ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ


Мазмұны
КIРIСПЕ5
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ7
1. 1 Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасу тарихы және дамуы7
1. 2 Банкттің түрлері11
1. 3 Банк қызметін жүзеге асыру13
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ17
2. 1. Екінші деңгейдегі банктер жүйесіндегі «ЦентрКредит Банкі» және оның мінездемесі17
2. 2. Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау33
2. 3 Банктік секторды реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдық қызметін бағалау48
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ58
3. 1 Қазақстан Республикасы банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары58
3. 2 Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) және Қазақстанның банктік жүйесі62
ҚОРЫТЫНДЫ68
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:69
КIРIСПЕ
Халыктың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қагаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Соңғы кезендерде ақпараттық құралдарда және экономикалық басылымдарда Қазақстанның банктік секторының оңтайлы дамуы жайында көптеген мәлңметтер кездеседі. Қазақстан Республикасының банктік секторы соңғы 10 жыл аралығында қарқынды даму үстінде. Ол ТМД елдеріндегі ең жоғарғы капиталдандырылған - бір банктін орташа капиталдандырылуы 25, 1 млн. АҚШ доллары көлемінде.
Осындай жағдайлардың орын алу барысында өте маңызды мәселелердің бірі - жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын күшейту. Банктік жүйе қаржылық жүйенің дұрыс қызмет ету үшін қажетті қызметтерді атқарады. Оларға банктердің уақытша қаражаттары бар тұлғалармен осы қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктері туған тұлғалар арасындағы делдалдық қызметтері, тәуекелдерді бағалау, есеп айырысуларды жүзеге асыру және ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруы жатады. Алайда банктер қызмет етуі барысында тәуекелге, өтімділігінің төмендеуіне және төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкін.
Коммерциялық банктердің қызметін, жеке клиенттерінің әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктерін, банктік қызметтерге деген сұраныс пен ұсынысты талдау банктің қысқа және ұзақ мерзімдегі стратегиясының негізі болып табылады. Міне сондықтан, банктің депозиттік саясаты оның қызметін оңтайлы жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудын жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нін жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекелемерінің НАУ-шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканын дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика калыпты дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысыньщ өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардын өсуіне әкеп соқтырады.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрамдарының бірі. Банктердің және тауарлы ақшалай қарым- қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүрдіжәне оларды бір бірімен өзара тығыз байланысты нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарды. Банктік жүйенің мақсаттары мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттарымен міндеттері бірдей, әйтседе банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айрысу арқылы экономиканың үздіксіз қажет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер өз қызыметін орындау кезінде функционалдық экономикалық салалық (министерствовалық Компания фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізуді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Банктік жүйенің негізгі мақсаты- несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдітерін жетілдіру, есеп айрысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. ҚР 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз- төл тенгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға жетті. Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарлату және сауықтыру бантерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолбағыс етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуын сипаттап оның экономикалық жүйені жетілдірудегі орнын белгілеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БАНКТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасу тарихы және дамуы
Банк- өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтынзаңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан террриториясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша -несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика террриториясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы-оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие -есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық-Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Кеңес үкiметi тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бiрi болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесi болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйсiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-ның банк жүйесiнiң тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдiң банк жүйесi батыс елдердiң банк жүйесiне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бiрнеше кезеңдерден өттi. Алғашқы банктер XVIII ғ. екiншi жартысында мемлекеттiк (қазыналық) банк түрiнде пайда болып, XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресейдiң банк жүйесi негiзiнен мынадай банк-несие мекемелерiнен құрылды:
- мемлекеттiк банк (1860ж. құрылған) ;
- қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктерi;
- көп буынды жеке банктер: акционерлiк банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтiн қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серiктестiктерi (729) және т. с. с.
Бұлардан басқа банктiк операциялардың көпшiлiгiн жүргiзiп, сонымен қатар жоғары қауiптi операциялар жүргiзу үшiн клиенттердiң қаражатын тартумен шұғылданатын банктiк кеңселер, сауда үйлерi, айырбастау дүкендерi болды.
1917 ж. қазан төңкерiсiнен кейiн банк iсiн ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесiнде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi Мемлекеттiк банкпен бiрiктiрiлдi. Сонымен қатар Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында кооперативтiк, жеке, мемлекеттiк-капиталистiк, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттiк және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктерi және Өнеркәсiп банкi құрылды.
1924 ж. акционерлiк қоғам үлгiсiндегi Сыртқы сауда банкi құрылып, оның акционерлерi мемлекет, кооперативтiк және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттiк бакнкiсiнiң құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргiздi. Сөйтiп, 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттiк банк, Өнеркәсiп банкi, Сауда банкi және Ауыл шаруашылық банкi болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкi (Цекомбанк), Кооперативтiк банк (Всекобанк) жзәне акционерлiк, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарды өндiрiстiң дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтiн қоғамдар, жинақ кассалары, несиелiк кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитетi мен Халық комиссариаты Кеңесiнiң “Несие жүйесiн құру принциптерi туралы” қаулына сәйкес бүкiл банк жүйесiн тiкелей басқару Мемлекеттiк банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердiң проценттiк саясат жүргiзудегi дербестiк құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несие түрлерi бойынша да ажыратылады. 1928 ж. Өнеркәсiп банкi мен Электробанкi бiрыңғай өнеркәсiп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзiмдi несиелеу Банкiне бiрiктiрiлдi. Қысқа мерзiмдi несиенi басқа шаруашылық салаларының бәрiне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттiк банк беруi тиiс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердiң өзiне тән ерекше қызметi - банктiк несие беру жойылып, несие мемлекеттiк жоспарлары қаржыландырудың түрiне айналды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейiн, банк iсiнде мемлекеттi монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттiк банк құрылып, жеке, коммерциялық және банктердi ұлтшылдандыру нәтижесiнде мемлекетке тиселi салалық және аумақтық банктер етiп қайта құрылды. Банктiк жүйенiң тағы бiр басты буындары ретiнде мемлекеттiк еңбек жинақ-кассалары қызмет еттi. Мемлекеттiк банктермен бiрқатар кеңес үкiметiнiң бастапқы жылдарында мемлекеттiк емес несиелiк мекемелер: кооперативтiк және жеке меншiкке негiзделген, оның iшiнде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттiк-капиталистiк банктер қатары жұмыс iстейдi.
1922 жылы несиелiк және ссуда-жинақ серiктестiктерi және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтiру мақсатында қызмет көрсеттi.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелiк операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берiледi.
1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсiптi несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттiк-капиталистiк акционерлiк оңтүстiк-шығыс банкi және шетелдiк капиталдың қатынасуымен Ресейдiң коммерциялық банкi құрылды.
Экономикалық социалистiк секторларының кеңiнен етек алуы барысында кооперативтiк және жеке несиелiк ұйымдар өз мәнiн жоғалтып, қызметiн тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтiп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелiк кооперацияларды қажетсiз деп санағандықтан да, олар 1931 ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсiптен жеке сектордың қудалануы нәтижесiнде өзара несие беру қоғамдары қызметтерiн тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының қызметтерi 1922-1925 жж. құрылған мемлекеттiк салалық банктерге: Өнеркәсiп банкiсiне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банкiне өттi.
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргiзiлген несиелiк реформалар нәтижесiнде жаңа қағидаға негiзделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделi капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды.
Өнеркәсiп және электр шаруашылығы күрделi қаржыландыру банкi 1959 жылы “Құрылыс банкi” болып құрылады.
Көптеген несиелiк сетiктестiктермен республикалық ауыл шаруашылық банктерi негiзiнде құрылған “Ауыл шаруашылық банкi” 1959 ж. қысқарып, оның қызметi Мемлекеттiк және Құрылыс банктерi арасында бөлiнiп берiледi.
Кооперациядағы күрделi құрылысты қаржыландырудың банкi (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активi мен пассивi 1959 ж. қысқарған Сауда банкiсiне жүктеледi.
Коммуналдық және тұрмын-үй құрылысын қаржыландыру банкi (Цекомбанк) 1959 ж. қысқарып, оның қызметi де Құрылыс банкi мен Мемлекеттiк банк арасында бөлiндi.
Бұл құрылған салалық банктер қызметтерiнiң басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзiмдi несиелеудi көздедi.
Ал, КСРО-ның Мемлекеттiк банкiсiнде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзiмдi несиелеу қызметi шоғырланды. Сонымен қатар, Мемлекеттiк банктiң рөлi орталық және барлық несиелiк жүйенiң жетекшiсi ретiнде одан әрi арта түстi. Барлық кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттiк банкте жинақталады.
Барлық республикаларда, оның iшiнде Қазақстанда барлық банктердiң республикалық мекемелерi жоғарғы тұған ұйымға бағынуы, банк iсiн орталықтандыру қағидасына сай сақталады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетiн меншiктi банк жүйесiн құруға бетбұрыс жасалды.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктiк реформаны жүргiзудiң бастапқы кезеңдерiн қамтиды.
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында жұмыс жасап отырған банктiк жүйенiң қалыптасуын үш кезеңге бөледi:
I кезең. 1988-1991 жж. (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттiк салалық мамандырылған банктер қызметiнiң бiр бөлiгiн республикалардағы сол банктердiң тиiстi бөлiмшелерiне беру арқылы қайта түрлендiру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттiк банкiне орталық банктiң жекелеген қызметтерiн беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңi.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкiнiң орталық банктiң бiрқатар қызметтерiн орындауға бiртiндеп кiрiсуi, коммерциялық банктердiң экстенсивтi (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтiк базаның қалыптасуының бастапқы кезеңi.
III кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейiнгi, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты Ұлттық банкiнiң ақша-несие аясының қызмет етуiне толық жауапкершiлiк алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгiзу, банктердiң қызметiн реттеу жүйесiн нығайту кезеңiн бiлдiредi.
1995 жылғы банктiк реформалауға дейiнгi жұмыс жасаған банктiк жүйенiң басты кемшiлiктерiне мыналарды жатқызуға болады :
а) Ұлттық (орталық) банк қызметiне байланысты:
- мемлекеттiң қаржы саясатын жүргiзу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлiгi қызметтерiнiң жеткiлiксiз шоғырлануы;
- коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгiн толық қолдау механизмiнiң жеткiлiксiздiгi;
- екiншi деңгейдегi банктер қызметiн қадағалау және реттеу жүйесiнiң баяу құрылуы;
- валюталық реттеу және бақылау жүйесiнiң қалыптасуындағы артта қалушылық;
- макроэкономикалық процесстердi жедел түрде талдау, оларды болжау және шешiм қабылдауды пайдалану деңгейiнiң төмендiгi;
- осы уақытқа дейiн пайдаланып келген Ұлттық банк пен екiншi деңгейдегi банктердiң бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуi;
- Ұлттық банк жүйесiндегi еңбек ақының төмендiгiнен кадрлардың кету деңгейiнiң жоғарылығы.
б) Екiншi деңгейдегi банктерге байланысты:
- Ұлттық банктер тарапынан белгiленген экономикалық (қазiргi пруденциалық) нормативтер мен банк клиенттерiнiң құқықтарын тiкелей бұзған банктердiң нарықта қызмет ете беруi;
- қаржы ресурстарын жинақтаудың iс жүзiндегi механизмдерiнiң әлсiздiгi;
- шаруашылық субъектiлерiн несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейiнiң және банк үшiн несие беруден туындайтын тәуекелдi бағалау дәрежесiнiң, сондай-ақ несиенiң қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
- орта және ұзақ мерзiмде iрi жобаларды дербес түрде қаржыландаруды iске асыруға мүмкiндiк беретiн, банктердiң капиталдану деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;
- прогрессивтi қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудiң баяулығы;
- банк қызметкерлерiн кәсiби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктердi қайта түрлендiруге байланысты бiрқатар шаралар 1994 ж. орта кезiнен басталып, 1995 жылға дейiн жалғасты.
1. 2 Банкттің түрлері
Мемлекеттiк банк - үкiмет қаулысымен құрылған екiншi деңгейлi банк, оның жарғылық қорының иеленушiсi үкiмет.
Инвестициялық банк - негiзiнен тiкелей және портфельдiк инвестиция тартумен шұғылданатын екiншi деңгейлi банк.
Шетелдiк қатысумен құрылған банк. Акциясының 50 пайызы астамы төмендегi иеленушiлердiң қарамағында және басқаруында болатын 2 деңгейдегi банк.
- ҚР резидентi емес.
- Акцияның 50 пайызының астамы ҚР резидентi еместiң меншiгiде немеес басқаруында
- ҚР резиденттерi еместiң қаражатын басқаратын сенiмдi адамының резидентi
Мемлекеттiк банк - халықаралық келiсiм негiзiнде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушiсi ҚР үкiметi және келiсiмге қол қойған мемлекеттердiң үкiметi.
Банк емес несие-қаржы мекемелерi - Ұлттық банктiң лицензиясы негiзiнде кейбiр банктiк операция жүргiзуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер - кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тiкелей және жан-жақты кешендi қызмет кқрсететiн банктер.
Еншiлiк банктер - жарғылық қорының 50 пайызымен астамы еншi берушi бас банкке қарайтын екiншi деңгейлi банк. Ол - дербес заңды тұлға.
Ұлттық банктен басқа банктер өзiнiң атауына кез келген тiлде толық немес қысқартып ұлттық, орталық деген сөздердi келтiруге, дәл сол сияқты мемлекеттiк банктен басқа банктер мемлекеттiк деген сөздi пайдалануына болмайды.
Банктiң кеңесi:
- банк мүшелерiн қызметке бекiтiп және одан босатады.
- Жиналыста қаралатын мәселелер жөнiнде акционер жиналысына ұсыныс жасайды
- Несие берудiң негiзгi жағдайларын анықтайды
- өз филиалдарының құқықтық мәселелерiн шешедi.
- Банктiң экономикалық нормативтерi мен дамыту үшiн қажет.
- Шығындар мөлшерiн бекiтедi.
- Басқарма жұмысын бақылайды.
Банктiң басқармасы
- Күнбе-күнгi оперативтi жұмсалады, ұйымдастырлып, акционерлер жиналысының және банк Кеңесiiнң шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
- Филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ережелердi бекiтедi.
- Кадрларды таңдау, әзiрлеу және пайдалану мәселеллерн шешедi.
- Өзiнiң ережесiне сәйкес банк қызметiнiң басқа да мәселелелерiн шешедi.
Әрқайсысы белгiлi бiр мiндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлiмшелерден тұрады. Оның түрлерi:
- Несеие басқармасы
- Валюта басқармасы
- Депозиттiк операциялар басқармасы
- қор бөлiмi
- есептеу-кассалық басқармасы
- банктiң филиалы
- банктiң өкiлдiгi
- есеп айырысу - касса бөлiмi
- талодау және статистика
- кадрлар
- әкiмшiлiк - шаруашылық бөлiмi
- заң бөлiмi
- тексеру бөлiмi
- ЭЕМ енгiзу және қолдану
- Маркетинг басқармасы
Банктiң iшкi ережелерiне төмендегiдей мәлiметтер болуы шарт: бөлiмшелердiң құрылымы, мiндеттерi, қызметi мен өкiлеттiлiгi, iшкi аудит қызметiнiң, немсие комитетi мен басқа да органндардың құрылымы, мiндерi, қызметi, мен өкiлеттлiгi, құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерi.
1. 3 Банк қызметін жүзеге асыру
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банкілердің осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
ә) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
б) банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
в) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақгы саны көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
д) аудару операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz