Валюталық операциялардың жіктелімі


Мазмұны
Кіріспе . . . 1-2
- . Валюта айырбастау операциялары бойынша қызметтер нарықтық қатынастардың ажырамас атрибуты ретінде . . . 3-20
1. 1. Валюта нарығы құрылымындағы валюта айырбастау операциялары…. . 3-17
- Валюта айырбастау нарығының субъектілері . . . 17-20
2. Валюта айырбастау нарығын маркетингтік талдау . . . 21-47
2. 1. Қазақстан Республикасында валюта нарығының дамуы . . . 21-35
2. 1. Алматы қаласының валюта айырбастау нарығын талдау . . . 35-47
3. Екінші деңгейдегі банктер мен валюта айырбастау пункттерінің валюта айырбастау қызметін көрсету бойынша сервисті жетілдіру . . . 48-62
3. 1. Валюта айырбастау пунктеріндегі маркетингті ұйымдастыру . . . 48-58
3. 2. Валюта айырбастау пунктіндегі сервисті жетілдіру жолдары . . . 58-62
Қорытынды . . . 63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экономикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтайды. Оның ішіне валюталық нарық пен валюталық қатынастардың маңызыдылығы ерекше.
Валюталық қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі - валюта айырбастау қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасында заңнамасында көрсетілгендей валюта айырбастау қызметімен, бұл қызметке лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті ұйымдар айналыса алады. Жалпы бұл қызмет банктік қызмет болып табылады. Бірақ бұрын валюта айырбастау қызметі банктік қызметтен бөлініп қарастырылмаған және бұл қызметтің мәні маркетинг пен сервис тұрғысынан зерттелінбеген.
Бүгінгі күні валюта айырбастау қызметіне үлкен сұраныс байқалады және валюта айырбастау нарығының субъектілеріне үлкен табыс әкелетін қызмет болып саналды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Алматы қаласындағы екінші деңгейдегі банктер мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысын талдай отырып, олардың сервистік деңгейін жоғарылату туралы ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктерінің жұмысы алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы оның мақсаты мен міндеттерін бейнелейді. Жалпы алғанда, дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс келесі логика бойынша жазылған: бірінші тарауда жалпы валюта нарығы құрылымындағы валюта айырбастау операциялары қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының валюта айырбастау нарығының субъектілері көрсетілді.
Екінші тарауда Қазақстан Рсепубликасы және Алматы қаласы бойынша валюта айырбастау нарығына маркетингтік талдау жасалынды. Талдаудың негізгі элементі болып, Алматы қаласындағы екінші деңгейдегі банктер мен валюта айырбастау пунктерді валюта айырбастау қызметінің көрсеткіштері бойынша жіктеу болып табылады.
Үшінші тарауда жалпы қызмет маркетингіне тоқтала отырып, валюта айырбастау пунктеріндегі маркетингті ұйымдастыру мәселесін қарастырдық. Алматы қаласындағы бірқатар ұйымдардың валюта айырбастау объектілерінде өткізілген байқау негізінде валюта айырбастау қызметінің тұтынушылары зерттелінді. Тараудың соңында валюта айырбастау пунктеріндегі сервисті ұйымдастыру мен жетілдіруге ұсыныстар жасалады. Қорытындыда жалпы дипломдық жұмыс бойынша түйіні берілген.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы ретінде, қарастырылып отырған мәселеге байланысты, шетелдік және отандық ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары және ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері қолданылды.
1. Валюта айырбастау операциялары бойынша қызметтер нарықтық қатынастардың ажырамас атрибуты ретінде
1. 1. Валюта нарығы құрылымындағы валюта айырбастау қызметтері
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат [7] .
Валюта нарығы - сұраныс мен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық және шетел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі [3] .
Валюталық нарық уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т. б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады [2] .
Валюталық жүйенiң маңызды элементi - валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағам - бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюта бағамы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн негізгі факторлар:
- Жалпы ішкі өнім; Сатып алу мүмкіндігінің паритетіне байланысты валюталық бағам; Нақты пайыздық ставкалардың деңгейі; Инфляция; Өнеркәсіп өндірісінің индексі; Жұмыссыздық.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфрут-на-Майенедегі, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т. б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады [7] .
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат.
Қазақстанда ҚР Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы, пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Валюта нарығының құралдарын еске отырып, Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының құрылымын көрсетуге болады.
1 сурет - Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының құрылымы
[3]
Валюта нарығы ақша қаражаттарының тұрақты жұмыс істеу және қажетті аккумуляторы болып табылады. Валюта нарықтары бір бірімен тұрақты байланыста болады және бір валюта нарығындағы өзгеріс басқа нарықтағы өзгерістерге әкеледі.
Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану; әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына (13. 06. 2005 ж. ) сәйкес «валюталық операциялар»:
- валюталық құндылықтарға меншік құқығының жəне өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;
- валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды жəне төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына əкелу, жіберу жəне аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан əкету, жiберу жəне аудару операциялары болып бөлінеді.
Бұл заңға сәйкес валюталық құндылықтар ретінде:
- шетел валютасы;
- номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
- тазартылған құйма алтын;
- резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құжаттары;
- резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар саналады.
Заң бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне:
Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіліктер жатады.
Ал бейрезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызылады.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына (13. 06. 2005 ж. ) сәйкес валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;
осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
- Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
инвестицияларды жүзеге асыру;
интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар [1] .
Экономикалық әдебиеттерде де қаржы ұйымдар жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді.
Валюталық операциялардың жіктелімі бір-бірімен тығыз байланысты валюталық операциялардың түрлері негізінде құрылады. Валюталық операцияларды жүргізетін ұйым валюта нарығының сыртқы және ішкі факторларын ескеріп қызмет жасауы қажет.
2 сурет - Валюталық операциялардың жіктелімі
[2]
1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
- овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру; операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру; кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу; клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату) ; экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар
Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
- қолма қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату; шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау; шетел банктерінің жол чектерін сатып алу(төлеу) ; ақшалай аккредетивтерді төлеу;
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
- НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) банккорреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) коммерциялық банкте банк-корреспондентінің атына ашылған ағымдық шот.
4. Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
СПОТ мәмілесі бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалға күннен кейінгі екі банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
СВОП мәмілесі бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Аутрайтпен жасалатын мәміле белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
Опционмен жасалатын мәміле валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипатайды.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредетив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредетив аккредетивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредетив алушы банктің (эмитент банктің) мідеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо эмитент банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесін бідіреді.
Банктік аударым бактік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1. депозиттерді тарту:
- жеке тұлғалардан; заңды тұлғалардан, соның ішінде, банкаралық депозиттер;
2. несиелер беру:
- жеке тұлғаларға; заңды тұлғаларға;
3. банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Енді қолма-қол валюталық операцияларға тоқталайық.
Қолма-қол операцияларды көптеген банктер атқарады, ол жедел валюталық операциялармен “своп” операцияларын негізінен ірі банктер жүргізеді, ал тұрақты опциондық келісімдерді - әлемдік басқарушы қаржы орталықтарының ірі банктері жүзеге асырады.
Сонымен валюталық келісімдерді қысқаша төмендегідей топтастыруға болады.
3 сурет - Валюталық келісімдерді қысқаша топтастыру
[2]
Берілген қысқаша сұрыптау валюталық келісімнің жүргізілуін болжайды және ол бір қарағанда оңай болғанымен аналитикалық зерттеуді қажет етеді, себебі барлық көрсетілген валюталық операциялар ең көп тараған және жиі қолданылады.
Шетелдік банкноттарды, қазыналық билеттерді, шақаларды және шетелдік валюта түрінде жазылған төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі мәмілені валюталық операция дейміз.
Алдымен қолма-қол валюталық операцияларды қарастырайық. Мәмілені ресімдеу сәтінде не тәулік шегінде қолма-қол шетелдік валюта пайдаланылатын - қолма-қол валюталық операция. Қолма-қол валюталық операциялар кеңінен таралған және валюталық мәміле көлемінің 90% -ын құрайды. Кей кездерде, қолма-қол валюталық операцияларды дереу жеткізу мәмілелері деп атайды және оған валюталық операция “спот” жатқызылады.
Спот (ағылш. spot - дереу төленуге тиіс қолма-қол ақша) жеткізу және нақты тауар немесе валюта үшін дереу төлеу жөніндегі мәміле түрі. Мысалы, своп шартына негізделген валюта мәмілесі үшін бір тәулік немесе екі жұмыс күні ішінде жеткізіледі; тауар дереу ақысы төленіп сатылатын баға; кеме жалдаушының талаптарына сай келетін тоннаждағы кеме; радио мен телехабарға қосуға арналған жарнама.
Спот мәмілесі - тауар дереу жеткізілген жағдайда қолма-қол есеп айырысу жолымен сатылатын мәміле. Мұнда сатушының қолында тауар болуға тиіс. “Спот” мәмілесі бойынша валютаны жеткізу алушы банктермен көрсетілген шоттарда іске асырылады. Келісілген мәміле бойынша валютаны аударудың екі күндік мерзімі бұрында обьективті қиындықтармен өте қысқа мерзімде іске асырылады. Электрондық байланыс құралдарының (СВИФТ), электрондық аударымдар жүйесінің, операцияның компьютерлік өңдеулерінің кеңінен таралуы операцияларды айтарлықтай тез орындайды.
Көптеген әлемдік қаржылық орталықтар мен көптеген басқарушы валюталар спот принципіне негізделеді. Спот операцияларынан басқа орындалған келісімдердің есеп айырысу мерзіміне байланысты спот алдындағы операциялар ажыратылады. Олардың санына - “кэш” немесе “спот - анте” мәмілелері кіреді. Осындай нұсқамен, кассалық қолма-қол мәмілелер тек қана сыртқы сауда айналымын қажетті валютамен қамтамасыз етіп қана қоймай, бактің меншікті операциясы ретінде курстық табыс алу мақсатында да қолданылады. Бірақ әрқашан зиянды мәмілелер қауіпі бар.
Жедел валюталық мәміле ұғымынына тоқталайық.
Жедел валюталық мәміле - бұл валюталық мәміле, алдын ала келісімге отырғанда белгіленген курс бойынша, келісім-шартқа отырғаннан кейін нақты бір мерзім өткен соң мәмілеге отырушы екі жақ шетел валютасындағы белгіленген соманы жеткізуге келіседі. Бұл анықтамадан жедел валюталық операцияның келесідей ерекшеліктері көрінеді.
Біріншісі - келісім-шартқа отыру және келісім-шартты орындау арасында интервал бар. Мәмілені орындау мерзімі, яғни валютаны жеткізу келісім-шартқа отыру кезеңінің соңы ретінде анықталады (мерзімі 1, 2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзімі ішіндегі басқа кезең.
Екінші ерекшелігі - валюта курсы жедел операция бойынша келісім-шартқа отыру кезінде белгіленеді, бірақ ол белгілі бір мерзім өткеннен кейін іске асырылады.
Үшінші ерекшелігі - жедел операция бойынша валюта курсы “спот” операциясы курсынан өзгеше болады. Бұл ерекшеліктер жедел операцияны жүргізудің негізгі мақсаттарын көрсетеді. Ең бастысы, келісім-шартты жасай отырып валюталық тәуекелді жабуға немесе хеджирлеуге болады, бұл тәуекелділіктер қаржылық сипатта немесе коммерциялық сипатта да болуы мүмкін. Тағы бір маңызды мақсаты жедел валюталық операцияларды жүргізуден алыпсатарлық айырмашылықты көруге болады.
Кең тараған жедел валюталық операцияларға форвардтық және фьючестік мәмілелер жатады. Форвардтық мәміле атуын алған, банкаралық жедел келісімдер екі негізгі түрмен іске асырылады:
1. Жай форвардтық мәміле, екі жақ тек келісілген курс бойынша болашақта белгіленген бір мерзімде белгіленген сома мөлшерін жеткізуге келіседі. Форвардтық мәміленің бұл түрі сыртқы саудада валюталық курстың өзгеруінен сақтандыру мақсатында жасалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz