Несиелік мекемелердің түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

«Экономикалық теория» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы несие жүйесінің құрылымы

Ғылыми жетекші: аға оқытушы

Каримова. М. Д

Орындаған: « Есеп және аудит»

мамандығының

I курс студенті

Алматы, 2007 ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1тарау. Несие жүйесінің теориялық негіздері . . . 4

1. 1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы . . . 4

1. 2 Несиелік мекемелердің түрлері . . . 7

2 тарау. Несие жүйесін құрудың принциптері мен

дамуының қазіргі тенденциялары . . . 13

2. 1 Несие жүйесін құру принциптері . . . 13

2. 2 Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы . . . 16

3 тарау. Қазақстан Республикасындағы банктік емес

қаржы институттары . . . 20

3. 1 Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар . . . 20

3. 2 Қазақстандағы несиелік серіктестік және сақтандыру компаниялары . . . 22

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым мына біздің Қазақстан Республикасындағы жалпы экономика мамандарына, соның ішіндегі жас мамандарға Қазақстандағы несие жүйесінің құрылымымен таныстыру болып табылады. Несие жүйесінің құрылымы Қазақстан экономикадағы ең маңызды орын алатын мәселе.

Бұл курстық жұмысымда несиелік қатынастар қалай қалыптасады, олар қалай әрі қарай дамиды, несие жүйесі деген ұғым қандай ұғым, несие жүйесінің құрылымдары қандай, банк қандай қызметтер жүргізеді, банктің біздің Қазақстан экономикасында қандай орын алады, оның мәртебесі қандай, банктердің қандай құрылымдары бар, әр құрылымдардың қызметіне жеке-жеке тоқталып, оларды толықтырып, айқын әрі анық жаздым. Осы менің курстық жұмысымды оқыған адам үшін маңызды болып табылатын мәселелерді қозғадым.

Сонымен қатар бұл курстық жұмыста банктердің түрлеріне, яғни эмиссиялық банк және эмиссиялық банктердің қызметтеріне, олардың бір-біріне ықпалы туралы жаздым. Несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді. Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

Бұл курстық жұмыста қарастырылатын мәселелер - банктердің мақсаттарына қарай нешеге бөлінетіні, олар Қазақстан Республикасының экономикасында қайсысы дамыған, қандай қызмет атқарады, оларды қалай жетілдіреміз, сонымен бірге мамандандырылған несие-қаржы мекемелеріне тоқталдым. Несие жүйесін құрудың негізгі қағидалары туралы түсінік беріп кеттім. Осы курстық жұмысымда әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын да көрсете кеттім. Менің курстық жұмысымның өзектілігі осы жоғарыда көрсетілген мәселелер арқылы көрсетіледі.

Осы мәселелерге байланысты мен бұл курстық жұмысымды мына тарауларға бөліп қарастырдым:

-I Несие жүйесінің теориялық негіздері

-II Несие жүйесін құру принциптері мен дамуының қазіргі

тенденциялары

-III Қазақстан Республикасынгдағы банктік емес қаржы институттары

1 тарау. Несие жүйесінің теориялық негіздері

  1. Несилік жүйе ұғымы және оның

құрылымы

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттарды бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несие жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырды. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды құраған.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау-несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру-несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.

Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне -шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында-бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналымын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын-несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы жалпы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда:банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырылады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі бөлігі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады.

Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несиелік мекемелер:сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік(трастовый) және т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі
Нарықтық қарынастарда несиелік жүйесінің принциптері
НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Банктік емес несиелік мекемелерді реттеу
Несиенің мәні мен қажеттілігі
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz