Банк пайызының ставкасы - пайыздың бағасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1 Банктік несиенің қайтарымдылық қамсыздандыру теориялық негіздері4

1. 1 Несиенің қайтарымдылығының мәні мен маңызы4

1. 2 Несиенің қайтарымдылығының қамсыздандыру - несиелеу принциптерінің бірі6

1. 3 Банктік несиенің қайтарымдылығының қамсыздандырудың шетел тәжірибесі9

2 Коммерциялық банктердегі несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттары17

2. 1. Несие беру кезеңінде клиенттің несиеге қабілеттілігін талдау17

2. 2 Кепіл формасын талдау21

2. 3 «Тұран Әлем Банк» акционерлі қоғамындағы тәуекелдерді басқару процесін талдау53

3 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдары60

3. 1 Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің әртүрлі нышандарының даму келешегі60

3. 2 Кепілді бақылау және несиені ұсыну механизмдерін жетілдіру61

3. 3 Қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты несиені қайтаруды қамтамасыз ететін нышандарын таңдау62

Қорытынды65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67

Қосымшалар70

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы банктік жүйе - нарықтық экономикадағы маңызды құрылым. Банктердің дамуы, тауар өндірісі және айналымы бұрыннан бері қарай бірге дамып кележатқандықтан бір-бірімен тығыз байланысты болып кетті. Капиталдарды қайтадан бөлу кезінде банктер делдал ретінде жүріп, өндірістің жалпы тиімділігі жоғарылатады. Коммерциялық банктер іскер кәсіпорындардың ерекше категорияларына жатады. Олар шаруашылық қызмет процесінде жергілікті тұрғындардың капиталдарын, сақтық қорларын өздеріне қарай тартады және оны қосымша капиталға зәру басқа да экономикалық агенттерге уақытша қолдануға ұсынады. Несиені уақытында қайтару кепілдік жүйесінің құрылуы Қазақстанда қазіргі уақытта кәсіпорындағы әр түрлі меншік формасының дамуымен байланысты банктерге ерекше өзектілік береді. Олардың несиеге қабілеттілігін көп жағдайда бағалау қиын, сондықтан несие ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша форманы қолдану несие байланысының орнатқан маңызды шарты болып табылады.

Несиелік операциялар коммерциялық банктер қызметінде негізгі белсенділікті құрайды. Біріншіден, олардың сәтті іске асуы негізгі кіріс көздеріне әкеледі, банктердің тұрақтылығын, беріктілігін жоғарылатады. Ал несиелеудегі сәтсіздік ойсыратады және банкроттыққа ұшыратады. Екіншіден, елдің экономикасын дамытуда инвестицияларды несиелеу үшін банктер қызметінің қайнар көзі екендігін және оның тағдырын шешетінін тәжірибе айқын көрсетіп отыр.

Банктегі несиелеу - тәжірибедегі анықталған ережелерді сақтау. Оның мынадай кезеңдегі бар: несиелік мәлімдемелерді қарау және борышқормен әңгімелесу; оның несиеге қабілеттілігін оқып-үйрену және несие қауіп-қатерін бағалау; несиелік келісімге қорытынды және дайындау.

Несиелік қауіп-қатер берілген несиенің уақытында өтелмеуімен, пайызды төлемеуінен туады. Сондықтан, соңғы уақытта борышқорларды мұқият ірікпен, олардың қаржы - шаруашылық қызметтеріне үнемі бақылау жасалып отырады.

Несиелік қауіп-қатерді бағалау шығармашылық үрдіс, ол банк қызметкерлерінен білімді, аналитикалық ойлауды, борышқордың қаржы жағдайын және шаруашылық қызметін бағалауды, біліктілігін анықтауды, несие қағидаларын сақтау мүмкіндіктерін, борышқордың келешектігі жұмысының жағдайын болжауды, несиені қайтару қабілеттілігін білуді талап етеді.

Банктің несие ақшаларының қайтарылуы борышқорға берілген несиенің пайыз сомасына сәйкес өтелгенін көрсетеді. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету - бұл күрделі бағытталған банктің қызметі, оған ұйымдастырылған экономикалық жүйе, несиенің берілуін анықтайтын тәсілдер, қайнар көзі, мерзімі және өтелу тәсілі, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін құжаттарды құрайтын ерекше механизм, құқықтық шара кіреді.

Несиені өтеуді екінші қайнар арқылы орындату механизмі банк тарапынан өндіріп алуға мәжбүр болған жағдайда қолданылады. Мұндай механизм өзінің құқығын кепілдік туралы келісімшарт түрінде, гарантиялық хат, сақтандыру полесі арқылы жүзеге асырады. Қосымша қайнар көзді пайдалану заңды құжаттар көрсетілсе де банктен ерекше шартты және қосымша уақытты талап етеді. Сонымен, борышқордың кепілдікке қойған мүлігі арқылы несиені қайтару құқығын жүзеге асыру барысында сотқа немесе арбитражға жүгінуі мүмкін, сонымен бірге банк тарапынан да, борышқор тарапынан да кепілдік құқық бойынша анықталған шарттарды сақтау талап етіледі. Нәтижесінде банктің арызын қанағаттандыру ұзақ мерзімді қарыз процедурасы туады.

Несие ақшаны өтеу үшін кепілшінің гарантиясын, міндеттерін қолдану бірден жүзеге аспайды, ол оны өтеуге дайын екендігіне қарамастан, оған да уақыт қажет. Сақтандыру мекемесі банкке шығынның орнын несиенің қайтарылмағанды жөніндегі және қауіп-қатер төну факторларымен мұқият танысқаннан кейін ғана және сақтандыру келісімінің шартын сақтау жағдайында ғана толтырады.

Банктің несие ақшаларын өтеудегі механизмінің екінші қайнар көзбен қайтарудың ұзақ, әрі күрделі жұмыс екенін ескере отырып, несие ақшаларын беруде бірінші қайнар көздің кірісі негізгі болып табылады. Егер бірінші қайнар көздің кіріс саласына күдік туған жағдайда, екінші қайнар көз оны нығайтады, бірақ оның орнын алмастырмайды.

Жоғарыда аталғандарға орай осы диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі айқын көрінеді. Қазіргі таңда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істеп жатыр. Олардың несиелердіру үрдісі өте қарқынды дамып отырған кезеңде диплом жұмысының тақырыбы өте өзекті тақырып екендігін байқаймыз.

Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы ең танымал банктердің қатарынан кіретін «ТұранӘлемБанкінің» мысалында несиенің қайтарылу механизмін аша көрсету болып табылады.

Осы мақсатты орындау барысында диплом жұмысында мынадай мiндеттер қойдым:

- несиенің қайтарымдылығының қамсыздандыруды (шетел және отандық тәжірибеде) аша көрсету;

- несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдарын зерттеу;

- несие қайтарылуын қамтамасыз етуде кең қолданылатын кепіл, кепілдік, кепіл болушылық, меншік құқығын табыстау мен талаптан қайту сияқты формаларын қарастыру.

Диплом жұмысының құрылымы: негізгі бөлімі үш тараудан тұрады және әр тарау сәйкесінше бірнеше тармақтарға бөлінген. Бұлармен қатар кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Банктік несиенің қайтарымдылық қамсыздандыру теориялық негіздері

1. 1 Несиенің қайтарымдылығының мәні мен маңызы

Несиені қайтаруды қамтамасыз ету мөлшері негізгі сомадан кем болмауы керек және несиені қолданылғаны үшін пайыз да қосылады. Борышқор кепіл ретінде мүлік және мүліктік құқық ұсынса, кепіл туралы келісімшарт жеке дайындалады. Келісімшартқа қосымша кепіл міндеттемелері беріледі.

Несиені қайтаруды қамтамасыз ету формасы дегенде несие ақшаларды оның пайыздарын есептегенде өтей алатын нақты қайнар көзі деп түсінеміз. Басқа сөзбен айтқанда, несие келісімін жасаудағы шарт банктің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының банктік заңында коммерциялық банктер беретін несиелер, несиені қамтамасыз етудің әртүрлі формасында жүргізілуі керектігі қарастырылады. Банк ұсынатын несиелер мүлік, бағалы қағаздар, гарантия, кепілші сияқты кепіл түрлерімен қамтамасыз етіледі. Несие ақшалардың қайтарылуының қамтамасыздығын растайтын құжаттар, несие берілуге дейінгі, несие келісімшартын жасау кезінде дайындалып, банкке ұсынылуы керек.

Егер қарыз адам банкке белгіленген мерзімде несиені өтей алмаса, кепілдік құқықты қолдануға мүмкіндік туғызады.

Банк несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кепілдікке борышқордың меншіктік құқығы бар мүлігі алады. Егер кепілдегі қамтылған міндеттер орындалмаса, несиені мүліктік (қозғалатын және қозғалмайтын мүлік) кепілдігі мүлікті жүзеге асыруға құқығы бар. Кепілдік келісімшарты банкке мынадай құқықтар береді: несие ақшаларды төлеу бойынша мерзімді ұзартқан жағдайда және кәсіпорын төлеуге қабілеттілігі жоқтығын сотқа, арбитражға жүгінбей, кәсіпорынның банкрот болғанын хабарлаған жағдайда банк өздерінің талаптарын қанағаттандырады.

Кепіл тек несие ақшалардың қайтарылуын ғана емес, сонымен бірге пайыздың төлемге сәйкестігін, келісімшарт бойынша айыпты (келісім-шарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін төленетін айып) төлеуді қамтамасыз ету керек.

Кепіл беруші жеке және заңды тұлға болуы мүмкін. Кепіл туралы келісімшарттағы кәсіпорын, құрылыс, мекеме, тұрғын үй, пәтер немесе жалға беру құқығы нотариалды түрде куәландырылған және тіркелген болу керек.

Несие ақшалары бойынша кепіл мынадай жағдайда қабылданбайды:

  • тез бұзылатын шикізат, бітпеген өндіріс, азық-түлік;
  • сақталу жағдайы қанағаттандырылмаған, олардың бұзылып және құрып кету кауіпі бар бағалылар;
  • сұраныста жоқ тауар-материалды бағалылар, өнімдер;
  • нарықта сатуға арналмаған бағалы қағаздар.

Кепілдің бағасы несие ақшасының саласымен шектелмейді, көлемі одан жоғары болуы да мүмкін.

Егер несие ақшалары кепілдікке бағалы қағаздар түрінде ұсынылса, несие келісімшартына, міндеттеріне немесе кепіл туралы келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, бағалы ағаздардың тізімі жасалып, банкке сақтау үшін беріледі. Бағалы қағаздар кәсіпорынға (борышқорға) несие ақшаларын және оның пайыздарын толық өтегеннен кейін қайтадан қайтарылады. Банк несие ақшаға кепілдікке шығу ережесі және айналымы оны түсіруге немесе басқа тұлғаға беруге болатын бағалы қағаздарды қабылдайды.

Кепілдің сомасы несие сомасының пайызын есепке алғандағымен сәйкес болу керек. Несие ақшаларды кепілдікке беруді дайындау техникасының ерекшеленетін қасиеті бағалы қағаздар кепілінің келісімшарты болып табылады. Келісімшартта кепілдікке берілген бағалы қағаздар кепілінің келісімшарты аяқталғаннан кейін ғана клиент несиені алады. Клиент бағалы қағаздар құнынан 75% көлемінде ғана несие алады.

Банк ұсынатын несие бағалы қағаздар кепілімен қамтамасыздандырылады, олар: АҚ облигациялары және жоғарғы өтімділіктегі акциялары, коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары, мемлекеттік билік органдарының векселдері мен облигациялары.

Сонымен қатар несие банкте ашылған депозиттік шоттағы (шетел валютасы да жатады) қаражатпен де қамтамасыз етіледі.

Шоттағы сома берілген несие бойынша банк талабын қанағаттандыру үшін жеткілікті болса болды.

Шетел валютасындағы депозиттік шоттағы қаражат несие келісімшартын жасаған күнінен бастап шот иесімен келісімшарт негізінде шетел валютасының курсымен ҚР-ның теңгесіне ауыстырылады.

Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің бір формасы сақтандыру куәлігін (полисін) ұсыну болып табылады. Кәсіпорынның (борышқордың) несие ақшаларын өтемегендігі үшін сақтандыру жауапкершілігі Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы Заңына сәйкес жүзеге асады.

Кәсіпорын (борышқор) несие ақшаны сақтандыру компаниясына сақтандырып, несие алу үшін банкке сақтандыру куәлігін (полисін) көрсетуге болады. Кәсіпорынға (борышқорға) қызмет көрсететін банк, жеке жағдайда өз бетінше, берілетін несие ақшаларын сақтандыру компаниясымен ерікті түрде несие қауіпінен сақтандыру келісімшартын жасау жолымен сақтандыра алады. Мұндай жағдайда банк несие келісімшартына мынадай пункт енгізуі мүмкін банк төлеген, сақтандыру төлем сомасын кәсіпорынға (борышқорға) қайтарды.

Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін форманың бір формасы - кепіл. Кепіл жазбаша түрде ұсынылады, ол несие ақшалары бойынша қарызды пайызымен түгелдей немесе бөлшектеп өтейтін заңды тұлғаның міндеті болып табылады. Кепіл заңды тұлғаларға беріледі, кепілшінің (гарант беруші) шотына банк виза қояды. Гарант өзінің шоты бар банк мекемесіне кепіл хатын ұсынады, ол хат несиенің және оның пайызының түгелдей өтелгенінше сақталады. Кәсіпорын (борышқор) өзінің банкісіне кепілдің орындалуға қабылданды деген банк - гаранттың белгісі бар кепіл хаттың көшірмесін ұсынады.

Кепіл (гарантия) несие берілгенге дейін ұсынылады. Сонымен бірге кепіл кәсіпорын-борышқор банкке несие ақшалары бойынша төлемді мерзімінен ұзартуды өтінген жағдайда ұсынылады. Гаранттың шотынан қаражатты алу банктің инкассалық бұйрығымен жүзеге асады.

Кепілдік - банктік тәжірибеде несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету түрі. Ол жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында банкпен өзара қарым-қатынаста қолданылады. Заңды тұлғаларымен банктің өзара қарым- қатынаста қолданылады. Заңды тұлғаларымен банктің өзара қарым-қатынасы жағдайында қолданылса кепілдік банк мекемесі мен кепілші арасында жазбаша түрдегі келісімшартпен жасалады. Келісім-шарт бойынша кепілші несие алушының қарызын белгілі уақыт көлемінде төлеп беруді мойнына алады.

Кепілділік қарыз алушының банктен алынған қарыз ақшаның өз уақытында қайарылуына жауапкершілік алады. Бұл түрді қолдану кепілшінің несиені қайтара алу жағдайын мұқият қадағалаудан тұрады, оның мүліктік жағдайы, репутациясы және сенімділігі ескеріледі.

Бізде кепілділік жергілікті тұрғындарға ұзақ мерзімге несие беру саласында кең қолданыс тапты, несие көбіне үй салуға және тұрғын үй сатып алуға беріледі. Кепілділік тұрғылықты халыққа саяжай учаскесін, автомашина, пәтерді жөндеуге т. б. несие алуға қолданылады. Кепілші ретінде кез-келген тұрақты жұмысы бар, тұрақты табысы немесе белгілі бір мүлкі (үй, автокөлік, саяжай, жер учаскесі) бар жеке тұлға бола алады. Кепілділік нотариалдық кеңседе дайындалады және олар алынған қарызды төлей алмайтын болса, заңды жауап беруіне әсер етеді. Кепілділікте міндеттемені орындамаса, қарыз алушымен бірге кепілшіде жауапты болғандықтан, несие берушінің талабын қарыз алушы орындамаған жағдайда, қарыз алушыға қойылған талапты несие берушінің алдында бірдей жауап береді. Несие борышқорға мынадай жағдайда беріледі, егер ол төлеуге қабілеттілігі бар тұлға болса.

1. 2 Несиенің қайтарымдылығының қамсыздандыру - несиелеу принциптерінің бірі

Кәсіпорындарда және басқа да мекемелерде, өндірістік, әлеуметтік қажеттіліктерге қажет банктік несиелеу несиелердің қағидаларын қатаң сақтау түрінде жүзеге асады. Соңғысы несиелеу жүйесінің басты элементі болып табылады, себебі онда несиенің мәні мен мазмұны көрінеді.

Несиелеудің қағидасына мыналар жатады:

  • қайтарудың жеделдігі;
  • қайтарымдылық;
  • дифференциялдық;
  • қамтамасыздық;
  • төлемділік.

Бірақ, біраз уақыттан бері экономистеріміз несиені қамтамасыз ету қағидасын тарылтып жіберді, несиенің материалдық қамтамасыздығы ғана мойындалды. Яғни бұл дегеніміз несие ақшалары нақты материалдық бағаларымен берілетін болды, ол несиенің қайтарылуына сенімділік арттырды.

Әлемдік банк тәжірибесінде несиені қамтамасыз етудің түрі материалдық құндылықтардан басқа кепілдік, заңды және жеке тұлғаларға сәйкес кепілшінің төлеуге қабілеттілігі, банктің несиесін борышқордың өтей алмаған жағдайындағы қауіпке байланысты сақтандыру полисі ұсынылады.

Барлық заң міндеттемелері бар форма шаруашылық органы банктен несие алуды қамтамасыз ету қызметін көрсетеді. «Банк қызметі және банктер» туралы заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері несиелерді өздерінің клиенттеріне әртүрлі форма беру мүмкіндігі ие болды.

Сонымен, қазіргі жағдайда несие ақшалардың қамтамасыздығы туралы сөз болғанда борышқорда несиені уақытында қайтаруды кепілдейтін заңды түрде дайындалған міндеттердің бар-жоғын ескеру керек. Оларға мыналар жатады: кепілдік міндеттеме, кепілдік-келісім, несиені өтей алмаған жағдайдағы сақтандыру келісімі.

Банктің несие ақшалары бойынша міндеттерімен қамтамасыз ету бір мезгілде бірнеше формада несие келісімде екі жақта қарастырылады.

Қайтарымдылық несиені басқа экономикалық категориялардан бөліп көрсететін ерекшелігі болып табылады. Қайтарымдылық болмаса несиенің болуы мүмкін емес. Қайтарымдылық несиенің атрибуты болып табылады.

Несиелеуді жеделдету несиенің қайтарылуына керекті форма жетістігін ұсынады. Жеделдету қағидасы несиенің жай ғана қайтарылуының емес, қатаң түрде белгіленген мерзімде қайтарылуын білдіреді. Жеделдік несиені қайтарудағы уақытты анықтау болып табылады. Несиелеу мерзімі борышқордың шаруашылығындағы қаражаттың шегіне жеткендігін білдіреді және уақыттағы реттік өзгеріс сапалыққа көшеді; егер несие ақшаны қолданудың мерзімі бұзылатын болса, онда несиенің мәні бұрмаланады, ол өзінің нақты қызметін жоғалтады, бұл елдегі ақша айналымына кері әсерін тигізеді.

Шаруашылықтың нарықтық жағдайға өтуіне байланысты бұл несиелеу қағидасына ерекше назар аударуда. Біріншіден, қоғамдық ұдайы өндірістегі ақша қаражатымен қамтамасыз ету оның көлемі, өсуі, темпі оны сақтаумен байланысты. Екіншіден, бұл қағиданы сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидасы несие ресурстарын қайтарылмайтын етіп қаржыны жұмсауға мүмкіндік тұғызбайды. Үшіншіден, әрбір жеке борышқор жедел қайтарылуы қағидасын сақтайтын болса, банктен жаңа несие алу мүмкіндігі туады. Несиелеудің мерзімін банкттер белгілейді.

Несиенің жедел қайтарылу қағидасымен, несиелеудің басқа екі қағидасы тығыз байланысқан, олар: дифференциялдық және қамтамасыздық.

Несиенің дифференциялдығы коммерциялық банктердің несие алуға үміткер өз клиенттеріне несие беру туралы мәселеге жоламауды білдіреді.

Несие тек өз уақытында қайтару мүмкіндігі бар шаруашылық органдарға берілуге тиіс. Сондықтан несиелеу дифференциалдығы несиеге қабілетті көрсеткіштер негізінде жүзеге асады, оған кәсіпорын қаржы жағдайы, борышқордың несиені келісімге көрсетілген мерзімде несиені қайтаруы және дайындығы кіреді. Потенциалды борышқорлардың бұл сапалары өтімділікке талдау жасаумен, шаруашылықтың меншік қайнар көзбен қамтамасыз етілгендігімен, қазіргі уақыттағы және келешектегі пайдалылық деңгейімен бағаланады.

Несиені қажет ететін шаруашылық органдардың несиеге қабілеттілігін бағалау, несие келісім шартын жасағанға дейін жүргізіледі, ол белгілі мөлшерде несиенің өз уақытында қайтарылмау қауіпінен сақтандырады, шаруашылық органдардың жедел несиелеу қағидасын сақтауды болжайды. Несиелеу дифференциалдығы шаруашылық органдардың несиеге қабілеттілігінен шығып, олардың шығындарды несие есебінен жабуға кедергі жасайды және қайтару мен төлеу негізінде дұрыс жұмыс істеудің қажетті шарт ретінде қызмет көрсетеді. Несиенің мерзімінде қайтарылуы борышқордың несиеге қабілеттілігі және несиенің қамтамасыздығымен тығыз байланыста болады.

