КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ
КІШІ БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ
1. Шағын бизнестi несиелендiру кезiндегi туындайтын тәуекелдердiң басты
Факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстан Республикасында кiшi бизнеске мемлекет тарапынан
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3. Шағын бизнестi дамытудағы мемлекеттiң
рөлi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 НЕСИЕЛЕНДІРУ ШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шағын және орта кәсіпорындарға банктік несиені ұсыну ережелері ... ..25
2.2 Кәсіпорындардың алынған несиелерін өтеу
шарттары ... ... ... ... ... ... ... . 40
2.3 Банктік несиелендірудің дамуын тежейтін
проблемалар ... ... ... ... ... ... . 47
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Коммерциялық банктердің экономикалық мәндерін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
3.2 Коммерциялық банктердегі несие жүйесін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ...62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .70
КІРІСПЕ
Нарық жағдайында, экономикада мемлекеттің қолға алуымен байланысты
кіші бизнесті дамыту мәселесі қолға алынып отыр. Банктердің бұл істі қолға
алудың маңызы зор. Олар шағын бизнес саласына қаржыны сырттан тартудың
бірден – бір қайнар көзі болып отыр. Бұл коммерциялық банктердің несиені
ұсына отырып, ақша ресурстарын несиені қажет ететін шағын бизнес
субъектілердің пайдасына бөліп береді. Нарықтық экономика - бұл
кәсіпкерлік экономикасы, оның негізгі элементі шағын бизнес болып табылады.
Отандық тәжірибе көрсеткендей шағын кәсіпкерліктің дамуы мен аяққа тұруы
мемлекеттің экономикасында маңызды рөл атқаратыны айқын. Шағын және орта
бизнес нарықтық экономиканың негізін қалайды. Аймақтық экономиканың
дамуында лидер болып отырып, ол өндіріс, сауда, қызмет көрсету, соңғы
тұтынушыға өнімді жеткізу сұрақтарында аса маңызды рөлді алады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы таңдаудың себебі - шағын бизнесті дамыту
мемлекетіміз үшін өте маңызды мәселе болып отырғанын, кәсіпкерліктің
дамуына экономикамыздың өсуі немесе баяулауы тәуелді екенін, банктердің
шағын бизнесті несиелендіру заңдылықтарын оқып үйренуде маңызы зор, өзекті
тақырып болып табылады. Мемлекетіміздің даму барысында шағын және орта
бизнесті қолдауда көп нәрсе жасалды, ең бастысы – нормативті-заңнамалық
база жасалып, бекітілді. Бірақ талай нәрсе жасалғанымен кәсіпкерліктің
дамуында сонымен қатар проблемалар да туды, ол: мемлекеттік тапсырыстарды
алу қиындығы, бюрократиялық кедергілер, сәйкесті инфрақұрылымның болмауы,
несиелік ресурстарға шектеулі мүмкіншілігі және тағы басқалары. Аталған
себептердің ішінен кәсіпкерлер бірінші орында несиені алумен байланысты
проблемаларға көрсетеді. Несиелік қаражаттарды алу қиындықтарының себептері
әр түрлі. Ол құжаттарды рәсімдеу, талап етілетін кепілдің жоқтығы, несиені
ұсынудың қысқа мерзімділігі, үлкен пайыздық мөлшерлемемен байланысты
проблемалар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты осы қиындықтарды шешу жолдарын іздестіру
және олармен күресуді қарастыру. Осы мақсаттарға жету үшін біз келесі
міндеттерді айқындалды. - Қазақстан Республикасында шағын бизнеске
көрсетілетін көмек деңгейін анықтау; - коммерциялық банктермен шағын
бизнесті несиелендіру процесін жеңілдету жолдарын қарастыру; - коммерциялық
банктермен шағын бизнесті несиелендірудің тиімділігін бағалау; - шағын
бизнесті несиелендірудегі тәуекелдің деңгейін төмендету жолдары.
Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ұлттық Банк шағын кәсіпкерлікті
несиелендіру процесін ынталандыру үшін қажетті жағдай жасап және бірнеше
шараларды құрды. Оларға мыналарды жатқызуға болады: инфляция деңгейін
төмендету, теңгенің басқа валютаға қатынасты бағамының тұрақтылығы, екінші
деңгейлі банктердің халықтың ақшасының және кәсіпорындардың депозиттерге
ағылуына байланысты ресурс базасының жақсаруы, қаржылық лизинг туралы
заңдардың қабылдануы және тағы басқалары. Дипломдық жұмысы екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімде коммерциялық банкте шағын бизнесті несиелендіру
процедуралары, олардың ерекшеліктері, несиелендіру барысындағы туындайтын
қиыншылықтар, шағын бизнесті несиелендіруге мемлекет тарапынан көзқарасы,
несиелендірудің тиімділігі, несиелендіру барысында туындайтын тәуекелдер
және тағы басқалары қарастырылған. Екінші бөлімінде АҚ “Тұран Әлем Банктің
” мәліметтері негізінде шағын және орта бизнесті несиелендіру шарттары мен
ерекшеліктері, кәсіпорындарға несие ұсыну тәртіптері, алынған несиелерін
өтеу шарттары, банктің несиелендіру бөлімдерінің несиелерінің талдауы
жазылған.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
1.1 Шағын бизнестi несиелендiру кезiндегi туындайтын тәуекелдердiң басты
факторлары
Несиелендiру қызметiн ұсына отырып, банктер, ақша ресурстарын, несиенi
қажет ететiн экономикалық субъектiлердiң пайдасына бөлiп бередi. Банктiк
несиенiң басқа түрлерiнен айырмашылығы, бiрiншiден, ақша белгiлi бiр уақыт
мерзiмiне берiледi, екiншiден, тек белгiлi бiр мақсаттарға, сонымен қатар
несиелендiру арқылы банк тиiмдi жобаларды таңдауда маңызды рөл атқарады
және сол таңдаудың сапасына байланысты экономикалық дамуды тездете немесе
баяулата алады. Банктiк iстiң шағын кәсiпкерлiктi несиелендiруi мен басқа
да қаржылық институттардың шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыруы арасында
айырмашылық бар. Банктiк несиенi ұсыну, бұл тек қана қарыз алушы мен несие
берушi арасында болатын процесс. Шаруашылық субъектiлердiң бағалы
қағаздарын сатып алу негiзiнде (инвестициялық және зейнетақы қорларда
болатын активтiк операциялар( эмитент туралы жалпы информациямен қамтамасыз
етiлген, осы қағаздарды инвесторға ашық түрде ұсыну болып табылады. Бағалы
қағаздарды иеленушi инвестор, эмитент компанияның iсiн бақылауға және оған
әсер етуге мүмкiндiгi жоқ. Несиелендiру қарыз алушының жалпы iс - әрекетiне
көмек ретiнде емес, оның нақты жобаларды жүзеге асыруына бағытталған.
Әрине несие берушi несие тиiмдi пайдаланғанын бағылауға мүмкiндiгi бар.
Егер бағалы қағаз ұстаушы қажет болған жағдайда осы қағаздарды қаржылық
нарықта жедел өткiзе алса, онда банктiк несиенiң екiншi реттiк нарығы
мүлдем қажет емес. Осылайша несиелендiрумен айналысатын банктер өзiнiң
салымдарының өтiмдiлiгiн азайта отырып, эмитенттердiң қызметiн бақылауға
белгiлi бiр мүмкiндiк алады. Экономикалық субъектiлердiң ұзақ мерзiмдi
несиелерiне сұранысы жоғары болғандықтан, бұл банктердi ағымдағы төлем
айналымын жүргiзу үшiн арналған қаражаттардан басқа,несиелендiру мерзiмiмен
сәйкес келетiн талап ету мерзiмi үлкен болатын қаражаттарды тартуға
мәжбүрлейдi. Шағын кәсiпкерлiк қызметi өзiне үш негiзгi этапты қосады:
өндiрiстiк ресурстармен қамтамасыз ету; тауар және қызметтi өндiру; тауар
және қызметтердi нарықта өткiзу. Мұндай жағдайда банктiк жүйенiң шағын
кәсiпкерлiктiң стратегиялық және тактикалық мақсаттарына байланысты әрбiр
этаптың iске асыруын жақсартуына ықпал ету мүмкiндiгi бар. Мысалы, банктiң
лизингтiк операциялары шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң бiрiншi этабын
жақсартуға әрекет етедi, өндiрiстi мақсаттық несиелендiру–екiншi этап, ал
сауда вексельдерiн есепке алу шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң үшiншi этабын
жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Шағын кәсiпкерлiктiң жұмысын жақсартуына банктердiң ықпал ету тәсiлi
ретiндегi несиелендiру шектелген уақытқа шағын кәсiпорынға қаржылық
қаражаттарды берудi бiлдiредi. Мұнда банк ұсынған несие үшiн пайыз
түрiндегi келiсiлген сыйақы алады, ал оның тәуекелi – шағын кәсiпорындардың
несиенi пайдалану үшiн пайыздарды төлеу және қарызды өтеу бойынша
мiндеттеменi орындай алмауы. Сондықтан да несиелендiру кезiнде банктiң
шағын кәсiпорын қызметiн ақпараттық қадағалау мүмкiндiгiнiң болуы аса
маңызды. Егер банктiң мұндай мүмкiншiлiгi жоқ болса немесе ол нақты
тәуекелдердi бағалау үшiн жеткiлiксiз болып табылса, онда банк несиелiк
қамтамасыз етудi талап етедi, мысалы, қозғалмайтын мүлiк кепiлi формасында
несиелендiру шарттары әрбiр елде және әрбiр несиелiк жағдайда өзгерiп
отырады. Банк пен қарыз алушы арасындағы қатынастар негiзiнен екi жақ
арасындағы информацияны ассиметрикалық бөлумен сипаттайды. Несиенi беру
жүйесiмен, оның ережелерiне сәйкес екi жақ та бұл проблеманы былай шешуге
тырысады, қарыз алушы есебiнен өзiнiң қызметi туралы қажеттi ақпаратты және
төлемқабiлеттiлiктi тексеру үшiн банк кепiл ұсынады. Сол арқылы
информациямен алмасу процесi жеңiлдетiледi және банк несиенi беру туралы
шешiм қабылдайды. Шағын кәсiпорындар әдетте қажеттi ақпаратты немесе
банктiк кепiлдi бере алмайды, бұл несиелендiрудiң дәстүрлi технологиясын
қолдану мүмкiндiгiне әсер етедi, сондықтан шағын кәсiпорындардың несие алу
мүмкiндiгi төмен.
Сонымен бiрге шағын кәсiпорындарға қажеттi қарыз мөлшерi салыстырмалы
түрде үлкен емес. Шағын кәсiпорындардың төлемқабiлеттiлiгiн дәстүрлi
тексерудi пайдалану кезiнде несиенi беру тиiмсiз болып көрiнедi. Клиенттiң
төлемқабiлеттiлiк критерийлерi қанағаттанарлық болса да ол кей жағдайда
несиенi ала алмайды, өйткенi оның нақты шығындары табыстардан асып түседi.
Осы себептен барлық банктер осындай әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды
және үнемi өзгеретiн қаржылық талаптарды ескеретiн технологияларды
пайдалануды қажет етедi, бұл шағын кәсiпорындарды банктiк операциялардың
қажет емес шығындануынан сақтайды. Әр банк қарыз алушы шығын кәсiпорындарға
өзiнiң талаптарын қояды, олар қарыз қаражаттарды пайдалану бағыттарына,
фирманың капитал құрылымына шектеулер кiргiзедi. Мысалы, Азия даму банкiнiң
шағын бизнестi несиелендiру программасында көрсетiлген қарыз алушыға
қойылатын талаптар келесi позициялардан тұрады: айналым мөлшерi бойынша
шектеулердiң жоқ болуы, жұмыс iстеушi қызметкерлердiң саны 20-дан аспауы
керек (егер микро несиелендiру бағдарламасы жайында айтылса( капиталға
қатысуында үлкен үлесi бар тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматы болу
қажет.
Азияның даму банкiсiнiң қаражаттары есебiнен шағын және орта бизнестi
несиелендiру бағдарламасы бойынша несие 50 мың АҚШ долларына дейiн
берiледi. Берiлген несиенi клиенттiң бизнесiнiң дамуына мақсатты пайдалану
қарастырылады: жабдықтарды, негiзгi құралдарды, шығыс материалдарды сатып
алуға, қозғалмайтын мүлiктi сатып алу немесе өтеу, құрылыс, жөндеу
жұмыстарын жүргiзу және айналым құралдарын сатып алуға пайдаланады.
Еуропалық қайта құру және даму банкiнiң несиелендiру бағдарламасы бойынша
жаңа немесе жақында ғана құрылған кәсiпорындарды несиелендiрудiң жобаларын
қаржыландыру жатады. Бұл жағдайда клиенттiң қарастырылатын жобасының жалпы
көлемiнiң кәсiпорындардың өзiндiк қаражаттарының 30(-нан кем емес мөлшерде
қатысу қажет. Бұл бағдарлама бойынша несие ойын бизнесiне, есiрткi
өндiрiсiн қаржыландыруға, әскери өндiрiске және қоршаған ортаға зиян
келтiретiн өндiрiстерге жұмсалмауы қажет.
Қысқа мерзiмдi несиелендiру процесi 4 сатыдан тұрады: программалау,
ұсыну, пайдалану және пайызды төлеу мен қайтару. Несиелiк есеп айыру
қатынастардың болашағын анықтауға және кәсiпкерлiк қызметтiң ынталандыру
мен дамуы үшiн кәсiпорындарды қажеттi қарыздық қаражаттармен қамтамасыз
етуге мүмкiндiк бередi. Ұйғарылатын несие көлемiн есептеу кәсiпорындардың
экономикалық және әлеуметтiк дамуының болжамын әзiрлеумен байланысты.
Жоспар-болжаулар шаруашылық нарықтық механизмнiң құрама бөлiгi болып
табылады, өйткенi ол өндiрiс құралдардың тапшылығын және шаруашылық
тұтынудағы тауарларына сұранысты қанағаттандыруына негiзделедi. Қажеттi
ссуданы алу үшiн (несиелiк желіні ашу) кәсiпорындар банкпен уақытында
несиелiк келiсiм-шартқа отыру қажет. Келiсiм-шарттар кварталға, жылға және
ссуданың бөлек түрлерiне құрыла алады. Келiсiм-шартта ссуданы беру
шарттары, мөлшерi, мерзiмi және пайыздық ставканың мөлшерлемесi
қарастырылады. Ақша қаражаттар нарығының конъюнктураның өзгеруi кезiнде
(несиеге сұраныс және ұсыныс) келiсiм-шарттары түзетiлуi мүмкiн. Шағын
кәсiпкерлiк объектiлерi үшiн несиенi ұсынумен байланысты айырықша тәуекелдi
ескере отырып несиелiк мәмiлелердi кез-келген кепiл негiзiнде хаттау қажет.
Кепiл түрлерi: жылжымайтын және жылжитын мүлiк, сатып алынатын құрал,
бағалы заттар, бағалы қағаздар, тауарлар және т.б. Несиелiк мәмiледе
маңызды жағдай: кредитор және қарыз алушы өзара пайда алуға мүдделi болу
керек. Бұны пайыздық мөлшерлеменің қалыптасу кезiнде ескеру қажет [1, 25-
36].
Кiшi бизнестi банктердiң инвестициялануы туралы айтқан кезде,
инвестицияны кеңiрек түсiну қажет, өйткенi ол мүлiктiк және интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрлерiн қосады. Оның нәтижесiнде, пайда қалыптасады.
Нақты салалық бағыттағы кiшi кәсiпорындар салалық банктiң несиелерiн
және қызметiн ала-алады. Бұл жағдайда банк фирманың қаржылық жағдайы
туралы, саланың жағдайы туралы хабардар және несиенiң пайдалануын бақылай
алады. Сонымен қатар әр түрлi өндiрiстiк сферадағы клиенттермен жұмыс
iстейтiн және нақты салалық бағдары жоқ, клиенттермен жұмыс iстейтiн
банктер бар. Кiшi бизнестi несиелендiру барысындағы туындайтын проблемалар:
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестiң дамуына көп көңiл
бөлiнуде. Осыған байланысты мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамыту саясаты
бағытында белгiлi бiр жұмыстар iстелiнiп отыр, яғни соған байланысты заң
шығарушы база құрылады. Осы бағыттағы нақты қадамдар ретiнде Қазақстан
Республикасы Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен жергiлiктi және
басымды қолдау бағдарламалары туралы” жарлығы мен Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1997 жылдың 6-наурызындағы ( 3398 “Шағын кәсiпкерлiктi
дамытуды жандандыру мен мемлекеттiк қолдау шараларын күшейту туралы”
жарлығын жатқызуға болады.
Кәсiпкерлердi қаржылық қолдау мақсатында, шағын кәсiпкерлiктiң
субъектiлерiн несиелендiру жұмыстарын жандандыру шаралары тек коммерциялық
шарттар негiзiнде ғана емес, сонымен қатар қалалық бюджеттiң қаражаты
арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай шара Алматы қаласы бойынша жүргiзiлiп,
соның негiзiнде екiншi деңгейдегi банктi таңдау бойынша тендер жүргiзiлдi.
Нәтижесiнде, шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры, қалалық бюджеттiң қаражатынан
несиелiк ресурстарды беру құқығына ие болады. Бұл ең бiрiншiден, берiлген
қаржылық органда банктiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған
процедураларының тегiн ұсынылуымен байланысты. 2002 жылдың 1-қаңтарында
Алматы қаласының Шағын Бизнес Департаментi арқылы қалалық бюджет
қаражатымен 46732 мың теңге сомасына 28 жоба несиелендiрiлiп, қосымша 327
жұмыс орны құрылды.
Республикада, шағын және орта бизнес субъектiлерiне арналған қаржылық
қызмет көрсету секторын дамыту жұмыстары, банктiк операцияларының жеке
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу және лицензияландыруды жасаудың
жеңiл тiзiмiн ескеретiн банктiк заң шығару нормаларын жетiлдiру жолымен
жалғасуда.
2003 жылдың 6-наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының
“Микронесиелiк ұйымдар туралы” заңы, микронесиелендiру нарығын дамытуға
мүмкiндiк туғызып, ұсақ кәсiпкерлердiң қаржы ресурстарына қол жеткiзуiне
жол ашады. Бұл жағдайда, микронесиелiк ұйымдар, Ұлттық Банк жағынан қосымша
талаптарды тағайындауынсыз тек статистика және заң органдарында ғана
тiркеледi. Бұл олардың, өз клиенттерiмен жұмыс жасау үлгiсiн бiршама
жеңiлдетедi. Өз қызметтерiнiң ресми түрде жарияланған мақсаттарға сай
келуi мен микронесиелiк ұйымдарға тек рұқсат етiлген қаржылық өнiмдердi
пайдалану, қарапайым салықтық және басқа да тексерулер шегiнде ғана
бақыланады. Ал, мемлекеттiк бақылау микронесиелiк ұйымдардың статистика
органдарына статистикалық есебiн және сәйкес ақпаратты салық органдарына
ұсынуды мiндеттi етуiмен шектелiнедi.
Кәсiпкерлердiң банктiк несиелерден жатырқауының басты себебi ретiнде
мыналарды ескеру қажет: осы қызметтердiң қымбаттылығын; несие алу
процедурасының ұзақтығы; банктерде ұзақ мерзiмдi несие ресурстарының
жетiспеушiлiгi; ссудаларды қамтамасыз етуiне байланысты қатаң талаптар;
өндiрiстiк тәуекелдердiң жоғары деңгейiмен банктердiң жұмыс iстегiсi
келмеуi. Iс барысындағы тәжiрибенiң көрсетуi бойынша банктер несие беруде
консервативтi көз қарасты ұстанады. Бiрiншiден, несиелердiң негiзгi массасы
кәсiпорынмен айналымдағы қаражатты толтыру үшiн қолданылады. Екiншiден,
банктер бұрынғысынша кепiл ретiнде жеке активтердi қабылдаудан бас тартады.
Соңғы екi жыл iшiнде несиелендiру саласында сауда және өнеркәсiп ең
жетiстiктi болып табылады. Банктердiң инвестициялық қызметiн жандандыру
үшiн ең алдымен ұзақ мерзiмдi авансталған қаражаттардың өлшемiне қарай
резервтi талаптарды пропорционалды бөлу құқығын немесе қызметiнiң
нәтижесiнде тапқан табысқа жеңiлдетiлген салық салу құқығын бекiту керек.
Берiлген варианттардың iшiнен бiреуiн таңдау мүмкiндiгiн тiкелей
банктердiң өзiне ұсыну қажет. Бiрақ олардың бiр шешiмге келгеннен кейiн,
таңдаған шешiмi инвестициалық жобаны жүзеге асырудың бүкiл период барысында
өзгермеуге тиiстi. Мұндай жағдайларда, дәстүрлi несиелеу каналдарынан ғана
емес, сонымен қатар тұрғындардың қажеттiлктерiн толық қанағаттандыруға
бағытталған өндiрiстi кеңейту мен жаңарту және жобаларды қаржыландырудың
мүмкiн болатын жаңа тәсiлдердi қолдану аса маңызды болып табылады.
Осылайша, несие бойынша негiзгi қарыз сомасын төлеу тәсiлi, осы төлемнiң
базисi ретiнде қабылданған валюта курсына байланысты әрбiр келесi төлем
қайта бағаланады. Осыған орай пайыз мөлшерi төменгi қарыз қалдығынан
есептеледi. Өз кезегiнде ол несиелiк келiсiм - шарттың қызмет ету мерзiмi
барысында қайта бағаланып отырады. Бұл банкке қайта бағалау нәтижесiнде
пайда болған табысқа салынатын салықты төлеу мен минималды жинақпен
қамтамасыз ету және операциялық шығындарды өтеу мүмкiндiгiн берер едi [2,
15-27].
Шағын бизнестi несиелендiру кезiндегi туындайтын тәуекелдердiң басты
факторлары: Бiздiң экономикамыздың дамуына аса мән беретiн проблемалардың
бiрi шағын және орта бизнестiң құрылуы мен дамуында. Халықаралық тәжiрибе
көрсеткендей, көптеген дамыған елдерде осы кәсiпорындар Ұлттық өнiмнiң көп
бөлiгiн өндiрудi қамтамасыз етедi. Басқа жағынан бұл сала өзiмен –
кәсiпкерлiкпен байланысты жоғары облыстық тәуекелдiлiктi көрсетедi, ал
банктерге жоғары несиелiк тәуекелдiлiк саласын. Негiзгi кедергi шағын және
орта кәсiпкерлiктiң және банктiк сектордың жоғарғы несиелiк тәуеклдерi,
Қазақстанның экономикасының секторына бағытталған. Экономикалық
әдебиеттерде несиелiк тәуекелге әртүрлi анықтамалар берiлген, бұл түсiнiк
несиелiк операциялар мен банктердiң басқа да несиелiк операцияларына
тарамайды, кепiл түрiнде, бағалы қағаз орналасуы және тағы басқалары. Ал
нақты баптың шеңберiнде бұл мағына тәуекел түрiнде, банктi несиелендiру
субъектiсi шағын және орта бизнесте деп қарастырылған. Несие тәуекелдiлiгi
ақшалай-несиелiк қатынасқа кiргенде басталады және қарыз алушы–кредитор
қатынасы болғанда. Экономикалық әдебиеттерде несие тәуекелi, салалардың
тәуекелдiгi және тағы басқалар. Мақсатында – несиеге тәуекелдiлiк
мемлекеттiк тәукелдiлiктi қосады, сонымен бiрге аймақтық тәуекел,
менеджменттiң тәуекелi, салалардың тәуекелi және тағы басқалары. Мысалы,
мемлекеттiк тәуекелге – мемлекеттiң, аймақтың экономикасының нашарлауына
байланысты ықтималдық оқиғасы. Сонымен қатар бұл сегменттеу несие түрiне
байланысты: инвестициялық несие, ұзақ мерзiмдi несиелендiру немесе айналым
қаражаттарын толықтыру және тағы басқа. Ұсыныс құрамы несиелiк
тәуекелдiлiгi екiншi деңгейлi банктерге пайдалы, шағын және орта бизнестiң
дамуы банктiк саясатта негiзгi фактор өз орнынан табуы мүмкiн. Несиелiк
саясатта негiзгi фактор өз орнын табу керек. Несиелiк тәуекелдiң пайда
болуына әсерiн тигiзетiн үш үлкен сегменттi қарастыруға болады.
Олар: Iшкi және сыртқы факторлардың әсерi тиетiн, Қазақстан нарығының
жалпы экономикалық факторлары, Коммерциялық банктердегi икемдi факторлар,
Несие алушының өзiне икемдi факторлар. Қазақстан нарығының жалпы
экономикалық факторларына несие тәуекелiн туғызатын және не банк, не қарыз
алушы өз әсерiн тигiзе алмайтын себептер жатады. Қазақстанның жалпы
экономикалық жағдайына әсер ететiн сыртқы факторларға жалпы халықаралық
факторларды жатқызуға болады. Оған: металға, бидайға әлемдiк баға және тағы
басқа жатады. Несиелiк тәуекелдiң екiншi сегментiне, несиелiк тәуекелдiң
өсуiне әсерiн тигiзетiн банктердiң өзiне байланысты факторларды жатқызуға
болады. Бұл факторларға жататындар: 1. Банкпен құрылған несиелiк саясат,
шағын бизнестi несиелендiру нарығы. Несиелiк саясаттың жетiспеушiлiгi
банктiң несиелiк тәуекелiнiң өсуiне алып келедi.
Тәжiрибенiң көрсетуi бойынша ссудалық портфелiнiң сапасына төмендегiлер
үлкен әсер етедi: жауапкершiлiк пен өкiлдiлiктiң дұрыс бөлiнбеуi;
несиелiк лимиттердiң дұрыс анықталмауы; несиелiк шешiмдердi қабылдаудың
толық ұйымдастырылмаған процедурасы; проблемалық займдармен байланысты
жұмыс деңгейiнiң төмендiгi; несиелiк саясаттың талаптарынан оқшауланған
тәжiрибенiң жиi қолданылуы. Біліктілігі жоқ персонал. Банктiң iшкi
аудитiнiң кемшiлiктерi. Iшкi аудит қызметi банктiң несиелiк саясатының
қызметiнде тексеру жүргiзiлiп, оның iс жүзiне асуының тәжiрибелiк
нәтижелерiн талдайды. Сонымен бiрге, несиелiк саясаттың кемшiлiктерi мен
проблемалары туралы ақпаратты уақытысымен дайындайды. Банктiң iшкi
аудиторлық жұмысының әлсiздiгi мен тиiмдi бақылаудың болмауы несиелiк
тәуекелдiлiктiң өсiмiне алып келедi.
Несиелiк саясаттың жүзеге асу жағдайы туралы мерзiмдi және сенiмдi
ақпарат, банк қызметкерлерi үшiн, несиелiк тәуекелдiлiктi басқарудың тиiмдi
кепiлi болып табылады. Үшiншi сегменттегi несиелiк тәуекелдiлiктiң пайда
болуына әкелетiң факторларға, қарыз алушының өзiнде туындайтын факторларды
жатқызуға болады.Мұндай факторларға төмендегiлер жатады: Қарыз алушы –
кәсiпорын қызметкерлерiнiң мамандық деңгейiнiң төмендiгi; Кәсiпорын
персоналының маманданбауы; Территориялық алшақтығы; Қылмыстық факторлар.
Қарастырылып өткен, несиелiк тәуекелдiлiктiң құрылымы, несиелiк
тәуекелдiлiктiң пайда болуына жеткiлiксiз болып табылады. Несиелiк
тәуекелдiлiктiң туындауының ықтималдылығына, басқа да көптеген факторлар
әсер етедi. Алайда, жоғарыда қарастырылған факторлар ең негiзгiлерi болып
табылады. Несиелiк тәуекелдiлiктiң төмендеуiне, қарыз алушының төлем
қабiлеттiлiгi, несиелiк қабiлеттiлiгi мен несиелiк тарихы туралы
ақпараттарды максималды түрде алу факторы әсер етедi. Мысалы, Францияда,
компанияның несиеге қабiлеттiлiгiн бағалауда, оның Франция Банкiнiң
картотекасындағы айналымдарды ескеретiн әдiстеме қолданылады. Бұндай
әдiстеме Қазақстан банктерiнiң қызығушылығын тудырмауы мүмкiн емес.
Тәжiрибе көрсетуi бойынша, несиелiк тәуекелдiлiктiң туындауына келесi
түрдегi жағымсыз факторлардың пайда болуы әсер етедi: Алынған кiрiс
көлемiнiң төмендеуi (өткiзу нарығындағы дағдарыс); Қарыз алушы балансының
“ауырлауы” (қарыз мерзiмi бiткен дебиторлық қарыздың пайда болуы, қоймада
дайын өнiмнiң көбеюi); Өндiрiстiң дағдарысы; Негiзгi қарызды төлеу мен
банктiк несиенiң пайызын төлеу проблемасының пайда болуы [3, 9-13].
2. Қазақстан Республикасында шағын бизнеске мемлекет тарапынан көзқарас
Шағын бизнестi несиелендiрудiң тиiмдiлiгiн бағалау: Бұл бөлiмнiң басты
мiндетi – қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктi және оларды қамтамасыз ету
көздерiн анықтау. Жалпы қаржыландырудың 3 негiзгi көзi бар: Өнiмдi өндiру
және өткiзу процестерiнде туындайтын ерiктi қаржыландыру. Кәсiпорын
пайдасының өндiрiстi дамытуға жұмсалатын бiр бөлiгi. Кәсiпорындарды сыртқы
қаржы көзi есебiнен қаржыландыру. Қаржыландырудың ең маңызды қайнар көзi –
коммерциялық банктер. Банктiк несиенiң берiлуiнiң барлық кезде артықшылығы
болғанымен оның кемшiлiктерi де бар. Мысалы, жоғары пайыздық өлшем, белгiлi
бiр кезде несиенi қайтару қажеттiлiгi, жеке кепiлдiктер беру сияқты. Жаңа
кәсiпорындарды мемлекеттiк қаржыландыру келесi бағыттар бойынша жүзеге
асырылуы мүмкiн: шағын бизнестi инвестициялаудың американдық
компанияларына ұқсас - шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бойынша
инвестициялық қор құру; қарыз және несиелердi мемлекеттiк кепiлдiктермен
қамтамасыз ету, оған мыналар жатады: 25 жылға дейiн мерзiмге 750000 $
дейiнгi көлемде жай ссудалар жұмыс орындарын құру мен экономиканы
жандандыру жолымен аймақтардың экономикалық дамуына берiлетiн ссудалар
қоршаған ортаны қорғау құралы ретiндегi – қымбат құрал-жабдықтарды қажет
ететiн шағын кәсiпорындарды қаржыландыру Кәсiпорындарды тiкелей
қаржыландыру. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыруда Азия Даму Банкiсiнiң
маңызы зор болып отыр [4, 13-28].
Азия Даму Банкiнiң қарызы банктер арасында келесiдей түрде
үлестiрiледi: АҚ “Банк ЦентрКредит” – 5 жоба, 3100600 АҚШ доллары
сомасында; АҚ “Цесна Банк” – 4 жоба, 1370000 АҚШ доллары; (АҚОТ)
“Казагропромбанк” – 10 жоба, 2624730 АҚШ доллары; “Семей қалалық
акционерлiк банк” – 5 жоба, 4886280 АҚШ доллары; “Газпромбанк” – 5 жоба,
1470000 АҚШ доллары. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi 2004
жылдың 1-қаңтарында төмендегi жобаларға қол қойды: “Шағын кәсiпкерлiктi
дамыту қоры”- 1 жоба, 963350 АҚШ доллары; АҚ “Казкоммерцбанк”- 9 жоба,
9594669 АҚШ доллары; АҚ “Бизнес-банк”- 2 жоба 340000 АҚШ доллар; АҚ“Банк
Тұран Әлем”- 7 жоба 7952950 АҚШ доллар; АҚ “Ақмола қоры”- 1 жоба 1700000
АҚШ доллар.
Еуропалық Қайта Құру және Даму банкiсiнiң несие желiсi бойынша шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеу табысты түрде жүзеге асырылуда. Өкiлеттi
банктер мен олардың филиалдары тарапынан осы жылдың қаңтар айында шағын
кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламасы келесi түрде көрiнiс тапты:
“Казкоммерц Банк”- 276, “Центркредит Банкi”- 194, “Халық Банкi”- 185,
“Цесна Банк”- 27, “Тұран Әлем Банкi” - 26, Барлығы 708. 2004 жылдың
басынан берi жұмыс iстейтiн өндiрiстердi дамыту байынша 1722 жобаны
қаржыландыру үшiн жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден 5372,6 млн.
теңге сомасында несие қаражаты бөлiндi, ол 103,5% құрайды. Нәтижесiнде
қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды [5, 45-75].
Жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды дамыту үшiн ақша қаражаттарының ең
белсендi түрде берiлуi Алматы және Қостанай облыстарында болды. Бұл
жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткiштiң тиiсiнше 44%-ы немесе 2393,5
млн. теңгенi құрайды. Осының нәтижесiнде Алматы облысында жоспарланған 478
жұмыс орнының саны 9868- ге, ал Қостанай облысында жоспарланған 742 жұмыс
орнының жерiне 2640- қа жеттi. Әйтсе де, кейбiр аймақтарда жобаларды
қаржыландыру мен жұмыс орындарын ашу бойынша жоспарланған көрсеткiштердiң
төмен деңгейде орындалуы байқалады. Атап айтқанда Ақмола - 17,9 млн. теңге
берiлдi немесе 4,8%. Шығыс Қазақстан - 7,7 млн. теңге немесе 2,1%.
Манғыстау - 16,7 млн. теңге немесе 3,7%. Қазақстандағы аймақтардың
экономикалық даму деңгейлерi әр түрлi. Бұрынғыдай өндiрiлген өнiм көлемi
жағынан жетекшi орынды сауда алады - 26,1%, өнеркәсiптiң үлесi - 14,6%,
соның iшiнде ауыл шаруашылығы - 3%, құрылыс - 11,9%, көлiк және байланыс -
11,8%, қонақ үйлер мен мейрамханалар - 8%, басқа қызмет түрлерi - 10,9%.
Қазақстанның негiзгi аймақтарының iшiндегi Талдықорған облысының 2004 жылғы
шағын кәсiпкерлiк жағдайын қарастырсақ артық болмас. Талдықорған облысының
шағын бизнес кәсiпорындары 2003 жылдың аяғы мен 2004 жыл уақытындағы
көрсеткiшi 76,6 млрд. теңгенiң өнiмiн өндiргенi белгiлi болды.
2003 жылдың желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша облыста 37226
шағын бизнес субъектiлерi, 22038 жеке кәсiпкерлер және 15188 заңды тұлғалар
тiркелген. 2004 жылы екiншi деңгейлi банктер тарапынан шағын кәсiпкерлiкке
жалпы сомасы 1 млрд. теңге несие жалға берiлдi, бұл 2003 жылға қарағанда
700 млн.-ға көп. Қазiргi таңда болжам бойынша Талдықорған қаласында шағын
және орта кәсiпорындарының түсiмдерi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң 30%-ын
құрауда. 2003 жылы бюджеттiң кiрiс бөлiгiне 183,179 мың теңге түстi.
Өндiрiс пен қызмет саласында инвестиция жасау мен нәтиже алу процесi ұзақ
уақыттылық сипатқа ие болғандықтан екiншi деңгейлi банктер бүгiнде өндiрiс
пен қызмет көрсетуге бағытталған жобаларды несиелеуге не экономикалық
түрде, не психологиялық түрде дайын емес. Әкiмшiлiкте қарастырылған 42
бизнес жобаларының 29-ы коммерциялық банктерге жiберiлдi, олардың iшiнде 8
бизнес жоба жұмыспен қамтуға қатысты. Бүгiнгi таңда Қазақстандағы шағын
құрылыс секторларында құрылысшылар саны 24,3% жұмыс iстеп отыр.
Жалпы бiр айта кететiн жай, әсiресе ұдайы өндiрiстiк салаларда шағын
және орта кәсiпкерлiктiң дамуының жеткiлiксiз болуының негiзгi себептерiне
мыналар жатады: ұлттық экономиканың анықтаушы салаларындағы өнеркәсiп
өндiрiсiнiң құлдырауы, қаржы ағымдарының баяулауы, т.б. Шағын
кәсiпкерлiктегi қызмет саласын шектейтiн нұсқаулар мен ережелердiң ағып-
төгiлуiн тоқтату мүмкiн емес, оларға лицензиялардың, шектеулердiң,
нұсқаулардың және патенттердiң барлық түрi жатады. Банкротқа ұшыраған шағын
кәсiпорындар санының бұрын-соңды болмаған түрде орын алуы кездейсоқтық
емес. Екінші деңгейлі банктердің несиелері ұлттық және шетел валютасында
қысқа және ұзақ мерзімге берілуі мүмкін. Оның көрсеткіштерін біз 1
кестеден көре аламыз [6, 23-84].
Кесте - 1 Екінші деңгейлi банктердiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
берiлген несиелер жылдар бойынша қарастырылған
(млн.теңге)
2000 2001 2002 2003
Барлығы 74222 121954 146515 196212
Сонның iшiнде:
Ұлттық валютада: 40749 46676 55465 104434
Қысқа мерзiмдi 23161 24074 30664 48249
Орта және ұзақ мерзiмдi 17588 22602 24800 56185
Шетел влютада: 33473 75278 91051 91778
Қысқа мерзiмдi 16953 36079 32384 32334
Орта және ұзақ мерзiмдi 16519 39199 58667 59444
Кесте - 2 Қазақстанның екіншi деңгейлi банктерiмен ұсынылған несиелер
( млрд. теңге)
2003ж желтоқсанына 2003ж маусымына өзгеруi
Көлем Үлес Көлем Үлес
салмақ % салмақ %
Несиелер берiлген: 100 100
Айналым қаражатта-
рын толықтыру 73,6 52,9 489,0 64,1 6,6
Негiзгi қорларды алу 14,7 10,6 48,8 6,4 3,3
Жаңа құрылысқа 7,9 5,7 40,3 5,3 5,1
Азаматтармен тұрғын
үй құрылысына, оны 2,5 1,8 19,3 2,5 7,7
алуға
Тұтыну мақсатына 3,0 2,2 44,2 5,8 14,7
Басқа да мақсатқа 37,4 26,6 121,6 15,9 3,3
Мерзiм бойынша 100 100
банктердiң несиесi:
Қысқа мерзiмдi ( 1- 69,1 49,7 289,0 43,0 4,2
жылға дейiн)
Орта және ұзақ 70,0 50,3 383,5 57,0 5,5
мерзiмдi
Алматы облысының Әкiмi Шалбай Құлмаханов “Деловой мир” журналының
тiлшiсiмен сөйлескенде шағын және орта бизнестiң дамуы сұрақтарына
тоқталды. Шағын және орта бизнестiң дамуына мемлекетiмiзде үлкен көңiл
бөлiнiп отыр. Облысымыздағы шағын және орта бизнеске көмек көрсету
программалары қалай жүзеге асырылып отыр? Шағын бизнес – нарықтық жүйенiң
түрлерiнiң бiрi, ол халықтың қаржылық және өндiрiстiк ресурстарын
жинақтайды, жұмыссыздық мәселесiн шешедi. Бүгiн бiзде 4001 шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерi қызмет етедi, 55 мыңнан жоғары шаруа қожалықтары,
фермерлiк шаруашылық және жеке кәсiпкерлiк бар. Бұл сферада 200 мыңнан
астам адам жұмыс iстейдi. Олардың жұмыс iстеуiнен бюджетке 2,7 млрд. теңге
төлем түстi, ол жалпы түсiмнiң көлемiнiң 15,7%-ын құрады. Бiзде бар
мүмкiншiлiктердi пайдалана отырып, кәсiпкерлiк инфрақұрылымын жеңiлдiкпен
ғимараттар берiп, өндiрiс орындарын және мемлекеттiң меншiгiндегi басқа да
мүлiктердi ұсына отырып дамыту керек. Мысалы, Талдықорғанда 2000 жылы
көптеген тасталып кеткен ғимараттар болды. Қазiр олардың кейбiреуi
кәсiпкерлерге сатылды.
Бiздiң бағдарламада кәсiпкерлiктi қолдау бағыты көп қарастырылды.
Бiрақ, бастысы әрине қаржылық және инвестициялық қолдау болып табылады.
2000 жылы кәсiпкерлiк құрылымдарға облыстық бюджеттен жарты миллиард
теңгеден асатын сома бөлiндi. 2001-2003 жылдары да аз емес қаржылық көмек
көрсетiлдi. 2004 жылы фермерлiк және шаруа қожалық саласы, жер жұмыстарынан
400 млн. теңгеден асатын пайызсыз несие алды. 2-шi деңгейлi банктерге
келсек, олар 2003 жылы 714 жобаны 6,5 млрд. теңге сомасына қаржыландырды.
Бұл 2002 жылға қарағанда 1,3 млрд. теңгеге көп.
1 диаграмма. Шағын және орта бизнестiң дамуы
2004 жылдың 1 қаңтарында облыста 4 мың шағын кәсiпорын, 37,1 мың
шаруашылық қожалықтар, 18,5 мың жеке кәсiпкерлер қызмет еттi.Облыстағы
шағын кәсіпкерліктің дамуын 1 диаграммадан көруге болады.
Кәсiпкерлiктiң барлық сфераларындағы жұмыспен қамтылған кәсiпкерлердiң саны
203,0 мың адам құрады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлермен өндiрiлген өнiм
көлемi 69,4 млрд. теңге, бұл 2002 жылдың бюджетке төлемдерiнен (2732,9
млн.тг.) 14,8%-ға үлкен. Кәсiпкерлiктi қолдау бойынша инфрақұрылымның 26
объектiсi қызмет етедi: қаржылық ұйымдар, бизнес және әлеуметтiк iскерлiк
орталықтар және тағы басқа [7, 45-74].
3. Шағын бизнестi дамытудағы мемлекеттiң рөлi
Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету үшiн олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты iс-шараларды қарастыратын, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
және дамыту концепциясын жасау қажет, өйткенi кәсiпкерлiктi дамыту
мәселелерiн концептуалды түрде шешу, шағын және орта бизнес саласына
бағытталған өнеркәсiптiк саясатты өңдеп, жүзеге асыруда жiберiлетiн кейбiр
қателiктердi алдын алуға және жұмыс қарқының үдетуге көмектеседi. Сондай-
ақ, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жөнiндегi iс-шаралар да орта мерзiмге
арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседi. Аталмыш концепцияны жасау
барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелiк қолдау
шараларын, сонымен қатар кәсiпкерлердiң де, мемлекеттiң де мүдделерi
ескерiлген аймақтық аспектiлермен нақты жобаларды қарастыратын, қамтамасыз
етушi және қорытындылаушы бөлiмдерден тұрады.
Концепцияның мақсаты кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту
стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерiн өңдеу болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшiн келесiдей басты мiндеттердi шешу қажет:
Құқықтық өндiрiстiк ресурстармен қамсыздандыру; Кәсiпорынды өндiрiстiк
өндiрiстiк ресурстармен қамсыздандыру; Нарықтық инфрақұрылымдар
институттарын дамыту; Кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметiн
мемлекеттiк қолдау және ынталандыру; Кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарында
жұмыс iстейтiн мамандарды дайындау; Кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми -
әдiстемелiк тұрғыдан қолдау; Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу органдары
жүйесiн жетiлдiру. Концепцияда келесiдей кәсiпкерлiктi дамыту шаралары
қарастырылған: 1. Шағын және орта бизнестi қолдау: а) өнеркәсiп саласында:
Дәстүрлi өндiрiс салаларында шағын кәсiпорыдарды дамыту; жаңа
технологияларды игеру негiзiнде соңғы өнiмдi өндiру; қайта өңдеу
өнеркәсiптерi жүйесiн дамыту. ә) халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсiнде:
отандық шикiзатты қолдануға бағытталу; импортты алмастырушы тауарларды
өңдеу; экспортқа бағдарланған өнiмдердi шығару. б) жаңашылдық
(инновациялық) қызмет саласында: ғылым сыйымды өндiрiстерде ұйымдастыру
және дамыту; шағын жаңашыл кәсiпорындар жүйесiн, аймақтық инновациялық
және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту; көлiк, байланыс,
құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндiрiсiнде технологиялық және
зерттеу парктерiн, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру. 2. Шағын және
орта кәсiпкерлiктiң iрi бизнеспен үйлесiмдiлiгiн нығайту. Осы бөлiмде
Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк еркiндiгiн
қорғауға және мемлекеттiк қолдауға бағытталған, қолданыстағы заңдарға
өзгерiстер мен нормативтiк актiлердi шығару үрдесi қарастырылады. Сонымен
қатар, жалпы, кәсiпкерлiктi құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжiрибесi
үйретiлiп, кәсiпкерлер одағы мен бiрлестiгiнiң қатысуымен оларды дамыту
және жетiлдiру ұсыныстары берiледi [9, 10-21].
Кез-келген кәсiпорынның, оның iшiнде шағын және орта бизнес
субъектiлерiнiң табысты жұмыс iстеуi үшiн банк торабына кiру және оның
сапалы қызметтерiн пайдалану мүмкiншiлiгi қалыптастырылуы тиiс. Сондықтан
да, Қазақстан Республикасында банк iсiн дамыту мiндетiн атқару жоспарланып
отыр. Республикамызда кiшi және орта бизнестiң басты салаларын жалпы дамыту
мен қолдау және банк несиелерiн алу үрдiстерiн жеңiлдету мақсатында
маманданған мемлекеттiк акционерлiк банктердi құру аса маңызды. Қазiргi
жағдайда көптеген кәсiпкерлер, шағын және орта кәсiпорындар қызметiне
қажеттi құрал – жабдықтар мен жылжымайтын мүлiктердi тез арада сатып алу
үшiн жеткiлiктi қаржыға ие емес. Сол себептен өндiрiстi ұйымдастыру
барысында лизингтiк фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық
саудаларды жүргiзетiн орталықтарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын
арттыру тиiс. Сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi тиiмдi ұйымдастыру және
жүргiзу үшiн консалтингтiк, маркетингтiк, инвестициялық, құқықтық және
тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуi керек.
Қазақстанда аса қажеттi болып табылатын осы саланың дамымағандығы
салдарынан аталмыш қызметтердi ұсынатын шетелдiк компаниялар мен
фирмалардың бөлiмшелерiн ашуға мүмкiндiк жасау қажет [10, 23-38].
Кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементi
нарықтық экономикалық бiлiмi бар мамандарды дайындау балып табылады. Әрбiр
кәсiпкер табысқа жету үшiн маркетинг, қаржылық менеджмент, бизнестi басқару
және тағы басқа пәндердi жетiк бiлу тиiс. Онымен қоса, кәсiпкерлiк
қызметтiң өте қажеттi, абыройлы және пайдалы iс екендiгi жөнiнде қоғамдық
ой-пiкiрдi қалыптастыра отырып, кәсiпкерлiк бiлiм беру шараларын жүзеге
асыру керек. Осыған байланысты бiлiм және кеңес беру орталықтарын
ұйымдастыру арқылы келесiдей мiндеттердi атқару көзделуде: кәсiпкерлiктiң
негiзгi бағыттары бойынша оқытушы –мамандарды жетiлдiру; кәсiпкерлiк
қызмет құрылымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi дайындау; шетелдiк
ғылыми орталықтар мен компанияларда бiлiм алу және кәсiби деңгейiн жақсарту
үшiн мамандар арасында конкурс өткiзу жүйесiн орнату [11, 24-31].
Үкiметтiң нарықтық қатынастар мен кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
саясатының маңызды мiндетi, жастарды бiлiм беру жүйесiнiң барлық
кезеңдерiнде бизнестi жүргiзу бiлiктiлiгiне баулу болып табылады. Осыған
байланысты, оқу бағдарламаларына бизнес және кәсiпкерлiк негiздерi бойынша
курстарды еңгiзу жөнiнде ұсыныс жасау көзделуде. Үкiметтiң жүргiзiп отырған
әлеуметтiк-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлiгi ретiндегi
кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталған концептуалды әдiстердi өңдеу
және осының негiзiнде бiртұтас мемлекеттiк қолдау механизмдерiн жасау
барысында басқару аппараты органдарының қазiргi құрылымын жақсарту, сондай-
ақ, Қазақстан Республикасының мәжiлiсi метсенатында шағын және орта
бизнестi қолдау мәселелерiн қатайтатын, әрi тұрақты жұмыс iстейтiн
комиссияны құру көзделуде. Басқару органдарының өкiлеттiлiгi мен
қызметтерiн басқару әрекеттерiн дайындау және iске асыру үрдiстерiнiң
кезеңдерi бойынша бөлiп, айқындау қажет. Көзделген мақсаттар мен
мiндеттердi тиiмдi орындау және түрлi мемлекеттiк және жеке құрылымдардың
өзара әрекеттестiгiн күшейту үшiн Қазақстан Республикасының Президенттiк
аппараты жанынан кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк
комиссияны құру қажет. Атқарушы орган ретiнде экономика және бюджеттi
жоспарлау министрлiгi қарамағынан экономиканың кәсiпкерлiктi қолдау және
дамыту агенттiлiгiн тиiстi салалық құрылымына сай құру аса маңызды [12,31-
41].
2 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шағын және орта кәсіпорындарға банктік несиені ұсыну ережелері
1997 ж. 17 шілдесіндегі 131-1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы Қазақстан Республикасының заңына және 8- сәуірдегі № 499 Қазақстан
Республикасының Үкіметінің Қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілері
болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар табылады,
қызмет етушілер саны: өндіріс, құрылыс және ауыл шаруашылығында 50 адамға
дейін; сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға дейін; көлік және
байланыста – 25 адамға дейін; ғылым мен инновациялық қызметте – 20 адамға
дейін; басқаларында (ойын-сауық және шоу-бизнесті алмағанда ) – 15 адамға
дейін. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 адамнан аспайтын өндріс қызметін
көрсету, сауда салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Фермерлік
шаруашылықтың субъектілері мұнда жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру және ауыл
шаруашылық өнімдерін шығару, өңдеу және өткізу бір-бірімен тығыз байланыста
болатын шаруашылықтар.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға
бағытталған заңнамалық және нормативті құжаттар шағын бизнестің дамуына
ықпал тигізеді. Экономикалық және құқықтық жағдайлардың қолайлы болуына
1997 жылдың 6-наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және дамыту шаралары туралы
жарлығы елеулі әсер етті. Бұл жарлықпен Республикадағы шағын кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту сұрақтарын шешу үшін мақсаттардың алдыңғы кезекті
шеңбері анықталды. Нақты түрде бұл жарлық Қазақстандағы шағын
кәсіпкерліктің дамуы бойынша программалық құжат болып табылады, ол шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша арнайы мемлекеттік институттарды
жасауды, керекті нормативті – құқықтық базаны құрастыруды, шаңын
кәсіпкерлерге жеңілдіктер жүйесін жасауды (мемлекеттік тіркеуден өту жолын
жеңілдету, банкте ақысыз шот ашу, өндіріс ғимараттарын, жер учаскілерін
бөлу және т.б. ) қаржылық сұрақтарды шешуді яғни, бұл мақсатта шағын
кәсіпкерлікті дамыту Қорын құруды қарастырады [13,14-27].
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін керекті заңнама –
нормативтік базасы Республикада бар. Шағын және орта кәсіпорындардың саны
тұрақты өсіп отыр. 2000 жылы Қазақстанда 45124 шағын кәсіпорындар болған,
онда 542030 адам жұмыс жасаған. 2001 жылы шағын кәсіпорындардың саны 54503-
ке дейін өскен, яғни 20,8% , осымен бірге бір уақытта жұмысшылардың саны
төмендеді – 534898 адам. Жарияланған деректер бойынша 2002 жылы Қазақстанда
350 мың шағын кәсіпорындар болған. Онда 1 млн. адам жұмыс істеген. Бұл
1000 тұрғынға 45-50 кәсіпорындары , 10 мың дамыған және орта дамыған
мемлекеттер тұрғындардың 750-900 кәсіпорындарына қайшы келеді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту елеулі болып жарияланғанымен ол қазіргі кезде
банктік несиені ең қажет етеді, оның үлесіне 2001 жылы нақты экономикаға
банктерден берілген несиенің төрттен бір бөлігін ғана құрайды. Шағын
бизнестегі кәсіпорынға берілген несиенің көрсеткіштері 1-ші кестеде
көрсетілген. Бұл таблицадан шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелендіру
көлемі өсіп келе жатқанын көреміз, әсіресе орта және ұзақ мерзімді
несиелендіру саласында. Бұл мемлекеттегі экономиканың жағдайы тұрақталғаны
және шағын кәсіпорынға банктердің сенімділігі өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Бірақ отандық шағын бизнестің бір қатар маңызды қиыншылықтары бар:
шаруашылық субъектілерін мемлекеттік тіркеу бойынша бюрократиялық арпалыс,
түрлі ведомствалық инстанциядан өту, клиенттердің несие ресурстары үшін
қойылатын жоғары өтімділік кепілдігінің жоқтығы, түрлі бақылау және
инспектрлік органдардың көптігі, мемлекеттік апараттарының
жемқорланғандығы, шағын бизнес өкілдері үшін нақты салық және кеден
жеңілдіктерінің жоқтығы. Шағын және орта кәсіпорындарының нақты
қажеттіліктерін толық түрде қаражаттандыру, орта кәсіпкерлікті қолдау
саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Негізгі мақсат – шағын және орта
кәсіпорындарды қаржыландырудағы бөгеттерден өту. Бұл проблемалармен тиімді
жұмыс істейтін үлкен кәсіпорындар кездеспейді. Бұған банк арқылы
несиелендірудің істелінген механизмі және ол немесе өзге кәсіпорындарды
қаражаттандыру проблемаларын талдау көмектеседі [14, 27-56].
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру механизмі келесі
этаптардан тұрады: өтініш беру; потенциалды несие алушының бизнесінің
экономикалық жағдайын зерттеу; шешімді қабылдау және несиені беру; несие
мониторингі. Өту этабы стандартты болғанымен, олардың әрқайсысының өз
ерекшеліктері бар. Шағын бизнестің субъектілері 2 топқа бөлінеді: бизнестің
формализациялық деңгейі төмен шаруашылық субъектілер (формалды емес
сектор), бизнестің формализациялық секторы жоғары тауар өндірушілер
(формалды сектор). Формальды емес секторды айтқанда, заңды тұлға болып
құралмаған жеке кәсіпкерлерді жиі айтамыз. Бұндай кәсіпорындарда келесі
құжаттар болмайды: баланс, квитанциялар, жарғы және т.б. Жеке кәсіпкер заң
бойынша банкте шот ашуға міндетті емес. Бұл ең алдымен тек қолма-қол
ақшамен жұмыс жасайды. Негізгі қаражаттары, яғни мұндай кәсіпорындардың
өзіндік капиталы айналым капиталының шағын бөлігін ғана құрайды. Тауарлар
қоймасы, кеңсе, пәтерде орналасқан және кәсіпкердің бизнеске үй
шаруашылыққа ақша ағымын бір-бірімен ажыратуға мүмкін емес. Жиі отбасы
мүшелері де бизнеке қатысады, сонымен, жанұя мен бизнестің арасындағы
байланыс өте күшті.
Осы топқа негізгі міндеттеме болып, банк үшін үйреншікті кепілдің
жоқтығы табылады. Мүлік, құрал – жабдық, бағалы қағаздар және де берікті
кепілші де несиенің қайтарымдылығына толық кепіл бола алмайды. Толық
түрдегі талдауды өткізген кезде кәсіпкердің бизнестегі және үй
шаруашылығындағы ақша ағымдарын ажыратуға болмайды. Бұл жағдайда жанұя –
шаруашылық бірлігі туралы айту орынды болар. Оны несие сарапшысы бағалауы
керек. Сонымен бірге формалды емес шаруашылық субъектілерінің жиі өсетін
шығындары айналым қаражаттары есебінен қанағаттандырылады, соның
нәтижесінде айналым қаражаттарының көлемі қысқарады және займдық
ресурстарға қажеттілік пайда болады. Осы топтағы кәсіпкерлердің көбісі
өзінің айналым қаражаттарын жеке кредиторлар есебінен жауып отырады. Олар
үшін ең басты болып бюрократиялық бөгеттерсіз ақша ресурстарын тез алу
және заемдық қаражаттарды еркін алу мүмкіншілігі табылады. Формальды
сектор кәсіпорындары – бұл түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке фирмалар:
АҚ, ЖШС және тағы басқа. Қазіргі заңнамаға сәйкес осы кәсіпорынның банкте
шоты болу керек, бухгалтерлік есеп жүргізу тиіс және салықтық инспекцияға
әр квартал сайын баланс ұсынуы керек [15,14-35].
Заңды тұлғалар үшін заңды тұлғалар арасында қолма-қол есеп айырысуына
кедергілер қойылады, сондықтан бизнестің кейбір бөліктері ресми емес
жүргізілуі мүмкін (құжаттарсыз). Осы кәсіпорындар басында бизнесі туралы
жеке кәсіпкерлерден гөрі көп ақпарат береді. Бірақ бұл ақпарат талдау үшін
қаншалықты қолайлы екенін тексеру керек. Әдеттегідей: кәсіпорындар және
оның айналымы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым айналымның көп бөлігі
құжаттар бойынша өтеді. Осының нәтижесінде құжаттардан ақпараттың көп
бөлігін кесіп алуға болады. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарды
несиелендіруде туындайтын негізгі қиыншылық болып, потенциалды несие алушы
мен банк арасындағы ақпараттарды тең емес бөлу табылады. Бұл уақытылы
өзінің кәсіпорындары туралы толық ақпаратты ұсынбайтын кәсіпорынға тән.
Бұл ақпараттар банктерге несие жөніндегі шешімдерді қабылдау үшін керек.
Ақпаратты ассиметриялық бөлу проблемасын шешу үшін банк өз несие
алушыларынан талап ететін кепілдікті кәсіпорындар ұсына алмайды. Жиі банкке
клиенттің қызметінің сапасы және оның несиені қолдану бағыты белгісіз.
Бұл амалдарға өзгерістер еңгізу керектігін білдіреді: несиелік талдауға;
несиені қамтамасыз ететін талаптарға; 3. несиелік бөлімінің қызметкерлері
мен олардың клиенттерінің арасындағы қарым-қатынасқа.
Формальды емес секторда қызмет ететін кәсіпкерлердің көбісіне маңызды
болып, несие бойынша тікелей шығындар ғана табылмайды, сонымен қатар
қаражаттарды нақты алуына дейін қанша уақыт өтетіні де маңызды. Несие
беретін әрбір қаржылық мекеме несие тәуекелдігін минимумға дейін жеткізуге
дайын. Бұл келісім - шартта көрсетілген жағдайларға сәйкес несие сомасын
қайтаруға тырысу керектігін білдіреді.
Шағын кәсіпорындарды несиелендірудегі мүмкін болатын тәуекелділікті
бағалауда негізгі әлеуметтік – экономикалық фактор алады. Әдетте
кәсіпорындар мен жанұя шаруашылығында мәміле қозғалысы мен қор қозғалысын
анық ажырату қиын. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz