БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІНІҢ АХУАЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ РЕЙТИНГІН БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктік несиенің мәні, қажеттілігі және түрлері . . . 6

1. 2 Рейтингілік бағалаудың экономикалық мәні . . . 14

1. 3 Банктік несиенің рейтингін болжамдау мен бағалаудың әдістері . . . 19

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2. 1 ҚР-дағы коммерциялық банктердің несиелік рейтингінің жағдайлары . . . 30

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік рейтингіне талдау жүргізу . . . 34

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік рейтингін болжамдау және бағалау . . . 49

ІІІ. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІНІҢ АХУАЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Коммерциялық банктердің банктік несиенің рейтингін жақсарту бойынша шаралар . . . 60

3. 2Коммерциялық банктердің банктік несиелік рейтингін мемлекеттік тұрғыдан реттеу . . . 69

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасындағы Жолдауында «Коммерциялық банктердің несие саясатын жандандыруды, олардың ресурстық базасын ұлғайтуды талап етеді. Халықтың ұзақ мерзімді депозиттерінің үлесін ұлғайтудың оң үрдістеріне қолдау көрсету үшін халықтың салымдарын міндетті сақтандыру жүйесін нығайту мен банктердің жүйелік орнықтылығын арттыруда қамтитын банк жүйесіне деген халық сенімін арттыру жөнінде іс-шараларды одан әрі жүргізу қажет»деп айтқан болатын [1, 10 б] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында Жолдауында «Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу». «Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз старатегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыт-таймыз, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» [1, 16 б] .

Экономиканың атаулы саласы қысқа мерзім ішінде активтер мен көрсе-тілген қызметтерінің көлемінде айтарлықтай көрсеткіштерге жетті. Сонымен қатар қысқа мерзім ішінде банк қызметтерін, жинақтық зейнетақы қорлары-ның, сақтандыру және делдалдық-дилерлік ұйымдардың, сонымен қатар зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың заң шығаруы мен қызмет етуін реттеуді жетілдіру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді. Жетістікті жағдай болып 2004 жылдан бастап елдің бүкіл қаржылық саласының біртұтас органмен басқарылуына келуі танылды.

Мемлекеттің қаржы жүйесін тиімді реформалау мақсатында қаржы нарығын жетілдірудің халықаралық тәжірибесіне жүгіну керек, себебі Қазақстанға қарағанда, көптеген мемлекеттер нарықтық жағдайдағы экономи-каның дамуында үлкен тәжірибеге ие, және де Қазақстанда олардың барлық тиімді жақтарын енгізу керек.

Батыс банктері өздерінің контрагенттерінің капитал жеткіліктігінің көрсеткіштерін Базель комитеті ережелерінің негізінде есептейтіні тегін емес. Анығында банк тәуекелдерін басқарудың ұлттық жүйесі Базель талаптарына сәйкес келулері керек. Бұдан түсетін пайда мол: банктің несиелік рейтингін талдаған кезде халықаралық рейтинг агенттіктері Базель комитетінің нұсқауларын басшылыққа алады. Сонымен қатар, макро-микро деңгейде тәуекелдерді басқару жүйесінің әлеуетін пайдалану жалпы қазақстандық мәселені шешуге - компания мен нарық тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол себептен қазақстандық қаржы ұйымдарының ең басты міндеті тәуекелдердің әртүрлі түрлерінен сенімді қорғау жүйесін қалыптастыру болып табылады [2. 188б] .

Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық экономикада несие - банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.

Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Қаржы саласында қаржы тәуекелдерін басқару ешкімнің де күмәнін туғызбайды. Акционерлер, басшылық және қаржы мекемелерінің портфель-дерін басқарушыларға тәуекелдерді басқару саласында шешімдерді қабыл-дауды қолдау үшін нақты және толық мәлімет қажет. Мұның негізгі себебі болып оларды өлшемей, басқармай қаржы мекемелері өзінің капиталының айтарлықтай бөлігін жоғалтып, банкротқа айналуы танылады. Бұл кез келген бизнес үшін өзекті болғанымен, қаржы саласы үшін маңыздырақ келеді. Бірқатар дүниежүзілік дағдарыстар мұны бізге ашып көрсетті: банк жүйесінің дағдарысы тәуекелдерді басқарудағы кемшіліктер мен оның мүлдем болмауын ашып берді. Банк жүйесінің дамуының жаңа кезеңіңде қаржы мекемелері (егер де олар нарықта ұзақ уақыт қызмет етуге бекінсе) тәуекелерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін біраз күш жұмсаулары керек. Қазақстандық қаржы жүйесі, жалпы алғанда, тәуекелдерді басқарудың пайдалылығы мен қажеттілігін түсінген сияқты. Сондықтан да тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі қаржы мекемесінің капиталын тиімді пайдалану мен орналастыруға септігін тигізеді, яғни банктің рейтингін жоғарылатады. Демек басқа сөзбен айтқанда әріптестері мен клиентерінің бизнесінің құнының өсуіне әкеледі.

Дүниежүзілік тәжірибеде банктің несиелік рейтингін болжамдау мен бағалаудың мұндай жүйесі институтқа үлкен бәсекелестік жеңілдік береді, өкіншіке орай ондай институтты біздің елімізде көп пайдаланбайды. Мәселе түйіні ондай жүйені ендіру күрделілігінен және қор шығынының көп болуынан тұратын сияқты. Атаулы міндет мықты технологиялық жәрдемді қажет етуі де ықтимал. Банктің несиелік рейтингін болжаудың дұрыс жүйесі оның тиімділігінің болашақта да, қазіргі кезде де негізін салушы фактор болып табылады.

Зерттеу мақсаты:

-қазақтандық ерекшеліктерді есепке ала отырып, банктің несиелік рейтин-гін болжамдау мен бағалау әдістерін талдау бойынша ұсыныстарды жасау;

-банктік несиенің мәнін, қажеттілігі мен түрлерін қарастыру;

-рейтингілік бағалаудың экономикалық мәнін ашып көрсету;

Зерттеу міндеті: қойылған мақсатқа орай берілген жұмыста келесі міндеттерді шешу талпыныстары жасалған:

-банктің несиелік рейтингін анықтауда қаржы тәуекелдерінің маңызы мен жіктелуін ашу.

-несие тәуекелдерін басқару жүйесі мен негізгі әдістерін анықтау;

-Қазақстанның қаржы институттарында банктің несиелік рейтингін болжауда дәстүрлі әдістерді талдау;

-қаржы қызметінің тұрақтылығына банктің несиелік рейтингінің әсерін қарастыру және ұсыныстар жасау;

-ҚР-дағы коммерциялық банктердің несиелік рейтингінің жағдайларына тоқталу.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік рейтингін болжамдау мен бағалау әдістерін талдау жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын банк ісінде, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Сондай-ақ диплом жұмысына А. Манап, Ә. Байысова, С. Мақыш, О. Сәбден, Г. Сейітқасымов, К. Шаяхметова, Г. Әбдірайымова, Ә. Шелекбай, Н. Әлмереков, Л. Шматько, Э. Тихонова, Г. Папирян, Н. Кабушкин, Г. Бондаренко, А. Романов, О. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылы-ми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Зерттеу нысаны: қаржы ұйымының кәсіби қызмет ету жүйесі болып танылады.

Зерттеу пәні: ҚР институттарында банктік несенің рейтингін көтеруді ұйымдастырудың талдауы болып табылады.

Берілген жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып шетел экономист ғалымдарының ғылыми еңбектері, сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру мәселесі қарастырылған мақалалар, басылымдар танылады.

Берілген жұмыстың мәліметтік-талдау бөлімі ҚР заңшығару актілеріне, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын басқару мен реттеу бойынша Қазақстан Республикасының агенттігінің әдістемелік ұсыныстарына, статистикалық материалдарына негізделеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ РЕЙТИНГІН БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Банктік несиенің мәні мен қажеттілігі және несиенің түрлері

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі [3. 8б] .

Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылық-тағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатыса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді.

Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы ойы несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды.

Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады, өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т. б. үлеструімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән:

1-үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады;

2-ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.

Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады.

Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесінде қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатуына көмектеседі [4. 56б] .

Несиенің ұдайы өндіріс процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттігі арсында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.

Несие айырбас сатысында пайда бола отырып қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәлімесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін.

Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылуы. ″Сатушы тұтыну құны ретінде тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді. Осылайша екі жақты полярды қарама-қайшылықтың жолды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшасы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінгі қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу - сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу - сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

Несие эконмикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономикалық тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - ″несие″ - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға табиғатқа ие.

Несие шарушылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез-келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шарушылық жүйесіндегі несие жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарды өнідірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалетикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді [5. 103] .

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланатын халық шаруашы-лығы құбылыстарының барлық жиынтығынынң ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады, сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері, екіншіден бұл белгілердің ішінен тек осы іріктеліп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық - заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзарар байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

Бұл жағдайды былайша түсінідіруге болады. Мысалы, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады: сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина өндірісін техникалық -экономикалық катергория, ал екінші жағдайда - экономикалық категория ретінде қарасытырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық заңдылық белгілері жағынан тауар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несие құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда ғылым қатегориясы ретінде қабылданады. Несие теориясы оның техникалық заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды [5. 108б] .

Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйесінің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын төлеу болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.

Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.

Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы қарыз беруші, ал сатып алушы - борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімнің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.

Кредитор - несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есесінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы таратылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресуртарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Қазкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасын талдау
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz