Банк жүйесі басқарылатын жүйе


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-нің қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің құрылымы: жағдайы мен даму келешегі

Жоспары

Кіріспе3

1-тарау. Банк қызметінің мәні және экономикалық негізі8

1. 1. Банктердің және банк жүйесінің пайда болуы мен дамуы8

1. 2. Қазақстандағы банк реформасы және қазіргі банк жүйесінің қалыптасуы25

1. 3. Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі (АҚШ-тың банк жүйесі бойынша) 29

2-тарау. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің ұйымдастыру құрылымын талдау35

2. 1. Коммерциялық банктердің түрлері, ұйымдастыру және басқару құрылымы35

2. 2. «Темірбанктің» функциялары, ұйымдастыру құрылымы және қызметі45

3-тарау. Қазақстандағы банк жүйесін басқару құрылымын жетілдіру мәселелері52

3. 1. Банк құрылымын стратегиялық жоспарлау және жетілдіру52

3. 2. Банк құрылымын бейімдей отырып құру62

ҚОРЫТЫНДЫ66

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі69

Кіріспе

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Қазіргі банктік жүйе - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы ресурстарынан құрайды.

Қазіргі банктік жүйе - кез-келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның негізгі ролі мемлекеттегі төлем және есеп айырысу жүйесін басқару; өздерінің коммерциялық мәмілелерінің көпшілігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асыру; банктер, басқа да қаржылық делдалдармен қатар халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және өндірістік құрылымдарға бағыттайды. Мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып коммерциялық банктер айналыстағы қолма-қол ақшаның санын қосқанда олардың айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ете отырып ақша ағындарының қозғалыстарын реттейді. Ақша массасының өсуін тұрақтандыру - инфляция қарқынын төмендетудің, бағалар деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Мұндай жағдайға қол жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасында тиімді түрде жүреді.

Қазіргі банк жүйесі - бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т. б. ) дейінгі өз тұтынушыларына көрсететін сан-алуан қызметтер саласы.

Тұрақты, икемді және тиімді банк инфрақұрылымын құру - Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі. Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесінің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейде шығуына ықпал етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесінің құрылымы күрт күрделене түседі. Қаржы мекемелерінің жаңадан несие мекемелерінің тұтынушыларға қызмет ету құралдары мен әдістерінің жаңа түрлері пайда болды.

Отандық әдебиетте дамыған елдердің экономикасындағы банк құрылымы жеткілікті түрде зерттелмеген, бұл түсінікті де, өйткені көпшілік экономистеріміз негізінен Қазақстанның банктік жүйесін талдап және зерттеуге тырысуда. Мұндайда дамыған елдердегі банктердің ұйымдастырылу тәжірибесін зерттей түсу бізге орасан зор пайдалы болар еді.

Осы жұмысты жазу кезіндегі негізгі қиыншылық Қазақстан банктерінің ұйымдастырылу құрылымына қатысты деректердің мүлде аз болуына байланысты туындады. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға да осы мәселелер себеп болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы банктердің ұйымдастырылу құрылымы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттер туындайды:

- банк жүйесіне қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;

- банктердің пайда болуы мен дамуына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру;

- шетелдердегі банк құрылымының өзгешеліктері мен артықшылықтарын талдап, елдегі банктердің ұйымдастыру құрылымымен салыстыру;

- ҚР-ғы банктік жүйенің ұйымдастырылу құрылымына «Темірбанк» ААҚ-ның мәліметтері бойынша талдау жасау;

- Қазақстандағы банктердің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру жолдарын қарастыру;

- банктің нақты экономикалық жағдайға бейімделу құрылымын қалыптастыру тәсілдерін зерттеу.

Аталған міндеттерді тиімді ашып көрсету үшін дипломдық жұмыс үш тарауға бөлініп жазылды.

Бірінші тарауда банк қызметінің мәні мен экономикалық негізі, Қазақстандағы жүріп жатқан банк реформасының барысы және қазіргі заманға сай банк жүйесінің екі деңгейлі жүйеде қалыптасуы, сонымен қатар банк жүйесінің дамыған шетелдердегі озық тәжірибелері салыстырыла отырып қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ұйымдастыру құрылымы, коммерциялық банктердің түрлері мен қызметтері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасындағы ондыққа кіретін «Темірбанк» ААҚ-ның ұйымдастырылу құрылымын деректерге сүйене отырып талдау жасалған. Мұнда банк жүйесінде және «Темірбанк» ААҚ-ның ұйымдастыру құрылымында жүріп жатқан жаңа өзгерістерге қатысты мәліметтер де кеңінен қолданылған.

Үшінші тарауда Қазақстандағы банк жүйесін басқару құрылымын жетілдіру мәселелері, олардың құрылымын стратегиялық жоспарлау және жетілдіру шаралары, сонымен қатар банк құрылымын нақты экономикалық жағдайға бейімдей отырып құру мәселелері зерделенген. Осы талдаулардың негізінде банктердің ұйымдастыру құрылымын басқару механизмін жетілдіру жолдары көрсетілген және ондағы адам факторының ролі қарастырылған.

1-тарау. Банк қызметінің мәні және экономикалық негізі

1. 1. Банктердің және банк жүйесінің пайда болуы мен дамуы

Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен, қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуы, сонымен қатар, саудалық мәмілелердің және төлемдердің өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында, маңызды тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңның және малдың терілері т. б. ) яғни, тауарлы ақша болған. Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.

Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері, діни ғимараттары-храмдар болды. Біріншіден храмдар, мемлекеттің, қауымдардын сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қауымдарымен айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни ғимараттардан ешкім, ол тауарлы-ақшаны ұрлай алмайтын.

Храм шаруашылықтарының орнықтылығы оларға ғасырлар бойы орын алын келген қауымдар мен мемлекеттің сенімділігіне негізделген. Храм шаруашылығының салыстырмалы тұрақтылығы ақша айналымын қолдауда маңызды жағдай болды. Осы тұрақтылық храмдарға ақша операцияларын жүргізуге, тауарлы ақшаны сақтауға мүмкіншілік берді. Тауарлы ақшаның табиғи бұзылуы, бағасының төмендеуі оларды жаңартып отырудың қажеттігі, храмдарға ақша айналымын реттеу атқарымын жүктеді. Өз кезегінде, бұл атқарымды орындау қосымша ақша операциясын жүргізуді талап етті: есептеу және есеп айырысу. Сөйтіп, Шығыстың храмдық шаруашылықтарының тауарлы ақшаның сақталуын қамтамасыз еткені, банк құрудың алғашқы қадамы болды.

Есептеу, есеп айырысу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін болғандықтан үлкен көлемді тауарлы-ақшаны жинақтау, сактау, есептеу, сұрыптау қиынға түсетін болды. Сондықтан жалпыға бірдей балама етіп басқа, көп шығынды, көп күшті керек етпейтін тауарды қолданудың қажеттілігі туды. Осындай жалпыға бірдей балама болуға бәрінен де лайықты тауар металл болды (мыс, қола, күміс, алтын) . Бара-бара күміс пен алтын іріктеліп шықты. Олардың басқа металдарға қарағанда қосымша сапасы: ықшамдылығы, яғни, құны жоғары, ал, көлемі кішкентай.

Бұдан кейін храмдар үшін ақша операциясының, жаңа түрі - айырбастау пайда болды.

Күміс пен алтын жетіспейтін жағдайда (олар көбінесе қазынаға кетіп жатты) тек храмдар ғана тауарлы-ақшалы металл ақшаға айырбастай алатын болды.

Сонымен қатар, храмдар метал және тауарлы ақшаны ақысыз сақтаудан бас тартып, енді ақы алатын болды. Және де олар төлем мерзімін ұзартып, тауарлық несие бере бастады.

Сөйтіп, храмдар іс жүзінде банкілерге тән барлық ақша операцияларын жүргізетін болды. Осындай практика кейінірек Ежелгі Грецияға, Римге, содан кейін орта ғасырларда Европа елдеріне тарады.

Қоғамның және мемлекеттің сенімінің арқасында храмдардың көптеген байлық жинап алуға мүмкіншіліктері болды. Орта ғасырларда Европа елдерінде әрбір шіркеудің алтарының арғы жағы ақша қоймасы болған.

Храмдардың ақша операциясын жүргізудегі үстемдігін жою үшін ежелгі мемлекеттер, біздің жыл санауымызға дейінгі VІІ-ғасырдан бастап, дербес металл ақшаларын соғуды бастады. Ақша айналымын стандарттау мен оны монеталармен қамтамасыз ету тек мемлекеттің қолына көшті. Монеттерді соғу елдер арасында сауда қатынасын өсірді. "Сауда үйлері" құрылды. Олар сауда жүргізумен қатар ақша шаруашылығымен шұғылданды.

Вавилондық сауда үйлері Эгиби және Мурашу, біздің жыл санауымызға дейінгі 6-ғасырда, тиісті процентін алып, салым операцияларын жүргізе бастады. Сауда үйлерімен қатар мемлекеттік сауда агенттері "Тамкарлар" жұмыс істеді.

Олар ел ішінде ғана емес, елдер арасында метал құймаларын алып-сатумен шұғылданған.

Біздің жыл санауымызға дейінгі V-ғасырда, Грецияда "Трапезиттер" пайда болды. Оларды стол басындағы адам деп атады. Олардың кейбіреулері салымдар қабылдады, клиенттің шотынан төлемдер жүргізді, кейбіреулері ақша айырбастаумен шұғылданды, ал, кейбіреулері кепілзатқа шағын несиелер беретін болды.

Сонымен, банктің пайда болуына арқау болған Храм шаруашылықтары, "Сауда үйлері", "трапезиттер" болатын.

1179 жылы Венециядағы бір жарналы серіктестік салым банкісіне айналды, ал 1619 жылы басқа бір серіктестік "Жиробанк" деп аталды.

Европада, 1609 жылы, Амстердам (Нидерланда) қаласында бірінші айырбастау банкі құрылды. Ол өзінің "Гульдень" деп аталған монетін соғып шығарды. Ол 1681 жылы депозиттік және аудармалық (жиро - латын сөзінде айналым) банк болып қайта құрылды.

Мамандардың айтуына қарағанда, Ресейде банк қызметінің басталуы 18 ғасырдың ортасына келеді. Оның негізін салған 1733 жылы Петербургте құрылған монеттік кеңсе.

Қазақстанда банк мекемесі ХІХ-ғасырдың аяғында пайда болған. Олар қазыналық палаталар түрінде, немесе 1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет банкісінің бөлімшелері түрінде шықты.

Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал қаласында ашылған (1876 жылы), сосын Петропавл қаласында (1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы) ашылған.

Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 ж. Орыс-Қытай банкісінің бөлімшесі ашылған. Ол кейін Орыс-Азия банкісіне қосылып кетті. 1908 жылы Сібір сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара несиелендіру қоғамы құрылды.

Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік банкісінің Орынбордағы кеңсесі) .

1930/32 жылдары жүргізілген несие реформасының нәтижесінде тарату тұрпатында несиелік жүйе құрылды.

КСРО-ның банк жүйесінің 1987-1990 жылдардағы реформаға дейінгі құрылымы мынандай болды;

- КСРО мемлекеттік банкі, Мемлекеттік еңбек жинақ кассасын қосқанда, Одақтың кез келген бұрышында орналасқан мыңдаған бөлімшелері бар, кең атқарымды жүйе;

- Бүкілодақтық күрделі құрылысын қаржыландыру банкісі (КСРО-ның құрылыс банкісі) ;

- Сыртқы сауда банкісі.

Сол кезде Қазақстанда жұмыс істеген банктер:

- КСРО мемлекеттік банкісінің Қазақ Республикалық кеңсесі. Оған 19 облыстық кеңселер мен олардың 325 бөлімшелері бағынған (барлық аудан орталықтарында және облыстарға бағынған кішігірім қалаларда) .

- КСРО-ның құрылыс банкісінің Қазақ республикалық кеңсесі. Оған 18 облыстық кеңселер мен өндірісі өскен ірі қалаларда, аудандарда орналаскан он шақты бөлімшелері бағынған1.

Олардан басқа республика аймағында, кең желілі еңбектік жинақ кассалар істейтін. Бұл жүйенің бір ерекшелігі, олар төменгі сатыда (аудан деңгейінде), бір жағынан жергілікті Үкімет органына бағынатын, екінші жағынан өздерінің жоғарыдағы ведомстволарына (облыстық, республикалық басқармаларына) бағынатын. Республика деңгейінде, кейбір ұйымдастыру мәселелері жөнінде, КСРО мемлекеттік банктің Республикалық кеңсесіне, ал басқа мәселелер жөнінде, КСРО мемлекеттік еңбектің жинақ кассасының, басқармасына бағынатын. Ал, одақ көлемінде бұл жүйе түгелімен КСРО мемлекеттік банктің құрамына кіретін.

Банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О. И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады"2.

Қорытындылай келіп О. И. Лаврушин: "Сонымен, банк - ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі - дейді. Біз осы анықтамамен келісеміз.

Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара құқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бәрі, Қазақстан жағдайында, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.

Өз кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып бөлінеді.

Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несие және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырынған банк болады, ал егер банк, мұндай қызметтердің түрлі-түрлісін кез келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады. Бірақ қазіргі жағдайда қызмет істеп жүрген банктерді жоғарыдағыдай етіп жіктеу өте қиын. Өйткені, олардың бәрі өздерінің көрсететін қызметтерін ұлғайтып және жетілдіруге тырысады. Әйтпесе басқа банктермен бәсекелесе алмайды. Тіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет жасау үшін ұйымдастырылған Агропромбанкте халық шаруашылығының көптеген салаларына өзінің қызметін ұсынады. Халыққа жұмыс көрсетуге арналған халықтық жинақ банкісі де кең мөлшерде түрлі-түрлі қызметтерін заңды және жеке тұлғаларға ұсынады. Осының бәрі Қазақстанда банк жүйесінің әлі мамандандырылып болмағанын, банктердің жетіліп, нығайып үлгермегендігін байқатады.

Меншіктің нысанына қарай банктер, мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді. Қазақстандық банктерге тән ерекшелік, олардың бәрі, мемлекеттік банктерден басқалары, ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғам болып қалыптасқан.

Әр түрлі белгілер мен банктер: аймақтық, аймақаралық, Ұлттық, халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып та бөлінеді.

Әр түрлі банктің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылығы мен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынандай ерекшеліктермен сипаттандырылады:

1. Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ "банк" деген мәртебесі жоқ элементтер де кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттері, басқа да банктің инфрақұралымын құратын және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер;

2. Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине, банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мәнер береді.

Дегенмен, банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу керек. Банк жүйесінің мазмұны, тек әр түрлі элементтердің мазмұны ғана емес, олардың өзара байланыстарын қамтитын, жаңа, кеңірек мазмұнға енуі. Сөйтіп, банк жүйесінің мазмұны, тек оның жеке элементтерінің мазмұнына ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады;

3. Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұғыну керек. Өйткені, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиеттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде ала алады (пайдалана алады) ;

4. Банк жүйесі әр уақьпта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толықтырылады, банкаралық және Ұлттық банк пен немесе шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда болады;

5. Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып есептеледі. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы, немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесіне, болмаса оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау органдарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес. Мысалы, Швейцарияда клиенттің қаржысының қозғалысы жөніндегі мәлімет Үкімет органдарына, тек шот иесінің қылмыстық іске қатысы барлығы дәлелденген болса беріледі. Және де, ол елдің заңы бойынша, салық төлемеу, немесе валюталық реттеу тәртібін бұзу сияқты істер, қылмыстық істің қатарына қосылмайды. Клиенттің құпиясын сақтай алмаған банк, банкілік операцияларды жүргізуге алған лицензиясынан айрылады, ал жеке қызметкерлер қатаң жазаға тартылады;

6. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Олай дейтініміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар, және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, оралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді. Немесе, Үкімет Ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртіптемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды;

7. Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциалдық) мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан (лицензия) айырылуы мүмкін.

8. Қазіргі ұрпаққа банк жүйесінің екі тұрпаты (үлгісі) белгілі. Олар:

- орталықтандырылған тарату жүйесі;

- нарық экономикасына лайықты банк жүйесі.

Жақында өткен Халық шаруашылығын басқарудың әкімші-әміршіл жүйесінде, банк жүйесі мемлекеттің банктерге үстемдік жасауының барлығымен сипаттандырылатын. Банктер, экономиканы басқарудың құралы бола тұра, өзінің қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын. Барлық ақша-несие, қаржы ресурстарын банкілер арқылы мемлекет тарататын. Банктерде ешқандай дербестік болмайтын. Тіпті, олар пайда табуға да мүдделі болмайтын. Өйткені, пайдаларының барлығы дерлік, мемлекеттік бюджетке алынатын, ал оларға ең керектісі белгіленген мөлшерде ғана қалдырылатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы
Банктің несиелік тәуекелінің теориялық аспектілері мен құрылымы
Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы туралы
Банк және қаржы жүйесі
Жинақ банкісі
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банк жүйесінің мәні,белгілері және түрлері
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz