Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
MA3МҰНЫ
КІРІСПЕ 1
I-Бөлім. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ШАРТТАРЫ 6
1.1. Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні 6
1.2. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ МЕН САТЫЛАРЫ 34
1.3. НЕСИЕНІ ҚАМТУ НЫСАНДАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 71
II-БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕР БОЙЫНША БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
81
2.1. КЛИЕНТТІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ 81
2.2. Қысқа мерзімді несиелеу тәжірибесі (ААҚ "Казкоммерцбанк" материалдары
негізінде) 92
III-тарау. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ БОЛАШАҒЫ 111
3.1. Қысқа мерзімді несиелеу бүгіні мен ертеңі 111
ҚОРЫТЫНДЫ 116
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 119

КІРІСПЕ

Қыска мерзімді қарыздар беру банк ашуға Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі рұқсат берген және банк операцияларын жасауға лицензия алған
ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер қысқамерзімді
несиелендіру үрдісінде нарықтық қатынастардың жан-жақты қалыптасуына,
қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, егемен Қазақстан Республикасы
мемлекетінің экономикасы мен қаржысын нығайтуға, жөн-жосықсыз дағдарыстың
өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валюта
теңгенің нығаюына ықпал жасап отыруы тиіс.
Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның
ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді
әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруға ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет
көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады.
Сонымен қатар олар нарықтық құрылымның қалыптасуын, кәсіпкерлік жұмысты
кеңейтуді, сату-сатып алу операцияларын ұлғайтуды қызу қолдай отырып және
бұл мақсатқа қарыз бөлуді ұлғайта отырып, олардың басым көпшілігінің банк
кассасына өткізілген қолма-қол ақша есебінен қайтарылуын қарастыруы керек.
Жоспарлауға байланысты барлық мәселелерді, қарыз беру және оны өтеуді,
пайыздық мөлшерлемелерді азайтуды немесе көбейтуді қарыз алушылар несиелік
шарттар негізінде жергілікті банк мекемелерінің өзінде шешеді, ол шарттар
екі жаққа да өзара міндеттемелер мен экономикалық жауапкершіліктер
жүктейді.
Банк мекемесі мен қарыз алушының арасындағы несиелік шарт бір жылға
немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады, егер қарыз алушы қарызды үнемі және
қысқа мерзімге алатын болса, онда оған қарыз уақытша әйтпесе кейбір
қарыздарын беруіне қажет болғаны. Ұзақ мерзімді несиелік шарт жасалғанда,
мұндай шарт несиелік келісім жасаушы жақтармен жыл сайын анықталып отырады,
екі жаққа да тиісті жекелеген келелі мәселелер талқыланады. Шарт жасау
тәртібі әр қарыз алушыға жеке түрде жасалуы тиіс.
Қысқа мерзімді несиелендіру банктер арқылы коммерциялық негізде
жасалып, олардың жедел, қайтарымды, төлемді, өтелімді болуы және қарыздың
белгілі бір мақсатқа жұмсалуы көзделеді.
Банк мекемелері қысқа мерзімді несиелендіру қарыздарын өздерінде бар
несиелік ресурстар шамасында береді.
Қысқа мерзімді несиелендіру үшін қажет қарыз және несие ресурстарын
бөлуде, банк алдын ала жоспарланатын төртінші тоқсанда алдағы жылдың әр
тоқсанында бөлінетін қажетті қарыздардың есебінің үлгісін қарыз алушылардан
талап етеді, олардың айналымдағы қаржыларының пайда болу, жеке көздерінің
және кредиторлық қарыздарының шамасын байқауы тиіс.
Есеп айырысудың негізіне өнеркәсіптің көлеміне, қарай алдағы жылдың
жоспарланатын есеп көрсеткіштері, баға мен тарифтің өзгеруін ескере отырып,
соңғы бірнеше жылдардағы жиналған қарыздары мен кредиторлық қарыздары
жатқызылуы керек. Бұл есеп айырысулар жыл бойына банк пен қарыз алушының
өзара келісулері бойынша анықталуы мүмкін. Мұндайда банктер заем
алушылардың жеке өздерінің есімдерінің (айналымдағы қаржыларының, басы
артық қорларының) шығу кездерін қадағалап, оның есу қарқынының бөлінген
несиелік қаржыдан қалыспауын көздейді.
Несиелік шартта міндетті түрде қаралатын мәселелер:
несиелендіру объектілері;
жоспарланатын қарыз көлемі, оның бағытталуы;
қарыздың берілуі мен оны өтеу мерзімінің шарты, оның қарыз алушының
қызметінің жақсаруына тигізетін ықпалы;
қарыз бойынша пайыздық мелшерлемелер, олардың төмендеуі немесе
жоғарылауы;
қарыз алушының қарызды қайтаруды қамтамасыз етуде несиелік
құндылықтар (кепілдеме, т.б. кепілдік құжаттар) бойынша міндеттемесі;
материалдық артықтар мен өндірістік шығындардың орнын толтыратын жеке
айналым қаржыларының нормативі;
несиелендіруге қажетті есептеулер мен мәліметтер тізбесі, қарыз
алушыларға белгіленген несие беру мерзімдері және басқа да шарттар:
қатысушы жақтар келісім шартын бұзған жағдайда қолданылатын
экономикалык іс-әрекет шаралары;
Шарттың нақты мазмұны жақтардың келісім жасасуына қарай анықталады.
Несиелік шарттар банк мекемелері қарыз алушылардың өндірістік және
инвестициялық қызметін, олардың қаржы жағдайын, ақша айналымындағы
қаржыларының, жай-күйін, өндіріс пен айналымдағы шығындарды азайтуға
белгіленген шараларды, қор қайтарымдылығы мен түсімнің өсуін терең, жан-
жақты зерттеп білген соң жасалады.
Сонымен қатар банктер қарыз алушылардың бастамасы мен іскерлігін жан-
жақты қолдай отырып, олардың өндірістік қызметіне қол сұқпауы тиіс. Банктер
қарыз алушылармен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жоғары
көрсеткіштерге жетуінде ынталы және мүдделі тілектері болуы тиіс.
Несиелік ресурстарға сұраныс әр түрлі субъекттер (жеке, заңды тұлға)
тарапынан болып келді және бола бермек. Қазақстан экономикасының даму
бағыты мен өндіріс саласының кешенділігіне байланысты шағын және орта
бизнесті дамыту бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді несиелендіруде, әр
түрлі мәселелер мен перспективалар бола бермек.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым:
қысқа мерзімді несиелендіру шартымен жан-жақты танысу;
өз көзқарасым тұрғысынан қысқа мерзімді несиенің бүгін мен ертеңін
дәлелдеу;
жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау.
Жұмысты орындауда міндетім мынадай:
қысқа мерзімді несиелендіру бағыты мен маңыздылығын айтып көрсету;
қысқа мерзімді несиелендіру бойынша қарыз қабілеттілікті анықтаудың
әр түрлі елдердегі жүйесін салыстыру;
Қазақстан экономикасындағы қысқа мерзімді несиені тұтынушы салаларға
талдау жасау. Тақырып өткірлігі болып, қысқа мерзімді несиенің бүгіні мен
еотені және оған деген тұтынушы болуы өзекті мәселенің даму сұрақтары
табылады.
Әдістемелік негіз ретінде ҚР Президентінің "ҚР Ұлттық банк туралы",
"ҚР банктер және банктік қызметтер туралы" заңдары мен ҚР Ұлттық банктің
"Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелендіру"
ережесі, және көптеген құқылы-нормативтік заң актілері мен ережелер,
экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Жұмыс кіріспе, 3 бөлім және қорытындыдан тұрады.

I-Бөлім. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ШАРТТАРЫ

1.1. Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарды. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп
ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
(растовщический) несие аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалары,
қарыздар ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар
мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал
билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін
өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен
кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодолизм
тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін
ақының деңгейін 21 пайыздан 43 пайызға дейін көтеруге, ал кейбір
жағдайларда 100-200%ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие
капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни
ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз
дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары
сатысына жетті.
Ал капиталистік несие, капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз
капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондыктан капиталистік несиенің
өсімкорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар — ұсақ өнім
өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені,
негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген акщаны пайдалану әдіс бойынша. Өсімкорлық
несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім
ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да
капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің
құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан ендірістің өсуіне, ал
екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне
жағдай жасады.
Төртіншіден, өсімақының шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие
үшін өсім ақының көзі жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық
несие үшін есім ақының көзі құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім
өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсімақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсім
ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі
жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір
бөлігі кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист — меншік иесінің жұмыс
істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы
еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық
капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз
капиталы — капиталистік өндірістік қатынастардын көрінісі. Ол өнеркәсіп
капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардын пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның
заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші
өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады.
Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.

Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен
емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек.
Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі — несие қатынастарының
туындайтын көрінісі.
Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы —
несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық
негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің
қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар
формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын
ең бірінші көзі — өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша
бөлініп шыққан ақша қаражаты.
Ақша қорының уакытша бөлініп шығуының себептері:
Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінеде бірте-бірте тозуы.
Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын
өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома
тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша
кәсіпорынның банктегі шотында ақша түрінде жинақталып сақталады. Оны
амортизациялық қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10
жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мың доллар
сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры несие ресурстарының бір көзі.
Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы
материалдарды сатып алу мерзімдерінің бірінебірі сай келмеуі. Сондыктан
сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі колданылған
шикізаттар мен қосалқы материалдардың қүнын көрсетеді. Ол сома да уақытша
бос ақша қоры несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің
сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған
енбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да
уақытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету
үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал-жабдықтар,
машиналар және т.б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есеп
шотта жинап қою да — уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос
ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері
бойынша бүкіл ақша жинағының 20 пайызға жуығы кәсіпорындарда пайда болады
екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі — мемлекеттің уақытша
босақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры. Ол қор үкімет пен
оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының
айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ мемлекеттің өндірістік, коммерциялық
және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті
бюджеттердің активті сальдосы (қалдығы); сақтандыру компанияларының,
зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос
қаражаты. Үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы ол
бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын,
негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік
сақтандыру, зейнетақы және т.б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халықтың
табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет
жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 пайыз шамасында.
Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі
қажеттілікке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын
заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап
қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық
(сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап
өтуге болады. Мысалы, несие қаржы мекемелерін ақша қаражатының шығындарды
өтеу мен салым бойынша пайыз төлеуден қалған сомасы. Бірақ бұл өзгермелі
сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы — ол банктердің өз пайдасынан
резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету
мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беру. Сондай-ақ қоғамдық
ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған
айырма ретінде қаралады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының
ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен
мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт
ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал —
несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту
үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық
жұмыстарды аткару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап оны қажет
уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта
қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал — қысқа мерзімді несие. Басқаша
айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды
пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін несие
қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің
мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек
біреуін боліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір
жағынан, өзінде жоғарландырса, екінші жағынан ол сол субъектілерге несие
береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл
сол уақытта бір сома әрі қарыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен
бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда.
(Германияда ол көрсеткіш 70 пайыз шамасында). Халықтың жинағының өсуі
барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі — 20
пайызы Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы
ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен
қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді:
несие жүйесіне ақша салу бағалап қайталап сатып алу г,яі:тянпкі ру
компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір
формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша
қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия
болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішівде негізінен
ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп
орын алады. Қаржының көп бөлігі фирмалардың тікелей және портфельді
инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі
мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ьюжет ақшажинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі
қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және
резерв қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қордың активтеріне
қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде
барлық талаптар бойынша қаражаттың салыстырмалы түрде тұрақты бөлу және
несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар
басымдау ол барлық салымдардың 90 пайызға жуығы), сонымен қатар
экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп
тараған формасы несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы)
шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы;
сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты бағалы қағаздарға, әсіресе,
облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа
формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы
ресурстарының қажетті мөлшерде қойылуын қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90
жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша жылдық табысы 10 мың долларға
дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы
депозиттерде, 34%нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында
салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын
халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы
депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекемелерінің НАУ-
шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол
көптеген конъюнктуралық факторларға, әсіресе, экономиканың дамуына, ақшаның
айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады.
Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры
кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін
төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер
етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен
тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру кезінде ақша
айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін
шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға
айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал — несие, болып
табылады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялың несие — ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист өндіруші нарыққа
тауарын тұтынғандарға, екінші өндіруші сатып алушыда қолма-қол ақша
болмаған жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады.
Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз
етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама
айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша
қажетін өтейді. Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер
бар. Олар:
бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді,
яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық
несиенің көлемі қысқарады;
бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-
жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайндарды
несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн
зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі — ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие ол банкте шоғырланған қаражат қорының клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші банк, ал қарыз алушы — кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) де біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасын коммерциялық және банктік несиелер —
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Ауыл шаруашылық несиесі — ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша
қажеттілікке қысқа мерзімде әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан
кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие — бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі.
Ол — жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорынында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Мемлекеттік несие — ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші — халық және заңды ұйымдар, несие
алушы — мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие — қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 13 айдан кейін өтелуі керек. Бұл
мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджеттің
тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық ақшаны шығаруға
мүмкіндік береді.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін пайыз төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін көтереді.
Сөйтіп заемдар бойынша төленетін пайыз сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие XIV-XV ғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан — Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз
жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан
соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
берілетін мерзіміне байланысты — мерзімнен тыс (тәуліктік, апталық,
үш айға дейін), қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан
бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие.
Қысқа мерзімді несие айналмалы капиталдың қозғалысынан туындайтын
қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі. Оның қайтарылу мерзімі әр елдің
экономикалық жағдайына, инфляцияның деңгейіне қарай өзгеріп отырады.
Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа мерзімді несие 36 айға дейін
берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша қысқа мерзімді несие 1 жылға
дейінгі уақытта қайтарылуы тиіс.
қызметіне байланысты — коммерциялық несие — тікелей сыртқы саудамен
көрсетілген қызметке байланысты беріледі;
несие түріне байланысты — ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие;
валюталық байланыстылығы ақша түрінде беретін несиесі;
несие валютасы бойынша — қарыздар мемлекеттің валютасымен.
қамтамасыз етілуі бойынша — қамтамасыз етілген (тауар қажеттерімен,
вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын мүліктермен және т.б.);
бланктің, яғни қарыздардың міндеттемесімен (бір кісі қол қойған
соловексель) несие;
берілуі бойынша — қарыздардың шотына жазу), акцептті (төлеуге келісім
берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.
Қысқа мерзімді несиенің түрлері ол ұйымдастыру экономикалық
нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп
жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және
тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы
болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына.
Өнім өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға,
шикізат, жанар-жағар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну
заттарын алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде
жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
экономиканың салаларында қолдануына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады.
несиенің қамтамасыз етуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге,
мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай
қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар
қорларының жетіспей қалған бөлігін алған несие.
несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бәлінеді. Бұндай
болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие
алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде
қарызға алған сомасын пайыз түріндегі өсіммен қайтаруы керек. Сондықтан
несие ақылы құн категориясы.
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін
жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие мысалы, инсайдерлерге (банк
қызметкерлері) беріледі. Достық несиесі де — ақысыз несие түрі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа көптеген
түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие,
жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен
көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін
анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінен алғашқы
иесіне өсімақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз
алушының арасында несие катынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу несиенің
алғашқы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни
несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие
мәмілесі арқылы қарыздарғға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-
материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін.
Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) әр
түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны
өзгермейді: қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол
аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтықаралық,
салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие
қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әртүрлі ұйымдар арасында
туындаса ол құнды аймақтыңаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық
банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші
экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа салада болса,
онда несиенің салалықаралық қайта болады. Несиені шаруашылықаралық қайта
бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық
субъектісінің уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде пайдаланғанда
туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі
деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының
субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және
айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта
бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім,
ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиенің қайта бөлу
қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнның меншік иесі
өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді.
Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, тек
уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің қайта бөлу қызметін бірсыпыра айрықша белгілері бар:
несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық
игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни
ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары
өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта
бөлінеді;
несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге
ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі уақытша қолдануға
уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;
несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал банктер
мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің келееі атқаратын қызметі — нақты ақшаны несие операцияларымен
алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара
есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін
қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын
кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі
тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы
ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша
алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған
құны шаруашылық айналымында ақшаға тән "қызметін" атқарады (тауарлы-
материалдық құндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және т.с.с
жұмсалады).
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала
жасалған жағдайлар болуы шарт:
дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда, оның маңызының
жоғары болуы;
экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем
кұжаттарының еркін айналуы;
орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы (шығаруы). Несиенің
қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап
өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет
жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық
категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.
Несиенің экономиканы дамытудяғы маңызы деп несиені қолдану әдістерін
пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады.
Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы),
белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенін мерзімділігі),
пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл
ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканың
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді
пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі
де өзгерді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы,
бюджетін әртүрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кенейтуі бағалы
қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру
тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырды. Оған дәлел
ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан
қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір
шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында
жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.
Қарыз үшін төлем (пайыз немесе сыйақы) — ол уақытша қолдануға берілген
құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория.
Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның
абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір
сомаға тең, оны пайыздық сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын
себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі;
екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген пайыздық сомасы алғашқы қарызға
алған құнға тең болмауынан.
Қарыз пайызы тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды. Оның
пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік
қатынастарына байланысты.
Қарыз пайызы меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша
пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға —
өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге
табыс (пайыз түрінде) болады. Демек, қарыз пайызы пайда болуы үшін несие
қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің дербес экономикалық
категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі ортасы. Қарыз пайызының
мәні ақша капиталын белгілі бір уақыттан кейін қайтарып беру міндетінен
туындайтын экономикалық қатынастар. Бұл экономикалық қатынастардың
субъектілері: несие беруші — ол қарыз пайызын алушы; қарыз алушы — ол қарыз
төлеуші.
Қарызға берілген құнды мына формуламен өрнектеуге болады:
АА1, немесе А1 А = АА
бұнда А қарызға берілген құн;
А1 борыштың өскен сомасы;
қарызға пайыз түрінде қосылған өсім (несие үшін ақы).

Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты — пайда табу. Несие
берушінің алатын пайдасы — пайыз. Пайыздың мөлшері (ставка) деген
қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның
мөлшері несие беру жөніндегі келісімде көрсетіледі. Ол көптеген
факторларға, әсіресе несиенің мөлшері, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем
деңгейіне, сондай-ақ экономикалық коньюнктураға байланысты әлсін-әлсін
өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық коньюнктурасы ең алдымен тауарға
сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды.
Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар
қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.
Пайыздың мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және
өзгермелі, бастапқы және шынайы, дисконтты болып бөлінуі мүмкін.
Нақты бекітілген (есепке альшған) пайыз мөлшерін, әдетте, ресми пайыз
мелшері деп те атайды. Оны Орталық банк басқа банктерге, бірінші кезекте
коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар
коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен
пайыздың бұл мөлшерінің екінші атауы "есепке алынған" деген сезден шыққан.
Орталық банк оның деңгейін езгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбаттатып
инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп: ресми пайыздың мелшері
жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де клиенттеріне пайыз мөлшерін
өсіреді.
Несиені беру кезінде келісімшартта бүкіл несиені пайдалану мерзімінде
нақты бекітілген тұрақты немесе өзгермелі пайыз мөлшері көрсетіледі.
Өзгермелі мөлшер пайызды базистік мөлшерінің езгеруінен туындайды. Ал
соңғысына қарыз капиталы нарығындағы конъюнктура, қарыздың мөлшері мен
қайтару мерзімі, қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы сияқты
факторлар әсер етеді.
Номиналды пайыз мөлшері отізіжн екі фактордың: несие ресурстарына
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның қарқынына байланысты
туындайды.
Шынайы (іс жүзіндегі) пайыз мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни
номиналды процент мөлшерінен инфляцияның қарқыны алынып тасталады. Шынайы
пайыздық мөлшері — несие берушінің алатын табысының көзі. Одан қарыз алу
және инвестиция алу шығындарын өтейді. Реалды проценттік мөлшер: ағымдағы
шығындардан (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар,
төлем қабілеті жоқ борышқорлардың шығыны) салықтан, тәуекел үшін төлемнен,
пайдадан құрылады.
Пайыз мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызға берілген құннан түскен
табысқа қатынасымен анықталады. Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол ондық
бөлшек түрінде, немесе пайызбен шығарылады. Іс жүзінде 1995 жылы мамырдың
он сегізіндегі Ұлттық банктің "Пайыздарды есептеудің тәртібі және Қазақстан
Республикасындағы банктердің бухгалтерлік шоттарында оларды белгілеу
туралы" Ережеге сәйкес базистік пайыз мөлшері шығарылады.
Қарыз пайызы біраз белгілерге байланысты жіктеледі:
несиенін формасы коммерциялық, банктік, түтыну
паймен түрлеріне қарай: ызы; лизинг операциясы бойынша,
мемлекеттік несие бойынша пайызы;
несие мекемелерінің орталық банктік есепке алған
пайыз; түрлеріне қарай: ломбард операциялары бойынша
пайызы;
несие мекемесінің депозиттік, вексельдік, банктік
есепке
операция түрлеріне алған пайыздар: банкаралық несие
қарай: бойынша пайыз.
Қорыта айтқанда, қарыз пайызының барлық формаларын қолдану механизмі
төмендегіндей:
Біріншіден, қарыз пайызының деңгейін макроэкономикалық факторлар
айқындайды, яғни қаржыға нарығының басқа сегменттеріндегі табыстылық
дәрежесі. Орталық банктің пайыз саясаты, сондай-ақ қаржыны тарту және
орналастыру мәмілесі жасалған кездегі нақты жағдайлар.
Екіншіден, пайызды есептеу және төлеу екі жақты шартта көрсетіледі.
Әдетте, пайыз немесе ай сайын немесе тоқсан сайын есептеледі.
Үшіншіден, пайыз төлеу көзі операция сипатына байланысты өзгереді.
Мысалы, қысқа мерзімді несие үшін төлем өнімнің өзіндік құнына қосылады.

1.2. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ МЕН САТЫЛАРЫ

Қысқа мерзімді несиелеудің қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды
қалыптастыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел Қазақстан
Республикасының экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша
массасының негізсіз өсімін қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып
ұлттық валюта теңгенің нығаюына негізделген. Қысқа мерзімді несие мерзімі 1
күннен 1 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінгі күнгі несиелендіру
жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Несиелендірудің қазіргі кестесі неғұрлым еркін, ешқандай деректілік
жоқ, яғни клиент несие алғысы келетін банкті еркін таңдайды.
2. Несиелендіру жүйесінің бекітілуі, яғни арнайы ереже негізінде
несиелік объектілердің белтіленуі, мысалы: материалдық артықтар мен
өндірістік шығындар, тиелген тауарлар т.с.с
3. Несиелендіру келісім негізінде жүзеге асырылып, коммерциялық
мінезде болуы. Несие ұсыну мен өтеуге байланысты барлық сұрақтар қарыз
алушы мен банк арасында еркін шешіледі.
4. Несиелендірудің қазіргі жүйесінің банк ресурстары мен пруденциалды
мөлшерге тәуелді болуы. Басқаша айтқанда берілетін қарыз көлемі банктен
тартылған қаржылар көлеміне, екіншіден ҚР Ұлттық банк белгілеген
пруденциалды мөлшерге (бір қарызшыға берілетін шекті қарыз көлемі, банкпен
клиентті несиелендіру шегі анықталады)
5. Әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын несиені қамту формасына өту.
Клиент қызығушылығы мен мүмкіндігін арттыруға, несиелік тәуекелді
төмендетуге әкеледі.
Банктік несиелік жүйе дегеніміз несиелеу субъектілерінің арасындағы
несиелік қатынастарды ұйымдастыру мен несиелеу әдістері және тәсілдерінің
несиелік протфельді басқару іс-әрекеттерінің жиынтығы. Демек, банктің
несиелік жүйесінің үш түрлі құрамдас бөлігі болады екен:
1. Банктік несиелеу субъектілерінің өзара экономикалық қарым-
қатынастарын ұйымдастыру нысандары;
2. Банктік несиелеудің әдістер мен тәсілдерінің жинытығы;
3. Несиелік портфельді басқару және несиені уақытында қайтаруды
қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттер жиынтығы;
Банктің несиелік жүйесі екі жақты сипатталынуы мүмкін:
а) институтционалдық құрылымымен;
б) несиелеу жүйесінің субъектілерінің қызмет ету формаларын
ұйымдастырумен.
Банктің несиелік жүйесінің институционалдық негіздерін несиелік
қатынастардың субъектелері құрайды. Оларға бір жағынан коммерциялық
банктердің өздері жататын болса, ал екінші жағынан банктердің клиенттері
мен клиентуралық құрылымдары жатады. Қазіргі кезде банктің несиелік
жүйесінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Коммерциялық сипатқа ие
2. Міндетті түрде макроэкономикалық деңгейде реттеледі;
3. Банк пен клиент арасындағы серіктестік қатынаска негізделеді;
4. Банк пен клиенттер өздерінің экономикалық мүдделерін қорғайды.
Банктің несиелік жүйесін ұйымдастыру мынадай принциптерге негізделеді:
1. Клиенттер мен банктер арасындағы несиелік қарым-қатынастар өзара
шарт негізінде ұйымдастырылады;
2. Банктің несиелік жүйесі мынадай құқықтық және нормативтік базаға
негізделуі тиіс:
азаматтық құқық кодексі (мүлік жауаптылығымен байланысты қатынастарды
реттейді);
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң;
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заң;
банктік операцияларды лицензиялау туралы заң мен нормативтік
құжаттар;
төлем қатынастарын ұйымдастыру туралы заң мен нормативтік қүжаттар;
вексельдер және вексель айналымы туралы заң мен нормативтік құжаттар;
Банктің несиелік жүйесін ұйымдастырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Несие формалары және түрлері
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау
Пәндер