Тәуекелдерді басқару әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Банктік тәуекелдерді басқарудың теориялиқ негіздері

  1. Банктік тәуекелдердің мәні . . . 7
  2. Тәуекелдерді бағалаудың сандық және сапалық әдістері…. . … . . . 16
  3. Қаржы ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің ерекшеліктері . . . …20

2 . Банктік тәуекелдерді басқару

  1. Банк қызметін басқарудағы банктік тәуекелдердің

механизмі . . . . . …. 26

  1. Қазақстандағы тәуекелдерді басқару саласындағы қаржылық реттеу мен бақылаудың дамуы . . . 35
  2. Темірбанк тәуекелдерін басқару жүйесінің ішкі үрдістерінің талдауы. . …. . 43
  3. Экономикалық-математикалық үлгі: банктердің жеке капиталдарының жеткіліктігіне Базель 2 нұсқауын енгізудің ықпалы. . …52

3 ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

3. 1. ҚР тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастырудың негізгі мәселелері . . . 63

3. 2. Банк жүйесінің жүйелік тәуекелін тестілеу . . . 68

ҚОРЫТЫНДЫ . . 72

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік экономиканың ағымдағы қалпы мен оның даму тенденциялары белгілі бір елдің бизнес-үрдістерінің жаһандануына және оның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануына әкеледі. Мұның барлығы компанияны басқарудың алғы және тиімді әдістерін пайдалануға, ал мемлекеттерді белгілі бір шаралардың нәтижесінде алынған бәсекелестік ерекшеліктерді ары қарай есепке ала отырып, экономиканы реттеуге жетелейді. Өзара тиімді әрекеттесуге негізделген жүйелі әдіс Қазақстанға дүниежүзілік экономикаға тиімді енуіне мүмкіндік береді.

Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстандық экономика өзінің дамуының неғұрлым сапалы кезеңіне өтуде. Үкіметпен өнеркәсіптік-инновациялылыққа баса назар аудырылып ұзақ және орта мерзімдерге қабылданып жатқан даму бағдарламалары оған мысал бола алады. Қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуында және олардың іске асырылуында қызмет көрсетулерінің түрлілігін қамтитын қаржы саласы да маңызды орын алады.

Экономиканың атаулы саласы қысқа мерзім ішінде активтер мен көрсетілген қызметтерінің көлемінде айтарлықтай көрсеткіштерге жетті. Сонымен қатар қысқа мерзім ішінде банк қызметтерін, жинақтық зейнетақы қорларының, сақтандыру және делдалдық-дилерлік ұйымдардың, сонымен қатар зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың заңшығаруы мен қызмет етуін реттеуді жетілдіру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді. Жетістікті жағдай болып 2004 жылдан бастап елдің бүкіл қаржылық саласының біртұтас органмен басқарылуына келуі танылды.

Алматының аймақтық қаржылық орталық ретінде ары қарай дамуы, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, салықтық және валюталық режимдерінің жұмсаруына қарамастан қазақстандық қаржы компанияларын тұрақты болуын талап етеді. Атаулы қалыпқа тәуекелдерді басқару мен бақылау жүйесін пайдалана отырып келуге болады. Соңғысы төрт элементтен тұрады: тәуекелді өлшеу мен басқару, тәуекел мониторингі және бақылау.

Мемлекеттің қаржы жүйесін тиімді реформалау мақсатында қаржы нарығын жетілдіруідің халықаралық тәжірибесіне жүгіну керек, себебі Қазақстанға қарағанда, көптеген мемлекеттер нарықтық жағдайдағы экономиканың дамуында үлкен тәжірибеге ие, және де Қазақстанда олардың барлық тиімді жақтарын енгізу керек.

Шетел банктері мен қаржы ұйымдарының құрылымында бизнес-бөлімшелердің қызметінің талдауын жүргізіп, жанама түрде оларды басқарып тікелей басшылыққа бағынатын тәуекел-менеджмент басқарулары бар екені белгілі. Олардың негізі қызметі компания басшылығына биснес-шешімдерді қабылдаудың әр кезеңінде ұсыныстық мәліметерді беру болып табылады. Сонымен қатар тәуекелдерді жаһанды басқару жүйесі бар. Ол - банктік бақылау бойынша Базель комитетінің ұсыныстары. Ұсыныстар халықаралық тәіжірибемен талап етілетін деңгейге жеке банктің тәуекел-менеджментінің қалпын салыстыруға қажетті критерийлер жиынтығын құрайды. Базел талаптарына сәйкес келу банк ұйымында халықаралық банк қауымдастығымен қабылданған тәуекелдерден қорғау жүйесінің бар болуы туралы мәлімдейді де, банкті әріптестер мен инвесторлар алдында неғұрлым тартымды етеді.

Батыс банктері өздерінің контрагенттерінің капитал жеткіліктігінің көрсеткіштерін Базель комитеті ережелерінің негізінде есептейтіні тегін емес. Анығында банк тәуекелдерін басқарудың ұлттық жүйесі Базель талаптарына сәйкес келулері керек. Бұдан түсетін пайда мол: банктің несиелік рейтингін талдаған кезде халықаралық рейтинг агенттіктері Базель комитетінің нұсқауларын басшылыққа алады. Сонымен қатар, макро-микро деңгейде тәуекелдерді басқару жүйесінің әлеуетін пайдалану жалпы қазақстаныдқ мәселені шешуге - компания мен нарық тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол себептен қазақстандық қаржы ұйымдарының ең басты міндеті тәуекелдердің әртүрлі түрлерінен сенімді қорғау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі. Қаржы саласында қаржы тәуекелдерін басқару ешкімнің де күмәнін туғызбайды. Акционерлер, басшылық және қаржы мекемелерінің портфельдерін басқарушыларға тәуекелдерді басқару саласында шешімдерді қабылдауды қолдау үшін нақты және толық мәлімет қажет. Мұның негізгі себебі болып оларды өлшемей, басқармай қаржы мекемелері өзінің капиталының айтарлықтай бөлігін жоғалтып, банкротқа айналуы танылады. Бұл кез келген бизнес үшін өзекті болғанымен, қаржы саласы үшін маңыздырақ келеді. Бірқатар дүниежүзілік дағдарыстар мұны бізге ашып көрсетті: банк жүйесінің дағдарысы тәуекелдерді басқарудағы кемшіліктер мен оның мүлдем болмауын ашып берді. Банк жүйесінің дамуының жаңа кезеңіңде қаржы мекемелері (егер де олар нарықта ұзақ уақыт қызмет етуге бекінсе) тәуекелерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін біраз күш жұмсаулары керек. Қазақстандық қаржы жүйесі, жалпы алғанда, тәуекелдерді басқарудың пайдалылығы мен қажеттілігін түсінген сияқты. Сонымен бірге, тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі қаржы мекемесінің тұрақтылығын көтеріп қана қоймай, капиталды тиімді пайдалану мен орналастыруға септігін тигізеді, басқа сөзбен айтқанда иелер мен оның әріптестері мен клиентерінің бизнесінің құнының өсуіне әкеледі. Дүниежүзілік тәжірибеде тәуекелдерді басқарудың мұндай жүйесі институтқа үлкен бәсекелестік жеңілдік береді, өкіншіке орай ондай институтты біздің елімізде көп пайдаланбайды. Мәселе түйіні ондай жүйені ендіру күрделілігінен және қор шығынының көп болуынан тұратын сияқты. Атаулы міндет мықты технологиялық жәрдемді қажет етуі де ықтимал. Тәуекелдерді басқарудың дұрыс жүйесі оның тиімділігінің болашақта да, қазіргі кезде де негізін салушы фактор болып табылады.

Зерттеу мақсаты қазақтандық ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәуекелдерді басқару мен реттеудің әдістерін таңдау бойынша ұсыныстарды жасап шығару болып табылады.

Атаулы қойылған мақсатқа орай берілген жұмыста келесі міндеттерді шешу талпыныстары жасалған:

  • қаржы тәуекелдерінің маңызы мен жіктелуін ашу. Несие тәуекелдерін басқару жүйесі мен неізгі әдістерін анықтау;
  • Қазақстанның қаржы институттарында қаржы тәуекелдерін басқарудағы дәстүрлі әдістерді талдау;
  • банк саласының тәуекелдерін кешенді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің құрылымдық және функционалды эелементтерін қарастыру;
  • қаржы қызметінің тұрақтылығына тәуекелдердің ықпал етуін төмендету мен негізгі жақсарту әдістерін қарастыру, қаржы тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасап шығару;

Зерттеу нысаны болып қаржы ұйымының кәсіби қызмет ету жүйесі танылады.

Зерттеу пәні ҚР институттарында тәуекелдерді басқару жүйелерін ұйымдастырудың талдауы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалылығы. Жүргізілген зерттеу барысында негізделген түрде ҚР институттарында тәуекелдерді басқару жүйелерін ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мүмкіндіктері туралы ұсыныс жасау мүмкіндігі туындады. Талдаудың зерттеу, салыстыру, экономикалық үлгілеу сияқты әдістері алынған қорытындылар нақты және ғылыми негізді деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару әдістерінің, тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық аспектілерін зерттеу мәселелеріне Мельникова М. С., Бланк И. А., Галиц Л. және тағы басқа авторлардың еңбектері арналған. Арнайы қазақстандық әдебиетті зерттеу нәтижесінде зерттеудің атаулы саласы біздің еліміздің ерекшелігі есепке алынып, қолдану бөлігінде зерттелмеген деген қорытындыға келдік. Нұсқаулардың ЕО мемлекеттерінде қолдануы туралы деректер бар болғанымен, атаулы Нұсқауларыды зерттеудің практикалық құндылығы мен оның нормаларының банк заңшығару ерекшеліктері есепке алынып, Қазақстанда қолданылуы туралы әдебиеттер жоқ.

Берілген жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып шетел эікономист ғалымдарының ғылыми еңбектері, сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру мәселесі қарастырылған мақалалар, басылымдар танылады.

Берілген жұмыстың мәліметтік-талдау бөлімі ҚР заңшығару актілеріне, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын басқару мен реттеу бойынша Қазақстан Республикасының агенттігінің әдістемелік ұсыныстарына, статистикалық материалдарына негізделеді.

Диплом жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда диплом тақырыбын құраушы теориялық бөлімнің талдауы берілген. Онда қаржы тәуекелдерінің сипаттамасы мен жіктелуі, бағалау әдістері, сонымен қатар қаржы ұйымдарында басқару жүйесінің қолдану ерекшеліктері қамтылған. Екінші тарауда ҚР қаржы саласының жағдайына, тәуекелдерді басқару саласында қаржы саласын реттеу жағдайына көңіл бөлініп, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің жеке капиталының жеткіліктік көрсеткіштеріне белгілі бір тәуекелдердің ықпал етуінің сандық талдау үлгісі ұсынылады. Үшінші тарау алдыңғы екі тарауда келтірілген талдау негізіндегі ұсыныстарға арналған.

1. Банктік тәуекелдерді басқарудың теориялиқ негіздері

1. 1. Банктік тәуекелдердің мәні

Тәуекел - менеджмент қаржы нарығының әр қатысушысы үшін қойылған негізгі міндет ретінде пайда болды. Жемістің нәтижелілігі бірқатар тәуекелдердің қаншалықты сапалы жіктеліп, өлшеніп, басқарылатынына тікелей байланысты болып келеді. Біз жүргізген талдаудың көрсетуінше тәуекел мемнеджментіндегі күнделікті қателіктерді 5 ортақ категорияларға жіктеуге болады:

1. Менеджмент тарапынан сәйкес келген бақылау мен басқарудың жоқ болуы, сонымен қатар, банк ішіндегі мықты бақылау мәдениетін қалыптастыра алмау.

2. Баланстық және баланстан да тыс банк операцияларында тәуекелдерді барабар емес бағалау.

3. Операциялық қызметтің нәтижесін шолу, реконсиляциялау, верификациялау, ұйғару, міндеттерді бөлу сияқты бақылауды жүргізу бойынша негізгі әрекет қабілетсіздігі немесе олардың толығымен болмауы.

4. Банк ішіндегі түрлі деңгейлер арасында мәліметтерді барабар емес беру, әсіресе, пайда болған мәселелерді менеджменттің жоғары деңгейлеріне берудегі мәселелердің пайда болуы.

5. Аудит бағдарламасы мониторингтің басқа да әдістері сияқты барабар емес немесе тиімсіз.

Қаржылық топтарда тәуекел менеджменттің тиімді жүйесінің өзектілігін берудегі анық көрініс тапқан бірнеше мысал келтірейік.

«BANKERS TRUST» компаниясында қалыптасқан жағдайды қарастырайық. Bankers Trust (қазіргі кезде Deutsche Bank бөлігі болып табылады) инновациялық қаржы өнімдерін жылжытуда көшбасшы болған. ВТ басқа банктерден асып түсетін өзінің қаржылық ерекшеліктерін, сонымен қатар, өндірістік құралдарымен жүргізілетін операцияларға қатысты өзінің тәуекел менеджментін мақтан тұтады. 1990-шы жылдардың ортасында ВТ 4 негізгі клиенті (Procter & Gamble и Gibson Greetings қосқанда) оларды Банктен сатып алған өндірістік құралдар құны мен тәуекелділікке қатысты алдағанын айтып, Банк атына сотқа арыз береді, ВТ клиенттерінде Банктің заңсыз түрде атаулы өндірістік өнімдерді қолданудағы тәжірибесіздігін пайдаланғанына қатысты сезімдер пайда болды. 3 клиенттен түскен талап сотпен қанағаттандырылып, ВТ жалпы алғанда 93 миллион доллар төлеуге мәжбүрледі. Procter & Gamble компаниясынан түскен 195 миллионды талап компания пайдасына қанағаттандырылып, оған 78 миллион доллар таза табыс әкелді. Бірақ неғұрлым зазал Банк беделіне тиді.

Сонымен, атаулы жағдай негізінде келесі тұжырымдар жасауға болады.

  • тәуекелдердің барлық аспектілеріне көңіл бөлу керек;
  • шынайылық ең жақсы саясат болып танылады;
  • ынталандыру тиісті ретпен баланстануы тиіс;
  • барлық тартылған тұлағалардың менеджментінде жақсы тәжірибені пайдалану қажет.

Берілген мысалдағы ең өкініштісі, тәуекел менеджмент саласындағы көшбасшы болған банк өзінің беделін операциялық тәуекел нәтижесінде (яғни қабылдауға болмайтын сату тәжірибе нәтижесінде ) жоғалтып алды.

Дағдарыс кезінде Менеджмент клиент арыздары мен қоғамдық көзқараспен жұмыс істеу кезінде өзінің бар күшін ашық және әділетті тәсілге аударуға тиіс. Нәтижені қуып кету адамдары нәтижесі теріс келетін келісім-шарттарға итеруі мүмкін. Сонымен қатар, клиенттер де Банк қызметінің нәтижесінде мүдде танытанын тұлғалар екенін ұмытпаған жөн.

Немесе басқа мысал алайық:

Barings Банк ұзақ уақыт бойы Ұлыбританияның ең үздік және көне банкі ретінде үлкен құрметке ие болған. Бірақ 1995 жылдың ақпанында жеке капиталы 900 миллион доллар құрай отырып, санкцияланбаған биржалық оперциялар салдарынан 1 миллиард доллар көлеміндегі шығын нәтижесінде банкроттықа тап болды.

1995 жылдың наурызында Barings голландтық ING банкімен 1 фунт стерлингке сатылып алынды.

1993 жылы Ник Лиссон Barings банкінің фьючерстерді сатумен айналысатын Сингапурдегі бөлімшесінің Бас Менеджері болып тағайындалды.

Бұл лауазымында ол бір жыл мерзім бойы рұқсат етілмеген оперцияларды жасырып отырған. Мұны ол сауда қызметтері мен бэк-кеңсе қызметтерін орындау арқасында асырып отырған. Barings топ-менеджменті негізінен коммерциялық банкинг саласында ғана тәжирибеге ие болып, құнды қағаздар саудасындағы білімдері аз болған. Barings топ-менеджменті Лиссон Сингапурлық және Осакалық биржа қорларында сатылған ұқсас өндірістік құралдардың бағалық айырмашылығына бәс тігіп, төмен тәуекелдік мүмкіндіктерді пайдаланған деген көзқараста болып отыр. Нағызында, Лиссон неғұрлым тәуекелдік оперцияларға араласқан болатын, ол екі биржада да келісім-шарттардың түрлі көлемдерін сатып алып, қағаз типі бойынша оларды бірде сатып алып бірде қайта сатқан. Лиссон шығындары неғұрлым көбейген сайын ол өзінің мөлшерлемелерін көбейтіп отыған. Алайда, Жапониядағы жер сілкінісінен кейін Nikkei индексі күрт төмендеп, оның шығындары 1 миллиард доллардан асып кетті, нәтижесінде Barings банкі банкроттыққа ұшырады. Бұл ретте банктің банкрот болу себептері:

  • міндеттердің бөлінуі;
  • бизнесті жеткіліксіз түсіну;
  • қызметкерлерді бос басқару;
  • есеп беру жүйесінің нашар болуы;

Ішкі аудиттің ұсыныстарына қарамастан Лиссон қолында шоғырланған билік азайған жоқ. Егер де Barings банк менеджерлері биржалық бизнес табиғатын жақсы түсінген болса, Лиссон өзі мәлімдеген пайданы асып кеткен тәуекелсіз түсіруге болмайтынын аңғарар еді.

Лиссон Сингапурге дейін ешуақытта да биржалық операциялады жүргізу лицензиясын иеленбеген болатын, дегенмен де оның қызметіне бақылау жасалынып, оның биржалық стратегиясына жеткіліксіз мониторинг жасалған болатын. Лиссон екі кеңсеге бағынған болатын: ішкі операцияларға қатысты Лондонға және клиенттер пайдасына қатысты Токиоға.

Long-Term Capital Management (LTCM)

1994 жылы Джон Меривевер - «Salomon Brothers»-дегі әйгілі бонд-трейдер «Long-Term Capital Management (LTCM) » хедж-қорының негізін құрайды. Бұл трейдерлер мен академиктерден (Нобель сыйлығының иегерлері Майрона Скоулз бен Роберта Мертонды қоса алғанда) тұратын әйгілі «жұлдыздар» командасы болған. Өте ірі инвесторлар, оның ішінде ірі инвестициялық банктер де бар, қордың ашылуы кезінде 1, 3 миллиард доллар инвестициялаған болатын.

LTCM негізгі стратегиясы конверсиялық келісім-шарттарды жасау болып табылады. Атаулы келісім-шарттар құны бойынша әр түрлі құнды қағаздарды іздеу, арзан қағаздарды сатып алу, қымбат қағаздар бойынша «синтетикалық» қысқа ұстанымдарды (мысалы, американдық, европалық және жапондық тәуелсіз қарыз міндеттемелері арасындағы конверсия; «on-the-run» («жаңа») және «off-the-run» («ескі») американдық бонд арасындағы конверсия) қалыптастыруды қамтиды. Құн арасындағы айырмашылық үлкен болмағандықтан, үлкен пайда түсіру үшін қор леверажы жоғары ұстанымдарды ашуға мәжбүр болды. 1998 жылдың соңыда, қор 5 миллиард доллар мөлшерінде өзінің меншікті капиталын және 125 миллиард доллар сомасында шеттен алынған қарыз алуларға ие болған. 1998 жылдың басында LTCM бақылауымен портфель маңызды дәрежеде 100 миллиард доллардан асқан; оны шартты белігісіндегі своп - ұстанымдары 1, 25 триллион доллар мөлшерінде бағаланды, бұл дүниежүзілік нарықтың своп келісімдердің 5%-на тең болған. . Сонымен қатар, қор Ресей сияқты дамушы нарықтардағы операцияларға қатысты.

1998 жылы 17 тамызда: Ресей рубльді девальвациялап, 281 миллиард сом сомасында (13, 5 миллиард доллар) үкімет міндеттемесін төлеу жайында мораторий жариялады. Нәтижесінде, инвесторлар алыс және тәуекел нарықтардан үкіметтік тәуекелсіз облигацияларды сатып алуға ұмтылулары кезінде, жаппай «сапаға басу» байқалды. Ол үлкен көлемді өтімшілік дағдарысына әкелді. Егер де Ресей өз міндеттемелеріне дефолт жарияласа, оның валюта құны девальвациялайды дегенге негізделіп, LTCM өзінің салуларын ресейлік үкімет облигацияларына салу арқылы қауіпсіздендіргеніне сенімді болған. Сайып келгенде, валюталық нарықтан бонд бойынша шығындарды жабатын табыс табуға болады. Өкінішке орай, ресей сомының бағамы құлаған кезде, сомдық хедж кепілін беруші банк жабылып, ресей үкімет валютамен операциялар жасауға тиым салды. Бұл LTCM-нің айтарлықтай шығындарға ұрындырғанымен, LTCM күйреуінің аяққы себебі дүниежүзілік облигациялардың нарығы арасында «өтімшілдіктің қайтуы» болды, бұл «on - the - run» және «off - the - run» облигациялары арасындағы спредтың артуына әкелді. 1998 жылы 22 қыркүйекте. : LTCM-нің өзіне меншікті капиталы 600 миллион долларға дейін құлап түсті; бірақ компанияның инвестициялық портфелі айтарлықтай азайған жоқ, сайып келгенде, оның леверажы одан да көбейді. Банктер бағалардың жағымсыз өзгеруіне байланысты қосымша қамтамасыз етуді енгізу туралы талаптың қормен төлену қабілеттілігіне күмәнданып, олардың талаптары қор серіктерінің үлкен залалдарына әкелетін дағдарысты күшейтіп, артынша жүйелік дағдарыс тудырады деген ойдан оны іске асырған жоқ.

1998 жылы 23 қыркүйекте. : АҚШ ФРЖ, жүйелік дағдарыстың алдын алу шараларын жасай отырып, құтқару пакетін қалыптастырады, ол бойынша алға шығушы инвестициялық және сауда банкілерінен (негізгі несие берушілерін қоса алғанда) тұратын консорциум қорға 3, 5 миллиард доллар құйып, менеджментті қордың 90% капиталына алмастырады. квартал 1998 жылдың төртінші ширегінде: көптеген банктер LTCM-да инвестициялардан UBS-$700 млн ., Dresdner Bank -$145 млн . және Credit Suisse -$55 млн. ) туындаған шығындарды алып тастауға бекінді. 1999 жылы сәуірде: Президент Клинтон LTCM дағдарыс зерттеулерін және «Қаржы нарығы бойынша Президенттің Жұмысшылар Тобы» деп аталатын қаржы нарықтарында жүйелік тәуекелге арналған салдарын жариялады.

АҚШ қаржы жүйелерін сәл күйреуге: келтіруші себептер:

  • нарықтық құн мағынасының болуы;
  • өтімшілік тәуекелі өз-өзінен фактор болып келеді;
  • Үлгілер стрес - тестілеуге келтіріліп, субъективтік бағалаумен сәйкес келулері керек;
  • Қаражаттық институттар тәуекелдің жалпы факторларының ықапалын біріктірулері тиіс;

LTCM нарық құны мен «әділетті» құн арасындағы айырмашылықты қолдануына тәуелді болған. Ол «пациенттер капиталына» (яғни нарық құны емес «әділетті» құн маңызға ие дегенге сенуші акционерлер мен қарыз алушыларға) тәуелді болды. Өкінішке орай, сыртқы соққыларынан кейін, қарыз алушылар қор менеджерлерінен активтерді «әділ» бағалау үлгілеріне негізделген емес, нарық құн туралы сұрай бастады. Капитал нарықтарындағы дағдарыс кезінде активтердің тысқа кетуі леверажы бар кез келген портфельге қатысты тәуекел үлгісінеи енуі тиіс. Тіпті ең алғы қаржы үлгілері үлгі тәуекеліне және параметрлік тәуекелге душар бола алады, демек демек, стрес - тестіленіп, субъективті бағалануы тиіс. Кәсіпкерліктің барлық бөлімдері арасында тәуекел факторларын біріктіру өте маңызды болып келеді, сайып келгенде, концентрация тәуекелі төмендетілген болады (LTCM қоры дағдарысынан кейін басқа қаржы институттарына сабақ ретінде болмақ) .

Жоғарыда келтірілген үлгілер тәуекелдердің есеп-қисабының әдістемелерінің маңыздылығын және де олардың қолданылу тәжірибелерінің маңыздылығын сипаттайды. Үлгі ретінде ұсынылған Банктер мен қаржы институттары күйреуге ұшырап, дүниежүзінің қаржы жүйесінің күйреуіне әкеле жаздады Менің ойымша, бұл инвесторлардың, қарыз алушылардың, реттеуші органдардың толық әрекеттесуіне негізделген тәуекелдерді бағалаудағы унификацияланған әдістің қажеттілігін көрсетеді.

Мәселенің кез келген аспектісін толыққанды түсіну қарастырылып отырған мәселенің негізін анықтаушы теориялық білімсіз мүмкін емес.

Қаржы терминологиясына сәйкес, тәуекел - бұл қаржы шығындарына әкелуші зат. Тәуекел өздігінен өзі жағымсыз сипатқа ие емес. Нағызында ол оны басқара білетіндер үшін үлкен мүмкіндіктер тігизуі мүмкін. Сол себептен, тәуекелдерден мүлдем бас тартқанның орнына түсінбеген тәукелден бас тарқан дұрыс. Тарихқа жүгінетін болсақ, үлкен жестістіктер үнемі тәуекелдермен қатар жүріп отырған. Тәуекелге назар салмау күйреуге тура апарады.

Мықты тәуекел -менеджмент - бұл уақытылы шешімдерді қабылдауға қажетті материалдарды белсенді талдау әдісі. Тәуекел-менеджмент - бұл бір заттың дұрыс болмауынан кейін туындайтын талдау емес, ойын аяқталғаннан кейін шығатын талау емес. Тәуекел-менеджмент - тәуекелдердің таза жүйесін құрудың тұрақты үрдісі бұл жасырын тәуекелдерді іздестіру, оларды өлшеу мен басқару. Сол себептен, тәуекел деген не сұрағына аяқталған жауап іздестіру қажет емес, тәуекел -менеджмент шешімдерді зерттеу мен қабылдау циклі болып табылады.

Тәуекел - менеджменттің маңыздылығының өсуіне әкелетін факторлар болып (біз пайданы жоғалту, беделді жоғалту, тіпті бакроттық дегендерді атап отырған жоқпыз) келесілер табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Тәуекелдің деңгейі
Қаржылық менеджер тәуекел
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Несиелік тәуекел
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz