Банк операцияларын лицензиялау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

бет.
: КІРІСПЕ
бет.: 3
: 1.
бет.: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
:
бет.: 1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктер мен банк қызметінің заңдылық құрылымы
5
:
бет.: 1. 2 Қазақстан Республикасның банк жүйесінің қалыптасуы мен элементтері
27
:
бет.: 1. 3 Шетел елдің банк жүйесіндегі тәжірибесі (Беларусь Республикасы мен Украина мысалында)
44
:
бет.:
: 2.
бет.: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
:
бет.: 2. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі негізгі қызметтерін талдау және бағалау
54
:
бет.: 2. 2 Коммерциялық банктердің қаржы тұрақтылымдағы қызметі («БанкЦентр Кредит» мысалында)
58
:
бет.:
: 3.
бет.: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
:
бет.: 3. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің бәсекелестік қабілеті мәселесі мен даму перспективалары
65
:
бет.: 3. 2 Банктік жүйені жетілдіру мәселелері («БанкЦентр Кредит» мысалында)
71
:
бет.:
: ҚОРЫТЫНДЫ
бет.: 75
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бет.: 78
:
бет.:

КІРІСПЕ

Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.

Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.

Қазіргі таңдағы банк жүйесі бұл - несие және капитал нарығындағы алуан түрлі нысандағы және түрлі қызметтер атқаратын банктер мен несиелік ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Бұл жүйе бірнеше институттық сатылардан (деңгейден) тұрады: Орталық банк, коммерциялық банктер, жинақ банктері, депозиттік банктер, ипотекалық, инвестициялық банктер және т. с. с. Айта кету керек, әр елдің банктік заңнамасына және қалыптасқан қаржылық-несиелік қатынастарына сәйкес банк жүйесі өзіне тән ерекшеліктері мен бірегейліктеріне ие. Айталық, кейбір елдерде коммерциялық банктер банк жүйесінің жеке бір деңгейін, ал басқа арнайы (ипотекалық, инвестициялық және басқалар) банктер өз кезегінде келесі бір деңгейді құрайды. Ал енді бір елдерде Орталық банктен басқа банктердің барлығы да бір деңгейге жатқызылады.

Елімізде қабылданған банктік заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. Екінші деңгей - өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды.

Қазақстанның қажеттіліктері мен ауқымдарына сәйкес келетін ұлттық банк жүйесін қалыптастыру біздің еліміздің дамуының және оның халықаралық деңгейге шығуы мен нығаюының маңызды шарты болып табылады. Қазақстанға жоғары капиталдандырылған, анық және тармақты ұлттық банк жүйесі қажет. Мұндай банк жүйесі экономикалық тәуелсіздік, саяси егемендік және ұлттық қауіпсіздік атрибуты - Қазақстан таяудағы перспективада осындай болуы тиіс.

2000 жылдан бастап банк жүйесі жоғары қарқынмен дамып келеді. Оның ел экономикасындағы ролі едеуір көтерілді.

Менің дипломдық жұмысым «ҚР-дағы банктік жүйенің даму перспективалары мен элементтері» деп аталады. Бұл жұмыс қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің жағдайы туралы. Оның қазіргі кезеңдегі даму проблемалары, дамыту үрдістері, бәсекелестік қабілеті және де даму перспективалары жайында жазылған.

Бұл тақырыпты зерттеуге алғаным, осы уақытта Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Экономика жағынан біртіндеп өсіп, дамып келе жатыр. Бұрыннан да біздің еліміз айтарлықтай дами берген, бірақ қазіргі таңда Қазақстан, экономика жағынан жоғары деңгейде болып отыр.

Еліміздің осындай дәрежеге жетуіне, оның қаржы тұрақтылығында, яғни Қазақстанның банк жүйесі негізінде банктік секторларының оң жағдайда дамуы (валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру секторы, т. б. ) .

Қазақстанның банк жүйесінің даму және оның мәселелері мен перспективалары туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалалар, олардың авторларының құнды пікірлері Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің дамуының бағыттарын анықтауға үлкен мүмкіндіктер береді.

Отандық банк жүйесі, 1995-жылдан бастау алған, реформалаудың қиын-қыстау кезеңдерін абыроймен бастан өткізіп, қазіргі таңда қаржылық-несиелік, ақша, валюталық және ақпараттық салаларды қамтитын, қазіргі заман талаптарына сай күрделі жаңа мәселелерді арқалап, өзінің дамуының жаңа жолында келеді.

Осы дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім - Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің дамуы туралы, ҚР-ның банк жүйесіндегі банк және банктік қызметі туралы заңы, шет елдің банк жүйесінің дамуы, жаңалықтары, олардың жаңа қолданылған әдістері туралы айтылған. Екінші бөлімінде - ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіретіні туралы, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің банктік секторларына жеке талдау және Қаржы Қадағалау Агенттігімен өткізілген жылдық есебі бойынша талдау жасалған. Үшінші бөлімде - ҚР-ның банктік жүйесінің даму перспективалары жазылған. Яғни, оның болашақта қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратындығын, оның даму жолдарын жетілдіруін орындайтын, еліміздегі, сонымен қатар шет елдегі ең озық, күшті және перспективалы банк жүйесі болуына көз жеткізу туралы талқыланған.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктер мен банк қызметінің заңдылық құрылымы

Банк - Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. Бұндай ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Банк акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

2) Банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы:

  • банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады;
  • банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің, топтың жиынтық активтеріне топтың қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды;
  • банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым бар.

Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.

Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банк және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк және оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;

3) Банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

  • банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
  • шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

4) Банктің реттеуші меншікті капиталы - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

5) Банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген қоспағанда) немесе:

  • банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
  • шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлға;

6) Бақылау - бір заңды тұлғаның мынадай шарттардың бірі:

  • бір тұлғаның заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
  • бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлға директорлар кеңесінің немесе басқармасының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігінің болуы;
  • бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебіне қосқан кезде;
  • бір заңды тұлғаның шарттың (растайтын құжаттардың) күшімен не өзгеше түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі;

7) Депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық пошта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;

8) Бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

9) Еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

10) Заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

11) Капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы.

12) Жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не заңды тұлғалардың акцияларын иелену (акцияларымен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерімен) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі;

13) Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы.

Банкілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.

Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға; өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.

Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары санаты бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың, кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының 25%-дан аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.

Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:

  • қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының 60%-дан;
  • сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының 40 %-дан аспауға тиіс.

Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:

  • акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;
  • банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;

2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттерді сату;

3) өз мүлкін сату;

4) заем алушылардың кепілге қойған мүлкін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сату;

5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;

6) басқа тұлғалардың банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделерін, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру;

7) банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;

8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.

Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардыңжарғылық капиталдарына банктердің қомақты қатысуы. Банк заңға сәйкес өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.

Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.

Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес. Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс: еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар; банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі; еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат; еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.

Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:

  • осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
  • егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;

Сонымен қатар, бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат; құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат; құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат; еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер; аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі; сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат; банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:

  • заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ломбардтың мәні
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы
БАНК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ПӘНІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ. БАНК ЖҮЙЕСІ
Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz