Банк активтік операцияларын сақтандыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4
І. Коммерциялық банктердің активтік операциялары және олардың сипаттамасы.
7
1.1. Банктің активтік операцияларының мәні мен құрылымы. 7
1.2 Банк операциялары туралы түсінік 12
1.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу. 15
ІІ. Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердегі активтік
операцияларды талдау. Банк “ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының
мәліметтері негізінде) 23
2.1. Банк “ЦентрКредит” ААҚ технико-экономикалық сиппатамасы. 23
2.2. Банктің активтерінің сапасын бағалау 25
2.3. Банк несиелік портфелі және оған талдау. 33
2.4. Бағалы Қағаздар портфелі. 46
2.5. Валюталық операциялар және олардың түрлері. 47
ІІІ. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің активтік
операцияларын жетілдіру жолдары. 54
3.1. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын жақсарту
жолдары 54
3.2. Банк активтік операцияларын сақтандыру. 59
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер 64

Кіріспе

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес
құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі
айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз
байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе
отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал
бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек
өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.
Коммерциялық банктер өздерінің табыстық базасын кеңейтіп,
рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар
мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Банк активтік операциялары
нарығындағы бәсеке банктік қызметтің бұл түрінің сандық және сапалық
сипатамаларына әсер етеді.
Халыққа дәстүрлі активтік операцияларды (несиелік, есеп-айырысу
кассасы, валюталық және тағы басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтерді,
клиенттердің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеулерді, лизингтік және
тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.
Коммерциялық банктердің дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзінің және
сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлі активтер бойынша дұрыс
орналастырлуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс,
орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.
Банктік қызметтің маңызды және басты бөлігін пайда табу мақсатында
банктің өз және тартылған ресурстарын орналастыру іс- әрекеттері құрайды,
яғни банктің активтік операциялары құрайды.
Активтік операцияларды жүзеге асыру барысында банктер әртүрлі
жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе біріккен
кәсіпорының пайдасына қатысу түрінде табыс әкеледі. Банктің активтік
операцияларының нәтижелері банк балансының активінде көрініс табады. Оның
көрсеткіштеріне қарап банктің ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға
болады. Банк активтерінің және қаржылық емес мекемелердің активтерінің
құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердің активтерінің
көп бөлігі қаржылық талаптар түрінде болады. Банктердің салыстырмалы түрде
қаражаттарының көп бөлігі ақшалай формада болады, ал ғимараттар және
құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.
Банктер мен кәсіпорындардың активтерінің құрылымындағы айырмашылық
олардың міндеттемелерінің шығу тегінен және пайда табу мақсатында
жүргізетін қызметтерінің сипатынан келіп шығады. Кәсіпорындар өз
пайдаларының көп бөлігін шикізаттар және материалдарды пайдалана отырып
жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесі дайын өнімдердің көп
бөлігінің қоймада сақтауын талап етеді, ал өндіріс шикізаттар қорларын бір
қалыпта ұстап тұру қажеттілігін және қымбат тұратын құрылғыларды пайдалану
қажеттілігін талап етеді. Ал банктік пайда негізінен несиелік және
инвестициялық операциялардан алынады, нәтижесінде банктер ақшаның болашақта
төленетін куәландыратын вексельдердің, облигациялардың және басқа да
қаржылық құжаттардың ұстаушысы болады.
Банктің өз және тартылған қаражаттарын жоғары табыс алу мақсатында
тиімді орналастыру, банк активтерінің сапасы және оны бағалау мәселелерінің
актуальдылығы менің диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма осы себепші
болды. Өйткені банктің өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан
сенімділігі және тұрақтылығы оның активтерді тиімді орналастыруына және
олардың сапасына, жалпы айтқанда активтік операцияларына байланысты болады.
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты:
- банктің активтік операцияларының мәнін көрсету;
- банктердің активтерінің ұтымды құрылымын анықтау және активтердің сапасын
бағалау тәжірибесін оқып-үйрену, олардың сапасының банктің өтімділігі мен
пайдалылығына әсерін талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. Банктің активтік операцияларының құрылымы мен оның ерекшеліктеріне
тоқталу;
2. Банктің активтік операцияларының құрылымына әсер ететін факторларды
қарастыру;
3. Банк активтерінің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты
материалдар негізінде талдау жасау;
4. Банктің активтік операцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық
актілері; Отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар және
жұмыстың ішінде талдау жасалынатын банктің қаржылық есеп беру құжаттары
пайдаланылды.

І. Коммерциялық банктердің активтік операциялары және олардың
сипаттамасы.

1.1. Банктің активтік операцияларының мәні мен құрылымы.

Банктің активтік операциялары оның операцияларының маңызды бөлігін
құрайды.
Банктің активті операциясы бұл банктердің кіріс табуымен өтімділікті
көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктің активті операциялары негізгі кіріс көзін құрайтын операция
болып табылады.
Бұл операцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз
операциясын, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, активті
депозиттер мен банк аралық несиелік және депозиттік операцияларды жатқызуға
болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде
банк банктік шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша
түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар
шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік
шығындарға берілетін қарыздар)
Банктің есеп қарыз операциясы кең көлемді кіріс әкелетін операция
ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен
қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кіріс әкелетін
операция болып бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар саналады. Бұл
кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы
бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кіріс алу
мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды.
Кіріспеде айтылып өткендей бұл операциялар банк балансының актив
жағынан көрініс табады.
Банк активтерінің құрылымы деп банк балнсының активінің сапасы бойынша
әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.
Әрбір банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және сақтау кезінде
біршама мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, активтердің құрылымы
көбінесе елде қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен де анықталады.
Бірінші топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар
жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттік шоттағы,
Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз
уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған
қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа
мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.
Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі бірінші
және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен
қазіргі уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы
қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын)
жатқызуға болады.
Үшінші топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл
активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз
алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қағаздарға басқа
банктерге берілген және бірінші классты құнды қағаздар жатады.
Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар,
құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл
активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбір кезеңде
елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.
Банк өз активтерінің құрылымын олардың жекелеген топтары және түрлері
тұрғысынан алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен
қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды
активтердің бір түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар
көзі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері
есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бір түрінен
екінші бір түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың
деңгейі тұрғысынан активтердің ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз
етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз
қаражаттарының мерзімі де ескерілуі қажет.
Егер активтердің бірінші тобын қарастыратын болсақ, Орталық Банкте
корреспонденттік шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығы үнемі жоғары болатын
болса бұл қаражаттарды қысқа мерзімді банктік қарыздарға немесе
мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға болады. Мемлекеттік бағалы
қағаздардың әкелетін табысы аз болғанымен олардың банктің шығаратын бағалы
қағаздарына қарағанда сенімділігі жоғары. Қазақстан Республикасында 1994
жылдан бері мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы жұмыс істеуде. Осылайша
өтімділік деңгейін төмендетпей, банктің табысын жоғарылатуға болады.
Алайда, корреспонденттік шоттағы қаражаттарды активтің басқа түріне
орналастыру туралы шешім қабылдамас бұрын, банк кәсіпорынның төлем
қабілеттілігіне талдау жасауы, табыстары және шығындарына болжау жасауы
қажет. Өйткені түрлі қолайсыз факторлар әсерінен корреспондентік шоттағы
қаражаттардың тез арада азаюы орын алуы мүмкін, ал бұл корреспондентік шот
бойынша дебеттік қалдықтың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда банк
операцияларды жүргізуге Орталық Банктің қаражаттарын қарызға алуға мәжбүр
болады, олар бойынша пайыздық мөлшерлеме Орталық Банктің есеп мөлшеріне
қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Қаражаттардың екінші топтағы активтеріне орналастырылуы акционерлік
қоғамдардың, серіктестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың акцияларын алу,
олардың қызметтеріне қатысу түрінде болады. Бұл негізінен банктердің
табыстың үнемі келіп түсуін қамтамасыз етуде ұмтылушылығынан болып отыр,
осының әсерінен банктердің қаржылық тұрақтылығы және өтімділігі
жоғарылайды. Қазақстан Республикасында банктердің барлығына бірдей
кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат берілмеген. Банктердің
бұл қызметін кастодиалдық қызмет деп атайды. Кастодиалдық қызметпен
айналысуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл қызметпен тек санаулы
ғана банктің айналысуға рұқсаты бар. Соның ішінде осы жұмыста активтік
портфеліне талдау жасалғалы отырған банк те бар.
Бір мезгілде бұл топтың активтері банктің қарыздар тобының активтеріне
қарағанда өтімділігі төмен, әсіресе экономикалық дағдарыс жағдайында, және
оларға қаражаттарды орналастыру едәуір тәуекелмен байланысты болады.
Сондықтан коммерциялық банкте арнайы резервтер құрылуы керек. Қазақстан
Республикасында банктердің бұл тобына қаражаттарды орналастыруы өте аз
болып табылады.
Акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
қаражаттар жұмсау және олардың шаруашылық қызметтеріне қатысу коммерциялық
банктің өтімділігін төмендетеді, ал оларды басқару дамыған корпоративтік
бағалы қағаздар нарығының жоқтығына байланысты үлкен қиыншылықтар туғызады.
Екінші топтың активтерінің құрылымында да негізгі үлесті
кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар алады. Бұл қарыздар қазіргі
уақытта қысқа мерзімдік сипатта және негізінен айналыс сферасына
бағытталған. Активтердің бұл түріне қаражаттарды орналастырудан түсетін
табыс деңгейі анағұрлым жоғары. Бұл коммерциялық банктерге пайданың көп
бөлігін несиелік операциялардан алуға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді
несиелердің өтімділігі әр уақытта біркелкі емес, бұл қарыз алушының
несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуге қойған қамтамасыз етілу көздерінің
әруақытта сапалы еместігінен туындайды. Сондықтан коммерциялық банктер
тартылған ресурстарын тәуекелділігі жағынан қолайлы активтің түрі - басқа
банктерге несиелерге жұмсайды. Активтердің бұл түрінің табысы
кәсіпорындарға берілетін несиелердің табысынан төмен, бірақ банктің
өтімділігін көтереді. Бұл несиелер әдетте негізінен қысқа мерзімдік
сипатта болады.
Екінші топтағы активтердің ішінде шамасы бойынша едәуір орын алатын
актив - банкаралық несиелер болып табылады.
Коммерциялық банктердің дамуымен байланысты банкаралық несиелер де
тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл бірқатар факторларға байланысты, соның
ішінде банктердің өз өтімділіктерін жоғарылатуға ұмтылуы да бар.
Активтердің төртінші тобын негізінен коммерциялық банктің өндірістік-
техникалық базасын дамытуға жұмсалған қаражаттар құрайды. Коммерциалық
банктер өздерінің қалыптасуының алғашқы сатысында тұрғандықтан олардан
бүгінгі таңда өздерін ғимараттармен, құрылғылармен, есептеу техникаларымен,
байланыстың жаңа құралдарымен қамтамасыз ету үшін едәуір қаражат жұмсау
талап етіледі. Алайда, барлық банктер бірдей, әсіресе жаңадан құралған
банктер өздері дамуы үшін қаржыландыру көздерін таба бермейді. Осыдан
банктің күрделі жұмсалымдары мен оны қаржыландыру көздері арасында тепе-
теңдікті қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттілігі пайда болады. Жоғарыда
айтылып өткен шығындарды банк сәйкес жабу көздерінсіз жүзеге асыратын
болса, онда банктің өтімділігі төмендей бастайды.

1.2 Банк операциялары туралы түсінік.
Банк заңды тұлға коммерциялық ұйым жарғыға сәйкес банк қызметтін жүзеге
асыратын мекеме.
Екінші деңгейлі банк бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұсынған
лицензиямен негізгі заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың бос ақша
қаржыларын жинап өз атынан қайтарымдылық, төлемділік, мерзімдік негізінде
орналастыратын және банк операциясын жүзеге асыратын заңды тұлға мекеме.
Банк операциясы бұл азаматтық, құқылық қызметпен нақты істерді
бухгалтерлік безендірулермен байланыстыратын қызмет.
Ерекшеліктері:
1. Іскерлік қатынастардың ұзақтығы.
2. Банктік операцияның сенімділігі.
3. Бекітілген заңдарға сәйкес, арнайы деңгейде қалыпты жүргізілуі.
Банк операцияларын мерзімділігіне байланысты күнделікті дәстүрлі,
дәстүрлі емес банк қызығушылығымен жүзеге асырылатын деп бөліп жүзеге
асыруға болады.
Дәстүрлі банк операциясы деп банк операциясын жүзеге асыру туралы
лицензияға сәйкес банк қызметінде жиі, кездесетін және күнделікті
жүргізілетін операция түрінде қалыптасқан қызметті айтамыз.
Дәстүрлі операциялар:
- есеп, қарыз, несие операциялар.
- депозит, аманаттар қабылдау.
- клиенттің шотын жүргізу.
Банк қаржысымен қызығушылығына байланысты арнайы лицензия негізінде
жүзеге асырылатын, кейде банк жанындағы болып саналатын операция дәстүрлі
емес операция.
Оған:
- валюталық
- траст
- лизингтік
- факторингтік т.с.с.
Коммерциялық банк қызметтерінің принципі.
Коммерциялық банк (акционерлік) заң жүзінде ақша қаржыларын тартуға
орналастыруға қайтаруға, төлеуге уәкілеттенген мекеме.
Банктік статус Ұлттық банктен банк операциясын жүргізу туралы алынған
рұқсат қағаз (лицензия) ие екендігін білдіреді. Заңға сәйкес заңды тұлға
банк мекемесі деген мәртебе “ Әділет” министрлігінде тіркелген соң берілді.
Банк ашуға ниет білдірген заңды немесе жеке тұлға алғашқы қаржы-
жарғылық қор жинақтауы тиіс. Бұл қордың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк
белгілейді және бұл қор толықтай 1 жыл мерзім ішінде төленуі тиіс. Қорға
заңды тұлғалар қаржыны акция шығару есебінен еркін, жарна есебінен құя
алады. Ал жеке меншік банктерде үлес қосушылар есебінен жинақталады.
Ұлттық банк белгілеуі бойынша олар төмендегі құжаттарды, банктік
бақылау және қадағалау департаментіне ұсынады.
1. Өтініш
2. Техника экономикалық негіздер (бизнес план)
3. Іскерлік жоспарымен 3 жыл мерзімде белгіленген есеп айыру балансы
4. Банк бастығы туралы анкета. (банктік тәжірибе, жоғары экономикалық
білім, алынбаған қылмыстық жауаптылықтың болмауы, бұрын күйзеліске
ұшыраған мекеме басшысы болмауы талап етіледі).
5. Банк жарғысы (ашылатын банкті атау, мекен-жайы, жүргізілетін операция
түрлері, ашатын қорлары мен жарғылық қор көлемі тағы сол сияқты)
6. Құрылтайшының төлем қабілеті туралы аудиторлық қортынды және жарғылық
қордың енгізілгендігі туралы құжат.
Лицензия түрлері:
- Жаңа банк ашуға;
- Бөлімшелер ашуға;
- Валюталық операциялар жүргізуге;
- Халық қаржыларын таратуға;
Коммерциялық банктің функциялары:
1. 1. аманаттар қабылдау;
2. несиелендіру жүргізу;
2. 3. шаруашылық мекемемен есеп айырысу;
4. айналымға бағалы қағаз тағы сол сияқты құндылықтар
шығару;
5. кеңес беру және әртүрлі ақпараттар ұсыну;

Принциптері:
1. Өзіндік қаржылар есебінен қызмет ету рентабентілікті
қамтамасыз ету.
2. Еркін түрде қаржы тарту орналастыру экономикалық еркіндікте болу.
3. Нарық жағдайына байланысты клиенттермен сенімділік қатынаста болу.
4. Қызмет бағытын, экономикалық орнын еркін таңдау.

1.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу.

Банктің активтерінің сапасы олардың өтімділік, тәуекелділік, және
табыстылық деңгейімен бағаланады. Талдаудың классикалық схемасы
төмендегідей.
Алдымен активтерді үш топқа бөледі:
- Өтімді активтер. Оларға: кассадағы қолма-қол ақша, Орталық Банктегі және
корреспондент-банктердегі шоттардағы қаражаттар, мемлекеттік бағалы
қағаздар, егер олардың дамыған екінші нарығы және ломбартық несие бар
болса, Орталық банкте қайта есептеуге алынатын есепке алынған
вексельдер.
- Өтімді активтердің мөлшері салымшылардың орналастырған ресурстарын
қайтаруға қатысты олардың талаптарын қанағаттандыру үшін, банктің
қаражаттарды айналымнан алу мүмкіндігін сипаттайды. Әдетте өтімділігі
тез активтер тәуекелі жоқ деп есептеледі және сәйкесінше, табыстығы аз
болып есептеледі.
- Жұмыс істеп тұрған активтер. Олар клиенттерге берілген қарыздар,
банкаралық несиелер, сатылуға арналған және сатуға жарамды бағалы
қағаздар және тағы басқалар.
Бұлар табыс әкелетін активтер, бірақ белгілі-бір дәрәжеде тәуекелі
бар және өтімділігі төмен болып табылады. Бұл кезде мына жағдайды ескеру
қажет: әдетте мұндай активтердің табыстылығы жоғары болғанымен олардың
шамадан тыс көбеюі банктің өтімділігі және қаржылық тұрақтылығына теріс
әсер етеді.
- Өтімсіз активтер. Оларға қозғалмайтын мүлікке, банктің ғимаратына
және құрылғыларына, басқа мекемелердің, фирмалардың және компаниялардың
капиталына, егер олар сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар
формасында болса, инвестициялар жатады.
Мұндай жұмсалымдар банктің өз қаражаттары есебінен жұмсалыуы қажет.
Өйткені табиғаты бойынша мұндай жұмсалымдар ұзақ мерзімдік сипатта болады
да тартылған ресурстардың қысқа мерзімдік сипатына сай келмейді.
Келесі сатыда активтердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі динамикасына
талдау жасалады. Осы сатының ең негізгісі - жұмыс істеп тұрған активтердің
тәуекелдігін талдау және бағалау болып табылады. Мұндай талдау құрылған
резервтердің жеткіліктігілігін анықтау үшін және активтік операцияларды
басқару тиімділігін бағалау үшін қажет. Осыған байланысты, тек жұмыс істеп
тұрған активтерді олардың тәуекелдігі тұрғысынан жіктейді.
Мұндай жіктеудің көптеген түрлері бар. Анағұрлым белгілісі - бұл 1985
жылы АҚШ Федералдық Резервтік Жүйесінің Кеңесі ұсынған жіктеу. Осыған
сәйкес активтер былай бөлінеді, - жақсы активтер, яғни өзіне міндеттеме
қабылдаған қарыз алушының ағымдық таза құнымен және төлем қабілеттігімен
қамтамасыз етілген, сонымен қатар, активтің өзінің құнымен қамтамасыз
етілген активтер:
Ерекше есептелген активтер. Бұл категориядағы активтер тап осы кезде
қауіптілік туғызбайды, бірақ жалпы алғанда әлсіз және болашақта банктің
жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл активтерге жоғары тәуекелділік тән, бірақ
оларды қауіп тудыратын активтерге жатқызатындай шамада емес. Бұл
категорияға әдетте адекватты қадағалау қамтамасыз етілмеген, олар бойынша
зияндық келісім жасалған және адекватты қамтамасыз етілуі жоқ, барлық
қажетті құжаттар алынбаған немесе несиелермен жұмыс істеудің қалыптасқан
тәжірибесінен қандай да бір ауытқушылықтар бар. Мұнан басқа, қарыз алушыға
әсер етуі мүмкін экономиканың және нарықтың жағдайы кейде бұл
орналастыруларды ерекше есепке алуды талап етеді.
-Қауіп тудыратын активтер. Мұндай активтерде қарыздың қайтпай қалу
ықтималдылығының айқындығы байқалады. Егер банк активтердің бұл
кемшіліктерін жоя алмаса, бұл жағдайда банктің белгілі бір зияндар шегуінің
ықтималдылық дәрежесі өте үлкен болады.
-Күдікті активтер. Күдікті ретінде жіктелген активтерге қауіп тудыратың
активтерге тән кемшіліктердің барлығы да тән. Сонымен қатар қосымша
кемшілектерде тән, ол кемшіліктер олардың қайтарылуын немесе қарыздың
өтелуін мүмкін емес етеді және оларды жоғары шамада күдікті етеді. Күдікті
активтерден зиян шегу ықтималдылығы өте жоғары, бірақ активтердің
жақсаруына мүмкіндік беретін бірқатар факторлардың болуы (капиталды алу
немесе қосу, қосымша қамтамасыз етуге құқықтың алынуы, қайта қаржыландыру
жоспарының болуы) оларды зиянды категорияға қоспайды.
- Шығынды активтер, яғни қайтарылмайтын немесе құндылығының жоқтығы сонша
оларды банктің активтері деп есептеуге де болмайды, олай есептеудің орны
да жоқ. Мұндай активтердің болашақта белгілі-бір бөлігі қайтуы мүмкін
деп есептеген күнің өзінде оларды шығынға жатқызуды соза беру орынсыз
болып табылады.
Осындай тәсілмен топтастырылған активтердің динамикасына талдау жасау
тәуекелге қатысты банктің саясаттық сипаты туралы бір қатар қорытындылар
жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге тәуекелді жұмсалымдар сферасы
ұлғайды ма, бір деңгейде тұр ма, немесе қысқарды ма, осыларды анықтауға
мүмкіндік береді. Бұдан басқа, банктің жалпы активтерінің сапасын
тәуекелділік дәрежесі бойынша жіктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкісінің “Пруденциалдық нормативтер туралы” ережесі негізінде жүзеге
асырылады.
Пруденциалдық нормативтер жайлы ереже бойынша, төменде көрсетілген
сандық белгілер арқылы коммерциялық банктердің активтерінің тәуекелділігін
белгілейді.
1-топ тәуекелділік дәрежесі нөлге тең активтер. Оларға мыналар жатады;
- касса (теңгелер және халықаралық экономикалық ынтымастық пен даму
ұйымына кіретін елдердің валютасы);
- Ұлттық Банктегі шоттардағы қаражаттар, Ұлттық Банктегі міндетті
депозиттер;
- Монетарлық бағалы металлдар;
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдердің Орталық
Банктеріндегі ағымды шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер;
- Мемлекеттік және басқа да жоғары өтімді бағалы қағаздар;
- Несиелер (депозиттермен, жоғары өтімді бағалы қағаздармен монетарлы
бағалы металлдармен, Үкімет кепілдеген кепілдермен кепілденген)
- Қазақстан Республикасы Үкіметтіне берілген несиелер;
2-топ тәуекелділік дәрежесі 0,2-ге тең активтер. Олар:

- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің
банктерінде орналастырылған ағымдағы шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер;
3-топ тәуекелділік дәрежесі 0,5-ке тең активтер. Олар:
- Монетарлы емес бағалы металдар.
4-топ тәуекелділік дәрежесі 1-ге тең активтер. Олар:
- Экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымына кірмейтін елдердің валютасы;
- Басқа банктердегі ағымдағы шоттардағы және мерзімдік депозиттердегі
қаражаттар;
- Сатуға арналған бағалы қағаздар және басқа қағаздар;
- Басқа банктерге берілген несиелер ;
- Төлемдер бойынша есеп айырысулар;
- Материалдық қорлар;
- Негізгі құралдар;
- Есептелген проценттік табыстар;
- Проценттерді және шығындарды алдын ала төлеу;
- Бағалы қағаздар бойынша премиялар және скидкалар;
- Банк дебиторлары;
- Уақытша активтер;
Активтерді тәуекелділік дәрежесі бойынша өлшеу Сәйкес баланстық шоттағы
қалдықты (немесе оның бір бөлігін) тәуекелділік коэффициентіне көбейту (%
пен) және оны жүзге бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Банк активтерінің барлығы белгілі бір тәуекелде болады. Банк өз
активтерінің тәуекелділік дәрежесін заңға және өз саясатына сай анықтау
керек және соны ұстап отыру керек. Тәжірибеде несиенің қандай да бір топқа
жатқызылуы қарыз алушы несиелік шарттың мерзімдерін және шарттарын атап
айтқанда, қарызды өтеу шарттарын қаншалықты орындауына байланысты жүзеге
асырылады.
Банктік қадағалау органдары пайдаланатын активтерді топтастырудың
заңдастырылған жүйесі әр елде әр түрлі болады.
Қазақстанда бес буынды жіктеу қолданылады. Ол негізгі сома немесе
пайыздар бойынша қарыздарды төлеудің кешіктірілу дәрежесіне негізделген
Банк активтерін топтастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Басқармасының Қаулысымен 1997 жылы 23-мамырда бекітілген Қазақстан
Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің активтерін баланстан тыс
талаптарын топтастыру және олар бойынша провизиялар есептеу туралы” №218
Ережесі арқылы белгіленген.
Банктер ай сайын айлық баланспен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банктік Қадағалау Департаментіне активтердің және баланстардан тыс
талаптардың жіктелуі және провизиялардың мөлшері бойынша өзгерістер туралы
мәліметтерді тапсырады.
Жіктеу активтердің сапасына, яғни олардың қайтарылу мүмкіндігіне
негізделеді.
Активтер және баланстан тыс талаптар стандартты және жіктелетін болып
бөлінеді.
Актив бойынша талап орындалады деп ойлауға негіз бар болса, онда актив
стандартты деп есептеледі. Егер актив бойынша талап орындалмайды деп,
немесе келісім шарттарына сай орындалмайды деп ойлауға негіз бар болса,
онда актив жіктелетін актив болып табылады.
Несиелік портфельдің жіктелінуі екінші деңгейдегі банктердің берген
барлық несиелері бойынша жүргізіледі: қарыздар, лизингтер, овердрафт,
факторинг, форфейтинг түрінде берілген несиелер, вексельдерді есептеу
немесе басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу, аккредитив ашу жолымен
берілген несиелер.
Банктер берген несиелер, қарыз берушінің несие бойынша төлемдердің
(негізгі қарыз және процент) мерзімін сақтауына , қарыз алушының банкпен
қарым қатынасына, несиелік тарихына, несиенің қамтамасыз етілуіне және оның
сенімділігі мен өтімділігіне байланысты сапасы бойынша мынадай топқа
бөлінеді:

1. Стандартты;
2. Күдікті, бұл өз кезегінде;
а) субстандартты
ә) қанағаттанарлықсыз
б) тәуекелі жоғары күдікті
3. Үмітсіз.
Стандартты несие – бұл өтеу мерзімі жетпеген және сапасы күдік
туғызбайтын несие, яғни қарыз алушы қаржылық жағынан тұрақты шаруашылық
субъектісі болып табылады, несие сенімді және өтімді қамтамасыз етілген
мұндай несиенің қамтамасыз етілуі ретіндегі кепілдер депозит, аффинирленген
бағалы металлдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
түріндегі кепілдер болып табылады.
Бұл категориядағы несиелерде олардың қайтпай қалу белгілері болмайды.
Субстандартты несие - негізгі қарыз және пайыздың қайтарылуы бойынша
төлемдер 30 күнге дейін кешіктірілген несиелер. Бұл топқа сонымен қатар
қаржылық жағдайы тұрақты, бірақ белгілі-бір қанағаттанарлықсыз
көрсеткіштері, (дебиторлық қарыздың өсуі, дайын өнім және тауарлардың
өтімсіз қорлары) бар клиенттерге берілген несиелер.
Қанағаттанарлықсыз несиеге негізгі қарыз немесе пайыздың қайтарылуы
бойынша төлем 30 күннен 60 күнге дейін кешіктірілген немесе бір рет
ұзартылған немесе қаржылық жағдайы нарық конъюктурасының өзгеруімен
байланысты нашарлаған қарыз алушылардың несиелері жатқызылады.
Мына негіздердің біреуі бар болған жағдайда несие күдікті несие деп
есептеледі:
- негізгі қарыз немесе проценттің қайтарылуы бойынша төлем 60 күннен 90
күнге дейін кешіктірілсе;
- қарыз алушының қаражаттарының үнемі жеткіліксіздігі;
- сауықтандырудың бір жылдан көп емес мерзімге жариялануы;
- қарыз алушыға материялдық зиян келтірген форс-мажорлық жағдайлар қарыз
алушының басқа міндеттемелері бойынша қарызының ұзартылуы;
Егер келесі негіздердің біреуі бар болса, онда несие үмітсіз деп
есептеледі:
- негізгі қарыз және процентті қайтару бойынша төлемнің 90 күннен көп
мерзімге кешіктірілуі;
- қарыздың бір реттен көп ұзартылуы;
- қарыз алушының банкрот деп жариялануы;
- сауықтандырудың бір жылдан көп мерзімге жариялануы;
- қарыз алушыға материалдық зиян келтірген және оның ары қарай қызмет
етуіне мүмкіндік бермейтін форс-мажорлық жағдайлар;
Егер жіктелген несие жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша
несиелердің арасында аралық орын алып тұрса банк тәуекелін азайту үшін бұл
несиені екеуінің ішіндегі сапасы төмендеу несиеге жатқызады.
Қаржылық жағынан тұрақты қарыз алушыға берілген бланктік несие
субстандартты несиеге жіктеледі.
Банктің басқа банктерге орналастырған депозиттерінің жіктелінуі.
Банк басқа банкке депозиттер орналастырған кезде, соның ішінде,
ностро” шоттарын ашқан кезде ол, банк корреспонденттің қаржылық жағдайына
талдау жасауы қажет. Ол үшін банк қажетті барлық есеп беру құжаттарын талап
етуге құқылы.
Мерзімдік депозит банкте депозиттің негізгі сомасының немесе ол
бойынша төлемдердің ұзартылу мерзіміне байланысты жіктеледі.
Талап етілгенге дейінгі депозиттерден (“ностро” корреспонденттік
шоты) қаражаттарды аудару бойынша кешігушілік 7 күннен 30 күнге дейінгі
аралықта болса, депозит тәуекелі жоғары күдікті активтерге жіктелінеді.
Дебиторлық қарыздардың жіктелінуі.
Дебиторлық қарыздар контрактіде алдын ала көрсетілген, оларды өтеу
мерзімдері өткенше және дебитордың қаржылық жағдайының нашарлауының
белгілері байқалмаса стандартты актив деп есептеледі.
Дебитордың өтімділігі және қаржылық жағдайының төменделуінің
байқалса, бірақ ол бойынша келісім-шартта көрсетілген өтеу мерзімі жетпеген
болса дебиторлық қарыз субстандартты деп саналады.
Дебиторлық қарыздың өтелуі ұзартылса, онда ол несие бойынша қарыздар
сияқты өз мезгілінде қайтармау мерзімдеріне сәйкес жіктелінеді.
Шартты міндеттемелер де (баланстан тыс міндеттемелер) несиелер сияқты
жіктелінеді.
Несиелік портфельді талдаудың нәтижелері қарыз бойынша зиянның орнын
толтыруға қолда бар резервтік қордың жеткіліктігін бағалау үшін негіз
ретінде пайдаланылады.
Резервтік қорды құраудың көзі банктің пайдасы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер
жіктелінген активтер бойынша провизия құрайды. Оның қажетті мөлшерін
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Субстандартты активтер бойынша пайыз уақытында төленіп тұрса негізгі
қарыздың 5 пайызы мөлшерінде, пайыз кешіктірілген жағдайда 10 пайыз
мөлшерінде банктер провизия құрайды.
Қанағаттанарлықсыз активтер бойынша пайыз толығымен төленген жағдайда
негізгі қарыздың 20 пайызы мөлшерінде, пайыз бойынша төлем кешіктірілген
жағдайда 25 пайызы мөлшерінде провизия құрайды.
Күдікті активтер бойынша барлық жағдайда негізгі қарыздың 50 пайызы
мөлшерінде банктер провизия құрауға міндетті, ал үмітсіз активтер бойынша
барлық жағдайда 100 пайыз мөлшерінде провизия құрайды.

ІІ. Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердегі активтік
операцияларды талдау. Банк “ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының
мәліметтері негізінде)

2.1. Банк “ЦентрКредит” ААҚ технико-экономикалық сиппатамасы.

Бұл бөлімде “Банк Центркредит” Ашық Акционерлік Қоғамының активтерінің
құрылымына 2000 жылдың мәліметтеріне негізінен талдау жасалады. Өйткені мен
қарастырып отырған банктің одан кейінгі мерзімдегі нақты материалдарына қол
жеткізе алмадым. Ал Ұлттық Банктің квартал сайын мерзімді басылымда
жариялап отыратын аталған банктің жинақталған баланстары негізінде банк
активтерінің құрылымына жалпы талдау жасау мүмкіндігі болғанымен оған жете
талдау мүмкіндігі жоқ. Атап айтқанда банктің, несиелік портфелінің
құрылымына және активтердің басқа да баптарының құрылымына жинақталған
баланс арқылы талдау жасау мүмкін емес сондықтан мен “Банк Центркредит”
Ашық Акционерлік Қоғамының 2000 жылдың мәліметтері негізінде оның
активтерінің құрылымына талдау жасадым.
Ашық Акционерлік Қоғам Банк “Центркредит” 1988 жылы 19 қыркүйекте
құрылған бұрын Алматы кооператив банкі деп аталған, 1991 жылы 6 наурызда
құрылтайшылардың жалпы жиналысында қабылданған Банк жарғысы бойынша 1991
жылы 12 тамызда №12 болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінде
тіркелген Қазақстан Орталық Акционерлік “Центр банкісінің” негізінде
құрылған толықтай құқылы банк болып табылады.
Банк Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігі заңды тұлға ретінде
тіркелген (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №3403 1900 АО (ИУ) 4 желтоқсан
1991жыл) және өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісімен,
банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы негізінде жүзеге
асырады Банк Центркредит” Ұлттық Банктің жіктеуі бойынша банктер арасында
“бірінші топтағы” банктер қатарына кіреді.
2000 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы банктік
жүйенің жиынтық активтері 527949 млн теңгеге тең болады, ал “Банк
Центркредит” Ашық Акционерлік Қоғамының активтерінің жалпы соммасы 8948603
мың теңге болды, яғни банктің бұл көрсеткіш бойынша өткен жылмен
салыстырғанда, екінші деңгейлі банктер арасындағы үлес салмағы 1,7 % құрады
(2000 жыл 3707 млн тг) банктің өзінің активтік портфелі 2001 жылы 5242 млн
тг немесе140 % ке өсіп отыр.
Банктің елдегі, активтердің көлеміне байланысты рейтингілі банктер
арасында 16 орынан 11-ші орынға көтеріліп отыр.

2.2. Банктің активтерінің сапасын бағалау.

Банк активтерінің сапасы мына критерийлер негізінде анықталады:
- активтердің өтімділігі;
- активтердің тәуекелділігі;
- активтердің табыстылығы;
- активтердің диверсификациялануы;
Активтердің өтімділігі – бұл активтердің өткізілуі немесе борышкердің
өз міндеттемелерін өтеуі арқылы олардың ақшалай қаражаттарға айналу
қабілеттілігі. Активтердің өтімділік дәрежесі олардың міндеттеріне
байланысты болады. Ақшалай формадағы активтер төлем функциясын орындауға
арналған қарыздар клиенттердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Банк активтері өтімділік дәрежесіне байланысты бірнеше топтарға
бөлінеді.
Бірінші топқа өтімділігі өте жоғары активтер жатады. Оларға:
- банктің кассадағы қолма-қол ақшалары;
- Орталық Банктегі корреспондеттік шоттағы қаражаттары;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар жатады;
Бұл топтың активтерінің көлемін белгілі бір деңгейде ұстап отыру
Банктің өтімділігін қамтамасыз етіп отырудың негізгі шарты болып
табылады.
Екінші топқа өтімді активтер жатады. Оларға;
- заңды және жеке тұлғаларға берілген қысқа мерзімді қарыздар;
- банкаралық несиелер;
- факторингтік операциялар жатады;
Бұлардың қолма-қол ақшаға айналу уақыты көбірек болады.
Үшінші топқа: банктің ұзақ мерзімді жұмсалымдары және инвестициялары, соның
ішінде, ұзақ мерзімді қарыздар, лизингтік операциялар, инвестициялық бағалы
қағаздар жатады. Бұлар өтімділігі төмен активтер деп саналады.
Төртінші топқа: өтімсіз активтер жатады, оларға қайтару мерзімі
ұзартылған қарыздар, бағалы қағаздардың кейбір түрлері, ғиммараттар және
құрылғылар жатады.
Банк активтердің тиімді құрылымын белгілей отырып өтімділік талабын
орындауы қажет. Бұл банктің жалпы активінің құрамында өтімділігі жоғары
активтердің жеткілікті мөлшері болуы керек деген сөз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге ағымдық
өтімділік коэффициентін белгілеген. Бұл норматив банктің өтімділігі жоғары
активтерінің оның талап етілгенге дейінгі міндеттемелеріне қатынасы арқылы
анықталады. Ол Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер үшін
0,2 –ден кем болмауы қажет.
Енді “Банк ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының 2000 желтоқсанынан
2001 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықтағы жинақталған баланстары
негізінде оның активтерінің өтімділігі тұрғысынан бағалайық. Бұл жерде айта
кететін жағдай жинақталған баланс негізінде банк активтерінің өтімділігіне
жете талдау мүмкіндігі болмайды. Өйткені мұндай баланста актив баптарының
құрылымы ашып көрсетілмейді. Әсіресе бұл несие бабына қатысты. Мен “Банк
ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының жинақталған баланстары негізінде
талдау жасадым.

Кесте 1
Банк ЦентрКредит активтерінің құрылымы.

(мың теңге)

Баптары 1.01.200 1.04.2000 1.07.2000 1.10.2000 01.01.2001
сомасы сомасы сомасы сомасы сомасы
1. Қолма- қол ақша 198254 233735 232910 327733 463327
2. Ұлттық банктегі 219962 27558 42721 377844 616488
депозиттер
3. Басқа 615202 27877 29340 197976 584207
банктердегі
депозиттер
4. Бағалы қағаздар 755728 123675 1950462 1756201 3211943
5. Несиелер 1165885 1904144 1602736 3117449 3222184
6. Заңды 14021 14021 36935 36935 5388
тұлғалардың
капиталына
инвестициялар
7. Өтелмеген 40602 90424 90449 71375 89563
акцептер бойынша
міндеттемелер
8. Негізгі құралдар404682 418593 261887 301218 415887
9. Материалды емес 15636 14794 15142 15506 15182
активтер
10. Басқа да 283469 313467 468764 643372 324434
активтер
Минус: дебиторлық 6291 7599 9164 9227
қарыздар және басқа
да банктік қызмет
бойынша зияндарды
жабуға резервтер
Активтер барлығы 3767150 4269689 4722682 6836382 8948603

1-кестеде келтірілген “Банк ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының
активтерінің мәліметтері бойынша аталған банктің активтерінің құрылымын
анықтайық. (кесте2)
Кесте2
Активтердің құрылымы (қорытындыға-% пен алғанда)

Баптары 1.01.00 1.01.01 Жыл соңындағы
үлесі үлесі ауытқушылық
01.01.2000-ға
қарағанда
1. Қолма-қол ақша 5,3 5,2 -0,1
2. Ұлттық банктегі депозиттер5,9 6,9 +1
3. Басқа банктердегі 16,6 6,5 -10,1
депозиттер
4.Бағалы қағаздар 20,4 35,9 +15,5
5.Несиелер 31,4 36 +4,6
6.Заңды тұлғалардың 0,4 0,1 -0,3
капиталына инвестициялар
7.Өтелмеген акцептер бойынша 1,1 1 -0,1
міндеттемелер
8. Негізгі құралдар 11 4,6 -6,4
9. Материалды емес активтер 0,4 0,2 -0,2
10. Басқа да активтер 7,6 3,8 -4
Минус: дебиторлық қарыздар 0,1 0,2 +0,1
және басқа да банктік қызмет
бойынша зияндарды жабуға
резервтер
Активтер барлығы 100 100 -

Кестеге қарап банк активтерінің құрылымында қарастырылып отырған мерзімде
(01.01.02) жыл басымен салыстырғанда (01.01.03) мынадай өзгерістерді
байқауға болады: қолма-қол ақшаның үлесі 0,1пайызға басқа банктердегі
депозиттердің үлесі 10,1 пайызға, негізгі құралдардың үлесі-6,4 пайызға
төмендеген болса, Ұлттық Банктегі депозиттердің үлесі-1 пайызға, бағалы
қағаздардың үлесі-15,5 пайызға, несиелер 4,6 пайызға өскен. Бағалы
қағаздардың үлесінің артуы банктің өз активтерінің тәуекелділігін
төмендету, өтімділігі жоғары активтердің үлесін артыру мақсатында жүргізілу
мүмкін.
Жоғарыдағы топтар бойынша активтерді жинақтайық (кесте3), кестедегі
талдауда “ Банк ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамы бойынша:
Кесте 3
Актив топтары

%

Топтар 01.01.2000 01.01.2001 Ауытқу
1. Өтімділігі өте 31,6 48 +16,4
жоғары активтер
2.Өтімді активтер 48 42,5 -5,5
1. Өтімділігі төмен 9,1 4,9 -4,2
активтер
1. Өтімсіз активтер 11,4 4,8 -6,6
Минус: Резервтер 0,1 0,2 +0,1
Барлығы: 100 100 -

Өтімділігі өте жоғары активтерге қолма-қол ақша, Ұлттық Банктегі
депозиттер, бағалы қағаздар жатқызылды. Себебі банктің бағалы қағаздар
портфелінің құрылымы туралы мәлімет жоқ, бірақ қазіргі кезде Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар портфелінің
көп бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздар алып отыр.
Өтімді активтерге басқа банктердегі депозиттер, несиелер жатқызылды.
Несиелік портфелдің құрылымын қарастырмай несиелерді толығымен. Өтімді
активтерге жатқызу әрине дұрыс емес.
Оның құрылымы туралы мәлімет жоқ болғандықтан және “Банк Центркредит”
Ашық Акционерлік Қоғамының несиелік портфелінің көп бөлігін стандартты
несиелер толығымен несиелік активке жатқызылады.
Бұл берілген түсініктелерден кейін жоғарыдағы кестеге қарап мынадай
қортынды жасауға болады. Банкте өтімді активтердің, өтімділігі төмен
активтердің, үлесі төмендеген. Ал өтімділігі өте жоғары активтердің
үлесінің өсу банктің бағалы қағаздар портфелінде мемлекеттік бағалы
қағаздар үлесінің өсуінен болып отыр оның себебіне біз жоғарыда тоқталған
болатынбыз.
Жалпы банк активтерінің құрылымы өтімділік тұрғысынан алғанда едәуір
жақсарған. Бұл жағдай “Банк ЦентрКредит” Ашық Акционерлік Қоғамының
активтерінің сапасының жақсарғанын көрсетеді.
Тәуекелділік активтердің сапасының критерий ретінде олардың ақшалай
формаға айналған кезде зиян шегу мүмкіндігін білдіреді. Активтердің
тәуекелділігі олардың түрлерінің өзгешелігіне қарай көптеген факторларға
байланысты.
Мысалы, қарыздың тәуекелі қарыз алушының қаржылық жағдайына, несиелеу
объектісінің мазмұнына, қарыз көлеміне берілу және өтелу тәртібіне және
тағы басқаларға байланысты. Бағалы қағаздарға жұмсалымдардың тәуекелі
эмитенттің қаржылық тұрақтылығына бағалы қағазды шығару және сату
механизіміне, биржада сатылу қабілеттілігіне және тағы басқаларға
байланысты.
Тәуекелділік дәрежесіне байланысты банк активтері бірнеше топтарға
бөлінеді.
Активтердің тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылуы және активтердің әр
бір тобының тәуекел деңгейі әр елдерде әр түрлі болып келеді.
Капиталдың жеткіліктілігін бағалау үшін халықаралық тәжірибеде Базель
келісімінің ұсынысы пайдалынады. Оған сәйкес тәуекелділік дәрежесіне қарай
активтер төрт топқа бөлінеді. Қазақстан банктік тәжірибеде де активтер
тәуекелділік дәрежесіне қарай төрт топқа бөлінеді.(кесте4)
Кестеден көрініп тұрғандай банктің жиынтық тәуекелі 4189479,4 мың теңге
шамасында немесе активтердің 47 пайызын алып тұр, бұл банк осы көлемде
тәуекелді саясат жүргізеді.
Тәуекелділігі бойынша активтердің топтастырудың әртүрлі елдерде нақтылы
тәжірибесіне тәуелсіз банк өтімділігінің активтердің тәуекелділігіне
байланысты екендігін белгілеуге мүмкінділік беретін берегей принципиалды
ереже бар Банк активтерінің жиынтық тәуекелі жоғары болған сайын оның
өтімділігі де төмен болады.
Активтер табыстылық дәрежесіне байланысты екі топқа бөлінеді: табыс
әкелетін және табыс әкелмейтін. Табыс әкелетін активтердің үлесі жоғары
болған сайын банктің капиталдық базасын нығайту мүмкіндігі де жоғары болады

Кесте 4

Активтердің тәуекелділік дәрежесіне қарай жіктелінуі

Активтердің атауы Тәуекел Сомасы Мың Тәуекелі ескеріле
дәрежесі теңге отырып өлшенген
активтер
1 топ 0 463327 -
1. Қолма- қол ақша 0 616488 -
2. Ұлттық Банктегі ақшалай 0 - -
қаражаттар
3. Монетарлық бағалы 0 3211943 -
металлдар
4. Мемлекеттік бағалы 0,2 584207 116841,4
қағаздар
2 топ 0,5 - -
Экономикалық ынтымақтастық 1 5388 5388
пен даму ұйымына мүше
елдердің банктеріндегі
ағымдық шот және қысқа
мерзімді депозиттер
3 топ 1 3222184 3222184
Монетарлық емес бағалы 1 - -
металлдар
4 топ 1 - -
1. Бағалы қағаздар 1 - -
2. Клиенттерге талатор 1 - -
3. Төлемдер бойынша есеп 1 - -
айырысулар
4. Материалдық запастар 1 - -
5. Бағалы қағаздар бойынша
сыйақы
6. Негізгі құралдар 1 415888 415887
7. Банктің дебиторлары 1 89563 89563
8. Материалдарды емес 1 15182 15182
активтер
9. Басқа да активтер 1 324434 324434
Барлығы: 47 8948603 4189479,4

Активтер табыстылық дәрежесіне байланысты екі топқа бөлінеді: табыс
әкелетін және табыс әкелмейтін. Табыс әкелетін активтердің үлесі жоғары
болған сайын банктің капиталдық базасын нығайту мүмкіндігі де жоғары
болады.
Cонымен қатар, активтердің құрылымын табыстылық дәрежесі бойынша
реттегенде ақылға сыйымдылықты сақтау қажет, өйткені пайдаға шексіз
ұмтылушылық активтердің жоғалауына және өтімділіктің төмендеуіне әкеліп
соғады.
“Банк Центркредит” Ашық Акционерлік Қоғамында табыс әкелетін
активтердің үлесі 31 желтоқсанда 2000 жылғы мәлімет бойынша 77,4 пайыз
болса, 31 желтоқсан 2001 жылы 83,1 пайыз болды, яғни табыстылықтың сапалық
көрсеткіші жоғары дәрежеде.

Кесте 5

Активтердің табыстылық бойынша топталуы

Активтер: 2000 жыл 2001 жыл
Табыс әкелетін 77,4 83,1
Табыс әкелмейтін 22,6 16,9
Барлығы: 100 100

Банк активтерінің сапалығы олардың диверсификациялану дәрежесімен де
анықталынады. Диверсификациялану дәрежесі банк ресурстарының әртүрлі
сфераларға орналастыру дәрежесін көрсетеді. Активтердің диверсификациялану
көрсеткіштері мыналар болып
табылады: банктік ресурстардың жұмсалуының негізгі бағыттары бойынша банк
активтерінің құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы; банктің
валюталық операциялар жүргізетін валюталарының құрылымы; банк
корреспонденттік қатынас орнатқан банктердің құрылымдық құрамы. Активтердің
диверсификациялануы дәрежесі жоғары болған сайын оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Коммерциялық банктер туралы
Банктің балансын талдау жəне оқудың əдістемесі
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Казкоммерцбанк ақ на экономикалық сипаттама
Пәндер