Мемлекеттің бағалы қағаздары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.

Коммерциялық банктер өздерінің табыстық базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Банк активтік операциялары нарығындағы бәсеке банктік қызметтің бұл түрінің сандық және сапалық сипатамаларына әсер етеді.

Халыққа дәстүрлі активтік операцияларды (несиелік, есеп-айырысу кассасы, валюталық және тағы басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтерді, клиенттердің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеулерді, лизингтік және тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.

Коммерциялық банктердің дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзінің және сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлі активтер бойынша дұрыс орналастырылуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс, орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.

Банктік қызметтің маңызды және басты бөлігін пайда табу мақсатында банктің өз және тартылған ресурстарын орналастыру іс- әрекеттері құрайды, яғни банктің активтік операциялары құрайды.

Активтік операцияларды жүзеге асыру барысында банктер әртүрлі жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе біріккен кәсіпорының пайдасына қатысу түрінде табыс әкеледі. Банктің активтік операцияларының нәтижелері банк балансының активінде көрініс табады. Оның көрсеткіштеріне қарап банктің ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға болады. Банк активтерінің және қаржылық емес мекемелердің активтерінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердің активтерінің көп бөлігі қаржылық талаптар түрінде болады. Банктердің салыстырмалы түрде қаражаттарының көп бөлігі ақшалай формада болады, ал ғимараттар және құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.

Банктер мен кәсіпорындардың активтерінің құрылымындағы айырмашылық олардың міндеттемелерінің шығу тегінен және пайда табу мақсатында жүргізетін қызметтерінің сипатынан келіп шығады. Кәсіпорындар өз пайдаларының көп бөлігін шикізаттар және материалдарды пайдалана отырып жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесі дайын өнімдердің көп бөлігінің қоймада сақтауын талап етеді, ал өндіріс шикізаттар қорларын бір қалыпта ұстап тұру қажеттілігін және қымбат тұратын құрылғыларды пайдалану қажеттілігін талап етеді. Ал банктік пайда негізінен несиелік және инвестициялық операциялардан алынады, нәтижесінде банктер ақшаның болашақта төленетін куәландыратын вексельдердің, облигациялардың және басқа да қаржылық құжаттардың ұстаушысы болады.

Банктің өз және тартылған қаражаттарын жоғары табыс алу мақсатында тиімді орналастыру, банк активтерінің сапасы, оны бағалау мәселелерінің актуальдылығы және олардың қазіргі кездегі дағдарыстағы жағдайы менің диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма осы себепші болды. Өйткені банктің өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан сенімділігі және тұрақтылығы оның активтерді тиімді орналастыруына және олардың сапасына, жалпы айтқанда активтік операцияларына байланысты болады.

Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты:

  • банктің активтік операцияларының мәнін көрсету;
  • банктердің активтерінің ұтымды құрылымын анықтау және активтердің
  • сапасын бағалау тәжірибесін оқып-үйрену, олардың сапасының банктің өтімділігі мен пайдалылығына әсерін талдау болып табылады.

Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:

  1. Банктің активтік операцияларының құрылымы мен оның

ерекшеліктеріне тоқталу;

  1. Банктің активтік операцияларының құрылымына әсер ететін

факторларды қарастыру;

  1. Банк активтерінің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты материалдар негізінде талдау жасау;
  2. Банктің активтік операцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру;

Жұмысты жазу барысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері; Отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалынатын банктің қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Коммерциялық банктердің операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. 1993 жылдан бастап, Базель комитетінің негізгі принциптері бойынша, банкті қадағалау жүйесі басталды. 2001 жылы банк қызметі бойынша консолидациялық қадағалау енгізілді. [1, 12]

Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда табу.

Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.

Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.

Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзыретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді. [2, 17]

Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т. б.

Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.

Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 41 бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:

  • Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын мәжбүрлі шығындарды бекіту;
  • Екінші дәрежелі банктер үшін міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
  • Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;

Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

  • Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру) ;
  • Активтік операциялар (қаржыны орналастыру) ;
  • Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер) .

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:

  • Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер) ;
  • Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие) ;
  • Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
  • Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
  • Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т. б. [1, 31]

Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.

Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады.

Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы № 412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек болса, 2008 жылы енгізілген өзгерістер бойынша, банктің жарғылық капиталы $15 млн. АҚШ болу тиіс. Яғни, бір банкті ашу үшін, қызметкерлер құрамын және кеңсеге кететін жалпы орта есеппен санағанда кететін шығын $50 млн. АҚШ. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Ұлттық банк белгілеуі бойынша олар төмендегі құжаттарды, банктік бақылау және қадағалау департаментіне ұсынады. [29, 5]

  1. Өтініш
  2. Техника экономикалық негіздер (бизнес план)
  3. Іскерлік жоспарымен 3 жыл мерзімде белгіленген есеп айырысу

балансы

  1. Банк бастығы туралы анкета. (банктік тәжірибе, жоғары экономикалық

білім, алынбаған қылмыстық жауаптылықтың болмауы, бұрын

күйзеліске ұшыраған мекеме басшысы болмауы талап етіледі) .

  1. Банк жарғысы (ашылатын банкті атау, мекен-жайы, жүргізілетін

операция түрлері, ашатын қорлары мен жарғылық қор көлемі тағы сол

сияқты)

  1. Құрылтайшының төлем қабілеті туралы аудиторлық қорытынды және

жарғылық қордың енгізілгендігі туралы құжат.

Бұл талаптарды орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.

Лицензия түрлері: 1) жаңа банк ашуға; 2) бөлімшелер ашуға; 3) валюталық операциялар жүргізуге; 4) халық қаржыларын таратуға;

Коммерциялық банктің функциялары: 1) аманаттар қабылдау; 2) несиелендіру жүргізу; 3) шаруашылық мекемемен есеп айырысу; 4) айналымға бағалы қағаз тағы сол сияқты құндылықтар шығару; 5) кеңес беру және әртүрлі ақпараттар ұсыну;

Принциптері: 1) өзіндік қаржылар есебінен қызмет ету рентабентілікті қамтамасыз ету; 2) еркін түрде қаржы тарту орналастыру экономикалық еркіндікте болу; 3) нарық жағдайына байланысты клиенттермен сенімділік қатынаста болу; 4) қызмет бағытын, экономикалық орнын еркін таңдау. [3, 34]

Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2 тармағы) . Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10, 0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін. Қазіргі таңда, яғни 2008 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының секторы Ресей секторына қарағанда, кемірек құнарландырылған. Ірі 5 банкке 75 % активтер тең болады, 5 банк - бұл Қазақстан Республикасындағы банктердің жалпы санынан 14% активтер тең болады деген сөз, ал Ресей Федерациясында бірінш 150 банкке ірі актив үлесі тиеді. Егер де Қазақстан Республикасында әрбір есеп - кассалық бөлімге 12 мың адам болса, Ресейде тура сондай есеп - кассалық бөлімге 8 мың адам тең болады. [31, 2]

Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы. Яғни, таза табыстың капитализациясы болады (жылдың соңындағы 3599 шотынан - жылдың басындағы 3480 шотына ауысуы) .

Банктің ресурстарының құрамына меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырынған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.

Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.

Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптан туатын іс.

Активтік операциялар. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.

Бұған жататындар:

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
  • Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде пайдалынатын мүліктерді сатып алуға) ;
  • Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
  • Лизингілік операцияларға несие беру;
  • Факторингітік операцияларға несие беру;
  • Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие) . [4, 45]

Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңлар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңдеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер төлемін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар, заңмен бірге заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит беретін болды.

Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

  • Несиелеу операциялары-(есептеу-несиелеу) ;
  • Есеп айырысу операциялары;
  • Кассалық операциялар;
  • Инвестициялық, қорлық операциялар;
  • Кепілді операциялар.

Несиелеу операциялары-қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді;

Есеп айырысу операциялары - қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;

Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айрысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.

Кассалық операциялар - қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.

Инвестициялық қорлық операциялар-банктің күрделі қаржысын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.

Кепілді опреациялар-кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.

Соннымен қатар, банкінің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай-қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына) қарай бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.

Активтік-Пассивтік операциялар :

  • Банкіге комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар (дебиторлық берешекті инкассалау, ақша аудару, сауда комиссиялық, сенімділік) ;
  • Белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық операциялар;
  • Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;
  • Сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздарды, басқа елдердің валюталарын, асыл металдарды алып сату) ;
  • Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.

Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды. [12, 52]

1. 2. Банктің активтік операцияларының мәні мен құрылымы

Активтік операциялар-бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруларды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Банктің активті операциялары негізгі кіріс көзін құрайтын операция болып табылады. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операциялардың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • Ссудалық операциялар;
  • Инвестициялық операциялар;
  • Депозиттік операциялар;
  • Кассалық операциялар;
  • Басқа да;

Банктің есеп қарыз операциясы кең көлемді кіріс әкелетін операция ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кіріс әкелетін операция болып бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар саналады. Бұл кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кіріс алу мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды. [5, 41]

Кіріспеде айтылып өткендей бұл операциялар банк балансының актив жағынан көрініс табады.

Ссудалық операциялар

Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ке жуық құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудалар береді. Олар мынадай белгілеріне қарай жіктеледі:

1. Несие берілуіне қарай:

  • банктік;
  • арнайы несиелік мекемелер;
  • бюджеттік;

2. Қарыз алушылар категориясына қарай:

  • қаржылық институттарға берілетін несиелер;
  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы несиелік мекемелерге;

3. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Сбербанк АҚ және Қазақстанның қор нарығы:мәселелері, қазіргі кезеңде даму болашағы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Несие капиталының нарығы
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Банктің инвестициялық операциялары
Банктің инвестициялық операциялары жайлы
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Бағалы қағаздар құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz