Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
І – Бөлім . Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
1.1. Банкаралық корреспонденттік қатынастар туралы түсінік
және олардың түрлері
5
1.2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы төлем
жүйесінің маңызы және оның банкаралық
есеп айырысулармен өзара байланысы
10
1.3. Ақшаларды Аударымдардың Банкаралық Жүйесі қызметін
ұйымдастыру
16
1.4. Бөлшек сауда жүйесі (банкаралық клиринг) бойынша
есеп айырысу
28
ІІ – Бөлім . Банкаралық корреспонденттік қатынастардың бухгалтерлік
есебінің жүргізілу тәртібі
2.1. Банктердің банкаралық корреспонденттік қатынастар есебін
ұйымдастыру
43
2.2. Банкаралық клиринг есебі, бас банк, филиалдар арасындағы
есеп айырысулар және олардың жүргізілу тәртібі
57
ІІІ – Бөлім . Банкаралық корреспонденттік қатынастарды аудиторлық
тексеру тәртібі
3.1. Коммерциялық банктерді корреспонденттік қатынастарының
аудиторлық тексеруін ұйымдастыру
67
3.2. Коммерциялық банктердің филиалдармен жүргізетін
операцияларының аудиті
78 Қорытынды
84
Қолданылған әдебиеттер тізімі 86
Қосымшалар
88

Кіріспе

Коммерциялық банктер немесе екінші деңгейлі банктер, корреспонденттік
қатынастар орнатылған Қазақстандық банктер және шетел банктері арқылы
халықаралық есеп айырысулар, валюталық және басқа қатынастар бойынша барлық
банктік операциялар Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық
актілерімен сәйкесте шетел валютасында және теңгеде банктік және басқадай
операцияларды жүргізуге лицензияға және Жарғыға негізделіп іске асырылады.
Корреспонденттік қатынастарды бекіту туралы ұсынысты халықаралық есеп
айырысу және корреспонденттік қатынастар Департаментімен даярланады,
шетелдік және қазақстандық банктердің қаржы жағдайы мен несие қайтару
қабілеттілігі туралы мәліметтер, оның қызметінің ерекшеліктері мен елдің
несие жүйесіндегі орны, олармен банктік операцияларды орындау шарттары және
корреспонденттік қатынастарды бекітудің дұрыстылығы туралы сұрақты шешу
үшін қажетті басқадай мәліметтерден тұруы қажет. Ұсынысты даярлаған кезде
баланс талданылған және оқылған, комиссиондық сый-ақылардың тарифтері
шоттардағы қалдық бойынша есепке алынатын сыйақының мөлшері туралы
мәліметтер, шетелдік және қазақстандық банк–корреспонденттерінен сұраныс
бойынша қажет болған жағдайларда алынған берілген материалдар және мөрлер.
Негізінен банктердің араласуымен жүзеге асырылатын есеп-
айырысуларды шартты үш түрге бөлуге болады:
• Екі әртүрлі банктерде қызмет көрсетілетін кәсіпорындар
арасындағы есеп-айырысулар;
• Банктердің Орталық банкпен есеп-айырысулары;
• Банктердің бір-бірімен есеп-айырысулары.
Банктер әртүрлі клиенттердің төлемдерін және есеп-айырысу-
кассалық қызметтерін жүзеге асыру үшін бір-бірімен келісім-шарттық
қатынастарға түседі, бұл қатынастар корреспонденттік қатынастар деп
аталады.
Біздің елімізде банкаралық корреспонденттік қатынастар екі
вариант бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші - орталықтырылған, бұл кезде екі банк арасындағы
қарым-қатынас оларға Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот
арқылы жүзеге асырылады.
Екінші – орталықтандырылмаған, бұл екі банк арасындағы қатынастың
тікелей жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
Диплом жұмысының өзектілігі – банкаралық аударымдарды өз уақытылы және
жедел түрде жүзеге асыру және олардың бухгалтерлік есепте өз
уақытысында дұрыс көрсетілу қажеттілігінен туады. Мұндай қажеттілік
банкаралық есеп айырысулардың жүзеге заңға сай және клиенттердің талаптарын
өз уақытысында орындауымен байланысты.
Дипломдық жұмыстыі мақсаты – банкаралық корреспонденттік
қатынастардың мәнін ашу, олардың банкаралық есеп – айырысулардағы орнын
көрсету және банкаралық корреспонденттік қатынастардан туындайтын
операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілу тәртібін қарастыру болып
табылады.
І. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні

1.1. Банкаралық корреспонденттік қатынастар туралы түсінік және
олардың түрлері

Коммерциялық банктер немесе екінші деңгейлі банктер, корреспонденттік
қатынастар орнатылған Қазақстандық банктер және шетел банктері арқылы
халықаралық есеп айырысулар, валюталық және басқа қатынастар бойынша барлық
банктік операциялар Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық
актілерімен сәйкесте шетел валютасында және теңгеде банктік және басқадай
операцияларды жүргізуге лицензияға және Жарғыға негізделіп іске асырылады.
Корреспонденттік қатынастарды бекіту туралы ұсынысты халықаралық есеп
айырысу және корреспонденттік қатынастар Департаментімен даярланады,
шетелдік және қазақстандық банктердің қаржы жағдайы мен несие қайтару
қабілеттілігі туралы мәліметтер, оның қызметінің ерекшеліктері мен елдің
несие жүйесіндегі орны, олармен банктік операцияларды орындау шарттары және
корреспонденттік қатынастарды бекітудің дұрыстылығы туралы сұрақты шешу
үшін қажетті басқадай мәліметтерден тұруы қажет. Ұсынысты даярлаған кезде
баланс талданылған және оқылған, комиссиондық сыйақылардың, тарифтері,
шоттардағы қалдық бойынша есепке алынатын сыйақының мөлшері туралы
мәліметтер, шетелдік және қазақстандық банк–корреспонденттерінен сұраныс
бойынша қажет болған жағдайларда алынған берілген материалдар және мөрлер.
Шетелдік-қазақстандық банктер мен корреспонденттік қатынастарды бекіту
және шоттарды ашу халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар
Департаментінің Басшысымен немесе оның орынбасарымен жазылған хаттық рұқсат
бойынша жүргізіледі.
Корреспонденттік қатынас екі жақтық корреспонденттік шотты ашу,
келісім-шарт немесе хаттармен алмасу бойынша келісіммен рәсімделеді.
Корреспонденттік шотты ашу туралы келісім-шарттың тақырыбы банктің
басқармасымен бекітіледі. Корреспонденттік келісімдердің түпнұсқалары
құжаттық қамтамасыз ету басқармасына сақтау үшін беріледі.
Корреспондеттік қатынастар Қазақстандық банктермен және шетел
елдерінің банктерімен корреспонденттік шотты ашу туралы типтік келісім-
шартты жасау жолымен жасалады және келесі құжаттар пакеті ұсынылады:
• корреспондеттік шотты ашуға өтініш (Қосымша 2);
• уәкілетті тұлғалардың қолдар үлгісімен және мөрінің үлгісімен
нотариалды расталған карточкалар;
• нотариалды расталған құрылтайшылық құжаттармен жарғы
көшірмесі;
• банктік операцияларды іске асыру үшін нотариалды расталған
лицензия көшірмесі;
• соңғы жылдық есеп бойынша және соңғы есеп бойынша баланс;
• филиалдарының тізімі;
• банк-корреспонденттерінің тізімі;
• банкті салық есебіне тіркелгендігі шын екендігін растайтын,
салық қызметінің органымен берілген формадағы құжаттар.
Шетел банктерімен корреспонденттік қатынастар, шотты ашып немесе ашпай-
ақ бекітілуі мүмкін.
Халықаралық есеп айырысу мен корреспонденттік қатынастар
Департаментімен сәйкес банктің бөлімшелеріне жіберілетін шетел
корреспондент-банктерінің тізімі мен корреспонденттік қатынастарды
тоқтатылуы корреспондент банктің жазбаша арызы негізінде алдын-ала пайда
болған міндеттемелер бойынша барлық шығындарды өтеумен және ақша қалдығының
міндетті расталуымен жүргізіледі.
Шетел мен Қазақстандық банктерде Банк халықаралық есеп айырысуды іске
асыру үшін өзінде–“Ностро” және “Лоро” корреспонденттік шоттарын ашады.
“Ностро” шоты–бұл корреспондент банкінде Қазақстанның Халық Банкінің атына
ашылған ағымдағы шот, ал “Лоро” шоты бұл Қазақстанның Халық Банкісінде
корреспонденттік банкі атына ашылған ағымдағы шот. Корреспонденттік шоттар
шетел валютасында және теңгеде “Ностро"және “Лоро” шоттары бойынша осы
шоттарда қалған қаражатты қалдығы шегінде немесе несиелік линиямен рұқсат
етілген шекте операциялар жүргізіледі. Қаражат қалдықтары мен несиелік
линия шегінен асып кеткен операциялар тек банктің несие комитетінің
рұқсатымен жүргізіледі. Халықаралық есеп айырысу мен корреспонденттік
қатынастар Департаменті әр тоқсан сайын ТМД елдерінің және Қазақстанның
корреспондент банктерінің қаржылық жағдайын талдауын жүргізеді және Банктің
несие комитетінің қарауына корреспондент банкке халықаралық есеп айырысу
форекстік және ссудалық операцияларды жүргізу үшін несиелік линияның
мөлшері туралы ұсыныс шығарады. Бекітілген несиелік линияның мөлшері мен
мерзімі корреспондент-банкке жазбаша түрде жеткізіледі.
Бекітілген шектер қажеттілігі бойынша, бірақ тоқсанына кемінде 1
рет корреспондент банктің қаржылық жағдайының өзгеруін есепке ала отырып
қайта қаралады.
Шетелдік корреспондент банктердің халықаралық рейтингік агенттіктер
мен расталған біріккен класты рейтингі болған жағдайда халықаралық есеп
айырысу мен корреспонденттік қатынастар Департаментімен мұндай банктердің
қаржылық жағдайының талдауы жылына бір рет жылдың қорытындылары бойынша
берілген қаржылық есеп беруді ұсынған кезде жүргізіледі. Бірақ мұндай
банктердің рейтингінің қандай да бір төмендеуі және нарықтық жағдайының
өзгеруі орын алған жағдайда халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік
қатынастар Департаменті корреспонденттік қатынастарды әрі қарай жалғастыру
тоқтату туралы сәйкес қорытынды даярлайды.
Банк корреспондентке бекітілген лимиттерді сақтауды бақылау
халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар
Департаментімен–корреспонденттік шоттардағы қалдықтар бойынша, қазынашылық
депортаментімен–форекстік мәмілелер мен банкаралық несиелеу операциялары
бойынша жүргізіледі.
Клиенттерге есеп айырысу қызметтерін, олардың тапсырмаларын орындау
барысында коммерциялық банктер корреспонденттік қатынастарға түседі.
Банктер корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу құқығына
корреспонденттік шоттар ашуға және жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар
банктер ғана ие.
Банктер корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу лицензиясы Қазақстан
Республикасының заңдарына, сонымен бірге Ұлттық Банктің банктерді
лицензиялау мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
беріледі.
Коммерциялық банктер бір-бірімен корреспонденттік шоттар аша алады.
Басқа коммерциялық банкте корреспонденттік шот ашу үшін банктің құрылтай
құжаттарының көшірмесі, жарғы көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
көшірмесі, банктік лицензия көшірмесі, қол мен мөр үлгілері карточкасы,
салық инспекциясынан анықтама талап етіліп корреспонденттік келісімшартқа
отырады, сонымен қатар тарифтік келісімді бекітеді.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар бойынша есеп айырысулар:
• Ұлттық банкте ашылған корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі;
• коммерциялық банкте ашылған корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі.
Корреспонденттік есепшоттарды жабу тәртібі келесідей:
• егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттің

өтініші бойынша;
• корреспонденттік есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
• корреспонденттен Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшот ашуға және
жүргізуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
• егер Респондент банк болса, банктік операцияларды жүргізуге берген
құқық беретін лицензия қайтарып алынған кезде;
• егер Респондент банктік емес ұйым болса, одан Ұлттық Банктің аударым
операцияларын жүргізуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
• заңдарда және немесе корреспонденттік есеп шот шартында көзделген
басқа да жағдайларда жабылады;
• корреспондент таратылған жағдайда Респонденттің корреспондентке қоятын
талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
қанағаттандырылады.
Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттік есеп шоттар
ашуға және жүргізуге немесе Респондентке корреспонденттік есепшотты жабуға
берілген лицензиялар қайтарып алынған жағдайда, өздерінің арасында жасалған
шарттың талаптарына сәйкес корреспондент Респондент көрсеткен есеп шотқа
ақша аударуға міндетті.
Респондент төлемдерінің айналымы бойынша лимит есептеу тәртібі
келесідей.
- Респондент ағымдағы айда басқа банктерде немесе банктік емес ұйымдарда
ашылған корреспонденттк есеп шот арқылы Ұлттық Банк белгілеген лимиттен
аспайтын көлемде төлемдер жасайды. Бұл лимит ''Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы'' шаруашылық
жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынның төлем жүйесі
арқылы Респонденттің өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын
шығыс төлемдерінің жалпы көлемінің проценттік арақатынасы бойынша
есептеледі.
- Респондент Ұлттық Банкке есеп берілген айдан кейінгі айдың 10-нан
кешіктірмей басқа банктерде және банктік емес ұйымдарда ашылған
корреспонденттік есеп шот арқылы жүзеге асырылған төлемдердің саны мен
көлемі туралы мәліметтерге беруге міндетті.
- Ұлттық Банк белгілеген төлемдер көлемінің лимиті артып кеткен
жағдайда, Респондент Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап
береді.

1.2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы төлем
жүйесінің маңызы және оның банкаралық есеп
айырысулармен өзара байланысы

Қазақстан экономикасында төлем жүйесінің рөлі өзінің артында
нарықтық қатынастарға өтуін және тұтас елдің экономикасын реформалауды
әкелген Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы мемлекеттің
экономикасын және қаржылық қызмет етудің дамыған нысандарын қалыптастыру,
оның ішінде банктік жүйені реформалаудың қажеттілігін арттады.
Осыған байланысты 1990 ж. банктік жүйесін реформалаудың заңды
негіздерін қалыптастырған ‘’Қазақ ССР банктер және банктік қызметі туралы
жаңа заң қабылданды. 10 сәуір 1993ж. Қазақстан Ұлттық Банктерінің
мақсаттарын, қызмет ету қағидаларын, құқықтық статусын және мәртебелерін,
оның банктік жүйеде орны мен рөлін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару органдарымен қарым-қатынастарын анықтаған, ‘’Қазақстан
Республикасының Ұлтық Банк туралы’’ Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды.
‘’Банктер және банктік қызметі туралы’’ заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының ІІ-деңгейлі банктік жүйесі бар: Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі банктік жүйеде І-ші деңгейде, ал мемлекеттік, жеке меншік
акционерлік және біріккен банктердің торабы ІІ-ші деңгейде. Осындай банктік
жүйеде Ұлттық Банк елдің бас банкі болып табылады, ол Республикада есеп
айырысулардың тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды. Ол банк аралық
есеп айырсулардың өз уақтылы және үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етуші
төлем жүйесінің қызмет етуін ұйымдастырады. Өз кезегінде ІІ-ші деңгейлі
банктер, әр түрлі банктік қызметтерді ұсынып, өзінің клиенттерінің
төлемдерін жүзеге асырады.
Банктік жүйені реформалау сенімділігімен, қауіпсіздігімен және
тиімділігімен ерекшеленетін төлемдерді минималды тәуекелдерімен жүргізуге
мүмкіндік беретін принципиалды жаңа төлем жүйесін құру қажеттігін
туындатты.
Ұлттық Банктің төлем жүйесін дамыту бойынша шаралары тәуекелдерді бір
мезгілде қысқартумен операцияларды тиімділікті, сенімділікті жылдамдығы
және төлем операцияларының өз уақытылығын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі
төлем құралдарын қолдану үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Төлем жүйесінде Ұлттық Банктің негізгі қызметтері болып:
• Нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысулар жүйесін және клирингтік
есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру екі жағдайда банкаралық міндеттемелер
Ұлттық Банктегі шоттардағы қолдану арқылы толығымен өтелінеді. Бұдан
басқа Ұлттық Банк төлем жүйесінің жұмысын ұйымдастыра отырып, төлем
жүйесінің жұмысын реттейтін оның қызмет етудің құқықтық негізін
қалыптастыратын нормативтік және құқықтық актілерді жасайды, бекітеді.
• Төлем жүйесінің қызмет етуін лицензиялау және қадағалау бұл белгілі
бір төлем жүйелер банктердің әртүрлі экономикалық, технологиялық қол
жеткізу критериялары үшін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
• ІІ деңгейлі банктердің және банктік қызметтердің жекелеген түрлерін
ұсынатын барлық қаржылық ұйымдардың корреспонденттік шоттарын
жүргізу.
• ІІ-деңгейлі банктерді инспекциялау, бұл есеп айырысуды жүргізудің
сенімділігімен қауіпсіздігін кепілдеудің маңызды баптарының бірі.
• Төлем жүйесінің қатысушыларының несиелік және өтімділік тәуекелділігін
басқару. Нақты уақыт режимінде төлем жүйесін мониторингін жүргізу.

Ұлтық Банк ІІ-ші деңгейлі банктер сияқты төлем жүйелерінің қатысушысы
болып табылады. Ақша неше реттеудің органы бола отырып, Ұлтық Банк жалпы
елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауапты, ал төлем
жүйесі оның маңызды элементі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның төлем жүйесі нақты уақыт режимінде жұмыс
істейтін Ақшаларды Аударудың Банкаралық Жүйесінен (ААБЖ) және Банкаралық
Клиринг, Шаруашылық жүргізуші субъектілермен бюджетік ұйымдар арасындағы
Клиринг және VІSA Ұлттық Клирингтің ішіне қосатын Бөлшек Төлемдер Жүйесінен
(БТЖ) тұрады. БЕҚО құрылымын 1. Сызба арқылы көруге болады. БЕҚО Жалпы
төлем жүйесінің дамуына техникалық қолдауға, операционды қызметіне беретін
Ұлтық Банктердің Қазақстандық Банкаралық есеп айырысу Қазақстан орталығы
төлем жүйесінің операторы болып табылады. Айтып кететін жағдай, Ұлттық
Банктердің төлем жүйені халықаралық стандартқа жақындату бойынша жұмысы
халықаралық қаржылық ұйымдардың кеңес берушілермен жоғары бағаланды. ХВҚ
миссиясының есеп беруіне сәйкес, Қазақстан төлем жүйесі жүйелі түрде
маңызды төлем жүйелері үшін халықаралық есеп айырысулар банкпен жасалған
барлық принциптеріне жауап береді.

Сызба 1
Банкаралық Есеп айырысудың Қазақстандық Орталығының құрылымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкаралық Есеп айырысу
Қазақстандық Орталығы Қазақстан Республикасының банктік жүйесін реформалау
бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банктің Басқармасының 30.12.95 жылдағы N552
шешімінің негізінде құралған.
БЕҚО құрылтайшысы мен өкілетті орны ҚР ҰБ-і болып табылатын заңды
тұлға болып табылады. 1999 жылдың 1 шілдесінде БЕҚО әділет органдарында
қайта тіркеуден өтіп шаралардың жүргізу құқы бар Республикалық
мемлекеттік кәсіпорын формасын келеді. БЕҚО -ң банктік шоттағы, гербтік
мөрі, штампы және қазақ тілдеріндегі өзінің атауы бар фирмалық бланкілер
бар.
БЕҚО жекеше шарттық жүргізуші субъект, банктік емес қаржылық ұйым
болып табылады. БЕҚО -ң негізгі қызметі болып банкаралық ақша аудару жүйесі
БТЖ-сі ақша аударымы банкаралық төлемдермен аударымдар жүргізу болып
табылады. Клиенттерге көрсетілетін қызметтер үшін төленетін төлемдер БЕҚО
табысының негізгі статьясы болып табылады.
БЕҚО -ң мақсаты банктік қызметтің негізгі қажеттіліктердің тиімді,
тұрақты, қауіпсіз банкаралық төлем жүйесінің негізінде қамтамасыз ету және
болашақта Әлемдік Банктің ұзақ мерзімді несиесін пайдаланып ұзақ мерзімді
төлем жүйесін құру болып табылады.
БЕҚО келесілерге белсенді қатысатындар:
➢ Ұлттық Банктің банкаралық төлемдер мен ақша аударымдар, БЕҚО
пайдаланушыларының қажеттіліктерін талдау негізінде клиринг
немесе халықаралық қаржылық ұйымдардың тәжірибесі аумағындағы
стратегиясын қалыптастыруда;
➢ Ұлттық Банкпен бекітілген концепцияға сәйкесте төлем жүйесін,
әрі қарайғы жетілдіру бойынша төлем кеңесінің қызметтері;
➢ Ұлттық Банкпен бекітілген концепцияға сәйкесте тиімді, тұрақты,
қауіпсіз халықаралық төлем жүйесін енгізу және оны әрі қарай
дамыту;
➢ Банктік операциялардың жеке түрлерін іске асырып жатқан
ұйымдарға ІІ деңгейлік банктерге төлемдер және ақша аударымдар
саласындағы жұмыстардың тұрақтылығын ұстап тұруға жәрдемдесетін
нормативті құқықтық актілердің жобаларын шығаруда;
➢ Қазақстан Республикасының банктік және басқадай заңымен және
оларды орындаудың бақылауымен сәйкесте клиенттерге қызмет
көрсетудің сапасын жақсартуға;
➢ БЕҚО пайдаланушыларының өзара әрекеттері бойынша халықаралық
тәжірибенің есебі мен стандарттарын қолдануда және таңдауда;
➢ БЕҚО пайдаланушыларының өзара әрекеттік және сәйкестілік
өзгерту бойынша ұсыныстарды жасауда;
➢ Қазақстан Республикасының заңдылығымен сәйкесте клирингте
халықаралық төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүргізу;
➢ төлем карточкаларын қолдана отырып, ұлттық және де халықаралық
эмитеттердің төлемдерін қамтамасыз ету;
➢ БЕҚО -на сенімді қызметін атқаруды қамтамасыз ететін аппаратты
бағдарламалық комплексті, ұстап тұруда және таңдауда, жасап
шығаруда;
➢ БЕҚО пайдаланушыларын оқытып үйрететін және әртүрлі
қызметтермен, техникалық және бағдарламалық қамту жүйесінің
қауіпсіздігімен байланысты сұрақтарды шешуге;
➢ Қазақстан Республикасының жағдайына қолданылатын құқықтық
қамтулар, олардың құрылу және даму негізгі концепцияларын қоса,
төлемдік жүйенің енгізілуі және алып кетуі бойынша басқа
елдердің тәжірибесін талдау және зерттеуде;
➢ БЕҚО пайдаланушыларына және олардың клиентеріне әртүрлі
ақпараттарды, оның ішінде қаржылық ақпараттарды ұсыну, өңдеу
жинақтауда;
➢ Қазақстан Республикасының төлем жүйесін жақсартуда және
тұрақтандыру бойынша мемлекеттік және үкілеттілік
бағдарламаларды, және де басқа бағыттарын жасап шығаруда;
➢ Қазақстан Республикасының заңдылығына қарсы келмейтін басқадай
қызметтері.
Тиімді төлем жүйесін құру, өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын
айту қажет. Төлемдердің жылдам және сапалы өтуі тауарлық және қаржылық
қатынастарда операцияларды аз уақытында бітірудің кепілі болып, шетелдік
инвестицияларды тарту үшін белгілі бір алғы шарттарды қалыптастырады.
Ақшаны аудару жылдамдығына байланысты әрбір шаруаның үрдісінің
қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақтылығы бюджетке түсімдердің өз
уақытылы және сәйкес жалпы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығы
тәуелді болып келеді.
Бүгінгі күн талаптарына жауап беретін төлемдердің сапалы өтуін
қамтамасыз ететін және дамыған нарықтық қатынастар жағдайында қызмет ету
перспективаларына бағытталған төлем жүйесін қалыптастыру және ары қарай
қызмет етуі, елдегі позитивті экономикалық өзгерістердің көрсеткіші болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк РМП БЕҚО ақшаларды аудару
банкаралық жүйесі.

1.3. Ақша Аударымдарының Банкаралық Жүйесі
қызметін ұйымдастыру

Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін жүйені жасау бойынша жұмыс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен 1995 ж. басталды. Тура бір
жылдан кейін Банкаралық есеп айырысу Қазақстан орталығының (әрі қарай БЕҚО)
базасында қызмет ететін ірі төлемдер жүйесі енгізілді (ІТЖ). Нақты уақыт
режимінде есеп айырысудың толығымен және қайтарымсыздығы қағаздық
куәләндіруді талап етпейтін электронды құжаттарды ендіру, жасалынған
нормативтерге құқықтық база және ҰБ тарапынан банктік өтімділікті тиімді
басқаруды жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді. 2000 жылы ақшаларды аударудың
банкаралық жүйесін (әрі қарай ААБЖ) ендіру, жүйені мониторингі және
банктердің өтімділік тәуекелін басқару механизімдерін жетілдіруге әкелген,
Қазақстан төлем жүйесінің дамуының келесі сатысы болды.
ААБЖ өнеркәсіптік эксплуатацияға 2000ж. желтоқсанында Ұлттық
Банктердің БЕҚО енгізілді. ААБЖ – бұл қолма-қолсыз ақшаларды аудару жүйесі,
оны қолданушылар болып Қазақстан Респубикасының Ұлттық Банктің Қаржы
Министірінің қазынашылығы және оның өз бетінше қолданушылар ретінде қосылым
филиалдары, несие төлеу бойынша мемлекеттік орталық, ІІ-ші деңгейлі
банктер, облыстық клирингтік палаталар, қор биржалары, бағалы қағаздар
депозиттері және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады.
Қазіргі кезде ААБЖ 73 пайдаланушы жұмыс істейді.
ААБЖ-ң Y-типті құрылымы бар және келесі сызба түрінде қызмет етеді:
Сызба 2.
Ақшаларды Аударудың Банкаралық Жүйесінің қызмет етуі
Банк
Б
Банк А



ААБЖ

• Тапсырушы банкісі (банк А) ақшаны аудару туралы ААБЖ-ға МТ-
100 МТ-102 хабарландыру жібереді.
• Ақшаларды аудару жағдайларда ААБЖ тапсырыс беруші банктің
(БАНК А) МБ-900 хабарламасы және бенефициар банкісін (БАНК Б)
МТ-910 ақшаны аударғанын жүргізгені туралы хабарлама береді.
• ААБЖ Банк бенефициар (Банк Б) мәліметтері бар МТ-100, МТ102
хабарландырулар береді.
• Тапсырыс берушінің банкісі жіберушінің шотының ақшалары
мектеп шығарады ал бенефициар банк ақшаларды алушының шотына
аударады.
Бір күнде жүргізілетін трансакциялардыі орта саны – 14000, ең жоғары
саны' – 36000. Ал ААБЖ 1 күнде жүргізілетін барлық трансакциялық сомасы
орташа алғанда 36 млрд.тг ең жоғарғы сомасы - 80 млрд. теңгені болды.
ААБЖ өкімділігі 1 секундта орташа 5-7 өңделген қаржылық трансакция
құралды. ААБЖ ақпараттарымен алмасу БЕҚО мен жасалатын, толықтырылатын
және бекітілетін ақпараттарды алмасудың SWІFT тәрізді форматтары қолдану
арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Жүйенің әрбір қолданушысы ҰБ өзінің коршоты бар ААБЖ аптасының барлық
күндері, мейрам және демалыс күндерінен басқа күндерінде жұмыс істейді.
Жүйенің операционды күні. ААБЖ-ң операционды күні алдында графикпен
берілген уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмасы негізінде
Ұлттық Банкте ашылған оның корреспонденттік шотынан онда қалған қалдық
сомасы шегінде Ұлттық Банк арнайы анықтаған шотына (әрі қарай жүйе шоты)
ақшаларды аударуды жүргізеді. Пайдаланылып орындалған төлем тапсырмалы
негізінде Ұлттық Банк ААБЖ-ға пайдаланушының өзінің көрсеткен шотынан
Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударған ақшалар сомасы тура және олардың
банктік идентификациялық кодтары туралы ақпараттарды қамтитын электрондық
ведомосы жасап оны жібереді. Тәуекелдерді басқару мақсатында Ұлттық Банк
БЕҚО-ға пайдаланушы кезегінде төлем тапырмасын максималды мүмкін болатын
сома туралы электрондық ведомосын жібереді. Берілген ведомосі
пайдаланушының банктік идентификациялық кодын және оның кезегінде рәсімдеме
алатын төлем тапсырыстардың жалпы сомасы туралы ақпаратты қамтиды.
Операциялық күн ішінде пайдаланушы жүйеде шоттың ағымдағы балансын
өзгертуге мүмкіндігі бар. Өздерінің көрсеткіш шотынын Ұлттық Банктегі жүйе
шотынан аударылған пайдаланушының ақша сомалары және пайдаланушы кезегінде
рәсімдеме алатын төлем тапсырмаларының максималды жалпы сомасы туралы
ақпарат, Ұлттық Банкке пайдаланушының нақты режим уақытта өтімділігін
басқаруға мүмкіндік береді.
ААБЖ операциялауды күні сағат 9.00 басталады БЕҚО-ң операциялау күні
ашылуы алдында Ұлттық Банктің бөлімшелерінен алынған электронды ведомость
негізінде, қолданушылардың позициясында жүйе шотын БЕҚО сомаларды
бейнелеуді жүргізеді. Сонымен қатар пайдаланушы кезегінде рәсімдемені
алатын төлем тапсырмаларының жалпы сомасы туралы жазба жүргізіледі.
Қазақстан Банкаралық Есеп-Айырысу Орталығы (БЕҚО) арқылы жүзеге
асырылған 2004 -2005 жылдардағы (айлар бойынша) төлемдер саны 1 –
кестеде көрсетілген.

1 -Кесте
2004 -2005 жылдары Қазақстан Банкаралық Есеп-Айырысу Орталығы арқылы
жүзеге асырылған төлемдер саны туралы статистикалық ақпараттар
Айлар Құжаттар сандары
2004 жыл 2005 жыл
Қаітар 790 915 901 088
Ақпан 985 038 1 140 047
Наурыз 961 411 1 237 877
Сәуір 1 182 340 1 530 891
Мамыр 1 016 766 1 191 343
Маусым 1 048 378 1 342 368
Шілде 1 174 149 1 751 693
Тамыз 965 200 1 483 224
Қыркүйек 1 076 314 1 643 529
Қазан 1 222 673 1 673 504
Қараша 1 043 053 1 668 691
Желтоқсан 1 364 011 1 844 446

Кестеден көріп отырғандай, екі жыл ішінде төлемдер саны
біркелікті өсу жағына өзгеріп отырған (диаграмма түрінде 1 –қосымшада
көрсетілген).
Банкаралық Есеп-Айырысу Қазақстан Орталығы арқылы жүзеге
асырылған төлемдердіі жалпы айналым сомасы 2005 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 1301745 млн. теңгеге өсіп, 3 761 018 млн.теігені құрады
(қосымша 2). Процентке шаққанда өткен кезеіге қарағандағы өзгеріс
52,3 % болды.
Операциалық күн ішінде ААБЖ нақты уақыт режимінде қайтарымсыз және
толығымен есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Жүйеде ақшаларды аударуды пайдаланудың Ұлттық Банктегі жүйе шотына
аударған және басқа пайдаланушыларын қабылдаған ақша сомалары шегінде
жүргізіледі. Ақшалардың жеткіліксіздік жағдайда төлем тапсырыстары кезекке
қойылады кезектегі төлем тапсырмалары приоритет кодтарына сәйкес өңделеді.
Приоритет кодтары шеңберінде кезекте төлем тапсырмаларын орындау Фифо
принципі бойынша кезекке түсуі тәртібінде жүргізіледі. Пайдаланушылар
төлем тапсырмалар орындаудың кезектілігін белгілеуге құқылы. Егер
пайдаланушының кезекті төлем тапсырмасы түскен кезде кезекте тұратын төлем
тапсырмаларының жалпы сомасы жіберілетін мәнінен көп болатын болса, онда
бұл төлем тапсырылмаса алынбайды.
Кезектегі тұрған төлем тапсырыстары кез-келген уақытта пайдаланушы
төлеушімен кері қайтаруы мүмкін ААБЖ пайдаланушының позициясы бойынша әр
бір кредиттік жазбадан кейін оның кезегінде тұрған төлем тапсырыстары
жүргізілу мүмкіндігін тексереді. Осы құралдарды пайдалана отырып
пайдаланушы өзінің кезегін басқаруға мүмкіндігі бар ААБЖ электронды –
сандық қолтаңбаны тексеру арқылы қабылданған хабарламаны аутентификациясын
жүргізеді ААБЖ өңдеу кезінде төлем тапсырмаға бақылау жасалады:
• қабылданған форматтарға хабарлама құрылымының
• сәйкестігі;
• электронды сандық кодтың дұрыстығы;
• референцтың біркелкілігіне;
• жіберуші және алушылардың БИК дұрыстығы;
• жіберуші және алушылық шотын бақылау дәрежесі;
• валюталау мерзіміне сәйкестігі;
• төлемдері жіберушінің жіберуге және алушыны қабылдауға
құқықтарының болуы;
• төлем кодтардың болуы;
• пайдаланушы позициясының төлем тапсырмасында көрсетілген
сомадағы есептен шығару мүмкіндігі.
Бақылау шарттарын орындамаған жағдайда, төлем қате туралы
хабарландыруды (МТ-905) төлем жіберушіге беру арқылы кері қайтарылады.
Хабарлама ішінде қатенің коды және атауы көрсетіледі.
Бақылау шарттарының барлық пунктерін орындаған кезде ААБЖ ақшаны
аударуды жүзеге асырады, төлемді жіберушіге дебеттеудіі растамасы құрылады
(МТ-900), төлемді алушыға кредиттеудің растамасы (МТ-900) және шотқа
ақшаларды аудару үшін негіз болып табылатын төлем тапсырмасын өзі береді
(МТ-100, 102).
Операционды күн ішінде ААБЖ пайдаланушылық сұранысы бойынша ААБЖ-да
пайдаланудың позициясының жағдайы туралы электронды тәсілмен:
• орындалған төлем тапсырмалары бойынша;
• пайдаланушы кезегінде рәсімделген төлем тапсырмалары бойынша;
• пайдаланушының жүйеде ақша қалдықтары туралы жазбаны береді.
Пайдаланушы – алушылар ақшаны алғаннан кейін, төлем тапсырмаларын
тексергенен кейін және өзінің көрсеткіштік шотына ақшаны қабылдағанан
кейін, ААБЖ-ң операционды күн ішінде, бірақ өзінің келесі операционды
күнінен кешіктірмей, өзінің клиентерінің шотына ақшаларды есептеуді
орындайды.
ААБЖ сондай-ақ ҚБЕО-ң бөлшек төлемдері жүйесімен қалыптасқан төлемдер
бойынша ақшаны аударуды жұргізеді, сонымен қатар DVP принципі бойынша есеп
айырысуды жүргізе отырып сауда қортындылары бойынша ессп айырысу
агентігінің қызметтерін атқарады. Есеп шығару келесі сызба бойынша
жүргізіледі:
• Орталық депозиттар (әрі қарай ОД) мәмілені тіркегеннен кейін банк
сатушыдан қажетті бағалы қағаздар санын қамауға болады.
• ОД ААБЖ арқылы банк сатып алушының жүйедегі мәміленің барлық
сомасына шоттын дебеттейді және өзінің шотын жүйеде кредиттейді.
• Банк сатып алушыларның шоты дебеттелгені туралы растаманы алғаннан
кейін орталық депозиторын бағалы қағаздарын банк сатып алушыға
беруді жүзеге асырады.
• Орталық депозитарлық жүйедегі өзінің шоттарын банк сатушы шотына
мәміле сомаларын аудару үшін ААБЖ-ға өткізбені береді.
ААБЖ ақшаны аудару операционды күн ішінде жабылу уақытына дейін
жүргізіледі. Операциондық күн жабылуы сағат 20.00-де жүргізіледі. Бірақ
Ұлттық Банктің қаулысы бойынша операциондық күн ұзартылуы мүмкін.
Операциондық күн аяқталғанан кейін ААБЖ әрбір пайдаланушыға операциондық
күнді аяқтайтын құжаттар кешенін жасайды. Жүргізілген төлем туралы жазба,
жүргізілген құжаттар ведомосын, хабарландырулар типі олардың өту уақыты
бөлімінде пайдаланушы хабарландырушылардың жүргені туралы анықтама.

2 -Кесте
2004 – 2005 жылдары ААБЖ- і арқылы жүзеге асырылатын төлемдер
туралы мәліметтер

ААБЖ Төлемдер айналымы

Айлар
2004 2005
Құжаттар саны Сомасы, Құжаттар саны Сомасы,
млн. теіге млн. теіге
Қаітар 199 109 1 420 780 251 611 1 930 716
Ақпан 244 074 1 528 634 329 246 1 884 465
Наурыз 257 029 1 389 658 391 372 2 038 741
Сәуір 292 652 1 644 257 459 009 2 244 591
Мамыр 288 374 1 634 828 409 560 2 152 896
Маусым 335 005 1 944 095 431 334 2 282 130
Шілде 314 623 2 054 777 682 047 2 467 929
Тамыз 284 451 1 832 262 622 300 2 364 930
Қыркүйек 314 636 1 781 963 655 585 2 436 227
Қазан 336 646 2 092 234 610 956 2 654 580
Қараша 320 735 1 898 341 636 363 2 992 689
Желтоқсан 453 954 2 373 392 717 246 3 651 356

Ұлттық Банкке пайдаланушылардың сальдо позицияларымен электрондық
ведомосі жіберіледі. Ведомость ішіне пайдаланушының банктік
идентификациалық коды, пайдаланушылардың позициясы бойынша бастапқы
қалдығы, дебет бойынша жалпы айналым сомасы, кредит бойынша жалпы айналым
сомасы және пайдаланушының позициясының соңғы сальдосы кіреді.
Пайдаланушылардың корреспондеттік шотына қызмет көрсететін Ұлттық Банк
бөлімшесі, электрондық ведомосты алып оны БЕҚО-да жүйе позициясы Ұлттық
Банкте шот жүйесі және ААБЖ-ға пайдаланушылардың сальдо позициясының жалпы
сомалары арасында ақша сомасының теңдігін, сондай-ақ пайдаланушылар
позицияларының дебет және кредит бойынша айналымдар сомасының теңдігін және
барлық талап етілетін реквизиттердің барлық және дұрыстығын тексереді,
содан кейін БЕҚО-ға орындаған тексеру туралы хабарлайды.
Кейін Ұлттық Банк пайдаланушылардың сальдо позиция сомасында Ұлттық
Банктегі жүйе шотынан Ұлттық Банк ашылған пайдаланушының корреспондеттік
шотына ақшаларды аударады.
ААБЖ пайдаланушылардың несиелік тәуекелін және өтімділік тәуекелін
басқару мақсатында Ұлттық Банк бөлімшесі жүйе мониторингін жүргізеді.
Мониторинг пайдаланушылар позиция ағымдағы жағдайы туралы, дебет және
кредиттік айналымдар туралы, жүргізілген төлемдер саны және көлемі туралы,
кезектегі құжаттар туралы мәліметтер негізінде нақты уақыт режимінде
жүргізіледі. Қажеттілік болған жағдайда Ұлттық Банк бөлімшесі кез-келген
пайдаланушылар барлық реквизит бөлімінде барлық төлемдерді көруге
мүмкіндігі бар.
Техникалық және бағдарламаны қамту. Бағдарламаны қамтудың бүкіл кешені
Қазақстан Республикасының нарығына төлем жүйесіне, сондай-ақ республиканың
министірліктері мен ведомостволардың әр түрлі мақсаттары үшін
бағдарламаларды қамтуларды жасайтын және қоятын, алдыңғы қатарлы
Қазақстандық компаниялардың бірімен жасалынған.
ААБЖ жұмыс жасағанда пайдаланушылар төлем жүйесіне кіруін қамтамасыз
ететін арнайы бағдарламалық қамтуды қолданады (төлем жүйесінің терминалы).
Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесінде қолданатын ақпараттарды беру
форматтарына сәйкес хабарландыруларды өңдейді, төлем жүйесіне
пайдаланушының қауіпсіз кіруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың
арасындағы қорғалатын ақпараттарды алмасуды қамтамасыз етеді. Төлем
жүйесінің терминалы ''Тұмар'' криптографиялық қорғаныс пакетін қолданады,
ол келесілерді қамтамасыз етеді:
• Төлем жүйесінің терминалы бір мәнді идентификациясы;
• Төлем жүйесіне кіру кезінде екі жақты аутентификациясы (терминал
және БЕҚО – ның аутентификациясы);
• Электронды сандық қолды қалыптастыру және тексеру механизмі
(электондық құжаттың тұтастығы мен авторлығы);
• Ақпараттық конфеденциалдығы (мәліметтерді шифрлау);
• Берілетін ақпараттың тұтастығы (мәліметтерді эмитациалық қорғау);
• Сақталатын ақпараттың және бағдарламаларды қамтудың бірегейлігі;

• Басты ақпараттың бөлініп таратылуы.
Төлем жүйесінің терминалымен жіберілетін әрбір хабарландыру кезеңді
бірігей хабарлама нөмерімен бір мәнді анықталады. Хабарландырудың әрбір
нөмері бір-бірлікке көбейеді хабарландырудың нөмірлері үздіксіз өсіп бара
жатқан кезектілікті құрайды. Хабарлама нөмері төлем жүйесіне пайдаланушының
хабарландырудың түсуін бақылау үшін қолданылады. Төлем жүйесімен күтілетін
нөмірдің, пайдаланушы берген нөмері мен сәйкес келмегенде пайдаланушыға
сәйкесінше хабарлама беріледі, төлем жүйесі терминалы төлем жүйесімен ТСР
ІР хаттама бойынша байланысты қамтамасыз етеді, БЕҚО корпоративтік
жүйесіне кірудің келесідей жолдарын қолданады:
• РРР (POІNT to POІNT) хаттама бойынша коммутациаланатын желі
(DІALUP) бойынша;
• РРР,SLІP Frame relaу, хаттамалары бойынша белгіленген желі (Lіsed
Lіne) бойынша;
• БЕҚО-ң шлюздері бойынша провайдерлер желілері арқылы;
• Интернет желісі арқылы.
ААБЖ бағдарламаның қамтуы, трансакциялар көлемі артқан жағдайда
жүйені икемді реттеу және масштабтауды жүргізуге мүмкіндік беретін және С2
қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін Dіgіtal unіx операцияларды жүйеге
және реляционды СУБД Sуbaіs 2 сервердің кластерлік орындарындағы сомалар GS-
140 бағдарламалық техникалық кешеніне негізделеді. Бұл бағдарламалық және
техникалық қауіпті жүйені көп процессорлық және көп ағымдық жүйеде жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
Қарастырылмаған жағдайлардың нәтижесінде ААБЖ-ң жұмысының тоқталылуы
тәуекелін төмендету мақсаттарда, бағдарламалық техникалық кешенде ыстық
режимде резервті жүйе орталығы жұмысы қарастырылған. Негізгі жүйеден
ақпараттарды резервтік жүйеге репликациясы нақты уақыт режимінде жүреді.
Резервтік орталықтың бағдарламалық техникалық кешені ALPHA 2 сервизді
кластардан негізделеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк РМП БЕҚО бөлшек төлемдер жүйесі
негізгі түсініктері.
Орталық клирингтік палата (ОКП) БЕҚО банк аралық клирингін таза
позицияның, аймақтық клирингтің палаталар есеп айырысуларын жүргізеді,
сондай-ақ ААБЖ арқылы VІSA жергілікті трансакциялық клирингінің есеп
айырысуы жүргізеді. Таза позициялармен есеп айырысудың нәтижелері бойынша
төлем құжаттарын қалыптастырады. ААБЖ-дан дебеттеу және кредиттеу туралы
растамаларды өңдейді, осы есеп айырысулар туралы жазбаларды береді.
БЕҚО банк аралық клирингі таза позициялардың жинақтауын, өңдеуін,
есептеуін және пайдаланушыларға шығатын нысандардың берілуін жүргізеді.

1.4. Бөлшек сауда жүйесі (банкаралық клиринг) бойынша есеп айырысу

Егер ААБЖ арқылы бір сомаларға төлемдердің негізгі ағымы келетін болса
БТЖ банкаралық клиринг арқылы (әрі қарай клиринг) ұсақ сомаларға төлемнің
үлкен саны өтеді. Экономикалық тиімді қызмет етуі көп жағдайда, әр түрлі
шаруашылық қызмет субъектілер арасында байланыстырушы буыны ретінде
шығатын, ұсақ сомаларды аудару жүйесінің үздіксіз қызметінен тәуелді.
Осындай жүйе қымбат емес, қауіпсіз сенімді және үлкен өткізушілік қабілеті
болуы тиіс. Сондай-ақ ұсақ сомаларды аудару жүйесіне әр түрлі операцияларға
қызмет көрсететін болғандықтан ол оған ерекше көп жақтылығы қажет болуы
тиіс.
Қазақстанда клирингтің енгізілуі Ұлттық Банктің басқармасының
Қазақстан Республикасында банкаралық клиринг туралы уақытша ережесінің
бекіткеннен кейін 1995 жылы басталды. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасында
төлем жүйесін дамыту және жетілдіру және Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банк туралы, Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы, ҚР
қолма-қолсыз есеп айырушылар туралы уақытша тәртібі, ҚР заңдарына сәйкес
жасаған болатын. Алғашқыда клиринг, Ұлттық Банктің жаңа сенімді қауіпсіз
және тиімді ұлттың жүйесін жасау және өндіру бойынша эксперимент жүргізу
мақсатында құрылған, Алматы клирингтік палата негізінде қызмет етті. Бұл
халықаралық стандарт және жүйеде КСРО уақыттарында болған негізіндегі
тәртіптері бойынша ұзақ мерзімді төлем жүйесін жасаудағы бірінші қадам
болды. Жақсы нәтижелерді алғаннан кейін 1996 жылы. Клирингтік палатаның
технологиялық және бағдарламалық қамтулары Ұлттық Банктің барлық облыстық
басқармалары орындалды. Осындай шешім аймақтарда төлемдерді жеделдету
мәселесін шешуге және толыққанды төлем жүйесін жасауға мүмкіндік берді.
Барлық көп қысқаша шолу филиалды банктердің бірінші коршотқа өтуіне
байланысты 1999 жылдың 1 тамызынан бастап облыстық клирингтік палата
жабылып барлық функциялық клирингке және жеке меншік клирингтік палатаға
берілді.
Клиринг пайдаланушылар болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
Қаржы Министірлігінің қазынашылығы жеке пайдаланушылар болып қосылған
филиалдары, зейнетақыларды төлеу бойынша мемлекеттік орталық ІІ деңгейдегі
банктер және облыстық клирингтік палата. Қазіргі кезде клирингке 54
пайдаланушы қосылған және жұмыс істейді. ‘’Пайдаланушы’’ статусын алу үшін
банктер БТЖ-мен клиринг бойынша қызметтерді көрсету туралы келісім-шартқа
отыру керек.
Бөлшек төлем жүйесіндегі (БТЖ) жалпы өзгерістерді, олардыі өткен
кезеіге қарағандағы өзгерістерін келесі кестеден көруге болады:
3 - Кесте
2004 жылы Бөлшек төлем жүйесі бойынша өткізілеген төлемдер туралы
ақпараттар
Айлар БТЖ Төлемдер айналымы Орташа айналым
коэф.
Құжаттар Сома,
саны млн. теіге
Қаітар 591 806 45 434 2,72
Ақпан 740 964 59 811 3,49
Наурыз 704 382 58 886 3,71
Сәуір 889 688 70 062 3,76
Мамыр 728 392 65 990 3,75
Маусым 713 373 65 728 3,45
Шілде 859 526 73 636 3,73
Тамыз 680 749 66 945 3,92
Қыркүйек 761 678 74 944 4,03
Қазан 886 027 79 172 3,66
Қараша 722 318 70 200 3,63
Желтоқсан 910 057 85 881 3,37

Диаграмма түрінде төменде көрсетілген:
Диаграмма 1.

2004 жыл бойынша өткізілген Бөлшек төлем жүйесіндегі
төлемдер

4 - Кесте
2005 жылы Бөлшек төлем жүйесі бойынша өткізілген төлемдер туралы
ақпараттар

Айлар БТЖ Төлемдер айналымы Орташа
айналым коэф.
Құжаттар Сома,
саны млн. теіге
Қаітар 649 477 52 014 2,49
Ақпан 810 801 68 607 3,54
Наурыз 846 505 76 624 3,56
Сәуір 1 071 882 78 354 3,54
Мамыр 781 783 63 744 2,96
Маусым 911 034 73 117 3,98
Шілде 1 069 646 78 267 3,48
Тамыз 860 924 74 731 4,01
Қыркүйек 987 944 89 987 4,69
Қазан 1 062 548 81 428 4,04
Қараша 1 032 328 96 227 5,16
Желтоқсан 1 127 200 109 662 4,55

Трансакциялардың бір күнге деген орташа саны – 51144, ең
жоғарғы шегі - 97191.
Трансакциялардыі бір күнге деген орташа сомасы – 4561 млн.
теңге; ең жоғарғы шегі - 6799 млн. тенге
Диаграмма 2.
2004 - жыл бойынша өткізілген Бөлшек төлем жүйесіндегі
төлемдер

Диаграмма 3.
2004 – 2005 жылдардағы Бөлшек төлем жүйесі бойынша айналым
коэффициентінің өзгеруі

Әлбетте, ақша айналымы банктік жүйесіне қарағанда бөлшек төлем
жүйесінде төлемдер сомасы төмен болады. Мысалы, бөлшек төлем
жүйесіндегі айналым сомасы 2004 жылы 85881 млн.теңгені құрады, бұл
ақша айналымы банкаралық жүйесі бойынша айналым сомасыныі 6 % - ін
құрайды. 2005 жылы бөлшек төлем жүйесіндегі жалпы сома өткен
кезеңге қарағанда 17,5 % - ке өсті. 2004 жылы жалпы төлемдер сомасы
109662 млн.теігеге жетті.
Клирингке қосылу үшін міндетті шарт болып ААБЖ-да шоттық болуы болып
табылады. Клиринг ААБЖ сияқты ақшаларды электронды аудару жүйесі болып
табылады, бірақ Қазақстанда ғана. Төлем құжаттары клирингке ААБЖ-ға
төлемдер жіберілетін терминдер арқылы жіберіледі. Осылайша клиринг төлемдер
ААБЖ-дан жүргізілген төлемдер сияқты сол сенімділік қауіпсіздік дәрежесін
алады. Төлемді жүргізу үшін төлену жүйесін таңдауды банк шешеді. Берілген
жағдайда таңдау төлемнің мерзімділігінен байланысты болады, немесе ол нақты
уақыт ауқымы, немесе ол сағат 15.00 өтетін арқылы клиринг есеп айырысуды
орындағаннан кейін жүргізіле алады. Бұл жерде маңызды фактор болып
төлем бағасы табылады. ААБЖ-да төлем қымбаттау, бірақ есеп айырысу кепілі
үлкендеу төлемді жүргізудің басты шарты болып ақшаның бар болуы табылады.
Клирингте төлемді өңдеу бағасы арзандау және тәулігіне бір рет жүргізіледі.
Клиринг төлем құжаттары көп тарапты өзара жабу принципі бойынша өңделеді.
Бұл жерде бөлшек төлемдердің үлкен саны шоғырландырылғандықтан ақша
айналымы артады. Соңғы есеп айырысу үшін ақшалар операционды күн аяғында
бірақ рет талап етіледі және талап етілетін ақшалардың көлемі таза дебеттік
сальдо сомамен шектелген, сондықтан күн ішінде пайдаланушы мен басқа
мақсаттармен пайдалана алады.
БТЖ жүргізетін клирингтің негізгі ерекшеліктеріне келесілерді
жатқызуға болады:
• пайдаланушылар болып Қазақстанның барлық банктері, сондай-ақ банкттік
операцияны жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес қаржылық
ұйымдар (МПТО, Қазынашылық банктің филиалдары және тағы басқа) бола
алады;
• Бекітілген форматтарға (МТ-100, МТ-102) сәйкес рәсімделген, сияқты
есеп айырысудан кейін пайдаланушыға берілетін, электронды төлем
құжаттары қолданылады;
• Бір төлемнің максималды сомасына шектеу бар, 3 млн.тенге (20 мың АҚШ
долларына жуық);
• Пайдаланушыларға т + 3 күн төлемнің болашақ валюталау мерзімі мен
төлемдерді жіберуге мүмкіндік бар. Олар жүйеде сақталынады және
көрсетілген мерзімде келген кезде өңдеуге алынады;
• Жіберілген төлемдерді соңғы есеп айырысуға дейін кері қайтару мүмкін;
• Бір пайдаланушының төлем жүйесіне кіруде бірнеше терминалды пайдалану
мүмкіндігі бар, олардың біреуі негізгі болып табылады;
• Жүйе ААБЖ-ға қарағанда көрсететін қызметерге бағалардың арзан болуы.
Клирингте хабарландыру мен алмасу ААБЖ сияқты БЕҚО-мен жасалынатын
және бекітілетін ақпараттарды берудің SWІFT тәрізді форматтарды пайдалану
мен электронды тәсілмен жүзеге асырылады.
Клирингтің операционды күні. Клиринг есеп айырысу жүргізу үшін
ақшаларды алдын ала депоненттеуді, жаңа операционды күн сағат 16.00
басталады. Клирингтік құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі, соңғы
есеп айырысу бір рет сағат 15.00-ден – 16.00 аралығында жүргізіледі.
Клирингте кредиттік және дебеттік шектеулер жоқ.
Қазіргі кезде тәуекелдерді басқару ‘’кезекті шешу’’ әдісі бойынша
жүреді. Клиенттердің шоттарына клиринг бойынша түсімдерді есептеуді алдын
алу мақсатында төлем құжаттарын пайдаланушыға соңғы есеп айыруды
жүргізгеннен кейін беріледі. Клирингте төлем құжатын өңдеген кезде
келесілерге бақылау жасалынады:
• Қабылданған форматтарға хабарландыру құрылымының сәйкестігі;
• Электронды сандық қолдың дұрыстығы;
• Референцтің бірігейлігі;
• Жіберуші және алушылардың БИК-дің дұрыстығы;
• Жіберуші және алушы счеттарын бақылау дәрежесі;
• Валюталау датасының сәйкестігі;
• Төлемдерді жіберушінің жіберуге және алушының қабылдауға
құқтарының болуы.
Толтырылған ЕКНП кодтарының болуы. Төлем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкте корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру
Банкаралық клиринг есебі
Банкаралық есеп айырысу
Банкаралық есеп айырысу есебі
Банкаралық несиелеу
БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ
БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Банкралық несие
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Пәндер