Коммерциялық банктердің дамуын жақсарту жолдары
Мазмұны
Кіріспе
3
І. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің қалыптасуы, дамуы,
олардың кассалық есеп айыру формалары және кассалық операцияларды жүргізу
тәртібі.
1. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қалыптасуы мен дамуы
4
2. Коммерциялық банктердің кассалық есеп айырысу формаларымен құралдарына
сипаттама
24
3. Коммерциялық банктердегі кассалық операцияларды жүргізу тәртібі 35
ІІ. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің экономикалық даму
жағдайына талдау БЦК мысалында
2.1 Центр Кредит Банктің басқару құрылымы және бүгінгі даму жағдайы 49
2.2 Банктің 2003-2005 жылдардағы экономикалық қызметіне талдау
53
ІІІ. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің бүгінгі жағдайы
және даму перспективасы
3.1 Қазақстанның банктік жүйесінің даму болашағы
69
3.2 Коммерциялық банктердің дамуын жақсарту жолдары
80
Қорытынды
84
Қолданылған әдебиеттер
85
Кіріспе
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтуі күрделі және қайшылықты
жағдайларда жүруде. Бұл өз кезегінде Қазақстанның банк жүйесіне және
Республикадағы экономикалық өзгерістердің қарқынына, бағытына және
тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Дербестілік алған 13 жыл ішінде Қазақстанның банк жүйесінің екі
деңгейінің қалыптасу сатылары бір мезгілде және қатарлас өтті. Қазіргі
уақытта Республикадағы банк жүйесі мәнді өзгерістерден өтіп, белгілі бір
нәтижелерге қол жеткізді.
Бүгінгі таңда банк жүйесінің экстенсивті даму кезеңі аяқталып, бұл
процесті интенсивтендіруге өту басталды. Ол банк капиталының шоғырлануы мен
тиімсіз банктерді жою қарқының және масштабтарының ұлғаюымен қатар жүруде.
Тақырыптың өзектілігі – нарық құрылымында банктер тиесілі орнын алуы
үшін банктік сектордың тиімділігін арттыру мәселелерінің теориялық өңделуі
қажет, ал бұл осы сферадағы мемлекеттік саясаттың маңызды шарты болып
табылады. Осы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
– Елімізді банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін, кезеңдерін банк
саласындағы қабылданған заңдармен, құжаттар мен танысу арқылы оның
қалыптасу қызметтерін жүйелеу;
– Осы саладағы шетелдік және отандас ғалымдардың еңбектерімен танысу
арқылы теориялық білімдерді тереңдету;
– Банк жүйесіндегі түбегейлі өзгерістердің келбетін Банк Центр Кредит
және оның бөлімшелерінің мысалында статистикалық мәліметтерге сүйене
отырып сараптамалау;
– Қазақстан Республикасы банк жүйесінің экономикадағы орнын нақты
мәліметтермен сипаттау арқылы кешенді басқару, менеджмент функцияларын
жүзеге асыру бағыттарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеті – жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін
өзекті мәселелер бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы экономикалық
дамудағы Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің рөлін жан – жақты
қарастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының банктернің қалыптасуы,
дамуы, олардың кассалық есеп айырысу формалары, құралдары және кассалық
операциялар жүргізудің тәртібі қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің
экономикалық даму жағдайына талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктернің
бүгінгі жағдайы даму перспективасы ашылған.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орта-лықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалык Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер
кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие
жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың
монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік
банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен
ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың
13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық
банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банк-терді ғана емес,
сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді.
1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік
қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиа-лымен) қарыз капитал
нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудын жоғары
дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялык қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: езара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекетпк дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға
қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ
кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдас-тыруда мемлекеттік
монополия кағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен
жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі
бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер кұрылды. Банктік
жүйенің бір кұрамдас болігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банк-термен бірге:
кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капита-листік, соның ішінде шетел
капиталының катысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922
ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым
қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарса-ңынды КСРО-да 16
185 серіктестіктер кұрылған еді, бұл-лардың ішінде 2426 - несиелік және
қарыздық жинак, сон-дай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капи-талының қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всеком-банк,
Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жж. құрылған басқа да банктерге
көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілген несиелік реформа-ның нәтиежесінде жаңа
қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп және
электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып
қайта кұрылды. Ол 1959 ж. КСРО Қүрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық
банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық
банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк
арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы
Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын
тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда
банкіне берілді) қүрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959
ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында
үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мем-банкінде халык шаруашылығының барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанісінің
барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары
арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық
шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды(1(.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық
банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк
ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына
бағынуы, кандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды.
Сонымен катар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру
қағидасы жүзеге асырылды, со-ның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе
мекеме тек бір
банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз
ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол аркылы
барлық қолма-кол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО
Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп
құрылыс банкі (Пром-стройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сау-да (Внешторгбанк)
негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэко-номбанк) құрылды. КСРО Мембанкі
кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсе-
туін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясаты жүргізу,
несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен
байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүк-
теледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіп-орындар мен
бірлестіктердің есеп айырысу, карыздық және баска да шоттарын жүргізді.
Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік
кешеніндегі кэсіпорын-дарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметгік аямен
және сауда саласының кәсіпорындары мен үйымдарына - КСРО Тұрғын үй-
әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы
экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды
ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етгі.
Мамандандырылған банктердің күрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша
кұрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда
банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе кала
деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша
құрылды: ауданда клиенттері басымырак болса, онда мамандандырылған
банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана
ерекшеле-неді, себебі оньщ мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда
болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары)
өзінің мамандануына карамас-тан, ауданнын барлық клиенттеріне қызмет
көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана
көрінді, ал төменгі мекемелері эмбебап несиелік мекемелерге айналды.
Олардың ауданнын, яғни барлык саланың кәсіпорындарына кызмет көрсетулеріне
тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бүл қаражаттардың өзара аймақаралык есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен
курделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жүмыс істеу үшін КСРО
Мембанкін-де ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен
мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада
(өнеркәсіп, күрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды.
Олар өз кәсіпорында-рын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы
кәсіпорындардың еміршенділігін, пайдалылығын, негізделге-нін ескермей төмен
пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердін активтерінде залалды мемлекеттік
кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын
шатастырып жіберді, оны монополиядан босаткан жоқ, несиелік механизмге
түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ жэне көп бөлімді,
шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюро-краттық
аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі
әлде қайда әлсіреп кетті, ол маман-дандырылған банктердің жұмысына ықпал
ете алмады.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк
жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге кешуін жүзеге асыру болып
табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын
жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі - Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада,
өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет
көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы
сауда банкі (Внешторгбанк) валютада-ғы және валютамен жасалатын
операцияларға қызмет көрсетті.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, не-сиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, үсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдар-
дың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қа-лыптасқан ақша-
несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы
калыптасқан қаржы нарығының институттары мен кұралдары максатты түрде
жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз
КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына
несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін,
жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын, "Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы" Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды.
Республикальщ Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран
банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-
коммерциялық Агро-банкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-
коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бүл банктер акционерлік банктер
болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк
деген атқа ие болды.
1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік,
жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк
сияқты және т.б. ком-мерциялық банктер құрылды.Банктік жүйе - нарықтық
экономиканың ең маңызды және біртұтас қүрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай карым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шару-ашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі баскарумен
тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне
қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың
капиталдарын, халыктық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде
босаған басқа да бос ақша каражаттарын тарта отырып, қарыз алу-шылардың
уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және
экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында
өндірістің тиі-мділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді
(5-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық
үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы
қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық дел-далдар болып табылады Өз
қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын кдбылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы карыз алушыға
жаңа талап қойды(2(.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық
капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы
өндірістің оарлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе "ертегідей
күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ен қауіпті түрде араласуы" мүмкін1.
К.Маркс келесіде "Ағыл-шын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке
билік етуіне" назар аударадьг. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық
экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, эйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйым-дастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.)
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен бас-қарудың экономикалык
катынастарын көрсетеді, ал әр қоғам-ның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туын-дайды, яғни оларға қажеттіліктерді
канағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін эр түрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бүл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қор-
ғаңцы. Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органда-рымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
(Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалык сипатта Банктердің
экономикалық жауапкер-шілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең
алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат
болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банк-тік
несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен
бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті
көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдыктаушының тиеген
тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері
бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын кызметтерінің көптеген
манызды факторы туралы, әрі олардын нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік
береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға
және олардын тағдыры мен табыстылығын анык-тауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кә-сіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халық-тын шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жи-ынтығын, ал олар
аркылы шаруашылык процестердің бары-сын кадағалайды, әрі оларға ықпал
етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық акшалай қорларды шо-ғырландырған:
мемлекеттік шаруашылык буындардьвд қара-жаттары, халыктың жинақ
ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді
қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша
айналымын рет-тейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа
мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелен-діру мен мемлекетсіздендіру
нәтижесінде жеке меншік, мен-шіктің ұжымдық және акционерлік
түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің
негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың
бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек кызметімен айналысатын
түлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда.
Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің
экономикалық ролі күшею-де. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-
әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп
экономикаға банктік ықпал етудің құндык құрылым-дарының мағынасы арта
түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде, ен алдымен меншікті жекешелендіру мен
мемлекетсізденудегі ролі айрық-ша. Бүнда банктік жүйенің негізгі мақсаты -
несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін
жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау
болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15
қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл
теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы
1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Үлттық банк пен
үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде
шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы
тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте -10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыланды-ру мөлшерлемесінің
300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық
мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс
пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда
қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату келемі жоғарылауда. Инфляция
төлем-дерінің жағымды сэті ретінде Ұлттык банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін
ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.
Ұлттык банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді
максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлтгық валютаньщ
түрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойын-ша жағымды нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттердің қар-жылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекетгік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі -
экономикалың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік
көрсету болып табылады. Бүдан келіп шығатыны - банктік реформа мемле-кеттік
меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы ке-рек. Өйтпесе олар шығынды
несиелерден арыла алмайды, бүл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп
шығын шығаратын кэсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін
алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді
шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңей-теді. Көп
шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындар-дан бөлініп және олардың
жаңадан күрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған
банктердегі нашар, эрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату жэне
сауықтыру банктерін қүру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға
қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының
негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген жәке көп шығынды
кәсіпорындарға корпоративті жетек-шілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Инвестициялық қор-лар жекешелендірілетін кәсіпорындардьщ саудасына қатысып,
олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке
меншік қүқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз(3(.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың да-муына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде
ол шығынды мемле-кеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жекешелендіруіші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны құрудың
барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бүл
жерде әңгіме жекеш-елендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге
ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі
туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алды-мен заң базасын жасау керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қа-тынастарға көшу кезеңінде
несиені басқарудын жүйесін және шаруашылық кызметіне банктік қызмет көрсету
механизмін қүру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде
экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің
өз жүйесі шеңберіндегі, оның жеке- леген буындарынын арасындағы езара қарым-
қатынастар жүйесін кайта құру, яғни, жана құбылыстар мен процестерді ескере
отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жуйені реформ-алаудың қажеттілігі,
Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, кыска мерзімді мэселелер
категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макро-
экономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші
категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған
мақсатты несие мен банктік тэжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінін ескі
тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орна-ластырмау
мәселесі; екінші категория мэселелеріне банк-тердің 'Үапасыз" (мерзімі
өткен) карыздары мен мемлекеттік зиянды икәсіпорындарын жатқызады. Бұл
мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорын-
дардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық
ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол
береді.
Бұдан басқа, бүрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем
төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі
байқалады. 1992 жылдың I токсанында .. несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнін
-\11,3%-ын құрябаГ ал IV тоқсанда - 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қар-
жыландыру және Үлттық банктің несиесі есебінен болды, эрі бұл өз кезегінде
Ресейдін Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды
келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдын I тоқсанында Үлттык банктің
коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6,7%-ды қүраса, IV
тоқсанда - 17,8%-ды кұраған. Мұндай не-сиелік ресурстарды арнайы банктер
аркылы орталыктанды-рылған әкімшілдік үлестіру - өміршен емес шығынды мем-
лекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын
несиелердің. яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден
құрылуына әкеліп соқты-рады.
1993 ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орт-алыктандырылған
несие берілді, 5,6 млрд теңгесі - үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды
кұрады, ал олар бойынша жал-пы қайтарылатын сома 138,5 млн теңгеге немесе
3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі үзартылған болып табылды.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибе-сінің жетіспеушілігі
келесіде: банктер қаржылық емес не-сиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие
бола отырып, депо-зиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан
айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде
орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік
ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді
орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор - бұл төмен пайыздық
мөлшерлеме сая-саты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажет-
тіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орта-лықтандырылған
тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіп-орындардың қаржылық тәртібінің
элйреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мүнддғы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды
инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды
жинақтау үшін пайдалавды. Инфляция деңгейі мен' Ұлттық банк несиесінің
номиналдық пайыз мөлшерлемесін- салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы
наурыз айында 25% жылдық мөлшер-лемені қүраса, бөлшек сауда бағаларының
жылдық инфля-циясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында
номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоға-рылағанда, ал инфляция
1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің
қаржылық жағдайын жақсартуға және жүмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тіке-лей несиелеу
саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік
ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін
ескермей, тікелей несиелендіруі - мерзімі өтіп кеткен қарыздардың
ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған,
нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға
қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақша-ларды банктерге толық
мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті
тұрғшдар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады.
Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар ез қаражаттарына
жылжымайтын мүмлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала
бастады. Нақты актив-тер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан
қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк
пайыздары инфляциядан туындайтын шкғын-ның орнын жаппады. Мекемелер мен
жергілікті тұрғындар-дың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне
байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді
мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
субсидиялык және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын
тигізді. Субсидиялық несиелер деп - кәсіпорындардың өздеріне тән
шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға ариалған, сонымен бірге,
кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар
Үлттық банктің қайта қаржыландыра-тын несиелерге қарағанда, төменгі
пайыздық (1992 ж. IV тоқсанында 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қара-
жаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемле-кеттік дотация
арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кэсіпорындар отемеді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді
жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992
ж. Үлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлык қайта қаражыландырған
несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады.
Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы
кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993 ж. мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін ор-талықтандырылған
несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшер-лемелермен (3%, 25% және 65%)
беріледі. Банктердің бар лық берген несиелерінін 7,5 млрд теңге жалпы
сомасынан, олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992 ж. коммерциялық банктердің
пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, ұлттық
банктің орталықтанды-рылған несиелік ресурстарының есебінен банктерге
беретін несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтиже-сінде,
орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 ж.
жалпы республика бойынша 48,2% құрады. Сол жылы түтыну бағаларының индексі
2269,8% деңгейде анықталды.
Ұлттық банк кэсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг)
жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер
берді. 1992 ж. осы мақ-саттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік
несие-лердің 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын
жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіп-орьшдар шығындарын қаржыландырудың
құралына айналды. Соньшен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер
бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы
үлкен айырмашылық - қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлеке-ттік емес қарыз
бюджетінің тапшылығын жабу үшін үкімет-ке берілген несиенің үлес салмағы
жоғары: 1992 ж. 1 қаң-тарында олар тиісінше 13,7 және 11% құраса, 1993 ж. 1
қаң-тарда - 1,5 және 2%, ал 1993 ж. бюджеттік тапшылықты жабуға - 877 млн
теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасыньщ - 11,8%-ын құрады.
Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі
өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан
Үлттық банктің ұтылғаны мен капиталды жоғалту сомасы өте жоғары болды.
1992 ж. Республикада басталған төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың
қаржылық жағдайына және жалпы эконо-микаға қатты әсер етті және әлі де әсер
етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді темендетуге, ал кейбіреулері
өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есеп айырысуда тауарлар
мен көрсетілген қызметтерге алдын ала төлем және бартер қолданады.
1991 ж. 1 қаңтарда уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн
теңге құраса, 1992 ж. 1 каңтарына - 11,2 млн теңгені, ал 1992 ж. маусымында
- 384 млн теңге не-месе жалпы ұлттық өнімнің - 12,3 % немесе алынған банк-
тік несиелердің жалпы сомасының - 84,1% құрады. 1993 ж. мерзімі өтіп кеткен
төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары
өсті. Сөйтіп, банктердің қарыздары. бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар
12,6 млн теңгеден 1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге ұлғайды.
Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі:
бірінші төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарық-
тың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. басында Үлттық банк
кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пайда
болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін баска
кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер
жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді: Жағдайы жақсы, төлем
қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабі-летінсіз кәсіпорындар да қауіпті
жағдайларға ұшырады.
Несиелік нарықтың мәселелері қолма-қолсыз есеп айы-рысудың бұрынғы
жүйесі және есеп айырысу қүжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде
байкалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі
мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді.
Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден
несие беретін, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жүйені
алып тастаған соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға
банктер несие бермейтін болды) төлемсіздік дағда-рысы орын алады;
төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер
үшін төлем төлей алмауы - төлемсіздік тізбегін туғызды.
Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірілуі ескірген құрал-дар мен
банктердің техникалық жарақтарының артта қалуы-мен де (ескірген ЭЕМ және
оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шы-ғуда үлкен 3 шараны
жүзеге асырады: Біріншіден, басқа да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін
азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта
қаржыландырды. Үлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта
қаржыландыруға 245,6 млн теңге несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем
құралдарын енгі-зді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем,
тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететін төлем құралдарын
пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бүрынғы одақтас республикалар
республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992
ж. соңында Қа-зақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын
өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы
1992 ж. аяғында 80 млн. теңгені құраған.
Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере ал-мады, себебі бірқатар
маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан
туындаған не-сиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ;
мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржы-лық тәртіптің
болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992 ж.
соңында тағыда қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн
теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айна-лым
капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесінде
(25% жылдық) несие бөлуге мәжбүр болды.
1993 ж. қараша айында Үлттық банкке үлттық валютаның енуімен ақша-несие
саясатын жүзеге асыру; бюд-жетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста
классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін
нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Үлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің
қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды
қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Үлт-тық
банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін колға алды.
Бұл кезең, сондай-ак үлттық валю-таның бағаларды ырықтандыру саясатына орай
шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі
болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазакстан
Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған
Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалындыя(4(.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекеме-лер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операция-лары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнер кәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономи каның өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықта: да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы
мағынасы біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білді реді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет керсетуі
олардың қызметтерінің саласына байла-ныссыз болады. Коммерциялық банктер -
нарық экономика-сында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несие-лік
мекемелердін тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиент-терін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялар-дан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып калуы кездей-
соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағ-дайына көндігетін
қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра оты-рып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орын-дайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып,. кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген үсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
^Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар
салымдарға төлейтіндеріне қарағавда, қарыз-дарға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесін белгілеп табыс табады^
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқавда). Болашақ қарыз алушы-
ларды дұрыс тандай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары
пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын
бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметгің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен
олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында
қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақ-тауға қолайлы әр
.түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағы-нан ақшаның сақталуын
қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұм-
сағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының
қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көидігуіне
мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы^ сөз қозғағанда,
несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі
- дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар
формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл
жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ак талап етуге
дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі
экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып,
экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғы-зады. Банк несиелерінің
жетіспеушілігі жэне өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті
кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер
тиім-сіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа
қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мүндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар
уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды
бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттан-дырады, яғни
жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен.
Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рүдсат)
алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен
чартер алғандар). Үлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
¥лттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары
бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген
жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге
мүше-банктер болып сана-лады, ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық
банктер қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді
ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге
мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын
қалыпқа келтіреді. АҚШ-тагы ең көп тараған банктер типі -филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚІП-та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегін-де, сондай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған бола-тын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бүл ұйымдастыру
формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол бе-ріп қоймай, сондай-
ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңіл-детті. А.ҚШ-та холдинг-компаниялар 6
мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін
бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік
холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік
жағдайды қолдап отыру мақса-тын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы
бәсекенің артуы-на чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлім-
шелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминал-дардың пайда болуы
және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді.
Сонымен қатар бә-секе, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне бай-
ланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет
көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйым-дардың барлық түрлері бар.
Үлттық банктің рүқсатымен банктер Қазақстан Респуб-ликасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін -
Үлттық банкінің ке-лесі бір хабарлауымен ашады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz