Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 – бөлім. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 6
1.1. Депозиттердің жіктелуі 6
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді
қалыптастыруға әсер ететін факторлар 18
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 21
2-бөлім. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ
Темірбанктің материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 39
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні
39
2.3. Темірбанктің депозиттік саясаты 43
3- бөлім. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 54
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 54
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын
құруды ұйымдастыру 58
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 69
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есепайырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де
өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы
ресурстарынан құрайды.
Құрамы жағынан банктердегі тартылған қаржылар әр түрлі болып келеді.
Тартылған қаржылардың ең негізгісіне банктердің клиенттермен жұмыс жасау
барысында тартылған қаржылары – депозиттер жатады.
Коммерциялық банктер қазіргі нарықтағы бәсекелік тартыс кезеңінде
өзінің несиелік ресурстарының көлемінің ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар
тартылған депозиттердің сапасына да мән беруі қажет. Депозиттік нарықты
талдау барысында байқағанымыздай Қазақстан Республикасындағы резиденттердің
банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2000 жылдың 11 айы ішінде
22,8%-ке көтеріліп 2002 жылдың 1-ші желтоқсанында 546,4 млрд. теңгені (АҚШ
долл. шаққанда 3,5 млрд. долл.) құрады.
Негізгі оң нәтижелер мерзімді депозиттердің ұлғаюына көрініс тапты.
Тек, 2002 жылы мерзімді депозиттер 23,5%-ке ұлғайып 376,9 млрд. теңгені
құрады. Нәтижесінде мерзімді депозиттердің үлес салмағы 68,6 %-тен 71%-ке
дейін өсті. 2002 жылы халықтық депозиттердің өсу тенденциясы тұрақты түрде
сақталды. Қаңтар айы мен қараша айын қоса алғанда, халық салымдары 32,2%-ке
өсіп, 246 млрд. теңгені құрады. (шамамен 1,6 млрд долл.).
Негізінен банктің депозиттік саясаты әр түрлі сатыдағы, әлеуметтік
және жастық топтағы халықтың қызығушылығын көмектесуі тиіс. Қазіргі
уақыттағы кең ауқымды депозиттердің түрлері клиенттерге ақша-қаражаттарын
қартайған жақтарын қамсыздандыруға және алдағы уақыттағы шығыстарын
жоспарлауға сонымен қатар, басқа да мақсаттарға қаржы жинақтауға
көмектеседі.
Соңғы уақыттарда орташа сыйақы мөлшері теңгелік мерзімді депозиттер
бойынша 12% - ті, ал шет ел валютасында 6,7% - ті құрады.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында
коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да
қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама
төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды. Сонымен қатар,
депозиттердің ұлғаюына қосымша жүргізілген біршама іс-шаралар әсер етті.
Бұларға мыналар жатады:
- Халықтың ақшалай салымдарын және зейнетақы қорларын құнсызданудан
сақтандыру мақсатында жүргізілген іс-шаралар (1999 жылы теңгенің еркін
жылжымалы курсының енгізілуі, теңгелік депозиттердің конвертациялануы);
- депозиттерді (сонымен қатар, жеке тұлғалардың талап етілгенге дейінгі
салымдарын) міндетті түрде кепілдендіру және сақтандыру қорының құрылуы;
- 2001 жылы жүргізілген қаржылық капиталды амнистиялау туралы іс-шаралар;
Осындай жүргізілген іс-шаралардың арқасында, қазіргі уақытта банктік
жүйеде депозиттік нарық түрінде көрініс тапқан динамикалық сегмент пайда
болды және бұған қызығушылық уақыт өткен сайын көбеюде.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік
жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу
тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың
біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу
мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін
негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын
Темірбанк ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын
қарастыру.
1 – бөлім. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
1.1. Депозиттердің жіктелуі
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретіндегі
ерекшелігі оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес
тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің
қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі
тарапынан реттеліп отырады.
Депозит латынның (depositum) деген сөзінен алынған, ол сақтауға
берілген затты немесе депозиттік операциялардың субъектілері банкке
енгізетін белгілі ақша қаражатын немесе банктік және қаржылық операцияларды
жүргізу тәртібіне байланысты белгілі уақытқа банктердің есепшоттарында
болатын қаражатты айтады.
Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы Заңында
депозиттің анықтамасы былай деп берілген – бұл бір тұлғаның (депозитордың)
басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) бірінші талап бойынша
немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс пе, тиіс емес пе, оған
қарамастан толығымен немесе бөлшектеліп, алдын ала айтылған үстеме ақымен
немесе онсыз, тікелей депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші
тұлғаға ұлттық мәнде қайтарылу талаптарымен берілген ақшасы.
Демек, депозиттік рынок – салымдар және депозиттер рыногы – халықтың
ақша қаражатын пайда табу мақсатымен белгілі талаптармен әртүрлі қаржы
мекемелеріне салу жөніндегі экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.
Депозиттік операциялар – банктердің ақша қаражатын салымдарға
(пассивтік депозиттерге) тарту немесе иеліктерінде бар қаражатты басқа
банктерге немесе кредиттік-қаржы институттарына (активті депозиттер)
орналастыру.
Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе
түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді
жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету
үшін қажет.
Депозиттік есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің
негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі
және т.б. критерийлер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.
Салымдар санаттарына орай депозиттер былай бөлінеді:
- заңды тұлғалардың (кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің және б.)
депозиттері
- жеке тұлғалардың депозиттері.
Экономикалық тағайындалуы бойынша депозиттер 4 топқа бөлінеді:
1. мерзімдік;
2. талап етілгенге дейін;
3. халықтың жинақ ақша салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Мерзімдік депозиттер – банктер белгілі мерзімге тартатын депозиттер.
Мерзімдік депозиттердің өзі заңды және жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары
және алдын ала хабарлаумен жасалатын мерзімдік салымдары деп бөлінеді.
Мерзімдік салымдар шартта көрсетілген мерзімге және талаптармен
банктің толық қарамағына қаражатты беру, ал ол мерзім аяқталған соң салымды
иесі кез келген сәтте алуы мүмкін. Клиентке мерзімдік депозит үшін
төленетін сыйақы мөлшері депозиттің мерзімінен, сомасынан және салымшының
шарт талаптарын орындауына байланысты болады. Салымның мерзімдері неғұрлым
ұзақ және (немесе) сомасы үлкен болса соғұрлым сыйақы мөлшері үлкен болады.
Мерзімдік депозиттер мерзімі бойынша: 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға
дейін, 6 айдан бір жылға дейін, бір жылдан астам болып бөлінеді. Мұндай
мерзімдерінің егжей-тегжейлі бөлінуі салымшылардың өз қаражаттарын тиімді
ұйымдастыруға және оларды салымдарға орналастыруға ынталандырып, сондай-ақ
банктерге өздерінің өтімділігін басқару үшін жағдай туғызады.
Қаражатты алу жөнінде алдын ала хабарландырылатын салымдар дегеніміз
клиенттің банкті шарт бойынша белгіленген мерзімде алдын ала хабардар етуі
тиіс салым. Хабарлау мерзіміне байланысты салым бойынша проценттік ставка
анықталады.
Мерзімдік салымның сомасы дөңгелек сомалармен белгіленіп шарт күшінде
болатын барлық мерзім ішінде өзгертілмеуі тиіс. Мерзімдік салымдар ағымдағы
төлемдерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Егер салымшы салым сомасын
өзгерткісі келсе – азайтқысы немесе ұлғайтқысы келсе, онда ол қолданыстағы
шартты бұзып, өз салымын алып, жаңа талаптармен қайта ресімдейді. Бірақ
салымшы салым бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған кезде ол шартта
көзделген проценттерден ішінара немесе толығымен айырылуы мүмкін. Әдетте,
мұндай жағдайларда проценттер талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша
төленетін проценттер мөлшеріне дейін төмендетіледі.
Мерзімдік депозиттер банктің басшысы арқылы банк және клиент (салымшы)
арасында жасалатын шартпен ресімделеді. Банктер депозиттік шарттың нысанын
дербес даярлап, салымның жекелеген түрлері бойынша өзгеше үлгілері болады.
Шарт екі дана етіп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі – банктің кредиттік
немесе депозиттік бөлімінде (бұл жұмыс қандай бөлімге тапсырылғанына орай)
сақталады. Шартта салым сомасы, оның әрекет мерзімі, шарт мерзімі
аяқталғаннан кейін салымшы алатын проценттер, тараптардың құқықтары және
міндеттері, олардың шарт мерзімін сақтау туралы жауапкершіліктері, дауларды
шешу тәртібі белгіленеді. Көптеген банктер банктің ұсақ, орта және ірі
клиенттерге қызмет етуіне байланысты мерзімдік салымның ең төменгі мөлшерін
белгілейді. Банк өз тарапынан шарттың барлық талаптарын уақтылы орындауға
және оларды бұзғаны үшін жауап беруге міндеттенеді. Бұл депозит иелеріне
қаражатты немесе проценттер төлеуді уақытында бермегені үшін өсімпұл немесе
айыппұлдар төлеуде көрініс табады. Банк және салымшы арасында туындайтын
даулар төрелік сотта немесе сот тәртібімен (егер салымшы жеке тұлға болса)
шешілуі тиіс.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер – белгісіз мерзімге салынатын,
салымшы кез келген уақытта банкті алдын ала хабардар етпестен алатын немесе
басқа тұлғаға аудара алатын қаражат.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер қаражаттың сипаты және кімге
тиесілілігі бойынша бөлінеді:
• кәсіпорындардың және ұйымдардың есепайырысу, ағымдағы есепшоттарында
сақталған қаражаттары, әртүлі қорларда сақтауы бойынша арнайы
есепшоттардағы қаражаттары; кәсіпорындардың капиталдық салымдарға арналған
есепшоттарындағы, жергілікті бюджеттердің табыстары бойынша есепшоттардағы
қаражат;
• жергілікті бюджеттердің қаражаты;
• басқа банктермен есепайырысу бойынша корреспонденттік есепшоттардағы
кредиттік қаражат қалдықтары және шетелдік банк-корреспонденттердің
есепшоттарындағы қаражат.
Жекелеген топтарға арнайы есепшоттарда есепайырысуға (мысалы,
аккредитивтермен, чек кітапшаларымен) тартылған (арнайы қорларға) және
арнайы мақсаттарға (капиталды салымдарды және т.б. қаржыландыру үшін)
резервтелген қаражаттарды біріктіріледі.
Банктік өтімділікті басқару тұрғысынан банктерге ағымдағы және
бюджеттік есепшоттар, капиталдық салымдарды қаржыландыру жөніндегі
есепшоттар, арнайы мақсаттағы есепшоттар пайдалы болып есептеледі, өйткені
олардағы қаражат қозғалысы (сомалары, мерзімдері, төлемдер немесе
аударылған ақшалардың келіп түсуі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.
Сонымен қатар, ағымдағы және бюджеттік есепшоттардың иелері өз
мәртебелеріне орай (заңды тұлғаның құқығының болмауынан) кредиттерге
ұмтылмайды, ал бұл банктерге мұндай қаражатты өз қалауы бойынша активтік
операцияларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Мерзіміне байланысты салымдар мыналарға бөлінеді: талап етілгенге
дейінгі салымдар (есепайырысу және ағымдағы есепшоттардағы қаражат),
мерзімдік (белгілі мерзімге, бірақ бір айдан кем емес мерзімге
орналастырылған қаражат) және квазимерзімдік (жеткілікті түрде ұзақ
уақытқа, бірақ белгісіз мерзімге тартылған қаражат).
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге банктердің бір жақты тәртіппен
немесе бір бірінің тапсырмасы бойынша есепайырысу мен төлемдерді жүргізу
мақсатында Орталық Банкте немесе корреспондент банктерде ашылған
корреспонденттік есепшоттары да жатады. Банк басқа банкте ашқан
корреспонденттік есепшот НОСТРО есепшоттары деп аталады, ал банк басқа
банк үшін ашқан корреспонденттік есепшот ЛОРО есепшоты деп аталады. Бұл
есепшоттарды ашу есепшоттардың қызмет ету талаптары және олар бойынша
жүргізілетін операциялардың тізімі анықталған банктер арасындағы жасалған
шарттар негізінде жүргізіледі. Көрсетілген есепшоттардан сондай-ақ
клиенттердің есепшоттарынан да төлемдер олардағы қаражат шегінде жасалуы
тиіс екендігін есте ұстаған жөн.
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге өзінің классикалық нұсқасында
отандық тәжірибеде қолданылмайтын, бірақ олардың қызмет етуі назар аударуға
болатын контокорренттік есепшоттар тәрізді арнайы есепшоттарды жатқызуға
болады.
Контокоррент (conto corrente италян тілінен – ағымдағы есепшот) – бұл
банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін біртұтас есепшот. Бұл
есепайырысу және несиелік есепшоттарды бірге көрсететін активтік-пассивтік
есепшот. Контокоррентте бір жағынан банктің несиелері және клиенттің
тапсырмасы бойынша есепшоттан жасалған барлық төлемдер, ал екінші жағынан
есепшотқа қолма-қол ақша, аударымдар, қайтарылып келген қаражат және басқа
түрдегі қаражат көрсетіледі. Кредиттік сальдо дегеніміз клиенттің жеке
қаражаты бар екенін білдіреді, ал дебеттік сальдо дегеніміз айналымға
барлық заемдық қаражат қатыстырылған және есепшот иесі банкке кредит
бойынша борышкер екендігін білдіреді. Кредиттік сальдо бойынша банк
клиенттің пайдасына проценттер есептейді, ал дебеттік сальдо бойынша несие
берген секілді өз пайдасына проценттер өндіріп алады. Мұндайда банктің
пайдасына проценттер есепшот иесінің пайдасына қарағанда жоғары ставкамен
есептеледі. Мұндай есепшоттар ерекше сенім белгісі ретінде сенімді
кленттерге, жақсы заем алушыларға ашылады. Қаражаттың келіп түсуіне
қарағанда шығыстары асып түскен кезде есепшот иесі банкпен жасалған шартта
анықталған сомада әр жағдайда кредитті арнайы рұқсатсыз ала беру
мүмкіндігіне ие болады.
Әлемдік банк тәжірибесінде белгілі түрде контокоррентпен овердрафтты
ағымдағы есепшот (ағыл. overdraft) ұқсас келеді. Овердрафтты ағымдағы
есепшот – клиент және банк арасындағы келісімнің негізінде кредит алуды
білдіретін, қаражат қалдығының көлемінен есепшот бойынша есептен
шығарылатын соманың асып түсуінің есебінен белгілі мөлшерде жіберілетін
дебеттік сальдоны атаймыз. Бірақ бұл есепшоттардың арасында айырмашылық
бар. Овердрафт (контокоррентке қарағанда) кезінде мұндай қарыз алулар оқта
текте жасалады әрі олар тұрақты сипатта болмайды. Бұл үшін тиісінше
пассивтік (кредиттік) қалдық көбірек ұшырасады. Овердрафтты ағымдағы
есепшоттың бар екендігі клиенттің жеке операцияларды жүргізу үшін қосымша
депозиттік немесе несиелік есепшоттарды ашуына болады, ал контокорренттік
есепшотта банктің клиентке қатысты барлық операциялары шоғырландырылады.
Сонымен қатар контокорренттік есепшоттар заңды тұлғалардың шаруашылық
ұйымдардың атына ғана ашылады, ал овердрафтты есепшот заңды емес тұлғаға,
сондай-ақ жеке тұлғаға да қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша
айырмашылықтарды өтеуі үшін ашылады.
Көптеген коммерциялық банктерде талап етілгенге дейінгі депозиттердің
тартылған қаражат құрылымындағы үлес салмағы ең жоғары болып табылады. Бұл
әдетте, банктік ресурстардың құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттың жоғары
жұмылдыруына байланысты талап ету есепшоттарындағы қалдық тұрақты емес,
тіпті кейде мүлде өзгермелі деуге болады. Есепшот иесінің кез келген сәтте
қаражатты алу мүмкіндігі банктің айналымында өтімділігі аз, бірақ аса
жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін азайту есебінен өтімділігі жоғары
активтердің үлесінің (кассадағы, корреспонденттік есепшоттағы және басқа
қаражат қалдықтары) мейлінше көп болуын талап етеді. Сол себепті талап
етілгенге дейінгі есепшоттардағы қалдықтар бойынша банктер олардың иелеріне
төмен процент төлейді немесе тіпті ешқандай табыс есептемейді. Дегенмен
талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражаттың жоғарғы жылжымалылығына
қарамастан, олардың ең төменгі, бірақ төмендемейтін қалдығын анықтаудың
және оны тұрақты кредиттік ресурс ретінде пайдаланудың мүмкіндігі бар.
Әлемдік банк тәжірибесінде мерзімдік депозиттер мен талап етілгенге
дейінгі депозтиттер арасында жинақтаушы депозиттер орын алады. Шетел
тәжірибесінде ақша жинақтау операциялары депозиттік операциялардан бөлек
қаралады және негізгі назар олардың айрықша ерекшеліктеріне бөлінеді –
салым жинақтаушының иесіне, көбінесе, жинақтау кітапшасы түрінде берілетін
салымның бар екендігін көрсететін куәлік беріледі. Депозиттің бұл түрі
құнттылыққа ынталандыратын - арнайы ұмтылудың туындауымен сипатталатын
мақсатты сипаттағы қаражаттарды жинақтау үшін немесе ақша жинақтарын салуға
қызмет етеді және табыстылық деңгейі жоғары, дегенмен мерзімдік салымдарға
қарағанда табыстылығы төмен болады.
Халықтың жинақтау салымдары мерзімдері және салым операцияларының
талаптары (мысалы, балаларға, мектеп оқушыларына арнап салынған салымдар,
зейнетақылық салым және б.) бойынша бөлінеді.
Бағалы қағаздар мынадай топтарға бөлінеді: банкке тиесілі кәсіпорындар
мен акционерлік қоғамдардың акциялары мен облигациялары; банкте сақтауда
тұрған акциялар мен облигациялар; шетел операциялары бойынша құндылықтар
мен құжаттар.
Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі
депозиттердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар депозиттік
операциялардың ұйымдастырылуын жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру
жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі
емес банктік құралдарды: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек
депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.
Депозиттік сертификат – мерзімі 1 жылдан астам, бірақ оған қарағанда
бұл ақша қаражаттың депозитке салғандығы жөніндегі салымшының салымды
(депозитті) алу құқығын куәландыратын кредиттік мекеменің жазбаша куәлігі -
мерзімдік сертификаттың түрі. Онда депозиттік шарттың мөлшері, салымды алу
мерзімі, проценттік ставка секілді талаптар көрсетіледі. Депозиттік
сертификаттың артықшылықтары мынада: біріншіден, ол биржа ойынының заты
болып табылады, яғни сатып алушының рыноктағы оңтайлы өзгеруі нәтижесінде
қосымша пайда алуына болады; екіншіден, кәсіпорындардың депозиттері
тоқтатылып қалған жағдайда рынокта еркін қозғалыста болатын сертификатты
сатып алу олардың иелеріне біршама еркіндік береді.
Сертификаттарды салымшылардың санатына байланысты депозиттік және
жинақтаушы сертификаттарға бөлуден басқа сертификаттарды басқа белгілері
бойынша да жіктеуге болады:
• шығарылу әдісі бойынша:
бір рет қана шығарылатын;
сериялармен шығарылатын;
•ресімделу әдісі бойынша:
атаулы;
ұсынушыға;
• айналым мерзімдері бойынша:
мерзімдік;
талап етілгенгше дейін.
Депозиттік сертификаттар бойынша айналым мерзімі 1 жылдың шегінде
белгіленген, ал жинақтаушы сертификаттар бойынша 3 жыл шегінде белгіленген.
Егер депозитті немесе салымды алу мерзімі өтіп кетсе, онда мұндай
сертификат талап етілгенге дейінгі құжат болып есептеледі және иесінің
бірінші талабы бойынша төленуі тиіс. Банк мерзімдік серитификатты
мерзімінен бұрын ұсынылғанда төлеу мүмкіндігін сертификат сомасын төлей
отырып және проценттерін төмен ставка бойынша ала отырып төлеуді былай
қарастырады:
төлеу талаптары бойынша:
- белгілі есептесу кезеңі өткенге дейін тұрақты проценттік ставкамен
төлеу;
- сертификатты өтеу күніне проценттерді төлеу.
Сертификаттарды өтеу үш жолмен жүргізіледі:
- жаңа шығарылған сертификаттармен;
- салымдардың басқа түрлеріне немесе талап етілгенге дейінгі есепшотқа
қолма-қол ақшасыз аударымдар жасау арқылы;
- қолма-қол ақшамен (жеке тұлғалар үшін).
Сертификаттарды шығаратын банк өз сертификаттарының шығару және айналу
талаптарын дербес әзірлейді.
Чек депозиттері – бұл салымшыға төлемдер жасау үшін чек жазуға құқық
беретін есепшоттар.
Жаңа есепшоттар (нау-есепшоттар), Батыста көп таралған, мерзімдік
салымдарды және талап етілгенге дейінгі салымдарды сақтаудың және
пайдаланудың қағидаларын біріктіретін есепшоттар. Олар клиентке талап
етілгенге дейін салым ретінде пайдалы, өйткені төлем құралы күші бар құжат
көмегімен есеп айырысуға мүмкіндік береді, негізінен олар бойынша және
мерзімдік салымдар бойынша табыс алуға құқық береді. Банк үшін жаңа
есепшоттар оларда қаражаттың қатаң белгілі бір мезгілде сақталатындығынан
және сондықтан инвестицияларға пайдалануға мүмкін болатындықтан тартымды.
Банк векселі банктің белгілі тұлғаға немесе оның мұрагеріне
белгіленген мерзімде белгілі ақша сомасын төлеу жөніндегі ештеңемен
келісілмеген біржақты міндеттемесін білдіреді.
Банкаралық депозиттік операцияларда мерзімдік және талап етілгенге
дейінгі болып бөліндеі. Мұндай операциялар, әдетте, банк балансының
есепайырсуларын және өтімділігі деңгейін реттеу мақсатында жүргізіледі.
Коммерциялық банктерге өз қызметі үшін ресурстар тарту мақсатында
коммерциялық банктердің жарғысында бекітілген жоғары пайда табу мен қажетті
банк өтімділігін сақтау мақсатына және міндеттеріне орай депозиттік саясат
стратегиясын әзірлеу маңызды.

қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Банктің депозиттік саясаты қаражатты депозитке тарту және оларды
тиімді басқару жөніндегі банктің саясаты. Біз депозиттік саясатты банкке
салымшылардың және басқа кредиторлардың қаражатын тарту және ресурстардың
ең тиімді қисынын (өтімділік, пайдалылығы, сенімділігі тұрғысынан) анықтау
жөніндегі тактикасы ретінде айқындаймыз.
Кез келген коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтайтын
рыноктың мүмкіндіктеріне орай банк ресурстарының тиімділік критерийлер
қисынын табуға болады. Мұндайда тиімділік критерийлері банктердің бәріне
ортақ және таңдап алынған банктің депозиттік саясатының ерекшеліктерін
көрсететін арнайы деп бөлуге болады.
Жалпы критерийлерге мыналарды жатқызуға болады:
А) банктің тұрақтылығын, қаржылай орнықтылығын қолдайтын депозиттік,
кредиттік және басқа операциялардың өзара байланысы. Атап айтқанда,
активтердің және пассивтердің (сомалары, мерзімдері, өтімділіктері, тәуекел
дәрежелері және табыстылығы бойынша) келісілуі қажет, яғни банк депозиттік
саясатты жүргізу кезінде депозиттер портфелінің тиімді қалыптастырылуына
аса маңызды назар бөлінуі қажет, ал депозиттер портфелін салымшылардың
банкке тәуекел дәрежесін, өтімділігін, табыстылығын анықтайтын
критерийлердің негізінде жіктелген талаптардың жиынтығы ретінде қарастырған
жөн;
Б) тәуекелді азайту мақсатымен банктің ресурстарын диверсификациялау;
В) депозиттік портфельді сегменттеу (клиенттер, өнімдер және рыноктар
бойынша);
Г) әртүрлі клиенттер топтарына сай келетін жол табу;
Д) банк өнімдері мен қызметтері бәсекелес банктің өнімдерінен айырмасы
болуы тиіс;
Е) ресурстардың тиімді қисынының қажеттілігі, жоғары тәуекел
жағдайында банктің депозиттік портфелінде тұрақты ресурстардың үлесі (оның
ішінде депозиттік операциялар бойынша) ұлғайған кезде тұрақты және
айнымалы ресурстардың тиімді ұштасуын қамтамасыз ету;
Ж) салымдардың түрлерін және негізінен депозиттік портфелді
қалыптастыру барысында өмір сүру циклының концепциясын есептеу.
Тиімді депозиттік саясаттың арнайы критерийлерін әр банк жеке (оның
мөлшеріне, қызметкерлердің біліктілігіне, олар орындайтын операциялардың
және көрсететін қызметтердің өзіндік құны және т.б. байланысты) анықтайды.
Басым бағыттарға орай коммерциялық банкке негізгі салымдар түрлерін
көрсете отырып депозиттік операциялар туралы ереже болуы тиіс, онда оларды
тарту талаптары, (проценттік ставкалардың деңгейі, салымшылардың санаты,
салымдар мерзімі), салымдарды тарту тәртібі, депозиттік шарттың ресми
нысандары болуы қажет.
Банктің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсер етуші, сондай-ақ оның
депозиттік портфелінің және клиенттің тұрғысынан банк салымдарының түрлерін
дамыту қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: экономикалық қатынастар
субъектілерінің мүдделерінің әртүрлілігін анықтайтын, оның ішінде ақша
жинақтау жағдайлары бойынша: географиялық жағдайы; ұлттық дәстүрлер;
әлеуметтік топтың ерекшеліктері; салымшылардың жасы; олардың рухани, саяси,
әлеуметтік мүдделері; семьялық жағдайы; білім деңгейі; мамандығы және т.б.;
банк тұрғысынан: бәсекелестік деңгейі (банкаралық және банктік емес
кредиттік институттардың); банк қызметтері спектрінің дамуы, кеңею үрдісі,
ұсынылатын қызмет сапасын арттыру; тәуекелдің диверсификациясы және
басқалар.
Негізінен депозиттік рыноктың қалыптасқан жағдайын талдау
салымшылардың өздерінің қаражаттарын орналастыру кезінде мынадай
тұжырымдарды басшылыққа алатындығын көрсетеді:
1) банктің сенімділігі;
2) проценттік ставкалар бойынша неғұрлым банк тұрақты және сенімді
болса, соғұрлым депозиттер бойынша проценттік ставка жоғары және керісінше
болатындығы мұнда тікелей көрінеді: танымал емес банктер алға шығу
мақсатымен жоғары проценттер есебінен жоғары ставкалар ұсынады;
3) банк мекемелерінің желісі және клиенттерге қызмет көрсету сапасы.
Банк филиалдары желісінің көп тармақтылығы мен жоғары деңгейдегі сервис,
бір клиентке қызмет көрсетудегі уақыт шығыны, есепайырысу мен төлемдерді
электрондық жүйелер арқылы жасау мүмкіндігін ұсыну, банк операциялары және
қызметтерінің көп түрлері және басқа факторлар клиенттің өзінің банкін
таңдау кезінде жоғарғы мәні бар екендігі сөзсіз.
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы
Негізінен жинақ және жинақтау рыногы туралы тек 1994 жылдың ортасынан
бастап қана айтуға болады. Себебі дәл осы кезеңде жинақтауға нақты
жағдайлар пайда болды. Тура осы кезеңде теңге бағамының біршама тұрақтап,
ай сайынғы инфляция деңгейі едәуір төмендеп, бюджеттіктерге бірнеше айлар
үшін төлемдер жасалынды. Осы уақыттан бастап экономикалық жинақтау
бейімділігі көрсеткішінің нөлдік деңгейден айырмашылығы көріне бастады,
кәдімгі сөзбен айтар болсақ, әрбір адам жинақтауға қанша ақша қалдыру
туралы ойланып және қандай салымдарға салудың пайдалы екендігіне талдау
жасай бастады.
Халықтың бірқатар жинағы болғанын атап өткеніміз жөн. Ресми деректер
бойынша 1994 жылдың соңында қолдағы жиналған ақша мен қолма қол ақша 5096,2
млн. теңге болды. Шындығында біздің бағалауымыз бойынша азаматтар жинағының
нақты көлемі көрсетілген сомадан асып түсті, өйткені халық өз жинақтарын
қайта капитализациялады. Және осы сома бұл қаржыларды тарту үшін банктердің
қызығушылығын тудырарлықтай өте үлкен болатын. Мұны ең бірінші жергілікті
себептердің бірі деуге болады.
Халық өз жинақтарын салудың белсенді түрде тиімді және ең маңыздысы
сенімді жолдарын іздестіре бастағанын атап өткен дұрыс. Тәуекелдігі жоғары
әртүрлі салымдар халықтың сенімін жоғалтты. Әртүрлі трасттық, венчурлық
кәсіпорындардың сол кездері банкротқа ұшырау толқыны осы жөнінде куә деуге
әбден болады. Сондықтан 1994 жылдың соңында халық психологиялық тұрғыдан
тұрақты, заңды жария қаржы мекемелері болып табылатын банктерге ақша салуға
дайын болды. Осы оқиғалардан кейін біз нарықтық тұрғыдан есейіп шамадан тыс
жоғары проценттер беретін салымдарды іздеуден аулақ бола бастадық. Бұл
депозиттік саясаттың өзгерістерін және терең талдауды талап еткен
жергілікті екінші себеп десек болады.
1994 жылдың соңынан бастап банктер депозиттер түрлерін
диверсификациялады, бірнеше депозиттер түрлері бойынша қосымша лотерея
жүргізе бастады. Клиенттерге арналған құжаттардың кескіні өзгерді. Арнайы
карточкалық шоттарға клиенттердің қаражаттарын тарту қызығушылық тудыратын
бағыт болып отыр.
Сонымен қатар 1994 жылдың соңында инфляцияның едәуір төмендеуіне
байланысты салымдар және депозиттер бойынша банктік проценттер нақты
қатынаста оқиға оң үрдіс ала бастағанын атап өткен жөн. Бұл айғақ банктер
жүйесіне қаражат салымдарын жұмылдыруды тартымды етті. Қазіргі уақытта
банктер арасында әлеуетті клиенттер үшін проценттік күрес жүруде. Әрбір
банк өздерінің мүмкіншіліктеріне байланысты жоғары проценттік ставкалар
береді.
1994 жылдың соңында банктердің пассивтерін талдау банктердің жақын
уақыттарда міндеттемелер портфельдерін өзгертуін жалғастыратынын және бұл
жекелеген ресурстар рыноктарында банктік бәсекелестіктің ұлғаюына алып
келетінін көрсетті.
1994 жылы халықтың ақша табысы салымдарға қарағанда 1,2 есе алда
болды, яғни халық өз ақша қаражатын жоғары табысты нысандарда сақтауды
дұрыс көрді. Халықтың ақшалай қаражатының қолма-қол емес нысанда сақталатын
үлесі халықтың барлық ақшалай табысында 1993 жылдың 1 қаңтарындағы 17,3%-
тен 1994 жылдың қаңтарында 7,1%-ке дейін және 1995 жылдың 1 қаңтарындағы
4,8%-ке дейін төмендеді.
Келтірілген деректерден инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 108,9% -
қаңтарда және 106,7% - ақпанда, ең азы 102,1% - тамызда және 102,4% -
қыркүйекте байқалды. Бұл депозиттік рыноктағы біршама тұрақтанудың болғанын
байқатып және ұзақ мерзімде банк қызметтерін енгізуге жағдай туғызғанын
көрсетеді. Банктерге салымшылардың қаражаттарын ұзақтау кезеңге тартуға
мүмкіндік беретін көптеген банктердің қандай-да бір жинақтаушы, жинақтық
және басқа да осындай жобаларды ұсына бастауы қисынға келеді. Осы уақыт
ішінде банктердің депозиттік портфельдерінде талап етуге дейінгі салымдар
және қысқа мерзімді депозиттер елеулі үлесті құрады. Пассивтер мен
активтердің құрылымын бірқалыпты инфляция деңгейінде сәйкестендіру
қажеттілігі депозиттік рынокта банктерді белсенді позиция ұстануға мәжбүр
етеді.
1995 жыл депозиттық рыноктың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп
сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің
бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен
салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың
бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Банктер арасында
әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы
белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер
бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауда айқын көрініс тапты.
Нақты проценттік ставкаларды талдау коммерциялық банктердің жылдың көп
бөлігінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа
алғандығын көрсетсе, бірақ жыл соңына қарай біршама дербес проценттік
ставкалар құра бастады. Бұл депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар
құнының әртүрлілігімен расталады. Депозиторлардың қаражаттарын банкаралық
рыноктағыға қарағанда төмендеу проценттік ставкалармен тартып банктер
біздің пікірімізше ролі тұрақты ұлғайып отыратын жеткілікті түрде сыйымды
және аса қымбат емес ресурстар рыногын құрады. Жақын арада банктердің
міндеттемелер портфелінде заңды және жеке тұлғалардың жинақ ақшалары
(есепайырысу және ағымдағы есепшоттарымен қоса) басымдылыққа ие болады.
1996 жылғы депозиттік рыноктың жағдайы.
Қайта қаржыландыру ставкаларының төмендеуі екінші деңгейдегі банктерде
теңгедегі депозиттері бойынша проценттік ставкалардың төмендеуіне алып
келді. Проценттік ставкалардың төмендеуі тоқсан ішінде бірқалыпты жүрді.
Бұл банктердің арасындағы бәсекелестіктің күшейгендігі жөніндегі
болжамды толығымен растайтынын аңғартады. Банктер жоғары проценттік ставка
деңгейіне төтеп бере отырып депозиттік рынокта әртүрлі салымшылардың
назарын аудару үшін қызметтерін тұрақты диверсификациялап отырды. Бұл
жөнінде айырбас депозитті енгізу айқын куә бола алады. Бірнеше банктер
бір мезгілде жаңа жүз долларлық купюралардың пайда болуын депозиттерді
тартудың ұлғайуымен байланыстыруға тырысып бақты.
Депозиттік рынокта негізгі міндеті азаматтардың банк жүйесіне
қаражаттарын салудың қауіпсіздігін арттыра түсу болып табылатын банктердегі
азаматтар салымын бірлесе қорғау қорын құруға байланысты өзгерістер
күтілуде болатын.
Банк үшін депозиттерді тарту кезінде экономикалық тұрғыдан қолайлы,
яғни осы операцияны рентабельді ететін проценттік ставкаларды қою маңызды
болып табылады.
1995 жылдың мамыр айынан бастап 20%-ке теңескен резервтеу нормасы
жөнінде бірауыз сөз айтып өтейік. 1996 жылы мұндай инфляция деңгейінде (26-
28%) 20%-ік резервтеу нормасы депозиттік рынокта (қайта қаржыландыру
ставкасының деңгейінен төмен 25% сыйақыны ескере отырып) банктердің
жұмыстарын едәуір дәрежеде қиындатар еді. Сондықтан Ұлттық банктің
резервтеу нормасын 15%-ке дейін түсіру және сыйақыны 50%-ке дейін
жоғарылату шешімін қабылдауы орынды болды.
Ресми органдардың деректері 1994 жылғы депозиттік рыноктың қалыптасуы
туралы болжамдарды растайды. ҚР Мемстаткомның деректеріне сай тек 1994 жылы
Қазақстан бойынша заңды және жеке тұлғалардың депозиттері 8,8 есе өсіп 1995
жылдың 1 қаңтарында 7,7 млрд. теңге, 1995 жылдың 1 қарашасына - 18,15 млрд.
теңге, 1996 жылдың 1 қаңтарында – 21,2 млрд. теңге, 1996 жылдың 1
қыркүйегінде - 35 млрд. теңге болды. Бұл деректер қазіргі уақытта
депозиттік рыноктың басқа ресурстар көздерімен салыстырғанда жылдам өсіп
бара жатқандығын және сыйымды екенін аңғартады. Депозиттік рыноктың
сыйымдылығы және банктер үшін депозиттер бойынша қолайлы проценттердің
келешегі мол екенін байқатады.
Осылайша, 1994 – 1996 ж. кезеңі Қазақстанның депозиттік рыногының
құрылуының бастапқы сатысы және оның келешекте жоғары дамуының бастамасы
болды деп айтуымызға болады. Осы уақытта банктердің уақытша бос ақша
қаржыларын тарту саясатын жүргізуде алғашқы тәжірибелер пайда бола бастады.
1997 жылдың қаңтары ман қыркүйек арасындағы кезең ішіндегі
Қазақстандағы депозиттік рынокты талдай отырып, біз банктік жүйеде
депозиттік проценттік ставкалардың осы мерзім де әлеуетті салымшылар үшін
оң және жеткілікті түрде тартымды болғандығын көреміз. Сонымен бірге
проценттік ставкалар қаржы рыногындағы басқа индикаторлар тәрізді
өзгерістерге ұшырап, олар тұрақты төмендеп отырды.
1997 жыл депозиттік рыноктың нығая түскен жыл болғанын атап көрсеткен
жөн. Дәл 1997 жыл банктерге аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын
банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда)
және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола
алатындығының арқасында қалпына келтірді. Дәл 1997 жылы банктер арасында

бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауынан айқын көрініс тапты.
Бастапқы кезеңдерде қазақстандық банк тәжірибесінде депозиттерді
басқару мәселелеріне көп көңіл аударылмады. Әр жерлерде банк мекемелерінің
алдына олар жұмылдырған кредиттік ресурстардың мөлшеріне және сипатына
байланысты қысқа және ұзақмерзімдік несиелер беруді қамтамасыз ету міндеті
қойылмады. Кредиттік салымдар мен ресурстардың жоспарлы баланстары банк
бөлімшелерінде жасалмады. Мұндай жағдай елдің несие қорын құру және
пайдалану істерін басқару шектен тыс орталықтандырылғандықтан болды.
Сонымен қатар, сол даму кезеңінде банктердің депозиттік тәжірибесі
экономикалық әдебиетте аса зерттелмеген болатын. Атап айтсақ, жалпыға
бірдей депозиттік саясат ұғымы қалыптасып үлгермей оның қағидалары
жеткілікті түрде тұжырымдалмаған еді. Бір жағынан бұл көптеген отандық
коммерциялық банктерге депозиттік саясат дербес қызмет саласы ретінде
көрінбей, пассивтерді басқарудың бөлігінің бірі ретінде, яғни осы банк үшін
қаражат көздерінің тиісті қисынын анықтай отырып салымшылар мен басқа
кредиторлардың қаражатын тартуға байланысты қызметі деп танылғандығынан
еді.
Банктердің депозиттік саясатын зерттеу қиындықтары біздің
республикамызда тауарлар мен қызметтер рыногының, сондай-ақ ақша-кредит
және қаржы рыноктарының жақсы дамымағандығымен ұлғая түсті. Отандық
коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау депозиттік саясатты
жүргізуде дәл математикалық есептеулерді қолдану қажетті екендігін
көрсетті. Мысалы, теңге салымдарының орташа сақтау мерзімін және салымдарға
түскен қаражаттың орнығу деңгейінің есептеу маңызды. Теңге салымының орташа
мерзімі салымдар серпінділігінің тұрақтылығын көрсетеді, бұл салымдарды
қысқа мерзімді кредиттеу ретінде бағалау үшін өте маңызды болады.
Коммерциялық банктер депозиттік саясат құралдарын жетілдіреді, ал бұл
біздің тәжірибеміз үшін ақша қаражатын тарту механизмдерін жасауда көрініс
табады. Банкке салынған қаражат және ол бойынша келісілген проценттер
беретін белгілі иелену құқығы болып табылатын құжат депозиттік сертификат
болып табылады. Сонымен қатар, егер депозиттік сертификат ұсынушыға берілсе
ол рынокта басқа бағалы қағаздар тәрізді айналымға жіберіле алады.
Коммерциялық банктер қолданатын мұндай операциялар белгілі жағдайларда
әлеуетті сатып алушылар үшін мынадай себептерге байланысты тартымды бола
алады:
1. Депозиттік сертификаттар депозиттік саясаттың басқа құралдарына
қарағанда биржа ойынының заты болып табылады және осыған байланысты сатып
алушы рынок конъюнктурасының қолайлы өзгеруінің нәтижесінде қосымша табыс
ала алады.
2. Үкімет кәсіпорындардың депозиттерін жұмсамау ниетін жүзеге асырған
жағдайда рыноктағы бос жүрген сертификаттарды сатып алу олардың иелеріне
біршама еркін қимылдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сертификат айналым
мен төлемнің бара-бар құралы болады.
Отандық коммерциялық банктер депозиттік саясаттың бұл құралдарын
белсенді қолдана бастағанын атап айтуымыз қажет. Мүмкін, әзірше бұл
құралдар жетілмеген де болар, бірақ ең бастысы – біздің коммерциялық
банктер оларды қолдану және ары қарай жетілдіру қажеттігін түсінді.
Қазақстандық банктердің депозиттік саясатын талдауда 1997 жылы қаңтар
мен қыркүйек аралығында инфляция қарқынының төмендеуі және салымдар мен
депозиттер бойынша банктердің табысты қамтамасыз етуі екінші деңгейдегі
банктерге жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражатының келіп түсуін
ұлғайтты, сөйтіп қолайлы инвестициялық жағдай тұғызудың негізі болды.
1997 жылы қазақстандық банктерде банктік проценттік ставкалар бойынша
есеп беру жүйесі толығымен дайын емес болатын, бірақ талдау нәтижелерінде
алынған деректер банктердің депозиттік саясатында пайда бола бастаған
үрдістерді байқатты. Мұндайда банктік проценттік ставкалар ҚРҰБ қайта
қаржыландыру ставкаларының өзгерісінен кейін өзгеріп отырды, себебі
депозиттік саясат сол кезеңде төмендеуге бағыт алған қайта қаржыландыру
ставкасына тікелей байланысты болды. Егер қайта қаржыландыру ставкасы 1994
жылы жылына 300%-ке тең болса, 1995 жылы - 120%, 1996 жылы - 45%, ал 1997
жылдың қарашасында – 18,5%-ке тең болды.
1997-1998 жылдардағы жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі
1-диаграмма
*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық бюллетені
1997-1998 жылдарда жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 21300 млн.
теңгеден 32135 млн. теңгеге ұлғайды және заңды тұлғалардың депозиттері
54566 млн. теңгеден 48599 млн. теңгеге дейін азайды. Бұл факт халықтың
банктерге сенімін көрсетсе, кәсіпорындар мен ұйымдар жөнінде бұлай дей
алмаймыз.
Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 1998 жылдың 1 қарашасында 77,0
млрд. теңгеге жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері (банктерді
қоспағанда) – 45,7 млрд. теңге және жеке тұлғалардың депозиттері – шамамен
2,0 млрд. доллар, ай ішінде 11,3%-ке ұлғайды (ағымдағы жылдың басынан
бастап – 65,6%-ке).
Депозиттердің мерзімдері бойынша құрылымында елеулі өзгерістер
болмады: мерзімдік депозиттердің үлес салмағы бұрынғы деңгейде қалды (4,9%
шамасында). Халықтың банк жүйесіне сенімінің нығаюы халықтың банктердегі
салымдарының жалпы көлемінің өсе түсуімен расталады. Халықтың депозиттері
(резидент еместердің депозиттерін ескере отырып) қазан айында – 3,3%-ке,
2000 жылдың 10 айының ішінде – 47,9%-ке 81,3 млрд. теңгеге дейін (570,1
млн. доллар) өсті.
2001 жылдың 9 қаңтарында депозиттік рынок елдің қаржы рыногының ең
жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сегменттерінің қатарында қалып отырды.
Ұлттық валютаның тұрақтануы, банк жүйесінің дамуы, көптеген кәсіпорындардың
қаржы жағдайының жақсаруы және азаматтардың табыстарының біртіндеп өсуі
банк секторына депозиттер түріндегі капиталдың келуіне жағдай туғызды.
Ағымдағы жылдың 11 айының ішінде резиденттердің банк жүйесіндегі
депозиттері 286,9 млрд. теңгеге дейін өсті, 68,4%-ке ұлғайды. Нақты
сектордың негізгі кредиттеу көзі болып табылатын мерзімді депозиттер 2,3
есе ұлғайды және 153,3 млрд. теңге болды, талап етуге дейінгі депозиттер –
29,2%-ке өсіп 133,6 млрд. теңген болды. Нәтижесінде мерзімдік депозиттердің
үлес салмағы 39,3%-тен 53,4%-ке дейін өсті.
Шетел валютасындағы депозиттер 86,8%-ке өсіп, 152 млрд. теңге немесе 1
млрд. доллардан астам болды, ал теңгелік депозиттер 51,5%-ке ұлғайып 134,9
млрд. теңге болды.
Жеке тұлғалардың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет етуі жағдайында
(үшінші тарауда қарастырылады) халықтың банк жүйесіне сенімі жоғарылады.
Тек 11 айдың ішінде халықтың депозиттері (резидент еместердің депозиттерін
ескере отырып) банк жүйесінде 55,3%-ке өсіп 85,4 млрд. теңге болды
(валютадағы баламасы – 593 млн. доллар).
1999-2001 жылдардағы қарастырылған кезең банк жүйесінің тұрақтылығымен
және салынған қаражаттың көлемінің ұлғаю үрдісімен сипатталады.
Шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны теңгелік депозиттердің
өсу қарқынынан едәуір алда болды, соның нәтижесінде валютадағы
депозиттердің үлес салмағы 53,8%-тен 56,7%-ке дейін өсті.
1999-2001 жылдардағы депозиттік рынок жағдайы.
2 - диаграмма

2001 жылдың 4 сәуіріндегі депозиттік рыноктың жағдайын талдау ұлттық
валютаның елеулі девальвациялануы жағдайында сыртқы қарыздар алудың
қымбаттағанына көп жағдайда коммерциялық банктердің ресурстық базаларын
ішкі көздер есебінен өсіруі бойынша қызметінің арта түсуіне жағдай туғызды.
Банктік мекемелер арасында халықтың және кәсіпорындардың бос ақшасын тарту
үшін бәсекелестік едәуір ұлғайды. Депозиттік қызметтер түрлері ұлғайып,
қызмет көрсету сапасы артты. Ұлттық валютаның девальвациясынан теңгелік
депозиттерді қорғау үшін Ұлттық Банк және Үкімет жеке және заңды
тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерін уақтылы ауыстырып берді.
Макроэкономикалық тұрақтану халықтың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет
етуі және азаматтардың жеке табыстарының өсуі жағдайында банктерге
депозиттерге халықтың және кәсіпорындардың ақша ағынының күшеюіне алып
келді.
2001 жылдың мамырында резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 1,8%-
ке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz