Коммерциялық банктің меншік қаражаттарының қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап өркениетті дамған мемлекттердін қатарына біртіңдеп қосылуда. Ұлттық экономикада орын алған нарықтық бағыттағы бетбурыстың қоғамдық өмірдегі тубегейлі өзгерістер тудырғаны белгілі. Олардың қатарына әр қоғамдық жүйеге экономикалық заңдар мен олардың қызметі ерекше орын алады.

Мемлекеттік салада сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік - экономикалық бағыттарды іргелі түрде жургізу бүгінгі таңда кезек куттіррімес мәселелердін бірі.

Қазіргі өркениеттің ең негізгі қажетті саласы - банк. Маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы етеді. Банктің нарықтық экономикада алатын орын өте зор. Себебі ол еліміздің қаржы саласының бір тармағы болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президентіңің Қазақстан халқына арналған өзінің жолдауын бірден-бір жузеге асырушы саласы банк болып табылады. Осы жолдауды қолдауда банк еңбекте бір-бірімен тығыз сабақтас, тақырыбы бір, қоғамдағы даму, жаңару үрдісін жаңа, бұдан да тиімді сатыға шығаратын жолдарға өз қызметің бағыттауда. Себебі қоғам бүгінгі күні өзгеріс те, ізденіс те үстіңде.

Қазіргі нарықтық экономика шырақтаған жағдайда Қазақстанның қор нарығына кәсіпорындарға инвестицияны тартуда, керекті қаржыны табуда, біздің банктеріміздің атқаратын қызметтері де аз емес. Оның бүгінгі ахуалы өте жақсы. Себебі банктың экономикамыздағы, әсіресе қаржы секторындағы жағдайы өте жақсы. Бір кездері ұлттық табыс пен қаржының тапшылығынан көптеген шаруашылық әлеуметтік салалар, шындығын ай жоқ, жалпы мемлекет болып кедейшіліктің зардабын көріп, тауқыметн тартып едік. Ол кездер әлі есімде. Өйткені, одан өткенімізге көп уақыт болған жоқ. Ал бүгінгі жағдай күрт өзгерген. Экономика, қазіргі жағдайда тұрақты даму үстіңде. Экономикалық үрдістің тұрақтылығы негізінде шетелдік қаржы қорларының. Ұйымдарының қазақ еліне деген сенімі артқан. Осы сенімділіктің нәтижесінде Қазақстанға аса қауыптенбейтің инвестиция әкеліне бастады. Осындай беделді шешімдердің негізінде шетелдік банктердің, әр түрлі қорлардың қаржылары елімізге милиондап емес милиардтап келе бастады. Осы қаржы көздерін орналастыруда, оларға қызмет көрсетуде банктің атқаратын қызметімен көмегі де аз емес. Осы нәтижеге, экономикамыздің шарықтап дамуына Қазақстан Ұлттық банкінің қадағалап, басқарушымен Қазақстандық дамыған банктердін 10-ғына кірген «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның атқарған қызметі де аз емес. Оған дәлел, дипломдық жобамның тақырыбын зерттеудің нәтижесінде алынған нәтижелері.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Банк ресурстары экономиканың тірегі ретіңде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Сондықтан кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер, несиелік тәуекелді басқару шаралармен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Ендеше, дипломдық жобаны зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады. Мақсаты - банктік ресурстарды басқаруды (жоспарлау, реттеу, талдау) жетілдіру. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:

  • Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы оларды қалыптастыру операциялары;
  • Банкке тартылған қаржыларды талдау ;
  • Банктің ресурстарын талдау;
  • Банк ресурстарын тиімді басқару жолдарын анықтау;

Зерттеу объектісі . "Қазақстан халық банкі" АҚ. Зерттелімнің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызындағы «Казақстан Республикасындағы Ұлттық банк" және 1995 жылдың 31 тамызындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы зандары", "Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамының 2007 жылдың 31 желтоқсаныңда аяқталған қаржы жылы бойынша жылдық есеп беру мәліметтері, "Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамының ресми сайттарының мәліметтері.

1 Банктік ресурстарды басқарудың теориялық теориялық негіздері

1. 1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

"Банк ресурстары" термині "несиелік ресурсы" қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады [1, 13 б] .

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операцияла негізінде калыптасқан және барлық, активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресутарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алаты несиелер, басқа банктердің, қорреспонденток шоттағы, депозиттік шоттардағы каражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырған үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байкалады. Барлык кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауга тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде акысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалык түсінік калыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халык шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ыкпалымен жинақталған каражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған каражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық. резервтік, негізгі кұралдар, амортизациялык және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, үйымдардың есеп айырысу және ағымдык шоттардағы қаражаттары және халыктың акшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы калыптасып. мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялык банктер кызметінің тұрак-тылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындагы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы калыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және баска операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бүл, яғни банктің ресурстык кұрамына тек кана ақшалай каражаттар емес, сол сиякты тауарлы-материалдык қүндылыктар және бағалы кағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталык) банкіміз "банктердін банкі" болып табылатындықтан. коммерциялык банктер ре-сурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да қүралады.

Демек, коммерциялык банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдык қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында акшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны кажет ететін кәсіпорынға, үйымға және халыкка са-тып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктін пассивтік операииялары негізінде қалыптаскан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу максатында орлаластыруга багытталатын банктін меншікті және тартылган қаражаттарыныц жиынтыгы [5, 78 б] .

Нарыктық катынастарға өту барысында банк ресурстарыньщ құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялык банктін акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сиякты косымша қорлары кіреді. Тартылган каражаттардың жаңа түріне: Ұлттык банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, баска банктердің, қорреспонденток шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктер ресурстарыньщ құрылымы олардын маманда-нуы, эмбебаптығы және кызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1. Банктің меншікті капиталы.

2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда ете төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылган қаражаттардың үлесіне тиеді.

2006 жылдың 1 каңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазакстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 12-кестеде топтастырылған.

Кесте 1- Қазақстандық екініші деңгейдегі банктер пассивтерінің 01. 12. 2008 ж. құрылымы мен шамасының топтастырылуы* мың тг

:
Банктердің аттары: Банктердің аттары
Міндеттемелері: Міндеттемелері
Меншікті капиталы: Меншікті капиталы
Барлык пассивтері: Барлык пассивтері
: 1
Банктердің аттары: АО "БТА Банк"
Міндеттемелері: 2692058088
Меншікті капиталы: 427074329
Барлык пассивтері: 3119132417
: 2
Банктердің аттары: АО "КАЗКОММЕРЦБАНК"
Міндеттемелері: 2440939228, 0
Меншікті капиталы: 279303767, 0
Барлык пассивтері: 2720242995, 0
: 3
Банктердің аттары: АО "Народный Банк Казахстана"
Міндеттемелері: 1. 587. 151. 715
Меншікті капиталы: 174. 863. 936
Барлык пассивтері: 1. 762. 015. 651
: 4
Банктердің аттары: АО "Альянс Банк"
Міндеттемелері: 876. 628. 960
Меншікті капиталы: 167. 659. 249
Барлык пассивтері: 1. 044. 288. 209
: 5
Банктердің аттары: АО "АТФБанк"
Міндеттемелері: 913. 630. 578
Меншікті капиталы: 105. 821. 968
Барлык пассивтері: 1. 019. 452. 546
: 6
Банктердің аттары: АО "Банк ЦентрКредит"
Міндеттемелері: 889. 481. 575
Меншікті капиталы: 76. 229. 059
Барлык пассивтері: 965. 710. 634
: 7
Банктердің аттары: ДО АО "БТА БАНК" - АО "ТЕМIРБАНК"
Міндеттемелері: 250. 880. 377
Меншікті капиталы: 57. 237. 268
Барлык пассивтері: 308. 117. 645
: 8
Банктердің аттары: АО "Нурбанк"
Міндеттемелері: 239. 043. 408
Меншікті капиталы: 38. 337. 200
Барлык пассивтері: 277. 380. 608
: 9
Банктердің аттары: АО "БАНК "КАСПИЙСКИЙ"
Міндеттемелері: 238. 250. 001
Меншікті капиталы: 30. 923. 812
Барлык пассивтері: 269. 173. 813
: 10
Банктердің аттары: АО "Евразийский Банк"
Міндеттемелері: 180. 522. 570
Меншікті капиталы: 24. 617. 773
Барлык пассивтері: 205. 140. 343
: 11
Банктердің аттары: АО ДБ "RBS (Kazakhstan) "
Міндеттемелері: 161. 699. 380
Меншікті капиталы: 17. 560. 783
Барлык пассивтері: 179. 260. 163
: 12
Банктердің аттары: АО "ЦЕСНАБАНК"
Міндеттемелері: 137. 152. 052
Меншікті капиталы: 18. 997. 334
Барлык пассивтері: 156. 149. 386
: 13
Банктердің аттары: АО "Ситибанк Казахстан"
Міндеттемелері: 83. 792. 975
Меншікті капиталы: 10. 871. 349
Барлык пассивтері: 94. 664. 324
: 14
Банктердің аттары: ДБ АО "Сбербанк"
Міндеттемелері: 49. 971. 786
Меншікті капиталы: 34. 194. 587
Барлык пассивтері: 84. 166. 373
: 15
Банктердің аттары: ДБ АО "HSBC БАНК КАЗАХСТАН"
Міндеттемелері: 64. 054. 252
Меншікті капиталы: 8. 851. 587
Барлык пассивтері: 72. 905. 839
: 16
Банктердің аттары: АО "Казинвестбанк"
Міндеттемелері: 60. 864. 629
Меншікті капиталы: 11. 093. 854
Барлык пассивтері: 71. 958. 483
: 17
Банктердің аттары: АО "ЭКСИМБАНК КАЗАХСТАН"
Міндеттемелері: 31. 792. 623
Меншікті капиталы: 12. 251. 252
Барлык пассивтері: 44. 043. 875
: 18
Банктердің аттары: АО "Жилстройсбербанк Казахстана"
Міндеттемелері: 22. 585. 000
Меншікті капиталы: 12. 700. 586
Барлык пассивтері: 35. 285. 586
: 19
Банктердің аттары: АО "ДБ "АЛЬФА-БАНК"
Міндеттемелері: 24. 623. 747
Меншікті капиталы: 8. 240. 503
Барлык пассивтері: 32. 864. 250
: 20
Банктердің аттары: АО "Delta Bank"
Міндеттемелері: 19. 370. 176
Меншікті капиталы: 5. 674. 385
Барлык пассивтері: 25. 044. 561
: 21
Банктердің аттары: АО "Банк Позитив"
Міндеттемелері: 11. 801. 468
Меншікті капиталы: 4. 910. 859
Барлык пассивтері: 16. 712. 327
: 22
Банктердің аттары: АО ДБ "БАНК КИТАЯ В КАЗАХСТАНЕ"
Міндеттемелері: 5. 769. 619
Меншікті капиталы: 3. 731. 697
Барлык пассивтері: 9. 501. 316
: 23
Банктердің аттары: АО "ДБ "КЗИ БАНК"
Міндеттемелері: 5. 174. 986
Меншікті капиталы: 2. 808. 435
Барлык пассивтері: 7. 983. 421
: 24
Банктердің аттары: АО "СБ "ЛАРИБА-БАНК"
Міндеттемелері: 2. 737. 086
Меншікті капиталы: 4. 033. 240
Барлык пассивтері: 6. 770. 326
: 25
Банктердің аттары: АО "МЕТРОКОМБАНК"
Міндеттемелері: 2. 822. 313
Меншікті капиталы: 1. 807. 545
Барлык пассивтері: 4. 629. 858
: 26
Банктердің аттары: АО "ТПБК"
Міндеттемелері: 2. 366. 647
Меншікті капиталы: 2. 242. 583
Барлык пассивтері: 4. 609. 230
: 27
Банктердің аттары: АО "МБ "Алма-Ата"
Міндеттемелері: 2. 845. 310
Меншікті капиталы: 1. 529. 818
Барлык пассивтері: 4. 375. 128
: 28
Банктердің аттары: АО "Данабанк"
Міндеттемелері: 1. 875. 094
Меншікті капиталы: 1. 565. 155
Барлык пассивтері: 3. 440. 249
: 29
Банктердің аттары: АО ДБ "ТАИБ КАЗАХСКИЙ БАНК"
Міндеттемелері: 719. 505
Меншікті капиталы: 2. 318. 493
Барлык пассивтері: 3. 037. 998
: 30
Банктердің аттары: АО "Сеним-Банк"
Міндеттемелері: 1. 215. 896
Меншікті капиталы: 1. 754. 896
Барлык пассивтері: 2. 970. 792
: 31
Банктердің аттары: АО "Мастербанк"
Міндеттемелері: 261
Меншікті капиталы: 2. 060. 097
Барлык пассивтері: 2. 321. 097
: 32
Банктердің аттары: АО "Экспресс Банк"
Міндеттемелері: 154. 415
Меншікті капиталы: 2. 026. 273
Барлык пассивтері: 2. 180. 688
: 33
Банктердің аттары: АО "Заман-Банк"
Міндеттемелері: 259. 7
Меншікті капиталы: 1. 807. 490
Барлык пассивтері: 2. 067. 190
: 34
Банктердің аттары: АО "Казинкомбанк"
Міндеттемелері: 247. 73
Меншікті капиталы: 1. 475. 880
Барлык пассивтері: 1. 723. 610
: 35
Банктердің аттары: АО ДБ "НБ Пакистана" в Казахстане
Міндеттемелері: 320. 056
Меншікті капиталы: 1. 049. 792
Барлык пассивтері: 1. 369. 848
: Қаржы нарығын және каржы ұйымдарын кадагалау және реттеу жөніндегі ҚР агентігінің есептік материалдарынан

Кестеден көріп отырғанымыздай. банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы. сонын ішінде депозитік базаның өсуі ықпал етуде. 2008 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480, 9 млрд тенге немесе 47. 6% өскен. Депозиттердін құрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше-банктерде орналаскан жеке түл-ғалардың салымдары 341, 5 млрд теңгені күрады немесе бұл көрсеткіш 2007 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42, 4% жоғары. 2008 жылдың 1 қантарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44, 9% өсіп, 233, 6 млрд теңгені кұрады.

1. 2 Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т. б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын қорреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар бріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің қорреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызмтінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды [7, 102 б] :

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • қосымша капиталдар;
  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;
  • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

ә) банктік резервтер, яғни уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары) .

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезеңдерден тұрады [7, 115 б] :

  1. Бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
  2. Бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
  3. Эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
  4. Шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Банктің меншкті қаражатының түріне ерезервтік қор жатады. Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

  • банк пайдасы;
  • акциялар шығару;
  • құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
  • облигациялар шығару жатады.

Банк капиталы банктің дербестгін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жіне банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорғаныс қызметі;
  • шұғыл қызметі;
  • реттегіштік қызметі;
  • айналым қызметі;
  • резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі , оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банк капиталының қорғаныс қызметі - банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.

Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банк өтімділігі
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру
Коммерциялық банк өтімділігін тиімділік және төлем қабілеттілігі позициясы бойынша бағалауы мен талдауы
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz