Қарыз капиталынның құрылымы және қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1 тарау. Несиенің қажеттілігі және 7
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 7
1.1. Несие қатынастарының пайда болуы және 10
дамуы ... ... ... ... ... 15
1.2. Қарыз капиталынның құрылымы және 24
қажеттілігі ... ... ... ... .. 28
1.3. Несиенің формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы ... ..
1.5. Қарыз
проценті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2 тарау. Несие жүйесі және оның 32
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 32
2.1. Несие жүйесі туралы 34
ұғым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2. Несие жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.3. Маманданған несие-қаржы
институттары ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3 тарау. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін 45
талдау ... ... ... ... ... .
57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдалынған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

КІРІСПЕ

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формамен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның
қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық
несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие
сүбъектілері, құрамы, карыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және
қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге калдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінін негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін камтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Қорыта айтканда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар турінде берілетін несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан
клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін
несие. Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халыкаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
көлемінде банктен акшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да,
(мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе)
берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының
студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
кұрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзак мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг ком-паниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылык несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін камтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы ка-
питалға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол
әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылыкаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең колданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы:
* бұл несие субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде
пайда болады;
* несие тек ақша түрін беріледі;
* қайтарылғанда несие үшін ақы (процент) төленбейді; несие алғанда
кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме
толтырылмайды. Кәсіпорынында каржы қиындығы жойылған соң жоғары органның
үкімімен несие қайтарылып алынады.
Сонғы уакытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктор және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының аукымы үлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны кайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді - жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардын ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан кұралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату аркылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар, несие
алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - кысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
казыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салыктарын көтереді. Сөйтіп
заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халыкаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халыкаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие ХІҮ-ХҮғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан-Таяу және Орта Шығыс елдеріне катынайтын теңіз жолдарын
игергеннен кейін да-мыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан соң
халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен турады.

1 тарау. Несиенің қажеттілігі және мәні

1.1. Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстын мүліктік жіктеліп
ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық калған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
(ростовщический) несие деп аталды.
Өсімқорлык несиеге тән белгілер: несие берушілер - көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал
қарыздар - ұсак өнім өндірушілер, кұл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар
мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал
билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін
өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен
кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм
тұсындағы Германияның әр түрлі калаларында өсімкорлык несие үшін төленетін
ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір
жағдайларда 100-200%-ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлык несие
капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алгы жағдайлар жасады, яғни
ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жана әдістін пайда болуына негіз
дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық кұрылыстың ыдырауы
кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары
сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, карыз
капиталының қозғапысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің
өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, карыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім
өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені,
негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, карызға берген акшаны пайдалану әдісі бойынша. Өсімкорлық
несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім
ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да
капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие
өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің
өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының
шиеленісуіне жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім акының шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие
үшін өсім ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны,
өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ
өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсім
ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі
жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір
бөлігі кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншік иесінің жұмыс істеуші
капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау
негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал
капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы -
капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының
қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие
катынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардын пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты:
* біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы
қажет;
* екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол
ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырба-сы
несиенін пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін
өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас
ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар колдан-қолға өтетін айырбас процесі
- несие қатынастарының туындайтын көрінісі.

1.2. Қарыз капиталының құрылымы және қажеттілігі

Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы -
несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық
негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің
қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар
формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда
болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында
уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.
Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері:
Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы.
Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойь пайдаланылып, олардың құны
дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол
сома тозғаі негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын
сатьн алғанша кәсіпорыннын банктегі шотында ақша түрінде жинақталып
сакталады. Оны амортизациялык қор деп атайды, Мысалы, егер 10 мың доллар
тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға
оның бір доллар сомасы түседі. Бұл уақытша ақша қоры – несие ресурстарының
бір көзі.
Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және - салкы
материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан
сатылған дайын өнімнен түскен акша сомасының бір бөлігі колданылған
шикізаттар мен косалкы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша
бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің
сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жүмсалғанмен оған
еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да -
уақытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету
үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал-жабдықтар,
машиналар және т.б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есепшотта
жинап қою да - уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайтапама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос
ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері
бойынша бүкіл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсіпорындарда пайда болады
екен.
Қарыз капиталының жинакталатын екінші көзі –мемлекеттің уақытша бос
ақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры. Ол қор үкімет пен оның
жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының
айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ-мемлекеттің өндірістік, коммерциялық
және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті
бюджеттердің активті сальдосы (калдығы); сақтандыру компанияларының,
зейнетақы корларының және баска да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос
қаражаты үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол
бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын,
негізінде, кысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік
сактандыру, зейнетақы және т.б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халықтың
табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет
жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 процент шамасында.
Қарыз капиталы кұрылымыиың ушінші көзі - халыктың жинағы. Ол күнбе-
күнгі қажеттілікке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзак
қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып
алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға
негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялык себептер
әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен баскаларын да атап
өтуге болады. Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражатының шығындарды
өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалған сомасы. Бірақ бұл өзгермелі
сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан
резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін
төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі.
Сондай-ақ қоғамдык ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым
шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта айтқанда, карыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс
қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос
ақшасынан және халық пен мемлекеттіві ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры
үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа
сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі
жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі
туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де
туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті
мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уакытта қайтарып алуға
мүмкіндік беретін құрал несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос
ақшань іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның
қайтарылуын қамтамасыз ететін - несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің
мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге майды, ал іс жүзінде оның
тек біреуін бөліп көрсетуте болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі,
бір жағынан, өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге
несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып,
дәл сол уақытта бір сома әрі қарыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен
бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда
(Германияда ол көрсеткіш 70 процент шамасында). Халықтың жинағының өсуі
барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинактың ең жоғары үлесі - 20
процент Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы
ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен
қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді:
несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру
компанияларына ақша салу. Жиңактаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір
формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша
қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия
болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен
ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп
орын алады. Қаржының көп бөлігі фирмалардың тікелей және портфельді
инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі
мемлекеттік бағалы кағаздарға жұмсалады.
Мемлекет акша жинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы
активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв
қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін карағанда оның
екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар
бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты бөлу және несие жүйесіндегі
салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау - ол
барлық салымдардың 90 процентке жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі
секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп
тараған формасы - несие мекемелеріңде (банктердегі, жинақ кассаларындағы)
шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы;
сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы
қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға
жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша
қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша
жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын
қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген
зерттеу бойынша жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс
жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-
нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол
уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың
сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы
депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекелемерінің НАУ-
шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлык кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол
көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканың дамуына,
ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп
тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика қалыпты дамыса
жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық
сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне
жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарықка
түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артык өндіру кезінде
ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады.Тұрақсыз экономика жинаудың
себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға
айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие.

1.3. Несиенің формалары мен түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формамен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның
қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық
несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие
сүбъектілері, құрамы, карыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және
қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге калдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінін негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін камтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен катар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша кажетін
өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шекте-бар. Олар:
* бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
*бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді,
яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері козғалысы бұзылып, коммерциялық несі
көлемі қысқарады;
* бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс кұрал-
жабдыктарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін -
комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл
шаруашылығы комбайн зауытың коммерциялык несие ретінде өз өнімің бере
алмайды.
Қорыта айтканда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар турінде берілетін несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан
клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін
несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра
айырмашылыктары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялык несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардын сатылуын камтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне катысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы - кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына кызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлык топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынын дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптін дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, ойда капитал қарызы, ал карыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
кұралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану максатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда карыздардың банктен акша қарызын алғаны.
Егер карыз алушы банктен ештеңемен камтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пай-даланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халыкаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
көлемінде банктен акшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да,
(мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе)
берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының
студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
кұрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзак мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг ком-паниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылык несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін камтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы ка-
питалға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол
әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылыкаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең колданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы:
* бұл несие субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде
пайда болады;
* несие тек ақша түрін беріледі;
* қайтарылғанда несие үшін ақы (процент) төленбейді; несие алғанда
кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме
толтырылмайды. Кәсіпорынында каржы қиындығы жойылған соң жоғары органның
үкімімен несие қайтарылып алынады.
Сонғы уакытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктор және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының аукымы үлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны кайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді - жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардын ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан кұралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату аркылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар, несие
алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - кысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
казыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салыктарын көтереді. Сөйтіп
заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халыкаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халыкаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие ХІҮ-ХҮғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан-Таяу және Орта Шығыс елдеріне катынайтын теңіз жолдарын
игергеннен кейін да-мыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан соң
халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
* берілетін мерзімнен байланысты - мерзімнен тыс (тәуліктік,
апталық, үш айға дейін), қыска мерзімді (бір жылға дейін), орта
мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін), ұзак мерзімді (бес жылдан
жоғары) несие. Кейбір жағдайларда орта мерзімді деп 7-10 жылға
дейін, ал ұзақ мерзімді 10 жылдан аса уакытқа берілетін несиені айтады.
Қысқа мерзімді несие айналмалы капиталдың қозғалысынан туындайтын
қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі. Онын қайтарылу мерзімі әр елдің
экономикалық жағдайына, инфляцияның деңгейіне қарай өзгеріп отырады.
Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа мерзімді несие 3-6 айға дейін
берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша қысқа мерзімді несие 1
жылға дейінгі уақытта қайтарылуы тиіс. Орта мерзімді және ұзақ
мерзімді несиелер өндірісті жаңарту, оны кеңейтуге байланысты туындайтын
ұзақ мерзімді қажеттіліктерге беріледі;
* қызметіне байланысты - коммерциялық несие - тікелей сыртқы
сауда мен көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылық, яғни күрделі
қаржы, объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу;
аралық - аралас істелетін қызметтерге (яғни капитал мен тауарларды шығару,
кұрылыс жұмыстарын орындау немесе "инжиринг", қызмет көрсету) берілетін
несие;
* несие туріне байланысты - ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық - банктердің,
ақша түрінде беретін несиесі;
* несие валютасы бойынша - қарыздар-мемлекеттің валютасымен, несие
беруші-мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен және
халықаралык ақша өлшемімен (СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие;
* қамтамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілгеи (тауар
құжаттарымен, вексельдермен, бағалы кағаз-дармен, козғалмайтын мүліктермен
және т.б.);
* бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен (бір кісі қол қойған соло
- вексель) несие;
* берілуі бойынша - колма-қол (қарыздардың шотына жазу), акцептті
(төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты
әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі
стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының
өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі
несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
* несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім
өндіретін шаруашылық субъектісі несиені кұрал-жабдықтар алуға, шикізат,
жанар-жағар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын
алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтык
өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
* экономиканың салаларында колданылуына. Өнер-кәсіп мекемесіне
берілген несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
* несиенің камтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге,
мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай
қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша каражаты аз болған жағдайда тауар
қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
* несие үшін төлем. Несие ақылы және акысыз болып бөлінеді. Бұндай
болып бөлінуінін себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие
алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде колданып, қайтару уакыты келгенде
қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен кайтаруы керек. Сондықтан
несие акылы кұн категориясы.
Дегенмен, бұрынғы және казіргі тарихта ақысыз несие берілетін
жағдайлар бар. Қазіргі кезде акысыз несие, мыса-лы, инсайдерлерге (банк
кызметкерлері) беріледі. Достық несие де - ақысыз несие түрі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенін басқа көптеген
түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие,
жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.

1.4. Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы

Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын кызметінен
көрінеді. Ал оның әрбір қызметі баска категориялардан өзгешелігін
анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы
ибсіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз
алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл кайта бөлу – несиенің
алғашкы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни
несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие
мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-
материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін.
Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) әр
түрлі. Алайда затгың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны
өзгермейді: кайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол
аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтықаралык,
салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие
қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында
туындаса ол кұнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық
банктен несие алынса, ол несиені салалық кайта бөлу, ал егер несие беруші
экономиканың бір саласында болып, қарыздар-кәсіпорын басқа болса,
онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық
қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық
субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын есие көзі ретінде
пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр
түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының
субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және
айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта
бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім,
ұлттық табыс кайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиенің қайта бөлу
қызметінің көп түрлілігіне карамастан берілетін құннын меншік иесі
өзгермейді, қайта бөлінетін кун несие берушінің меншігі болып қала береді.
Екінші, несиенің қайта бөлу кызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес,
уакытша бөлініп шыккан кұңды қамтиды.
Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырын белгілері
бар:
* несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жьи өндірген материалдық
игіліктерінің, өндіріс оқұ жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни
ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары
өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта
бөлінеді;
* несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге
ұлттық табыс, қоғамның барлык ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
* несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі - уақытша қолдануға
уақытша бөлініп шыққан кұнды бөлуі;
* несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-
банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен
алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара
есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін
қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын
кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айнальіс шығандарын азайтады.
Қазіргі тауарлы шаруашылыкта қарызға берілген құн шаруашылык айналымында
жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда акшаны тек уакытша
алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған
құны шаруашылық айналымында ақшаға тән "қызметін" атқарады (тауарлы-
материалдық кұндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және т.с.с.
жұмсалады).
Накты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала
жасалған жағдайлар болуы шарт:
* дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын
ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;
* экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем
құжаттарының еркін айналуы;
* орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы (шығаруы).
Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оньщ бақылау
қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк
мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал
экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып
табылады.
Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін
пайдаланып, мемлекет пен халык үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады.
Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы),
белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі),
пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл
ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталык, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде баскарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалык несиелерді
пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі
де өзгерді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардын акциялар шығаруы,
бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейтуі бағалы
кағаздар мен жүргізілетің несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру
тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиеніи маңызын арттырды. Оған дәлел
ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан
қатаң баскарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір
шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында
жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

1.5. Қарыз проценті

Қарыз проценті - ол уақытща қолдануға берілген кұнның өзгеше бағасы
болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы
иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оньщ абсолюттік
шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға
тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі:
біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден,
қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған
құнға тең болмауынан.
Қарыз проценті тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды.
Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік
қатынастарына байланысты.
Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша
пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған кұн оны пайдаланушыға -
өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие
берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз проценті пайда
болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары
проценттің дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-
бір негізгі ортасы.
Қарыз процентінің мәні - ақша капиталын белгілі бір уақыттан кейін
қайтарып беру міндетінен туындайтын экономикалық қатынастар. Бұл
кономикалық катынастардың субъектілері: несие беруші- ол арыз процентін
алушы; қарыздар - ол қарыз процентін төлеуші.
Қарызға бершген құнды мына формуламен өрнектеуге болады:
А – А1, немесе А1-А= ΔА
бұнда А - карызға берілген құн;
А1 - борыштың өскен сомасы;
ΔА - қарызға процент түрінде қосылған өсім
(несие үшін ақы).
Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты - пайда табу. Несие
берушінің алатын пайдасы - процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген
қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның
мөлшері несие беру жөніндегі келісімде көрсетіледі. Ол көптеген
факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем
деңгейіне, сондай-ақ экономикалық конъюнктураға байланысты әлсін-әлі
өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға
сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-
теңдік көп факторлардың әсерінен ауыткиды. Айталық, тұтынушылардың ақшалы
та-бысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына
байланысты өзгереді.
Проценттің мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және
өзгермелі, номиналды және реалды, дисконтты болып бөлінуі мүмкін.
Нақты бекітілген (есепке алынған) процент мөлшерін, әдетте, ресми
процент мөлшері деп те атайды. Оны Орталық банк басқа банктерге, бірінші
кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар
коммерциялық вексельдерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Несие саясатының дамуы
Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Несие қызметі
Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Несиенің мәні мен мазмұны
«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржы коэффициенттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау
Әлемдік қаржы дағдарысы
Пәндер