Қазақстанның ақша - несие саясаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС - ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Экономикалық ілім кафедрасы
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ: МАЗМҰНЫ,
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

Ғылыми жетекші
э.ғ.д., профессор
У.А. Текенов
________________2009 ж
Экономикалық ілім
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
Ү.С.Әлімбетов
________________2009 ж

Орындаған

ГУ- 04 тобы студенті
Ш.Қ. Қаирханова

Норма бақылаушы
Т.А. Абылайханова
________________2009 ж

Өскемен, 2009
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Мемлекеттің ақша - несие саясаты дамуының бағыттары 6
1.2 Валюталық саясат – экономикада сыртқы тепе-теңдікті қолдаудың
құралы 12
1.3 Ақша-несие саясаты құрамындағы инфляциялық таргеттеудің
маңызы 29
2 БАНКЦЕНТРКРЕДИТ АҚ ҚАЗАҚСТАН БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ
РОЛІ 34
2.1 Банк Центр Кредит АҚ жалпы сипаттамасы 34
2.2 Банк Центр Кредит АҚ активтеріне, пассивтеріне,
өтімділігіне талдау 39
2.3 Банк Центр Кредит АҚ қаржылық жағдайының тұрақтылығына,
бухгалтерлік балансына және іскер белсенділігіне талдау, банк
қызметінің тиімділігі 46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ 57
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75
ҚОСЫМША А 78

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы нарықтық реформалардың
ерекшелігі болып ақша-несие саясат мәселесі, негізінен валюталық
қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның
әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің
валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық
зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай
келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Ақша-несие саясатының өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар
және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу
пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және
ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте
өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және
оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі ақша-
несие саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру
мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар
жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы диплом жұмысы тақырыбының
өзектілігін толық растайды.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының негізгі
мақсаты: Қазақстанның ақша-несие саясатын және осы процеске пайдаланылатын
қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін жүргізілетін ақша-несие саясатын жетілдіруге
бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған
мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды
дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның
тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да
экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама
беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз
ететін экономикалық шараларды айқындау;
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық
көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын бағалауға
сараптама жасау;
- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының
ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат
механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында
Қазақстанның ақша-несие саясаты.
Зерттеу пәні ұлттық экономиканы ақша-несиелік реттеу процесінде
туындайтын қатынастардың жиынтығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін ақша-несие
нарығының жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық
немесе жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын
тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және
ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық
экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық
құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының ақпараттық негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің,
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік
актілері мен статистикалық мәліметтері, ақша-несие саясаты бойынша
министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері жұмыс
барысында пайдаланылды.
Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және
шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу
жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау
әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді
талдаудың көмегімен шешімін тапқан.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстанның ақша-несие саясатын
қалыптастыру мен реттеу, жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясын
жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған
Зерттеу жұмысы нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған
теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың ақша-несие саясатын
жүргізу мәселесі бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін ақырына дейін
жеткізуден көрінеді.
Диплом жұмысы құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан
тұрады.

1 АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттің ақша - несие саясаты дамуының бағыттары

Нарықтық экономикалы көптеген елдерде орталық банктер атқарушы
органдардан белгілі бір тәуелсіздікке ие, бұл олардың қызметінің
тиімділігінің кепілдігі ретінде қарастырылады. Алайда орталық банктің
тәуелсіздігі кез келген жағдайда салыстырмалы – бұл үкіметтік құрылымдар
шеңберіндегі тәуелсіздік. Орталық банк мемлекеттік экономикалық саясаттың
жасаушысы және өткізуші ретінде қарастырылады, ол мемлекеттік басқарудың
жалпы механизміне енгізілген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
қазіргі статусы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңымен бекітілген, онда алған рет орталық банк тарихында
оның тәуелсіздігі анықталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
жоғарғы бірінші деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі өз өкілеттілігі шеңберінде басқа елдердің орталық банктері және
банктермен қатынастарда, халықаралық банктермен қаржылық – несиелік
ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты: Қазақстан
Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі
мақсатты жүзеге асыруда Қазақстанның Ұлттық банкіне келесі міндеттер
жүктеледі:
1) мемлекеттің ақша - несие саясатын жасау және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу және валюталық бақылау жүргізу;
4) қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге әсер ету.
Ақша - несие саясаты экономиканы реттеудің мемлекеттік саясатының
бағыттарының бірі болып табылады. Реттеу объектісі ретінде ақша нарығындағы
ұсыныс және сұраныс есептеледі, ол жеке банктердің және банктік емес
ұйымдардың билік органдарының әрекеттері нәтижесінде өзгеріп отырады.
Мемлекеттің ақша - несие саясатын жүргізушісі орталық банк болып табылады.
Ол ақша эмиссиясының монополиялық құқығына, ақша айналымын несие және
валюталық курстарды реттеу құқығына ие. Сонымен бірге орталық банк
мемлекеттік бюджетке қызмет етуде үкімет агенті және банк жүйесінің
қадағалаушы органы болып есептеледі. Әр түрлі елдерде оны ұлттық,
эмиссиялық немесе резервтік банк деп атайды.
Орталық банк ақша - несие егемендігінің белгісі болып табылады. Ақша
- несие егемендігінің тұжырымдамасы бірнеше салаларды қамтиды:
- экономика, құқық және саясат. Ақша - несие егемендігіне алғаш
анықтама берген авторлардың бірі американ экономисті К.Курихара. 1949 жылы
ол былай деп жазды: Ақша - несие егемендігі ішкі экономиканы депрессияның
негативті салдарынан қоршауға тырысу болып табылады. Мұндай анықтама тым
арнайы болып табылады, өйткені Курихара 1920-1940 жылдардағы экономикалық
тарихты зерттеген. 1995 жылы югослав экономисті Д.Дукич мынандай анықтама
берген: Ақша - несие егемендігіндігі қазіргі мағынасында мемлекеттің
орталық банкі арқылы барлық қатынастарда ақша эмиссиясын реттеу және
экономикалық саясатпен жоспарланған міндеттерге жету мақсатында ақша -
несие саясатын жүргізу бойынша егеменді құқығын білдіреді.
Осыған байланысты егемендіктің бірнеше құрамдас элементтерін бөліп
көрсетуге болады:
- ақшаның монополиялық шығарылымындағы ұлттық үкіметтің артықшылығы;
- әртүрлі реттеушілік шараларды қолдану мүмкіндігі, соның ішінде
валюталық бақылау және капитал қозғалысына бақылау;
- ақша - несие егемендігінің дискрециялық өкілеттіліктері бар
белгісінің болуы (орталық банк институты);
- қалқымалы валюталық курс және сыртқы ақша міндеттемелері мен
келісімдерінің болмауы.
Ел ақша - несие егемендігін сақтаған жағдайда қандай тиімділіктер
алады?
Ең басты артықшылық экономикалық саясаттың тәуелсіздігі. Орталық
банк ақша - несие саясатының стратегиясын таңдауда кең мүмкіндіктерге ие.
Ресми долларизациядан өткен немесе валюталық басқармаға көшкен елдер мұндай
таңдауға ие бола алмайды. Екінші артықшылық сеньораждан кіріс алу
мүмкіндігі. Болжанбаған жағдайларды орталық банк ақша басып шығарып, бюджет
тапшылығын жаба алады. Дж.Кейнстің айтуы бойынша: Егер басқаша өмір сүре
алмаса, үкімет осындай құрал арқылы өмір сүре алады. Керісінше ел меншік
ақша қаражаттарынсыз ешқашан сеньораж алмайды. Ұлттық орталық банк соңғы
инстациядағы несиелеуші ретінде банк және қаржы аясының тұрақтылығын қолдай
алады. Басқа ақша жүйелерінде депозиттерді сақтандыру қорларын құруға
болады, бірақ олар қажетті икемділікке ие емес.
Кез –келген ақша биліктері нақты міндет - ақша - несие саясатының
нақты мақсатын жүзеге асыру үшін құрылады. Алтын стандарт кезеңінде соңғы
мақсат ретінде алтынға тұрақты бағаны қолдау болды, басқаша айтсақ
фиксациялы валюталық бағамды сақтау. Бреттон – Вудс жүйесі кезінде орталық
банк туралы заңдарда соңғы мақсат ретінде келесі жазылған ұлттық ақша
бірлігінің ішкі және сыртқы тұрақтылығы: төмен инфляция және тұрақты
валюталық курс. Қалқымалы айырбастау курстарына өтумен фиксациялы паритетті
қолдау бойынша міндеттеме автоматты түрде жоғалды және соңғы мақсат ретінде
бағалық тұрақтылық анықталды. Ол ретінде экономикалық әдебиеттерде шешімдер
қабылдауда агенттермен есепке алынбайтын бағалардың біраз өсімі түсініледі.
Идеалды жағдайда баға тұрақтылығы нольдік инфляцияны білдіреді, алайда
бірқатар техникалық себептерге байланысты (мысалы, статистика қателері,
ақпарат жаңатудағы кешігу және т.б.) орталық банк нольдік инфляцияға бағдар
алмайды. Нәтижесінде тәжірибе жүзінде бағалар тұрақтылығы бағалар
индексінің нольдік емес, ал үлкен емес оң мәнін білдіреді. Қойылған
мақсатқа сәйкес орталық банк бірнеше қызметтер орындайды:
- экономикалық өсудің ұзақ мерзімді мақсаттарына және төмен тұрақты
инфляцияға бағдарланған ақша - несие саясатын жүргізеді;
- бәсекеге қабілетті банк жүйесінің, қаржы нарықтарының дамуына
көмектеседі;
- төлем жүйесінің тиімді қызмет етуіне көмектеседі;
- үкіметтің қаржылық агенті ретінде әрекет етеді.
Ақша - несие саясаты белгілі бір қағидаларға яғни, орталық банктің
саясат жүргізу нормаларына негізделеді. Ақша - несие саясатын жүргізу
қағидаларына мыналар жатады:
- ақша - несие саясатының нақты номиналдық зәкірін таңдау;
- орталық банктің экономикалық және саяси тәуелсіздігі;
- орталық банктің қоғамға есептілігі;
- ақша - несие саясатының жоғары транспоренттілігі және ашықтылығы.
Елдің бағалық тұрақтылығын сақтау үшін ақша - несие саясатының
әртүрлі шектеулерімен эксперименттер жасалған, ол орталық банктің ақша -
несие саясатының аралық мақсаты болып табылады. Ақша - несие саясатының
номиналды шектеушісі ішкі ақшалар құнының өзіндік шектеу құралы болып
табылады. Ол екі қызмет атқарады, біріншіден бағалық тұрақтылықты қолдауға
көмектеседі, екіншіден номиналды шектеуші ақша - несие саясатының тәртібін
қамтамасыз етеді, нәтижесінде солай деп аталатын уақытша келіспеушілік
мәселесі жойылады. Бұл мәселе ақша биліктерінің экономикадағы қысқа
мерзімді міндеттерге артықшылықты маңыз беріп, ұзақ мерзімді мақсаттарға
көп көңіл бөлмеуіне байланысты пайда болады.
Орталық банк ақша - несие саясатын жүргізу барысында аралық
мақсаттарға таргеттеу жүргізеді. Таргеттеу терминінің айналасында (кейде
қазақ тіліндегі синонимі ретінде мақсатты қарастыру) көптеген даулар
туындаған, олар оның нақты анықтамасының жоқтығымен байланысты пайда
болған. Таргеттеу тым арнайы термин болып табылады және көптеген
экономикалық сөздіктер оның сипаттамасын бермейді. Таргеттеу дегеніміз
реттеу органының жауапкершілік аясына енетін мақсатты айнымалының сандық
бағдарларына жету үшін экономикалық саясат құралдарын қолдану. Осыған
байланысты орталық банк соңғы мақсатқа тура жете алмағандықтан аралық
мақсатты таргеттеу арқылы әрекет етеді. Халықаралық тәжірибеде таргеттеудің
бірнеше нұсқалары кеңінен таралған:
- инфляцияны таргеттеу: ақша - несие саясатының аралық мақсаты жоқ,
соңғы мақсатпен бірдей немесе ол ретінде инфляция болжамы болады;
- валюталық бағамның таргеттелуі: аралық мақсат ретінде ұлттық
валютаның айырбас бағамы болады;
- ақшалай таргеттеу аралық мақсат ретінде ақша - несие агрегаттары
есептеледі;
- номиналды кірісті таргеттеу: аралық мақсат номиналды ЖІӨ өсуі болып
табылады.
Ақша - несие саясатының ең қарапайым номиналды шектеушісі тұрақты
валюталық бағам болып табылады. Алайда, бірқатар жағдайларда айырбастық
бағамға тұрақты бағдар алу мүмкін емес. Сондықтан көптеген елдерде ақша
және инфляциялық таргеттеу сияқты ақша - несие саясатының басқа режимдерін
қолдануға тура келеді.
Ақшалай таргеттеу немесе ақша массасы өсімінің мақсатты бағдарларын
бекіту 1970 жылдардың екінші жартысында кең таралды. Сол кезеңде көптеген
елдер пайыздық мөлшерлеме және валюталық бағам таргеттеуінен бас тартып,
әртүрлі ақша агрегаттарының таргеттеуіне көшті: ішкі несие, ақша базасы
және т.б. Ақша - несие саясатының режимінің ауысуы себебі экономикаға әсер
ететін факторлар кезеңінің өзгеруі болды. Бреттон – Вудс жүйесі жойылды,
валюталық бағамдар еркін қалқуға жіберілді, нәтижесінде таргеттеудің
бұрынғы режимі пайдаланудан алынды.
1999 жылдың маусымында Англия Банкі орталық банктер басқарушыларының
Симпозиумын өткізді, ол ғаламдық контексттегі ақша - несие саясатының
модельдеріне арналды. Симпозиум барысында Англия Банкінің Зерттеу
Орталығының мамандары әлемнің 91 еліндегі ақша - несие саясатының шолу
нәтижелері туралы есеп берді. Олардың есебіне сәйкес соңғы 30 жылда ақша -
несие саясатында келесі траснформациялар жүргізілген:
- алдыңғы екі 10 жылдықпен салыстырғанда 1990 жылдары солай деп
аталатын ақша - несие саясатының анық аралық мақсаттары валюталық бағам,
ақша агрегаттары, инфляция сияқты айнымалыларды пайдалана бастаған. Анық
мақсат ретінде валюталық бағамы бар елдер саны 30 дан 47 – ге дейін, ақша
агрегаттарымен 18 ден 39 – ға дейін, ал инфляциялық бағдармен 8 ден 54 – ке
дейін өскен;
- көптеген елдер ақша - несие саясатының бірнеше анық мақсаттарын
таргеттейді.
Орталық банктердің 55 % -на жуыға ақша - несие саясатының бір
мақсаттан көбін анық таргеттейтінін хабарлаған. Инфляциялық бағдарға көшкен
елдердің тек 14 % ғана ақша - несие саясатының бір мақсатын пайдаланады.
1990 жылдары ақша - несие саясатының жаңа нақты анық мақсаттары
туралы хабарлаған жүздеген елдердің тек 22 ғана олардан бас тартты. 17 ел
валюталық бағамды таргеттеуден алыстаған. Тұрақты валюталық бағамның
түрлерінен бас тарту көбінесе валюталық дағдарыстар себебіне байланысты.
Португалия, Түркия, Испания, Македония, Чехия, Польша, Оңтүстік Корея,
Оңтүстік Африка Республикасы, Индонезия, Мексика, швейцария, Колумбия, Перу
және Ұлы Британия ақша агрегаттарын таргеттеуді тоқтатты. Ақша - несие
саясатының мақсаттарының ауысуының ресми түсіндірмесі келесідей: орталық
банктердің индикаторларының иерархиясында ақша массасының агрегаттарының
өсімі енді бірінші орын алмайды. Әзірге инфляциялық бағдардан бас тарту
жағдайы тіркелген жоқ.
Ақша - несие саясатының құралдарында басты орын операциялық
(тактикалық) мақсаттарға берілген. Оларды басқару орталық банктің
экономикаға әсерін анықтайтын ұзын трансмиссиялық тізімдегі алғашқы кезең
болып табылады. Ақша эмиссиясына монополиялық құқыққа ие бола отыра орталық
банк не бағаны, не ақша санын реттей алады. Бірінші жағдайда ол қысқа
мерзімді пайыздық мөлшерлемелерді басқарады, ал екінші жағдайда ақша
базасын не оның компоненттері: банк резервтері таза шетелдік активтер, ішкі
несиені басқарады. Бағаны және ақша санын таргеттеу шын мәнінде бір
үрдістің екі жағы болып табылады. Егер орталық банк ақша - несие саясатының
трансмиссиялық механизмі туралы жетілген ақпаратқа ие болса, оған қандай
операциялық мақсаттарды қолданылуы бәрібір болар еді.
Операциялық мақсаттар ақша - несие саясатының айнымалылар
иерархиясының екі жақын деңгейін байланыстырады: бір жағынан оларға
индикативті айнымалылар немесе аралық мақсаттар (валюталық бағам немесе
ақша агрегаттар) жақындаса, екінші жағынан орталық банк құралдары
(резервтік талаптар қайта қаржыландыру ставкасы) байланысады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша - несие саясатын анықтайтын және
жүргізетін жалғыз орган болып табылады. Ақша - несие саясаты келесі
жолдармен жүргізіледі:
- ресми қайта қаржыландыру ставкасы,
- ақша - несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
ставкалары деңгейлері;
- минималды резервтік талаптар нормативтері;
- ерекше жағдайларда жекелеген операциялар көлемі мен деңгейі
түрлеріне тура сандық шектеулер.
Ақша - несие саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық
Банкі келесі операцияларды жүргізеді:
1) заимдар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да құнды қағаздарды сату және сатып алу;
6) коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу;
7) ҚР Ұлттық Банкінің басқармасы шешімімен басқа да операциялар.

1.2 Валюталық саясат – экономикада сыртқы тепе-теңдікті қолдаудың
құралы

Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында
жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық
экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір
кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық
экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық
саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да,
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың
негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие
саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын
қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін
негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.
Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты
экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын
(құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем
балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың
шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.
Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі
мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта
дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының
тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта
операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.
Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы
экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың
барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен
туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды
іске асырудың әдістері таңдалады.
Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк
ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық
стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады.
Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға
ықпал ету әдістерін таңдау жатады.
Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің
валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне,
дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи
кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға
қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету,
валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін
ырықтандыру және басқалары.
Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық,
несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік
шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.
Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел
ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін
құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта
проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты
валюталық келісімдермен рәсімделеді.
Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп
айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің
реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті
арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие
әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету
жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру
мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай
мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру,
валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге
қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.
Аймақтық валюталық реттеу экономикалық біріккен бірлестіктердің
мысалы, Европа Одағы шеңберінде дамыған елдердің аймақтық топтамаларында
жүзеге асырылады.
Валюта қатынастарын реттеудің қажеттілігінде, сонымен қатар
мемлекеттің араласу дәрежесінде осы процес елдің ақша-несие және валюта
саясатында орталық орынды иеленеді. Әлемдік және ұлттық экономика
жағдайында валюталық тәртіптемелердің барлығы бұзылған кезде аталған
проблема бойынша пікір сайыс күшейеді. Алғашқы пікір сайыстарды Бреттон-Вуд
валюта жүйесінің күйреуі және валюта бағамының жаңа тәртіптемесіне (режим)
көшу кезеңіне жатқызуға болады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте
валюта бағамының тұрақсыздығы ерекшеленген 80 жылдардың ортасындағы
құбылысты пікір сайыстың екінші кезеңі деп санауға болады. Алдыңғы қатарлы
шетелдік ғалым-экономистер әлемдік тәжірибеде валюталық қатынастарды
нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін-бірі толықтырып отыратындығы туралы
пікір білдіреді. Олардың арасындағы ара салмақ нақты жағдайда экономикалық
тиімділікпен айқындалады. Өтпелі кезеңде мемлекеттің валюталық реттеудегі
басымдылығы дамыған елдерге тән. Уақытына қарай қатая түседі. Экономикалық
ахуалдың жақсаруы және тұрақтануы валюталық тәртіптеменің ырықтануына
апарады. Дамыған елдердің тәжірибесінде мынадай жағдайда қалыптасты:
ондайда валюталық реттеуі деп нарықтық және мемлекеттік реттеудің жиынтығын
емес, керісінше мемлекеттік органдардың қызметтері ұғынылды. Құқық
теориясында Н.И.Химичева валюталық реттеу жөнінде мынадай анықтама
келтіреді: “Валюталық реттеу – валюта операцияларын іске асыру тәртіптерін
(режимін) реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі”.
Валюталық реттеу жайында мейлінше нақты анықтаманы А.В.Емелин
берген. Оның ойынша валюталық реттеу – мемлекеттік органдар жүзеге асыратын
кешенді құқықтық шаралар. Олар мынаған бағытталады: валюталық реттеу
органдарын құру және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; валюталық бақылау
органдарын және агенттерін құру және жұмысын қамтамасыз ету; ішкі валюта
нарығында валюталық құндылықтармен операция жүргізудің айқын тәртібін,
валюталық құндылықтарды мемлекеттен тыс немесе өз аумағына шеттен ауыстыру
тәртібін, шетел инвестициясын жүзеге асыру тәртіптемесін белгілеу және
жүзеге асыру; валюталық құндылықтарға мүліктік құқықтық қамтамасыз ету және
қорғау; халықаралық есеп айырысуды реттеу (регламент) әлемдік валюта
нарығымен өзара іс-қимыл хақында ел қалаған (бірігу немесе оқшаулану)
тәртіптемесін қамтамасыз ету; ұлттық валютаның және төлем балансының
тұрақты бағамына қолдау көрсету.
Валюталық реттеуді осылай түсіндіру оның атқарымдық аспектісін
анықтайды.
Дегенмен, біздің ойымызша, экономикалық белгісіне қарағанда
валюталық реттеу ұлттық экономика мүддесіне сәйкес валюталық қатынастарды
реттеу барысында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру процесінде туындайтын
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып есептеледі.
Валюталық қатынастарды реттеудің бірнеше деңгейі жеке кәсіпорын, ең
алдымен ірі валюта ресурстарына ие, сонымен қатар валюта операциясына
белсене араласатын ұлттық және халықаралық банктер мен корпорациялар әрекет
етеді. Валюта нарығында мұндай субъектілердің мәмілелері мемлекеттің
нормативтік актілерімен реттеледі. Екінші деңгейге құрамында операцияның
жүргізілуін қадағалайтын валюталық бақылау органы бар, Ұлттық банкі мен
Қаржы министрлігі және ұлттық мемлекет жатады. Үшінші деңгей – бұл
мемлекетаралық қатынастарда валюталық реттеу.
Валюталық, несиелік және қаржылық саясат арқылы үйлестіру
нысанындағы мемлекетаралық реттеу мынадай себептер бойынша келісілген:
валюта, несие-қаржы қатынастарын қоса алғанда ұлттық экономикалардың өзара
тәуелділігін күшейту; әлемдік валюталық, несиелік, қаржылық нарықтың ірі
ауқымдағы шаруашылық қатынастарын ырықтандыру жағдайында нарықтың пайдасына
қарай мемлекеттік және нарықтық реттеу арасындағы арақатынастың өзгеруі.
Әлемдік нарықтар валюта бағамының, пайыз ставкасының қапыл құбылуына,
дүркін-дүркін мұнай талдырмасына (шок), валюта дағдарысына және т.б.
байланысты орын алатын тұрақсыздықтармен ерекшеленеді [6].
Серіктес елдер арасындағы сауда-экономикалық, валюта-қаржылық,
несиелік өзарақатынастарына, олардың халықаралық қаржы ұйымдарымен,
дүниежүзілік несие капиталдары нарығымен байланыстарына орай
келісілгендіктен валюталық реттеу процесінде төлем ортадан орын алады.
Белгілі бір елдің өзге елдермен, халықаралық экономикалық қатынастарының
жағдайын көрсететін төлем балансы макроэкономикалық саясатқа негізделген
салық-бюджет, ақша-несие, валюта әзірленімдері негізінде маңызды бағдар
болып табылады. [7].
Төлем балансын реттеу тетігі әлем елдері валюта саясатының маңызды
құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мемлекет тарапынан сондай реттеу мақсатымен қандай да бір шара
қолданудың қажеттілігі жөнінде біраз уақыт бойы бірқатар экономистер
күмәнданды. Олар тәжірибе мен теория жүзінде төлем балансын автоматты түрде
реттеудің мүмкіндігін дәлелдеуге тырысты. Мұндай бағыттың негізін салушылар
Д. Юм, Д. Рикардо және Дж.Ст. Милль болды.
Реттеу тетігі дегеніміз мынадай: ақшаға сұраныс ұлғайса, елде
экспорт кеңейіп, соның нәтижесінде елдің төлем балансы жақсарады. Оның
өтімді резервтері көбейіп, эмисияны ынталандырады. Демек, ақшаға деген
өскелең сұранысты теңестіреді. Ақшаға деген сұраныс құлдырап, артық қалса,
онда импорт өсіп, төлем балансы нашарлап, өтімді резервтер, эмиссиялар
қысқарады.
Аталған тұжырымдаманың үлкен кемшілігі саналатын валюталық шектеуден
толық ада жағдайда ғана реттеу тетігі іс-әрекетке көшеді. Аталған теорияның
тағы бір кемшілігі төлем балансы жағдайының өндіріс процесімен, сондай-ақ
сыртқы экономикалық факторлармен байланысын елемеушілік. Төмен жағдайында
экспорттық базасын баламалы түрде ұлғайтқанның өзінде ел әлемдік нарыққа
тауар шығаруды көбейте алмайды.
Мемлекеттің экономикаға араласуын жақтайтын Дж.М.Кейнс төлем
балансын реттеудің мейлінше қатаң әдістерін ұсынды. Кейнс теңгеру тетігі
ретінде мынаны ұғынды: ұлттық валютаның құнсыздануы импорттық тауарларды
қымбаттатып, экспортты арзандатып, оның бәсекелестік қабілетін күшейтеді.
Өнеркәсіптің экспорттық салаларының дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде төлем
балансының негізгі бөлігі болып саналатын сауда балансының оң айырмасы
өседі. Одан басқа ел ішіндегі шаруашылық белсенділік ынталандырылып,
өндірістің көлемі мен жұмыспен қамтылу ұлғаяды.
Валюта бағамының төмендеуі тең жағдайда ұлттық өндірістің тауарларын
арзандатады. Алайда, ішкі шаруашылық жағдай жақсарғанмен сол тауарларға
ішкі сұраныс артады. Егер өзара уағдаласушы елдерде жағдай төмен болса,
экспорт ұлғаймау қажет. Кейнс сыртқы экономикалық проблемалардың өндіріспен
тікелей байланысын атап көрсетсе де, өндіріс саласынан гөрі айналым
саласына артықшылық берді. Сонымен, ақшаның сандық теориясын жақтаушы Кейнс
төлем балансының жағдайына мынадай факторлар арқылы әсер етуді ұсынды: ішкі
нарықтағы баға деңгейі, ұлттық өндірістің, ұлттық табыс пен жұмыспен
қамтылудың деңгейі, ең бастысы – ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамының
көмегімен айла-шарғы жасау [13].
Таза экспорт - жиынтық сұранымның бір бөлігі. Ол тепе-теңдікті
қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Капиталдың таза экспорты жиынтық
сұраныс пен тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайына тікелей ықпал етеді
[15]. Оның ақша нарығындағы тепе-теңдік жағдайын анықтауда үлкен маңызы
бар. Сондықтан экономикада үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз ету тәртібін
анықтамастан бұрын тауар және ақша нарығындағы бірлескен тепе-теңдіктің
жетістік жағдайын белгілеген жөн.
Кейнстің тұжырымдамасында тауар және ақша нарығында бірлескен тепе-
теңдік ұлттық табыс пен пайыз ставкасының деңгейінің жағдайына байланысты
белгіленеді. Аталған нарықтың бір уақыттағы тепе-теңдік жағдайын сипаттау
(үлгі IS-LM) 1-суретте келтірілген.

IS LM
A B

iE E

D C

O YE Табыс, шығарылуы

1 сурет IS-LM үлгісінің тепе-теңдігі

IS-LM үлгісіндегі экономикалық тепе-теңдіктің Е нүктесі пайыздың
ставкаларын іЕ және табыс YE деңгейін айқындайды. Олар тауар нарығының да
тепе-теңдік жағдайын қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, Е нүктесінде
экономикалық жүйенің нақты шығындары жоспарланғанға тең. Нақты ақша
қаражатына сұраныс олардың ұсынысына тең. IS қисық сызығы тауар нарығы, ал
LM ақша нарығындағы ахуалды бейнелейді. Пайыздың ставкасы инвестицияның
көлеміне де, ақшаға сұранысқа да ықпал жасап, осы өзгермелілік тауар және
ақша нарықтарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
IS қисық сызығымен салыстырғанда LM қисығы өршімелі. Пайыз ставкасын
көбейту нақты ақша қаражатына сұранысты табиғи қалыпты азайтуға апарады.
Ақша ұсынымының нақты өзгерісі LМ қисық сызығының жылжуына себеп болады:
егер ұсыным көбейсе оңға, азайса солға қарай жылжиды.
Бірлескен тепе-теңдік жағдайынан тиімді сұраныс деген кейнстік
тұжырымдаманың маңызды ұғымы шығады. Кейнсшілердің пайымдауынша тиімді
сұраныс экономикадағы анықтағыш көрсеткіш болып саналады.
Тиімді сұраныс – бірлескен тепе-теңдікке сай келетін жиынтық
сұранымның мөлшері. Бірлескен тепе-теңдік экономиканың барынша берік
жағдайы болып саналады, одан ауытқудың кез келген түрін экономикалық
субъектілер жағымсыз құбылыс ретінде қабылдап, бірлескен тепе-теңдікті
қалпына келтіруге жұмсалады.
Классикалық тұжырымдамаға сәйкес ақша және тауар нарығы бір-
біріне тәуелсіз жұмыс істейді. Сондықтан, бірлескен тепе-теңдікке
бейімдеудің бағадан тыс тетігі жоқ деп топшылауға болады.
Кейнстік үлгіде ақша және тауар нарығы өзара байланысты
екендігі айтылады. Осы нарықтың өзара әрекет ету тетіктерімен бірлескен
тепе-теңдіктің тұрақтылығы соған орай келісілген.
Тепе-теңдіктің негізінде ақша сұранысына кейнстің теориясы
жатыр. Соған сәйкес ақша байлықтың элементі болып саналады.
Макроэкономикалық субъектілердің дербес шығындарының көлемдерінің
өзгеруі салдарынан тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы өзгеріске түседі.
Жаңа бірлескен тепе-теңдікке бейімделу процесі, ығыстыру әсері деп аталатын
тәсіл арқылы жүреді. Ығыстыру әсері 2-суретте суретте көрсетілген.
Бірлескен тепе-теңдік жағдайындағы Е нүктесіне орналасқан,
экономикада үкімет кеңейтілген саясат жүргізіп, мемлекеттік сатып алуды
(G) ( G шамасына дейін ұлғайтты делік. Ондайда IS қисық сызығы оңға
∆G 1
1-МРС мұнда 1-МРС Дж.М.Кейнстің қарапайым шығындар
мультипликаторы мөлшеріне қарай қозғалады.

IS1
LM
IS
Е1
i1
E
i

∆Y
Y
0
Y Y1

2 сурет IS-LM үлгісіндегі бюджет-салық саясаты

Мемлекеттік шығындардың өсуі мультипликативтік нәтижеге қозғау
салып, нәтижесінде экономикалық жүйенің тепе-теңдігі E нүктесінен Е1
нүктесіне ауысады. Сөйтіп, табыс ((-ден (-ге дейін) деңгейінің өсуі де,
пайыз ставкасы (I-ден І1-ге дейін) орын алады. IS – LM үлгісінде
мемлекеттік шығындардың көбеюі нәтижесінде табыстың өсуі ақшаға сұраныстың
ұлғаюын және солар белгілеген ұсыныстарға орай ақшаға сұранымның теңдігін
қамтамасыз ету үшін соған сәйкес пайыз ставкасының өсуін топшылайды.
Мемлекеттік сатып алудың жоғарылауына қарай инвестицияға пайыз ставкасының
өсуі жеке шығындарды, соның ішінде инвестицияны да ығыстыруға апарады.
Тауарлар нарығында жаңа тепе-теңдік Е1 нүктесінде белгіленген. Алайда
мемлекеттік шығыстар өскеннен кейін үлкен көлемді мәмілелер жасау үшін де
сондай ақша қажет болып, яғни ақша нарығында тапшылық пайда болады. Сөйтіп,
бірлескен тепе-теңдік бұзылады. Ақша жетіспеушілігін толтыру үшін
экономикалық субъектілер мемлекеттік облигацияларды сата бастап, ол пайыз
ставкасының өсуіне соқтырады. Соңғысы кәсіпкерлерді инвестициялық
жоспарларын төмендету жағына қарай, қайта қарауға мәжбүр етеді.
Орталық банк ақша ұсынымын көбейтті делік, нәтижесінде LM қисығы оң
жақтағы LM1 қалпына ауысады (3 - сурет).

i LM

E LM1
i
E1
i1
IS

∆Y
Y
0
Y Y1
3 сурет IS-LM үлгісіндегі ақша-несие саясаты

Бағаның өзгеріссіз деңгейі жағдайында ақша массасының өсуі ақша
базасының өсуіне қозғау салады. Табыстың берілген деңгейінде ақша базасының
молаюы пайыз ставкасының төмендеуіне соғады. Ондайда экономикалық жүйенің
тепе-теңдігі E нүктесінен E1 нүктесіне ауысады. Сонымен, ақша ұсынымының
өсуі пайыздың тепе-тең ставкасын i ден i1-ге дейін төмендетеді. Табыс
деңгейі Y - шамасынан Y1 шамасына дейін көбейеді (инвестицияны
ынталандырудың және тауарға жеке қызмет көрсетуге сәйкес сұранысты кеңейту
есебінен).
Алайда, енді мәміленің (тауар нарығында өзгеріс жоқ) бұрынғы көлемі
үшін үлкен көлемдегі ақша қажет болады. Жоспарлы оңтайланған мөлшермен
салыстырғанда нақты касса қалдықтарының шамасының жоғарылағанын
экономикалық субъектілер аңғарады. Сондықтан нақты касса өсімдерін олар
мемлекеттік облигацияға айырбастай бастап, нәтижесінде соңғысының бағамы
жоғарылап, пайыз ставкасы төмендейді.
Бірлескен тепе-теңдіктің кейнстік үлгісінен туындайтын маңызды
салдар мынаған саяды: ақша нарығының тауар нарығымен өзара әрекет тетігі
бар. Енді экономикалық жағдайдың нақты өзгермелілігіне ықпал етуге
қазыналық қана емес, монетарлық саясат тұтқасында пайдалануға болады.
Кейнсшілер монетарлық саясаттың тиімділігімен әрекетшілдігінің төмен
экономика, инвестициялық немесе өтімділік тұзағына жиі ілігеді деп санайды.
Пайыз ставкасының кейнстік тетігінен ақырғы уәж, көбінесе экономикалық
жағдайдың ахуалын және экононмикалық субъектілерді сипаттайтын жағдайлармен
айқындалады.
Экономика өтімділік тұзағына тап болған жағдайда пайыз ставкасы
төмен болып, ақша ұсынысының кез келген өзгерісі мүліктікі сияқты ақшаға
сұранысқа жіберіледі. Мұндай ахуал тоқырауға ұшыраған экономикаға тән:
ұлттық табыстың деңгейі төменгі белгіге дейін түсіп, несиеге сұраныс
төмендеп, пайыз ставкасының көлемі азаяды.
Қызықты жағдайдың тағы бірі инвестициялық тұзақпен байланысты. Кейнс
үлгісінде жиынтық сұранысты құрайтындардың арасынан инвестициялық сұраныс
қана өз бейнесінің дәлелі ретінде пайыз ставкасының икемділігі жеткіліксіз.
Инвестиция пайыз ставкасының өзгерісіне икемсіз болып қалса, онда IS сызығы
тура тік түрге енеді. Нәтижесінде ақша нарығындағы кез келген өзгеріс пайыз
ставкасының өзгеруіне апарса, инвестициялық сұраныстың өзгеріске түсуін
туындатады. Мұндай жағдай әр алуан себептерден пайда болуы мүмкін. Мысалы,
ол пайыз ставкасы жоғары болатын құнсызданған экономикаға тән. Егер
экономикалық субъектілер кейнстік емес, монетарлық функциямен сипатталса,
инвестициялық тұзақ жағдайы мүліктік нәтижеге түрленеді.
Мүлік нәтижесінің мәні мынадай:
Қоржын (корзина) құрамындағы ақша (касса қалдығы) үлесінің өсімін
экономикалық субъектілер қоржынның (корзинаның) оңтайлы құрылымының
бұзылуы, өзінің барлық мүлкінің өсуі деп қабылдайды. Сондықтан субъектілер
артылған ақшаны қаржы активіне ғана емес, нақты капиталға және нақты
игілікке айырбастауға тырысады. Олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың өсуіне
себеп болады. Сызық бойынша бұл былай түсіндіріледі: LM сызығының оңға
қарай алғашқы жылжуы IS сызығының да оңға қозғалуына қозғау салады.
Бірлескен тепе-теңдік жағдайына баға факторлары да әсер етеді.
Олардың әрекеті пайыз ставкасының нәтижесі (Кейнс нәтижесі), нақты касса
қалдықтары нәтижесі (Пигу нәтижесі) және таза экспорт нәтижесі арқылы
көрінеді.
Кейнс нәтижесі Кейнстің алғы шарттарға, Пигу нәтижесі жаңа
классикалық алғышартқа негізделеді. Екеуі де нақты касса қалдығы
нәтижесінің жекеше жағдайы саналады, Кейнс нәтижесі LM қисық сызығы, ал
Пигу нәтижесі IS қисығы арқылы көрінеді.
Ұлттық экономиканың шетел секторы субъектілері мен өзара байланысты
төлем балансы көрсеткішінің қозғалысында бейнеленеді.
Төлем балансы көрсеткіштерін қадағалау және басқару, валюта бағамын
реттеу үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізін құрайды. Оған ішкі
экономикалық жағдайда әлемдік экономикалық жағдайдағы өзгеріс те ықпал
етеді. Атап айтқанда бағаның әлемдік деңгейі және әлемдік пайыз ставкасы
әсері етеді. [18]
Экономиканың жағдайына сыртқы факторлардың ықпалын бағалаған кезде
импорт пен ел экспортының арақатынасын анықтауға тура келеді. Төлем балансы
баптарындағы импорт пен экспорттың арасындағы айырмашылық сальдосы оның
қорытынды көрсеткіші болып саналады. Өз экспортына қарағанда өзге елден
әкелетін импортты жоғарылату төлем балансының теріс сальдосын беріп, сыртқы
сауда тапшылығы тәрізді экономикалық салдарға соғуы мүмкін. Соңғысына төлем
жасау үшін ел қарыз алуға мәжбүр болады. Қарыздарды өтеу үшін көбінесе ішкі
тұтынуды азайтуға тура келеді.
Сауда балансы – ұлттық табыстың, капиталдың таза ағыны пайыз
ставкасының тура функциясы болып саналады. Ұлттық табыс пен пайыз
ставкасының деңгейі капиталдың таза ағыны сауда балансына сәйкес келетіндей
болса, сыртқы тепе-теңдік (төлем балансының тепе-теңдігі) лайықты орын
алады.

BP = XN + K = [X (r) – M (Y) ] + [ K ( i-і*) ] = 0,
(1) (1)

мұнда BP – сауда балансы;
XN – “таза” экспорт (ағымдағы операция шоты);
K – капитал қозғалысының шоты;
XN – валютаның айырбас бағамына тәуелді экспорт (Y);
M – ұлттық табыс деңгейіне тәуелді импорт;
і –пайыздың ішкі ставкасы;
і* – пайыздың әлемдік ставкасы.
Табыстың (Y) молаюы импорттың өсуіне және басқа да тең жағдайда
ағымдағы операцияның (XN) шоты бойынша тапшылыққа апарады. Мұндай жағдайда
төлем балансының тепе-теңдігін капитал (К) қозғалысы есеп шотының активті
сальдосының сәйкес мөлшерінің барлығына орай қалпына келтіруге болады.
Мұндай жағдайда тепе-теңдікке қол жетеді – (XN + K = 0)
Сондықтан табыстың белгілі деңгейінде ішкі пайыз ставкасын і көтеру талап
етіледі. Ол шетел капиталын ағымдағы есеп шоттың теріс сальдосын
қаржыландыруға тарту мақсатын көздейді.
Ішкі пайыз ставкасы ұлғайған кезде капиталдың таза жылыстауы азайып,
төлем балансында оң сальдо көрінеді.
Сыртқы сектордың тепе-теңдігі BP қисығының ықпалынан көрінеді.
Төлем балансының суреті 4 - суретте көрсетілген.

4 сурет Төлем балансының сызбасы
Сыртқы балансты қалпына келтіру үшін капиталдың таза жылыстауының
қысқаруына тең импорттың жоғарылауын ынталандыруды көздейтін ұлттық табыс
көбеюге тиіс. Соған сәйкес ВР пайыз ставкасының көбеюі ұлттық табыстың
жоғарылауымен қатар жүреді: яғни сыртқы баланстың кестесі ұлғаяды. Жалпы
жағдайда В қисығының икемділігі жағымды жағынан капиталдың халықаралық
ұтқырлық дәрежесіне, теріс жағынан импорттауға шекті бейімділігіне
байланысты. Капиталдың халықаралық ұтқырлық дәрежесі неғұрлым аз болса,
шетел капиталы ағынының сыртқы тепе-теңдігін қалпына келтіруді қамтамасыз
етуге себепші болатын ішкі пайыз ставкасы соғұрлым жоғары болуға тиіс.
IS, LM және ВР функциясына бірлесе талдау жасау ағымдағы тепе-
теңдік кезінде төлем балансында тапшылықтың немесе артылушылықтың болуын
IS және LM қисықтарының қиылысуы арқылы анықтауға мүмкіндік береді (5-сурет
).

IS BP

і2 LM
8 G E

4
Y
0
160 300 Халықтық табыс
5 сурет IS-LM моделінің ішкі баланс сызбасы

IS және LM қисықтарының қиылысуы ұлттық табыстың (300) және
пайыз ставкасының (8%) тепе-теңдік деңгейін анықтайды. Е нүктесі сыртқы
баланстың кестесінен оң жақта жатса, тапшылыққа тап болған төлем балансы
нақты түрде GE кесіндісінің ұзындығына үйлесімді.
Пайыз ставкасын 8% деңгейінде белгілеу және ұлттық табысты 160 млрд.
долларға (яғни 140 млрд. долларға) дейін төмендету G нүктесіне төлем
балансының тепе-теңдігін жеткізуге мүмкіндік жасайды. Экономикалық жүйенің
ішкі және сыртқы тепе-теңдігіне сәйкес келетін үш қисық сызықтың (IS, LM,
BP) қиылысуы бастапқыда сенімсіз көрінуі мүмкін. Шындығында, үкіметтің
бюджет-салық, ақша-несие және валюта саясатына қажетті түзету жасау арқылы
соған қол жеткізіледі.
Сыртқы баланс ВР өршімелі кестесіне, ішкісі ұлттық экономикадағы
(Ү1) толық қамтылуға сай келетін ұлттық табыс деңгейінде жүргізілген тік
сызыққа сәйкес келеді. Ішкі және сыртқы баланстар екі бірдей суретте (6-
сурет) орналасқан жалғыз F нүктеден орын тебеді. Экономикада ішкі және
сыртқы балансқа қол жеткізу үшін монетарлық билікке мынадай әрекет қажет:
жалпы тепе-теңдіктің нүктесі арқылы LM қисығының өтуін қамтамасыз ету
үшін деңгейге сай келетін ақша ұсынымын жасау; IS қисығы нүктесін кесіп
өтуші үшін мемлекеттік шығыстарды қажетті деңгейде жүзеге асыру.

0

6 сурет Ішкі және сыртқы баланс жетістігінің кестесі
Ішкі және сыртқы баланстар суретін ұйғарымды шешімдердің төрт
аймағына немесе теңгерімсіздік аймағына бөледі. Олар 7-суретте келтірілген.
Уақыттың кез келген нақты сәтінде экономика IS және LM қисықтары
тоғысқан жерде – төрт аймақтың бірінде жұмыс істейді.
IS және LM қисықтарының немесе сыртқы баланстың ВР суретінің
орналасуын үкімет дәл анықтай алмағанмен жұмыссыздық, құнсыздану туралы
көкейтесті деректерден және төлем балансының материалдарынан экономиканың
орын тепкен аймағын оңай белгілей алады. Сөйтіп, IS және LM қисықтары
мен ВР кестесінің дәл орналасқан жері туралы толық ақпарат болмаса,
экономиканың қай аймаққа қойылғаны тиімді валюта саясатының қисынын
келтіруге жеткіліксіз болады.
Республикадағы валюта саясатын қалыптастыру проблемалары мен
дамытудың теориялық негіздерін зерттеу жұмысы бойынша келесі тұжырымдарды
жасауға мүмкіндік бар.
Мемлекеттің валюталық саясаты салық-бюджет, ақша-несие сыртқы
экономикалық саясаттың негізінде қалыптасады. Валюта дағдарысын жеңіп шығу,
валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валюта бақылауы,
ұлттық валютаның айырбасталымдылық жетістігі, валюта тәртіптемесін
ырықтандыру және басқалары.

7 сурет Ішкі баланс сызбасы Y
Сонымен қатар, валюталық саясатты жүзеге асырудың құралы валюталық
реттеу – халықаралық есеп айырысуларды және валюта операцияларын жүргізу
тәртібін мемлекеттің реттеуі. Тура валюталық реттеу заң актілері арқылы
және монетарлық үкіметтің іс-әрекетімен, ал, жанама валюта нарығына
қатысушылардың мінез-құлықтарына әсер ету арқылы және валюта-несие
құралдарын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Серіктес елдердің арасындағы сауда-экономика, валюта-қаржы және
несие қатынастарымен және олардың халықаралық қаржы ұйымдарымен, несие
капиталының әлемдік нарығы байланыстарымен шарттастырылған төлем балансы,
валюталық реттеу процесінде орталық орынды иеленетіні анықталып, сондай-ақ
елдегі макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайындағы шетелдік сектор, таза
экспорт көрсеткіші арқылы әсер етеді. Тауарлардың, қызмет пен табыстың таза
экспорты жиынтық сұраныстың құрамдас бөліктерінің бірі және осы жағдайға
қарай ол тепе-теңдікті қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Капиталдың таза
экспорты жиынтық сұранысқа және тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайына
тікелей ықпал етпесе де, ақша нарығындағы тепе-теңдік жағдайын айқындауда
үлкен маңызы бар.
Дегенмен, тауар және ақша нарығындағы бірлескен тепе-теңдік ұлттық
табыс пен пайыз ставкасының деңгейіне байланысты белгіленеді, яғни
бірлескен тепе-теңдіктен ауытқудың кез-келгенін, нарық субъектілері
жағымсыз көрініс ретінде қабылдап, бірлескен тепе-теңдікті қалпына келтіру
үшін әрекет етуге қозғау салады.
Ұлттық табыстың деңгейі, пайыз ставкасы сондай болғанда сыртқы тепе-
теңдіктің де орны болып, капиталдың таза түсімі сауда балансына сәйкес
келеді.
Табыстың көбеюі импорттың өсуіне және басқа тең жағдайларда ағымдағы
операция есебі бойынша тапшылыққа апарып соғады. Мұндай жағдайларда төлем
балансының тепе-теңдігін капитал қозғалысының есебіне сәйкес келетін
активті сальдоның мөлшерінің болуына қарай қалпына келтіру мүмкін болады.
Сондықтан табыстың осы деңгейінде ағымдағы есеп бойынша теріс сальдоны
қаржыландыру үшін шет ел капиталын тарту мақсатымен ішкі пайыз ставкасын
көбейту талап етіледі. Дегенмен, ішкі пайыз ставкасы өскен кезде капиталдың
таза жылыстауы азайып төлем балансында оң сальдо пайда болады және
капиталдың таза жылыстауының қысқаруына тең, импорттың көбеюін ынталандыру
үшін ұлттық табысты көтеріп, сыртқы балансты қалпына келтіруге болады және
соған сәйкес пайыз ставкасының көбеюі ұлттық табыстың көтерілуімен қоса
жүруге тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Ұлттық банктің ақша-несие саясатын талдау
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несие саясатының мәні
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Пәндер