Ақша - несие саясатының құралдарын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қаржы және есеп» факультеті

«Қаржы нарығы және

банктік бизнес» кафедрасы

Мукатаева И. Б.

(студенттің фамилиясы, аты жөні)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

(тақырыптың аты)

тақырыбына жазылған

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекшісі: Сарманбетов Қ. С.

аға оқытушы

(фамилиясы, аты-жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі)

Рецензент

(фамилиясы, аты-жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі)

«Жұмыс қорғауға жіберілді»

«Қаржы нарығы және банктік бизнес»

кафедрасының меңгерушісі

э. ғ. д., профессор

Искаков У. М.

(қолы)

2008ж «___» №___ хаттама

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 34

1 Бөлім. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізі және оның экономиканы реттеудегі ролі.

1. 1 Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі және мақсаты. Ошибка! Закладка не определена.

1. 2Ақша-несие саясатының негізгі механизмдері

2 Бөлім. Қазқстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау.

2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі қадамдарына сипаттама . . . 2. 2Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының құралдары және оларды дамыту жолдары . . .

2. 3Қазақстан Транмиссиялық Механизмінің үлгісі(ТМ-3 нұсқасы)

3 Бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазіргікезеңдегі ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және оны дамытудағы перспективалар

3. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі бағыттар

3. 2Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының мақсаты және басымдықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе.

Біздің экономиканың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.

Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құрылулармен байланысты. Әлеуметтік экономиканың қатынастарының трансформациялануы, соңғы жылдары Қазақстанда байқалған. Ақша несие саясаты реттеудің және ақша несие саясатының жаңа ұйымдастырушылық аспектілерді оқып білуіне қажеттілік туғызды.

Қазіргі кездегі экономистер ақша несие саясатын демократиялық қоғамға қажетті, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі ең қолданбалы құралы екенің айтады.

Жоғарғы қорытынды мақсаты:

бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету; толық жұмыспен қамсыздандыру; ЖҰӨ нақты көлемін ұлғайту. Ақша теориясы ақша несие саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету процессін зерттейді.

Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды экономикаға енгізілу процессінің зерттелуі әлі жалғасуда (яғни адаптациялануы) .

Зерттелуге алынған тақырып бүгінгі күні актуалды, ол уақыт аралық басылымда шығарылатын көптеген монографиялық басылымдар мен публикациялармен дәлелденеді. Бірақ бұл ақша несиелік реттеу механизмінің толық зерттелгенің және жетілген жүйе екенің көрсетпейді.

Бар проблемалар бүгінгі күнгі ақша несие саясатының жағдайын анықтайды және мақсатының құрылуына ықпал етеді.

Менің жұмысымның зерттеу объектісі болып, ақша несие саясатының Қазақстанда құрылу мен өткізу процессі.

Ал жұмысымның мақсаты болып, ақша несие саясатының теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу мен ақша несие саясатының қазақстандағы бүгінгі күнгі этап дамуындағы құрылуы және өткізілу процессін зерттеу.

Қойған мақсатқа жету бірқатар проблемаларды қарастыруды және келесі міндеттемелерді шешуді қажет етеді:

ақша несие саясатының экономикалық негізін ашу; ақша несие саясатының реттеу механизмдерін зерттеу; ҚРҰБ жүргізген ақша несие саясатының негізгі қадамдарын сипаттау; Ақша несие саясатын жүргізудің негізгі құралдарын қарастыру; ҚРҰБ ақша несие саясатының негізгі бағытын және даму перспективасын көрсету. Жұмысымның негізгі мәлімет көзі болып: ҚР заңы, ҚРҰБ Басқару қойылымы, қазақстандық және шет ел авторларының еңбектері, уақыт аралық басылымдар мен семинар материалдары.

1 Бөлім. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізі және оның экономиканы реттеудегі ролі

1. 1. Ақша несие саясатының мәні, түсінігі және мақсаты.

Экономиканы ақша несиелік реттеусіз экономикалық тәсілдерге өту мүмкін емес.

Өндірісі дамыған елдерде ақша несие саясаты экономикалық коньюктураның құралы ретінде қарастырылады, яғни бюджеттік саясатының оперативтік және толықтырулары ретінде.

Ақша несие саясатының түсінігінің тәсілдері анықталған деп атауға болады, яғни ақша несие саясатында коньюктураны қадағалау мақсатында жасалынады. Қоғамның экономикалық стратегиясында және жалпы қоғамдық жағдайына байланысты тәсілдер жиынтығы және оның мазмұны анықталады.

Орталық Банк ақша - несие саясатының негізгі жүргізушісі болып табылады. Оның ықпал етуі негізін бағамға, пайыздық ставкаға және Банк жүйесінің өтімділігінің жалпы көлеміне бағытталады. Тұрақты экономикалық өсу, жұмыссыздық және инфляция деңгейлерінің төмен болу мақсаттары алдында тұрады.

Экономикны қадағалау жүйесіндек өндірісі дамыған елдерде ақша -несие саясатының активті түрде қолданылуы. Тарихи тұрғыдан айтсақ ақша - несие саясаты экономиканы қадағалаудағы алдыңғы түрі болып табылған. Бұны бірнеше тұрғыдан байқауға болады.

Тарихи тұрғыдан: ақша - несие саясатының мүмкіндіктері 30-жылдары әлем экономикасының дағдарысы кезінде орын тапқан. Сол кездерден бастап оның рөлі де қайта қарастырылған. Теориялық тұрғыдан: Макроэкономикалық көрсеткіштерінің ақшалы ауыспалы көрсеткіштерге тәуелді екнің, зерттеулер көрсетті. Мұнда қолданыстағы ақшаның өзгеруі өндіріске, айырбасқа, қолданысқа және жалпы сұранысқа әсер етуі мүмкін екені көрсетедіЭмпирикалық тұрғыдан: екінші дүние жүзілік соғыстан кейін инфляция экспансиялық ақша - несие саясатының ықпалымен жүргізілді. Мұнда пайыздық ставкаларының төмен деңгейімен, ал рестрикциялық саясат оның дамуын бәсеңдеттіАқша - несие саясатының негіздемес, оның стратегиясын және тактикасын анықтау, ең алдымекн теориялық принциптерінің және ішкі механизмдерінің ашылуын талап етеді. Ақша - несие саясатының теориясында екі ірі мектепке бөледі - кейнсияндық және монетаристік. (1)

АҚШ-ң экономикалық ғылымында атақты ғалымдардың көп бөлігі кейнсияндықтар болып табылады. Олар П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобан. Олардың еңбектері экономикалық оқудың ірге тасын қалады. Олардың негізгі мақсаты жалпы теорияның кез-келген макроэкономикалық теория міндетті ақшалы болуын дәлелдеген. Бұдан ақшаның мәні макроэкономикалық анализден көруге болады. Басқа концептуалды бағыт 50 жылдары ортасында қалыптасты. Кенсиандықтарға қарсы екінші бағыт құрылды. Оларды ең басында «мөлшерлемелер» деп атаға, ал содан кейін ғана монетаристер деп аталды. Себебі олар экономикалық өзгерістердің және инфляцияның ақша рөлімен түсіндірді. Бұл теорияның идеологы болып атақты экономист М. Фридмен болды. Кенсиандықтар ақша - несие саясатын бюджеттік саясат немесе табысты бақылау саясатының пайдасына жатқызса, ал монетаристер ақша - несие саясатына үлкен рөл береді. Олардың арасындағы қарама-қайшылық әр-түрлі методологияға негізделген: біріншілер, бұл саясаттың әр жеке жағдайға тиімділігімен түсіндірсе, екіншілер- нәтижелер жиынтығына негізделуімен түсіндіреді.

Ақша - несие саясатының стратегиясын құрастыру 2 этаптан тұрады:

Негізгі аяққы мақсатын анықтау. Аралық мақсат пен өкілеттілігін анықтау.

Мемлекеттік мүшелердің приоритетті мақсаты, белгіленген мақсатты таңдау мен іске асыру арқылы жоғары тұрақтылыққа жету және бұл тұрақтылықты ұзақ уақытта сақтау.

«Жалпы экономикалық тұрақтылық» ұғымы негізгі макроэкономикалық параметрлердің анықталған жағдайын өзіне қосады, олар:

өндірістің тұрақты өсуі; тұрақты бағалар; жұмысшы күштің толық жұмыспен қамтылуы; төлем балансының оң сальдосы. Осындай нәтижеге жету үшін, экономикалық тұрақтылықтың гаранты болатын бізге керегі нарықтың барлық механизмдері еркін жүзеге асырылуы қажет. Бірақ, монополистік тенденцияларының дамуы, жеке және мемлекеттік, оған жете алатын бәсекелестікке орын бермейді. Осыған байланысты М. Фридмен нарықтың - осы экономикалық агенттерге өз жұмысын шектеусіз іске асыруының жалғыз құралы екені туралы айтады.

Стратегиясы болып қабылданатын ақша - несие саясатының мақсаты мынадай квалификацияға жіктеледі:

жұмыс істеу шекарасы бойынша - ішкі және сыртқы, уақыт бойынша жұмыс істеуі - тактикалық, аралық және соңғы . (1-сурет)

сурет. Ақша - несие саясат мақсатының классификациясы. Осы мақсаттардың бөлініп қаралуы (ішкі, сыртқы, тактикалық, аралық, соңғы) абсолютты немесе қарама-қайшы болып, қарастырылмайды. Шын негізде ақша - несие саясаты жалпы болады да, осы мақсаттар арасында өзара негізделген өзара тәуелді байланыс болады.

Ақша - несие саясатының ең жоғарғы соңғы міндеті - бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, толық жұмыспен қамтуы, өндірістің нақты көлемініңң өсуі. Бұл міндеттен гөрі, ағымдағы ақша - несие саясаты қол жетерлік және нақты мақсатқа бағытталады. Бұл нақты мақсаттарға кіретіндер:

тактикалық мақсаттар - бағалы қағаздар ашық нарықта күнделікті операциялардың жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады, аралық мақсаттар - уақыттық және жылдық аралықтардағы экономикалық жүедегі негізгі айнымалылар мәндерін реттейдіЖоғарғы міндеттер, аралық және тактикалық мақсаттар иеарархиялық құрылымды құрайды. Одан да жоғары дәрежедегі міндетті орындауды қамтамасыз ету үшін әрбір анықталған деңгейде сәйкес мақсаттың корректировкасы жүргізіледі. Мүмкін делік, егер белгіленген ақша -несие саясаты тактикалық мақсаты болып, тәуелсіз резервтердің өзгермелі деңгейде ұстауды қолдау, ал аралық мақсаты болып, М1 параметрінің тұрақты өсімін бақылау. Осы жағдайда керек деңгейдегі тәуелсіз резервтер ақша массасының сәйкес өсімін керекті мөлшер мен бағытта қамтамасыз ететін корректировка жүргізіледі. Онда, бірнеше айдан бір жылға дейін керекті ақша массасының өсу қарқыны бақылануы мүмкін, қажеттілігі бойынша, бағаның тұрақтылығының қамтамасыз етуі, толық жұмыспен қамтылуы мен өндіріс көлемінің нақты өсуінің соңғы міндеттемесі бойынша түзетіледі.

Соңғы мақсаттар. Соңғы мақсатты анықтаған кезде «сиқырлы» төртбұрыш туралы айтылады. Яғни оның қабырғалары айтылған макроэкономикалық көрсеткіштер жатады. Экономикалық саясат бұл- барлық параметрлердің оптималды қатынасы болып табылатын және бұл нақты экономикалық және саяси талаптарға жауап бере алатын мүмкіндіктер жиынтығы. Осылайша өндірісті көтеру мақсаты көп жағдайда инфляциылық күрес пен сыртқы баланстардың теңдігімен қалыптастыруға болмайды. Экономикалық дамудың өсуі, кірістердің өсуі бағалардың жоғары қарқынды өсуіне алып келеді.

Осыдан экономикалық саясат өз алдына белгілі-бір иерархиялық мақсаттарды өз алдына қоюы керек. Егер инфляциямен күрес немесе сыртқы нарықтарға ену басты мақсаттарболып танылса, бұл тек жоғарғы қарқынды өсуден бас тарту арқылы ғана жүргізіледі. Соңғы мақсаттар үшін Ұлттық Банк келесілерге жауапкершілікте болады:инфляциямен күрес, яғни ұлттық валютаның сыртқы және ішкі бағамын сақтау үшін. Бұл мақсат негізінен инвестицияларды қайта қаржыландыру арқылы нарықтық механизмдердің дамуымен жүзеге асырылады. Негізінен ақшалы активтердің эмиссиясы арқылы емес, ал жинақтауларды үлкейту арқылы жүзеге асырылады. Бұнда байқауымызша ақша-несие саясаты инфляцияның ақшалы емес себептерімен күресе алмайды. Құрылымдық факторлар басқа экономикалық саяматтармен жойылуы қажет(табыстар саясаты, сауда-өнеркәсіп құрылымдары саясаты) .

Аралық мақсаттар. Ақша-несие саясаты тиімді болу үшін оның мақсаттары екі аспектілі болуы қажет: табыстар саясаты, сауда өнеркәсіп құрылымдары саясаты.

Аралық мақсаттар. Ақша - несие саясатының тиімді болу үшін, оның мақсаттары екі аспектілі болуы қажет: біріншіден, аралық мақсат: екіншіден жүргізіліп отырған саясат қойылған мақсатқа сәйкестілігі. Орталық Банктер аралық мақсаттарды анықтайды, соңғы мақсатты жүзеге асыру үшін.

Аралық мақсатпен ( ақша массасы) және соңғы мақсат (мысалы бағалар ) арасында байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша - несие саясаты трансмисиясы оның аралық мақсатынан бастап соңғы мақсатына дейін бірқалыпты болуы қажет. Орталық Банк оның құралдары арқылы мақсаттардың бірегейлендірілігін қадағалап отыруы қажет.

Орталық Банк аралық мақсаттардың енуімен тек біреуін таңдауға мүмкіндігі бір ( проценттік ставка немесе ақша массасы), немесе екі мақсатты бірге таңдауға. (2) Бұл жерден ақша - несие саясатының стратегиясы мөлшерлемелі мақсатының екі категориясы бойынша көрінеді. Олар: ақша мөлшері және несиелер көлемі. Бірақ көп жағдайда Орталық Банктер прегматикасының ұстанымда болды. Әр-түрлі агрегаттарға көңіл аударады ( АҚШ, Ұлыбритания, Жапония) және бұл агренгаттарды модификациялау арқылы, олардың ақша - несие саясатының индикаторлары болып саналатын (АҚШ, Ұлыбритания) немесе мөлшерлемелі несие мен ақша мақсаттарын біріктіру арқылы ( Нидерланды) . (3)

Ашық экономика жағдайында валюта бағамының тұрақтылығына ұмтылу ақша агрегаттарын қиындатады. Оның қармағындағы тәсілдеріне қарамастан (валюта бағамдарын бақылау, бейрезиденттерге салымдарына міндетті резервтер, процент мөлшері және т. б) Орталық Банк ақша ұсынысына бақылауын жоғалтады. Себебі ол шетел валютасын сату-сатып алу белгілі бір бағамен жүзеге асырады және шектеусіз болады. Валюталардың келуі кезінде ақша көлемін қадағалау өте қиынға түседі. Себебі ішкі несиелеу көздерін қысқарту мақсатын жүзеге асыру қиынға түседі. Ал валюталардың кетуі кезінде, керісінше ақша массасының қысқаруы ішкі несиелеумен жобалануы мүмкін. Осыдан несиелік мақсатты, ал кейде ақшалық мақсатты асмастырып отыруы қажет.

Ақша мөлшерін қадағалау несиелік құрылымға әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл жерде шектеу бірыңғай сипатта болады. Себебі бұл саясаттың қолма-қол ақшалар және бағалы қағаздар портфелі арқылы жүзеге асады. Бұл қадағалау тәсілі арқылы инфляцияның дамуы «секірулерсіз» шектейді.

Бұдан басқа бұл тәсіл саясаттан түскен эффектілерді есептеуге мүмкіндік бермейді. Бұған экономикалық агенттер әр түрлі қабылдайды, олардың адаптациялануына байланысты болады.

Төлем балансының теңсіздігі жағдайында капитал ағымының келуінің нәтижесінде валюта бағамының өсуі болуы мүмкін. Сол кезде сауда балансының оң сальдосы капиталдың кетуімен жалғасуы мүмкін.

Баға арқылы төлем балансын реттеу көп жағдайда ақша массасының өзгеруімен және олардың ішкі бағаларға әсер етуі байқалады. Сыртқы дифицит ақшаның кетуімен сипстталады. Осыдан экономиканың активтілігінің және бағалардың төмендеуі байқалады. Ал оң сальдоға ие елдер өндірістің өсуі және бағалардың өсуі бірге жүріп отырады. Бұл қарама-қарсы қозғалыстар сыртқы тепе-теңдіктің квазиметриылық қалыптасуына әкеледі.

Төлем балансының дифициті және артықшыоығы валыта парығында қорларды реттеуді сипаттайды. Яғни нақты бағаларды ұсыныс пен сұраныс көрсетеді.

Алдынғы барлық схемалар ақша мөдшерінің қалқымалы қозғалысынан негізделедіжәне пайыздың ролімен айқындалады. Сыртқы дифицитке байланысты ақша қорының ставкалары қойылады. Капитал нарығында мемлекеттердің дифицитімен айқындалады. Ал керісінше ақша экспансиясы артықшылығы бар елдерде болады. Пайыз нормасы бір елдерде жоғарлау тенденциясы байқалса, екінші елдерде төмендеуге негізделген. Ақша займдарының жоғарлауы несиелерге деген сұранысты төмендетеді, ал бұл өз кезегінде елдегі ішкі сұранысты және импортты бәсеңдетуге әкеледі. Бұдан басқа капитал қозғалысы пайыз пормасына байланысты тепе-теңдікке алып келеді.

Пайыз нормасының өзгеруі экономикалық агенттерге кері реакцияны алып келеді. Егер оның төмендеуіэкономикалық өсуді алып келсе, ал бұл өз кезегінде төлем балансының дифицитін жоғарлауын алып келеді. Кейнсиандықтар пікірі бойынша соңғы әсері әлсіз долады. Олардың пікірлері бойынша капитал салымдары және капитал қозғалыстары несие құнына байланысты төмендетушілік қасиетке ие. Ал монетаристтер күшті әсерді жақтайды.

Бағамдардың қалқымалы жүйесіне валюта бағамдары қозғалысының болжамдары бойынша қадағалау процесіне қайшы келуі мүмкін. Болжамдардың тұрақтылығы кезінде пайыз нормалары басқа елдердің несиелері арасында кейбір критерийлерге бағынады(инфляция қарқынының әртүрлідігі) және валюта бағамдарын дестабилизациялау үшін жеткілікті болады. Экономикалық агенттер өздерінің болжамдарына валюта бағамының төмендеуін алса, пайыз нормасының ролі бәсеңдейді. Себебі ақша займдарының құны өте жоғарғы деңгейге жетуі мүмкін.

Осыдан, егер экономикалық тұрақтылық ақша факторының тұрақтылығынсыз болмаса, онда ақша-несиелік тұрақтылыққа жету орталық банктің ең басты функциясы болып табылады.

Айтарлықтай, бір уақытта аралық (қысқа мерзімді) және соңғы (ұзақ мерзімді) мақсаттарға қол жеткізу қиын болды. Бұл тек экономикалық саясат ұзақ мерзімді тұрақтылыққа жету шартында ғана орындалуы мүмкін. Оның ішінде бағаның тұрақтылығы, өндірістің өсуі, яғни экономикалық толқулардың бәсеңдеуі болып табылады.

Экономикасы дамыған елдерде Орталық Банктер экономикаға әсер етуші тәсілдерібар оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды резервтер саясаты; депозиттік саясат; ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру, ал ол кезегінде есептік және кепілдік саясатқа бөлінеді; ашық нарықтағы операциялар; валюталық саясат. Бірақ стандартты тәсілдерді қолдану кейбір жағдайларға тәуелді болып келеді. Орталық Банк ақша несие саясатының стратегиясының концепциясын қарастырады. Бұл мақсатқа жету үшін құралдар қолданылады. Бұл жағдайда экономиканы қадағалау ғана үлкен рольге ие болмайды. Сонымен қатар орталық банктің банк жүйесімен дәстүрлі қатынастары жатады. Іс жүзінде анықталған құралдар жиынтығы жатады.

Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негіздері заңдармен негізделген. Мысалға Герман Федералды Республикасы (ГФР) мен Австрияны алуға болады. Бұл елдерде орталық банктер стандартты құралдарды пайдалынады. Ал Англияның орталық банкінің ақша-несие саясаты заңдармен реттелмейді. Әрбір жеке жағдайларда Англияның орталық банкі жаңа тәсілдерді қолданып, ақша нарығына Ықпвлын тигізеді. Сондықтан Англияның орталық банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралдарын ажыратуға қиынға соғады. Ал кей жағдайларда құралдар тәсілдері политикалық жағдайға байланысты болып келеді. Бұны билік басында консервативтін партияның не лейбористтік партияның билік басында болуына байланысты болып келеді. Германияның федералдық банкі құралдарды модернизациялау жолында тұр. Бұл заң жүзінде енгізілген. Сонымен қатар Герман федералдық банкі ақша саясатының әртүрлі механизмдерін қарастырады.

Ұзақ мерзімдіаспектіде орталық банктің таңдаған стратегиясы туралы айтуға болады. Қазіргі кезде әкімшілік реттеу тәсілдеріне қарағанда нарықтық реттеу тәсілдері таңдаулы болып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін экономиканың өтпелі жағдайына байланысты Австрияның және ГФР-ның орталық банктерінің тәжірибесін қолдану жағымды болады. Ақша-несие саясатының құралдары міндетті түрде заңмен реттелінуі қажет. Эксперименттік жаңа әдістерді қолданудан гөрі қолданыста бар құралдарды пайдалану дұрыс болады.

Орталық банктің концепциясын бірқатар критерийлер негізінде сипаттауға болады. Орталық банкте, рдің класификацияларын негізгі қағидаларының бірі болып ақша массасының өсу қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамының басқа тұрақты шетел валютасына қатысты реттеу. Яғни сыртқы және ішкі көрсеткіштерге байланысты. (1 таблица) .

1 кесте- Ақша-несие саясатының ішкі және сыртқы көрсеткіштері.

Ішкі көрсеткіштерге қарай: Ішкі көрсеткіштерге қарай
Сыртқы көрсеткіштерге қарай: Сыртқы көрсеткіштерге қарай
Ішкі көрсеткіштерге қарай: Ақша массасының өсу қарқынын реттеу
Сыртқы көрсеткіштерге қарай: Ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын реттеу

Мысалы Герман федералды банкінің негізгі мақсаты болып ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Тұрақтылық ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді(ішкіге инфляциясыз даму, сыртқыға валюта бағамының тұрақтылығы) . ГФР-да ақша массасын М3 индексі талдайды. Ол өз кезегінде қолданыстағы қолма-қол ақша көлемін және салымдарды кіргізеді. Салымдардың келесі түрлерін кіргізеді: резиденттердің ұлттық несие инстстуттарында: талап етілгенге деәінгі салымдар, 4 жылға дейінгі жедел салымдар, жай жинақтаушы салымдар. Экономикның жалпы жағдайына байланысты ақша массасын реттеу жағдайлары анықталады. Ақша массасын ынталандырушы(экспансиондық несие саясаты) немесе оның ұлғаюын ұстаушы(рестрикциондық несаие саясаты және дефляциондық несие саясаты) болып бөлінеді.

Ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамын реттеу орталық банктің екінші негізгі мақсаты болып табылады. Бұны дамыған еуропалық елдер ұстанады және экономиканы экспортқа бағыттайды. Мысал ретінде Австриянв, Бельгияны, Нидерландыны келтіруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие реттеу
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты
Государственный кредит в Республике Казахстан
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
ҚР Ұлттық банкі Ақмола филиалының қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz