1988 жылдардағы банк жүйесінің реформалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика және бизнес факультеті
Қаржы және статистика кафедрасы
Ақша,несие, банк пәні

Курстық жұмыс
Тақырыбы:1987-1988 жылдардағы банк жүйесінің реформалары.

Орындаған:Шаханов
Н.Т.
Қабылдаған: к.э.н.доцент Байжолова Р.М.

Астана 2006
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...2

1 Қазақстанның банк жүйесі
1.1 Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихы ... ... ... ...3-5
1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы ролі ... ... ... ... .6-13

2. Банктік жүйедегі реформалар
2.1 Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі ... .14-16
2.2 87-88 жылдардағы банк жүйесінің реформалары ... 17-23
2.3 95 ж. Қазақстанның банктік жүйесін реформалау
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..24-27

3. Қазақстандағы банктердің жетілдірілуі, дамуы
3.1.Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы банктердің екі
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-37
3.2 Банктердің жетілдірудің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38-39

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... 41-42

1.1Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер
кіреді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды.Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің
Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің
салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық
операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекттік банкі тек банктерді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе 124 бөлім мен мемлекеттік
қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай
ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081),
қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз
жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917ж Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік
монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен
жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі
бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік
жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік жинақ кассалары болды.Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге:кооперативтік
және жеке, мемлекеттік- капиталисттік, соның ішінде шетел капиталының
қатысуымен де мемлекеттік емес несиелікмекемелер құрылды. 1922 ж.деревнялар
мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және
қарыздық- жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады.
1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау,қарыз беру мен
есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат
етілді.1926 ж. 1сәуір қарсаңынды КСРО-да 16 185 серіктестіктер құрылған
еді, бұллардың ішінде 2426- несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424-
ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік- Шығыс мемлекеттік
–капиталисттік акцияонерлік банк және шерел капиталының қатысуымен
Ресейлік комерциялық банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке
несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперациясын қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторда сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге : Промбанк , Цекомбанк,
Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банкі және 1922-1925жж. құрылған
басқада банктерге көшеді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде,
КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп
құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банк, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде:
Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол
елдің Орталық банкі деп жарияланды.Банктік құрылымды қайта құру банк
ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО
Мембанкі-Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін
атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық
органдардың қызметінде де ұсақшыл регаменттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-
несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіпбанк –Қазақстан Республикасы акционерлік-коммер-циялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік-коммер-циялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді,
ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1.2Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді.
Ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа
талаптармен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы
банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз
алушыға жаңа талап қойды.
Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі рөлі.

Қаржылық институттар:
банктер, сақтандыру
компаниялары, зейнет-
ақылық қорлар,
инвестициялық қорлар

Депозит түрінде және Займдар, жеке
салымдар басқа жолмен берілетін
және келісім бойынша берілетін ақша қаражаттары
берілетін ақшалай қаражаттар

Ақша қаражаттарының Ақша қаражаттарын
Жабдықтаушылары: пайдаланушылар:
(фирмалар,
(фирмалар,
компаниялар, үкімет, компаниялар,
үкімет,
жеке тұлғалар) жеке
тұлғалар)

Тікелей инвестициялар Нарықта
акциялар,
жолымен акциялар, обли- облигациялар және
гациялар жәе басқа да басқа да
қаржы
қаржы құралдарын сатып құралдарын сату
алу арқылы ұсынылатын арқылы алынған ақша

ақша қаражаттары
қаражаттары

Қысқа мерзімді капиталдар-
дың қаржылық нарығы (ақ-
шалай нарық), ұзақ мерзімді
капиталдар нарығы (бағалы
қағаздар нарығы)

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдық
негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық
институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың
құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге және барлық қаржылық
капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы
өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе ертегідей
күшке ие бола отырып нақты өндіріске ең қаіпті түрде араласуы мүмкін.
К.Маркс келесіде Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке
билік етуіне назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық
экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер
басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр
түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі
несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз
қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің
экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды
неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттардың болмауы тек
объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар
екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның
келіп түсуі жабдықтаушының тиген тауарларының өткендігін және тағы басқаны
білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ
кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы әрі олардың
нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз
клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен
табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
қозғалысының аясы ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жыйынтығын, ал олар
арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшылай қорларды шоғырландырған
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жыйнақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша
айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа
мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру
нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері ,
кооператитік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде
кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі,
жалға беруші және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған
жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда
болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикады, қоғамда
банктердің экономикалық рольі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға
әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын-экономикалық әдістер алмастырады.
Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта
түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде ең алдымен меншікті жекешеліндіру мен
мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты-
несиелік механизмді жетілдіру,ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру,
есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан
Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз –
төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде
айында 46%-ға жетті. Ұлттық банкпен үкіметтін монитарлық шараларды
қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға ), төмендеді, ал
1994 жылы тамызда 13.5%-ға, қыркүйекте 10.9% -тең
болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250 %-ға төмендеуі мен несиелік
ресурстар аукциондағы % -дық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни
несие үшін төлем –сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды.
Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы
бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық векцельдердің сақтау көлемі
жоғарлауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің
директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады. Және олар тек
агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда
сақталады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді макцималды
төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және
инфляцияны төмендеуі бойынша жакғымды нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байцланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдесінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі –
экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде
демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатын – банктік реформа
мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе
олар шығынды несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген
мемлекеттік кәсіпорынлдардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп
шығын шығаратын кәсіпорындарды тарту немесе қайта құруды өз үлесін алуы
керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді
шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең
кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан
құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктердегі
нашар, әрекетсіз несиелеудің шоғырлануын болдармауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату
және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта
құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру
бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және
көп көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты
арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындарға
корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық
қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың
қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық
жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен неси алуларын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорындарға республикадаға республикада банктік
реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек
көрсетеді, яғни бұл жерде әңгі ме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған
тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді
несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен
заң базасын жасау керек.

2.1Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезеңінде несині басқарудың жүйсін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет
көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жеткшілік
етуде эконимикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар,
банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жеке деген буындарының арасындағы
өзара қарым-қатыныстарт жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен
процестерді ескере отырып, принципті түрде реформаулау қажеттілігінің
маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі,
Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер
категориясының бар экономикалық реформасын жүргіуде кедергі етуі мүмкін
деп санайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп
қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибесімен келісілген қаржылық
ресурстарды дұрыс орналастырумау мәселесі; екінші категория мәселелеріне
банк тердің сапасыз қарыздарды мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындардын
жатқызады.Бұл мәселелер өміршең зиянды кәсіпорындарын жатқызады.Бұл
мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық
ресурстарға өміршең емес кәсіорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем
төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың
көбеюі байқалды. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы
жалпыұлттық өнімнің -11,3 % -ын құраса, ал IV тоқсанда -29,8 % құрады.
Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен
болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік
несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәлімметтер куәаландырады: 1992
жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген
несиелерінің сомасы -6,7 % ды құраса, IV тоқсанда - 17,8%-ды құралған.
Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған
әкімшілікдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға
несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелерден құрылуына
әкеліп соқтырады.
1993ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған
несие берілді, 5,6 млрд теңгесі – үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды
құрады, ал теңгеге немесе 3,9 %-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі
ұзартылған болып табылады.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірбесінің
жетіспеушілігі келіседі: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру
мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру
ынтасынынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде
орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі негізінде орналастыруда
банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық
уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелердің тиімді орналастыруға кедергі болған
бөлінбецді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір
фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлерме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлерме
қарыздарға деген қажетіліктің көбеюіне тікелей несиелендірілген
мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлбіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе
оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды
құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк
несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: срңғысы 1992
жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда
бағаларының жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық
инфляциясы 500% -дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды
пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда , ал инфляция 1000%-ды
құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық
жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу
саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік
ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін
ескермей , тікелей несиелендіруі – мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына
әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға
бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.

2.2 1987-1988 жылдардағы банк жүйесінің реформалары
Қазақтан КСРО-ның құрамында болған кезде, соңғы рет банктік реформа
1987-1988 жж. болып өтті. Банктік феформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік
банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде Өнеркәсп құрылыс банкі
, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды.Сол сияқты,
кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары
негізінде Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық
банк құрылды. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.
Сөйтіп, ол еліміздің Орталық банкісіне айналды.
КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу,
негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал
жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста,
көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу
жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл
банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп
айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізеді. Осындай несиелік есеп
айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында
Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының
кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет
көрсетудге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк экспорттық және импорттық операциялар
бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.
Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшәл-аумақтық қағидаға сәйкес
құрылды. Республикалық банктер одақтық республикада және банктің
басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл
банктер бұл банктер өздерінің ашты. Әр мамандандырылған банктің бір
мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ
банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс
жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары
мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей
қызмет көрсетті. Шындап келгенде мамандандырыру тек банктің жоғарғы басқару
деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап
мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар
болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды
құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара
аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың
бақылаусыздығы арта түсті. әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы
үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша
банкааралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де
мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда өзіндік монополиясы
болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және
несиелеп отырды, яғни, мұнда бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және
пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік
зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз
ссудалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысы тығырыққа
әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге
түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің
ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай
әсер ете алмады.
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі
деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері
болды:
• Вексель айналысының болмауы;
• Кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауылшаруашылығына
қатысты;
• Шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелік операцияларының
байқауы;
• Банк мамандандырылуының жойылуы;
• Кәсіпорындардағы басқа да несие көздерінің болмауынан
туындаған монополизмнің орын алуы;
• Пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
• Экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын банк бақылауының
әлсіздігі;
• Бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып
шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік
сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын
бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары
басымырақ болды, атап айтсақ:
• Банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала
берді;
• Олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
• Реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ
жүргізілді;
• Кәсіпорындар белгілі бір банктерге бектілгендіктен, олардың
несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
• Клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса
берді;
• Ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар
құрылмады;
• Банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
• Ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында банктік соғыс
шыға бастады;
• Қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі
сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
тәртіпке келтірумен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе
болады.
Сонымен жетпіс жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде оның ішінде
Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен жоғарландыру, әкімшілік әдістері
кеңінен орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып ақша-несие қатынастары
жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.
Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып
келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып
кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде
монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені
өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық жылдан бастап,
елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер
қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер
–Интеринвестбанк, Крамдсбанк және т.б. болатын.
1990жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бет бұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған Қаз КРО –ғы банктер және
бенктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы Реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
1990 жылғы банктік реформа.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995-жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асады.
Нарық экономикасына өту жағдайына және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль
атқарады. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет
етуіне байланысты жасалған талдауда оларды көрсетіп отырғаннындай,
кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны
жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау
жасау механизмдеріндегі кемшіліктері мен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.
1-кезең.1988-1991жж. (КСРО-ның тұсында)-мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қакйта түрлендіру; алғашқы
коммерциялық банктер қатарын құру КСРО мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызмететерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2-кезең.1992 жылдың аяғы 1993-жылдары – рубль аймағында бола отырып,
ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коомерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және
дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша –несие аясының
қызмет етуне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым қатынас
орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
А) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
• Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банкпен
Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліексіз шоғырлануы;
• Коомерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің
жеткіліксіздігі;
• Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қалушылық;
• Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау
және шешім қабылдауда пайдалану деңгеінің төмендігі;
• Осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банкпен екінші
деңгейдігі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық
стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
• Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету
деңгейінің жоғарылылығы;
Ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты :
• Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі
пруденциалдық) норматитермен банк клиентерінің құқықтарын
тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Мемлекет туралы түсініктер
Қытай реформасының нәтижелері
Мемлекеттік салық жүйесі туралы
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Ақша реформасы
Ақша реформаларын талдау
Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер
Америка мен Жапонияның тарихы
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Пәндер