Лизингтік мәміледе опционның болуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Лизинг – әлемдік тәжірибе және Қазақстан Республикасы үшін маңызы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1. Лизинг: мәні мен маңызы 5
1.2. Лизингтің түрлері 13
2. ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ 25
2.1. Дамыған елдердегі лизингтік қызмет 25
2.2. ТМД елдеріндегі лизингтік қызметтің ерекшеліктері 40
2.3. Лизингтің Қазақстанда даму деңгейі және оның тиімділігі 45
3. ЛИЗИНГТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 57
3.1. Лизингтің Қазақстанда дамуының экономикалық механизмі 57
3.2. Қазақстандағы лизингтік қызмет нарығының болашағы 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 77

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта
ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен
өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі
меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін
дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай
әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең
алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы
мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын
жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға
мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта
бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да
өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг
шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары
кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі
экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың
базалық және басым салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және
моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің,
инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы
көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады.
Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан
шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады.
Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шет елдік және
отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған
орай дипломдық тақырыпты таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында
лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг
арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім
негіз болды. Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін
зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму
деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау.
Осы диплом жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлеріне;
Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибиесіне;
республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы
және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. Лизинг: мәні мен маңызы

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі.
Тарихшылардың айғағы бойынша, лизингтік келісім бойынша алғашқы
жазбаша дерек 1066 жылға жатады. Осы жылы Вильгельм Завоеватель норманд
кеме иелерінен Британ аралдарын жаулап алу үшін корабльды жалға алады.
Орта ғасырларда жалдау қызметі біршама шектеулі болды. Жалға негізінен
ауыл шаруашылық құралдары мен ат берілді. Алайда уақыт өте келе жалдаудың
әрқилы түрлері пайда бола бастады. Біршама тәжірибе жинақталды. Осындай
тәжірибелер лизингтің қатынасқа негіз болады. 1248 жылы тұңғыш ресми
лизингтік келісім жасалады, бұл кезекті крест жорығына дайындалған
жорықшылардың келісімі болатын.
Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи патшаның
заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим империясында
лизинг туралы заң актілері Юстиан Институцияларында көрініс тапқан.
Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты
зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық
компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді.

Дегенмен лизингтік операциямен арнайы айналысқан бірінші қоғам 1952
жылы құрылған. Ол Сан-Францискодағы американдық “Юнайтед стейтс лизинг
корпорейшн” еді. Сөйтіп АҚШ жаңа бизнес түрінің отаны болып саналды.
Европада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері Европада лизинг
нарығы дамып келеді.
АҚШ пен Англиядағы лизингтік қызмет тәжірибесі СССР-де қолданылмады.
Тек ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ғана совет азаматтары лизинг ұғымымен
танысты. АҚШ өз одақтастарына қару-жарақты, азық-түлікті, техниканы, дәрі-
дәрмекті осындай келісімдер негізінде берді. Алайда соғыстан кейін лизинг
сөзі тоқсаныншы жылдарға дейін қолданылмады деуге болады.
Тек тоқсаныншы жылдардың басында ғана ТМД елдерінің үкіметі лизингке
назар аудара бастады, оны инвестициялық қызметті ынталандыру үшін
пайдаланудың алғашқы тәжірибелері жасала бастады.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру”
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі
тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы:
лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Бірақ біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Сонымен лизинг дегеніміз – лизингтік фирмалармен жүзеге асырылатын
машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алуды білдіріп,
тауарға меншік құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше
әдісі болып табылады.
Жалпы лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың
тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту
және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын
жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің
көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына
себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны
қарқынды түрде арта түсті.
Лизингтің кез - келген анықтамасы осы жаңа несиелік құралдың барлық
түрін қамтамасыз ете алмайтын шектеулі болып келеді, осыған қарамастан бір
анықтама келтіруге болады, бұл анықтама - Еуропа Федерациясының лизинг
құрылғысы (Leaseurope) туралы ұлттық ассоциациясының анықтамасы: “лизинг
дегеніміз – бұл заводты жалға алудың – өндірістік тауарлар, құрылғылар,
жылжымайтын мүліктердің келісім шарттарын жалға алушылардың өндірушілік
мақсатында қолданылады, сонымен қатар жалға алушылардың тауарлары сатылуы
қажет және ол өзімен бірге жеке меншік құқығын сақтайды”.
Лизингтің негізгі ерекшелігі мыналардан тұрады жалға беруші бұрын
қолданған мүлікті бермейді, ол жаңа жалға беру мақсатында арнайы сатып
алған мүлікті береді. Лизингтің сипаттамасы жалға берудің уақыты
қондырғының жұмыс істеу уақытына жақын болады. Жалға алудың келісім
шарттағы уақыты біткеннен кейін, жалға алушы келісім шартты жеңілдік
шартына айналдырып жекеменшік қылып алуға немесе мүлікті жалға берушіге
қайтарып беруіне болады.
Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде
қабылдаған “Қаржылық лизинг туралы” заңға сәйкес жүргізіліп реттеледі.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде жоғарыда айтқанымыздай,
лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы
ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар
болып табылады.
Лизинг беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен
лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік
келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің
қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы
ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизинг алушы – лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат
үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы
тұлға.
Лизинг беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-
шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлемақымен бере отырып, шын
мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік
қағидаларын іске асырады. Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг
алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті
инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтағы
мағынасын арттырады.
Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік
операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық
несиеге жақын. Комерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша
формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында
беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг
берушіге, қайтадан, лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.
Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің балама түрі болып
табылатын күрделі қаржыны қаржылаудың ерекше формасы. Ол өндірісті
компанияларға көп шығын жұмсай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік
құрал-жабдықтардың ескеруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға
мүмкіндік береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік
қатынастар кешені болып табылады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген
төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг
берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің
меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы
(жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті
келісім-шарттар жиынтығы.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды,
құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б.
тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи
ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті
немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып,
лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты
біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға
беретін жеке немесе заңды тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін
белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану
үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу
шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта
лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып
алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг
нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, оларға:
- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда
болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез
келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес
тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен
құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып,
лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- транспорттық (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол
вагондары және т.б.);
- байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т.б.);
- ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;
- құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т.б.);
- басқа да құралдар.
Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның
артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады. Лизингтің кеңінен
тарауының басты себебі - оның қарапайым несиеден мынадай артықшылықтарының
болуына байланысты:
1) лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге мүмкіндік береді. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім
бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг
алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
2) лизинг 100%-ға дейін неселеуді ұсынады, яғни ірі қаржылық
ресурстары жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі;
3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан
босатылады. Яғни ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол
қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім шартында көрсетілгендей
сәйкес төлемдерін жүргізеді ;
4) Маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелері шешудің жеделдігі;
5) Банк мекемесі лизинг бойынша көрсеткен қызметі үшін белгілі бір
мөлшерде комессиондық төлемдерді алады;
6) Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды:
7) Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады.
Ал кемшіліктеріне мыналар жатады:
1) лизинг алушы құрал-жабдықтан қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе
инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
2) ұйымдастырудың күрделілігі;
3) лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау
қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін коммисияны
көбірек алуға тырысады.
Құнды қағаздар және табиғат қоры лизингтің бұйымы бола алмайды.
Лизингтің бұйымы болғандай келісім шарттың да бұйымы болып, қолданған кезде
өзінің табиғи қасиетін жоғалтпайтын кез-келген зат бола алады. Жалға беру
келісім шартының мазмұны біреудің затын уақытша қолдану болғандықтан, жалға
сонымен бірге қаржылық, қолданылмайтын заттар ғана беріледі.

1.2. Лизингтің түрлері

Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық
ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В.Белов,
Е.Кабатова, В. Анташов, Г.Уварова, Е.Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С.
Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян
еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда аталған ғалымдардың еңбектерінде
лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т.б. мәселелер
туралы көзқарастар біркелкі емес. Біздіңше, мұндай пікір айырмашылығы
мыналарға негізделіп отыр:
а) лизинг түсінігінің өзін әр түрлі түсініп, әр түрлі түсіндіру;
ә) лизингтік келісімдердің әр елдің заңында әр түрлі реттелуі;
б) кейде шетелдік терминдердің дәл аударылмауы.
Қолданылып жүрген топтастыру принциптеріне қарай лизингті жіктеудің
мынадай түрлері бар:
а) сызықтық, жазық жіктеу, мұнда лизинг түрлері жекелеген белгілері
бойынша бөлінеді;
ә) көлемдік, сатылық жіктеу, мұнда алдымен лизингтің типтері (түрлері)
беріліп, содан кейін соның шеңберінде осы операциялардың формалары мен
жекелеген түрлері беріледі.
Енді сызықтық және сатылық жіктеудің айырмашылығын байқау үшін Е.
Чекмарева мен В. Бочаров жасаған лизингті жіктеудің ерекшеліктерін
салыстырып көрелік.
Е. Чекмарева сызықтық жіктеу принципінің жақтасы болып табылады. Мұнда
лизингтің көптеген түрі бөлініп шығады. Лизинг түрлерін бөлуде жіктеудің
сегіз белгісіне сүйенеді.
Мұндай белгілерге мыналар жатады:
▪ Мәмілеге қатысушылардың құрамы;;
▪ Лизнгке берілетін мүліктің типі;
▪ Оның өзін ақтау дәрежесі;
▪ Амортизация шарты;
▪ Қызмет көрсету көлемі;
▪ Операция жүргізілетін нарық секторы;
▪ Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысы;
▪ Лизингтік төлемдердің сипаты.
В.Бочаров біздің ойымызша, лизигті жіктеудің сатылы (көлемді) тобының
өкілі болып табылады. Осындай көзқарасты В.Голощапов, В.Комаровский,
В.Навочихин, А.Евстратов, Р.Ольхова және т.б. ұстанады. Жоғарыда
келтірілген екі жіктеудің айырмашылығы мынадан тұрады:
1. Чекмаревада лизингтің түрлері ғана ажыратылып қойылған, ал Бочаров
алдымен лизингтің түрін түрлерін – шұғыл және қаржылық ажыратып алады,
содан кейін олардың жекелеген түрлерін ажыратады, яғни екі сатылы жіктеу
жасайды.
2. Лизингтік операциялардың аталған жіктемелерінің құрамы, түрлері мен
жекелеген алуан түрлері әр түрлі. Чекмаревада жіктеу принциптерінің құрамы
қисынды әрі жете ойластырылған болса, ал Бочаровта жаңа жабдықтың лизингі
мен қолданылған жабдықтың лизингі бөлек берілген. Сонымен бірге лизингтің
транзиттік, жаңартылатын, мерзімдік т.б. түрлері қосымша бөлінген, ал тура
және қайтармалы лизингке Е. Чекмареваға қарағанда басқаша тұжырымдама
берілген.
Жіктеу принциптерінің осы аталған екі түрінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін лизингтік операцияларды нақтылауда, жүйелеуде және одан әрі
жетілдіруде пайдаланған жөн. Жоғарыда көрсетілген кейбір кемшіліктеріне
қарамастан екі жіктеу де қолданылып жүрген жіктеулердің ішіндегі озығы
болып табылады. Дегенмен бұларда әліде лизингтің барлық қасиеттері толық
ескерілмеген. Сондықтан көптеген жіктеулерді салыстыру нәтижелері негізінде
лизингтің мынадай жіктеу белгілерін бөліп көрсетуге болады:
1. Мәмілеге қатысушылардың (субъектілердің) саны мен құрамы.
2. Мәміле объектісі.
3. Мәміле мерзімі (кезеңі).
4. Мәміле ауқымы және сомасы.
5. Қосымша және қарыз қаражатын тарту деңгейі.
6. Мүліктің өзін-өзі ақтау дәрежесі.
7. Амортизация есептеу талаптары мен әдістері.
8. Қызмет көрсету көлемі.
9. Операция жүргізілетін нарық секторы.
10. Салықтық және басқа жеңілдіктерге қатысы.
11. Лизингтік төлемдер сипаты.
12. Лизингтік мәміледе опционның болуы.
13. Базистік (негізгі) кезең ішінде шартты бұзу және талаптарын
өзгерту мүмкіндігі.
14. Мүлікті бухгалтерлік есепке алу тәсілдері.
15. Мәміленің өзіндік ерекшеліктері.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың санына қарай екі жақты, үш жақты
және көп жақты лизинг түрлері бөлінеді.
Классикалық лизинг әдетте үш жақты – сатушы – лизингке беруші –
лизингке алушы болады. Кейбір экономистер бұл үш бұрышты жеткізуші –
жалға беруші – жалдаушы түрінде көрсетіп жүр.
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілеріне:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын (возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг жатады.
Лизингтің былайша түрлерге бөліну сипатын жан-жақты көрсету үшін
жіктелуде назарға алынатын белгілерін қарастыру керек. Лизингтің түрлерін
бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне байланысты болады. Сонымен біз
жоғарыда аталғандарды ескере отырып, елімізде кеңінен қолданылып жүрген
жіктеу белгілеріне тоқталайық.
Олар былайша сипатталады: жалға алынатын объектіге қатысы бойынша;
лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша; лизингке берілетін мүліктің
түрі бойынша; лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына байланысты;
лизингтік мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты; лизингтік операциялар
жүргізілентін нарық секторына байланысты; салықтық, кеден және
амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысына байланысты;
лизингтік төлемдердің ретіне байланысты. Жалға алынатын мүлікке қатысы
бойынша лизинг:
- Таза лизинг - бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды
лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза немесе нетто
төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы қызметтердің көбісі
таза лизинг болып табылады.
- Толық лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша
барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг ең қымбат
лизинг болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау бойынша,
қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі.
- Бөлшектік (частичный) лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті
ұстау бойынша тек кейбір қызметтерді ғана өзіне алады.
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг былайша бөлінеді:
- Бір жолғы (срочный) лизинг - яғни мүлікті беру бір рет қана жүзеге
асырылады.
- Қайталанылатын (возобновляемый) лизинг - бұл жағдайда бір лизинг
келісім-шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім-шарты жаңа кезеңге
жасалады. Сонымен бірге белгілі бір уақыттан кейін объектінің тозуына және
лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін.
Қайталанылатын лизингтің тағы бір түрі Бас лизинг - лизингтің бұл түрі
лизинг алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік тізімін
толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша лизинг:
- Тура лизинг - бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке
береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге жатқызуға
болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-
жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады.
Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға
болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз
өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хеrох, GАТХ,
көптеген әуе кемелерін, теңіз кемелерін және автокөліктерін өндіруші
компаниялар жатады. Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және ВМW концернлері ірі
лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар
арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
- Жанама лизинг - бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал
арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге үқсас болып
келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және жабдықтаушы көрініс
табады.
- Бөлек (раздельный) лизинг (көп жақты лизинг) -лизингтің бұл түрі
күрделі, үлкен объектілерге (әуе техникасы, теңіз кемелері, теміржол
техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы салымдарын жасау үшін қолданылады.
Лизингтің бұл түрі топтық немесе акционерлік лизинг деп аталады, себебі
мұнда бірнеше лизинг беруші, банктер жұмыс істеуі мүмкін.
Мүлік түріне байланысты лизинг:
- Жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар мен құрылғылар);
- Жылжымалы мүлік лизингі (автомобиль, самолет, кемелер, техника,
құрал-жабдықтар);
Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:
- Толық өтелетін лизинг (немесе толық өтелуге жақын) лизинг, яғни
лизинг келісім-шартының мерзімі аралығында мүліктің толық немесе толыққа
жақын амортизациясы есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны
төленеді.
- Толық өтелмейтін лизинг - бұл жағдайда лизинг келісім-шартында
көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана амортизацияланып,
оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.
Өтеліну белгілеріне байланысты лизинг:
- Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен
сипатталады. Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл
келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни,
келісім-шартта көрсетілген жыл төлемдері активтің толық құнын өтемейді,
сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісім-шартты
уақытынан бұрын тоқтата алуы. Соныиен бірге бұл келісімде лизингке
берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсетужәне басқа қызметтер
түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк
автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан
бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік
қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті
алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары
туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық
персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
1) басқа лизигн түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің
жоғары болуы;
2) аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
3) уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
4) мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да
шарттары.
- Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-
өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы
жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып
жүзеге асырады.
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын
мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан
бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің
құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық
шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету
бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен
қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы
негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі
едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді
несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық
өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын
қарастырады.
Қаржы лизингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен
құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып
табылады.
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға
болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол
сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл
кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық,
сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің
нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала
отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер
негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, көсіпорындардың
қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі 3
жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк,
сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім
кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап,
лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған
займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал
болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік
төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның
салықтық және займды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі
туады.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы
активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар құрал-
жабдықтары).
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг
мынадай бірнеше түрге бөлінеді:
Ішкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден
болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг
беруші болып табылады.
Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және
субъектілері Қазақстан Республикасының резидетнтері болады.
Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, яғни
лизинг объектісі Қазақстан Республикасының резидентінің меншігінде болса,
онда халықаралық лизинг келісім-шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттеледі. Ал, егер керісінше болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты
сыртқы экономикалық қызмет саласындағы заңдарымен реттеледі.
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін
пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін
лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша
пайдалануға береді. № 78-ІІ 05.07.2000 ж. “Қаржы лизингі туралы” ҚРЗ-на
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің
міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты
міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол
да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық
сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының
мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Әлемдік инвестициялық процестегі лизингтің ролін бағалай отырып, 2002
жылы әлемде лизинг арқылы 400 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі сомаға жаңа
жабдықтар, машиналар мен механизмдердің мәмілелері қаржыландырылғанын атап
өткен жөн. Мұның өзі лизингтің экономиканы дамытудағы айрықша тиімділігін
көрсетеді. Еліміздегі күрделі салымдардың, басқа да инвестициялық көздердің
қаттығын ескерсек, мемлекетаралық лизингтің алуан түрлерін: қаржылық,
операциялық, қайтармалы, өтелмелі, бартерлік және басқаларын пайдалану осы
орайда қосымша экономикалық тиімділікке қол жеткізетіні даусыз. Бұл өзара
ынтымақтас елдер арасындағы өндірістік интеграцияға да жол ашады.

2. ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

2.1. Дамыған елдердегі лизингтік қызмет

Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері
бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі
1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау
кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы
болды.
1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке
өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік
операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.
Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін
жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы
статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен
сайын қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс
экономика көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған.
Дегенмен жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі.
Сондай-ақ лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы
байланыстың лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам
жоқ. Мысалы, Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы
инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8%
болды. Жалпы Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар
көлемі жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар
Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтай емес.
Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі
негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте
Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен
қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05
млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс Еуропа елдерін жатқызуға болады. Оларда бір
таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі
мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия
қосылмайды. Былтыр олардың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн.
еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Грециядан анағұрлым көп.
Енді біз жекелеген елдердегі лизингтің ерекшеліктеріне тоқталып
өтейік.
а) АҚШ
АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың үлесіне
лизинг бойынша жеткізілетін тауар айналымының жартысына жуығы келеді. 1986
жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді (елдегі
жабдыққа инвестицияның 28%).
АҚШ-та лизингтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып
табылады: жеделдетілген амортизация және инвесмтициялық салық жеңілдігі
(жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасынан шегерілді). Мысалы,
жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік
– 10%, 10 000 доллар салық сомасынан шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер
алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының
жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол
ережелер мынадай:
– лизингтің ұзақтығы 30 жылдан кем болмауы керек;
– лизинг мүлікті нарықтық бағадан мүлдем төмен бағаға сатып алу
мүмкіндігін көздемеуі тиіс;
– лизинг бастапқыда көбірек, кейіннен азырақ болатын төлем графигнін
көздемеуі керек. Бұл лизингтің салықтан жалтару құралы ретінде
пайдаланылуының дәлелі болады.
– лизинг жалға берушіні қалыпты нарықтық деңгейдегі табыспен
қамтамасыз етуі тиіс;
– лизингті ұзарту мүмкіндігі жабдықтың қалыпты нарықтық құнын ескеруі
тиіс.
    1977 жылға дейін фирмалар оның құнын өз баланстарында көрсетпей-ақ
жабдықты жалға ала алатын еді, яғни баланстан тыс есепке алды. Сондықтан да
фирмалар елеулі қарызы болса да өсіп бара жатқан берешек сомасын
көрсетпестен тағы да жабдық ала беретін. Осылайша нақты борыш инвесторлар
мен сарапшылардан жасырын қалатын. 1976 жылы Қаржылық есепке алуды
стандарттау басқармасы № 13 қайлы шығарды. Онда бірқатар қаржылық
мәмілелерді мүлік сатып алу және өзіне қаржылық міндеттеме қабылдау ретінде
есепке алуға мәжбүрлеген. Бұл қаулының мақсаты шынайы лизингті және
лизинг арқылы сатып алуды шектеу болды. Қаулыда мынадай пункттер
келтірілді:
– мәміле соңында еншік құқығы жалдаушыға өтеді;
– лизингтік мәміле жабдықты мәміле соңында нарықтық бағадан төмен
бағаға сатып алуға мүмкіндік береді;
– мәміле мерзімі пайдалы қызмет ету мерзімінен көп немесе 75%-не тең;
– лизингтік төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға,
салыққа төлеместен) жабдықтың қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-
не тең.
Егер мәміле осы талаптардың тіпті болмағанда біреуін қанағаттандырса,
онда мүлік жалдаушының балансында пассивте корреспондеттелетін борыштық
міндеттеме (Қаржылық лизинг бойынша міндеттеме) ретінде есепке алынады.
Егер мәміле жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысын да
қанағаттандырмаса, онда мүлік жалдаушының балансына қсоымша ретінде есепке
алынады.
1986 жылдан бастап лизинг үшін жағдай салық негізінде өзгерді,
өйткені үкімет мұның астарынан басқа мемлекеттердің игілігіне субсидияны
байқады (Салық жеңілдіктерінің экспорты). Инфлияция шапшып тұрған 60-70
жылдары енгізілген салық жеңілдіктері 80 жылдардағы экономика
тұрақтанғандағы кезеңде күрделі қаржы салымын ынталандырушы тиімді құрал
бола алмады. АҚШ-тағы салық реформасы салықтық инвестициялық жеңілдікті
және амортизация саласын өзгертуді жою арқылы салық жеңілдіктердің
қолжетімділігін қысқартты. Салық реформасы лизингтің экономикалық пайдасын
едәуір төмендетті, әйтсе де оның дамуы тоқтамады.
Мұның мәні лизингтік мәмілелерді өтеу жай несиелерді өтеуге қарағанда
сонда да икемді болды. АҚШ-та көптеген лизингтік компаниялар басқа
кредиторларға қарағанда жабдықты жақсы біледі. Өйткені лизингтік
компанияның кредит беруге мүмкіндігі мәміле мерзімі өткеннен кейін жаюдық
сата алу мүмкіндігіне байланысты, сондықтан да компаниялар барынша құнды
және тиімді жабдықтың лизингіне мүдделі. Мұндай жағдайда олар осындай
барлық тәуекелді қарсылықсыз алады. Бірқатар салық жеңілдіктері әйтсе де
сақталады.
Соңғы уақытта қайтармалы лизингтің (мұнай танкерлері, теміржол
контейнерлері, компьютерлер, ұшақтар), жедел линигтің (көлік, баспа
жабдығы) маңызы артуда. Әсіресе авиацияда ерекше жеңілдіктің болмауына
қарамастан жедел лизингтің өсуі байқалады. Халықаралық лизингтік қаржылық
корпорация (ILFC) АҚШ-та 1973 жылы негізі қаланып, 1983 жылы наурызда
мемлекеттік компания болды. Ирландтық Gyness Peat Aviation Group (GPA)
компаниясымен бірге ол нарықтағы жағдайды белгілейді. Оның портфелінде 150-
ден аса ұшақ бар. Ол ұшақтарды клиенттерге 3-15 жылға береді. Ұшақтарды
жедел жалға берудің халықаралық нарығы қарқынды дамыды. Олар бүкіл
лизингтің нарықтың 10%-ін иеленеді. Американдық ірі лизингтік компаниялар:
Bank Amerilase Group, Golodefz Trading Corp., Security Pacific Consider
Corp болып табылады.
б) Ұлыбритания
Ұлыбританияда 1970 жылдан кейін елеулі дамыды, яғни салық
жеңілдіктерін енгізгеннен кейін дамыды. Компаниялар жылына салық салынатын
пайдадан 100% инвестицияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің объектілері
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Лизингтің теориялық негіздері
ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Пәндер