Банктің депозиттік портфелін құру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ДЕПОЗИТТІК САЛЫМДАР - БАНКТІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІСІ . . . 6
1. 1. Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың түрлері және оларды ұйымдастыру . . . 6
1. 2. Екінші деңгейлі банктердің депозит салымдарын пайыздық есептеу әдістері . . . 13 1. 3. Депозиттік саясаттың мәні, қалыптастыру кезеңдері мен факторлары . . . 18
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТЕРІҢ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУЫ . . . 26
2. 1. «БТА» - ның негізгі қаржылық нәтижелері . . . 26
2. 2. «БТА» - ның функциялары мен операциялары . . . 38
2. 3. «БТА» - ның пассивтерін талдау . . . 45
2. 4. «Темірбанк» - ның депозиттік операциялары (салыстырмалы анализ үшін) . . . 48
3. ШЕТЕЛ ТӘЖІРБИЕСІ НЕГІЗІНДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 52
3. 1. Банктік қызмет көрсету нарығында жұмыс істеудің бірден -бір стратегиясы ретінде банктік базаны ұйымдастыру . . . 52
3. 2. Банк ісінің әлемдік даму тенденциясын зерттеу . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
КІРІСПЕ
Қазакстанның өтпелі банк жүйесіне байланысты, бұл тақырып өзекті және қызықты. Банк дегеніміз не, оның функциялары қандай және қызметінің мәні неде?
Қарыз капиталдарының қозғалысы, оларды мобилизациялау және таратумен байланысты банктер кәсіпкерліктің ерекше бір түрі болып табылады. Банкир ссудалық капиталистке қарағанда капиталист - кәсіпкердің ерекше бір түрі. Өндірістік капиталистер өз капиталдарын өндіріске, саудагерлер саудаға, ал банкирлер банк ісіне салады. Ссудалық капиталистер ссудаға өз капиталын ұсынады, ал банкирлер болса бөтен капиталдармен операциялар жүргізеді. . Ссудалық капиталистің табысы - ссудадан түсетін пайыз мөлшерлемесі болса, банкирдің табысы-банктің пайдасы (пайыз, бағалы қағаздардан түсім, комиссиялықтар және т/б) болып табылады.
Банктің атқаратын функциялары:
- функциялаушы және ақшалы капиталистер арасында несиедегі делдалдық;
- төлемдердегі делдалдық;
- ақшалай табыстар мен қорланымдарды мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру;
- айналымның несиелік құралдарын жасау.
Бос ақша қаражаттарын өндіріс және сауда кәсіпкерлеріне қарызға беру көптеген кедергілерге соқтырып отыр. Біріншіден, қарызға ұсынылып отырған капитал мөлшері, қарыз мөлшерінің сұранысына сай болмауы мүмкін. Мысалы, А 100 мың бос ақша қаражаттары бар, бірақ қарыз алушыға 200 мың теңге қажет. екіншіден, олардың меншік иелеріне ақша капиталдарын босату мезгілдері қарыз алушылардың мезгілдермен көбінесе сәйкес келмейді; мысалға А капиталистінде бос ақша капиталы бір айға босауы мүмкін, ал Б капиталистіне қосымша ақша каражаты екі айға қажет болуы мүмкін. Және үшіншіден, қарыз берушілердің қарыз алушылар туралы мәліметсіздігі, яғни борыш төлеуі туралы .
Банктердің делдалдастықтары осы кедергілерді жояды. Банктер әр түрлі көлемдегі және әр түрлі уақыт ұзақтылығына арналған салымдарды шоғырландырады, соның нәтижесінде іскер капиталистерге қажетті көлемде және қажетті уақытқа несие бере алады. Сонымен қатар, несие операцияларын жүргізуге мамандандырылған банктер, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін жақсы анықтай алады.
Несиедегі делдалдықпен банктердің басқа функциясы - төлемдегі делдалдықпен тар байланыста. Өз операцияларын ұйымдастыруда, өндірістік және сауда капиталистерімен касса жүргізумен айналысады. клиенттің ақшалардың қабылдау және төлеумен олардың ақшаларын жинақтау, барлық ақша түсімдерін жазу, лайықты шоттарға аудару және т. б. Төлемдерде делдал ретінде банктер өз клиенттері үшін осы операцияларды жүзеге асырады. Өндірістік және сауда капиталистері банктердің төлем делдалдастығына мүдделес, өйткені ақша операцияларын және банкілерде есеп-қисаптардағы кассирлардың штатын ұстауына, бухгалтерлердің және есеп жүргізушілердің және т. б. шығындарды қысқартады.
Банктердің ерекше функциясы - ақша табыстарын және қорланымдарды мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру. Қоғамның әр түрлі топтары келешек шығындар үшін қысқа немесе ұзақ мерзім көлемінде қаражат жинақтайды. Ақшалы табыстар және жинақтаулар банктер немесе басқада несиелік ұйымдарсыз өздері өздігінен капитал бола алмайды және олар өлі қазынаға айналар еді. Банктер, сонымен қатар басқа да қаржылық институттар ақшалай табыстар және жинақтауларды салымдар түрінде шоғырландырып, нәтижесінде олар қарыздық капиталға айналады. Соңында банктер өндірістік және сауда компанияларына осы қаражаттарды ұсынады, олар өз кезегінде өндіріске еңгізеді. Сонымен ақшалай табыстар және жинақтар банкілер арқасында, ақыр соңында, капиталға айналады.
Банктердің функцияларының бірі - металл ақшаның орнын басатын несие құралдарын шығару.
Қарастырылған функцияларды орындауда банктер:
- Банктердің қарыз капиталын кәсіпорындарын ұлғайтуға қолданатын кәсіпкерлерге беруі;
- Қолма-қолсыз есеп айырысулар, несиелік карточкаларының дамуына байланысты кассалық операцияларды біріктіру негізінде өндірістік емес шығындарды азайту;
- Ақша қаражаттарын және жеке тұтыну табысын жұмылдыру арқылы қосымша капиталды ұйымдастыру [1] .
Пассивті операциялар табыс оперцияларының нақты көлемін және масштабын анықтап көрсетеді. Осымен байланысты пассивтерді басқару арқылы ресурс потенциалын өсіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету сұрақтары ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Банктік қызметтің механизмінің негізі - коммерциялық банктің ресурстық базасы. Банк пассивтарының анализі, оған сеніп тапсырылған қаражаттардың қаншалықты қорғалғандығы және банктердің тұрақтылығын көрсетеді.
Міндеттемелерге анализ жасау арқылы банкте жасалатын басқарудың қаншалықты сауаттылығы туралы айтуғу болады.
Қазақстанның көптеген банктері үшін ресурстарды оптимизациялау сұрағы өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі «БТА» - ның рөлі, орны және функциясын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі «БТА» - ның рөлі мен орнын, оның қызметінің, функцияларының және операцияларының ұйымдастырушылық-құқықтық негізін зерттеу.
- 2006, 2007, 2008 жылдардағы банктің қаржылық жағдайын талдап, қаржылық жағдайының тұрақтылығына, өтімділігіне, іскерлік активтілігіне, пассивтері мен активтеріне талдау жүргізу.
- Банктің жаңа перспективті бағыттарын талдау-приватизация, төлем қатынастарын дамыту, зейнетақы реформасыны қатысуы, банк ісінің әлемдік даму тенденцияларынан қалмауға ұмтылуы.
- Салыстырмалы талдау үшін «Темірбанк» банктің депозиттік операцияларының дамуын қарастырдым.
Дипломдық жұмысты жазуда ғылыми негіз болған есептік және нормативтік әдебиеттер (пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетілген) . Практикалық негізі болған «БТА» - ның материалдары: газеттер, журнал статьялары, үкімет қаулылары, қаражат-тық есептеу нәтижелері.
Талдау нәтижелерін интерпретациялауда менің қолданған ақпараттарымның келесі жетіспеушіліктерін назарға алған жөн:
- «Панорама» және «Деловая неделя» газеттеріндегі ақпараттардың тар шеңберлілігі және бір жақтылығы.
- Көбінесе өзекті мақалалар бір мақалаға біріктіріледі, ал өзекті еместерін терең зерттейді. Мұндай есептеулер қаржылық талдауды қиындатады.
Жұмыстың методологиялық негізі-Қазақстан Республикасының банк ісі туралы заңнамалық базасы, білікті экономистердің монографиялары, ағымдық баспалар және Ұлттық банктің статистикалық мәліметтері.
1. ДЕПОЗИТТІК САЛЫМДАР - БАНКТІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІСІ
1. 1 Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың түрлері және оларды ұйымдастыру
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады. Банктік тәжірибеде барлық таратылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен 2 топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар;
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит (латын тілінен аударғанда depositium - сақтауға берілген зат) - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі - бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
З. С. Каценеленбаум банктік депозитті зерттей келе оның артықшылығы - екі табиғилығында екендігін айтып кетті: «Депозит салымшылары үшін потенциалды ақша болып табылады. Салымшы чек жазып басқадай бір соманы айналысқа жіберуі мүмкін. Сонымен қатар «банктік ақшалар» пайыз әкеледі. Олар салымшылар үшін екі мағынада қолданылады: бір жағынан ақша рөлін, ал екіншіден пайыз алып келетін капитал рөлін. Қолма - қол ақшалардан депозиттің артықшылығы, ол пайыз алып келеді, кемшілігі капитал алып келетін пайызбен салыстырғанда депозит аз пайыз мөлшерін әкеледі. Бұл төмен пайыз келеңсіз жағдай емес, банктің табиғи жағдайы. Капиталдан түскен пайыз мөлшері мен депозиттен түсетін пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырмашылық активті операциялардан алынатын пайыз мөлшердің ¼ бөлігін құрайды. »
Жоғарыда айтылғаннан көріп отырғанымыздай депозит салымшыға ғана емес банкке де тиімді. Көптеген депозиттер банк үшін қарыз капиталын құрайды және кейіннен банк оны тиімді шаруашылық саласына салу мүмкіндігі бар. Депозит бойынша пайызбен қарыз капиталынан түсетін пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырмашылық банкке бос ақша қаражаттарын тартқаны үшін және қарыз капиталын жүзеге асырғаны үшін сыйақы болып табылады. Банктердің осы сыйақы көлемін жоғарлатуы олардың өзіндік «болжанған салымдар» арқылы ресурстық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Депозит деп әдетте клиенттердің банкке белгілі - бір талаптарының бар екендігін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі [2] . Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігінен құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті депозиттік операциялар банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент - банктердегі шоттарда орналасуымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартуымен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымшылардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестіктері нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттер мынадай топтарға бөлінеді:
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар;
Сондай - ақ оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзіміне қарай;
- салым иелерінің категорияларына байланысты;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары;
- тағы да басқалары.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шотттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты. Әртүрлі төлем құжаттар арқылы қолма - қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдық есептеулерге негізделген. Мұндай шоттарды ашу ынтасы банктер арасындағы келісімдер негізінде есеп айырысу операцияларын жүргізуге деген қажеттілік, төлемдер жасау және ақша қаражаттарын өз иелігіне алу мүмкіндігіне байланысты клиенттер жағынан туындайды. Бұл шоттар бойынша қаражаттар қозғалысы (түсімдер және сызып тастау) қолма - қол ақшалар, чектер, аударымдар және басқа да есеп айырысу құжаттарымен жүзеге асырылады.
Талап етуіне дейінгі депозиттеріне сонымен қатар корреспонденттік шоттар жатады. Олар біржақты тәртіп бойынша есептеу және төлем жүргізу немесе екі жақты келісім мақсатында корреспонденттік банктерде ашылады[3] . Көрсетілген банктің басқа банктегі корреспонденттік шоты «настро», ал берілген банктің басқа басқа банк үшін ашқан корреспонденттік шоты «ларо» деп аталады. «Ларо» және «настро» шоттарын банктер арасындағы жасалған келісім - шарт негізінде ашады.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай - ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарында сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ақшаларды алу және салу кез - келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма - қол формада да чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме ретінде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап ететін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі бар. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады. Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.
Көптеген коммерциялық банктерде талап етуге дейінгі депозиттік шоттар тартылатын қаражаттар құрылымында жоғарғы меншікті салмақты иеленеді. Ереже бойынша бұл ең арзан банктік ресурстарды қалыптастырудың көзі болып табылады. Жоғарғы мобильдікке байланысты талап етуге дейінгі депозиттік шоттардағы қалдық бірдей емес, кейбір кездері өзгермелі. Шот иесінің кез-келген уақытта қаражаттарды шоттан алуының мүмкіндігінің барына байланысты банк айналымға қолма - қол жоғарғы икемдігі бар активтер көлемін жоғарлатуы қажет және сондай - ақ активтердің жоғарғы табысын алып келетін жоғары икемділікке қарағанда төмен икемділіктерді азайту қажет. Осы себептерге байланысты бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардағы қаражаттардың жоғары қозғалмалығына қарамастан, олардың төмендетілмейтін қалдығын анықтауға және несиелік ресурстардың тұрақтылығы ретінде қолдануға болады. Банктік тәжірибеде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шотттар түріндегі Нау - шотты және куәландырған чектер сияқты депозиттер де кеңінен қолданылады [4] .
Нау - шоттар - бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді.
Куәландырылған чектер - бұл банктің шоттағы қаражаттарының барлығын чектер арқылы куәландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтардың болуының талап етілуі;
- салымшылардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Банкте орналастырылған клиент қаражаттарының пайдасын жоғарлату және банктер үшін тұрақты несие ресурсын құру мақсатында талап етуге дейінгі депозиттік шоттарындағы қаражаттар көлемін «мерзімді» депозиттік шоттарға ауыстыру келесі формуламен жүзеге асырылады:
(1)
Мұндағы, А - депозиттік шоттарға ауыстыру мүмкіндігі бар есеп беру және ағымдық шоттарда бір жыл уақытына сақталатын қаражаттар көлемі;
О ққ - бір жыл ішіндегі есеп беру және ағымдық шоттардағы орташа қалдық қаражаттары;
А н - бір жыл ішіндегі есеп беру және ағымдық шоттар бойынша несиелік айналым.
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі - бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын - ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма - қол ақша ретінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, пайыз шот иесі айыппұл төлеуге міндетті. Мерзімді депозиттің оның белгілі - бір мерзімі бар, ал бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорынның және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын - ала белгілі - бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырылған қаражаттарын білдіреді.
Бұл салымның ерекшелігі талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын - ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті - мерзімді депозиттер;
- алдын - ала алуы ескертілген мерзімді депозиттер.
Меншікті - мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі;
- 30 күнге дейінге;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын - ала хабарлау депозиттері
бойынша міндетті түрде өтініші талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын -ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз бөлінеді. Әдетте алдын ала хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі жеті Б тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын - ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Мерзімді депозиттер клиент пен банк арасындағы келісім бойынша толтырылады. Банктер депозиттік келісім - шарт формасын құрады және оның әрбір жеке депозит бойынша өз ерекшелігі бар. Келісім - шарт екі данада жасалады: бір данасы салымшыда ал, екінші данасы банктің депозиттік немесе несиелік бөлімінде сақталады. Келісім - шартта депозиттің сомасы, салу мерзімі, пайыз көлемі, салымшының міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары, екі жақтық келісім бойынша міндеттемелерді сақтау жауапкершілігі, таласты шешу тәртібі қарастырылады.
Әлемдік банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттер мен мерзімді депозиттер арасында жинақ салымдары елеулі орын алады.
Шетелдік тәжірибеде жинақ салымдарының депозиттік салымдардан ерекшелігі, олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымшылардың жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған дербес шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдар мен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндік бар. Мерзімдік депозиттер және жинақ салымшылары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді. Жинақ салымшылардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымшылардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады [5] .
Отандық банктердің тәжірибелерінде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады, ал шетелдік тәжірибеде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға да ашыла береді. Отандық банктердің тәжірибелерінде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдар;
- ақшалай - заттай ұтыс салымдар;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын - ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz