мемлекеттік
облигацияларға және теміржолшылардың зайымдарына, сол сияқты жер
банктерінің закладты қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз
жағдайларда ауыстыра отырып пайдаланылды. КБ –ң және олардың
көрсететін операцияларының дамуы Қазан Революциясы кезінде өз шегіне
жетті.
ІІ-кезең. Банктерді біріктіру процестерінің жүргізілуі олардың
салдарының қысқаруына, ал жалпы ресурстарының ұлғаюына әкелді.
Банк капиталын біріктіру өз кезегінде өндірістік капиталдың
біріктірілу және орталықтандыру процестерін тереңдетті.
Банк ісіндегі және өнеркәсіптегі концентрация және
монополизация банктер мен өнеркәсіптер арасындағы өзара қарым-
қатынастардың өзгеруіне әкелді. Бір жағынан банктер мен
өнеркәсіптер арасындағы несиелік байланыстар неғұрлым тығыз бола
бастады, ал екінші жағынан, банктер өнеркәсіп процестеріне тікелей
қатыса бастады. Банктік ссудаларды өнеркәсіптік мекемелерге ұзақ
мерзімге беру, банктердің өздері несиелейтін кәсіпорындардың
тұрақтылығы және табыстылығы қызықтыра бастады. Банктер несиелеу
мен төлемдерді делдалдық жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен
бірге ірі өнеркәсіптік кәсіпорындаардың акцияларын сатып алу арқылы
олардың тікелей қатысушылары бола бастады. Қазақ революциясына
дейінгі кезеңде ірі банктердің ресурстарын оларға тиімді
шарттармен қазыналық қаражаттармен толықтыру тәжірибеге енгізіле
бастады. Мемлекеттік банк өз қаражаттарымен коммерциялық банктердің
өтімділіктерін сақтауға белсенді түрде әсер етті.
Қазан революциясынан кейін барлық банктерді бір ұлттық банкке
біріктіру туралы шешім қабылданды. Осы шешім арқылы ақша-несие
жүйесін социалистік қайта құру басталды. Совет үкіметі Мемлекеттік
Банк арқылы барлық банктердің қызметтеріне қаржылық бақылау
жүргізу мүмкіндігін алды.
1917 жылы 26 желтоқсанда В.И.Лениннің басшылығымен Совнарком
жиналысында банктерді біріктіру туралы Декрет қаралды. Онда мынадай
міндеттер анықталды: банк ісіне мемлекттік монополия жарияланды;
жұмыс істеп тұрған барлық акционерлік, жеке меншік банктер
мемлекеттік банкпен біріктіріледі; қызметін тоқтататын банктердің
активтері мен пассивтері Мемлекеттік банкке қабылданады; коммерциялық
банктерді Мемлекеттік Банкпен біріктіру тәртіптері ерекше дертпен
анықталынады; коммерциялық банктердің қызметтерін уақытша басқару
Мемлекеттік банк кеңесіне беріледі; барлық салымшалардың мүдделері
толық қамтамасыз етіледі.
Ақша несие жүйесін жаңа экономикалық саясат шарттарымен
ұйымдастыру 1921 жылдан басталды. Мемлекеттік банк өзінің негізгі
қызметтерімен бірге сыртқы сауданы қаржыландыру және шетел
капиталдарын тарту қызметтерін де орындай бастады.
Дүниежүзілік ақша жарығын шығу үшін сыртқы экономикалық
байланыстар бойынша белсенді іс-әрекеттер талап етіле бастады.
Осыған байланысты 1922 ж. қазан айында КСРО-да шет елдерде
коммерциялық айналымды және сауданы кеңейтуге қызмет ететін Ресей
коммерциялық банкі құрылды. 1924 жылы осы банктің аты КСРО-ның
сыртқы сауда банкісі деп қайта өзгертілді. Бұл банк акционерлік
қоғам ретінде толық еркіндік алды. Оның акционерлері КСРО қаржы
министрлігі, КСРО мемлекеттік банкісі, және т.б. министерстволар мен
ведомоствалар болып табылады.
1926 жылы еліміздің несие жүйесін Мемлекеттік және сыртқы сауда
банкілермен бірге мыналар құрады: 6 акционерлік коммерциялық банк,
2 кооперативтік, 23 коммуналдық, 68 уыл шаруашылық банктері және 24
ломбардтар.
Осы уақыттарда коммерциялық банктер мынандай негізгі қызметтер
атқарады: төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу, салымдар жинақтау,
несие беру, сыртқы сауданы қаржыландыру және сенімділік бойынша
операциялар. Бұл қызметтердің барлығы банктердің жарғыларында
көрсетілді.
1927 жылы барлық кәсіпорындар ұйымдарды қысқа мерзімді несиелеу
мемлекеттік банкке жүктелген жоспарды үкімет іске асыруға кірісе
бастады. Бұл жоспар акционерлік- коммерциялық банктердің өмірінде
үлкен өзгерістерді туғызды.
1927 жылғы 26 наурыздағы КСРО нарком – финансының жарлығы бройынша
проценттік ставканың және комиссияның шекті мөлшері белгіленді.
Жарғыда проценттік ставкалардың бірдей деңгейде белгіленуі өндіріс
шығындарын азайту мақсатында жүргізілді деп көрсетілді.
Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеудің неғұрлым қатаң
бағыттарының тағы бірі 1927 жылғы 15 маусымдағы несиелік жүйені құру
қағидалары туралы жарлықтың қабылдануы болды. Онда мемлекеттік
банктің барлық несиелік мекемелерге қатысы бойынша
орталықтандырылған басшылығы тереңдетілуі көрсетілді. Несие жүйесінің
қызметіне жалпы реттеуді наркомфин банк ісі бойынша комитет
арқылы жүргізілді.
Сонымен бірге, банктер арасында клиенттерді қатаң түрде бөлу
қарастырылды. Әрбір ұйымға өзінің шаруашылық қызметінің сипатына
сәйкес тек қана бір банктен қысқа мерзімді несиелер алуға және
уақытша бос ақша қаражаттарын сақтауға рұқсат етілді.
Осы жоғарыда көрсетілген шаралардың іске асырылуы несие
жүйесінің орталықтандырылуына, оның қызметін жоспарлаудың
тереңдеуіне, банктер арасында бәселекестіктің азаюына әсерін
тигізді.
Коммерциялық несие болуы несиені кәсіпорынның қызметін
экономикалық бақылау жүргізу ретінде пайдалануға, несиелік
жоспарлардың дамуына кедергісін тигізе бастады. Осы жағдайлар
несиелік реформаны жүргізуге себеп болып табылады.
Үкімет несиелік реформаны жүргізу кезінде халық шаруашылығына
несиелік, есеп айырысу, касссалық қызмет көрсетуді бірыңғай жалпы
ұлттық банкке шоғырландыру қағидасына сүйенеді.
Несиелік реформа 1930 жылы жүргізілді. Несие жүйесін қайта құру 4
кезеңнен тұрды. Несиелік реформа туралы қаулы қабылданды. Осы
қаулыға сәйкес коммерциялық несиелеу жойылды және тікелей банктік
несиелеу енгізілді. Коммерциялық несиелеудің жойылуы есеп айырысу
жүйесінде бірқатар өзгерістерді туғызды: есеп айырысулар тек
банктер арқылы және қолма –қолсыз есеп айырысу формасында
жүргізілді және тауарларды. 1930 жылғы несиелік реформанфы жүргізу
процесінде мынандай қателер жіберілді: жоспар бойынша несиелеу.
Несиелердің және есеп айырысудың жаңа формалары барлық клиенттер
үшін бір мезгілде енгізілді. Кәсіпорындардың түсімдері азая
бастады. Осының нәтижесінде банктік несие мерз және қайтарымдылық
деген негізгі белгілерін жоғалта бастады. Реформа жүргізудің соңғы
кезеңінде маманданған банктерді ұзақ мерзімді несиелейтін банктер
етіп қайта құру аяқталды.
Бұл банктердің қысқа мерзімді несиелік операциялары КСРО-ның
мемлекеттік банкісіне берілді және ол бірте-бірте қысқа мерзімді
несиелеуді, кассалық, есеп айырысу, эммисиялық қызметтерді орындайтын
орталықтандырылған банкке айнала бастады. Осыған байланысты
коммерциялық банктерге деген қажеттілік казая бастады. Халық
шаруашылығындағы барлық қысқа мерзімді несиелеудің 75 пайыз және
салымдар мен ағымдық шоттардағы қаражаттардың 66 пайыз мемлекеттік
банктің үлесінде болды.
1932 жыл халық шаруашылығындағы салалары бойынша ұзақ мерзімді
несиелеуді жүзеге асыратын маманданған банктер құрылды. Ол тек
күрделі қ қаржыландыру мен несиелеумен ғана айналысты және олар
мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырылды.(өнеркәсіптік
банк, ауылшаруашылық банкісі, сауда банкі, цекомбанк).
Содан кейінгі жылдары барлық несие –есеп айырысу қызметтері
Мемлекеттік банкпен құрылыс банкісінің арасында бөлінді.
Банк ісін орталықтандыру нәтижесінде банктер өздерінің
қызметтерінің мәнін біртіндеп жоғалта бастады.
Банктердің осындай жүйесі 1987 жылға дейін жұмыс істеді. 80-
жылдардың аяғында қаржы-несие қатынастарының жағдайы жаңа несиелік
саясат жүргізуді және банк қызметін қайта құру қажеттіліктерін
туғызды.

2. ҚР-да коммерциялық банктер жүйесін құрудың экономикалық
негіздері және олардың қызметтерін ұйымдастыру

1987 жылғы 17 шілдедегі КСРО Министрлер кеңесінің Елдегі банктерді
жетілдіру және оларды экономиканың тиімділігін жоғарлатуға әсерін
тереңдету туралы жарлығында банктердің келесідей жүйесі құрылғандығы
көрсетілген:
1. КСРО мемлекеттік банкісі.
2. КСРО сыртқы экономикалық банкісі.
3. КСРО өнеркәсіп-құрылыс банкісі.
4. КСРО ауылшаруашылық банкісі.
5. КСРО әлеуметтік Тұрғын үй банкісі.
6. КСРО жинақ банкісі.
Осы банктердің қызмет ету сферасы оларды мамандандырылуына
байланысты анықталды. Осы кезден бастап мемлекеттік банк,
кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу
қызметтерін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп ол еліміздің орталық
банкісіне айналды.
КСРО-ның Өнеркәсіп құрылыс банкісіне, несиелік саясатты жүргізу,
негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру,
капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте,
құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекттік қамсызданщдыру жүйесінде
есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді.
Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар
мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын
жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл
шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік
аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына Тұрғын
үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған- Жинақ
банкі қызмет көрсетті.
Сыртқы экономикалық банкі құрылымы әкімшілік-аумақтық қағидаға
сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтың республикаларда және
банктің басқармалары облысында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала
деңгейінде бұл банктер өздернің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған
банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана
қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса
ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісіне басқа
мамандандырылған банктердің төменгі буындары, мамандандырылуына
қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет
көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару
деңгейіне ғана, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап
мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік
жоспар болды. Бұл банк клиенттердің әр түрлі болып келуі несиелік
ресурстарды құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен
банкке өзара аймақ аралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын
қаражаттардың бақылаусыздығынан одан әрі жандана түсті. Әр банк өз
ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте
ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша, банкаралық есеп айырысуға
өту қажет болды.
Мамандырылған банктер торабының құрылу банк жүйесінде мынандай
қиыншылықтарды туғызды:
- олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
- реформа жаңа экономикалық механизмдер жоқтығына қарамай-ақ
жүргізілді;
- кәсіпорындардың банктерге бекітілгендігінен, олардың несие көзін
таңдаудың ешбір мәні болмады;
- клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса
берді;
- ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар
құрылмады;
- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
- ағымдық және ссудалық шотттарды бөлу барсында банк соғыс шыға
бастады;
- қайта ұйымдастыру несиені қайтарудың басты көздері ретінде
сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Оң жақтары ретінде, қолма қолсыз ақша арқылы есеп-айырыцсуды
тәртіпке келтірумен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты
десе болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде , оның ішінде
Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мер шоғырландыру, әкімшілік
әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-
несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға
сәйкес келмеді.
Социалистік әксперимент жүргізуі барысында ғасырлар бойы
қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы қарығының
құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық
тұжырым негізінде, монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік
банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік
элементтерін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер,
кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы
алғаш құрылған коммерциялық банктер- Интеринвестбанк, Крамдсбанк және
т.б. болатын.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жарияланғаннан
бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін, өзінің
өзіндік банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған Қаз КСРО-ғы банктер және
банктік қызмет туралы алғашқы қабылданған заңы Қазақстандағы банктік
реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты
жоюда ҚР банк жүйесіне макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде
маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банк жүйенің қызмет
етуге жасалған талдау, олардың көрсетіп отырғандай кемшіліктердің
басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны
жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде
бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады. Қазір
жұмыс жасап отырған ҚР-ғы банктік жүйенің қалыптасу үрдісін үш
кезеңге бөледі.
І кезең. 1988-1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктердің қызметнің бір бөлігі республикалардағы
сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беруі арқылы қайта түрлендіру;
алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне
орталық банктің жекелеген функцияларын беруге байланысты бастапқы
қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола
отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін
орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті
түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның
қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі яғни
айналысқа ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты ұлттық банкінің
ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алуымен,
бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық
қағидаларын негізумен, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту
кезеңін білдіреді.
Қазақсатнда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру
нәтижесінде келесідей маманданған мемлекеттік банктер құрылды:
1. Мемлекеттік даму банкі – бұл банк экономиканың маңызды
салаларында тиімді интенстициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді

Жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы несие институты болып
табылады.
2. Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) – бұл Қазақстан үшін дәстүрлі
емес, даму және ғылыми сиымды ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін,
экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру эәне кепілдеме беру үшін
Әлем банктен бөлініп шыққан болып табылады
3. Тұрғын-үй құрылыс банкі – бұл тұрғын-үй құрылысын коммерциялық
құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын-үй жинақ шоттарын
қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банкті
білдіреді.
4. Медетші банк ( траст) – бұл Дүниежүзілің банктің ықпалымен
Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк.
Бұл банктердің барлығы бірдей бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан
да, олар үшін несиелік ресурсттарды қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Сондықтан да, бұл банктердік қазіргі уақытта Мемлекеттік даму банкі
Эксимбанктің бірігіп, Тұрғын-үй құрылым банкі ЦентрКредитбанкпен қосылып
жұмыс жасауда. Ал медетші банк, қазіргі күні Медетші қор етіп қайта
түрлендіріп, өз қызметін одан әрі жалғастыруда.
1991 жылы қабылданған заңның негізінде Республикадағы мемлекеттік
юанк Ұлттық банк болып қайта түрлендірілді. Сонымен бірге, ҚҰрылыс
өнеркәсіп банкі акционерлік-коммерциялық юанк Тұранбанк, Агроөнеркәсіп банк
акционерлің-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкісі, Сыртқы экономикалық
банкі- акционерлік-коммерциялық банк Әлембанк, Жинақ банкі акционерлік-
коммерциялық банк Жинақ банкісі болып қайта құрылды.
1993 жылы осы аталғын банктердің акционерлік банк болып қайта
түрлендіріп, Жинақ банкі- Халықтық банк болып қайта атауға ие болды.
Міне мұндай банктер қатарының жаңадан нарықтық экономика талаптарына
сай пайда болуы, өз кезегінде, банктік жүйенің екі деңгейлік құрылымын
білдірді.
Бүгінгі тағдағы банктік жүйенің құрылымы екі деңгейден бірінші
деңгейде -Ұлттық банк және екінші деңгейде – коммерциялық банктерден
тұрады.
Қазіргі коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін
булдуреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заіды және жеке
тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге
асырды.
Коммерциялық банктер – бұл кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, яғни
жеке тұлға және заңды тұоғаларға тікелей қызмет ететін банктер.
ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР –сы Президентінің
заңдық күші бар жарлығының 1 – ші бабына сәйкес ; Банк- бұл осы жарғыға
сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлға.
Еліміздегі ЕДБ-ді заңды тұлға деп мынандай жағдайда айтамыз:
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат қағазы болуы қажет.
2. ҚР –ның Әділет Министрлігінен банк ретінде мемлекеттік тіркеуден
өтуі қажет.
3. Банктік операция жүргізу үшін Ұлттық Банктен алған арнайы
лицензиясы болуы қажет.
Міне , осындай 3 ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға Банк деп
аталмайды.
Сонымен, нарықтық қатынастарға негізделген Қазақстанның қазіргі
коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни
қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар. ҚР коммерциялық
банктері өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі
туралы және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-ғы банктер және
банктік қызмет туралы ҚР президентінің заңдық күші бар Жарлықтарын
басшылыққа алады. Банк ашу үшін ең алдымен банк құрылтайшыларының арасында
құрылтай жиналысы өткізіледі. Осы жиналыста банктің жарғысы және құрылтай
шарттары бекітілді. Банк осы құрылтай шарты негізінде құрылып және өзінің
жарғысына сай жұмыс істейді.
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер өз қызметтерін бастауы үшін ҚР
Ұлттық банкінен рұқсат алуда төмендегідей құжаттарды табыс етеді:
- рұқсат алу үшін беретін өтініші; (Қосымша 1)
- банктің жарғысы ( түп нұсқасы)
- құрылтайшылық шарт ( түп нұсқасы)
- құрылтайшылар жиналысы туралы хаттама; (Қосымша 3,4)
- үлес қосушылар немесе банк акционерінің тізімі;
- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- экономикалық негіздеме;
- банктің 2-3 жылға арналған бизнес-жоспары;
- банк басшысының кәсіби жарамдылығы туралы анықтама қағаз;
- банктік бас бухгалтері туралы анықтама;
- жарияланған жарғылық қорға төленген соманы растайтын құжаты-төлем
тапсырмасы.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның фунционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық
банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің
құрылтайшылдарды басқару органдарына тікелей қатысады.
Коммерциялық банктің ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналыс
болып табылады. Акционердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып
отырады. Бұл жиналыста мынандай міндеттер шешіледі: банктің жарғысына
өзгерістер енгізу; банктік жарғылық капиталын өзгерту; банктік Кеңесін
саулау; банктің жылдық есеп-қисабын бекіту; банктің табысын бөлу; банктің
құрылымдық және еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы – банктің қадағалау кеңесі болып табылады.
Банктің бақылау кеңесі – банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде,
келесідей міндеттерді шешеді: нормативтік актілерді бекітеді; Басқарма
немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма ( банк кеңесі). Басқарма ( банк
кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғңни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды. Басқарманың
банктің саясаттарын жасау; жетекшілік қызметке кадрлар таңдау; комитетті
құру; ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма
төрағасы – бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына келесідей міндеттер
жүктеледі; банктің қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар
шығару және нұсқаулар беру; барлық мемлекеттік және баасқа да органдарда,
басқа банктерде, оынң ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты
барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру; банктің мүлкіне және
қаражаттарына ие болу; банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын
бекіті; еңбек келісім шарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер ( контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия – банк қызметіне бақылау жасаушы орган болып
табылады. Несиелік комитет – бұл несиенің байланысты қорытынды жасаушы
орган.

2.ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын талдау

Коммерциялық банктердің орындайтын операцияларын активті және пассивті
банктік операциялар деп бөлінеді.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Қаншалықты банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде
құралатындықтан да, оған анықтама беру керек. Қаржы және несие сөздігінде:
пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге
асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары -
делінген. Соңғы оқулықтарға сүйенсек, банктің пассивтік операциялары –
нәтижесінде пассивтік топтағы немесе пассивтің активтен арту формасын
сипаттайтын операциялар білдіреді.
Бұл анықтамалар бірін бірі толықтарыда десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Жалпы пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасы есебінен капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және
құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді.Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде, несиелік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни өзіндік ресурстар
құралады. Келесі бір екі формасы көмегімен екінші ірі топ, яғни заемдық
немесе тартылған ресурстар қалыптасады.
Банктің өзіндік ресурстары қатарына өзіндік капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің өзіндік капиталының рөлі мен
шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда
өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің өзіндік капиталы арқылы, оның барлық
қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% өтеледі. Шын мәнісінде, өзіндік және
тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы
болады.
Банктің өзіндік қаражаттары оның үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда ең
маңызды. Банктің бстапқы құрылуы барысында, оның өзіндік қаражаттары жерге,
ғимаратқа, жабдықтауғы, жалақыға жұмсалатын бастапқы шығындарды көтереді.
Себебі, өзіндік қаражатсыз банк қызметін бастауы мүмкін емес. Осы өзіндік
қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің
өзіндік қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі
болып саналады.
Банктің тартылған қаражаттары есебінен активтік операциялардың, оның
ішінде несиелік операциялардың 90 %-ға жуық ресурстарға деген қажеттілігі
қанағаттандырылады. Сондықтан, олардың рөлі біршама жоғары. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарыеа деген сұранысын және
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктің өзіндік қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар ( капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің өзіндік қаражаттар қатарына мыналар жатады; банктің жарғылық
капиталы; банктің резервтік капиталы, басқа да қорлары; банктің бөлінбеген
пайдасы.
Банктің өзіндік капиталы оның жұмысының тиімділігі және банктің
тұрақтылығын қамтамасызетуде бірінші дәрежелік мәнге ие болады.
ӨЗіндік қаражаттардың негізгі элементі – бұл банктің жарғылық капиталы
болып табылады. Жарғылық капитал – бұл банкті ұйымдастырудағы бастапқы
нүктесі болып табылады. Банктің ұйымдастырылу формасына байланысты жарғылық
капиталды құру әр түрлі болады. Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленеді.
Қазақстан Республикасында жаңадан құрылатын банктер үшін, Ұлттық
банктің пруденциялдық нормативіне сәйкес ең төменгі жарғылық капитал
мөлшері 2 млрд. Теңге деп бекітілген.
Жарғылық капиталға үлес қосқан акционерлер банктің таза пайдасы
есебінен дивиденд алып отырады. Дивиденттің мөлшері, кезектілігі және
есептелу тәртібі акцияның шығарылу тәртібіне және түріне байланысты
анықталады.
Банктің пайдасы болмай қалған жағдайларда , артықшылығы бар акциялар
бойынша дивиденд резервтік қор есебінен төленеді немесе келесі жылдың
пайдасынан төленетін етіп белгіленеді. Жарғылық капиталды ұлғайту көздеріне
төмендегілер жатады:
жаңадан акіия шығару немесе айналыстағы акцияның номиналдық құнын
өсіру арқылы;
жаңадан жарғылық капиталға үлес қосушылар есебінен; пайдадан
аударымдар есебіне.
Жарғылық капиталдың азаюы акционерлердің жалпы шешімі бойынша акцияны
сатып алып, оларды жою барысында, сол сияқты жарғылық капиталға үлес
қосушылардың кетуіне байланысты болуы мүмкін.
Банктің жарғылық капиталдан басқа резервтік болуы мүмкін.
Резервтік қор – бұл активтік операциялардан туындайтын зияндардың
орнын жабу үшін тағайындалады және пайда жеткіліксіз болған жағдайларда,
банктік акция және облигациялары бойынша девиденд ( пайыз) төлеу барысында
қызмет етеді. Резервтік қор пайдаға салық салынғанға дейінгі сомадан, яғни
банктің жарғылық капиталымен төленген сомасының 25 %-дан 100 %-ға дейінгі
сомасы мөлшерінде құрылады. Пруденциялық нормативтердегі өзіндік капиталдың
жеткіліктік коэффициентін есептегенде,халықаралық тәжірибе де резервтік
капитал 1 дейгейлі капиталға жатады.
Резервтік капитал жарғылық капиталдың төленген сомасының 100% - не
жеткен уақтта, ондағы сома жарғылық капиталға толығымен аударылып,
резервтік капитал жинақтала бастайды.
Өзіндік қаражаттың ең маңызды құрылымдық элементінің бірі банктің
бөлінбеген пайдасы болып табылады. Бөлінбеген пайда – бұл дивидендтерді
төлегеннен кейінгі банктің иелігінде қалатын пайданы білдіреді.
Банкте резервтік капиталмен бірге басща да ( арнайы) қорлар өндірістік
және әлеуметтік даму үшін, ағмдағы пайдадан аударымдар есебінен құралады.
Оларды құру және пайдалану барысы банктегі нұсқауларға сай
ұйымдастырылады.
Банктің өзіндік қаражаттарының ең маңызды қызметі бұл оның салым
иелері алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету болып табылады. Олар банктің
өз міндемелері бойынша беретін кепілдігінің шекті шамасын көрсетеді.
Банктің тәжірибеде, өзіндік қаражаттарды банктің зиян шегіп қалуына
қараймай-ақ, банктің төлем қабілеттігін сақтауға мүмкіндік беретін
ресурстарды резерві ретінде санайды.
Банктің қолында бар өзіндік қаражаттар мөлшері, оның қыметінің ауқымын
анықтау отырып, бірнеше факторларға тәуелді болып табылады:
-өзіндік қаражаттар мөлшері банктің активтік операцияларының шекті
мөлшерін анықтайды. Сондықтан да белгілі бір клиенттері бар банктер,
олардың үнемі ссудаға деген қажеттілігін қанағаттандырып отыру үшін өзінде
сондай көлемде, өзіндік қаражатты бөлуі қажет;
-банкке қажетті өзіндік қаражаттар мөлшері, оның клиенттерінің
спецификасына байланысты.Демек, банктің клиенттері арасында ірі несие
сиымдылығы жоғары кәсіпорындар болса, одан өзіндік қаражаттарының жоғары
мөлшерде болуы талап етіледі.
-өзіндік қаражаттар мөлшері үнемі активтік операциялардың сипатына
байланысты болады. Егерде банктің жүргізетін операциясы үлкен тәуекелмен
байланысты болса онда банктен өзіндік мөлшерінің соған қатысты болуын талап
етеді. Әдетте бұл банктің несиелік портфоліндегі ссудалардың төменгі
тәуекелде болуы оның өзіндік қаражаттарының төмендеуіне жол береді.
- банкке қажетті өзіндік қаражаттар мөлшері, несиелік ресурстар
нарығының даму дәрежесімен Ұлттық банктің несиелік саясатына байланысты
болып келеді.
Дамыған нарық жағдайында несиелік саясатты ырықтандырылуы банктердің
несиелік ресурстарға деген сұранысын арттырып, банке қажетті құжаттар
деңгейін төмендетеді.
Несиелік саясатты қатаң жүргізу банктерге қаржы нарығымен санаса
отырып, үнемі өзіндік қаражаттарын ұлғайтып отыруды қажет етеді.
Еліміздегі коммерциялық банктерді жарғылық капиталдарына байланысты
топтастыруға болады. Оны келесі кестеден көруге болады.

Кесте 1 – Жұмыс істеп тұрған банктерді жарғылық капиталдары бойынша
топтастыру.
млн.теңге

Төленген жарғылық капитал

Жыл ЕДБ
100 100-500500-1001000-5000 1500-202000
0 00
12.04 35 0 2 10 11 1 11
үлесі 100 2,13 11,63 25,58 32,56 2,33 27,91
12.05 35 0 1 7 14 3 10
үлесі 100 0 2,86 19,14 43,86 8,57 28,57
12.06 34 0 0 7 10 5 12
үлесі 100 0 0 22,8 28,8 14,2 34,2

Қолданылған жұмыс: (банк капиталдарынан алынған есеп),
2004-2006, №1

Кестеден көріп отырғанымыздай 2004 жылдың желтоқсанында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақ банкісі
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Банк және қаржы жүйесі
Банк операцияларын лицензиялау
Банктін қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі жағдайы
Пәндер