Несие төлеу қағидасы әрбір борышқор банкке өзіне керекті уақытша алған қаражатқа белгілі төлем кіргізуі керектігін білдіреді. Бұл қағида тәжірибеде банктің пайыздық механизмі арқылы жүзеге асады. Банк пайызының ставкасы - пайыздың бағасы. Төлемділік кәсіпорынның шаруашылық (коммерциялық) есебінен меншік ресурстарын кеңейтуге және қаражаттарын үнемді пайдалануға жағдай жасайды. Несиені төлеу банкке өздерінің шығындарын жабуды қамтамасыз етеді. Оларға: депозит пайыздары, өз аппараттарының шығындары және басқада өз қажеттіліктеріне жұмсауы жатады.

1988ж дейінгі еліміздің мемлекеттік банкі жүргізген пайыздық саясатта көптеген кемшіліктер болды. Біріншіден, шаруашылықтың барлық салалары бойынша банктік несиенің барлық түрі бойынша пайыздық ставка үкімет деңгейінде орталықтандырылған тәртіпте қойылды. Екіншіден, несиелеудің мерзімі объективті түрде қойылмады, нәтижесінде ұзақ мерзімге берілген несиенің пайызы, қысқа мерзімге берілген несие пайызынан аз болды. Бұл әлемдік банк тәжірибесімен қарама-қайшы келді. Үшіншіден, банктік несиенің пайыздық ставкалары төмен болды. Несиенің арзандылығы басқа қайнар көздермен салыстырғанда шаруашылықта оған деген жөнсіз сұранысты туғызды.

Банктік несиелеудің барлық қағидаларын тәжірибеде жинақтап қолдану жалпы мемлекеттің және несие келісімін жасаған екі субъектінің банкпен борышқордық пайдасын қарастырады.

Банктердің негізгі мақсаты - несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта банктер әртүрлі формаларын қолданады.

1. 3 Банктік несиенің қайтарымдылығының қамсыздандырудың шетел тәжірибесі

Несиенің бұл түрінің әртүрлі елдердегі дамуын салыстыру оның жалпы даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Италия және Жапонияда халық қарызының жалпы сомасының осы елдердің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) қатынасы 10% мөлшерінде, ГФР мен Францияда 30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-дан жоғары мөлшерде. Тұтыну несиесі, ең бастысы, қымбат тауарларды сатып алуда қолданылады: автокөліктерді, электро - тұрмыстық құралдар, жиһаздар және тағы басқа. Неғұрлым тауар қымбат болған сайын, соғұрлым несие жиі қолданылады. Капиталистік елдердегі несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алу үлесіне келеді. Қалған тауарлар, әдетте, қолма - қол түрінде салынады.

АҚШ пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «Персональды несие» берумен шұғылданады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі ретінде қарастыруға болады сол себептен де кәдімгі сатып алынатын тауарға төлемді кейінге қалдыруға қарағанда қолайлы; үшіншіден мұнда тек қана банк пен қарыз алушы қатысатындықтан және аралық делдалдардың болмауы осындай несие жүйесін неғұрлым қолайлы, әрі қарапайым етеді.

Несие пайызы әр елде әр түрлі мөлшерде: мысалы, АҚШ - та автокөлікті кейінге қалдырып өтеу арқылы сатуда - 6-12% жылдық, тұрмыстық құралдар 7-10%, орташа алғанда 10-20%. Ал, социалистік елдерде сол кезде пайыз мөлшері тұтыну несиесіне: 0, 5% - жедел және 3% - кейінге қалдырып өтеуде қолданылған. Тұтыну несиесін әлі де болса алса да, оған деген сұраныс жоғары пайыздардың болуынан белгілі бір мөлшерде төмендеп кетеді.

Дамыған елдердегі тұтыну несиесі жүйесін ТМД елдерімен салыстыруға болмайды. Өйткені, нарықтық экономикаға енді - енді аяқ басып отырған бұрынғы КСРО елдері бұл несиенің түрін енді ғана кең масштабта енгізу үстінде. Мысалы: Ресейдегі тұтыну несиесі жүйесінің және оның негізгі мәселелерін қарастырсақ Ресейдің аймақтық банктер Ассоцияциясының Вицепрезиденті Александр Хандруевтің келтірген мәліметтері бойынша қазіргі күні банктердің жиынтық несиелік портфелінің 7% ғана халыққа берілетін несие үлесіне тиеді, ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 30-40%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ
Кепілдіктегі жылжымайтын мүліктің алымы
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Жал ақысы жалға берушіге
Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде
Банктік несиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz