Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы . . . 5
1. 2 Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері . . . 9
1. 3 Несие портфелінің мониторингі . . . 18
2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ТАЛДАУ
2. 1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің құрылымына талдау жүргізу . . . 25
2. 2 Екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарын экономикаға
орналастыруының тиімділігін талдау…… . . . . 34
2. 3 ЖРФКБ Халықтық банкінің несиелік портфелін талдау . . . 46
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Несиелік ресурстарды тарту барынсында банктерде туындайтын
келеңсіз жағдайлар және оларды шешу жолдары . . . 46
3. 2 Коммерциялық банк филиалының несиелік ресурстарын қалыптастыру
және оларды қолдану механизмін жетілдіру бойынша бизнес-жоспар . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМШАЛАР . . . 64
КІРІСПЕ
Қазакстан көп тарапты халықаралык экономикалық жобаларға белсене қатыса алды және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірісуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымактастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалык кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта күру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек [1] .
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі таңда нарықтық экономикаға бұрын өткен, зор жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибесін үйреніп, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ, әрі киын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалык өзгерістер де байкалды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы кабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттік болып табылатын Ұлттық Банктің негізгі міндеттерімен қатар, экономикадағы ақша- несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын кызметтерінің түрлері, коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықталған болатын.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында «Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 1998 жылдың 28 сәуірінде «Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы»; 1997 жылдың 11 шілдесінде «Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» біркатар заңдары кабылданды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД елдері арасында ең қарқынды дамып келе жатқан жүйе болып табылады. Қазақстанның екінші деңгейлі банктері елдің экономика секторларын қарқынды несиелеуде. Еліміздің банктері қазіргі кезде республика территориясынан тысқары шығып, көршілес елдерде өз бөлімшелері мен еншілес банктерін ашып, өз кызметтерін белсенді түрде жүргізуде. Бұл орайда банктер үшін олардың активті операцияларын жүргізуге ресурстарының жеткіліктілігі мәселесі алғашқы орынға шығады.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен түрады. Бірінші бөлімде екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрылымы, несиелек ресурстары жайлы жалпы түсінік, олардың қалыптасу көздері, оның ішінде депозиттер, банкаралык займдар және басқа да көздер қарастырылған. Екінші бөлімде қаржы нарығындағы несиелік ресурстардың жағдайын және екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің құрылымына талдау жүргізу, сондай-ақ банктердің несие ресурстарын экономикаға орналастыруының тиімділігін талдау, ЖРФКБ Банкінің несиелік портфелін талдау жасалған.
Үшінші бөлімде екінші деңгейлі банктердін несиелік ресурстарды тарту барысында банктерде туындайтын келеңсіз жағдайлар және оларды шешу жолдары қарастырылған, және коммерциялық банк филиалының несиелік ресурстарын қалыптастыру және оларды қолдану механизмін жетілдіру бойынша бизнес-жоспар келтірілген.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптаскан және барлык активтік операциялар бойынша банк өтімділігін камтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтык қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы- материалдық құндылықтар жатады.
Жұмыстың мақсаты: екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің құрылымын және несиелік ресурстарын тартудағы нақты проблемаларын ашып көрсету, банктердің нарықта бәсекеге кабілеттілігін арттыру. Экономиканың өскелең даму кезеңіндегі Қазақстандық коммерциялық банктерінің ел экономикасындағы алатын орнын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын анықтайтын әр түрлі көрсеткіштерді қарастыру, банктердің салыстырмалы талдамасын жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті - Қазакстан экономикасының дамуының кепілі ретіндегі екінші деңгейлі банктерінің тұрақтылығын жоғарылату және қаржылық жағдайын жақсарту бағыттарын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президенті Н. Ә. Назарбаев банк жүйесін реформалау нәтижесі бойынша «Еліміздін банк жүйесі түбегейлі де сапалы өзгерістерге ұшырады» деп мақтанышпен атап өткен болатын.
А
ТҮСІНІК
1. 1 Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы
Өндірістегі капиталдын (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалык негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың кайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.
Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері:
Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түрінде жинақталып сақталады. Оны амортизациялық қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық корға оның 1 мың доллар сомасы түседі. Бұл уакытша бос акша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке акы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жүмсалғанымен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да -уакытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жүмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал- жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есепшотта жинап қою да - уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың кайталама айналымы, сөзсіз, уақытша бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 пайызға жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос акша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ - мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылык іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (қалдығы) ; сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және баска да мемлекеттік үйымдардың уақытша бос қаражаты. Үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, кысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т. б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халықтың табысы, бірақ оларды халықтың атынан жинактағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 пайыз шамасында.
Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап койған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылык (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша пайыз төлеуден калған сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу каупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ак, қоғамдык ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс корларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыкқан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша коры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажеті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін күрал - несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын камтамасыз ететін - несие катынастары.
Теориялык жағынан, капитал жинақтаушы барлык субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін бөліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі қарыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары карыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда (Германияда ол көрсеткіш 70% шамасында) . Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20% Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде, барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халык шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен камтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы кағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уакытша бос акша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы кағаздар сатып алуға жұмсап, не болмаса басқа фирмаларға жұмсауға береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер сиякты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп бөлігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ақша жинақтаушы үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін калыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв корын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін карағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты бөлу және несие жүйесіндегі салымдарда каражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау - ол барлык салымдардың 90%-ға жуығы), сонымен қатар, экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уакытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ен көп тараған формасы несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұракты проценттегі бағалы кағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уакытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі, ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының кажетті мөлшерде құйылуын қамтамыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ- та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-ның акша нарығындағы депозиттерде, 34%-ның жинақ шоттарында, 5%-ның әр түрлі НАУ шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халыктан сұраныс жүргізілген топтарының 59%-ның акша нарығындағы депозиттерде, 68%-ның жинақ шоттарында, 45%-ның несие мекемелерінің НАУ шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұракты фактор емес. Ол көптеген конъюктуралық факторларға, әсіресе экономиканың дамуына, акшаның айналысқа кажеттілігі мен жеткіліктілігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: әкономика қалыпты дамыса, жинақ қоры кемиді, себебі, халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап коюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кездегі жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артык өндіру кезінде ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олрдың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін кұрал - несие.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі кажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинакталады.
«Банк ресурстары» термині «несие ресурстарына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әміршіл және әкімшіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз коры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымына тікелей әсер етті. Сол кезеңде де банк ресурстары меншікті және тартылған каражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлары, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың акшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялык банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Сөйтіп, банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады.
Бұл, яғни, банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай каражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдык құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындындықтан, коммерциялык банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да кұралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтык катынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сиякты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттык банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы- материалдық құндылықтар жатады. Коммерциялык банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының күрылымына мыналар жатады:
банктің меншікті капиталы;
банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан, барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттар үлесіне тиеді.
1. 2 Несиелік ресурстар және олардың калыптасу көздері
Коммерциялык банктердің несиелік ресурстары дегеніміз - бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде кұралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Банктің несиелік ресурстары - бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті несиелік операцияларға бағытталған бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар кор емес (клиент қайтарымдылығы - тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.
Банк тәжірибесіне және теориялық зерттеу негіздеріне сүйене отырып, несиелік ресурстарды келесі критерийлерге байланысты жіктеп көрсетуге болады:
1) Пайдалану көздеріне байланысты:
- жоспарланған;
- орналастырылған.
2) Өтімділігіне байланысты:
- мезеттік;
- ағымдағы.
3) Қүралу көздеріне байланысты:
- депозиттік;
- депозиттік емес.
4) Орналастыру мерзіміне байланысты:
- кысқа;
- орта;
- үзақ.
5) Кепілдендіру дәрежесі бойынша:
- мемлекетпен кепілдендірілген;
- банкпен кепілдендірілген;
- кепілдендірілмеген.
Нарык жағдайында банктердің ресурстык потенциалын өсіру мәселері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлы формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар акшалай ресурстардың бір формасы. Демек, экономикалык белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинактайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
- депозиттер;
- банкаралық займдар;
- депозиттік емес көздер;
- коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz