ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 4
І Қазақстан Республикасының Орталық банкінің қалыптасуы мен құрылымы
1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның міндеттері мен мақсаттары . . . 7
1. 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы мен органдары . . . 10
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2. 1 15 жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі және ақша-несие саясаты туралы . . . 14
2. 2 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ Павлодар филиалының ұлттық валюта-теңгені енгізген сәттен бастап банк жүйесінің дамуы . . . 28
2. 3. Мемлекеттің алтын-валюталық резервтерін басқару және валюта өтімділігі . . . 35
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
Бақылау сапасы
К ІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халыққа Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, банк саласында сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет» деген. [4, 4б]
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-шараларды атқарады. [2, 4-бөлім]
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарын жүзеге асырады және оны іс жүзіне асуын қадағалайды.
2004 жылдың ішінде елдің қаржы секторын дамытуда да елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Жыл басынан бері қаржы нарығындағы барлық реттеу және қадағалау функциялары Ұлттық Банктен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне берілді. Несиелік қызмет банктің ең негізгі қызметі болып табылады, ал несиелік процесс - банктің жұмыс көрсеткішінің және оның менеджмент сапасының көрсеткіші.
Реттеу және қадағалау функцияларын бөлу ТМД-дағы жалғыз орталық банк болып табылатын, қызметі классикалық орталық банкке тән функцияларды орындауға толық шоғырландырылған Ұлттық Банктің ерекше мәртебесін айқындады.
Өмірдегі жаңа болмыстар Ұлттық Банк саясатындағы акценттердің орын алмасуына себеп болды. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, осыған қол жеткізу үшін Ұлттық Банк мынадай міндеттерді жүзеге асыруды жалғастырды:
1) мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің несие портфелінің сапасының жоғарылауында ерекше орын алады. [3, 31 бап]
1997 жылғы Базельдік комитеттің хатына сәйкес «Банк қызметіне тиімді қадағалау принциптерінің базасы» банктерде «қарыз алушылардың қаржылық жағдайын қосатын несиелік қатынастардың мониторинг жүйесінің болуы керек».
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Қазақстан экономикасы 2004 жылы қарқынды түрде дами түсті, бұл көп жағдайда жүргізілген реформалардың табыстарына, сол сияқты әлемдік экономикадағы қолайлы ахуалға байланысты еді. Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша - несие саясатының ауқымында инфляцияны төмен деңгейде ұстауға ерекше көңіл бөлінді. Айырбас бағамының саясаты саласында ақша сұранысы мен ұсынысы бағамның ауытқуы шеңберіне тәуелді теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимі сақталды, бұл Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтардағы бағалық бәсекелік қабілетін сақтауға және елдің әлемдік экономикалық кеңістікке шоғырлану дәрежесін жоғарылатуға ықпал етті. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие портфелін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Коммерциялық банктің несие саясаты - анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша - несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады.
Мерзімі өткен несиелерге қоржын қалыптастыру және қарыз операцияларын басқаруды толық жүзеге асырылмауының нәтижесінде пайда болған жағымсыз сәттерге келесі факторларды жатқызуға болады: несие саясатының құжаттарының жоқ болуы, несие портфелінің толық диверсификақиясының жоқ болуы, басқарма орталығының деңгейі рационалды болмауы, қарыз алушыны тексерудің жеткілікті болмауы, несиелік құжаттарды бақылаудың жеткілікті болмауы. [5, 279 б]
Қарыз операцияларын басқарудың мұндай жетіспеушіліктері несие портфелінің төменгі дәрежесіне әкеледі. Бұл жетіспеушіліктерге жетпеу үшін коммерциялық банктер қарыз операцияларын тиімді басқару қажет. Ол үшін несиенің қайтарымдылығына, мерзімділігіне, төлемділігіне көп көңіл бөлулері керек. Қарыз алушының несие қабілеттілігін, тәуекел түрлерін, оны шешу жолдарын анықтауы қажет және несие беруші банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген тәртіпте жоғалтуларды жабу үшін қор құруы керек.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты -ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан экономикасының дамуындағы функциялары мен жүргізетін операция-ларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы ақша - несие саясатының бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін бөлуге болады:
- ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары, міндеттері, атқаратын қызметтерімен танысу;
- ҚР Ұлттық банкінің жүргізетін ақша - несие саясатының құралдарының экономикаға тигізетін әсерін анықтау;
- ҚР Ұлттық банкінің функциялары мен операцияларын зерттеу;
- ҚР Ұлттық банкінің ақша айналымы мен алтын валюта резервтерін басқаруды қалай жүзеге асыратынын зерттеу;
- 2005 - 2007 жылдардағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттарын анықтау.
Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - коммерциялық банктердің несиелік портфелі. Несиелік портфель банк саясатында үлкен рөл ойнайды.
Зерттеу пәні - несие тәуекелі, қарыз алушылардың түрлері мен несие қабілеттілігі, несиенің қайтарымдылығы, мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі, несиелік құралдар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуда экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғ. С. Сейтқасымов және С. Б. Мақыштың оқулықтары қолданылды. Сонымен қатар Д. Т Ақышевтың, С. А. Аманжоловтың әдебиеттері мен мерзімді баспасөз мәліметтері, статистикалық басылымдар қолданылды. Негізгі құқықтық нормалар «ҚР Ұлттық банк туралы», «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» Заңдарынан алынды.
Әр мемлекетте Орталық банктер банктік жүйені басқаратын «моно» ұйым ретінде белгілі, олардың қызметі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің қаржы саясатымен байланысты заңдар негізінде құрылады. Тарих көрсеткендей шексіз нарықтық қатынастар қалыптасқан дамыған мемлекеттерде экономиканы дамытуда орталық банктер маңызды роль атқарады, өйткені олардың қарамағына заңмен бекітілген экономиканы тұрақты ұстап тұру және одан әрі дамыту үшін қажет барлық іс - шараларды жүзеге асыру құқықтары шоғырланған. Сол сияқты Қазақстанның экономикасын тұрақтандырудағы Қазақстан Республикасының Орталық банкі - Ұлттық банкінің ролі ерекше.
ҚР Ұлттық банктің функциялары мен операцияларының теориялық негіздері тарауында қарастырылған қызметтерінің түрлері, мерзімді салымдар, талап ету бойынша салымдар, жинақ салымдарының мәні, депозиттік саясаттың түсінігі, мәнділігі, қалыптастыру принциптері қарастырылған.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
- ҚР Ұлттық банкі, оның міндеттері мен мақсаттары
ҚР Ұлттық банкі Қазақстан экономикасын дамытуда және тұрақтандыруда аса маңызды роль атқарды. ҚР Ұлттық банк еліміздегі банк жүйесінің жоғары деңгейі болуы оған ерекше статус береді. Сондықтан Ұлттық банктің функциялары мен операцияларын тереңірек қарастыру өзекті мәселе болып табылады. Сол себептен осы сұрақты қанағаттандыратын жауапты іздеуге арналады. Сұрақтың өзектілігінің себебі - әрбір мемлекеттің экономикасының қай даму сатысында тұрғаны негізінен олардың қаржы - несие жүйесінде ерекше орын алып отырған және сонымен бірге олардың ақша - несие және қаржы саясатын жүргізуге бағытталған спецификалық функцияларды атқаратын Орталық банктеріне байланысты.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады. [5, 233]
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай - ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», соңғы сатыдан несие беруші ролін атқарады, ақша - несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша - несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар ақша тепе - теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша - несиелік реттеудің негізгі объекетісіне экономикадағы қолма - қол және қолма - қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие - депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. [1, 4]
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңына сәйкес күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алатын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотақиялар жатады. Ұлттық банк - дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныштағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, ол іс - әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік аламаса, Ұлттық банк та үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуа құқығы жоқ.
Заңның 9- бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз) ;
- орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі. [5, 235]
Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резевтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизақиясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. [2, 7]
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграқиялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша - несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік құқықтық құжаттар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассақиялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруіг ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша - несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми - зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды ж үргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктермен тартылған және келісім - шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан. Осыған байланысты Қазақстан экономикасындағы оң үрдістерді нығайтуға ықпал ететін маңызды фактор әлемдік экономикадағы ахуалдың жақсаруы болып табылды, оның өсуі 2004 жылы өсуі 4, 6% қүрады.
2004 жылы өнделмеген Мұнайдың әлемдік бағалары барынша жоғары көрсеткіштерге жетті. Әлемдік Банктің деректері бойынша өңделмеген Мұнайдың орташа "спот" бағасы тамызда бір баррель үшін 42, 1 доллар болды, бұл Мұнай бағаларына баға белгілеуді жариялаудың бүкіл тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылды. Тұтастай алғанда 2004 жылы өнделмеген Мұнайдың әлемдік бағаларының орташа деңгейі 2003 жылға қарағанда 25, 6% жоғары болды.
Қолайлы экономикалық конъюнктура сондай-ақ 2004 жылы ТМД-ның барлық елдеріндегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай тұрақтылығына ықпал етті. Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғары болды. Мэселен, бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі орташа алғанда Достастық елдері бойынша 8% (2003 жылы - 8%), өнеркәсіптік өнім - 7% (8%), бөлшек сауда айналымы - 13% (10%), негізгі капиталға инвестициялар - 14% (16%) болды.
ТМД елдерінің көпшілігінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және қаржылық тұрақтылық республика экономикасы өсунің 5 жыл бойы байқалып отырған үрдістерінің нығаюына ықпал етті. ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 5 жылда 52%-ға жуық болды, бұл Қазақстанға экономиканың даму қарқындары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік берді.
1. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы мен басқару органдары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің басқару құрылымы 1. 1. - сызбада көрсетілген.
Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, ҚР «Ұлттық Банкі туралы заңында», Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды. [7, 34]
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзіреті «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабына сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Ұлттық Банктің органдары болып табылады.
Заңның 19-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) Ұлттық Банктің жедел басқару органы болып табылады. [1, 3]
Директорлар кеңесінің құрамына Төраға, оның орынбасарлары, Төрағаның ұсынымы бойынша Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Директорлар кеңесінің құрамын Басқарма бекітеді (Заңның 19-бабы) . Қазіргі уақытта оның құрамында 14 мүшесі бар.
Директорлар кеңесі Заңға сәйкес Ұлттық Банк Басқармасының және Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Ұлттық Банктің жүргізуіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорлар кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіліп тұрады.
Директорлар кеңесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 25-тармағында айқындалады.
Директорлар кеңесі жұмысының, қаулыларын ресімдеу, Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісу және қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2000 жылғы 3 қазандағы № 400 қаулысымен бекітілген Директорлар кеңесі жұмысының регламенті айқындайды.
Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін және жоспарлы жүргізілуін көтеру мақсатында тоқсан сайын Директорлар кеңесінің жұмыс жоспары бекітіледі.
Әр жылдың бірінші тоқсанында Директорлар кеңесінің отырыстарында Ұлттық Банктің бөлімшелері басшыларының бөлімшенің өткен жылғы істеген жұмысы туралы есептері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкті туралы ереженің 26-тармағының 2) тармақшасына сәйкес) тыңдалады.
Басқарма
Директорлар кеңесі
Төраға
Төрағаның орынбасарлары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz