Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы


Мазмұны
Кіріспе3
I-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі және ұйымдастырылу құрылымы7
1. 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі7
1. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өз қаражаты және табысын бөлу10
1. 3. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары11
2-бөлім. Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының теориялық негіздері16
2. 1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары16
2. 2 Ақша-несие саясатының қызмететуінің іске асуының құқықтық негізі21
2. 3 Ақша-несие саясатының 2004-2006ж негізгі бағыттары24
2. 4 Ақша-несие реттеуінің құралдары28
2. 5 Эмиссиялық қызметі және оның есепте бейнеленуі32
3-бөлім. Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жүргізу барысы және инфляциялық таргеттеудің маңызы39
3. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияны таргеттеуі39
3. 2 Ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі таңдағы мәселелері мен болашақтағы даму сипаты48
Қорытынды53
Қолданылған әдебиеттер тізімі57
Кіріспе
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Ақша массасының өсуін тұрақтандыру - инфляция қарқынын төмендетудің, бағалар деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Мұндай жағдайға қол жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасында тиімді түрде жүреді.
Қазіргі банк жүйесі - бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т. б. ) дейінгі өз тұтынушыларына көрсететін сан алуан қызметтер саласы.
Тұрақты, икемді және тиімді банк жүйесін құру - Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі. Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесінің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейге шығуына ықпал етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесінің құрылымы күрт күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады. Банк жүйесінің жоғары деңгейін құрады. Ұлттық банк басқа мемлекеттердің орталық банкімен қарым-қатынаста болады және халықаралық ақша-несие қатынастарында мемлекет атынан қызмет етеді. Ұлттық банк өз қызметінде республика ата-заңын, Президент заңдарымен жарлықтарын және жоғары заң шығарушы ұйым шешімдерін басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды. Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын орган болып табылады.
Орталық банктер елдің несие жүйесін бас үйлестіруші және реттеуші органының рөлін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік орган болыды.
Бұл тақырыптағы жұмысты таңдау себебім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі біздің еліміздің банк жүйесінде орасан зор орын алады. Сондықтан құқықтарын, мәртебесін және жалпы Ұлттық банкті зерттеп білгім келді.
Әдістемелік негізі-заң актілері, ереже есепке ала отырып, журналдар, статистикалық бюллетень, кіпаптар, газет-журналдар қолданылған.
Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құқықтары, міндеттемелері, функциялары, мәртебесі, қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда ақша-несие саясаты қарастырылған. Мысалы, функцияларына тоқтала кетсек Ұлттық банк Қазақстан Республикасының баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және де Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктер мен олардың клиентері арасында ақша аударымдарын ұйымдастырады.
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының құралдары мен механизмдері» атты дипломдық жұмыстың өзектілігі - мемлекеттің экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ақша-несие саясатын тиімді жүргiзудің маңыздылығы. Яғни ақша-несие саясатын қаржыландыруды ресми ставкасын, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейлерін, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін ерекше жағдайларда, операцияларының жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен тиімді жүзеге асыруға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - бүгінгі таңда өзекті және негізгі саясаттардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатынын, қызмет ету механизмін, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргiзудегі басты қызметтерін, ақша-несие саясаттағы инфляциялық таргеттеудің жүргiзуінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыттарын зерттеу.
Осы мақсатқа сай дипломдық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Ұлттық банктiң ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуі үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталған.
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату операцияларына сай айналыстағы ақша жиынын реттеу.
- Банктерге және үкіметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер беруді тиімді жүргiзу.
- Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық Банктің шетел валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем балансын реттеп отыру.
I-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі және ұйымдастырылу құрылымы
1. 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі
Орталық банктер елдің барлық несие жүйесінің бас үйлестіруші және реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың басты ролі мемлекет берген кең өкілеттіктермен негізделген.
Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, “банктердің бас банкі” ролін атқарады, ақша-несие және валюта саясатын айқындайды; оның қызметінің негізгі мақсаты - пайда табу емес, елдің ақша-несие саясатын және несиелік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы тұрақтандырудың, тауар-ақша қатынасын тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік саясатты жүргізеді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” ҚР Заңы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып, “банктердің бас банкі” болды.
Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын білдіреді.
Ұлттық Банк - өзінің алтынвалюта резервтерін, басқа да материалдық құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.
Отралық банктердің құқықтық мәртебесі құқықтық актілерде бекітілген: орталық банк туралы заңдарда және олардың жарғыларында, банктік және несиелік қызмет туралы заңдарда, валюталық заңнамаларды. Әдетте, орталық банктің қызметін реттейтін негізгі құқықтық акт ол орталық банк туралы Заң болып табылады. Онда оның мәртебесі, басшыларын тағайындау рәсімі, мемлекет және ұлттық банк жүйесі арасындағы қарым-қатынастар айқындалып көрсетіледі. Бұл заң орталық банктің елдегі эмиссиялық институты ретіндегі өкілеттігін көрсетеді.
Ұлттық банк жүйесінің нормативтік құқықтық базасының қалыптасуының басы 1995жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің қаржы-несие, ақша жүйесі, алтын қоры, валюталық қорларын құруға құқық алды.
1993 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Ұлттық банктің ролі және банк жүйесіндегі орны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынастары айқындалған еді.
КСРО мемлекетінің тұсында Ұлттық банк КСРО Мемлекеттік банкінің құрамына республиканың орталық банкі ретінде енген болатын. Бұл кезеңде Қазақ ССР ақша айналымы орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылатын.
Ұлттық валютанмызды - теңгені (15 қараша 1993 ж. ) енгізгеннен бастап Ұлттық банк ақша-несие саласының қызметіне толығымен жауапкершілікті атқара бастады.
Қазақстанның ақша-несие нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ролі де айрықша өзгере түсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттің орталық банкі ретінде өзінің негізгі реттеуші және бақылаушы орган екеніне байланысты осы қызметтерін күшейте түсті. Осы жағдайда еліміздегі банк жүйесі реформаларының қажеттігі туындады, сөйтіп жаңа құқықтық актілер қабылдау керектігі айқын көзге түсе бастады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар Жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын еліміздің Конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң басқа банктерге байланысты Заңдармен әрекеттес. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін екінші құқықтық құжат Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Жарлығы. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты - пайда табу.
Жоғарыда аталған екі заң кезінде халықаралық қаржы ұйымдар мен сарапшыларының жақсы бағасына ие болған еді. Соңғы аталған заңға сәйкес банк қызметі кәсіпкерлік қызмет тәрізді реттелуі тиіс деген алғышартқа негізделген. Мұнда Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің қарым-қатынастары егжей-тегжейлі анықталған.
Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің қатынасы;
- Банктің басқарушынар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
Орталық, банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ оның тәуелсіздігінің дәрежесі тым жоғары емес. Өйткені, біріншіден оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден жоғарыда айтылғандай, банктік басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 1/3 банктің аппаратынан тыс адамдар. Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің өзінің табысын өз бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш Заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға, енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі екенін айтқанбыз), ал қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
Қазақстан Республикасының Президентіне есептілік мынаны білдіреді:
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуі;
Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті сұрау салған ақпаратты табыс етуі.
1. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өз қаражаты және табысын бөлу
Орталық банк акционерлік қоғам нысанында құрылады. Әдетте, оның капиталы мемлекетке тиесілі (Франция, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Испания) . Егер мемлекет капиталдың бөлігін (Бельгия, Жапония) немесе орталық банктің акционерлері коммерциялық банктер (АҚШ) және басқа қаржы мекемелері (Италия), болғанымен мемлекет орталық банктің басқару органдарын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Қазақстан Ұлттық банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және Қазақстан Ұлттық Банкінің билігіне негізгі қорларды беру жолымен және оның таза табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыдан 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен билік жүргізу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерінде құрылып, таза табысы есебінен толықтырылады әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен ережеге сәйкес, тек жүргізілген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның ішінде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негізгі қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жыл ішіндегі таза табысы іс жүзінде алынған кірістер мен осы қаржылық жылға қатысты, активтер амортизацияны, соның ішінде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде анықталады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін абсолюттік сомада жарғылық және резерв капиталын құрауға бағытталады.
Нақты алынған таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған таза табыс Қазақстан Ұлттық Банкінің осы Заңда көзделген жарғылық капитал мен резерв қорын қалыптастыруға жетімсіз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесі қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебінен өтеледі.
1. 3. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары
Орталық банктердің тиімді қызметі шетелдік тәжірибелерді ескере отырып және ұлттық дәстүрлерді көрсететін және мұның бәрі заңды бекітілген, өзінің ұйымдастыру және басқару жүйесі болғанда ғана мүмкін болады. Орталық банктердің ұйымдастырылуының екі негізгі үлгісі бар.
Бірінші үлгіге сәйкес орталық банк экономиканы реттеу үшін өкілеттігі бар билік органының құралдарының бірі ретінде ақша-несие саясатын жүргізеді. Ақша-несие саясаты да бюджеттік тәрізді, құрылымдық саясаты, табыс саясаты үкіметтің экономикалық және әлеуметтік міндеттеріне қол жеткізу үшін пайдаланылады. Мұндай орталық банктің үлгісі, мысалы, Франции, Ұлыбритании, Жапония елдеріне тән.
Екінші орталық банктің үлгісінің алдына нақты міндеттер қойылады және ол міндеттерді (бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша-несие саясатының арнайы құралдары қолданылады) саяси биліктің қысымынсыз атқарады. Мұндай үлгі Германия, Австрия және Нидерланды елдерінде жүзеге асқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz