ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 - Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатың мазмұны, несиелік механизмі, банктік несиенің түрлері, несиелеу обьектілері мен субьектілері және несиелеу принціптері, несиелеудің әдістері, несиелеу процессі және несиелік тәуекелді басқару

1, 1- Несиелік саясаттың мазмұны және несиелік механизмі 5

1, 2- Банктік несиенің түрлері, несиелеу обьектілері мен субьектілері 12 және несиелеу принціптері

1, 3- Несиелеудің әдістері, несиелеу процессі және несиелік тәуекелді 21 басқару

2- АҚ « Банк Ценр Кретит » коммерциялық банктың жүргізетін несиелік саясаты, несиелендіру түрлері мен депозиттері және басқа да қызметтері .

2, 1 - Несиелік саясатының мазмұны және жалпы жағдайы 35

2, 2 - Банктік қаржылық талдау және қаржылық көрсеткіштері 42

2, 3 - Банкпен берілетін несиенің түрлері мен көрсетілетін 53

қызметтері

3 - Несие операциялары мен басқару және жетілдіру жолдары

мен проблемалары.

3. 1- Коммерциялық банктердегі несие операцияларымен басқарудың 73

әдістері мен формалары.

3. 2- Несиелік тәуекелдерді басқару. 83

Қорытынды 87

Қолданылған әдебиеттер тізімі 89

Кіріспе

Нарық жағдайында, экономикада мемлекеттің қолға алуымен байланысты кіші бизнесті дамыту мәселесі қолға алынып отыр. Банктердің бұл істі қолға алудың маңызы зор. Олар кіші бизнес саласына қаржыны сырттан тартудың бірден - бір қайнар көзі болып отыр. Бұл коммерциялық банктердің несиені ұсына отырып, ақша ресурстарын несиені қажет ететін кіші бизнес субъектілердің пайдасына бөліп береді.

Отандық тәжірибе көрсеткендей несиелік саясаттың дамуы мен аяққа тұруы банктің экономикасында маңызды рөл атқаратыны айқын.

Бұл бітіру жұмысы, несиелік саясатты дамыту мемлекетіміз үшін өте маңызды мәселе болып отырғанын, коммерциялық банктердің дамуына, экономикамыздың өсуі немесе баяулауы тәуелді екенін, банктердің несиелік саясаттың заңдылықтарын оқып үйренуде маңызы зор, өзекті тақырып болып табылады. Мемлекетіміздің даму барысында несиелік саясатты қолдауда көп нәрсе жасалды, ең бастысы - нормативті - заңнамалық база жасалып, бекітілді. Бірақ талай нәрсе жасалғанымен несиелік саясаттың дамуында сонымен қатар проблемалар да туды, ол: мемлекеттік тапсырыстарды алу қиындығы, бюрократиялық кедергілер, сәйкесті инфрақұрылымның болмауы, несиелік ресурстарға шектеулі мүмкіншілігі және тағы басқалары.

Бірінші орында несиені алумен байланысты проблемаларға көрсетеді. Несиелік қаражаттарды алу қиындықтарының себептері әр түрлі. Ол құжаттарды рәсімдеу, талап етілетін кепілдің жоқтығы, несиені ұсынудың қысқа мерзімділігі, үлкен пайыздық мөлшерлемемен байланысты проблемалар.

Жұмыстың мақсаты осы қиындықтарды шешу жолдарын іздестіру және олармен күресуді қарастыру. Осы несиелік саясаттың мақсаттарына жету үшін біз келесідей жағдайларды қарастырдыь:

  • Қазақыстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік саясатын жақсарту;
  • несие беруді шығынсыз орналастыру;
  • әр алынған несие бойынша мониторинг жасап отыру.

- несиелендірудегі тәуекелдің деңгейін төмендету жолдары.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ұлттық Банк несиелендіру процесін ынталандыру үшін қажетті жағдай жасап және бірнеше шараларды құрды. Оларға мыналарды жатқызуға болады: инфляция деңгейін төмендету, теңгенің басқа валютаға қатынасты бағамының тұрақтылығы, екінші деңгейлі банктердің халықтың ақшасының және кәсіпорындардың депозиттерге ағылуына байланысты ресурс базасының жақсаруы, қаржылық лизинг туралы заңдардың қабылдануы және тағы басқалары.

Бітіру жұмысы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде коммерциялық банкте несиелендіру процедуралары, олардың ерекшеліктері, несиелендіру барысындағы туындайтын қиыншылықтар, несиелендіруге мемлекет тарапынан көзқарасы, несиелендірудің тиімділігі, несиелендіру барысында туындайтын тәуекелдер және тағы басқалары қарастырылған.

Екінші бөлімінде АҚ “ Банк Центр Кредит ” мәліметтері негізінде несиелік саясаты және несиелендіру шарттары мен ерекшеліктері, кәсіпорындарға несие ұсыну тәртіптері, алынған несиелерін өтеу шарттары, банктің несиелендіру бөлімдерінің несиелерінің талдауы жазылған.

Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасында несиелік саясатты дамыту, жетілдіру жолдары, несиелендірудің дамуын тежейтін проблемалар, несиемен қамтамасыз етілу деңгейі жазылды.

1- «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ»

1. 1 - Несиелік саясаттың мазмұны

Несиелік саясат банктің несилік қызметтерінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай - ақ несиелік процесті ұйымдастыру принціптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады .

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұймдастыру негізін және несиелеу процесін қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Мақсаты: несиелік портфельдің сапасын жоғары ұстау, несиелік қауіпсіздікткрді дұрыс қарастыру.

Несиелік саясаттың жағдайы қажетті жағдайларда өзгеріп отырады, несиелік портфельге байланысты Республика заңдылықтарының өзгеруне байланысты өзгертулер болуы мүмкін.

Несиелік саясаттың рөлі : несиелендірудің жалпы болашақ жағдайын ойлау және қабылданған несиелендіру дәрежегелерін бұзбау.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан ұарастыруға болады.

Тар мағынада, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүесін (ұймдастыру) жасау шарттарын білдіреді .

Жалпы несиелік саясат мынандай сипатта болуы мүмкін :

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан түрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқаруын анықтауға мүмкіндік береді:

- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын обьективті стандарттар мен критерилерін;

- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс әрекеттерін;

- сыртқы аудит қызметтерін жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығы;

- ішкі бақылау қағидаларын;

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелер несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады . Мысалға, кәсіпорындағы қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын қарастыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техника жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұймдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) .

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келктінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операциялрыды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуіде қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибедегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынандай:

- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар бекітеді;

- несиелеу шартын бекітеді; ( несиелік лимит, несиелік желі )

- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

- банк несиелік стратегиясын жасайды;

- несие бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

- несиелік комитеттің мәжілісіннің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабына жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындайтын несиелер туралы да айтылуы тиіс.

Несилік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқауларға үйрету, банкте несиелік саясатты негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынандай элементтер көрсетілуі тиіс:

- несиелік қызметті ұйымдастыру;

- несиелік портфельді басқару;

- несиелеуге бақылау жасау,

- құзіретті бөлу қызметтері;

- несиелеуді таңдаудың жалпы критерилері;

- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер,

- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принціптері;

- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерф жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынандай үш құжат түрінде көруге ьолады:

1) несиелеу саясаты;

2) несиелеу стандарты;

3) несиелеу нұсқаулықтары;

Сондай ақ үш құжат ерекше бір құжатта - « Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету » біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады

Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынандай сұрақтар қарастырылады:

- қарыз алушының қаржылық ақпаратын жинау және талдау тәртібі;

- несилік кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер ( мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша) .

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандартына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуы тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме және т. б. жатады

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынандай қызметтерді атқарады:

- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жсауға негіз ретінде болу;

- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама матереал және нұсқаулық ретінде болу;

- несиелік бөлімдердің жетекшілер үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;

- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Комерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекшк көңіл бөліп және қосымша бақылау жасау тиіс.

Несиелік механизмі

Неселік саясаттың қызметінің құрамдас бір бөлігі ол «неселік механизм»

Несилік механизм - белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді.

Несилік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлеріне, несиелеу принціптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бір бөлігі.

Қвзіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүиесін нақты және кешенді түрде белгілейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі пайдаланатын несиелік механизм өзінің негізі және құрлымы бойынша обьективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай ақ оның қозғалысының обьективті негізінен айырылып қалады.

Несиелік механизм сипатының обьективтілігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынасатарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты қабатын құрайды.

Несиелік механизм несиелеуді экономикалық ұймдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғары буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің обьективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға баланысты шаруашылықтың субьективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің субьективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар нсие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұны, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизміне өтеді.

Кезкелген механизм басқа экоеомикалық механизмдер сияқты мынандай экономикалық құрылымы болады:

1. 2. 1 - несиенің түрлері;

1. 2. 2 - несиелеу обьектілері;

1. 2. 3 - несиелеу субьектілері;

1. 2. 4 - несиелеу әдістері,

1. 2. 5 - несиелеу процесі ( несиелеу механизмі) ;

1. 2. 6 - несиелеу принціптері;

1. 2. 7 - несиелік тәуекелді басқару;

1. 2. - Банктік несиенің түрлері, несиелеу обьектілері мен субьектілері және несиелеу принціптері.

Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арсындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің күйі сол түрінде сақталады.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Қарыз алушылар категориясына қарай :

1 Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

- мақсатты қорларға;

- банктерге,

- қаржы несие мекемелеріне;

2 - Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

- өнеркәсіп мекемелеріне;

- ауыл шаруашылығына;

- саудаға;

- дайындау ұйымдарына;

- жабдықтау - сату ұйымдарына;

- кооперативтерге;

- жеке кәсіпкерлерге;

3 - Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:

Мерзіміне қарай :

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ;
  • орта мерзімді (1жылдан 3-5 жылға дейінгі) ;
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ;

Пайдалану сипатына қарай :

  • негізгі қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын;

Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай :

1. Қамтамасыз етілген:

  • кепілхатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен;

Сақтандырылған.

2. Қамтамасыз етілмеген.

- сенім несиесі

Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуында ешқандай күмәні жоқ несиелер;

2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішін ара бөлінеді: 1- санатты күмәнді, 2- санатты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5- санатты күмәнді несиелер болып бөлінеді.

3) Күмәнсіз несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелерге шотарына жазылған несиелер .

Валюта мен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен,
  • шетел валютасымен.

Берілу шартына қарай:

  1. Тұтыну несиесі- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
  2. Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үй, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. б. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
  3. Овердравт несиесі- клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
  4. Овернайт несиесі- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несие түрі.
  5. Онкольдық несие- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқы мерзімді несие.
  6. Банкаралық несие- банктердің бір - біріне беретін несие.
  7. ломбарттық несие - тез іске асатын бағалы қағаздарды немесе бағалы заттардыкепілге алып, берілетін несие.
  8. Лизинг несиесі- құрал жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
  9. Рамбурстық несие- шикі заттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.
  10. Сенім несиесі- банктің сеніміне кірген, төлеу қабілеті жоғары клиентке берілетін несие.
  11. Маусымдық несие- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзім арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
  12. Консорциалдық несие- ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып берілетін несиесі.
  13. Авто көліктік несиелендіру- тұтынылған авто көлікті белгілі бір мерзімге кепілге қоя отырып несиелендіру.
  14. Кіші және орта бизнесті несиелендіру- бизнесті дамытуға және тауар айналысын ұлғайтуға қысқа және ұзақ мерзімді несие.

Несиелеу субьектілері мен обьектілері.

Несие құрлымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сонда - ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады . Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер ( орталық және комерциялық ), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұймдар, сондай - ақ халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің комерциялық формада берілуіне баланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келгн заңды және жеке тұлғалар жатады.

Несиелеу обьектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу обьектісі матереалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие матереалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымының міндеттемесі ретінде болады. Матереалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізі және көмекші матереалдарды, жанармай, ыдстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық - түлік және басқада матереалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен қнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу обьектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын тауарлары, матереалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбарттық операциялар, шаруашылық субьектілердің кірстері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелендіру обьектілеріне мыналар жатады:

- өндіріс обьектілерінің құрылысы;

- өндіріс обьектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;

- техникалар, құрал - жабдықтар көлік құралдарын сатып алу;

- жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру;

- өндірістік емес маңызы обьектілерді салу.

Несиелеуді ұйымдастыру принціптері

Несиелеу принціптері несиелеудің мәнін және қызметтерін, сондай - ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру обылысындағы обьективті экономикалық талаптардың заңдылықтарын бейнелейді.

Несиелеу принціптері негізінде несиелеу процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қатарылуы жүзеге асырылады. Несиелендіру пинціртеріне байланысты банктік несиелерінің берңлуінің басты шарты: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттыр айналымының шеңберінде қатысу нәтижелігі және т. б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принціптері екіге бөлінеді:

1 топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принціптер;

- несиенің мақсаттылығы;

- несиенің дифференциалдығы.

2 топқа - несиенің мәні бейнеленетін принціптер;

- несиенің мерзімділігі;

- несиенің қайтарылымдығы;

- несиенің төлемділігі;

- несиенің қамтамасыз етілуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қаржы-несие дағдарысы
Ақша - несие саясатыі
Ақша-несиелік реттеу
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша – несие құралының әсер ету ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Банк жүйесінің қызметтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат
Ақша - несие саясатының құралдары
Қазақстанның Ұлттық банкі,оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz