Депозит қаражатын басқару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің ролі Наурыз банк

(толық емес)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

1. 3. Коммерциялық банктегі тартылған қаражаттарды басқару механизмі. 8

ІІ бөлім. “НАУРЫЗ БАНК ҚАЗАҚСТАННЫҢ” БАЛАНСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ- ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ29

2. 1. “Наурыз Банк Қазақстанның” жалпы сипаттамасы. 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР38

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің ролі мен маңызы

Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің ұйымдастырушылық -құқықтық құрылымы

Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің ролі

Коммерциялық банктегі тартылған қаражаттарды басқару механизмі

ІІ бөлім. "Наурыз Банк Қазақстанның" балансы бойынша Қаржылық

шаруашылық қызметін талдау

2. 1. "Наурыз Банк Қазақстанның" жалпы сипаттамасы

2. 2. Коммерциялық банк балансы негізінде банк активіне және пассивіне талдау

2. 3. Коммерциялық банк қаржысына экономикалық талдау (табыс, шығыс)

ІІІ бөлім. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТТІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3. 1. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктегі қаржы менеджменттінің даму проблемалары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қаржыландыру нарығының ақшалай және қор арқылы дамуы, екі өз ара байланысты процестерді: жинақ ақшаны шоғырландыру және қаражатты инвестициялауды жетілдірмей іске аспайды. Халықтың жинақ ақшасы - бұл банкте немесе қолда сақталатын табыс пен шығыс арасындағы айырмашылық, инвестициялар - қосымша табыс табу үшін ұзақ жылдарға салынатын қаражат.

Банк көрсететін қызмет заңды тұлғалар үшін банктер арасында бөлінгендігі және қазіргі уақытта олар жеке салымшыларды тартуда бәсекелестікке түсіп отырғандығы мамандарға белгілі. Бәсекелестік рыноктық субъектілер арасында бақталастық тудыруда, сондықтан олар өздеріне қаржы өндірісі нарығында,, еңбек нарығында, жылжымайтын дүние мүлік нарығында,, қор нарығында, біздің жағдайда - банк көрсететін қызмет нарығында, нақты орын алуға тырысады.

Бәсекелестік тайталаста банктер салымдарға қаражат тартудың әртүрлі нысандары мен тәсілдердін қолданады. Қысқа мерзім салымдары осыдан дамыған (қысқа мерзімді салымдар 30 күн мерзіміне салынады) . Кейбір банктер салымшыларға жағдай туғызу үшін квартал сайынғы, ай сайынғы, күн сайынғы пайыздарын беріп отырады: салымды күрделі пайызбен және инфляцияны ескере отырып пайызын есептеуге болады.

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер сатушы мен сатып алушы ролінде барлық дерлік рыноктық секторларға шығып отыр. Нарықтық секторларға кіретіндер мыналар: өндірістік құралдар және өндірістік қызмет нарығы және тұтыну заттары және тұтынушыларға қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, интеллектуалдық және ақпараттық өнімдер нарығы ( программалық жабдықтау, кеңес беру т. б. ) жылжымайтын дүние мүлік нарығы, қаржы нарықтары. Қаржы нарықтарында яғни несиелік капитал, бағалы қағаздар, құнды металдар мен валюта нарықтарында банк негізгі тұлғалардың бірі болып есептеледі.

Банктер арасындағы бәсекелестік кең салалы. Оны екі түрге бөлуге болады.

Бірінші түрі-

Коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестік.

Банктер және банке жатпайтын несие-қаржылық институттар арасындағы бәсекелестік.

Банктер және қаржы институтына жатпайтын мекемелер арасындағы бәсекелестік.

Екінші түрі -

Жеке бәсекелестік.

Топтық бәсекелестік.

Банктер арасындағы бәсекелестік күшейген шақта, банктің жақсы атағын шығару үшін, яғни тұтынушыларға және қоғамдық ұйымдарға психологиялық әсер ету үшін, банкте жүргізілетін операциялармен таныстара отырып жасалған несие институттарының жарнамаларының ролі арта түседі.

Тұтынушылар құрамына: кәсіпорындар, бағалы қағаздармен жүргілетін операцияларға сұраныс тудыратын жеке тұлғалар, жинақталған қаражаттың негізгі көзі болып табылатын қалың бұқара топтары кіреді: үлкен аймақты қамтитын сан салалы банктің жақсы атағын қалыптастыру қиындық туғызады.

Қамту дәрежесіне және тұтынушылардың мақсатты контингентіне байланысты жарнаманы екі тұрғыда жасауға болады. Адрессіз, яғни барлық потенциалдық клиенттерге арналған, және адресті, жеке тартылған клиенттердің арасында таратылатын жарнама.

Негізінен тұтынушылар бірінші орынға банкте көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын қояды, одан кейін осы қызметтердің бағасын және тұтынушылардың мұқтаждықтарын түсінуді, операциялардың тез орындалуын қадағалайды, ал клиенттің бұрыннан осы банкпен жұмыс істеу факторы сонғы орынға қойылады. Бұл тұтынушының психологиясындағы банк таңдаудағы икемділікті дәлелдейді, сондықтан да өте маңызды мәселе.

Нәтижесінде банктің қызметін дұрыс ұйымдастырса, біріншіден бәсекелестер арасындағы тұтынушы үшін күрес жеңілдейді, екіншіден, экономикалық және психологиялық факторлардың мәні зор болады.

Банктің жұмыс істеу нысандарының бір түрі - нарықтық стратегияны жоспарлауға дайындық жасау үшін тұтынушылардан пікір сұрау. Пікір сұраудан басқа банк тұтынушылар үшін лекциялар, семинарлар ұйымдастырады. Егер банк демеуші ретінде әртүрлі іс шараларға қатысса, халықтың және тұтынушылардың сана-сезімдеріне үлкен әсер етеді. Сайып келгенде, біріншіден - тұтынушылармен банк бөлімшелерінде қарым-қатынас жасау арқылы, банк өзінің жауапты қызметкерлерімен тұтынушылар арасындағы жеке қарым-қатынасты ұлғайтады.

Халықтың жинақталуы ақшасын сақтауды қамтамасыз ету-банк көрсететін қызметкерлердің бірі. Шет елдерде әртүрлі депозиттер (салымдар), контокорреттік және корреспендеттік есеп түрінде таратылған қаржылар-банк қаражаттының негізгі көзі болып табылады.

Инвестициялау проблемасы қазіргі кезде әр жерде әртүрлі шешілуде. Мысалы, италияндықтар мен жапондықтарда жинақ ақшаның өсуі жоғарғы ағымда. Бірақ осыған қарамастан италияндық инвесторлар инвестицияны мемлекет ішінде іске асыруды қалайды, ал жапондықтар инвестициялауды шет елдерде жиі іске асыруды.

АҚШ-тың басқа мемлекеттерден айырмашылығы - мұндағы рынокта жинақ ақша түріндегі ішкі қаржы ресурстары шоғырландырылған және оларды инвестициялау мемлекет ішінде де, шет елдерде іске асырылады.

Экономикалық тұрақсыздық бой алып тұрған біздің жағдайда шет елдердің тәжірибелерін зерттеу банк жұмысында қалыптасқан проблемаларды шешуге көмектеседі.

Банктердің коммерциялық мекеме ретіндегі өзіндік ерекшелігі - ресурстардың көбі меншік қаржыларынан емес қарыз қаржыларынан құралады. Қазіргі кезде банктердің қаржы тарту мүмкіндіктері банктің меншік капитал көлемі мен және оның ұйымдық - құқықтық нысаны арқылы анықталады:

коммерциялық банктерге таратылатын қаржының көлемі банктің меншік капиталынан -25 еседен аспау;

жабық акционерлік қоғам ретінде құрылған банктерге -20 еседен аспау;

ашық акционерлік қоғам ретінде құрылған банктерге - 15 еседен аспау керек.

Айта кететін бір жай, соңғы уақыттарға дейін біздің мемлекетте банк жүйесі анықталған бір сарында жұмыс істеді. Мемлекеттік банктің одан кейін несиесі ресурстарға арналуы банктердің монополиясына байланысты болады. Банктерде өз есебіне ақша қаражаттарын татуға қызығушылық болмады, өйткені белсенді операциялардың көлемі нақты таратылған қаржымен емес, несие салымдарының лимитімен анықталады. Салымдарды тартуда ынталанудың болмауы мемлекеттік қаржы саясатына да байланысты болды.

Техникалық қайта жабдықтау, өндірісті негізінен қайта құру, дамыту, бюджеттік қаржыны қайта қарау мақсатында орта және ұзақ мерзімді несиелер берілуіне байланысты, қысқа мерзімді салымдарды шоғырландыру қажет болмады. Екі деңгейлік банк жүйесіне көшу, экономикалық дербес коммерциялық банктерді құру шаруашылықтарды өзін-өзі қаржыландыруға көшіру мәселелері банк жұмысындағы ең көкейтесті мәселе болып табылатын пассивтің қалыптасуына әкеп соқты.

Банкке тартылатын қаржының құрамы әртүрлі. Олардың ішінде негізгі түрі тұтынушымен жұмыс істеу барысындағы таратылған қаржы (депозит) және басқа несие мекемелерінен қарызға алынған қаржы.

Депозиттің қолма-қол ақшадан артықшылығы - ол пайыз қосады, ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі пайызымен саластырғанда одан төмен пайыз қосылады. Бұл төмен пайыз - кездейсоқ жағдай емес, банк саласының бір сәті.

Банк саласының мәні сонда, мұндағы депозит бойынша төленетін пайыз, банктің басқа кәсіпорындарда орналастырылған капиталы үшін төленетін пайыздан төмен.

Жоғарыдағы мәселелерді қорыта айтқанда, депозит тек салымшыға ғана емес банкке де пайдалы.

Жинақ ақша мекемелері мен коммерциялық банктерді алып қарастыра отырып, олардың депозиттері үнемі өзгеріп отыратындығына көзіміз жетеді.

Бүгін банк депозит алса, ертең ол оны қайтадан жоғалтады. Осыған байланысты банктің ақша жасау функциясын зертеу үшін, банктің депозит ала алатын үш тәсілін қарастырайық.

Депозитті чек түрінде қабылдау, депозит алу тәсілдерінің ең қолайлысы болып табылады. Мұнда клиент басқа банке жазылған чекті әкеліп өткізеді, ал сол қаржы басқа банктің дебетінде көрсетіледі. Бұл тұтынушылық процесс ерекшелігі - нәтижесінде депозиттің жалпы саны да банк жүйесінің резервтерінің саны да өзгермейді.

Клиринг депозит пен резервті бір банктен екінші банкке ауыстырады.

Банке депозит алудың екінші түрі - қолма-қол ақша салу арқылы алу болып табылады. Бұл жолы басқа ешқандай банк резервтерін жоғалтпайды, яғни қолма-қол ақша салымы барлық банктердің жиынтық резервтері мен депозиттерінің жалпы санын өсіреді.

Банк өзінің депозиттерін несие беру жолымен де көбейте алады. Ол депозитті құрайтын несиені, тек көрсетілген резервтік талаптардағы ақшалай қаражаттан артық қаражатқа ие болғанда ғана бере алады.

Ақша нарығының депозиттік есебі бойынша пайыздың мөлшері, нарықтық жағдайдағы өзгерістерге өте сезімтал келеді. Әрбір банк өзінің ақша нарығындағы депозиттік есебі бойынша төленетін пайыздың мөлшерін өзі анықталады, сондықтан осы есептегі пайыз мөлшері әр банкте әртүрлі.

Ақша нарығындағы депозиттік есепті кіргізу қуатты қолдау тапты.

Жеке тұлғалар салымдарын жинақ кітапшаларынан, қысқа мерзімді, аз көлемді салымдардан, ақша рыногының өзара қаржы есебінен депозиттік есептерге ауыстыра бастады. Бұл, әріне, ақша регионының депозиттік есебі бойынша пайыздың жоғарғы мөлшерде болуының әсері.

Ақша нарығындағы депозиттік есептің пайыздық мөлшерінің шұғыл өзгерістерге байланысты тұрақсыздығы банк менеджерлеріне нәтижелі бақылау жүргізуге көмектесті.

Менеджерлер осы есептер категориялары бойынша ұсталған шығын көлемінен бұрыннан белгілі есептер категориялары арасындағы айырмашылықты анықтады.

Артығырақ пайыздық мөлшерлеме ұсыну әдісінен пайда болған, қуатты бәсекелестік депозиттік салымның тым тұрлаусыз болуына, титі банк жұмысының практикасының өзінде тәуекелішіліктің басымдығына әкеледі.

Дегенмен, жоғарыдағы айтылған депозиттер банк қорының негізі бөлігі оларды тартуға бағытталған. Осы мақсаттарға жету үшін - жарнама, филиалдар, банктік автоматтар, офистің жабдықталуы, сенимді бедел, жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету - бәрі бағындырылған.

1. 3. Коммерциялық банктегі тартылған қаражаттарды басқару механизмі.

Депозит қаражатын басқару. Депозит - қаржы несиелік және банк мекемелеріне сақтау үшін берілетін ақшалай қаражат немесе құнды қағаздар. «Депозит» деген ұғым бірнеше мағына береді: банке және басқа несие қаржылық институттарына салынатын салымнан басқа ол осы жоғарыдағы айтылған институттарға сақта үшін берілген құнды қағаз; кедендік божға пошлина төленетін жаранлар, салық, алымдар; әкімшілік органдарға және сот орындарына жиналатын жарналар және басқалар.

Депозиттік операциялардың алғашқы нысандары болып, алтын тиындары дұрыс сақталуы үшін тиын сарайларында, айырбасқорларда сақтау және т. б. есептеледі. Алтын тиындарды сақтағаны үшін, оның иесі белгілі бір мөлшерде сыйақы төлейтін болған.

Сонымен қатар айырбасқорлар өздеріне тапсырыдған алтын тиындардың, клиенттің сұрауы бойынша, сол қалпында сақтауына кепілдік берген.

Мұндай жағдайда айырбасқорлар алынған алтын тиындармен несиелік операциялар жасап пайда көре алмағандықтан, тиын иелеріне төленеиін пайызды бере алмайды.

Уақыт өте келе тиын иелері өткізген тиындарын сол қалпында талап етуді қойып, сақталған ақшаның құнын ғана алатын болған.

Осы алынған қаражатты басқаларға несиеге бере отырып, одан алынған пайызды және сол құнның белгілі бөлігін ақша иелеріне төлеу мүмкіндігі пайда болды.

Егер бұғанға дейін айырбас қорлар кредит беру кезінде өздерінің, меншік капиталына ғана сенсе, енді олар қарыз қаражатты да қосымша пайдалана алатын болды.

Қазіргі кезде салымға салынатын қаражат көздері әртүрлі. Депозит нысанындағы тартылған қаражаттар оның негізгі бөлігін құрайды.

Депозиттік қызмет көрсету рыногындағы бой көрсетіп келе жатқан бәсекелестік, салымшыларға әртүрлі қызмет көрсету, оның ішінде ақпараттық қызмет депозиттің көптелген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етеді осы мақсатта экономикалық факторларымен қатар ұйымдастырушылық және жеке факторлар қолданылады.

халыққа жоғарғы денгейдегі қолайлы жағдай туғызылады, оған кіретіндер: тартымды кеңселер және мәдениетті қызмет көрсету, клиенттермен жылы қарым-қатынас, функциялардың тиімді атқарылуы;

телеграфтық - байланыс, сауда-саттық сияқты қосымша қызметтер көрсетіледі жоғарыда көрсетілгендей бір жылға дейінгі мерзімге алынған депозит қысқа мерзімді несие беруге және оларды ұзағырақ уақытқа беруге пайдаланылады.

Депозиттік есептер әртүрлі, оның квалификациясы негізінде мындай критерийлерден тұрады: салым көздері ретінде олардың мақсатты пайдалық дәрежесі және т. б.

Бірақ та жиі кездестін критерий ретінде салушы категориясы және салымды алу формасы жатады.

Депозитті салушылар категориясына байланысты былай бөледі:

заңды тұлғалар депозиты кәсіпорын, ұйым, басқа банктер:

жеке тұлғалар депозиттері.

Қаржыны алу формасына қарай депозиттер былай бөлінеді:

талап етілгенге дейінгі (уақытпен белгіленбеген міндеттемелер)

мерзімді (белгіленген уақыты бар міндеттемелер)

шарты түрдегі (алдын ала кесілген шарт бойынша алынған қаржылар) .

Талап етілгенге дейінгі депозит дегеніміз - клиенттің кез-келген уақытта алдын-ала хабарлаусыз талап етілетін қаржы. Оған: ағымдық қаржылар есеп айырысу мен байланысты ағымдық қаржылар, есеп айырысу, бюджеттік және басқа да есептер жатады.

Талап етілгенге дейінгі депозиттер ағымдық есеп айырысуға арналған. Бұл есеппен жасалған ақша қозғалысы қолма-қол ақша мен чекпен, аударумен, басқа да есеп айырысу құжаттарымен іске асырылады. Банктер үшін банктің өтімділігін тиімді түрде басқаруда, ағымдық және бюджеттік есептер, капитал салымын қаржыландырудағы есептер, арнайы тағайындалған есептер тиімді болады.

Сонымен қатар талап етілгенге дейінгі депозит құрамына контрокорренттік есепті жатқызамыз.

Контрокорренттік есеп ағымдық жүйе бұл банктің клиенттерімен барлық операциялармен есептесе алатын жалғыз есеп. Контрокорренттік тек қана сенімді клиентке бірінші классты қарыз алуышыға ерекше сенім ретінде беріледі.

Контрокорренттік есеппен ағымдағы овердрафтық есептің белгілі ұқастықтары бар. Ағымдағы овердрафттық есеп-бұл клиент пен банк арасындағы келісім негізінде несие қарызға алуды айтады. Бірақ бұл екі есептің айырмашылығы да үлкен. Контрокорренттік есепке қарағанда овердрафт есебінде қарызға алу турақты түрде іске аспайды, жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Сәйкесінше бұл есепке пассивтік (несиелік) қалдық сипатты келеді. Контрокоррентік есеп шаруашылықтарға, яғни заңды тұлғаларға ғана ашылатын болса, овердрафтық есеп заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға ашылады.

Талап етілгенге дейінгі депозитке банктің корреспонденттік есебі жатады. Бұл есеп банктер бірімен бірі төлем жасалуы, есеп айырысуы үшін Ұлттық банкте немесе банк корреспонденттерге ашылған. Коммерциялық банктердін көбінде талап етілгенге дейінгі депозит - қаржы құрамының басым бөлігін құрайды. Бұл банктік ресурстардың ең арзан пайда табу көзі. Талап етілгенге дейінгі есептегі қалдық, қаражат жоғарғы деңгейде жұмылдырылғандықтан үнемі өзгеріп отырады, тұрақсыз болады. Салым иесі кез келген уақытта өз қаражатын ала алатындықтан, банктің айналымында өтімділігі жоғарғы активтің үлкен үлесі болуы керек. Бұндай жағадайды өтіміділігі төмен, бірақ жоғарғы табыс әкелетін активтердің үлестерін қысқарта отырып жасау керек. Осы себептерге байланысты талап етілгенге дейінгі есептегі қалдық бойынша банк салымшыға өте төмен пайыз төлейді немесе мүлде ешқандай табыс тіркемейді. Талап етілгенге дейінгі есептегі қаражаттың жоғарғы қозғалысына қарамастан оның ең аз, төмендетілген қалдығын анықтап, оны тұрақты несиелік ресурсқа пайдалануға мүмкіндік бар.

Мерзімді салымдар - бұл белгілі мерзімге банкке таратылған депозиттер. Олар меншілік мерзімді және алдын-ала хабардар ететін мерзімді салымдар. Мерзімді салымдар дегеніміз қаражатты келісім шарт бойынша банктің иелгіне толық өткізуі. Ал тиісті мерзім өткеннен кейін салымшы кез келген уақытта қаражаттын қайтадан ала алады. Мерзімдік салымға төленетін сыйқы көлемі депозиттің құнына, мерзімге және салымшының келісім шартты орындау, орындамауына байланысты болады.

Мерзімді салымдарды 1, 3, 6, 9, 12 айға салу қалыптасқан.

Осындай егжей-тегжейлі градация салымшыларға өздерінің қаржыларын тиімді пайдалана алуға, ал банктерге өздерінің өтімділіктерінін дұрыс басқаруға ынталандырады. Келісім шарттағы белгіленген мерзім бойынша салымшы қаражат алтындығын алдын-ала ескертуі, алдын-ала хабарланатын салым дегенді білдіреді. Хабарламаеың уақытына байланысты салымның пайыздық мөлшерлемесі анықталады.

Мерзімді салымның мөлшері дөңгелек санмен белгіленеді және келісімшарттағы уақыт толық өткенше өзгеріссіз қалуы керек. Мерзімді салымдар ағымды төлемдерді орындауға қолданылмайды. Егер салымшы салымның мөлшерін өзгерткісі келсе, яғни азайтқысы немесе көбейткісі келсе, онда ол келісімшартты бұзып, жаңа жағдайға байланысты келісім шарт жасай алады. Бірақ, салымшы мерзімінен бұрын келісім шартты бұзғаны үшін, келісімшарттағы келісілген пайыздың белгілі бөлігінен немесе одан толығымен айырылады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшері талап етілгенге дейінгі салымның пайыз мөлшеріне дейін төмендетіледі.

Мерзімді салымда салымшы мен банк арасындағы келісім шартты, банк басқарушысы мен салымшы арасында жасап, заңдастырады. Депозитті келісім шартты әрбір салымның типтік ерекшеліктерін ескере отырып банктер өздеруі құрайды. Келісім - шарт екі дана болып басылады да: біреуі салымшыда болады, ал екіншісі банкте несиелік немесе депозиттік бөлімде сақталады. Келісім шарт жасалғанда салымның мөлшері сақталуы мерзімі келісімшарт біткеннен кейін салымшыға тиісті пайыз, салымшының міндеттері мен хұқықтары, банктің міндеттемелерімен мен хұқықтары, екі жақтың келісімшарттағы тәртіпті сақтауға жауапкершіліктері, айтыс-тартыс болса оны шешу тәртібі қарастырылады. Кейбір банктер салымшылардың ұсақ, орташа кемесе ірі болуына байланысты мерзімдік салымның ең төмен мөлшерін белгілейді. Банк өз тарапынан келісімшарттағы барлық шартты орындауға міндеттеме алғандықтан, оны бұзса жауапқа тартылады. Ал, бұл депозит иесіне уақытымен қаражатын немесе пайызын бере алмаған жағдайда өсімақы немесе айыппұл төлеуге әкеп соқтырады. Салымшы жеке тұлға болса, онда банкпен салымшы арасындағы айтыс-тартыс, сот немесе төреліктер арқылы шешілуі керек.

Мерзімдік депозитпен талап етілгенге дейінгі депозит аралығында жинақ ақша салымы орын алады. Жинақ банкісі іске асыратын, бірақ қазіргі кездегі ресурстар үшін болып жатқан бәсекелестікке байланысты, коммерциялық банктер несие капиталы рыногының бұл секторын екпінді түрде өздерінде ұстауда.

Шетелдік тәжірибелер жинақ ақша салымының ерекшілігін яғни салымшыға оның салымының есебі жөнінде құжат қағаз немесе жинақ кітапшасы берілетіндігін ескере отырып, оны басқа салымдардан депозиттерден оқшауландырып қарайды. Жинақ ақша депозиттері жинақ ақшаның өсуіне немесе салуына ықпал етеді.

Біраз төлем жасау үшін есепке алынған немесе ең басынан бпстап анықталған мерзімге салынған қаражат жинақ ақша салымына жатпайды.

Жоғарыдағы айтылғандарға қорыта келгенде, жинақ ақша салымына жинақтау немесе сақтау үшін құрылған салымдар жатады. Олардың өзіндік ерекшеліктері мынада уқыптылықты көтермелеу, мақсатты қаржының жинақталуы, табыстың жоғарғы деңгейі.

Отандық практикада жинақ ақша салымына халықпен жұмыс істеу, яғни халықтың мерзімдік салымдары мен талап еткенге дейінгі есептері жатады. Коммерциялық банктер жинақ банкісінің тәжірбесін ескереотырып, салымшыларға қызмет көрсету түрлерін сан-салалы етіп өзгертті. Банктердің баланстық есебінде, жинақ ақша салымы мерзімдік салыммен бірге есептеледі. Салымның рәсімделуі мерзімдік салымға ұқсас болып жасалуы немесе салымның түріне байланысты өзіндік ерекшілектері болуы мүмкін.

Талап еткенге дейінгі есеп жинақ кітапшасына толтырылуы немесе дербес шоттарынан көшірме беріліп отырады.

Жеке тұлғалар үшін ашылған талап еткенге дейінгі есепте пайыздар міндетті түрде белгіленеді. Бірақ одан түсетін табыс, мерзімдік салымға қарағанда недәуір төмен болады.

Мерзімдік салым пайыздың тағайындаған кезде, мерзім-шешуші фактор болып саналады. Неғұрлым салуы мерзімі ұзақ болса, соғұрлым пайыз жоғарғы болады. Табысты төлеудің жиілігі де белгілі орын алады: неғұрлым төлеу сирек орындалса, соғұрлым пайыздың мөлшері жоғары болады. Салымшыларды банке ақша сақтауға қызықтыру үшін, банк есептеу мен төлеуді әртүрлі тәсілдерін қолданады солардың кейбіреулерін қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозиттік емес қаражаттар
Қазақстан Республикасының Даму Банкі
Банк салымдарын міндетті сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті - халықтың банктерде салымдар мен шоттарда орналасқан жинақ ақшасын қорғау
Банктің депозиттік (аманат) операциялары
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің пассивтік опеацияларын талдау
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz