Банк ішіндегі банктер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық банктің активтерін тиімді басқару БТА Тараз филиалы мысалында диплом жұмысы

Мазмұны

Кіріспе4

1 Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы, басқару ерекшеліктері6

1. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы6

1. 2 Акционерлік банктердің активтерінің сипаты мен сапасы12

1. 3 Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері14

2 «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ы Тараз филиалының активтерінің сапасына талдау24

2. 1 «Тұран Әлем банкі» АҚ-ң даму тарихы мен мінездемесі24

2. 2 Банктің активті операцияларына құрылымдық талдау31

2. 4 Активті операциялардың негізгі бөлігі ретіндегі несиелік операцияларына баға беру36

2. 5 Банктердің активтерінің сапасын арттыру жолдары40

Қорытынды49

Қолданылған әдебиеттер50

Кіріспе

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.

Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:

1) касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;

2) несиелер;

3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

4) банктің ғимараты мен жабдыктары ;
Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің
көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Бұл жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша нақты әдістемелерді жасауда емес, мұндай талдауды жүргізу қажеттілігін анықтау. Коммерциялық банктер қаржы жағдайын бағалау құралдарды жетілдіру, Қазақстандағы кемшіліктерді анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта камерциялық банктердің активтерін тиімді басқару мәселесі банк тажірибесінің маңызды проблемасы болып саналады.

Коммерциялық банктердің активтерін тиімді басқару проблемасы-бұл банк теориясындағы жуткілікті қиын тақырып. Қазір әрбір банк активтерді басқару жөніндегі жұмысты өз бетінше жасайды. Бұл нарықтың әртүрлі сегметерімен байланысты, онда банк жалпыға бірдей методикасы жоқ активтерді басқарумен жұмыс істейді. Сондықтан да, банктік қызметтер нарығында банктің қызмет етуі мен жағдайының ерекшеліктерін есепке ала отырып, нарықтың әрбір қатысушысы бұл проблеманы жеке зертеуі қажет.

Коммерциялық банктің активтерін тиімді басқару нарықтағы тенденция туралы нақты белгілі бір уақыт аралығында ақпаратты жинау, талдау және өңдеу ұйғаратын процесс.

Банктің барлық активтері оның портфелінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Активтерді басқару банк портфелінің құрамын, оның көлемін және пайдалылығын талдауды ұйғарады. Бәсеке жағдайында банкте несие саясатын анықтайтын ақша қозғалысын бағалау мен болжаудың бар болуы қажет.

Шет елдерде іс жүзінде кез-келген банктерде активтерді басқару жөніндегі комитет қызмет ететінін атап өту керек. Бұл комитет несиенің реттеуші қасиетін есепке алатын стратегиялық өңдеулерді жүзеге асырады. Шығындарды бақылауды, сондай-ақ салықтық жоспарлау және банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша тәуекелділік денгейін осы комитет атқарады.

Басқаша айтқанда, ресурстарды басқару жөніндегі комитет банктік активтердің портфелді басқаруын жүзеге асырады. Басқарудың портфельді әдісі - барлық қазіргі кездегі ақшалай және соның ішінде банктік теорияның негізі. Портфелді талдаудың мақсаты шешім қабылданатын белгілі бір кезең ішінде табысты барынша жоғарлатудан тұрады. Сонымен бірге портфелді талдау кезінде тек шекті табыс қана емес, сондай-ақ тәуекелділік элементі, оны барынша төмендетуге талпынуы есептелінеді. Сонымен, портфель проблемасы алғашқы көзқарасқа қарағанда, біршама қиын болып көрінеді. Оның шешімі қарама-қарсылық тұтастығының жетістігімен байланысты, дәлірек айтсақ-бір жағынан, жоғары табысты қамтамасыз ету, екінші жағынан-төменгі тәуекелділікті, яғни өтімділікті қамтамасыз ету. Портфелді әдіс активтердің әртүрлі түрлері бойынша табыс мөлшерін есептеу немесе салыстыруды талап етеді.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты акционерлік банк активтерінің сипаты мен сапасын анықтау, оны басқару ерекшеліктерін қарастыру және активтерді басқару шеңберінде банктің ары-қарай жұмыс істеуіндегі ұсыныстарды талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

-банк активтерінің мәнін ашу және зерттелінетін проблеманың жағдайын теориялық зерттеу;

-белгілі бір кезең ішінде банк қызметін экономикалық талдау және банктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын анықтау;

-жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған материалдарды талдап қорыту және қорытындыны құру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеу обьектісі ретінде «. Банк Тұран Әлем» АҚ ЖФ қаржы жағдайы табылады.

1 Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы, басқару ерекшеліктері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы

Қазіргі кездегі банк - бұл ақша қаражаттар мен жинақтарды жұмылдыратын несие ұсынатын, кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар арасындағы есеп айырысуларды орындайтын, құнды қағаздар шығаратын және тағы басқа қаржылық мекеме. Банктер өзінің қызметіне байлансты орталық, коммерциялық, арнайы, ұжымдық, ипотекалық және әмбебап болып бөлінеді. Меншік формасына қарай олар мемлекеттік, акционерлік жеке, ұжымдық, муниципалдық және халықаралық болып бөлінеді. Банк жүйесі - бұл осы немесе басқа елдегі әртүрлі банктер және банктік институттардың жиынтығы және мемлекеттің ақша - несие жүйесінің негізін көрсетеді. Коммерциялық банктердің активтерін төрт категорияға бөлуге болады: кассалық қолма - қолды және оған теңестірілген қаражаттар; құнды қағаздарға инвсетиция; ссудалар; ғимараттар мен жабдықтар. Активтерді басқару проблемалары алғашқы үш категориядағы қаражаттарды таратудан болады.

Банктердің және қаржылық емес фирмалардың әртүрлі айырмашылықтары бар. Коммерциялық банктер активінің көп бөлігі қаржылық талаптармен ұсынылған. Банктердің жер және ғимараттарға салымдарынан гөрі, қолма-қол ақшалай қаражаттары басымырақ. Өнеркәсіптік компанияның қаржылық талаптары кредиторлық қарыз және уақытша жинақталған артық қалдықтардың бөлігімен шектеледі.

Банктер мен өнеркәсіптік фирмалардың актив құрылымындағы айырмашылықтар олардың пайда табудағы коммерциялық қызметіндегі міндеттемелердің көрінеді. Өнеркәсіптік компания шикізаттар мен материалдардан жасалған тауарларды өткізе отырып пайданың көп бөлігін алады . Өткізуде дайын өнімдер қоймада сақталса, ал өндірісте қазіргі мекемелердегі орнатылған қымбат жабдықтарды қолданып шикізат тауарларының қорын қолдауды талап етеді. Банк пайдасы, яғни келешектегі ақша төлемін куәлендіретін, вексель, облигация және басқа да қаршылық құжаттарды ұстаушы банктердің, несиелік және инвистициялық операциялардан түседі.

Әлемдік тәжірибедегі банктік бақылау және реттеу органдары коммерциялық банктерден қолма-қол формадағы немесе талап етуге дейінгі формадағы қаражаттар бөлігін басқа банктердің шарттарында ұстауын талап етеді. Сонымен қатар, кассалық нақты ақшалар ақша майдалауға, салымдарды қайтаруға, әртүрлі операциялық шығындарды өтеуге және ссудалар сұранысты қанағаттандыруға, персаналдарға жалақы, әртүрлі материалдар мен шикізаттарға төлем үшін қажет. ''Қолма-қол ақшалар және оғантеңестірілген қаражаттар'' бабы резервті банктердегі шаттарына инкассалау барысындағы банкноталар және тиындар, сондай-ақ төлем құжаттарын жатқызамыз.

Банктің міндетті резервтері. Әлемдік тәжиірибедегі коммерциялық банктер талап етуге дейінгі салымдардың белгілі бір үлесін, мерзімді және жинақ салымдарын қалдық формасында резервті банк шотында, не сейфтегі кассалық қолма - қол ақша түрінде ұстауға тиіс. Талап етуге дейінгі салымдар - бұл корреспонденттік банктегі ағымдық ностро қаражаттары және инкассаға басқа да төлем құжаттарының есебімен талап етуге дейінгі салымдары. Міндетті резервтердің саласы банк класының, салым түріне және көлеміне байланысты. Мұндағы басқарушылар кеңесі барлық банк класстарына әртүрлі нормалар бекіте алады. Ол резервтерді реттеу мақсатында қала категориясын өзгерте алады. Ол резервті қалаларда орналасқан банктерге міндетті резервтер нормасын шектеуге мүмкіндік береді. Резервті қорлардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі талап етілген резервтер көлемінен екі процент аспаса, келесі есеп беру кезіне ауыстырылуы мүмкін. / 9 /

Сейфтегі қолма қол ақшалар.

Банк активтерінің бұл категориясына банк сейфтерінде сақталатын банкноталар және тиындар жатады. Қолма - қол ақшалар міндетті резервтердің құрамды бөлігі болып табылады. Банк басшылығы олардың көлемін қауіпсіздік үшін азайтуға тырысады. Кассалық қолма - қолдықты қорғау және сақтандыру шығындары едәуір көп, ал қолма - қол ақшалар табыс әкелмейді.

Әр банктің кассалық қолма - қолдықты тұтынуы бірдей емес, өйткені кейбір банктер қолма - қол ақшаларды есеп айырысу үшін жиі пайдаланады, ал кейбірі чектерді пайдаланады. Көп банктер қолма - қол ақшаға сұранысты мерзімдік ауытқуға кезігеді. Банктердегі қолма - қол ақшалар егін жинау, мерекелер кезінде уақытша өсуі тиіс. Қолма - қол ақшаның қорына банктың орналасқан жері әсер етеді. Резервті банктерден алыс орналасқан банктердің қолма - қолдық кассасы, қолма - қол ақша көзіне жақын орналасқан банктерге қарағанда жоғары деңгейде болуы тиіс. Өйткені, салымшы ақшасын талап еткенде ақшасы кешке қарай болады деу ыңғайсыз. Сондықтан, провинциялық банктерде қалалық банктермен салыстырғанда салымшылар мен қолма - қол ақшасы басым. /10 /

Банктер ұсынатын қызметтер шығындарының өсуі көптеген банктердің корреспонденттік қатынастан комерциялық негізге ауыстырады. Бұл өз кезегінде корреспонденттік банктер қолданатын ерекше қызметтерге төлемдер бекітуді талап етіп, қызметтерді ұсыну шығындарын корреспонденттік шоттағы қалдықты табысталған табыстар толық өтеуі тиіс.

Құнды қағаздарға инвестиция.

Әлемдік коммерциялық банктер өтімділікті жоғарылатуға, табысты ұлғайтуға, сонымен қатар жергілікті билік органдарының салымдарына міндеттемелерді қамту үшін құнды қағаздарды сатып алады.

Банк өтімділігін қамту үшін басқа да құнды қағаздарға салады: коммерциялық қағаздар нарығында айналатын, банктік акцепттер, делдалдық ссудалар және тауарлы - несие корпорациясының сертификаттары.

Банктік ссудалар.

Табыс алудағы коммерциялық банктердің негізгі қызметінің түрі болып әртүрлі несиелік операцияларды араластыра ссудаларды ұсыну табылады. Банк басшылығы табыс алудағы басты міндетті клиенттердің несиедегі қажеттілігін қанағаттандыру деп санайды. Нақты несиелік мәміленің өтімділік дәрежесін екінші кезекке қояды. Банк басшылығы “несие портфелінің” ішіндегі қаражаттарды бөлу сұрақтарын шешуі тиіс, яғни уақытын созып сатып алуды несиелендіру, ссуда - өндірістік компанияларды, жылжымайтын мүлікті және тағы басқа ссудалар түрінің арасындағы, Мұндай бөлудің негізі салыстырмалы несие табыстылығы, сонымен қатар заңмен бекітілген шектеулермен әртүрлі несиеге сұраныс болып табылады.

Активтерді басқару

Банк қаражаттарын әртүрлі актив түрлеріне орналастыру реттеуші заңдар мен актілерге, жоғары өтімділік деңгейін қолдау қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне байланысты болады. “Өтімділік - пайдалылық” диллемасын шешуде активтерді басқарудың 3 келісіміне келуге болады. Олар активтерді басқару барысынан мүмкін баламаларды бағалаудағы сандық талдау қандай дәрежеге дейін қолданылатындығынан жасалады. Осы әдістердің ешқайсысын ойдағыдай деп снауға болмайды, өйткені әрқайсысының қасиеттері мен кемшіліктері бар. Әр әдісте коммерциялық банктің нақты мәселесін шешуде қолданылатын элементтері бар. Оның жай түрі болып бірінші әдіс, яғни жалпы қаражат қоры табылады. Бұл әдісті көптеген банктер қаражаты артылған кезеңде кеңінен қолданады. Екінші әдіс активтерді бөлуде біріншідегі кейбір кемшіліктерді өткерумен байланысты болады. Үшінші әдіс басқару мен талдауды ғылыми әдістерді қолданумен байланысты, әдетте ЭЕМ-ді қолдану арқылы. / 14 /

Банкпен қандай әдіс таңдалмаса да әртүрлі активті қаражаттарын орналастыруда банк басшылығы әр категория Ішіндегі несиелер мен инвестиция түрлерінің арасындағы және активті операциялар арасындағы тәуекелділік пен пайдалылық қатынасы туралы ұмытпайды. Максималды пайда алу мақсатына жетудің ұтымды құралы болып активті операциялардан шекті табыспен қаражат тартудан шекті шығындарды мұқият салыстыру табылады.

Жалпы қаражат қоры әдісі.

Коммерциялық банк басқарушысы жауапты қаражатты орналастыру талап етуге дейінгі салымдар, жинақ, мерзімді салымдарды, сонымен қатар банктің меншік капиталын қоса есептегендегі әртүрлі көздерінен түседі. Қарастырылған әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру жатыр. Одан кейін жиынтық қаражаттар ыңғайлы саналатын, активтердің түрлері арасында бөлінеді. Жалпы қаражат қоры моделіндегі активті операцияларды жүзеге асыруда қандай қаражат көзінен түскендігі банк мақсатына жету кезеңінде ескерілмейді.

Бұл әдіс банк басшылығынан өтімділік және пайдалылық принциптерін тең сақтауды талап етеді. Сондықтан бұл принциптерге толық сәйкес келетін, активті операция қаражаты түрлеріне орналасады. Қаражаттарды орналастыру белгілі бір басымдықтарға сәйкес орындалады, олар өтімділік пен пайдалылықтың сәйкестенуі мәселелерін шешуге басшыға жедел көмектесу. Жер учаскесін, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті инвестрлеу сұрақтары әдетте бөлек қарастырылады.

Біріншілік резервтер.

Қаражат орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші міндет бірінші кезекті резервтердің үлесін бекіту болып табылады. Активтердің бұл категориясы функционалды сипат алады, олар коммерциялық банктердің баланстық есеп беруінде болмайды. Бұған қарамастан банкирлер оған үлкен мән беріп, бірінші кезекті резервтегі активтерге енгізеді. Өйткені, олар салымдарды қайтаруда және несиелік сұранысты қанағаттандыруда лезде қолданылуы мүмкін. Бұл - коммерциялық банк өтімділігінің басты көзі. Көп жағдайда резервті банк шотына қарасты қаражатқа енетін “басқа банктердің қолма - қолдығы және қарызы'' бабындағы біріншілік резерв активі орнында болады, яғни сейфтегі қолма-қол ақшалар, чектер сонымен қатар инкассациялау барысындағы басқа төлем құжаттары .

Банк башылығының пікірінше күнделікті есеп айырысуға жеткілікті қолма-қол ақшаның қалдығы, салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ететін міндетті резервтер бірінші кезекті резервтерге жататындығын айта кету керек. Тәжірибедегі біріншілік резервтегі қаражат көлемін әдетте барлық бірдей банктердің салым сомасына немесе барлық активтер сомасына қатынасы анықтайды. Банк құрылымы активтерінің 14% түскен қаражатын кассалық қолма - қолдық түрде бірінші кезекті резервтер проблемасын шешуге қалдыру керек .

Екіншілік резервтер.

Қаржы таратудағы екінші міндет белгілі бір табыс әкелетін ''кассалық емес'' өтімді активтерді құру болып табылады. Бұл резервтер қолма - қол қаражатқа тез айналатын, аздаған тәуекелді және аздаған шығынды жоғары өтімді табысты активтерді ендіреді. Екіншілік резервтің негізгі қазынасы біріншілік резерв көздерін толтырады. Соңғысы сияқты бұл экономикалық категория және банк баланысында көрінбейді. Екіншілік резерв активіне әдетте құнды қағаз портфелін құрайтын, кейбір жағдайда ссуда шотындағы қаражаттар жатады .

Екіншілік резервтердің көлемі жанама түрде салымдар мен ссудаларды өзгеретін факторлармен анықтаймыз. Екіншілік резерті салымдары және несиелер көлемі тұрақты банктерден гөрі, несиге сұраныс және салымдар сомасы қатты ауытқуы банктерге қажет.

Біріншілік резервтер сияқты, екіншілік резервтерде де жалпы қаражат көлемінен белгілі бір процент бекітеді . Жалпы банк жүйесі өтімділік индикаторының мысалы ретінде барлық коммерциялық банктердегі жалпы салым санасына қолма - қол ақша және үкіметтік қағаздар қатынасын көрсететін коэффициенттер қолданылады.

Несие портфелі.

Жалпы қаржы қоры әдістері бойынша қаражат таратудың үшінші кезең - несие портфелінің қалыптасуы. Банк біріншілік және екіншілік резервтердің мөлшерін анықтаған соң, ал өз клиенттеріне ссудалар ұсына алады. Бұл табыс әкелетін, маңызды банк қызметінің түрі. Ссудалар - банк активтерінің аса маңызды бөлігі, ссудалар бойынша табыс банк пайдасының басты көзі. Ссудалық операциялары банк қызметінің біруақыттағы және аса тәуекелді түрі болып табылады .

Табыс алу мақсатындағы инвестициялар.

Қаржы орыналастырудағы соңғы кезек құнды қағаз портфелінің құрамын анықтайды. Несиедегі клиенттер қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейінгі қалатын қаражаттар, салыстырмалы түрде ұзақ мерзімді бірінші сыныптың құнды қағаздарға салуға болады. Активтерді басқарудағы жалпы қаражат қоры әдісін қолдану банкке активті операциялардың категорисын таңдауға кең мүмкіндік береді . Бұл әдіс активтердің категориясы бойынша қаражаттарды бөлудің нақты критерисін көрсетпейді және «өтімділік - пайдалылық» дилеммасына шешім бермейді. Соңғысы банк басшылығының тәжірибесіне байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, жалпы қаржы қорындағы қаржының орыналастыруда өтімділікке басым назар аударды және талап етуге дейінгі салымдар, жинақ салымдары және негізгі капиталға қатынас бойынша өтімділік талаптарындағы айырмашылықтар ескерілмейді .

Қаражаттарды конверсиялау әдісі ретіндегі активтерді бөлу әдісі жалпы қаражат қоры әдісінің шектелуіне мүмкіндік берді.

Банк ішіндегі банктер.

Активтерді бөлу моделі тартылған қор көзінен банкке қажетті өтімді мөлшерін бекітеді. Бұл әдіспен міндетті резервтердің нормаларымен сәйкес қаржы көздерін шектемеуге болады. Мысалы, талап етуге дейінгі салымдар жинақ және мерзімдік салымдармен салыстырғанда міндетті резервтердің жоғары норманы талап етеді. Берілген модель әртүрлі көздерден банкпен тартылған қаражаттарды тартуда қолданатын, банктің ішінде бірнеше ''табысты орталықтар'' (немесе ''өтімділік орталықтары'') құруды пайымдайды. Бұл құрлымдық бөлімшелер басқада орталықтардың қаражатын орналастыруға қарамастан, бұл орталықтардың әр қаражатын орналастыратындықтан, ''банк ішіндегі банк'' деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, банктің ішінде бір бірінен ерекшеленген талап етуге дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі бар. Әр түрлі орталықтарға қаражаттардың өтімділігін және пайдалылығын бекітіп, банк басшылығын олардың әр орталыққа орналасу тәртібін анықтайды. Талап етуге дейінгі салымдар міндетті резервтерімен ең жоғарғы өтеуді талап етіп, жоғарғы жылдамдықпен айналады, кейде жылына 30 - 50 айналмға жетеді. Сәйкесінше, талап етуге дейінгі салымдар орталығына қаражаттың көп бөлігі бірінші кезекті резервтерге жұмсайды. Талап етуге дейінгі салымдар орталығындағы қаражаттар басқа құнды қағаздар және негізгі қорларға ораласпайды. Жинақ салымдары және мерзімді салымдар орталықтарының өтімділік талаптары бірнеше төменірек, сондықтан берілген қаражаттардың басым бөлігі ссудалар және инвестицияларға орналасады. Негізгі капитал өтімді активтермен өтеуді аса талап етпейді және ғимараттар мен жерге салымдар үшін қолданылады.

Осы әдістің басты артықшылығы ссудалармен инвестициядағы қосымша қаражат салымдарын және өтімді болып табылады, бұл пайда нормасының ұлғаюына әкеледі. Активтерді бөлу әдісін жақтаушылар жинақ және мерзімді салымдар және негізгі капиталға қарсы келетін өтімді активтердің артығын шеттетумен пайда нормасын жоғарлату. Бірақта бұл әдістің де тиімділігін төмендететін кемшіліктері бар. Бір клиенттер чектің көмегімен ақша алып жатқанда, керісінше, басқалары банкке ақша салып жатады, олар жыл ішінде бар болғанда 10% - ке ауытқуы мүмкін. Банк қызмет еткенінше, оның клиенттері алдындағы депозиттер бойынша қарызы минимумға тіреледі. Тәжірибе көрсеткендей, талап етуге дейінгі салымдарға салынған қаражат бөлігі ешқашан алынбай жоғары табысы ұзақ мерзімді құнды қағаздарға инвитрленуі мүмкін.

Бұл әдістің басқада кемшіліктері олардан пайдаланудан қаражат көзіне тәуелсіздігінен болады. Іс жүзінде ол бұлай емес. Мысалы, банкирлер - тәжірибегерлер фирмалардан көп салымдар тартуға ұмтылады, сондағы бұл фирмалар, осы банктегі ашылған чектін шоттан алады. Жаңа салымшыларды тарту біруақыттабанк міндеттемелерін, яғни жаңа салымшылар жағынан несиеге өтініштерді қанағаттандыруды білдіреді . Бұл дегеніміз жаңа салымдардың бөлігі бұл салымдар иесін несиелендіруге бағытталуы тиіс.

Басқа кемшіліктер жалпы қаражат қоры әдісі және активтерді бөлу әдісінде де кездеседі. Екі әдісте салымдарды алу мүмкіндігі және міндетті өтімділік резервтерінде кідіріс жасайды, себебі, клиенттерге несиеге өтінішін қанағаттандыру қажеттілігіне аз назар аударады. Бәрімізге мәлімдей, іс белсенділігі артқан сайын салымдармен несиелерде өседі. Егер банкке бекітілген міндетті нормалар резрвтердің басқа кезек түссе, салымды алуды өтеуге кішкене қосымша өтімді қаражат қажет, әсіресе банк экономисті банктің іс белсенділігі және салымдар ағыны кете бастауын толық айтқан жағдайда. Бұл жағдайда өтімді қаражаттар несиеге сұранысты өтеуді талап етіп, салымдардан гөрі несиеге сұраныс жоғары қарқынымен өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстаннның банк жүйесінің дамуы және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қазақстан Републикасының банк және несие жүйесі
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
ҚР Банктердің қазіргі жағдайы
Банк табыстылығын талдау
Несиелік мекемелердің түрлері
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz