Құнды қағаз нарығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ1

1 Құнды қағаз нарығы3

1. 1 Құнды қағаз нарығының Қазақстандағы жағдайы3

1. 2 Құнды қағаздың түрлері мен сыныптамасы8

1. 3 Опциондар мен фьючерстер17

1. 4 Құнды қағаз портфелі және оны басқару жолдары. 18

2 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДЫҢ ОПТИМАЛДЫ ПОРТФЕЛІН ТАҢДАУ МОДЕЛЬДЕРІ25

2. 1 Оптималды портфель теориясы25

2. 1 Шарптың құнды қағаздың оптималды портфелін құру моделі28

2. 3 Құнды қағаздың оптималды портфелін құрудың32

статикалық моделі32

2. 4 Құнды қағаз нарығын ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету38

3. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ ПОРТФЕЛЬ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДІҢ КӨМЕГІМЕН ТАЛДАУ41

ҚОРЫТЫНДЫ45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР47

ҚОСЫМША48

КІРІСПЕ

Экономиканың барлық салаларының қызметтері және кез келген кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі кез келген түрде жаңа қорларды құру немесе бар негізгі қорларды, өндірісті дамыту үшін инвестициялық салымдарды жүзеге асырумен міндетті түрде байланысты. Осыған орай менеджмент экономика және өндірістік пен басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, экономика мен банктік қаржылық қызметтерді басқару саласындағы мамандар экономика негіздері мен инвестициялық қызметтерді (портфельді инвестицияларды) жақсы игеру қажет. Кәсіпкер немесе инвестор құнды қағаз портфелін құру кезінде портфелдің құрылымын, қағаздардың тиімді түрлерін және жалпы негізгі мақсаттарды анықтау қажет.

Бұл жұмыстың мақсаты құнды қағаздың оптималды портфелін құруды экономика математикалық модельдерін тұрғызу және құнды қағаз портфелін ақпарат жүйесі арқылы талдау жүргізу болып табылады. Таңдалған тақырыпты толық сипаттау үшін келесі мәселелер қойылған:

1) Құнды қағаз портфелін құрудың теоретикалық негіздерін анықтау;

2) Оптималды портфельді құрудың моделдері мен методикасын ашу;

3) Портфельдің табыстылығы мен тәуекелін есептеу.

Алынған тақырып өзекті болып табылады, себебі экономикалық есептерді шешу кезінде компьютерлік технологияларды қолдану кеңінен таратыла басталды. Сөйтіп құнды қағаз портфелін оптимизациялау үшін экономикалық модельдер арқылы түрлі бағдарламалық өнімдер құрылады. Сондықтан қазіргі кезде құнды қағаз портфелін ақпарат жүйесі арқылы талдау өзекті болып табылады.

Құнды қағаз нарығын дамыту үшін көптеген белгілі компаниялар мен кәсіпорындар мен банкттер өз қаржылық қызметтерін тиімді жүргізумен қатар құнды қағаз портфельдерін оптималды варианттарын таңдаулары қажет. Сол үшін оптималды варианттарды математикалық модельдеу тұрғысынан қарастыруды жөн көрдім.

Отандық әдебиеттерде көп көлемде экономика мен нақты инвестицияларды басқаруға көп көңіл бөлінеді, яғни экономикалық тиімділікті бағалау әдістері туралы жазылады. Бірақ құнды қағаз портфелін басқару сұрақтарына аз көңіл бөлінеді. Енді соңғы жылдары экономика мен инвестицияларды басқару саласында әдебиеттер көптеп шығуда, бірақ соның ішінде инвестициялау экономикасын, құнды қағаз портфелін ақпарат жуйесі тұрғысынан жүйеленген кітаптар жоқ деуге де болады.


1 Құнды қағаз нарығы

1. 1 Құнды қағаз нарығының Қазақстандағы жағдайы

Бағалы қағаздар айналымы болатын нарықты құнды қағаз нарығы немесе қор нарығы деп атайды. Басқаша айтқында құнды қағазды сату мен сатып алу және эмиссияны жүзеге асыратын ссудалық капитал нарығының бөлігі. Ол қаржы ресурстарды, капиталды қайта бөлудің тиімді механизмі. Осы нарықтың пайда болуымен ерекше операцияларды тудырды. Олар: эмиссия, листинг, котировка, сату -сатып алу келісімдерімен құнды қағаз портфелін басқару және т. б.

Қазақстанда құнды қағаз нарығы 90 жылдардан бастап құрыла бастады және соған қатысты нормативті және заңнамалық базаны құруды қажет етті. Құнды қағаз нарығы номативті хұқық базасының құрылуы бірқатар қиыншылықтармен сипаталды. Біздің нарығымызды сипаттай келе отырып, мамандардың айтуы бойынша «құнды қағаз нарығының құрылудың объективті және субъективті алғышарттары 90 жылдары пайда бола бастады. Көптеген заң актілері шығарылды және қажетті хұқықтық база болмады. Бұл заңдар: құнды қағаз нарығы туралы, ҚР-ғы құнды қағазбен келісімдерді тіркеу туралы заңдар. Нормативті хұқықтық базаның көмегімен құнды қағаз нарығын жетілдіру және құру процесін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жалпы қор нарығы өзінің құрылымды бөліктермен экономика жағдайынан бөлінбейді. Оның табысты жұмыс істеуі 3 негізгі шарттармен анықталады: толық заң базасының болуы, нормативті және ұйымдастырушылық базасының болуымен.

Құнды қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Құнды қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелігінен алудың ең басты құралдарының біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудың тиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да құнды қағаз нарығына қатысушылардың барлығының алдында құнды қағаздармен жасалатын опреациялардың теориясы мен техникасын игеру, биржалық істі регламенттеуді үйрену, мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады.

Құнды қағаздар нарығының міндеті - құнды қағаздар сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды толық қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл міндеттерді шешу құнды қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың - брокерлер мен инвестициялық дилердің қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар құнды қағаздар нарығын қандай жағдайда, қашан қандай шартпен және қандай бағалы қағазды шығару қажет екендігін біледі.

Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген құнды қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:

  1. әрбір потенциалды инвестор үшін құнды қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
  2. құнды қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық формалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т. б ) біліктілігі.

Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында құнды қағаздармен жұмыс жасай алатын маманның болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама құнды қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуы тиіс.

Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкімет бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екіншіден республика азаматтарына құнды қағазды сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бүгін Қазақстанның қор нарығында мағынасыз жағдай қалыптасып отыр. Бір жағынан қор нарығындағы позитивті қозғалыс, ал екінші жағынан корпоративті құнды қағаз нарығының дамудың баяу темптері байқалады. Құнды қағаз нарығы саяси, әлеуметтік және қоғамның басқа да сфераларындағы болып жатқан немесе болатын өзгерістерге өте сезімтал. Осыған байланысты нарықтың жағдайын жалпылайтын көрсеткіштер (мысалы Доу -Джонс индексі, АҚШ-тағы Стандарт энд Пур индексі) мемлекет экономикасының жағдайынын суреттейтін негізгі индекатор болады. /1/

Қор нарығының негізгі функцияларына:

1) Коммерциялық функциясы- нарықта жүргізілген операциялардан түскен табысты алу;

2) Бағалық функция - бағаның жиналу процессін қамтамасыз етеді.

3) Ақпараттық функция - сауда объектілері мен қатысушылары туралы нарықтық ақпарат береді.

4) Реттеуші функция.

Осы нарықта келесі құнды қағаздар айналысты болады:

  1. Акция
  2. Облигация
  3. Мемлекеттік қазынашылық міндетемелер
  4. Жинақтау және депозиттік сертификаттар
  5. Вексель
  6. Варант
  7. Фьючерс
  8. Жекешелендіру чегі.

Қазақстан Республикасының құнды қағаз нарығы туралы заңына сәйкес келесі түсініктерге анықтама берілген:

Қор нарығы бұл заңнамаға және биржа бекіткен ережелерге сәйкес құнды қағаздарды сатуды ұйымдастыратын заңды тұлға. Эмиссия - құнды қағаздарды шығару және орналастыру. Сонымен қатар қор биржасында келесі мамандар жұмыс жасайды.

Дилер - өз атынан және өз қаражатына, пайда табу мақсатында құнды қағазбен келісім жасасатын және оны нәтижесінде қайта сатуды көздейтін мамандандырылған қатысушы.

Инвестор - өз қаражатын құнды қағаздарға салуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

Кастодиан - сенімге берген клиенттердің құнды қағаздары мен ақшаларын сақтау бойынша қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған қатысушы.

Негізгі бізге қажетті түсінік бұл құнды қағаз портфелі - құнды қағаз нарығы субъектілерінің жеке меншігінде немесе басқаруында болатын құнды қағаз түрлерінің жиынтығы.

Құнды қағаз портфелін басқарушы - құнды қағаз портфелін басқару бойынша және құнды қағазды алуға берілген ақшаны басқаратын мамандандырылған қызметті жүзеге асыратын тұлға.

Құнды қағаз нарығының субъектілері болып инвестор, эмитент құнды қағаз нарығының маманды қатысушылары. Ал объектілері болып акция, облигация және басқа да құнды қағаздар, туынды құнды қағаздар, шетел эмитенттерінің құнды қағаздары, ипотекалық куәлік, коносамент.

Нарықтың қозғалысы әрқашан 3 уақыт интервалында зерттеледі. Ең ұзақ интервалы алғашқы деп аталады және ол бірнеше жыл ішіндегі бағаның басты қозғалысын анықтайды. Сонымен қатар қысқа қадам - екі немесе одан да көп мерзім ішіндегі өзгерістерді қарастырады. Нарықтың анализі графикалық түрде жүзеге асырылады. - сызықтық графиктер, гистограммалар, бағаналық диаграммалар сызылады.

Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі құнды қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды. Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және құнды қағаздар нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арады дайындау қажет.

Құнды қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастаманы қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субъектілерінің қызметіне мемлекеттік, әкімшілік және жанама (экономикалық) бақылау қою шараларының жүйесін жасау, сол сиқты экономикалық қор секторындағы нарықтық ортаға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау қажет. Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.

Құнды қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты мынадай:

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
  • нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • құнды қағаздар нарығы агенттерінің мүделерін құқықтық және экономикалық қорғау.

Құқықтық қорғау : құнды қағаздарды әкімшілік -мемлекетік тіркеу; құнды қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, құнды қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын құнды қағаз нарығына жібері ережелері.

Экономикалық қорғау: құнды қағаздармен жасалатын операциялар бойыша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекттік құнды қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.

Қаржы нарығының жұмыс жасауы үшін мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Қазақстанда бұндай функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша комиссиясы. Ол эмитенттер қызметрінің стандарты және талаптарды қояды; құнды қағазды шығару туралы шешімдерді қабылдайды; құнды қағаз нарығының мамнды қатысушыларының қызметін лицензиялайды.

Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді. Қор биржасы - бұл құнды қағаздардың бірқалыпта айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы мынадай қызметтерінен көрінеді:

- қор нарығында биржалық делдалдардың құнды қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;

  • құнды қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыр, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушысы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасындағы делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.

Елімізде 1998 жылдан бастап тек қана 2 қор биржалары жұмыс істей бастады. Олар орталық Азиялық қоры мен Қазақстанның қор биржасы . Елімізде модельді биржаны таңдауда жүргізілген тендер нәтижесінде KASE қор биржасы және осы құрылымнан шыққан АҚ - AFINEX ол шетел валюта бойынша сауданы ұйымдастырушысы.

Құнды қағаз нарығы Қазақстан экономикасындағы ең аз дамыған нарықтан бірі. Құнды қағаз Қазақстандағы нарығында негізгі секторы мемлекеттік және корпоративті құнды қағаз секторы болып табылады.

Рәсімділенбегенділік (неоформленность) макроэкономикалық түсінігінде қазақстанның құнды қағаз нарығына сай сипат. Оны салыстырудан көруге болады. Мысалы АҚШ -та және Францияда бюджетті қаржыландырудың қайнар көздері болып банк несиелері мен мемлекеттік құнды қағаздың эмиссиясы болып табылады.

Қазақстан құнды қағаз нарығының дамымағандылығы оның басқа нарықтармен салыстыруға мүкіндік бермейді. Біздің нарығымыз тәуекелдің барлық деңгейлердің болуымен сипаталады: (динамикалы, статистикалық, несиелік, пайыздық, валюталық, салық-тық, инвестициялық және басқа да түрлері мен нысандары) Нарықтың тұрақтануына экономикалық тұрақсыздық, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, мамандандырылған кадрлердің болмауы қатты әсерін тигізеді. Құнды қағаз нарығын қаржы институттары арқылы дамушы жүйені құру - ол ұзақ процесс.

Құнды қағаз нарығының сапалық сипаттамаларға көңіл аударсақ:

  • кішігірім көлемі; материалды базаның, сату технологиясының, ақпараттық инфрақұрылымның дамымағандылығы; осы нарықты құру ұзақ мерзімді, ойластырылған мемлекеттік саясатының болмауы; Сонымен қатар құнды қағаз нарығы өндіріспен байланысы жоқ.

Ал құнды қағаз нарығын реттейтін заңнамаларды жүзеге асыратын құнды қағаз бойынша ҚР-ның Ұлттық комиссиясы, Қаржы министірлігі, Ұлттық банк. /1/

1. 2 Құнды қағаздың түрлері мен сыныптамасы

Құнды қағаздың экономикалық мәнін ашу үшін қосымша сапаларын қарастырып өту маңызды болады, оларсыз құжат құнды қағаз мәртебесіне ие бола алмайды. Біріншіден мүліктік хұқықты куәландыратын мүліктік титул нысаны (корпорация акциясы, коносамент) . Екіншіден, құнды қағаз қаражатты инвестициялауды куәландыратын құжат ретінде болуы керек. Үшіншіден, құнды қағаз бұл нақты активтерде талаптары көрсетілетін құжат (акция, чек, жекешелендіру құжаты) Төртіншіден маңызды мезеттерінің бірі бұл құнды қағаздың экономикалық мәнін түсіну үшін оның табыс әкелетіндігін ескеру. Иемденуші үшін осы табыстардың жиынтығын капитал қылады. Бірақ бұндай капиталдың іс жүзіндегі капиталдан айырмашылығы: ол өндіріс процессі кезінде қызмет етпейді. Бұл жағдайда капиталдың бөлініп кетуін байқауға болады. Яғни ол нақты капитал мен капиталдың құнды қағаз түрінде болуы. Нақты капитал өндіріс кезінде жұмыс жасайды, ал құнды қағаздар нарықта өздерінің қозғалысын бастайды. Нақты капитал өз айналымын әлі аяқтамаған мезгілдің өзінде, құнды қағазды иемденуші, мысалы нарықта акцияны сатып, ақшалай капиталды өзіне қайтадан қайтарады.

Дүние жүзілік практикада мемлекеттік құнды қағаздың қатарына келесілерді жатқызады.

  1. Қазынашылық вексель - қысқа мерзімді мемлекеттік міндетемелер;
  2. Ортамерзімді қазынашылық вексель;
  3. Ұзақ мерзімі қазынашылық міндетемелер - өтеу мерзімі 10жылдан және одан да көп, ол бойынша купондық пайыздар төленеді.
  4. Мемлекеттік облигациялар;

Шетел үкіметінің сериясы түрінде нарықтық емес мемлекеттік құнды қағаздың ерекше түрлері.

Эмисиялық құнды қағазды шығару нысаны 2 түрге бөлінеді: құжаттық және құжатсыз. Құнды қағазды шығарудың құжаттық нысаны - құнды қағазға мүліктік хұқық реестрде тіркеледі және материалды тасығыштарда (қағаз және басқа да материалда) шығарылады. Құжатсыз нысаны құнды қағазға мүліктік хұқық құнды қағаз тасушылардың реестрінде тіркеледі.

Құнды қағаз - бұл нарыққа қатысушылар арасындағы нарықтық қатынасты беркіту нысаны болып табылады, ол әдетте сол қатынастың объектісі болады. Яғни қатысушылар арасындығы құнда қағазды сату және сатып алу, кейін оны тауарға немесе ақшаға айырбастау арқылы кез келген шарт немесе келісім жасасудан құралады. Бірақ құнды қағаз -бұл ақша және материалдық тауар да емес. Иемденушіге беретін хұқығы оның құндылығы болып табылады. Соңғысы өз тауарын немесе ақшасын құнды қағазға айырбастайды тек сол жағдайда егер де тауардан, ақшадан әлдеқайда артықшылығы бар болғандығында сенімді болса. Ақша және тауар капиталдың бар болуының әртүрлі нысандары болғандықтан, құнды қағаздың экономикалық анықтамасын келесідей айтуға болады: құнды қағаз - ақшалық, өндірістік, тауарлық нысандарынан ерекшелігі бар және нарықта айналымға түсетін, табыс әкелетін капиталдың өмір сүру нысаны. Құнды қағаз өз нарығында, яғни кұнды қағаз нарығында айналысқа түсетін ерекше тауар, бірақ оның иә заттық, иә ақшалай тұтынушылық құны жоқ, қызмет түрі бола алмайды. Кең мағынада құнды қағаз сәйкес бағаға сатылатын және сатып алынатын құжат. Сөйтіп құнды қағаздар бірқатар функцияларды орындайды:

  • Экономика сфералары мен салалары арасында, халық топтары арасында ақша қаражаттарын қайта бөледі.
  • Құнды қағазды иемденуші, капиталға хұқықтан басқа қосымша хұқықты береді. Мысалы басқаруға қатысу хұқығы, ақпарат алу хұқығы.
  • Капиталды қайтару немесе капиталға қатысты қосымша табыс алады.

Кез келген экономикалық категория ретінде құнды қағаздың өзіндік сапаларына тоқталатын болсақ: өтімділік, айналымдылығы, уақытшалылығы, нарықтық сипаты, стандарттылығы және сериялылығы.

Өтімділік - құнды қағазды сату арқылы нақты ақшаға айналдыру жеңілділігімен сипаталады. Ол үшін құнды қағаз нарықта айналып отыруы қажет. Құнды қағаз - ерекше товар, оның өз нарығы болуы керек. Бірақ құнды қағаз нарығында сатылатын товарлар маңызды товар болып табылады. Себебі құнды қағаз ол табысқа хұқық беретін құжат, бірақ нақты капитал емес. Бұл нарықта құнды қағаз - сату сатып алу заты ретінде қолданылады және комплекстік бағаларға ие. Олар номиналды эмиссилық және нарықтық бағалар.

Егер құнды қағаздың номиналды құны қор биржасындағы құнды қағаздың курсымен теңдесетін болса ол альпари деп аталады.

Құнды қағаздың ақшамен байланыстыратын көптеген қасиеттері бар. Ең негізгі қасиеті әр түрлі нысанда ақшаға айырбастау мүмкіншілігі. Құнды қағаз кепіл заты бола алады және бірнеше жыл бойы сақтауға болады, кейде мұра ретінде беріліп отырылады.

Алғашқы кезде барлық құнды қағаздар тек қағаз нысанында болған, оның аты да содан щыққан, бұлар да өз кезегінде қағаз ақшалар сияқты құнды . / 3 /

Құнды қағаздың сыныптамасы: атаулы және ұсынылмалы болып бөлінеді.

Атаулы құнды қағаз - бұл қарапайым құжатты немесе электронды нысанда жүргізілетін, иемденушінің аты меншіктенуші реестрінде иә бланкте тіркелетін құнды қағаз.

Ұсынылмалы құнды қағаз - иемденушінің аты тіркелмейтін оның айналымы тіркеуді қажет етпейтін құнды қағаз.

Қағазда көрсетілген хұқық бойыншақұнды қағаздың түрлері:

- ақшалы қағаздар(облигация, вексель, чек) ;

  • иемдену хұқығын куәләндыратын товарлы қағаздар; (коносамент, складтық куәліктер) белгілі бір компанияға қатысуға хұқық беретін қағаздар. (акция)

Дүние жүзілік практикада құнды қағаздар екі класқа бөлінеді.

  1. негізгіқұнды қағаздар.
  2. өндірістікқұнды қағаздар.

Негізгі - кез келген активке меншіктік хұқығы бар құнды қағаз. Әдетте тауарға, ақшаға, капиталға және т. б.

Негізгі құнды қағаз

Бастапқы Қайталама

Бастапқы құнды қағаз - активтерге негізделген. (оның құрамына активтердің өздері кірмейді) Мысалы: акция, облигация, вексель.

Қайталама құнды құнды қағаздар қағаз - бастапқы құнды қағаз негізінде шығарылған құнды қағаздар; мысалы құнды қағазға варрант.

Өндірістік құнды қағаздар - бұл фьючерстік контрактілер (тауарлық, валюталық, пайыздық) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Құнды қағаздар нарығының даму ерекшеліктері
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі
Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
Құнды қағаздар нарығының құрылымын, мемлекет тарапынан реттеуін, және оның бағыттары мен мақсаттарын қарастыру
Артықшылықты акция әдетте атаулы бағалы қағаз
Қаржы валюта нарығы
Бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу
Бағалы қағаздар және биржа
Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz