Несиелік рейтингтің рейтингтік категориялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несиелік рейтинг мәні мен мазмұны, түрлері мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .7
1.2 Рейтингтік агенттіктер, олардың түрлері мен атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...20
1.3 Несиелік рейтингтің коммерциялық банктер қызметіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕЛІК
РЕЙТИНГТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы алдыңғы қатарлы банктердің несиелік рейтингтері және
оларды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .35
2.2 Казкоммерцбанктің инвестициялық қызметі мен несиелік
рейтингісіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..54
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕЛІК
РЕЙТИНГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банктің ақпараттық жүйесінің Депозиттер мен жеке
тұлғалардың төлемдері бағдарламалық қамтамасыз ету
жүйесінің
бизнес–жоспары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..71
КІРІСПЕ
Соңғы кездері біз күнделікті еліміздің экономикасына инвестиция құю
қажеттілігін естиміз. Шетелдік ғана емес өзіміздің Қазақстандық қаржы
институттарының да жұмыс істеуге қажетті бос ақша қаражаттарының жинақталуы
да құпия емес. Бұл капиталдарды тікелей инвестициялау қауіпті болғандықтан,
қаржы институттары нарықта кредитор ретінде жұмыс істеуге ынталы болады
және тәуекелділіктің басым бөлігін зайым алушыға аударады. Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық тартымдылығы
инвестициялаудың қауіпті объектісіне жатпайды және инвестицияны белгілі бір
жобаларға, сфераларға, операцияларға құю қауіпті болып есептелмейді.
Инвестицияны синдицияланған зайым ретінде тарту мен оны бағалы
қағаздарға салу кезінде инвестор (кредитор) үшін маңыздысы болып зайым
алушының алған және алатын міндеттемелерін уақытылы орындау болып табылады.
Зайым алушының міндеттемелерін уақытылы әрі толығымен өтеуі барысында
экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отыра оған комплексті
баға тағайындалады. Бұл баға оның несиелік қабілеттілігін немесе несиелік
рейтингін көрсетеді.
Бүгінгі таңда халықаралық несиелік рейтингті иемдену қажеттілігі,
алдымен отандық қаржы институттарының міндеті болып отыр. Өйткені олардың
қызметі ішкі қарыз нарығынан сыртқы нарыққа бағыт алуда. Бұл жердегі
басымдылық мынада: егер инвестор сенетін болса оған өзінің
тәуекелділіктерін кепілдендіру қажеттілігі болмайды. Нәтижесінде несие
арзанырақ түседі.
Несиелік рейтингтің бар болуы банктің объективті қаржы
мүмкіншіліктерін көрсетеді, институттың инвестиция қабылдауға дайын
екендігін және инвесторлармен келіссөзге келуге ашық екендігігн көрсетеді.
Арнайы мамандандарылған рейтингтік агентствосымен берілген біршама жоғары
несиелік рейтинг коммерциялық банктің кез-келген қаржы операциясын
орындауға мүмкіншілігін артады. Рейтингтің инвестиция тарту, несиелерді
алу, бағалы қағаздарды шығару немесе банк қызметін кеңейту мақсатына
байланыссыз несиелік рейтинг банк менеджментіне өзіне ыңғайлы шарттарда
келісім-шарт жасауға мүмкіншілік береді.
Несиелік рейтинг банктердің несиелік қабілеттіліктерін ұзақ мерзімді
келісім-шарттарға отырады инвесторларға, қарыз міндеттемелерін сатып
алушыларға, контрагент- банктерге, жабдықтаушылар мен клиенттерге тиімді
хабарлау құралы болып табылады. Рейтинг инвесторлармен қарым-қатынас
құрудың жалпы бағдарламасының құраушы бөлігі бола отырып, жалпы
инвестициялық тартымдылықты жоғарлатуға себепкер болады.
Рейтингтерді қолданудың себебі мынада: зайым алушы өзінің несиелік
қабілеттілігі туралы толық біледі, ал кредитор болса ол туралы толық
мәліметпен қамтылмаған, сондықтан зайым алушы өзінің тек қана жақсы
жақтарын көрсете отырып бейнелеуі мүмкін. Ал потенциалды кредиторлар бұл
туралы біледі. Өйткені кез-келген зайым алушы өзінің жақсы жағын көрсеткісі
келіп, өзінің нақты жағдайын жасыруы мүмкін. Сондықтан инвесторға зайым
алушының несиелік қабілеттілігі туралы толық мәлімет қажет, ал зайым алушы
кредиторды өзінің сенімділігі туралы көндіруі қажет. Қарыз алу нарығының
дамуына байланысты, несиелік тәуекелділіктерді жеке зерттеу, информацияның
сенімсіз түріне жата бастады.
Бұл мәселелерді шешуге тәуелсіз халықаралық және ұлттық рейтингтік
агентстволардың несиелік рейтингілері көмектеседі. Несиелік рейтинг –бұл
тек қана қабілеттілік емес, бұл зайым алушының алған міндеттемелерін
уақытылы төлеу мүмкіндігі. Ол зайым алушының жалпы несие қабілеттілігі
туралы анықтама береді (немесе оның нақты бір қарыз міндеттемесі бойынша
несие қабілеттілігі).
Атап өту қажет, рейтинг – бұл рекомендация емес, ойлануға арналған
информация болып табылады. дегенмен несиелік рейтингтер инвесторлар
арасында, зайымалушылардың дифференцияциясының тиімді құралы ретінде
қолданыла бастады. Несиелік рейтинг – бұл эмитент пен инвестор арасындағы
коммуникация құралы болып та саналады. Сол арқылы эмитент инвесторға
үшінші жақ-тың жасаған кәсіби қорытындысын пайдалана отырып, өзінің қаржы
жағдайы туралы көп мәліметтерді келтіре алады. Осының арқасында эмитент
өзінің әлсіз жақтарын қоғамға жария етпеуге мүмкіндік алады.
Несиелік рейтингтер ең алғаш рет АҚШ-та пайда болғандықтан, ең ірі әрі
танымал несиелік рейтингтерді беруге маманданған рейтингтік агентстволар
Moodys investors, Standard & Poors, Fitch-IBCA болып табылады. Бұл
агентстволар дүниенің ондаған мемлекеттерінде өкілеттіліктер бар және
барлық елдерге жалғыз стандартты ғана қолданып қана қоймай, барлық елдерге
шамамен бірдей несиелік қабілеттілікті бағалау мен несиелік рейтингтердің
шкалаларын бағалау методикасын қолданады. Олар өз қызметінің коммерциялық
құпиясын да сақтай біледі.
Халықаралық қызметтермен белгіленген стандарттар, рейтингтердің барлық
елдерге бірдей болғаны, бір қатар кемшіліктердің бар болғаны айқындайды. Ең
алдымен олар халықаралық қаржы нарықтарына бейімделген, ұлттық, аймақтық
және муниципалдық спецификаны әрдайым ескермейді. Өзінің қызметінде
халықаралық агентстволар американың бизнесін қолдай отыра, қызмет жасайды.
Сондықтан оған қарсы мемлекеттер мен бизнес сфераларының рейтингілерін
төмендетіп бағалайды.
Рейтингтерді тағайындау кезінде халықаралық агентстволар көптеген
инвесторлар мен эмитенттердің мүддесін қорғай отыра, белгілі бір балансты
ұстануы қажет,әсіресе мемлекеттік тәуекелділікті бағалауда олар үлкен
қиындыққа ұштасады.Өкінішке орай, бұл кейде монипуляцияға алып келеді.
Мысалға, Кипрда Moodys агентствосы өз өкілеттілігін құрып, осы жердегі
кейбір банктерге сұраныссыз рейтингтер тағайындай бастады. Сонда ол
рейтингтер бәсекелестерге қарағанда біршама төмен болған. Нәтижесінде
банктер Moodys компаниясына өзінің репутациясын сақтау үшін толық зерттеу
жүргізуге тапсырыс берді.
Бүгінгі танда халықаралық рейтингтік агентстволармен рейтингтелетін
зайымшылардың саны 10 мыңға жуық. Оның құрамына дүниенің барлық елдері, ірі
корпорациялар және біршама мықты елдердің муниципалитеттері кіреді. Бір АҚШ-
та ғана бүкіл тарихы бойынша 100 мың рейтингтер тағайындалған, бағалы
қағаздардың бөлек эмиссиясының рейтингілерін қосқанда.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып банктің несиелік
рейтингісін талқылау несиелік рейтингті жоғарлауға байланысты ұсыныстар
жасау және оның жегрілікті жағдайға сәйкестігін талқылау.
Жұмыстың пәні мен объектісі. Жұмыстың пәні ретінде банктің несиелік
рейтингі, несиелік саясаты және оны жоғарлату мен жақсартуға байланысты
теориялық және практикалық сұрақтары саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметі болып табылады.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан
тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтерелген.

1.1Несиелік рейтинг мәні мен мазмұны, түрлері мен принциптері
Банктік несиелік рейтинг – коммерциялық банктердің қаржылық
төлем қаблеттілігінің және тұрақты қаржылық жағдайдың қысқа мерзімді
интегралды рейтингтік бағалау болып табылады. Берілген несиелік рейтинг –
банк аналитиктерінің эксперттік тобының бағаланып жатқан коммерциялық
банктердің өзінің контрагенттері алдындағы міндеттемелерін уақытылы және
толық көлемде орындай алу мүмкіндігі мен қабілетін көрсетеді.
Банктік рейтингтің эксперттері ретінде әртүрлі несиелік ұйымдардың
компанентті банктік аналитиктер қатысады. Олардың мамандығының міндеті –
өздерінің контагенттерінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін
бағалау болып табылады.
Банктік рейтингтің негізгі ерекшеліктерінің бірі – әр эксперт өз
жұмысында өзіне ғана тән индевидуалды (жеке) талдау әдістері қолдана алады,
сондай-ақ қолында бар ресми және бейресми ақпаратты да қолдану мүмкіндігіне
ие. Банктік рейтингтің тағы бір ерекшелігі – әрбір бағаланып жатқан банктер
бойынша, сол банктің эксперттік тобындағы әрбір эксперттің ағымдағы
рейтингтік салығын көрсете алады. Бұл рейтингтік салық сол эксперттің
бағасының жиынтық рейтинг бағасынан ауытқығанда автоматты түрде өзгереді.
Бұл автоматты әдіс теріс пиғылда немесе жеткілікті білімнің болмауынан
болатын эксперттердің әрекеттерін болдырмайды. Сондай-ақ жоғарыда аталған
себептерге байланысты эксперт өзі жұмыс істеп жатқан банкінің бағалануына
қатыспайды.
Несиелік рейтингтің рейтингтік категориялары.
Жиынтық рейтингтік бағаны беру банктерді несиелік тәуекелдері
бойынша бірнеше топтарға топтастыруға мүмкіндік береді. Бұл эксперттік баға
қаржылық есеп беруді жан-жақты талдаудың және осы банктердің қаржы-
шаруашылық іс-әрекеттер мен байланысты басқа қосымша ақпараттар нәтижесінде
шығарылады.
***** – Өте төмен несиелік тәуекел. Несие алушының қаржылық есеп
беруі мен оның қаржы шаруашылық іс-әрекетімен байланысты басқа да
ақпараттарды жан-жақты талдау нәтижесінде, бұл ұйымның әрекетінде болашақта
қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігіне қандай-да бір негативті
моменттер мен тенденциялардың мүлделі болуын көрсетеді.
**** – Төмен несиелік тәуекел. Несие алушының қаржылық есеп беруі
мен оның қаржы-шаруашылық іс-әрекетімен байланысты басқа да ақпараттарды
жан-жақты талдау нәтижесінде, бұл ұйымның боашақта қаржылық тұрақтылығы мен
төлем қабілеттілігіне әсер ететін негативті моменттер мен тенденциялардың
жоқ болуын көрсетеді.
*** – Орташа несиелік тәуекел. Несие алушының қаржылық беруімен оның
қаржы-шаруашылық іс-әрекетімен байланысты басқа да ақпараттарды жан-жақты
талдау нәтижесінде, бұл ұйымның әрекетінде болашақта қаржылық тұрақтылық
пен төлем қабілеттілігіне теріс әсер ете алатын моменттер мен
тенденциялардың бар болуын көрсетеді.
** – Орташадан жоғары несиелік тәуекел. Несие алушының қаржылық есеп
беруі мен оның қаржы-шаруашылық іс-әрекетімен байланысты басқа да

қаржылық әрекетінде болашақта қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігіне
әсер ететін белгілі бір моменттер мен тенденциялар болашақта өзінің
міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде өтей алмау қауіпінің бар болуы.
* – Жоғары несиелік тәуекел. Несие алушының қаржылық есеп беруі мен
оның қаржы-шаруашылық іс-әрекетімен байланысты басқа ақпараттарды жан-жақты
талдау нәтижесінде, бұл ұйымның төмен қаржылық тұрақтылығы мен өз
міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде қайтара алу жағдайына кез-
келген уақытта душар болуы мүмкіндігін көрсетеді.
Жиынтық рейтингтік бағалауды бергенде аралық рейтингтік
категорияларды белгілеу үшін + пен – белгілерін де қолдануға болады.
Даму тенденциялары.
Банк дамуының тенденциялары қосымша рейтингтік бағалау болып
табылады. Ол банк дамуының перспективасын сипаттайды.
+ – оң динамика;
+ = – динамика тұрақты;
= – – тұрақтылық;
– = – динамика тұрақтылықтан гөрі, теріс.
– – теріс динамика.
Түсіндіруші факторлар.
Факторларды түсіндіруші эксперттік бағалау талданатын банктің әр-
түрлі рейтингтік бағалауларды иемдену процедіралардың себеп-салдарлы
байланыстарын бөлшектеуге мүмкіндік береді.
Несиелік рейтингтің түсіндірмелі факторлары келесі:
– ресурстық база
– капитал
– активтер
– пайда
– акционерлер менеджмент
– ликвидтілік
– операциялардың негізгі бағыттарын бағалау
– қаржылық емес факторлар;
Түсіндірмелі факторларды бағалау бесбалды шкала бойынша есептеледі.
Сондай-ақ + пен – белгілері де түсіндірмелі факторларды аралық
бағалауда қолданылады.
Несиелік рейтингтер түрлі типтер мен категорияларға бөлінеді.
Салыстырмалы несиелік рейтингтер бар (рэнкингтер), олар таңдап отырған
бәсекелестердің арасындағы банктің несиелік қабілеттілігінің деңгейін
бейнелейді. Мұндай рейтингтер несиенің қайтарылмау тәуекелділігі қай жерде
көп немесе аз деген сұраққа жауап береді. Бірақ зайым алушының кредиторға
деген қатынасына нақтылы іс-әрекетін болжамдай алмайды.
Классикалық жеке рейтингтер тиімдірек болып есептеледі. Ондағы әр
эмитент белгілі бір кластағы рейтингке тек қана төлей алмау тәуекелділіктің
деңгейіне ғана емес (дефольта), оның кредитормен қарым-қатынасының іс-
әрекетінің мүмкін болатын жағдайымен де анықталады.
Классикалық рейтингтердің арасында жалпыларына эмитенттердің несиелік
рейтингтері жатады – эмитенттің өзінің қаржы міндеттемелерінің орындаудың
жалпы қабілеттілігі мен дайындығының бағасы.
Олардан басқа бөлек эмиссиялардың несиелік рейтингілері бар. Бұл
эмитенттің нақтылы қаржылық міндеттемелерді, қаржылық міндеттеменің нақтылы
типіне, немесе нақтылы қаржылық проектісіне несиелік қабілеттілігінің
ағымдағы бағасы.
Тағыда ең нақтырақ несиелік тәуекелділіктерге баға ретінде арнайы
қарыз міндеттемесін орындау рейтингілері жатады. Олар банк несиесіне,
инвестициялық жобаларға және бағалы қағаздарды жеке орналастыруда
қолданылады. Мысалыға жеке салымдар рейтингі міндеттемелердің орындалмауы
қауіпі кезінде тәуекелділік деңгейін түсіру үшін кепілдік пен
міндеттемелерге бағаны құрайды. Банктік ссудалардың рейтингілері
синдицияланған несиелер нарығына жобалық қаржыландыруға қызмет көрсетеді
және кредитордың міндеттемелерді орындамау кезіндегі белгілі бір құралдарды
алу перспективаларының бағасын қамтиды.
Валютасында проблемасы бар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да
жергілікті және шетел валютасында қарыз алу рейтингілері арасында
айырмашылық бар. Бұл рейтингте эмитенттің қаржы міндеттемелерін
мемлекетіміздің ұлттық вадютасында немесе шетел валютасында орындауды
көрсетеді. Мұнда эмитенттің рейтингі жергілікті валютада шетел
валютасындағы рейтингтен жоғары көрінеді.
Несиелік рейтингтер уақыт өлшемі бойынша да бөлінеді. Осыған
байланысты олар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ
мерзімді рейтинг зайым алушының өз қаржы міндеттемелерін бір жылдан жоғары
уақытқа уақытылы орындау мүмкіншілігін бағалау. Қысқа мерзімді рейтинг
міндеттемелерді уақытылы төлеудің жергілікті нарықтарға сәйкес қысқа
мерзімді болып саналатын міндеттемелерді бағалау. Ереже бойынша қысқа
мерзімді рейтинг бір жылдан кем уақытқа тағайындалады. Осы екі рейтингтің
түрін қосымша рейтингтік мінездеме байланыстырады – рейтинг болжамы кебір
кезде ол бөлек болжам рейтингі болып есептеледі. Ол рейтинг бағытының жақын
екі-үш жылда өзгеру мүмкіншілігін көрсетеді.
Барлық рейтингтер рейтингтік шкала принципі бойынша құрылады. Онда
рейтингтің типтері, категориялары және класстары ерекшеленеді. Мысалы
ретінде алдынғы қатарлы рейтингтік агентстволардың несиелік рейтингтерді
бағалық салыстыру таблицасын келтіруге болады.
Инвестициялық рейтингтер:
ААА–эмитенттің қарызды және процентті төлеу мүмкіндігі өте жоғары.
АА–эмитенттің қарызды және процентті төлеу мүмкіндігі жеткілікті
жоғары.
А–эмитентті қарызды және процентті төлеу мүмкіндігі жеткілікті
жоғары, бірақ ішкі экономикалық жағдайға байланысты.
ВВВ–эмитенттің қарызлды және процентті төлеу мүмкіндігі өтеу кезіндегі
ішкі экономикалық жағдайға байланысты.
Спекулятивтік рейтингтер:
ВВ–ішкі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы эмитенттің төлем
қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін.
В–эмитенттің шектелген төлем қабілеттілігі, дегенмен де ағымдағы
шығарылған міндеттемелердің көлеміне сәйкес келуі.
Аутсайдерлік рейтингтер:
ССС–біршама қызығушылықты қорғау кездеседі, бірақ тәуекелділік пен
тұрақсыздық деңгейі жоғары.
СС–эмитенттің төлем қабілеттілігі ішкі экономикалық жағдайға қатты тәуелді.
С–эмитенттің төлем қабілеттілігі толығымен ішкі экономикалық жағдайға
байланысты.
D–қарыздар өтелмейді.
Талданатын банктің танымалдылық рейтингі бұл – есепті айдағы
эксперттік дауыс беруге қатысқан барлық эксперттердің құрамындағы осы
банкке баға қойған эксперттердің проценттік үлесі болып табылады.
Эксперттердің келісуін бағалау.
Эксперттердің келісуі дегеніміз – талданатын банкке эксперттердің
қойған ең төменгі және ең жоғары баға аралығындағы сан. Бұл коэффицент
бірге жақын болған сайын эиынтық рейтингтің эксперттер арасында келісім
соғұрлым жоғары болып табылады.
Банктің рейтингтегі орны.
Жиынтық рейтингтегі банктің эксперттердің қойған жиынтық рейтингтік
бағасын көрсеткішіне байланысты. Бірнеше банктердің рейтингтік бағалары
бірдей болған жағдайда олардың рейтингтегі орны олардың әрқайсысының
бағалық келісулеріне есепке алынып анықталады. Егер де келісілген
бағалардың бірдей болған жағдайда банктердің даму динамикасын бағалаулары
ескеріліп, рейтингтегі банктердің орны анықталады. Ал егерде бұл сандарда
тең болса, орындардың тізімі түсіндірулу факторлар бағалары бойынша
анықталады. Егер осы жоғарыда аталған банктердің бағалары бірдей болса,
банктер рейтинг тізімінде бір орында тұрады.
Несиелік рейтинг.
Қазақстандағы несиелік тәуекелдің қазіргі деңгейі несиелік
рейтингтердің кең етек алуы өте актуалды болып табылады. Қазіргі таңда
инвесторлар тарапынан туатын сұраныс фирманың нақы бір тауарды өндіру
мүмкіншілігіне емес, жалпы несиелік мәдениеттілік деңгейіне байланысты
болып келеді.
Қазақстанда жұмыс істеуді шешкен инвесторлар үшін тауарларды өндіру
мен енгізілген капиталдан табыс табу мүмкіндігі қазіргі таңда нақты бір
ұйыммен емес сое ұйымның орналасқан саламен анықталады. Нақты саланың нарық
сегментіне ену үшін қай фирманы таңдау – деген сұрақ несиелік рейтингіне
байланысты шектеледі. Себебі ол қазіргі таңда инвесторларда бағаланатын
несие мәдениетінің критериі болып табылады.
Ондаған жылдар бойы несиелік рейтингілері әлемдік қаржы нарықтарында
компаниялардың ұзақ мерзімді міндеттемелерінің сапасын бағалайтын сенімді,
оңай және ашық бағалау құралы болып келеді.
Несиелік рейтингтер жүйесінің даму барысында, уақыт өткен сайын
несиелік рейтингі мен проценттік ставка арасындағы байланыс үлкейе береді.
Сондай-ақ рейтингтік тарихы ұзақ және тұрақты болған компаниялардың имиджі
жоғары болады.
Көптеген елдердің заңдарында инвестициялардың кейбір түрлерін жүзеге
асырғанда несиелік рейтингтердің қолдану қарастырылған. Мысалы, батыс
елдеріндегі зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары заңдарда
бекітілген рейтингтен төмен тұрған бағалы қағаздарды сатып алу тиым
салынған. Осыдан шығатын қорытынды: несиелік рейтингтер батыс елдері
экономикасында бизнес тәуекелдерді бағалаудың тиімді құралы ретінде көрсете
алды. Басқа жағынан қарасақ, рейтинг қор нарығын дамытудың катализаторы
бола алады. Өйткені оны кәсіпорынсіби емес, көптеген инвесторлар
пайдаланып, қор нарығының дамуына қосымша ресурстар тартады. Қазақстандық
қор нарығының потенциялын ескерсек, рейтингтік жүйенің дамуының оңды
перспективасы бар. Сонымен несиелік рейтинг – қарыз алушының несиелік
тұрақтылығын деңгейін бағалайтын универсалды құрал болып табылады. Ол
өзінің иесіне келесі құқықтар береді:
– өзін басқа компаниялардан ерекшелену және сол арқылы инвесторлар
ресурстарын тарту;
– өзінің қаржылық тұрақтылығы туралы хабарлау, бірақ коммерциялық құпия
болып саналатын ақпаратты жариялау;
– оңтайлы несиелік тарифты және капитал нарығына шығу үшін қажетті
қаржылық репутацияны жасау.
Ішкі несиелік рейтингтерді иемдену ұлттық несиелік рейтинг
шкалаларына сай жүргізіледі. Ол Қазақстандық нарық жағдайындағы несие
тәуекелінің деңгейін бағалауға арналған. Бірақ ол несие рейтингін егеменді
тәуекелді есептемей бағалайды. Бірақ, жоғарыда аталған ұлттық шкаланың
егемендік тәуекелін ескермейтіні компания мен оның қарыздық міндеттемелері
халықаралық оқиғалар, тенденциялары мен тәуекелдері ескермейді – деген сөз
емес.
Рейтингтік процедураның құндылығы – ондағы қолданылатын технология
тек сандық көрсеткіштерді ғана емес, сапалық факторларды да қарастырады. Ол
компанияның әрекетімен байланысты барлық тәуекелдерді қамтиды. Несиелік
рейтинг несие алушының несие қайтару қабілеттілігін нақты бір ағымдағы
датаға бағаламайды, ол несие алушының уақыт аралықта өзінің міндеттемелерін
орындамау мүмкіншілігін бағалайды. Басқаша айтқанда, несиелік рейтинг
болашаққа бағытталған.
Әлемдік тәжірибеде сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық
рейтингісін алуы – клиенттер мен серіктестерге өзінің қаржылық жағдайы
туралы объективті ақпаратты жеткізудің негізгі құралы болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық рейтингісі – дамыған елдерде мойындалған және
практикада сақтандыру компаниялардың өзіне жүктелген сақтандыру және қайта
сақтандыру бойынша міндеттемелердің орындай алу мүмкіндіктерін анықтайтын
құрал болып табылады.
Сақандыру компаниясының қаржылық рейтингісі өзіне жүктеп алған
сақтандыру мен қайта сақтандыру бойынша міндеттемелерін орындай алу
қабілетін көрсетеді. Ол сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін әр спектрлі факторларын қамтитын талдау негізінде беріледі:
– сандық-қаржылық әрекетті және қаржылық тұрақтылықты анықтайтын есеп
берулер коэффиценттерін талдағанда, яғни сыртқы және ішкі факторларды
талдау, рентабельділікті талдау, даму тенденциялары.
– Сапалық клиенттің басқарушылық құрылымын зерттеу, клиенттің қаржылық
және стратегиялық жоспарларын зерттеу, клиент жұмыс істеп жатқан нарық
сегментін анықтау, клиенттің шаруашылық әрекетін талдау.
– Құқықтық қаржы-шаруашылық іс-әрекетті оның Қазақстан Республикасы
заңына сай болуына байланысты талдау, басқарушылық және еңбектілік
қатнастарды талдау, құрылтайшылар арасындағы қатынастарды талдау,
сондай-ақ орталық кеңсе мен бөлімшелер арасындағы құқықтық қатынастар
қаралады.
– Сонымен бірге сақтандыру компаниясының салалық тәуекелдерінің
дәрежесін, бүкіл саланы зерттеу арқылы және оның жеке сегменттерінің
перспективалары мен қазіргі жағдайын зерттеу арқылы анықтау.
Талданатын факторлар қатарына экономикалық өсу перспективалары,
іскерлік активтілігінің циклдері, реттеу мен араласу жағдайларындағы
өзгеріске әлсіздігі.
Ақпаратты жинау, кездесулер мен талдауды арнайы құрылатын
аналитикалық топ жүргізеді. Оның нәтижесі рейтингтік комитетке белгілі бір
несие рейтингісін беру ұсынысымен жіберіледі.
Жібірілген барлық материалдарды қарап, рейтингтік комитет клиентке
белгілі бір несиелік рейтингісін беру туралы шешім қабылдайды. Клиент хат
ретінде оған белгілі бір рейтингтің берілгені хабарлайды, сондай-ақ рейтинг
бағасын түсіндірілетін рейтингтік есеп беру қоса жіберіледі.
Заң мерзімді несиелік рейтингтердің ұлттық шкаласы бойынша кредит-
рейтинг компаниясының жасалған категорияларын ұсынамыз:
Инвестициялық деңгей
1-кесте
Иа ААА Қаржылық міндеттемелерді орындаудың ерекше өте жоғары
қабілеттілік.
Иа АА Қаржылық міндеттемелерді орындаудың өте жоғарғы
қабілеттілік.
Иа А Қаржылық міндеттемелерді орындаудың жоғарғы
қабілеттілік, бірақ коммерциялық, қаржылық және
экономикалық жағдайлардағы теріс өзгерістердің әсер
етуі мүмкін.
Иа ВВВ Қаржылық міндеттемелерді орындаудың жеткілікті жоғарғы
қабілеттілігіне ме, бірақ теріс өзгерістердің әсер
етуі ықпалы күшті.
Инвестициялық емес (спекуляциялық деңгей)
Иа ВВ Жағымсыз экономикалық жағдайлар кезінде төлемеу
тәуекелі болу мүмкін.
Иа В Қазіргі таңда қаржылық міндеттемелерді орындау
қабілеттілігі болғанымен, жағымсыз экономикалық
жағдайлар кезінде төлемеу тәуекелі жоғары болып
табылады.
Иа ССС Жағымсыз экономикалық жағдайлар кезінде төлемеу
тәуекелі едәуір жоғары.
Иа СС Қаржылық міндеттемелерді орындамаудың жоғарғы
мүмкіндігі.
Иа С Ағымдағы төлемдер дасалып жатыр, бірақ ағымдағы
уақытта қаржылық міндеттемелерді орындамау күтілу.
Иа Д Қаржылық міндеттемелер бойынша төлемдер келімсіз
тоқтатылды, төлемнің уақыт келуіне дейін реструкциясы
жасалды.
Инвесторлар тарапынан жасалатын сұраныс нақты тауарды өндіруге
мүмкіндігінен емес, жалпы несиелік мәдениетпен анықталады. Қаржылық есеп
беруді адекваттық формасы ретінде тек несиелік мәдениет бола алады. Ол
корпаративтік басқару принциптерінің шынайылығын, сондай-ақ ең ақарына
келгенде өзінің жүктелініп алынған қарыздар бойынша төлей алу
қабілеттілігіне деген сұранысты білдіреді. Рейтингтеу – өзінің қаржылық
тұрақтылығы туралы нарықтың басқа субъектілерге хабардаудың ең тиімді
әдістерінің бірі болып табылады. Айта кету керек, несиелік рейтинг –
потенциалды инвесторларға ойлануға берілетін, міндетті емес ақпарат көзі.
Рейтингтік агенттілік бағалауын қарастырғанда қабылданған инвестициялық
шешімдердің нәтижелілігіне тек инвесторлар ғана толық жауапты болады. Ол
дегеніміз егер инвестордың болжанған инвестициялық жоспарлардың
орындалмаған жағдайында, инвестор несиелік рейтингі жасаушыларға ешқандай
претензия қоя алмайды. Еске түсірсек, бірде бір халықаралық рейтингтік
агенттік уақытылы және толық көлемде Enron және world com
компанияларының қаржылық жағдайы туралы шынайы ақпарат беріледі.
Рейтингті қолданудың маңызы:
Қарыз алушылар (заемшиктер) өздерінің несие төлей алу қабілеттілігі
туралы потенциалды кредиторлардан жақсы біледі. Сол себепті олар
жақсыжақтан көріну үшін қолдарында бар ақпараттарды өзгертіп, әдейі
рейтингті бұрмалайды. Потенциалды кредиторлар қарыз алушының өзі туралы
нақтылы жағдайы туралы ақпаратты өзгертуге мүдделі екендігін жақсы біледі.
Сондықтан да инвесторға қарыз алушы несие қайтара алуы туралы шынайы
ақпарат керек. Ал соңғыға – өзінің жағдайының тұрақтылығын арттыра жеткізу
керек. Қарыз алу нарығының болашақта өсе түсетінін ескеретін болсақ, несие
тәуекелділігін өз бетінше зерттеу инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін
сенімсіз ақпарат көзіне айналып барады.
Бұл проблеманы шешуге тәуелсіз халықаралық және ұлттық рейтингтік
агенттіктердің несиелік рейтингтері көмектеседі. Несиелік рейтинг – бұл
қарыз алушының тек қана жүктелген міндеттемелерді төлеу алу қабілеттілігі
емес, және оны төлей алу дайындығы туралы берілетін қорытынды. Ол қарыз
алушының жалпы несие төлей алу қабілеттілігін (немесе оның нақты
міндеттемелерге қатысты несие төлей алу қабілеттілігін) көрсетеді. Уақыт
өте келе несиелік рейтингтердің айтарлықтай мамандануы байқалуда. Қазіргі
уақытта олардың негізгі типтері келесі:
– эмиетенттердің несиелік рейтингтері;
– жекелеген эмиссиялардың несиелік рейтингтері;
– арнайы маманданған рейтингтер (банктік несиелердің, жеке меншік
салымдардың, инвестициялық жобалардың және т.б)
Айта кету керек, рейтингтер – рекомендация емес, тек ойлануға
берілетін ақпарат. Соған қарамастан несиелік рейтингтер инвесторлар үшін
қарыз алушыларды дифференциациялауға арналған тиімді құралына айналды.
Сонымен бірге несиелік рейтинг – эмитент пен инвестор арасындағы
коммуникация құралы да болып табылады. Осыған байланысты эмитент инвесторға
тәуелсіз кәсіби үшінші жақтың) жасаған қаржылық жағдайы туралы баға арқылы
көп нәрсе айта алады. Сондай-ақ эмитент өзіне қауыпті болып табылатын
ақпаратты қоғамға жаюдан сақтанған.
Рейтингтеу принциптері:
Бірінші принцип болып, объект өзінің рейтингісін алу үшін тапсырыс
береді, ол үшін көп ақша төлейді және рейтингтік агенттікке өзінің ағымдағы
әрекеті туралы барлық ақпаратты (тіпті коммерциялық құпия болып табылатын)
өз еркімен ұсынады. Бұл схеманың кемшілігі – рейтингті тексерусіз, жақсы
бағамен сату мүмкіншілігінің пайда болуы.
Екінші принцип – компания туралы қоғамдағы ақпаратты жинау болып
табылады. Рейтингтік агентства атын иемденген ұйымдар А компанияның
тапсырысы бойынша А компаниясы жұмыс жүргізгісі келетін Б компания
туралы сыртқы, қоғамнан алынған ақпараттарды жинайды. Бұл схеманың
кемшілігі – тек табылған ақпараттарды ғана қолдана алады. Ал табылған
ақпараттардың өзі жалған, ескірген және т.б. болуы мүмкін. Мамандардың
айтуынша, компания туралы жалпы көріністі тек жиналған қоғамдық ақпараттар
көмегімен ғана жасауға да болады. Бірақ рейтинг бұл жағдайда сенімсіз болып
қалуы да мүмкін. Шындығына келгенде бұл принцип бойынша жұмыс істейтін
агенттіктер рейтингтік деп аталу құқығына ие болуы қиын.
Үшінші принцип – қаржылық көрсеткіштер туралы ақпараттар базасын
құрастыру болып табылады. Әлемде компаниялардың жіберіп отыратын
ақпараттарын жинақтап, өңдейтін және оны өздерінің арнайы ақпараттық
банктерінде сақтайтын тек бірнеше ғана агенттіктер бар. Мұндай мәліметтер
базасына кіру үшін ұлттық компания агенттікке ең алдымен өтінішін жібереді,
содан соң өзінің экономикалық жағдай мен қаржылық көрсеткіштерін көрсету
үшін арнайы анкета толтырады. Рейтингтік агентства осы мәліметтерге
сүйеніп, досье сенімді құжат жасайды және сұраныстар түскен жағдайда оны
сұраған пайдаланушыларға ұсынады. Рейтингтеудің бұл әдісі де клиенттің
несие төлей алу қабілеттілігін бағалаудың нағыз үлгісінен де алыс болып
табылады, сол себептен бұл әдіс кең тарамаған.
Тәуелсіздік: несиелік рейтинг эмитенттің несие қабілеттілігі туралы
рейтингтік компанияның тәуелсіз ой білдіруі. Standard and Poor`s-тың
тәуелсіз пікірі кез-келген нарық қатысушыларына, мемлекеттік және
коммерциялық ұйымдарға несие қабілеттіліктерді бағалауға көмектесетін
объективті шешім.
Аналитикалық критерийлердің жариялануы: инвесторларға Standard and
Poor`s-тың тәуекелділіктерді бағалаудағы аналитикалық тәсілдердің
қолданылуы туралы толық мәлімет береді. Standard and Poor`s-тың барлық
критерийлері кез-келген тілде жазылған, және Standard and Poor`s сайтында
орналасқан
Серіктестік: шешімдер қабылдау процедурасында аналитиктардың ой
пікірлерінің кез-келген монипульяцияға жол берілмеуі. Рейтингтік комитет
несиелік рейтингті иемдену процесіндегі маңызды механизм, аналитиктар
бағасының нақтылығын кепілдендіреді, сапаны бақылау және аналитиктерге
шеттен қысымның болдырмауын бақылайды. Рейтингтік комитет 5-9 арнайы салаға
маманданған мамандардан құрылады. Рейтингтік комитеттің мақсаты болып
рейтингтік есеп беруді детальды талқылау және дауыс беру арқылы белгілі бір
деңгейдегі рейтингті беру.
Интерактивтілігі: бұл принцип несиелік рейтингті иемдену процесінде
және одан кейінгі бақылауға арналған эмитентпен қарым-қатынас. Standard and
Poor`s ең алдымен эмитенттің өзінен алынған информацияға сүйенеді. Ол
информациялар талқыланады, барлық жағдайлар қарастырылады және несие
қабілеттілікке әсер ететін факторлар талқыланады. Интерактивтілік
эмитенттің басшылығымен жиі кездесулерді және үнемі информациялық ара
қатынас орнатады. Осы арқылы болып жатқан өзгерістерге тез арада әрекет
етуге көмектеседі.
Инфармацияның құпиялығы немесе конфеденциялдылығы: Standard and
Poor`s жұмысының принципиалды шарттары эмитентке информацияның қоғамға
жария етілмеуіне кепілдік береді.
Рейтингтік шкалалардың қолдануы: шакала түрлі экономикалық
табиғаттағы (корпарациялар, региондар, мунициплитеттер, банктер, сақтандыру
компаниялары және басқалары) эмитенттер арасындағы несие
тәуекелділіктерінің салыстыруға арналған.
Дефолта болу мүмкіндігін әрдайым зерттеу: барлық рейтингтік
категориялар бойынша кең статистикалық талқылау негізінде рейтингтік ой-
пікір сапасын бақылау үшін жүргізіледі.
Несиелік рейтингтер соңғы жылдары инвестициялық шешімдерді
қабылдауға қажетті қосымша ақпарат көзі болып отыр. Қор нарығы дамыған
елдерде соңғы жүз жыл бойы тәуелсіз несиелік агенттіктер айналысуда.
Олардың ең көбі Швецияда – жетеу, Германияда – үшеу, Канадада – екеу,
Россияда – екеу, алғашқы рейтингтік агентство Украйнада да пайда болады.
Олар эмитенттердің түрлі топтарына несие рейтингтерін қояды: ұлттық
үкіметтерге, жергілікті және аймақтық билік органдарына, корпарацияларға,
қаржылық және сақтандыру ұйымдарына, басқарушылық қорларға несиелік
рейтингтеудің тәжірибесінде (практикада) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
перспективаларға халықаралық, сондай-ақ ұлттық шкаланы қолданып, оны
шетелдік және ұлттық валютада көрсету қолданылады. Ұзақ мерзімді рейтингтер
ең жоғарғы категориядан – ААА – ең төменгі категория – D-ға дейін бөлінеді.
АА – дан ССС-ға дейінгі рейтингтер плюс және минус белгілерін қолдана
алады. Олар категория ішіндегі орнын анықтайды. ААА, АА, А және ВВВ
категориялар рейтингтері инвестициялық кластар болып табылады. Басқа барлық
категориялар спекалятивті болып саналады да, мусорлы жаман лақап атқа ие.
Рейтингті иемдену екі-үш жылға арналған жоспар мен қоса жасалады:
– позитивті–жоғарлауы мүмкін;
– негативті–төмендеуі мүмкін;
– тұрақты–өзгеріске ұшырау мүмкіндігі аз;
– дамушы–жоғарылауы да төмендеуі де мүмкін;
– NM–бағалаудың мәні жоқ.
Инвесторлар арасында тәжірибесі мол халықаралық агенттіктердің
рейтингтері үлкен сұранысқа ие. Олар келесілер: Standard & Poor`s, Moody`s
Investors Service және Fitch IBCA. 90-жылдардың соңында осы аталған
агенттіктердің несиелік рейтингтерінің Қазақстанда пайда болуы,
Қазақстандық несие алушылардың капиталдық сыртқы нарығына шығыуымен
түсіндіріледі. Алғашында несиелік рейтингтер Қазақстан үкіметінің қарыздық
міндеттемелеріне қойылған еді. Кейінірек рейтингтеуге қазақстандық банктер
мен ірі компаниялар қатыстырылды.
Қазіргі уақытта халықаралық несиелік рейтингтерге иеленуге
әрекеттері ішкі қарыздық нарықтардан аса бастаған ұлттық компаниялар
мүдделі еді. Мұндағы пайдасы елеулі: оған инвестор сеніп тұрғанда, өз
тәуекелдерін қайта сақтандырылуына қажеті жоқ. Соңында несие арзанға
түседі. Мұндай мысалдар көп. Эстонияның ағымдағы рейтингсі Baal (Moody`s
рейтингсі) – мен 5% жылдық несие ала алады; Славания төменірек тұрған бірақ
инвестициялық болып табылатын Baas –пен 7.3%; Украина болса өзінің
спекулятивтік В2-сімен жылдық 11% несие ала алады. Айырмашылық жер мен
аспандай.
Жеке эмитенттердің рейтингтері ұлттық үкіметтің рейтингісімен бір
деңгейде де, одан төмен де бола алады.
Қалай болғанымен ұлттық үкіметтің рейтингісі осы үкімет заңына
бағынатын басқа барлық эмитенттердің рейтингілеріне бағыт бағдар болып
табылады.
Қазақстанның несиелік рейтингісі төмен болғандықтан, ол оның несие
алушыларын да рейтингтік шкаланың төменгі жағына орналатады. Мұндай
жағдайда несиелік рейтингтердің ұлттық шкаласының маңызы үлкейеді. Ол
бойынша ұлттық қарыз алушылар егеменді тәуелсіз бағаланады.
Мысалы, ШНОС шетел инвестор сатып алатын облигациялар басып
шығарады. Әрине, кредиторды зауыттық ақшаны қайтара ала ма, жоқ па? Сонымен
қатар елде әлеуметтік және экономикалық дағдарыс болып қалмай ма? деген
сұрақтар толғандырады.
Егер елде қандай да бір төнкеріс орын алса, онда кез-келген зауыт
қаншама қаржылық жағынан сенімді болса да, шетелдік инвестор ақшасын
қайтара алмайды.
Мамандардың пікірінше Қазақстандық компанияларға халықаралық шкала
бойынша тек ортанғы төрт сатыға ғана сенуге болады. Сондықтан олар несиелік
рейтингтердің ұлттық шкаласын қолдану бойынша кеңес береді.
Егер де несиелік рейтинг берілсе, ол тек қана ағымдағы уақытқа ғана
жарайды. Кем дегенде тоқсанда бір рет рейтингтелетін обьект бойынша ақпарат
толық жаңаланады. Егер компания қажетті ақпараттар бермесе, немесе төлем
ақы жасамаса, немесе өзгерістерге разы болмаса- рейтинг қайтарылады. Бұл
факті несие алушының несие қайтара алу қабілеттілігінің нашарлауының жанама
дәлелі бола алады.
Бірақ бұл сирек болатын жағдайлар. Көбінесе рейтингтер компания
қайта құрылғанда, қосылғанда, немесе клиент шетелге көшкенде және т.б.
жағдайларға байланысты қайтарылады. Сондықтан рейтингтік агенттіктің әр бір
қадамы комментарийлермен және рейтингті қайтару себептерін түсіндірулермен
жасалады. Сондай-ақ рейтингтік бағалаудың әрбір қайта қаралуы да
түсіндіріледі.
Рейтингті берудің сатылы процедурасы:
- рейтингті иемдену үшін запрос жіберу;
- аналитикалық топтың жасақталуы;
- базалық зерттеудің жүргізілуі;
- эмитент басшылығымен кездесу;
- рейтингтік комитеттің ұйымдастырылуы;
- эмитентті рейтинг туралы хабарлау (апеляция процедурасы);
- рейтингті беру (қоғамға жалиялау);
- рейтинг мониторингісі.
Несиелік рейтингтің болуы инвестор үшін инвестициялық шешім
қабылдауға көмекші құрал ретінде керек болса, эмитентке өзінің бағалы
қағаздарын өткізу үшін керек. Қазақстан қаржыгерлерінің айтуынша, қазіргі
кеде халықаралық рейтингтік агенттіктер біздердің нарыққа көңіл бөлмеуде,
Қазақстандық ірі компаниялар да өзінің несие төлем қабілеттілігін паш етуге
асығу үстінде емес. Бұл жағдай жақын арада өзгеру мүмкін. Себебі
халықаралық несиелік рейтингті иемденудің көп пайдасы бар.
Сыртқы нарықтарда 10 млн. долларға дейін салалардағы несие ала
алатын ірі компаниялар, рейтингті де ала алады, яғни сыртқы нарықтан
қосымша несие алуға мүмкіндігі болады. Мысалы, оны қаржыландыру шығындарын
төмендетуге жұмсауға болады (бағаны түсіру, зайымдар мерзімі мен көлемін
көбейту). Сонымен бірге, көптеген институтцияналды инвесторлар рейтингсі
жоқ эмитенттердің ұзақ мерзімді міндеттемелерімен ешқандай жұмыс істегісі
келмейді. Бірақ мынаны есте сақтаған жөн: бұдан аз көлемде болатын
зайымдар құны, ондаған мың доллар салаларды құрағанымен қайтара алмауы
мүмкін.
Ұлттық рейтинг одан арзан тұрады – 10-20 мың доллар, оның болашағы
қор биржасын дамуымен байланысты.
Қазақстанда эмитент статусына байланысты бағалы қағаздың сенімділігі
анықталады. Егерде құнды қағаздар мемлекеттік болса – сенімділік жоғары
болады, ал егер муниципалды болса – сенімділігі орташа болады, егерде
әйгілі емес компанияныкі болса – сенімділігі төмен болады. Нарық
қатысушаларының пікірінше, көптеген эмиссиялардың нарықтық белгісі жоқ
болып табылады.
Нарықтық емес зайымдар көбнесе салық салуды оптимизациялауға
арналған және корпаративтік облигациялардың орналастыруының негізгі мотиві
болып табылады. Бұл эмиссиялар банктермен немесе эмитентке жақын адамдар
мен компаниялармен сатып алынады. Мұндай орналастыруларға рейтингтердің
қажеті жоқ.
Ал қор нарығы нағыз нарықтық мінезде болса, (бүкіл қаржылық
қауымдастықтың болашақтағы үміті), оның қатысушыларына өзінің бағалы
қағаздарының сенімділігі туралы күш жұмсау қажет болады. Өкінішке орай
біздің несиелік мәдениетіміз әлі дамымаған. Банктер әліде өз клиентінің
несие төлем қабілеттілігінің басқа біреудің берген бағасына сенбей, өзінің
бағасын қоюда.
Несиелік рейтингтер жайлы ситуация сиқырлы шеңберге ұқсас болып
келеді: нарықтық эмиссия жоқ болса – рейтинг жоқ, рейтинг жоқ болса –
нарықтық эмиссияның жағдайына жол жоқ. Бірақ бұл да жағдай жақын арада
өзгеруі мүмкін. Қазақстанда несиелік рейтинг атты жекеменшік агенттік
ашылды, ол Қазақстандық эмитенттердің төлем қабілеттілігін бағалауды қолға
алды.
Несиелік рейтингтерді қолданудың ең тиімді әдісі – АҚШ-та, бағалы
қағаздар бойынша комитеттің (SEC) брокерлер позициясын анықтау үшін
бағалады. Оның мағанасы келесіде: егер брокерде рейтингісі ААА болатын
бағалы қағаз бойынша позициясы –– 100$ болса, ол тура сол бағамен сатылады,
егер рейтингісі ВВВ болса құны – 75%-ға, ал егер рейтингісі ССС болса –
2$-ға төмендейді. Соған қарап барлық позициялар бойынша резервтеу жасалады.
Сонымен бірге Американдық зейнеткерлік қорлар бағалы қағаздарды несиелік
рейтингтегі ақпараты бойынша орналастырады. Заңда арнайы рейтингісі ААА
болатын бағалы қағаздың үлесі зенерақы қорлары портфелінің 60%, ал АА және
А – 30%-тен көп емес портфельдік үлес алу керек деп бекітілген. Тура осы
заң сақтандыру компанияларына да қатысты.
1.2Рейтингтік агенттіктер, олардың түрлері мен атқаратын
қызметтері

Коммерциялық банк үшін халықаралық рейтингті алудың бірінші шарты
болып елдің ұлттық рейтингін алу болып табылады. Қазақстан Республикасы
халықаралық рейтингтік агентстволардан несиелік рейтингті 1996 жылдың
қараша айында алған. Қазақстанның несиелік рейтингілері Standard & Poors,
Moodys және Fitch IBCA агентстволарымен берілгендіктен, олар ешқашанда В-
категориясынан жоғары көтерілмеген, демек тек қана спекулятивтік дәрежеде
болған. Бірде бір отандық эмитентке осы уақытқа дейін инвестициялық
категориядағы халықаралық несиелік рейтинг тағайындалмаған.
Бүгінгі күні халықаралық рейтингтік агентстволарда рейтингтелетін
зайым алушылардың саны 10 мыңға жетіп қалды. Олардың құрамына барлық елдер
мен ірі корпорациялар, сонымен қатар муниципалитетті елдер де кіреді. Тек
АҚШ-тың рейтингілеу тарихында ғана 100 мыңдай рейтинг қабылданған, бағалы
қағаз эмиссия рейтингтік отделін қосқанда.
Несиелік- инвестициялық процесте рейтингтің маңыздылығы артуда,
әсіресе қазіргі кезде көптеген елдерге несиенің кредиттік рейтингісі бар
және белгілі бір мөлшерден төмен емес елдерге ғана берілуде.
Халықаралық муниципалды рейтингті алу үшін бірінші ұлттық рейтингті
қарау керек. Қазақстан Республикасы халықаралық рейтингтік агентстволардан
кредиттік рейтингті 1996 жылы алды. Дегенменде халықаралық агенттіктегі
регионалды және муниципалдық рейтинг ұлттық рейтингтің жоғарлап кетпеуіне
байланысты сақтайды. Қазақстанның несиелік рейтингісін Standard & Poors
және Moodys агенттіктері ешқашан В-категориясынан асырған емес.
Сондықтан Қазақстанда бірде-бір халықаралық несиелік рейтинг инвестициялық
категориясы иемделмеген.
Сонымен қатар муниципалды халықаралық несиелік рейтингісі Қазақстанда
инвестициялық тартымдылықты және сыртқы инвесторлық тартымдылық факторларын
көтеруге дағдыланбаған. Керісінше, олар негізі, шетел инвесторларын
Қазақстанның региондары мен қалаларына ғана ақша салып қана қоймай, сонымен
қатар бүкіл Қазақстанға құю қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда инвестициялық ресурстар негізінен
корпоративті, банктік және сақтандыру айналасында жиналған. 2002 жылдың
ортасында инвестициялық нарыққа зейнет ақы қоры және тұрғын үй ипотекалық
несиелеу ассоциациясы кірді. Осы құралдарды тиімді қолдану мен
тәуекелділігін төмендету үшін инвесторлар мен кредиторлар зайым алушылардың
нарығында жоғары бағалануы қажет.
Бұл масштабты жұмыспен Қазақстандық ұлттық рейтингтік агентстволары
айналысуы қажет. Алғашқы болып ұлттық несиелік рейтингтерді иемденген
банктер инвесторлар тарапынан үлкен көңіл бөлінуіне ие болады.
Рейтингті иемдену механизмі:
Рейтингтік процедура келесі негізгі этаптардан тұрады:
Рейтинг агентствосы мен банк арасында келісім-шарт жасалуы және
рейтингті иемдену шарттарының келісілуі.
Рейтингтік зерттеу рейтингтік агентствоның арнайы жеке методикасы
бойынша жүргізіледі. Рейтингтік агентство тапсырыс берушіге методика
бойынша несиелік рейтингті иемденуді кепілдеме береді. Рейтингтік бағаның
иемденуі мен периодтылығын қайта қарастыру, рейтингтік процедуралардың
өткізілу кезектілігі және рейтингтік процесте қатысатын структуралар
арасындағы қарым-қатынас тәртібі агентство мен тапсырыс берушінің келісім-
шарты негізінде анықталады.
Комплексті әрі объективті бағалау үшін агентство банктен келесі
информацияның берілуін талап етеді:
– эмитенттің қаржылық тұрақтылығы
– банктегі экономикалық жағдай
– қаржы экономикалық дамудың қалыптасқан динамикасы
– банктің танымалдылығы
– банктің зайым алушы ретіндегі несиелік тарихы.
Банкті және оның қаржысын басқарудағы сапалық көрсеткіштер жайында
қосымша сұрақтарды талқылау үшін банк басшылығымен кездесу жасалады.
Кездесу мен рейтингтік комитеттің шешім қабылдауы. Рейтингтік комитеттің
зерттуі бойынша агентствоның рейтингтік шкаласы бойынша рейтингтік бағаны
тағайындау шешімі қабылданады. Оған агентствоның эксперттерінен басқа түрлі
атақты компаниялардың эксперттері, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады.
Классикалық ұлттық шкала бойынша келесідей бағаланады:
– жоғарғы деңгейлі кепілдігі бар эмитенттер (зайым алушылар) (А-типі)
– қанағаттанарлық деңгейлі кепілдігі бар эмитенттер (зайым алушылар) (В-
типі).
– Төменгі деңгейлі кепілдігі бар эмитенттер (зайым алушылар) (С-типі)
– Қанағаттанарлықсыз деңгейлі кепілдігі бар эмитенттер (зайым алушылар)
(Д-типі)
Тағайындалған рейтингті қайта қарастыру келесі жағдайларда жүргізіледі:
– тапсырыс берушімен келісім-шартта келісілген периодтылығы сәйкес
болғанда
– тапсырыс берушінің кезекті емес тапсырысы бойынша
– агентствоның эмитенттің өзінің қарыз міндеттемелерін төлей бойынша
қабілеттілігінің тез өзгеруі жайлы информация алса.
Агентство бұрын тағайындаған несиелік рейтингті қайта қарастыруы (жоққа
шығаруы) келесі жағдайларда мүмкін:
– тапсырыс берушінің келісім-шарты бойынша агентстволарға берілетін
информацияны беруден бас тартқанда.
– Агентствоның амалсыз елдегі әлеуметтік экономикалық және саяси
жағдайдың лезде өзгеруіне байланысты несиелік рейтингті бағалау
методикасының өзгеріу
– Эмитенттің несие қабілеттілігінің бағасының алғашқы параметрлерінің
лезде нашарлауы.
Рейтингті тағайындау процедурасы әдетте үш-төрт айда жасалып,
презентациямен аяқталады. Содан кейін инвесторлар мен кредиторларды тарту
бойынша масштабты жұмыс жүргізуге болады.
Standard and Poor`s рейтингін беру процедурасы:
Standard & Poor`s рейтингті тек қажетті ақпарат толық болғанда,
қаржылық және бизнес тәуекелді ескеретін сандық және сапалық параметрлерді
ескеретін анық методология негізінде ғана береді.
Эмитенттер категорияларымен рейтинг типіне қарай Standard & Poor`s
рейтинг беру әдістері өзгешеленеді. Мысалы, компания үшін бизнестің
ерекшеліктері (нарық, бәсекелестегі позициясы, менеджмент пен стратегия),
қаржылық профилі (қаржы саясаты, пайдалылық, капитал құрылымы, ақша
ағымдарының көрсеткіштері, қаржылық икемділік) талданады; жергілікті және
аймақтық билік органдары үшін – экономикалық жағдай, мемлекеттік және
муниципалды қаржы жүйесінің көмек беруінің тұрақтылығы мен болжанған дамуы,
басқару сапасы мен процедуралардың интитутционалды сипаты, қаржылық
ауыртпалық; банктер үшін –бизнес-факторлар (нарықтағы позициясы, меншіктің
құрылымы, стратегия мен менеджмент), қаржылық факторлар (активтер сапасы,
пайдалылық ликвиттілікті басқару мен қаржыландыру, капитал).
Корпаративтік басқаруға рейтингісін қоюда ерекше әдіс қолданылады.
Рейтингті қою туралы шешім қабылдағаннан кейін Standard & Poor`s пен
эмитент арасындағы қарым-қатынастардың негізгі параметрлері нақты анықталып
келісім құжаты жасалады. Рейтингтендіру туралы сұраныс түскенде өзінің
саласындағы білімі бар аналитиктерден құралған, аналитикалық топ
жасақталады. Топта ТМД елдерінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz